1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. Л.Н. ГУМИЛЕВА
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ФАКУЛЬТЕТ СОЦИАЛЬНЫХ НАУК
«ПРОФЕССОР С. М. ЖАҚЫПОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ» АТТЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ
МАТЕРИАЛЫ
РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «ПРОФЕССОР С. М. ДЖАКУПОВ И РАЗВИТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ НАУКИ В КАЗАХСТАНЕ»
28 апреля 2015 года
АСТАНА - 2015
2 УДК 159.9 (091) (574)
Редакционная коллегия Шалгынбаева К.К. – доктор педагогических наук, профессор Ерментаева А.Р. – доктор психологических наук, профессор Бекова Ж.К. – кандидат психологических наук, доцент Мандыкаева А.Р. - кандидат психологических наук, доцент Байсарина С.С. - кандидат педагогических наук, доцент
«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»: Сб. статей Республиканской научно – теоретической конференции ( г.Астана 28 апреля 2015г.)
– Астана: ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2015. – 219 с.
ISBN 978-601-7429-81-2
В настоящий сборник включены материалы Республиканской научно – теоретической конференции«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»
(г.Астана 28 апреля 2015г.). – 243 стр.
Материалы предназначены для молодых ученых, преподавателей, студентов, магистрантов, докторантов.
ISBN 978-601-7429-81-2
© ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, 2015
115
молодой военнослужащий уже имеет определенный опыт установления взаимоотношений в коллективе (в семье, школе, учебном заведении, на производстве, неформальном коллективе), систему ценностных ориентаций и установок по отношению к общественно- полезной деятельности, сформировавшийся характер. У него сложились также некоторые (не всегда адекватные) представления о службе в армии и своей роли военнослужащего.
Личность с положительной направленностью ценностных ориентаций может быстрее адаптироваться в воинской микросреде, чем личность с отрицательной направленностью, так как последняя не совпадает с общей направленностью воинского коллектива.
Совпадения (или несовпадение) ценностных ориентаций воинского коллектива и входящей в него личности является основой их адаптационного взаимодействия и взаимной адаптивности.
Список использованных источников
1. Ольшанский Д. В. Социальная адаптация личности: структура и механизмы//Личность и общество в условиях совершенствования социализма: Межвуз. сб. научн. трудов/
Смоленск, гос. пед. ин-т. Смоленск, 1985. - С. 53-61
2. Свенцицкий А. Л. Социально-психологические факторы производственной адаптации личности//Социально-психологические проблемы в условиях развитого социалистического общества. М. : Изд. АПН СССР, 1977. - С. 167-168
3. Налчаджян А.А. Социально-психологическая адаптация личности. (Формы, механизмы и стратегии). Ереван, 2008. - 263 с.
4. Некипелов Н.И., Кухлова Г.Г. Модель срочных адаптационных реакций и ее применение для оценки работоспособности студентов // Вопросы профориен-тации, адаптации и профессиональной подготовки / Под ред. В.Г. Асеева. - Иркутск, 2004.- С.
43-51.
5. Кряжева И. К. К вопросу о взаимосвязи социально-психологической адаптации с развитием индивидуальности личности//Личность в системе коллективных отношений/
Под ред. Бодалева А. А. , Андреевой Г. М. и др. М. : Изд. АПН СССР, 1980. - С. 132-133
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қаирова Бекбаян Кусаиновна психология кафедрасының аға оқытушысы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай, Қазақстан.
Ұлт болам десең, бесігіңді түзе!», - деген Мұхтар Әуезовтің бір ауыз сөзінде үлкен философиялық ұғым жатыр. Қазіргі кезде жас ұрпақ тәрбиесі, елдің болашағын ойлайтын, еліне адал еңбек етіп, өзінің рухани-адамгершілік қасиеттерімен өмір сүретін тұлға қалыптастыру әрбір отбасы, мұғалімдер, жалпы зиялы қауымның баса назар аударатын мәселесі болуы қажет. Өйткені ертеңгі еліміздің болашағын ұстайтын жастарымыздың рухы биік, тәрбиесі саналы, жүрегінде Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігі бар ұрпақ тәрбиелеу-баршаға ортақ міндет.
Өкінішке орай, қазіргі кезде ұрпақ тәрбиесіне көңілдің аз бөлінуіне байланысты жастарымыз жерге қарататын мінез-құлық танытуы жиі кездеседі. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мәселесіне ерекше көңіл бөлу, бүгінгі күннің басты міндеттерінің біріне айналып отыр. Бұл мәселе тек біздің қоғамда ғана емес бүкіл дүние жүзінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Дегенмен, соңғы жиырмашақты жылдың ішінде осы мәселе біздің Қазақстан мемлекеті үшін үлкен драмаға айналып отыр десек қателеспейміз. Осыншама аз уақыттың ішінде қалай ғана мыңжылдық тамыры бар рухани-адамгершілік
116
құндылықтарға негізделген ұрпақ тәрбиесін таптап басып, батыстың бұтағына ілініп кете бардық.
