ОӘЖ 378:004
Студенттердің компьютерлік операциялық жүйелерді әкімшіліктендіру бойынша даярлықтарын қалыптастыру
аға оқытушы Ж.Е. Зұлпыхар оқытушы А.С. Ликерова (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.)
Болашақ маманның тұлғалық қалыптасу процестері студенттің жоғары оқу орнында оқыған бірінші күндерінен басталады. Ӛкінішке орай ол барлық уақытта педагогтармен арнайы мақсатта басқарыла бермейді. Жоғары оқу орнының кез-келген пәндерінің оқытушылары студенттердің қажеттіліктері, қызығушылықтары, кәсіби ұмтылулары жӛнінде білулері және осы білімдерді ӛздерінің педагогикалық қызметтерінде қолдана алулары қажет.
Тұлғаны қалыптастыру – бұл процесс, тәрбиелеу және ӛздігінен дамудың нәтижесі. Қалыптасу дегеніміз тұрақты қасиеттер және сапалар жиынтығын қабылдап алу, жаралу дегенді білдіреді. Қалыптастыру – бір нәрсені тұрақтылық, аяқталғандық қалпына, нақты бір типке келтіру.
Адамды тұлға ретінде қалыптастыру кезінде бірінші дәрежелі мәнге әлеуметтік факторлар ие болған жағдайда ғана табиғи нәрсе ретінде адамның биологиялық механизмдері де белгілі бір нышан түрінде қуатты және тұрақты жұмыс жасайды, осының негізінде қызығушылық, қажеттілік, бейімділік, қабілеттіліктері дамиды және мінезі құралады. Соңғыларына адамның табиғи параметрлері, оның физикалық денсаулығы, жұмыс қабілеттілігі ұзақ ӛмір сүруі тәуелді болады.
А.Н. Леонтьев [1, 352], О.К. Тихомиров [2, 10] және т.б. жүргізген психологиялық зерттеулердің нәтижелері кӛрсеткендей студенттердің оқу қызметінің тиімділігіне себептердің үлкен спектрі әсер етеді. Олардың ішінде маңыздылары болып: оқу қажеттілігін білдіретін әлеуметтік себептер; кәсіпті меңгеруде оқу қызметінің қажеттілігіне сипаттама беретін кәсіби себептер;
жаңа білімдерді меңгерумен байланысты танымдық себептер табылады.
Аталған себептердің дұрыс қалыптаспауы оқу материалын меңгерудің сапасына маңызды әсер етеді және қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік бермейді. Сонымен, позитивтік ішкі танымдық себептердің болмауы оқуға формальді түрде қарауға алып келеді: студент кез-келген жолдар арқылы сессиясын тапсыруға ұмтылады. Сессияның қысқа уақытында студенттер оқу материалының үлкен кӛлемін жаттап алады және ол кейін жылдам ұмытылады.
Кәсіби себептер студенттердің болашақ мамандықтарына дайындалуларының белсенділігін анықтайды және олардың қалыптаспауы кәсіби білім, дағды және біліктіліктеріне маңызды әсер етеді.
Маманның белгілі бір қызметті орындай алу қабілеті (тұлғаның қасиеті) қызметке даярлық деп аталады. Л.А. Кандыбович, М.И. Дьяченко
ӛз еңбектерінде даярлықты келесідей бӛліктерден тұратын күрделі психологиялық құрылым ретінде қарастырады [3, 101]:
а) кәсіпке деген оң қатынас, қызметтің жеткілікті тұрақты дәлелі;
ә) мінез бітістерінің, мүмкіншіліктерінің кәсіптік қызметке барабар талаптары;
б) қажетті білім, дағды, біліктілік;
в) қабылдау, жад, зейін және т.с.с. тұрақты кәсіби маңызды ерекшеліктері.
Даярлықтың психологиялық күйі – бұл осы шақта жетістікте әкелетін іс-әрекет жасау үшін тұлғаның мүмкіншіліктерінің бейімделуі, қалып күйге келуі. Даярлық күйінің шығуы және қалыптасуы (қалып күйге келуі) кәсіби мәселелерді түсінумен, жауапкершілікті сезінумен, жетістікке жету ықыласымен және т.с.с. анықталады [4, 151].
