1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. Л.Н. ГУМИЛЕВА
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ФАКУЛЬТЕТ СОЦИАЛЬНЫХ НАУК
«ПРОФЕССОР С. М. ЖАҚЫПОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ» АТТЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ
МАТЕРИАЛЫ
РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «ПРОФЕССОР С. М. ДЖАКУПОВ И РАЗВИТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ НАУКИ В КАЗАХСТАНЕ»
28 апреля 2015 года
АСТАНА - 2015
2 УДК 159.9 (091) (574)
Редакционная коллегия Шалгынбаева К.К. – доктор педагогических наук, профессор Ерментаева А.Р. – доктор психологических наук, профессор Бекова Ж.К. – кандидат психологических наук, доцент Мандыкаева А.Р. - кандидат психологических наук, доцент Байсарина С.С. - кандидат педагогических наук, доцент
«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»: Сб. статей Республиканской научно – теоретической конференции ( г.Астана 28 апреля 2015г.)
– Астана: ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2015. – 219 с.
ISBN 978-601-7429-81-2
В настоящий сборник включены материалы Республиканской научно – теоретической конференции«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»
(г.Астана 28 апреля 2015г.). – 243 стр.
Материалы предназначены для молодых ученых, преподавателей, студентов, магистрантов, докторантов.
ISBN 978-601-7429-81-2
© ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, 2015
197
Басқа адамдармен қарым - қатынас жасау арқылы жалпы адамзат тәжірибесі, әлеуметтік нормалар, құндылықтар, білім мен қызмет тәсілдері игеріледі және тұлға қалыптасады. Аддикт өзін бұл процесстерден бөліп, өзінің өмірлік тәжірибесін байытуды тоқтатып сонымен, бірге қарым -қатынас жасаудың маңызды функцияларын бұзады.
Аддиктің басқа адамдармен бірге қызмет ету процессінде өзара қиындықтар туындайды.
Аддиктивті ерекшеліктері бар адам өзін - өзі тану, өзіне деген сенімділігін нығайту мен дәлелдеу қажеттілігін адамдармен қарым - қатынас жасауда емес ең алдымен аддиктивті агенттермен контактіде жүзеге асырады. Аддиктер туралы, олар өзінің тіршілігінде және өзінің құнды екендігін нық орнықтыруға тырысып басқа адамдардан сүйеніш іздейді деп айтуға болмайды. Сүйеніш іздеу аддиктивті жүзеге асудың шегінен аспайды. Қарым - қатынас жасаудағы дисфункционалды процесстермен қатар, тұлға аралық перцепцияның идентификация, эмпатия, рефлексия сияқты маңызды механизмдері бұзылады, өзгертіледі және құндылығын жоғалтады. Сондықтан да, өзін әріптесінің орнына қойып, бірге уайымдап, сені айналаңдағылар қалай қабылдайды деп ойлау қабілетін жоғалтады.
Қолданылған әдебиет
1. Бабаева Ю.Д., Войскунский А.Е., Смыслова О.В. Интернет: воздействие на личность //
Гуманитарные исследования в Интернете / Под ред. А.Е. Войскунского. – М.,
“Можайс
Терра”, 2000, с. 11-40
2.Бабаева ЮМ., Войскунский А.Е. Одаренный ребенок за компьютером.М.,2003
3. Войскунский А.Е. Психологические исследования феномена Интернет-аддикции //
Тезисы докладов 2-й Российской конференции по экологической психологии. М.:
Экопсицентр РОСС. 2000 С. 251-253.
ТҰЛҒАНЫҢ ӨМІРЛІК ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ҰЖЫМДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК СТАТУСТЫҢ ӘСЕР ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тусупова Дидар Тлеутайқызы
2 курса магистранты, 6М050300 «Психология» мамандығы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана, Казахстан.