Жастар тәрбиесінде маңызды орын алатын әлеуметтік институттардың бірі - жоғарғы оқу орны. Салиқалы жүргізілген оқу-тәрбие жұмысы студенттердің кәсіптік білімі мен дағдыларынан басқа, қоғамдық ортада өзінің мінез-құлқын басқара алатын, кездескен қиындықтарды өзінің күш жігерімен жеңе алатын, өзін-өзі шығармашылық дамытатын, талғамы терең, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өмір талабына сәйкес іс-әрекетін ұйымдастыратын, бәсекеге төтеп беретін маман, елінің абыройын, халқының тағдырына жауапкершілікпен қарайтын тұлға қалыптастыру әрбір жоғарғы оқу орнының басты міндеті.
Қажығалиева Ж. өзінің мақаласында «қазіргі кезеңде орын алып отырған саяси- экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген ынтаның азаюы, отбасын құру, бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктің төмендеуі, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы, т.б. мәселелер жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, жаңаша қарауды талап етіп отыр.
Осы талапты іске асыруда оқу орындары қазақ халқының ежелден келе жатқан бай мәдениеті мен ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді насихаттай отырып, оқу- тәрбие жұмыстарында бүгінгі жастардың бойына дарыта білсек, онда білім де, тәрбие де өз нәтижесін беріп, елім, жерім, отаным деген жастар тәрбиелеуге жол ашылар еді» - деп атап көрсеткен [1].
Шынында да өз халқының тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін, оның жарқын өмір сыйлаған батырларын мақтаныш ететін, олардың ерлігіне тағзым ететін, өздерінің адал еңбектерімен солардың ерлігін бейбіт өмірде көрсететін өз елінің патриоты болу – әрбір жас адамның басты міндеті.
Студент жастардың патриоттық сана сезімі оқу әрекетіндегі жетістіктерімен, шығармашылық потенциалымен елінің гүлденуіне, жаңару үрдістеріне ат салыса араласу, белсенді азаматтық позициясымен, гуманистік көзқарастарымен ерекшеленуі тиіс. Жастар еліміздің жарқын болашағы, экономикалық және мәдени дамуының анықтаушы күші болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында: «Мен жас ұрпақтың ел болашағы үшін маңызын атап көрсетіп келдім және атап көрсете беремін.
Мемлекет әрбір жас азаматтың өз еліне міндетті түрде қажет болуы үшін бәрін де жасайды. Өйткені ел болашағы жастардың қолында» — деген болатын [2]. Олай болса, елбасының осы ұстанымын басшылыққа ала отырып, студент жастардың тәлім- тәрбиесіне баса назар аударатын кез келді.
Жастардың тәрбиесін жүйелі, жоспарлы түрде жүргізе отырып, оқыту, дамыту, тәрбиелеу қызметтерін атқаратын маңызды әлеуметтік институт – жоғарғы оқу орны.
Кейбір ата-аналар бала тәрбиесіне жауапкершілік танытпайды, ертең ержеткен соң өзі-ақ түзеліп кетеді деп. Үйден дұрыс тәлім тәрбие алмаған адамды жоғарғы оқу орнында тәрбиелеу, түзету оңайға соқпайды. Сондықтан да болар кейбір жастар өзінің олқы мінез құлқымен үлкен өмірге аяқ басады, қателесіп от басады. Оқудан шығып қалған кейбір жастар ішімдікке, нашақорлыққа салынса, енді біреулері әртүрлі дәстүрлі емес діни ағымдарға ілесіп, солардың туын көтеріп, жырын жырлап мұсылмандықтан кетіп жатады, ал үшінші біреулері өз ұлтының өткені мен болашағына немқұрайлы қарап күнделікті тіршіліктің қамын қуып, рухани адамгершілік құндылықтардан алыстап кете барады. Ата- ананы сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, әдеп сақтаудан хабарсыз осындай жастар болашақта өз отбасында қандай ұрпақ әкеледі, қалай оны тәрбиелейді деген ой ұлтжанды азаматтарымызды мазаламай қоймайды.
Осыған байланысты Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев «Жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру арқылы «Мәңгілік ел» болып қалу, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған рухани құндылықтарын сақтап, оны келер ұрпаққа мұра ету» бүгінгі күннің талабы екенін баса айтқан. Өйткені жас ұрпақ –ел болашағы, шырағы, асқақ арманын алға апаратын күші.
