• Tidak ada hasil yang ditemukan

тіл мәдениеті және сӛздің айтылым заңдылығы

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "тіл мәдениеті және сӛздің айтылым заңдылығы"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

WWW.ENU.KZ

ТІЛ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ СӚЗДІҢ АЙТЫЛЫМ ЗАҢДЫЛЫҒЫ Тілеубаева Т.М.

3-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Н.Ә.Сәдуақас

Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтӛбе қаласы

Халқымыздың ӛз ана тіліне деген сүйіспеншілігін оның бүгінгі ғалым перзенттерінің ғылыми зерттеулері арқылы тануымызға болады. Осы орайда, қазақ тіл білімінің бүгінгі ғылыми жетістігіне ӛз үлесін қосып келе жатқан аға буын ғалымдардың бірі М.Серғалиев деп білеміз. Ғалым қазақ тілінің әртүрлі мәселелеріне қатысты сан-салалы ғылыми зерттеулер жүргізіп, осы бағытта ӛзіндік ғылыми қолтаңбасын танытып, қазақ тіл білімінің әр саласы бойынша шәкірттеріне де бағыт-бағдар беріп келе жатыр.

М. Серғалиев – қазақ тілінің фонетика, лексика-грамматикасы, әдеби тіл, стилистика, тіл мәдениеті, орфография, орфоэпия т.б. мәселелер жӛнінде ғылыми мақала, зерттеу еңбектері арқылы ғылыми ортаға кең танымал болған белгілі ғалым. Ол «Қазақ тілінің мәдениеті» атты еңбегінде тіл мәдениетіне қатысты ғылыми мәселелерді жүйелі түрде қарастыра отырып, М.Балақаевтың кӛзқарастарын одан әрі дамыта баяндайды[1].

М.Серғалиевтің тіл мәдениетіне қатысты мақалаларындағы ғылыми ойларының маңызды екендігін айта келіп, тіл мәдениетінің бір қыры ретінде сӛздердің айтылуы мен жазылуына да ерекше назар аударғандығын атап кӛрсетпекпіз. Ғалым М. Серғалиев еңбектерінде қазақ тіл мәдениеті, орфография, орфоэпия т.б. мәселелері қазақ тілінің ӛзіндік табиғи ерекшеліктеріне сай зерттелуіне ерекше назар аударылған деп білеміз.

Ғалым орфография, орфоэпия заңдылықтарының ӛзіндік ерекшеліктерін сақтап, осы екі категорияны бір-бірімен араластырмай, әрқайсысының талаптарына сай қолдану қазақ тіл мәдениетінің басты ескерілуге тиісті қағидаларының бірі ретінде кӛрсетеді. Біз осы мақаламызда қазақ тілінің айтылымы мен жазылымына, яғни тілдің фонетикалық жүйесінің мәселелеріне тоқталамыз. «Қазақ сӛздерінің айтылуында ӛзіндік әсем үн бар, қалыптасқан жатық әуен бар. Оның негізі мынада: сӛздердің құрамындағы дыбыстар ӛзара үндесіп, біріне-бірі ықпалын тигізе айтылады», - дейді ғалым [1,32]. Сондықтан тіліміздегі дыбыстардың айтылуын жазу кезінде, ал жазылуын айту кезінде ескеріп отыруымыз қажет.

Қазақ тілінің мемлекеттік дәрежедегі қолданысы оны жан-жақты терең білуді талап етеді. Сондықтан қазақ тілінің әр саласы бойынша зерттеу деректерін үнемі назарда ұстап, оны күнделікті ӛмірде тілдің әлеуметтік қызмет аясын кеңейте түсу бағытында белсенді қолдана білуіміз қажет. Осы орайда, әр тілдің ең басты қасиеті, ерекшеліктері оның дыбыстық заңдылықтарынан бастау алып жататынын ескерген жӛн. Қазақ тілінің де ӛзіне тән дыбыстық заңдылықтары болатынын, осы заңдылықтарды тілді

(2)

WWW.ENU.KZ қолдану барысында ескеріп, басқа тілдің жетегінде кетпей, ана тіліміздің ғасырлар бойы қалыптасқан табиғатын сақтап сӛйлеу әр азаматтың парызы деп білеміз. Тілді тіл етіп тұратын оның ӛзіне тән заңдылығының сақталуы, ӛз сӛзінің мол болуы деп білеміз. Ӛзге тіл сӛздерін де тіліміздің заңдылығына бағындырып қабылдаған дұрыс екендігін ұлтжанды ғылыми қауым бірауыздан мақұлдап отыр. Демек, қазақ тілі айтылымының дыбыстық ерекшелігін сақтап сӛйлеуге назар аударған жӛн деп білеміз. Қазақ тілі үшін басқа түркі тілдеріндегі сияқты сингармонизм басты заңдылық болып табылады. Тіліміздегі барлық сӛздер үндестік заңы аясында айтылып, барлық дыбыс заңдылықтары да сингармонизмге арқа сүйейді [2,71].

