№ 1 (92) 2013
347
Д.А. АРИПБАЕВ
ТҮРКИЯНЫҢ КАВКАЗИЯ САЯСАТЫНДАҒЫ ЖҰМСАҚ КҮШТІҢ РӨЛІ
Soft power implies that, states can shape or affect the conducts and interest portrayals of the other states by using the cultural and ideological means, instead of military, political and economic power issues. Soft power, which could be analyzed in the context of the neoliberal theory, becomes the most important factor the contemporary international system debates. Turkey, who designed her foreign policy understanding in the scope of becoming a regional leader after the Cold War, uses soft power practices mostly.
Бір мемлекеттің халықаралық аренадағы мүддесін әскери немесе саяси әлеуетінің орнына мем- лекет ішіндегі әлеуметтік біртұтастық пен халқының әл ауқат деңгейін қолдану арқылы көрсеткен қуатын мемлекеттің жұмсақ күші деп атауға болады [1]. Jozep S.Nye АҚШ тың әлеуетін теориялық негізге отырғызу мақсатында жазған «Bound to Lead» атты еңбегінде жұмсақ күш ұғымын алғаш рет қолданған болатын. Ал, 2004 жылы шыққан «Жұмсақ күш» [2] еңбегінде аталмыш ұғымның теориялық негізін қалады және халықаралық қатынастар ғылымы саласында беделге ие болды.
Жұмсақ күшті өзінің саяси біртұтастығына, әлеуметтік және мәдени құндылықтарына сенген мем- лекеттер, халықаралық қатынастар негізінде ықпал еткісі келген басқа мемлекеттерге қолдану арқылы өзінің аймақтағы позициясын күшейтуге тырысатын стратегиялық ұстанымын есептеуге болады.
Сондай-ақ, халықаралық саясаттағы, әсіресе Оңтүстік Кавказия сынды саяси мәселелері ушыққан аймақтарда әскери немесе саяси күш қолдану арқылы шешу мүмкін емес екені белгілі болып отыр.
Себебі қазіргі таңда саяси қысым көрсету мәселелердің одан әрі ушығуына және ұзаққа созылуына себепші болып жатқанын көруге болады. Бұған мысал ретінде Кипр, Ауғанстан, Кашмир мәселелерін көрсетуге болады.
Халықаралық қатынастарда кейбір мемлекеттер әскери немесе экономикалық қысым көрсетпей, ашықтан ашық саяси бәсекеге түспей, экономикалық шығын шығын шығармай эволюциялық жол- мен өз ықпалын арттыру үшін жұмсақ күш тәсіл қолданып келеді. Жұмсақ күш қолданудың мақсаты аймақтық немесе ғаламдық денгейде экологиялық, мәдени, спорт т.б салаларда күн тәртібінен түспей, басқа мемлекеттерге өзін үлгі ретінде ұсынып, мүддесіне сай бағыттау болып табылады. Жұмсақ күш қолданатын мемлекеттер халықаралық жүйедегі басқа мемлекеттерді шеттетпестен, оларға әлеуметтік және мәдени ісбірлігін ұсыну арқылы өз мүдделерін қорғап отырады. Жоғарыдағы айтқандарды еске- ре отырып, жұмсақ күш қолданудың негізгі тәсілі, сендіру және өзін үлгі мемлекет ретінде көрсету екендігін айта аламыз [3].
Егер жұмсақ күш қолданатын мемлекет өзінің негізгі мүддесін ашық көрсетпестен, көпжақты қарым қатынастар мен ісбірлігі арқылы, әскери немесе саяси қысымға бой ұрмай, көздеген мақсатына жететін болса жұмсақ күш стратегиясы табысты іске асқан болып есептеледі. Жұмсақ күш қолданудың артықшылығы ықпал еткісі келген мемлекеттің аз шығын жұмсау арқылы өз мүддесіне жетуі бо- лып табылады. Қазіргі таңда өзінің саяси тұрақтылығы, әлеуметтік- мәдени және экономикалық әл ауқатын үлгі ретінде ұсыну арқылы халықаралық жүйеде жұмсақ күшті табысты қолданып жүрген мемлекеттер бар.