117
Қазақ халқының қалыптасқан салт-санасы, әдет дәстүрлері сан ғасырларды аралап бізге жеткен - тәлім-тәрбиенің қайнар көзі. Солар арқылы әрбір жастардың таным- түсініктерін әлемдік санамен ұштастырып, алдыңғы ұрпақ жетпеген арманға, шығатын биікке жеткізеді деп армандаған бабаларымыз. Осы қағиданы мықты ұстанған халық жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін, бабалар мұрасын, аналар тілегін орындаған адам бақытты өмір мұхитына сапар шегетінін олар жақсы білген. Бабаларымыздың ұрпағына қалдырған тәрбие үлгілерін «күні өткен, келешегі жоқ» деген адам қатты қателеседі. Қателесіп отырған жетесіз жастарымызды бүгінгі қоғамда көріп те жүрміз. Осыған байланысты Елбасымыздың көтеріп отырған
«Мәңгілік ел» идеясының басты мақсаты - ата-баба мұрасынан сусындаған қазақ елінің тәрбиелі азаматтарын тәрбиелеп қалыптастыру [2].
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі туралы орыс жазушысы, этнограф В.И.Даль 1832 жылы күнделігіне: «Мидай дала, ешбір мектеп, кітап жоқ айнала қараңғылық, бірақ жастары өте ғажайып, мәдениетті тәрбиеленген» -деп жазса [3], ал ұлы Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, дүниедегі жақсы мен жаманды тани отырып, білгені, көргені көп білімді адам болып қалыптасады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» - деген 19-шы қара сөзінде [4].
"Шебер ұстаздан – тәрбиелi шәкiрт» дегендей тәрбиелі, парасатты, мәдениетті ұстаздан білім мен тәрбие алған жастар үлкен өмірге саналы қадам жасайды. Өйткені ұстаз өнегелi сөзiмен, жеке басының тәрбиесiмен, психологиялық-педагогикалық шеберлігімен, рухани бай жан дүниесімен тәрбиелейдi. Әр адам сыйлағанды, жылы сөйлегендi, жан дүниесін түсінгендi, дара ерекшеліктерін, табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып білім мұхитына жолдама беретін ұстаздарды ұнатады. Сондықтан студенттерге кәсіби біліммен қатар өмірлік маңызды тәрбие беру ұстаздардан терең білім мен тәрбиенің сан алуан қыр-сырын игеруді талап етеді. Болашақтың нұрлы болуы – жастарға берілген тәрбие мен білім.
Жастардың бойына білім нәрі мен азаматтық, рухани-адамгершілік, патриоттық рух беруде - мәңгілік ел болудың нұрлы жолын таңдап, бәсекеге қабілетті, білімді, азаматтық позициясы қалыптасқан, ұлтжанды тұлға қалыптастыру.
Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, біздің Қостанай педагогикалық институтында студент жастарға кәсіби біліммен қатар тәрбие жұмыстарын жүргізудегі басты мақсат: рухани дүниесі бай, денсаулығы мықты, жоғары азаматтылығы гуманизммен ұштасқан, әлеуметтік белсенді, толерантты, шығармашылықты, әлеуметтік- мәдени өзгерістерге шапшаң бейімделуші, қабілетті жаңа ғасырдың талаптарына лайықты, елін сүйген патриот тұлға қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасау. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда студенттермен отбасы мерекесін жыл сайын факультеттерде аталып өтіледі. Ата-анасын, қара шаңырақты сыйлау, кадірлеу, отбасы мүшелерін сыйлау мәселелеріне арналған осы іс-шара жүйелі ұйымдастыру арқылы өскелең ұрпаққтың отбасы құндылықтарын байытып, болашақта өздері салауатты ата-ана болуына, туған тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін сыйлау, ұстану мәселелеріне көңіл бөлінеді.
