Мухажанов Б.
3 курс студенті, ЕҰУ
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., С.Ә. Аманжолов
ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУ
Қазақстан Республикасы тұрақты дамып келе жатқан мемлекет ретінде халықаралық білім одағына кіруге тырысуда. Білім берудің басты стратегияларының бірі жақсы білім беру дәстүрін сақтау, мектеп және жоғарғы оқу орын түлектерін халықаралық дәрежеде сапалы бағалануы.
Бірақ сол дәрежеге жету үшін әр Қазақстан Республикасының азаматы тарих тереңінде жатқан туған халқымыздың ӛткен ӛмірін, кешкен ғымырының кемел болмысын айшықтай білу керек. Туған жеріміздің тарихын, еліміздің маңызды тарихи –мәдени және сәулет ескерткіштерін білуі тиіс.
Болашаққа жол ашу үшін, біз ең бірінші ӛткенімізді білу парыз. Тарихи жадының жаңғыруы ұлттық намыс пен астасып жататын қауымдық дегдарлықтың оянуы ең алдымен «Біз кімбіз? Біз қайдан келдік және қайда бара жатырмыз?» дейтін сұрақтарға жауап іздеуден бастау керек.
Қазақ даласында тұнып тұрған тұмарлы жәдігерлен біз үшін ең сенімді және кӛзбен кӛріп, қолмен ұстауға болатын «тарих» оқулығы. Ал Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы сол
«оқулықты» тағы бір парақтауға мүмкіндік жасады.
Дәстүрлі мәдениетті жаңарту, ӛз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну – бұл ӛзі тәуелсіздігіне ие болған елдің ӛмірінен орын алатын заңды құбылыс.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан барлық шаралар, еліміздегі орындалып жатқан басқа да игі істермен бірге әлемдегі ӛркениетті елдермен тереземізді тең деңгейге кӛтеруімізге ӛз үлесін қосуда.
Елбасымыздың «Мәдени мұра» бағдарламасы қазақ елінің кӛптен кӛміліп жатқан тарихының бұлақ кӛзін ашқаны баршаға мәлім.
Тарихи дамуда кез келген халық ӛзінің мәдениетіне сүйенеді, ӛзінің кезеңдеріне сын кӛзбен қарайды, ұлттық мұраларға назар аударады. Арқа ӛңірінің ӛзіндік белгісінің бірі-осы кең далада орналасқан тарихи жәдігерліктермен кӛзге түседі.Сол ескерткіштердің бірі сәулеткерлік ескерткіштер.
Сәулеткерлік әр халықтың ӛмірінде оның материалдық кӛркем мәдени- етінің ең жоғарғы кӛріністерінің бірі болып табылады. Ол белгілі бір дәрежеде халықтың тарихын, әлеуметтік экономикалық даму дәрежесін кӛрсетеді. Себебі, халық сәулеткерлігі мен архитектуралық құрылыстың кӛптеген туындыларына тарихи және ӛркениеттік мазмұн тән болуы мүмкін.
Мысалы, жай ғана Орталық Қазақстанды, оның ішінде Ұлытау ауданың алатын болсақ, Осы ӛңірде 700 ден астам тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіштер орналасқан, оның ішінде Республикалық маңызы бар 12 ескерткіш. Атап айтқанда: Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл, Лабақ, Мақат саханасы, Ерден, Кетебай, Жакуда-Ишан, Басқамыр қалашығы, Ақмешіт әулие, Едіге, Айранбай мазарлары.
Халқымыздың ел болып қалыптасуына, бірлік-тірлігіне діңгек болған, исі қазақтың айналып соғар түп қазығындай қара шаңырақ қасиетті мекен Ұлытау ӛңірінде бағзы заманнан белгі болып қалған бірнеше ескерткіш, жәдігерлер бар Солардың бірі ӛзінің сәулеттік құрылысымен, ерекшелігімен таңдай қақтыратын «дың», «үйтастар». Ғалым Ә.Х.Марғұланның айтуынша оғыз-қыпшақ дәуірінде «дың» салу әдеті болған. Олар ӛзінің қалыбы бойынша не дӛңгелек, не тӛртбұрышты болып келеді. Тастан дӛңгелек үйлер, мұнаралар жасау ғұн, түрік қағанаты кезінде ерекше орын алған. Қыпшақ пен оғыздар тӛбесінде күмбезі бар ондай ондай тас үйлерді «дың», «діңгек»,
«үй тас» деп атаған, ол сӛздер қазақ пен түрікмен тілдерінде сақталған.
Тастан ӛріп жасалған биік дың архитектурасының жиі кездесетін жері Орталық Қазақстан оның ішінде Ұлытау ӛңірі. Бұл ӛлкеде бүтіні бар , бұзылғаны бар онға тарта дың тектес ескерткіштер бар. Осының ішінде ең сәулеттісі Домбауыл дыңы.
Ескерткіш Кеңгір ӛзенінің жағасында Жезқазған қаласынан 54 км сотүстік бағытта орналасқан.Домбауыл дыңының табаны тӛртбұрышты болып тӛселгенімен, кӛтеріле келе күмбезге ұласып кеткен. Дыңның биіктігі 6м шамасында, қаланған материялы жергілікті жердің қызыл-сұр граниті.