Түркияның соңғы жылдары халықаралық аренада күн тәртібінде орнының жоғарлауы 2000 жыл- дардан бастап сыртқы саясатын жұмсақ күш стратегиясы негізінде қайта жасап, өзінің әлеуетін қолдану туралы шешім қабылдай бастады. Себебі халықаралық жүйенің көпполярлы жүйеге ауыса бастауы, саяси билігі тұрақты, мәдени, экономикалық әл-ауқаты мол мемлекеттер үшін халықаралық жүйеге, әсіресе аймақтық жүйеге ықпал етуге мүмкіндік беріп отыр.
Жұмсақ күш қолданудың мақсаты, осы күшті қолданушы мемлекеттің сыртқы саяси мүддесінің халықаралық жүйені құрайтын басқа мемлекеттер тарапынан легитимді қылып көрсету болып табы- лады. Бұл үшін дипломатия табысты қолданылуы тиісті. Ал, табысты дипломатия ұғымы да жұмсақ күш ұғымымен қатар қолданылады. Jozep S.Nye пікірінше әлемдегі супер күш иесі АҚШ үшін Ирак, Ауғанстан, Сомали сияқты мемлекеттерде әскери және саяси ресурстарды қолданудың қажетті деңгейде пайдалы болмағанын алға тарта отырып, ең қуатты мемлекеттердің тек күш көрсету арқылы үнемі жетістікке жете бермейтінін, жетсе де қысқа уақыттық бір жеңіс болатынын айтады. Jozep S.Nye АҚШ тың ең маңызды жұмсақ күш құралы ретінде Holywood, McDonalds, NBA және Ағылшын тілін көрсетіп отыр. АҚШ өзінің ықпалын жүйелі түрде арттыру үшін жаһандану процесіне қолдау көрсету керек деген пікірді айтып отыр [4].
Қазіргі таңдағы ғылыми революция және технология жетістіктерімен қатар әлеуметтік сеттрдің
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
348
дамуы, медияның дамуы халықаралық қатынастар жүйесіндегі беделін өсіруге тырысып жатқан ғаламдық немесе аймақтық күштерге жұмсақ күш стратегиясын жасауға мүмкіндік беріп отыр. Со- ндай ақ халықаралық ұйымдар, халықаралық құқықтың және ақпараттық технологияның дамуы халықаралық жүйедегі өзгерістерді бақылап отырған қоғамдық сананың қалыптасуына қызмет етіп отыр. Сондықтан халықаралық жүйенің бір актеріне ықпал ету үшін әскери және саяси қысымды қолдануға қарсы әлемдік пікір қалыптасып отыр. Мысалы, Ауғанстан мен Иракқа қарсы әскери ша- буылдардан кейін аталмыш мемлекеттерде тұрақсыздықтың артуы, демократиялық жүйенің орнама- ды. Сондықтан қазіргі таңда Иран және Сирия кризистерін шешу үшін әскери күш емес жұмсақ күш қолдану қажет деген пікір қалыптасып отыр. Дегенмен әскери күштің маңызы өз орнын сақтап қала беретіні анық. Тек зеттеушінің пікірінше халықаралық жүйенің тұрақтылығын сақтау үшін саяси және әскери күштің де мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан әлемдік саяси жүйенің табысты жұмыс істеуі үшін міндетті түрде жұмсақ күш те қолданылуы тиіс. Жұмсақ күш қолдану барысында ең көп азаматтық дипломатия қолданылады. Яғни, ықпалдастыққа түсетін мемлекеттердің азаматтық ұйымдарының, білім, мәдениеи саласында байланыстарды арттырып отырады.