Бүгінгі студент ертеңгі ұрпақ тәрбиелеуші ұстаз, ата-ана, осы екі үлкен, әрі жауапты миссияны аброймен қатар алып жүру үшін психология және педагогика факультетінде студенттермен отбасы, қыз бала тәрбиесіне арналған мынадай іс-шараларды жыл сайын өткізу қолға алынған: «Қыздарға әсемдік жарасады», «Сұлулық бетте емес жүректе»,
«Бүгін студент ертең ұстаз, келін, ана», «Қара шаңырақ», «Бақыттың кілті - мәдениеттілік пен сабырлық» т.б. Сонымен қатар, тәуелсіздік күні, наурыз, кұрбан айт мерекелерін топтарда, факультетте осы мерекелердің үлкен тәрбиелік мәнін аша отырып, іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Студенттер жатақанасында «Кел, қыздар, сырласайық»,
«Студенттер үйі – өз үйім» атты тақырыппен тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Факультетте 5 мамандық бойынша мамандар даярланады. Әрбір топтың кураторлары студенттер жатаханасында әлеуметтік-психологиялық тренингтер, іскерлік ойындар, маңызды тақырыптар бойынша пікір алмасу ұйымдастырылады. Кураторлық сағаттарда
118
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі», «Жастардың сөйлеу мәдениеті», «Болашақ бүгіннен басталады», «Тылсым дүние құриясы» т.б. тақырыптарда баяндамалар, бейнероликтер қаралып, ой-пікір алмасу жүргізіледі. Бірінші курс студенттерінің жатахана өміріне бейімделуіне, жатахана ішіндегі тәртіппен ережелерді қабылдауына, басқа тұрғындармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуына тиімді ықпал ету үшін оларға арналған әлеуметтік- психологиялық тренингтер өткізіледі. Студенттер осы іс-шараларға үлкен белсенділікпен араласып, қызығушылық танытады. Кейде өздері көрсетілім қоюға, жақсы өсиет әңгімелер айтуға, мотивациялық фильмдер әкеліп, соны талқылауды ұсынып жатады.
Бұдан біз тәрбие жұмыстарында көтерілетін мәселелер оларды ойландыратынын, таным- түсініктерін байытуға деген ниеттерін байқатады. Жалпы имандылық, сыйластық, мәдениеттілік, сабырлық, шыдамдық сияқты құндылықтар студенттер арасында өзекті мәселелердің бірі екенін айқындайды.
Олай болса, адамзат тарихы әрқашанда өзгеріп, жаңарып отырса да өзгермейтін мәңгілік абсолютті құндылықтар бар, солардың қатарына отбасыдағы сыйластық, үйлесімділік, адамгершілік және т.б. құндылықтары. Әркімнің ортасы – шағын мемлекеті. Шағын мемлекетінде үйлесімділік пен өзара сыйластық орнатуға тырысқан адам, өз Отанының бейбітшілігі мен гүлденуіне үлес қосып, өзінің тілін, мәдениетін, тарихын, рухани тамырын сыйлайтын ұлтжанды азаматы бола алады.
Жоғарғы оқу орнындағы студенттер үшін бұл құндылықтардың өрісі кеңейіп, өздерін қоғамдық ортада ұстауына, мінез-құлықтарын реттеуіне, іскерлік қарым-қатынас орнатуына, қоғамдық-саяси іс-шараларға белсенді қатысуына негіз береді. Біз оны кешегі президент сайлауы қарсаңында өткен форумда, тағы да басқа іс-шараларға деген студенттердің әлеуметтік, азаматтық белсенділіктерінен байқадық. Олай болса, рухани- адамгершілік құндылықтар жастар тәрбиесінде орын алған жағдайда еліміз мәңгілік ел болып тарихта қалады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Кажығалиева Ж. Ұлттық құндылықтар – рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі.
//Халықаралық ғылыми-тәжірибе конференция//«Өзін-өзі танудағы озат тәжірибе және педагогикалық шеберлік» 2010. 28-29 сәуір, Арқалық.
2. Назарбаев Н.Ә. Казақстан 2050 Стратегиясы: бейбітшілік, руханият және мәдениет.
//Ақиқат. № 5. 2014.
3. Үлгілі үйдің ұл-қызы. //құрастырушы Калиев С.Алматы, 2006.
4. Абай. Қара сөздері. Алматы. 2001.
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ІЗГІЛІК ТӘСІЛДЕМЕСІ Қаирова Бекбаян Кусаиновна
психология кафедрасының аға оқытушысы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай, Қазақстан
Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық, психологиялық жаңару үрдістеріне байланысты рухани-адамгершілік құндылықтар құнсызданып, тұлғаның мәдениеті мен білім деңгейі төмендей бастағанда білім беру жүйесін рухани-ізгілендіру мәселесі бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Білім беру жүйесінің негізі еркін, белсенді, мәдениетті, тәрбиелі, білімді, үйлесімді қарым-қатынасқа түсе алатын, айналасындағы адамдармен әріптестік іс-әрекет құра білетін, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру әрекетімен айналыса алатын жас азаматты қалыптастыру болса, онда рухани-ізгілік білім берудің маңызы шешуші орын алады.
Білім беру кеңістігінде білім алушының өзіндік дамуы мен жетілуі мәселесі психология және педагогикадағы гуманистік бағытпен тығыз байланысты. Тұлғаның