Ғылыми жетекші - Г. Карибаева
Адам өзінің өмірінің жартысынан көбін жұмыс орнында, ұжымда өткізеді. Сондықтан адамның өмірлік іс-әрекетінде ұжымдағы психологиялық ахуал мен әлеуметтік статустың алатын орны маңызды. Психологиялық ахуал – бұл адамның ұжымға психологиялық икемделу және осы ұжымның әлеуметтік-экономикалық және психологиялық факторлардың тұлғаға әсер ету ерекшеліктері. Психологиялық ахуал – бұл топтағы тұлғаның жан-жақты дамуы мен психологиялық жағдайының ерекшеліктерінен және біріккен жемісті іс-әрекеттің қолайлы немесе қолайсыз жақтарынан көрінеді. Жағымды психологиялық ахуалдың негізгі белгілері: топ мүшелерінің бір-біріне деген сенімділігі мен жоғары талаптылығы, тілектестік және іскерлік сын; ұжымға қатысты сұрақтарды талқылау барысында өз ойларын еркін айту, топта басшылар өз қоластында жұмыс істейтіндерге қысым көрсетпей, олар үшін маңызды шешімдерді қабылдау құқығы, ұжым мүшелерінің өз жұмыстары мен міндеттері жөнінде толық мәліметтенуі, ұжым мүшелерінің біреуінде фрустрациялық пен жоғары деңгейдегі эмоцияналды күй жағдайында өзара көмек көрсету, әр топ мүшелерінің жұмыс жағдайына жауапкершілігі.
Сондықтан, психологиялық ахуал жалпы алғанда топтың даму деңгейіне байланысты болады. Даму ұжымының арасында психологиялық ахуал мен біріккен нәтижелі іс-әрекет орнатылса, оның әр мүшесінің арасында жағымды байланыс болады. Ұжым оңтайлы басқару іс-әрекетінде психологиялық ахуалда басшылықтан арнайы білім мен іскерлікті
198
талап етеді. Басшылық кадрларды арнайы сапалы ғылыми негізде таңдайды, оқытады және аралық аттестациядан өткізеді, ұжым мүшелерінде өзара түсінік пен арақатынас дағдысының пайда болуы әлеуметтік психологиялық әдістерді қолдану; Психологиялық ахуал басқару стилі мен басқару мәдениетіне байланысты болып келеді. Көбіне психологиялық мәнін келесі психологиялық құбылыстарға әкеледі: ұжымның саналы күйі, адамның ерекше арақатынасының көрінісі, топтың эмоциялы психологиялық дайын болуы, топтың хал-жағдайы, топ мүшелерінің психологиялық бірлігі, топтағы, ұжымдағы және т.б. арақатынастар. Мақсатты түрде психологиялық ахуалдың ішіндегі негізгі фокторлары адамдар қарым-қатынасы мен біріккен іс-әрекет жағдайын атайды. Сонымен қатар психологиялық ахуал – бұл осы топ адамның жүйелік нормасы, дәстүрі және білімінің артықшылығы. Ахуал топ мүшесі мен ұжымның бір-біріне тәуелділігімен көрсетеді (әлеуметтік байланыс), сонымен қатар адамның бірлесе отырып функциялар мен тапсырмаларды орындау тәуелділігі көрінеді (тапсырма байланысы). Тұлғалық эквивалент икемділігі – жұмысшылардың профессионалды ұжымының әр түрлі өмірлік іс-әрекет факторларына қанағаттануы. Зерттеудің нәтижесінде қызметкердің психологиялық күйі мен еңбек уәждемесіне және қызметтік іс-әрекет тиімділігіне психологиялық ахуалдың әсер ететіндігі анықталады [1]. Сонымен қатар, қоғамдағы әрбір адам алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы, отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына. Әр бір топтағы адамның белгілі бір орны, көзқарасы, бағыты болады, яғни белгілі бір талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды. Басқаша айтқанда, оны әлеуметтік статус деп айтамыз.
Әлеуметтік статус дегеніміз – қоғамдағы адамдардың белгілі бір қызмет атқарған жағдайда белгілі тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз.