Оқулықтарға талдау жасау «даярлық» түсінігіне байланысты түрлі авторлардың пікірлері бірізді емес екенін кӛрсетті. Келесідей болжамалар кездеседі:
– субъектіде нақты іс-әрекет құрылымы кескінінің бар болуы және оны орындауға сананың тұрақты бағыттылығы секілді ерекше психикалық күй;
– болашақ қызметке деген күрделі құрылымдық қатынас, кәсіби білімдердің жиынтығымен анықталатын тұрақты мотивтер, кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттердің бар болуы және оларды іс әрекетте қолдану тәжірибесі;
– тұлғаның ӛзгермелі қасиеттері, сапаларының интегралдық жүйелері [5].
Сонымен, психологияда даярлық - ӛзіндік күй, тұлғаның белгілі бір қызметті орындауға байланысты мақсаты (дәлелі) деп анықталады.
Даярлық «тұлғаның қасиеттерінің құрылымдық жүйесі» ретінде тұлғаның басқа құраушылары секілді тек салыстырмалы тұрақты білім болып табылады [6]. Кәсіби даярлықты құрайтын сапалар қызмет және ӛмір процесінде ӛзгереді, және де олардың барлығы ӛзара шартты, интерактивті, бір құрылымдық компонентті ӛзгерту бүкіл жүйені сапалы қайта құруға алып келеді. Осыған байланысты, біз студенттердің операциялық жүйелерді әкімшіліктендіруге байланысты даярлықтарын оқу, ӛздік білім алу және кәсіби тәжірибені меңгеру нәтижесінде жетілдірілетін, трансформаланатын айнымалы, динамикалық жүйе ретінде қарастыра аламыз.
Сӛздік дереккӛздерінде «даярлық» сӛзі әр түрлі түсіндіріледі: жағдай, бірнәрсеге даярлық; бірнәрсеге шешім; жарамды бірнәрсені пайдалану немесе жағдайды пайдалану; бірнәрсені орындауға, жүзеге асыруға еңбектену; бірнәрсе істеуге дайындалу. Осылайша даярлық сӛзі күй, жағдай, нәтиже немесе нұсқау дегенді білдіреді. Педагогикалық әдебиетте кеңінен қолданылатын «кәсіби даярлық» ұғымы жиі «кәсіби дайындық» ұғымымен теңдестіріледі және бірнеше мағынаға ие [7, 816]. Кең таралған түсіндірмелер мыналар: бірнәрсені ұйымдастыру, қажет нәрсеге үйрету, қажет білімді беру.
Адамның қызметке даярлығы арнайы зерттеу нысанасы болып ХІХ ғасырдың аяғында басталды.
Адамның кәсіби даярлыққа қызығушылығы әсіресе XX ғасырдың 20- 40-жылдары айқын байқалды. Бұған белгілі бір шамада адамның мінез-
құлқындағы нейрофизиологиялық механизмдерін реттеуде мүмкіндік берді.
[8, 89].
Біздің зерттеуіміз үшін келесідей ғалымдардың (К.М.Дурай-Новакова [9], М.И.Дьяченко [10], Ю.Н.Кулюткин [11, 54]) еңбектері қызығушылық тудырды, оларға сәйкес іс әрекеттердің орындалу шартына байланысты қызметке даярлық жақтарының бірі бастауыш болып табыла алады. ХХ ғ.
