1
ТЕМІР ЖОЛ ТАСЫМАЛДАРЫН БАСҚАРУ
ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Марғұлан Уалханович Уажанов
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А. www.semgu.kz
E-mail: [email protected]
Қазақстан экономикасының қалыптасуына, мемлекет тәуелсіздігін, елдің территориялық тұтастығын және әлеуметтік тұрақтылығын нығайтудағы темір жолдың рөлі жоғары бағаланады.
Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең (1992-1996 жж.) – саланың КСРО-ның таралу салдарына және мүлдем жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі
Екінші кезеңнің (1997-2001жж.) маңызы үш қазақстандық магистралды өзінде біріктірген, қиыншылық кезден өте алған, саланың ары қарай дамуына негіз салған, бірінші қазақстандық теміржол кәсіпорны «Қазақстан темір жолы» РМК-нің құрылуы мен дамуы болды.
Үшінші кезеңде (2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы қайта құрылымдау басталды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания» ЖАҚ құрылуы осы реформалардың жүзеге асырылуының бастамасы болды.Олар еліміздің теміржол көлігін қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді салаға айналдыруға бағытталған және әлемдік тасымалдау жүйесіне үйлесімді кіре отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды.
Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану, елдер арасында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында, «Қазтеміртранс» АҚ көршеліес елдер аймақтарында бірлесіп кәсіпорындар құруда, бұл экспорттық-импорттық бағыттар бойынша жүк тасымалы көлемін ұлғаюына, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымал көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар АҚ дамуының стратегиялық бағытына келетін болсақ компания Миссиясын жүзеге асыру үшін даму бағытының негізгі приоритеттері анықталған,оларға:
– Тариф саясатының көмегімен қозғалмалы құрам көлемін көбейту; көп тұрып қалған вагондарды парктеу бойынша уақытылы шаралар жасау;
2
лизинг, қарыз каржылар және т.с.с. қаржылық ресурстарды Компанияға әкелу үшін инвестициялық құралдарды пайдалану.
- Шет елдік серіктестермен тиімді өзара әрекет ету көмегімен Қазақстан территориясындағы транзитті жүк тасымалдауды дамыту, сонымен қатар көлік нарығының басқа да қатысушылары: көліктік-логистикалық орталықтарды және көліктік-экспедициялық компанияларды дамыту;
- Қызмет көрсету түрлерін кеңейту, үлкен басекелестермен бірлесу, қызметтердің жаңа сферасында бірлескен компаниялар құру арқылы көлік қызметі нарығындағы іс-әрекетті диверсификациялауға қол жеткізіледі. «Жүк вагондарын жөдеу, оларды металлоломға тапсыру» – қызмет түрінің көмекші бағыты, мұнда барлық филиалдар мен еншілес ұйымдар жауапты болады.
– Басқару тиімділігін арттыру корпоротивті басқару жүйесін жетілдіруге, қауіптерді басқару жүйесін жасауға, бизнес-процестерді оптимизациялауға, адам ресурстарын басқаруға, сапаны басқаруға бағытталуда.
Қаржы-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту, жүк тасымалдау көлемін көбейту және жүк вагондардың паркін көбейту арқылы жүк тасымалдаулары.
Компанияның даму стратегиясымен анықталатын «Қазтеміртранс» АҚ -
ның Ұлттық тасымалдаушы болуы алдында көптеген міндеттер тұр.
Магистралді жүйе операторы арасында шектелген жұмыспен тасымалдау процесінің барлық технологиясын орындауда, тасымалдаушымен, локомотивті тарту және экспедиторлық компаниямен, сондай-ақ,
«Қазтеміртранс» АҚ да өзара әрекет процесін кезеңдік орындау 2004 жылдың желтоқсанынан бастап алғашқы жоба аясында жеке алынған бағыттар бойынша жүк тасымалдауын орындауда.
Алғаш рет бірінші жоба екі бағыттарында: Жаман-Ащы – Жаңа ауыл және Сарықұм – Жаңа ауыл, құрастырылып енгізілді. 2006 жылы бағыттардың саны алтыға дейін өсті, бұрынғы бар бағыттарға Қаражал – Жаңа ауыл, Еңбекшілдер – Жаңа ауыл, Суық бұлақ – Жаңа ауыл және Майлин – Жаңа ауыл бағыттары қосылды. Өткен жылдың желтоқсанынан бері ауқымды ұйымдастыру жұмыстары атқарылды. Магистралді теміржол жүйесі және локомативті тарту қызметтерін сатып алу туралы келісім шарттар жасалды.
Жұмыста үнемділікті арттыру және тәртіпке келтіру үшін
«Қазтеміртранс» АҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Локомотив» АҚ-мен , сондай-ақ экспедиторлармен тасымалдау ұйымына келісім шарттар құрылымдық бөлімдердегі өзара әрекет белгіленген уақыт тәртібін жасап шығарды.
Жүкті тиеу сәтінен бастап «Қазтеміртранс» АҚ тасымалдаушы ретінде вагон беруге тапсырыс, комерциялық қатынастағы жүкті қабылдау, тасымалданушы құжат ресімдеу, ТехПД-дан есептер сияқты бастапқы және
3
соңғы операциялардағы жұмыстың бөлігін орындайды. Сонымен қатар, вагон қозғалысын бақылауы жолдардан өту локомотив-сағаттарымен қамтиды.