Қырғи қабақ соғысы жылдары бойынша Түркия НАТО ға мүше болып, ЕО мемлекеттерімен саяси экономикалық және қауіпсіздік қатынастарды дамыту стратегиясына басты назар аударды. Бұл стра- тегия Түркияның өзі орналасқан географиялық мекеннен оқшаулануына себеп болды. Қырғи қабақ соғыс аяқталып, екі полярлы халықаралық саяси жүйе жойылғаннан кейін Түркиядағы сыртқы сая- сат түсінігі өзгере бастады. Халықаралық жүйедегі өзгеріс Түркияға Орта Шығыс, Орта Азия, Бал- кан түбегі және Кавказ аймағы халықтарымен қайта байланыс орнатуға және ұлттық мүддесін қайта белгілеуге мүмкіндік берді. Өйткені КСРО секілді ғаламдық бір мемлекеттің тарих бетінен жойы- луы, Қаратеңіз, Кавказ және Орта Азия аймақтарында геосаяси ваккумның пайда болуына алып кел- ді. Бұл жағдай белгілі бір дәрежеде әскери, саяси және экономикалық күшке ие Түркияға аймақтық державаға айналу мүмкіндігін беріп отыр. Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін Түркияның гео- саяси маңызы азайады деген пікір тараған болатын. Бірақ АҚШ пен ЕО тың жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттермен Түркия арқылы байланыс орнатуға тырысуы Түркияның маңызын арттырды. Себе- бі Түркия Орта Шығыс, Балкан және Оңтүстік Кавказ мемлекеттері халықтарымен тарихи, мәдени, әлеуметтік психологиялық байланыстары бар[5, 33-55]. АҚШ және ЕО мемлекеттері жоғарыда аталған аймақтарда өз мүдделерін қорғау және саяси ұпай жинау үшін Түркияны пайдалануға тырысып отыр.
Бұған Түркияның көп векторлық сыртқы саясат таңдауы да себеп болды. Яғни, Түркия Қырғи қабақ соғыстан кейін Балкан, Қаратеңіз, Кавказ аймақтарындағы геосаяси вакумды толтыруға тырысты.
Бұл үшін АҚШ пен Еуроодақтың өзіне көрсеткен саяси және экономикалық қолдауын мүмкіндігінше ұтымды пайдалануға тырысты. ЕО мүшелігінен бас тартпаса да, көрші мемлекеттермен қатынастарын арттырып аймақтағы лидерлік рөлін өзіне сыртқы саяси мақсаты етіп қойды [6, 195-217].
Айта кететін жәйт, 1990 жылдардың басындағы Түркияның экономикалық проблемаларымен қоса, күрд проблемасының шешілмеуі, жеткілікті әлеуеті болғанына қарамастан Түркияға аймақтық лидер болу мүмкіндігін қолдана алмауына себеп болған болатын.
Ал, 2000 жылдардың басында Түркия үкіметінің Күрт жұмысшы партиясына қарсы әскери опе- рациялары белгілі бір дәрежеде табысты болды. 11 қыркүйек оқиғасынан кейін Ауғанстан және Иракқа жасалған әскери операциялар АҚШ және ЕО үшін Түркияның аймақтағы маңызын арттырды.
В.Путин президент болып сайланғаннан кейін Ресейді қайтадан ғаламдық күшке жеткізу мақсатында Еуразияшылдықты алдыңғы орынға шығарған сыртқы саяси стратегияға көшті [7] Путин үкіметі Ре- сей бұрынғы ықпалын бүкіл Еуразия аймағында қайта жандандыруға тырысты. Халықаралық саяси жүйедегі бұл өзгерістер Түркияны сыртқы саяси стратегиясын қайта құруға итермеледі. Сонымен қатар, ЕО ұйымы Түркияның аталмыш ұйымға мүшелігін белгісіз мерзімге ұзартты. Бұл жағдайлар 2002 жылы билікке келген ӘДП үкіметінің, көршілермен ықпалдастыққа түсу және аймақтық лидер болу саясатына жаңа қарқынмен кірісуіне себеп болды.