соңы ғылымда педагогикалық қызметтің құрылымы және маңыздылығын түсіндіруге байланысты жалпы амалдардың пайда болуымен сипатталады, ал оның жүзеге асырылуына даярлық білім, білік, дағдыларды меңгеру негізінде ие болған кәсіби функцияларды меңгерумен қарастырылады. Шындығында, мұндай функциялардың саны әртүрлі әдебиеттерде түрліше болды, және де дағды кӛлемі кең диапазонда түрленіп отырды. К.М.Дурай-Новакова [9, 107], маманның кәсіби даярлығының құрылымын анықтай отырып, оған келесідей компоненттерді енгізеді: мотивациялық (кәсіби мәнді қажеттілік, педагогикалық қызметтің қызығушылықтары және мотивтері); бағыттық- танымдық-бағалау (кәсіптің мазмұнын білу және елестету, кәсіби рӛлдердің талабы, кәсіби-педагогикалық мәселелерді шешу тәсілдері); эмоционалды- жігерлі (педагогикалық қызмет нәтижесі үшін жауапкершілік сезімі, ӛздік бақылау, кәсіби міндеттерді орындауда құралатын іс әрекеттерді басқару дағдысы; жедел-іс әрекеттік (кәсіби білім, білік, дағды және тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттерін мобилизациялау және ӛзекті ету, талаптарға бейімделу.
Ұсынылған құрылымға талдау жасау арқылы автордың даярлықты, күрделі, ӛзіне кӛптеген кӛрсеткіштерді қосатын, сонымен бірге бір уақытта тұрақты мағыналы бірліктен тұратын кӛп сатылы оқыту ретінде кӛрсеткісі келетінін түсінуге болады.
В.А. Сластенин педагогикада даярлықтың анықтамасы және мазмұнына адамға оның қызметінде қажет тұлғаның адамгершілік – психологиялық жақтарын, оның зерделі қабілеттіліктерін, дағды және біліктерін кірістіреді [12, 14].
Педагогикалық зерттеулерде білім, дағды және біліктер екі аспектіде – оқу және мазмұндық қарастырылады. Мысалы, А.Л. Бердичевский оқу білімдерін білім алушылардың оқу қызметінің мақсаты, саласы және нәтижелері ретінде анықтайды [13, 103]. Мақсатты түсіну белгілі бір материал, сабаққа байланысты жұмыс процесі кезінде қалыптастырылуы қажет дағды, білікті дамытуда анықталған нәтижелерді білуді білдіреді.
Мұнда студенттің жоспарланған нәтижеге жеке қызығушылығы енгізіледі.
Қызмет саласын түсіну оқу саласының сапасы және ерекшеліктері туралы білімдерге негізделеді. Оқу процесі қызметін түсіну нақты оқу материалын меңгеру үшін қажет қадамдар тізбегі туралы операциялық білімдерден тұрады. Нәтижесін түсіну ӛздік бағалауды және ӛздік түзетуді ынталандырады және кәсіби дағдыларды жетілдіруге мүмкіншілік жасайды.
Оқу дағдылары және біліктері мазмұндық дағды, білікті дамытуға қажет оқу қызметінің бӛлшек және толық автоматтандырылған компоненттері, және сәйкес операциялары болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерде дағды және біліктің түрлі сыныптамалары ұсынылады. Сонымен, олардың біріне
сәйкес білік, дағды қозғалтқыштық, танымдылық, теориялық және тәжірибелік болып бӛлінеді. Алғашқылары қызметтің сыртқы моторлық аспектісін құрайды, екіншілері негізгі психикалық процестермен қатынаста болады, үшіншісі абстрактілі интеллектпен байланысты білімді қалыптастыруды болжайды, соңғысы оқумен теңестірілуі мүмкін. Тағы дағдының бастапқы автоматтандырылған, олардың компоненттерін түсінусіз қалыптастырылатын, және қайта автоматтандырылған, іс әрекеттер компонентін алдын-ала түсіну арқылы қалыптастырылатын деген түрлері кездеседі.
Даярлық мәселелерін қарастыратын әр-түрлі тұрғыларды жалпылай отырып, екі талдауды ерекшелеуге болады:
1) даярлық – ерекше психикалық күй, тұлғаны нақты іс-әрекетті орындауға дайындау;
2) даярлық – танымдық, мазмұндық, мотивациялық сипаттамалардан тұратын күрделі кӛп деңгейлі білім [10].
Зерттеушілердің кейбіреулері кәсіби қызметке даярлықты Н.Д.