Сондай-ақ, қол қойылған тасымалдау келісім шарттары бойынша экспедиторлық компаниялармен және жүк аттандырушылармен жұмыс жүргізілуде.
Бүгінгі күні қосымша бағыттар жіберуге орай белсенді жұмыстар жүруде.
«Қазтеміртранс» АҚ-ның тасымалдау міндетті қызметінің оындалуына байланысты өткізілген пилотты жоба сараптамасы жүкті жеткізуде бірталай уақыт ұтуымен, жолды өтуде тиелген вагондарды ажыратудың төмендеуімен және жүк тиеуде жүк аттандырушы тапсырыстардың 100% орындалуымен тиімділгін танытты.
«Қазтеміртранс» АҚ контрейлерлі тасымалдауды ұйымдастыру және жетілдіру.
Жүк иелері тарапынан күннен күнге өсіп келе жатқан талаптарды ескере, сондай-ақ жүк тасымалдаудың жаңа тиімді технологиясына өтуді жүзеге асыру үшін «Қазтеміртранс» АҚ контрейлерлі тасымалдауды ұйымдастыру үшін 13-4095 моделді ажыратусыз тартқышы бар жартылай тіркемелерсіз автопоездарға артуға арналған мамандандырылған плотформалар 50 бірлігін сатып алынған.
Контрейлерлік поезд құруда белгіленген стансаға дейін жол жүруде еш қайта құрусыз болатын тез бұзылатын жүгі бар және халықтық қолдану тауары бар автопоездар жіберіледі. Осылайынша контрейлерлік тасымалдар аралас тасымал сияқты көлік және теміржол танспортының өзара әрекетінің тиімді өнімі болып табылады.
Контрейлерлік тасымалдарды жүзеге асырудағы шетелдік тәжірибе автотасымалына да, теміржол көлігіне де бұндай тасымалдардың тиімді екеніне дәлел бола алады. Контрейлерлік тасымалдардың барлық тасымалдаушыға қатысатындар үшін төмендегідей тиімділіктері бар:
1. Көліктасымалдаушылар қозғалыс құрылымы айналымын тездете алады және тасымалға пайдаланатын шығын мөлшерін азайтады.
2. Контрейлерлік технология көмегімен теміржол көлігі өзіне қосымша тасымалдау көлемін тарта алады
3. Бұл платформаларға автопоездарды арту кезінде қымбат тұратын қайта артқыш орнату талап етілмейді. Арту (түсіру) автопоездар платформаларына, автокөліктерге, тартқыш және тіркемелер өз бетімен тиеу
4
(түсіруді) өз бетінше кіру (шығумен) орындалатын болғандықтан пайдалану шығындары біршама төмен.
4. Көлік-экспедициалық компаниялар – жүк иелеріне көрсетілетін қызметті «есіктен есікке дейін» жүкті жеткізу мерзімін қысқарту есебінде жақсартып, тасымалдың жалпы құнын төмендетеді.
5. Мемлекет үшін қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды лақтыруды азайту есебінде, автокөліктің жағымсыз әсерін төмендетеді.
Үстіміздегі жылдың 12 маусымында алғаш рет Қазақстанда Өзбекістаннан 5 платформа көкөніс тиелген, Сары-Ағаш стансасынан Астана стансасына бағытталған контрейлерлік тасымал жүзеге асырылған
Жүк тасымлдауды ұйымдастыруда, сондай-ақ, теміржол саласының тоқтап қалусыз, үзіліссіз жұмыс істеуіне жүкті тасымалдауды жоспарлау негіз болады. Жүк тасымалдауды жоспарлаудың мақсаты: мүмкіндігінше аз шығынмен тасымалды көлік түрлеріне шығынды үнемдеу мақсатта бөлуде, жүк тасуда тепе-теңділікпен қамтамасыз етуде және жүк артудың ырғақтылығы, сонымен қатар, бар ресурстарды тиімді пайдлануда, техникалық мүмкіндіктерде, магистралды желі мүмкіндіктерінде, жүк жіберушінің сұранысын уақытында және толық қанағаттандыру болып табылады.
Заңдылық тұрғыда тасымалдауды жоспарлау айтарлықтай өзгертулерге ұшыраған жоқ. Тасымалдаудың жоспары жылдық жоспарлау, айлық жоспарлау және өтінім негізіндегі жүк жөнелту болып бөлінеді.
Қорытынды. Басты жоспарлау тасымал көлемін және теміржол саласы даму стратегиясын анықтауға мүмкіндік береді. Жылдық жоспарлау есебімен халықаралық тасымалдың транзитті тарифін қолдану сұрақтары ыңғайланады. Сондай-ақ, республикалық, халықаралық қатынаста отандық жүк жөнелтушілерге тарифті төмендету мүмкіндігін туғызады.
Әдебиеттер:
1. «Қазтеміртранс» АҚ Семей филиалының өндірістік-қаржылық қызметінің 2007 жылғы есебі
2. Вагон шаруашылығындағы жөндеу жұмыстарын басқару жүйесін жетілдіру, авторлар тобы Толысбаев Б.С. және т.б. – Алматы: Інжу-Маржан, 2009ж.