Ахмет Давутоглу бастаған Түркия сыртқы саясат ұсталары Орта Шығыс пен Қара Теңіз аймағының тоғысқан жерінде орналасқан Түркияны аталмыш аймақтағы саяси процестерге ықпал ете алатын аймақтық күшке айналдыруға [8] тырысып отыр. Түркияның қазіргі сыртқы саясат стратегиясы «Арап көктемі» оқиғаларынан кейін Таяу Шығы аймағында өз жемісін азайтса да, Кавказ аймағында сәтті жүзеге асып жатқандығын атап өту қажет. Аталмыш стратегияның ең маңызды ерекшелігі азаматтық дипломатияға арқа сүйеген жұмсақ күш түсінігін қолдану арқылы жүзеге асырып жатыр. Себебі түрік сыртқы саясат стратегия мамандары аталмыш аймақтарда әскери және экономикалық жағынан АҚШ және Ресеймен бәсекелесе алмайтындықтарын түсінеді. Сондай ақ, классикалық сыртқы саясат стратегиясының қазіргі таңда қажетті дәрежеде пайдалы бола алмайтынын түсініп отыр. Сондықтан жұмсақ күш стратегиясы арқылы аталмыш аймақтарда өз ықпалын арттырып, аймақтық лидер болу
№ 1 (92) 2013
349
мақсатын жүзеге асыруға тырысып бағуда. «Арап көктемі» оқиғаларында Тунис, Ливия, Сирия сияқты авторитарлы билік орнаған мемлекеттеде билікке қарсы шыққан күштердің Түркиядан қолдау күткенін [9, 33-55] ескерсек жұмсақ күш стратегиясының әсері жоғары болатындығын көреміз.
Қазіргі таңда Түркияның экономикалық әл-ауқаты артып жатыр. Кавказ және Орта Азия аймағында түрік телесериалдарының танымалдылығы және үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі, Баку-Ти- билиси-Жейхан, Баку-Тибилиси-Ерзурум, және Наббуко жобаларын есепке алатын болсақ Түркияның Оңтүстік Кавказ аймағындағы жұмсақ күшінің уақыт өткен сайын артып отырғандығын байқауға бо- лады. ТИКА ұйымы және Юнус Эмре атындағы мәдени ұйымдар Түркияның жұмсақ күш стратегия- сын жүзеге асыру барысында маңызды қызмет атқарып келеді. Аталмыш ұйымдар түрік тілін үйретіп, мәдениетін насихаттап, ғылыми семинарларды, бағдарлмаларды жүзеге асырып жатыр. Бір сөзбен айтқанда Түркияның әл ауқаты мен әлеуетін насихаттаумен және түркияны халықарасында таныту- мен айналысып келеді.
Түркия аймақтық лидер болу үшін жасаған сыртқы саясат ұстанымында ежелден қалыптасқан тарихи, мәдени байлаыстары бар Оңтүстік Кавказия мемлекеттері маңызды болып табылады.
Көпполярлы және «көршілермен нөл проблема» саяси стратегиясының басты бағытының бірі Оңтүстүстік Кавказ аймағы болып есептеледі. Сондықтан түрік сыртқы саясат стратегиясының ең басты бағыттарының бірі Кавказ аймағы. Аймақтағы орналасқан үш мемлекеттің ішінде Әзірбайжан мен Грузия күн өткен сайын транспорт, энергетика салаларында Түркиямен жақсы қатынастар ор- натты. КСРО тарағанан кейін Түркия Кавказ аймағын Каспий теңізі мен Еуразияның бүтүніне ашы- латын «есік» ретінде көріп отыр. Бұл ретте түрік саясаты мен Батыс әлемінің саяси мүддесі тоғысты [10]. Әзірайжанмен Түркия қатынастары дамып, өз кезегінде Әзірбайжан да халықаралық аренада Түркиядан саяси, экономикалық қолдау көріп жатыр [11, 23-43]. Әзірбайжанның шикізаттары Түркия мен ЕО мемлекеттерінің эненргетикалық қажетілігін толтыруға үлесін қосып жатыр. Ресей тарапы- нан қысым көргеніне қарамастан Әзірбайжанның Түркиямен қатынастарын дамытуына азаматтық дипломатияның әсері бар.