Сыртқы пішіні шаршыға жақын тӛртбұрыш, сыртқы аумағы 8,90 х 7,00 м, ал ішкі құрлылымы 3,90м х 3,45 м. Ә.Х. Марғұланның айтуынша Домбауыл және Қосүйтас, Қара дың Үйтас дыңдары бір үлгідегі архитектуралық
белгілер.Дыңның сыртқы пошымы киіз үйге ӛте ұқсас, еденіне топырақ жайылып, оның үстіне жалпақ тастар тӛселінген. Қабырғалары 3м-дей кӛтеріліп барып кӛлденең бӛренелермен жабылған. Бұлардың барлығы тас қалаудың қола дәуірінде қалыптасқан ежелгі дәстүрлерінің белгілері.
Ел ішіндегі «дің», «дың» деп аталатын ескерткіштер осы Домбауыл дыңы үлгісіндегі ескерткіштерге қаратыла айтылады. Қозы-Кӛрпеш-Баян Сұлу кешені де осындай құрылыс. Ә.Х..Марғұланның айтуынша дыңдар Қазақстанда Торғай, Кеңгір ӛзендері бойында кӛбірек кездеседі. Бұлардың барлығы Орта Азияға мұсылман діні тарағанға дейін VI-IX ғасырларда тұрғызылған ескерткіштер. Домбауыл есімі тарихи жазбаларда да, аңыз әңгімелерде де кӛп кездеседі. Ол қазақ шежіресінде, жыр-толғауларында жиі айтылады.Бұл ескерткіш жайлы ең алғаш еңбектер жазған Ш.Уалиханов.
Тағы да бір дың Ұлытау ауданының Егінді ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан. Есігі күн шығысқа қараған. Асты тӛрт қырлы тастан ӛріліп тоқыған, оның үстіне сүйірленіп шығатын биік күмбез орнатқан. Жергілікті халықтар оны «Қара дың» деп атайды Себебі ылғи қара тастан ӛріп шығарған. Дыңның кіре-беріс ойығы бұзылған, ескерткіштің сақталған биіктігі 4 м, сыртқы диаметрі 6,7 м, ішкі диаметрі2,65 м. Дыңның бейнесі алыстан сәулеттеніп кӛрініп тұрады. Қара дыңның кӛлемі Домбауыл дыңынан әлдеқайда кішірек және тағы бір ерекшелігі Домбауылдікіндей табаны шыршаланып басталғанымен, бұл дың тарта қалау әдісімен бірден сүйірленіп күмбезге ұласады.2008 ж бастап осы жерде Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Ұлытау ауданы. Малшыбай селосынан оңт-батысқа қарай 2км жерде орналасқан. Салыну тарихы белгісіз.
Алаша хан мавзолейін зерттеуді ең бірінші рет Шоқан Уалиханов жүргізген. Ол ӛзінің «Қырғыз- қайсақ молалары және ерте заман туралы»
деген еңбегінде қысқаша сипаттама берген.
1946 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл экспедиция құрамында архитекторлар М.Б.Левинсон, Г.Г.Герасимов реставрациялауға қатысты.
1973 жылы жазда Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы ӛлшеу жұмыстарын жүргізді. Мавзолей күмбезінің кейбір жерлері тесілген.
Бұл бір камералы, порталды-күмбезді ғимарат. Тӛртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Іргесі текше түрінде қаланып, тӛбесі күмбезделген.
Ғимарат тӛбесі 8 тіреуден жасалып, оның үстінен 16 қырлы зәулім барабан орнатылған. Осы барабан үстінен дӛңгелете күмбез тұрғызған.
Күмбездің тағы бір ерекшілігі оның үстіне барабанды айналып ӛтетін галерея бар. Оған үйдің ішінен жоғары кӛтерілетін басқыш арқылы шығады. Кіре берісі киіз үйдің есігі секілді салынған.
Мавзолей «алаша кілемше» түрімен нашықталып шығарылған.
Биіктігі -10м. Сыртқы ӛлшемі- 9,5х12,0м. Ішкі ӛлшемі- 6,25х6,7м.
Кірпіштердің ӛлшемдері-27х27х6см. 25х25х5см.
Алаша хан мавзолейі жӛнінде ел аузында аңыз кӛп.Кӛптеген зерттеулер бойынша мұнда Хақназар хан (1538-1580) жерленген.
Қазақ халқы Алаша хан мазарын әулие тұтып сыйлағаны сонша, кейінгі қазақ хандары осында келіп сыйынатын болған.
1998жылы Ғимарат толық реставрациядан ӛтті.
Ал оқу бағдарламасына келетін болсақ, мектеп бағдарламасында еліміздің тарихи ескерткіштеріне байланысты тақырыптар, сабақтар жоқ.
«Ӛстетін ел тарихын таспен жазады, ӛшетін ел тарихын жаспен жазады»
демекші, әр азамат ӛз жерінің тарихын, ескерткішін, әр тасын жеріндегі білуі парыз. Ал осының бәрін ол мектеп қабырғасынан біліп шығуы керек. Бұнын бәрі бүгінімізге қажет, ертеңімізге керек. Ӛйткені қазіргі жастар, мектеп бүлдіршіндері еліміздің болашағы. Біз ӛткенді, барды білмей жарқын болашаққа қадам жасай алмаймыз.
Әдебиеттер:
1. Қ.Ахметов. «Ұлытау» Алматы, 2007
2. А.Марғұлан. Декоративно-прикладное искусство, 1983