Қазақ тілінің фонологиялық ерекшелігі сингармонизм заңдылығымен тікелей байланысты. Сӛз құрамындағы, сӛз бен сӛз, қосымша аралығындағы дыбыстар ӛзара үндесіп, үйлесіп айтылады. Ал жазу ыңғайына қарай сӛйлеуге болмайды, тіліміздің фонологиялық ерекшелігіне сай орфоэпиялық норманы сақтау қажет. Орыс тілінде негізгі фонологиялық қызметті екпін атқаратын болса, қазақ тілінде бұл қызметті сингармонизм атқарады, сондықтан тіліміз заңдылығына сай сӛйлеуге дағдылануымыз керек. Қазақ тілінің фонологиясы бойынша жеке дыбысты сӛзден бӛлек алып қарауға болмайды, дыбыс буын құрамында ғана танылады. Сондықтан қазақ әліпбиіндегі дауыссыз дыбысты жеке атамай, алдынан не артынан ы дыбысын қосып бір буын етіп айтамыз. «Мысалы, балалар деген сӛздің бас дыбысы (б-ны) бӛлек айтпақ болсақ, бы деп, ыб деп қана айта аламыз. Осы балалар деген сӛздің соңғы дыбысы (р-ды) бӛлек айтамыз десек те, не ыр деп, немесе ры деп қана айту мүмкін: бы, ры деп айтқанда б мен р-дың соңынан ыб, ыр деп айтқанда, алдынан дауысты ы дыбысын қосып отырмыз.

Ӛйткені дауыссыз дыбыс пен сонор дыбыс алдынан, не артынан бір дауысты дыбыс қоспай, ӛздігінен бӛлек айтылмайды», - деп Қ.Жұбанов текке айтпаса керек [3.181]. Қазақ әліпбиіндегі дауыссыз дыбыстарды айтқанда орысша (бе, ве, ге, эс, эн) деп айтпай, қазақ тілінің фонологиялық ерекшелігіне сай (бы, вы, гі, сы, ны, ыр, ыл) атаған жӛн.

Қазақ жазуы мәдениетіне байланысты ғалым Р.Сыздықова «Емле және тыныс белгілері», «Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш», «Орфографиялық сӛздік», «Тілдік норма және оның қалыптасуы» атты еңбектерінде жазу емлесін тұрақтандыру, оны жетілдіру, айтылым мен жазылым арасындағы сәйкессіздіктерді реттеу мәселелерін бір жүйеге түсіру бағытында айрықша еңбек етіп келеді [4]. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері жӛнінде зерттеу жүргізген ғалым Н.Уәлиев айтылған сӛзді арнайы таңбалармен жазу мәселесін дыбыс – фонема – графема - әріп байланыстары арқылы түсіндіріп, инвариант – вариант тұрғысынан талдайды [5.14]. Тілде фонетикалық құбылыстардың ұшы-қиыры жоқ. Ал олардың жазуда таңбалануы сӛздерді фонемалық негізгі реңкі бойынша жазуға, яғни фонематикалық принципке негізделетінін кӛрсетеді. Ғалым қазақ жазуының жетістігі мен қазіргі таңда орын алып отырған кемшіліктері мен шешімін күткен мәселелерін алға тартады.

(3)

WWW.ENU.KZ Белгілі фонетист ғалым С.Мырзабеков емле ережелерін жетілдіру барысында әлі де кейбір кемшіліктер кездесетінін кӛрсеткен еді [6.175].

Мысалы, кісі аттары жазылуында Амангелді, Есенғұлдеп жазу дұрыс емес, олар тоғыспалы ықпал арқылы (Амаңгелді, Есеңгелді) жазылатынын, «соңғы буынында ы, і дыбыстары бар сӛздерге (орын, құлық, көрікт.б.) дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда ы, і, дыбыстары кей уақытта түсіп қалады» деген ережедегі «ы, і дыбыстары» деген дұрыс емес, дұрысы

«ы, і әріптері» екенін аңғару керек, ӛйткені бұл жерде ы, і әріп, олар ұ, ү болып дыбысталады дейді [6.178]. С.Мырзабеков тілімізе орыс тілінен енген сӛздер кӛп екенін ескертіп, емле ережелерінде «оларды буынға бӛлу, тасымалдау жайында бір-екі параграф айтылса артық болмас еді» деген еді.

Ал Р.Сыздықова да жазу практикасындағы кемшіліктің бірі «күні бүгінге дейін, әсіресе, аударма әдебиетте, баспасӛз беттерінде орысша баламасына қарап бір типтегі сӛздердің бірін қосып (аяқкиім-обувь), екіншісін бӛлек (бас киім – головной убор) жазушылық жиі кездеседі»,- дейді [4.5].