Хмельдің концепциясын негізге ала отырып мотивациялық, мазмұндық және процессуалдық компоненттер жиынтығы ретінде анықтайды [14].
Біз осы зерттеулерге сүйене отырып, мамандардың компьютерлік операциялық жүйелерді әкімшіліктендіру бойынша даярлықтарын келесі құраушылардың жиынтығы ретінде қарастырамыз:
- кәсіби білім;
- кәсіби біліктілік және дағды;
- тұлғалық ерекшеліктер.
Компьютерлік операциялық жүйелерді әкімшіліктендіру бойынша кәсіби білім операциялық жүйелер, файлдық жүйелер, реестр, топтық саясат, Active Directory қызметі, құрылғылар және драйверлерді басқару, мәліметтерді архивтеу, жүйеге мониторинг жасау секілді сипаттамаларды кӛрсетеді. Кәсіби біліктілік және дағды операциялық жүйелерді орнату, оларды баптау, компьютердің іске қосу ретін зерттеу, жүйе туралы мағлұматтар алу, дискілерді орнату, басқару, тіркелгілер және құпия сӛздермен жұмыс, жүйені баптау, жүйенің әр-түрлі қызметтерін іске немесе алып тастау, реестр редакторы арқылы жүйені баптау, топтық саясат редакторын қолданып жүйені әкімшіліктендіру, Active Directory қызметімен жұмыс жасау дағдыларымен анықталады.
Мамандардың тұлғалық ерекшеліктері ретінде тұлғаның қызмет барысында тиімді, сапалы, ӛнімді және сенімді жұмыс жасау қабілеттерін айтуға болады. Олар адамның кәсіби қызметтегі мүмкіншіліктерін, жарамдылықтарын анықтайды [15].
М.А.Танасейчук жасаған тұжырымдарға сәйкес, мамандардың кәсіби маңызды қасиеттері - қабілеттері бар болған жағдайда арнайы білім алу процесінде қалыптасатын тұлғаның белгілі бір қасиеттерінен құралады [16].
Қабілеттілік – қызметтің белгілі бір түрін табысты жүзеге асырудың субьективті шарттары болып табылатын тұлғаның дара ерекшеліктері.
Қабілеттілікке қызметке байланысты сипаттама береді. Сонымен қатар,
қабілеттілік қызметте тек айқындалып қана қоймай, құралады. Қызметте қабілеттілікті дамытуды бейімділіксіз жүзеге асыру мүмкін емес, ал бейімділік ешбір талассыз қабілеттіліктің дамуына алып келеді. Адамның қызметке бейімділігі адам қызметтің мазмұндық ерекшеліктерін терең және толық түсіне алуына себеп болатын дара ерекшеліктерге (мотивация) байланысты пайда болады. Осыған байланысты, пайда болған бейімділік нақты осы негізгі мазмұнға қажеттілік болып табылады [17].
Кез-келген мамандықтың студенттерінің компьютердің операциялық жүйелерімен жұмыс жасай білу дағдылары болуы қажет. Ал ақпараттық технология саласының студенттері тек пайдаланушы ретінде ғана емес, жүйелік әкімшіліктендіру курсын оқу арқылы операциялық жүйелерді орната, басқара алатын, ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, компьютерлік технологияларға байланысты саясатты жүргізуге қабілетті, бүгінгі уақытта ӛте қажет маман да бола алады.
Кәсіби қабілеттілік тұлғаның басқа да маңызды сапалары, ерекшеліктері секілді білім, біліктілік, дағдыға ие болғанда дамиды. Олардың қалыптасуы және қажетті деңгейде дамуы, біріншіден қолданылатын оқу- әдістемелік құралдарының кәсіби, психологиялық және дидактикалық талаптарға сай болуына байланысты. Осы ұғым қызметке даярлық арнайы оқыту және ӛздік тәжірибе ықпалымен қалыптасады деген шешімді бекіте түседі [18].