Түркияның Грузияға қатысты жұмсақ күш стратегиясы аталмыш мемлекеттің Әзірбайжан Түркияның аймақтық одағына жақын позиция ұстанымына әсер етті. Сондай ақ Түркия Грузияның са- яси біртұтастығына, батыс нарығына шығуға қолдау көрсетіп отыр. Грузия экономикасына тікелей не- месе Әзірбайжан арқылы инвестиция салып отыр. Әзірбайжанды да Грузиямен жақсы қарым қатынас құруға итермелеуде. Ресей өз кезегінде Абхазия және Оңтүстік Осетия сияқты Грузиядан бөлінгісі ке- летін мемлекеттер мен этникалық топтарды қолдап, аймақтағы саяси тұрақсыздықты қолдану арқылы саяси мүддесін қорғап отыр.
Түрік үкіметі тарапынан құрылған ТИКА ұйымы Грузия мен Әзірбайжанда білім, ғылым, тран- спорт, денсаулық сияқты халық өмірімен тікелей байланысты салаларда қызмет көрсетуі Түркияның имиджін көтеріп отыр. Түрік телесериалдары мен фильмдері және мәдени іс шаралары Түркияның танымалдылығын арттырып отыр.
Түркияның Кавказ аймағындағы азаматтық дипломатияға сүйенген жұмсақ күш стратегиясы Ар- мениямен қарым қатынасында жүзеге аспай жатыр. Себебі Армения Түркиядан жер талап етіп отыр.
Армения үкіметі бұл талапты Конституция арқылы заңға негіздеді. Сонымен қатар, 1915 жылғы «ар- миян геноциді» мәселесін халықаралық дәрежеде танытуға тырысып бауда. КСРО кезінде Әзірбайжан құрамында болған Таулы Карабах аймағы мәселесі де шешілмей отыр. Жоғарыда атап өткен проблема- лар Түркия мен Армения қарым қатынасын қысқа уақытта түзелуі қиын дәрежеде ушықтырып жібер- ді. Дегенмен Түркия тарапы 2009 жылы Армениямен қарым қатынастарды түзету үшін қадам жасады.
Түркияның бұл ұстанымына Әзірбайжан қарсы болды. Армения да «армиян геноциді» мәселесіне негізделген сыртқы саясат ұстанымынан бас тартпады. Бұл жағдайлар Түркияның 2009 жылғы баста- масынан «уақытша» бас тартуға себеп болды [12].
Армения мен Түркия арасындағы мәселелер шешілмей отыр. Таулы Карабах мәселесінде де алға жылжу көрінбейді. 2008 жылғы Ресей Грузия соғысы және «Арап көктемі» оқиғалары Түркияның Кавказия саясатындағы қарқынын біршама азайтты. Бірақ бұл оқиғалар Түркияның аймақтағы лидер болу саясатынан бас тартады деген мағынаға келмейді. Түркияның аймақтағы белсенділігін Батыс әлемі де қолдап отыр. Себебі аймақтағы энергетика құбырларының Ресейдің бақылауына өтіп кету қаупі бар. Грузия мен Әзірбайжан үшін де көп векторлы саясат ұстануға мүмкіндік туып отыр.
Қорыта айтқанда, Ресейдің аймақтағы саяси ұстанымы әскери және саяси-экономикалық қысымды негізге алып отыр. Ал, Еуроодақ пен АҚШ географиялық және тарихи, мәдени тұрғыдан аймаққа өте ұзақ орналасқан. Иран алпауып күштер тарапынан халықаралық жүйеден шеттетіліп отыр. Бұл жағдай жұмсақ күш стратегиясын негізге алған Түркияның аймақтық лидер болу үшін жолын ашып отыр.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
350 ӘДЕБИЕТТЕР
1. Nye, Jozep S. Bound to Lead: The Changing Nature of American Power. -New York, 1990.
2. Nye, Jozep S. Yumşak Güç, -Ankara 2005.
3. Nye, Jozep S. Bound to Lead: The Changing Nature of American Power. -New York, 1990 4. Nye, Jozep S., Welch, David A., Küresel Çatışmayı ve İşbirliğini Anlamak, İstanbul, 2011.