Қазақ тіл білімі дамуының жаңа кезеңдегі жетістіктері қазақ жазуын да жетілдіріп, оның теориялық жағынан дамуына себеп болып отыр. Қазақ жазуы емлесіндегі күрделі мәселелердің бірі сӛздерді бірге және бӛлек жазудың теориялық ұстанымдарын, негізгі таянышын анықтау болып табылады. Осы мәселе жӛнінде жазылған құнды еңбек Қ.Күдеринованың зерттеуі деп білеміз. Сӛздің мағыналық жағына назар аудару қажеттігін айта келіп, «Жазудың тұрпат межесі жазудың мазмұн межесін дәл ашып кӛрсете алмаса, тілдің коммуникативтік қызметі әлсіреп, адамдардың ойлау қабілеті тоқырауға ұшырайды. Тұрпат межесі таңбаның мазмұн межесін қашан да дәл бейнелеп, қанағаттандырып отыру керек»,- дейді [7.32].

Баспасӛз беттерінде жарияланған кейбір мақалаларда «қазақ тілінде в, ф, х, һ, э дыбыстары жоқ, сондықтан оны әліпбиден шығарып тастау керек»

деген пікір айтылса, екінші біреулері бұл дыбыстар қазіргі сӛздердің айтылуын дәл береді дейді. Орыс тілінен енген сӛздерді ӛзгеріссіз ала салмай, қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігіне сай жазу керек деген мәселе жӛнінде де ғалымдар арасында пікір алшақтық бар. С.Мырзабеков орыс тілінен енген сӛздерді станса, газет, зауыт, облыс, пойыз деп «жартыкеш»

жазуға қосылмайтынын айтып, сондықтан бабалар тіліне жақындату бағытында оларды ыстанса, гәзет, зауұт, обұлұс, пойұз деп жазуды ұсынған еді. Әрине, бұлай жазу тіліміздің дыбыстық ерекшелігіне сай келгенмен, қазіргі ғылым мен техника тасқыны кезеңінде шет тілдері сӛздерін ӛз ана тіліндей қолдана білуді меңгерген жас ұрпақтың қалай қабылдайтынын да ескерген жӛн сияқты. Қазір орыс графикасы негізінде жасалған қазақ алфавиті бойынша жазып келеміз. Ал бүгінгі күні латын графикасының артықшылығы жӛнінде пікір айтыла бастады. Алдағы уақытта ӛркениетті елдермен қарым-қатынас жасауда қазақ тілінің болашағы үшін ең тиімді жазуды таңдап алу күн тәртібіне қойылып отыр. Жазу - әрбір халықтың рухани, мәдени ӛсуін, даму деңгейін кӛрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс.

Сондықтан әліпбиді қабылдау кезінде тіліміздің дыбыстық заңдылықтарына,

(4)

WWW.ENU.KZ айту мен жазудың ӛзіндік ерекшеліктеріне ерекше назар аударуымыз қажет.

Фонологиялық заңдылықтар тілдің айтылым талаптарын қатаң сақтауды қажет етеді. Тіл адамның қатынас құралы десек, ал жазу осы қарым-қатынас мүмкіндігін барынша күшейтіп, елдің әлеуметтік – экономикалық, мәдени ӛмірінде т.б. жағдайларда барлық қажеттіліктерді ӛтейді. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Тіл мәдениеті дегеніміздің ӛзі сӛздің айтылым заңдылығы талаптарын орындаумен байланысты болады. Сондықтан алфавит, жазу, айту мәселелеріне, ғалым М. Серғалиев еңбектерінде тіл мәдениеті деп кӛрсетілгендей, ерекше назар аударған жӛн деп білеміз.

Пайдаланылған әдебиет

1. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. – А: Зият Пресс, 2004-140 б.

2. Джунисбеков А. Сингармонизм в казахском языке. – Алма-Ата:

«Наука», 1980.– 78 с.

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жӛніндегі зерттеулер. – Алматы: «Ғылым», 1966.

– 362 б.

4. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері . – Алматы: «Рауан», 1996.- 285 б.

5. Уалиев Н. Фонологические основы казахской графики и орфографий АКД. – Алматы, 1993. - 21 с.

6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. - Алматы: «Сӛздік- Словарь», 1999. - 200 б.

7. Күдеринова Қ. Бірге және бӛлек жазылатын сӛздердің орфографиясы.- Алматы: «Комплекс», 2005. - 144 б.

Referensi

Dokumen terkait

Мақаланың маңыздылығы ӛткен дәуір прозасында талданбай кеткен Жұмекен әңгімелерінің тақырыптық және идеялық ерекшеліктерін талдау болса, ӛзектілігі сол кезеңдегі әңгімелерден

Астана/Қазақстан ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ДІНИ СЕНІМ ЫҚПАЛЫНДА ҚАЛЫПТАСҚАН ТІЛДІК БІРЛІКТЕР Бүгінгі таңда адам дүниетанымына ерекше мән беріліп, мәдениет пен тіл сабақтастығы,