Біз жоғарыда қарастырған зерттеушілердің анықтамаларымен келісе отырып, жүйелік әкімшіліктендіру бойынша даярлықтың келесідей анықтамасын құра аламыз: студенттердің компьютерлік операциялық жүйелерді әкімшіліктендіру бойынша даярлықтары – бұл студенттердің компьютерлік операциялық жүйелерді әкімшіліктендіру бойынша арнайы білімдерге негізделген тұлғалық қасиеттері, қажет дағды және біліктердің бірігуінен құралатын кәсіби мәнді қасиеті.
Осы анықтамаға сүйеніп келесідей тұжырымдама жасауға болады:
Студенттердің компьютерлік операциялық жүйелерді әкімшіліктендіру бойынша даярлықтарын қалыптастыру – бұл студенттердің бойында компьютерлік операциялық жүйелерді әкімшіліктендіру бойынша арнайы білімдерге негізделген тұлғалық қасиеттері, қажет білім, дағды және біліктердің бірігуінен құралатын кәсіби мәнді қасиеттерін қалыптастыру.
Жүйелік әкімшіліктендіруді жүзеге асыратын мамандардың функционалдық міндеттеріне талдау жасау нәтижелері, аталған мамандар үшін ажыратпас кәсіби маңызды ерекшелік болып ӛздерінің кәсіби мәселелерін шешуге үнемі даярлықтары және жетілдіріп отырулары қажет екенін кӛрсетеді. Ал, бұл ӛз кезегінде қызмет нәтижесі – операциялық жүйелерді әкімшіліктендіруді жүргізуде дұрыс әсерін тигізеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Леонтьев А.Н.. Деятельность. Сознание. Личность. Учебное пособие. – М.:
Академия, 2004. -352б.
2. Тихомиров О.К.. Психология мышления. – М.: Академия, 1998. -10б.
3. Дьяченко М.И., Кандыбович Л.А. Психологические проблемности в деятельности. –Минск: БГУ, 1976.- 175б.
4. Асмолов А.Т. Деятельность и установка. –М.: МГУ, 1979. -151б.
5. Дьяченко Д.М. Психологические проблемы готовности к деятельности. – Минск.:Изд-во БГУ, 1976.
6. Гальперин П.Я. Введение в психологию. -М.:Изд-во. Московского университета,1976.
7. Ожегов С.И. Словарь русского языка/Под ред. Н.Ю.Шведовой.-М,1981.- 816б.
8. Берштейн Н.А.Физиология движения // Основы физиологии труда.- М., 1934.- 89б.
9. Дурай-Новакова К.М. Формирование профессиональной готовности студентов к педагогической деятельности: Дисс …д-ра пед.наук.- М., 1983.- 353б.
10. Дьяченко М.И., Кандыбович Л.А. Психология высшей школы.- Минск:
БГУ, 1981.- 383б.
11. Кулюткин Ю.Н. Рефлексивные процессы в деятельности учителя //
Моделирование педагогических ситуаций.- М., 1981. – 34б.
12. Сластенин В. А. Профессиональная готовность учителя к воспитательной работе: содержание, структура, функцинирование / профессиональная подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.
Межвуз. сб. науч. ст. / Под ред. В. А. Сластенина. –М. МГУ, 1982.-14-28б.
13. Бердичевский А. Л. Оптимизация системы обучения иностранному языку в педагогическом вузе: Науч.-теорет. пособие. – М.: Высш. шк., 1989. – 103б.
14. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы: Ғылым, 1998.-320б.
15. Шадриков В.Д. Проблема системогенезиса профессиональной деятельности.- М.: Просвещение, 1982.-284б.
16. Танасейчук М,А. Формирование профессионально важных качеств инженера-педагога средствами профессиональный диагностики:
Автореферат дисс. канд. пед.наук. -Караганда, 2000.-28б.
17. Ковалев А.Г. Психология личности.- М.: Просвещение, 1980.-178б.
18. Аванесов В.С., Вербицкий А.А., Ительсон Л.Б.. Основы педагогики и психологии высшей школы. – М.: Изд-во Московского Университета, 1986. - 303б.