5. Mehmet Seyfettin Erol, 11 Eylül Sonrası Türk Dış Politikasında Viziyon Arayışı ve Dost Tarz-ı Siyaset, C.1, Sayı 1, Kış 2007.
6. Koçer, Gökhan, Karadeniz’in Güvenliği: Uluslararası Yapılanma ve Türkiye, Gazi, Akademik Bakış, C.1, Sayı 1.
2007.
7. Aleksand Dugin, Rus Jeopolitiği: Avrasyacı Yaklaşım, -İstanbul: Küre Yayınları, 2010.
8. Ahmet Davutoğlu, Stratejik Derinlik. -İstanbul, 2009.
9. Kemal Kirisci. Turkeys Demonstrative Effect and the Transformation of the Middle East. Insight Turkey. Vol. 13.
№2. 2011.
10. Сengiz Candar, Çok Kutuplu Dünya İçin Yeni Bir Vizyon, SETA Analiz, Sayı 16, 2010
11. Reha Yılmaz, Türkiye Azerbayca İlişkilerinde Son Dönem, Bilge Strateji, C.2. Sayı 2. -Bahar 2010.
12. Fatih Özbay, Türkiye-Ermenistan İlişkileri. BİLGESAM. Rapor №.25. Ocak, 2011.
Редакцияға 24.10.2012 қабылданды.
Г.М. АХМЕТОВА, Т.Ж. КУТЕБАЕВ
ПРИМЕНЕНИЕ ЭЛЕКТРОННОГО УЧЕБНИКА ПО АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ ДЛЯ РЕЗИДЕНТОВ ПОСЛЕВУЗОВСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ
В АО «МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ АСТАНА»
Nowadays the use of computer innovative technologies and E-books is very actual and effective during the English language instruction. The use of e-book “Professional English in Medicine” gives many advantages as intellectual activity stimulation and motivation, the development of learning and self-study skills in the educational process. It also economizes time of students and teachers.
Основными моделями медицинского образования, по которым в настоящее время в мире ведется подготовка специалистов с медицинским образованием, являются англосаксонская и германская.
Медицинское образование в соответствии с англосаксонской моделью, широко представленной в США, Канаде, Англии, состоит из четырех циклов: общего домедицинского высшего образования, общего медицинского, последипломного образования и дальнейшего образования, то есть повышения квалификации [1].
Обязательным условием допуска к самостоятельной практике является резидентура с продолжи- тельностью в США и Канаде от трех до пяти лет, в Англии - один-шесть лет в зависимости от специ- ализации.
По окончании резидентуры врачи продолжают образование и периодически повышают свою ква- лификацию.
Во всем мире развитие экономики, становление рыночных отношений предполагает изменение политики государства в области образования. При этом система подготовки кадров в лидирующих странах строится не только на сегодняшних потребностях общества, государства и личности, но имеет так называемое опережающее развитие [2].
Признанная мировым сообществом, как государство с рыночной экономикой, наша республика предпринимает меры по модернизации
национальной системы образования с целью приближения ее к потребностям развития экономики.
Утвержденная Указом Президента Государственная программа развития образования в Республике Казахстан на 2005-2010 годы определяет стратегию, основные направления, приоритеты, задачи и механизмы реализации государственной политики в области образования.
В соответствии с Государственной программой реформирования и развития здравоохранения Ре- спублики Казахстан на 2005-2010 годы предстоит провести серьезную реформу и медицинского об- разования [3].
На сегодняшний день послевузовское образование в Казахстане является высшим уровнем систе-