Жалпы, әлеуметтанушылар статустардың екі түрін бөліп көрсетеді. Біреуі – қоғамнан берілген (предписание), екіншісі адамның өз еңбегінің нәтижесінде қол жеткізген (пробретенный) статус. Қоғамнан берілген статус – тұлғаның этникалық шығу тегімен, туған жерімен, отбасымен байланысты. Еңбегі арқылы қол жеткізген статус адамның қажырлы еңбек етуіне байланысты. Мысалы, жазушы, ғалым, директор. Статсутың табиғи деген түрі болады. Тұлғаның табиғи статусы адамның мәнді, тұрақты сипатты белгілеріне байланысты (ер адам, әйел, бала, жасөспірім, қарт). Көбінесе, қызметіне (лауазым) байланысты статус – тұлғаның базистік (яғни, негізгі) статусы болып есептеледі. Ол ересек адамның интегралдық статусының негізі болады. Бұл статусқа адамның әлеуметтік, экономикалық, өндірістік салаларда қызметі, орны (мысалы, дәрігер, инженер, мұғалім, банкир) жатады [2]. Ал «психологиялық ахуал» терминін әлеуметтік психологияға алғаш болып И.С.Мансуров қолданды, ол өндірістік ұжымды зерттеді. Оның ойынша, психологиялық ахуал – бұл ұжым мүшелерінің психологиялық арақатынас негізінде пайда болған жақындық, симпатия, мінездерінің, қызығушылығы, бейімділігінің бірдей болуының эмоциялық бояуы деп санайды. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынас үш ахуалдық аймақтан тұрады деп санайды. Бірінші ахуал аймағы – бұл ұжымда қаншалықты қоғамдық мәселелер мен сапалы мақсаттарды және барлық конституциялық құқық пен жұмыскерлердің азамат ретіндегіміндетінің сақталуын анықтайтын әлеуметтік ахуал. Екінші ахуалдық аймақ – бұл ұжымдағы қандай моралдық құндылықтар ескерілуімен анықталатын моралдық ахуал.Үшінші ахуалдық аймақ – бұл психологиялық ахуал бір-бірімен тікелей қатынастағы жұмыскерлер арасындағы қалыптасқан бейресми қарым-қатынастар [1]. Ресей психологиясында психологиялық ахуалдың төрт негізгі тәсілдемесін атап көрсетті. Бірінші тәсілдеме (Л.П.Буева, Е.С.Кузьмин, И.Н.Обозов, К.К.Платонов, А.К.Уледов) ахуал қоғамдық-психологиялық феноминдер ұжымдық сананың күйі ретінде қарастырады. Әлеуметтік-психологиялық ахуал астарында шағын топтың әлеуметтік-психологиянық күйі, ұйым мүшелерінің шынайы психологиялық бағыттылығы мен мазмұны бейнелеуі деп санайды Е.С.Кузьмин. Екінші тәсілдеме жақтаушылары (А.А.Русалинова, А.Н.Лутанкин) әлеуметтік-психологиялық ахуал сипатының мәні жалпы эмоционалды-психологиялық күйі болып табылады деп атап
199
көрсетті. Үшінші тәсілдеме авторлары (В.М.Шепель, В.А.Покровский, Д.Б.Парыгин) әлеуметтік-психологиялық ахуал бір-бірімен тікелей қатынастағы адамдардың арақатынасы стилі арқылы талқылайды. Қалыптастыру процесінде тұлға аралық қарым- қатынас, топтың ір мүшесінің әлеуметтік және психологиялық хал-жағдайы анықталады.
Төртінші тәсілдеме құрушылары (В.В.Косолапов, А.Н.Щербань, Л.Н.Коган) топ мүшелерінің әлеуметтік және психологияллық үйлесімділігі, олардың моралдық бірлігі, ынтымақтастығы, бір ойлылығы, салт-дәстүрі терминінде ахуалды анықтайды.
Әлеуметтік-психологиялық ахуал дегеніміз — адамдардың бір-біріне деген әсерінің, біргеліктегі қызметінің нәтижесі. Ол ұжымның ортақ пікірінен, көңіл-күйінен, жеке адамдардың хал-ахуалынан, сондай-ақ өмірлік жағдайынан, жеке адамдардың еңбек белсенділігінен байқалады. Әлеуметтік-психологиялық ахуалға адам статусының қалыптасуы тікелей байланысты. Қазіргі кездегі психологтар адамдардың өздерін қабылдауда статус айтарлықтай орын алатынын көрсетеді.
Жоғары статусты иеленген адам өзіне салмақты және айтарлықтай жақсы қарым- қатынасқа ие болады немесе жұмысты басқарушылық қабілеті барын көрсетеді.
«Статустық қажеттілікті» қанағаттандыру деңгейі өзін-өзі сыйлау сезімімен айырықшаланады, басқа да маңызды тобына тиесілі сезімі мен әлеуметтік мойындау тұлға үшін маңызды. Жалпыға мәлім, психологиялық ахуалдың мазмұнды болуы әдетте ұжым мүшесінің көңіл-күйіне (хал-ахуалына, қанағаттану деңгейіне, психологиялық жабдықтауға) және статусына байланысты, әрбір жеке адамның көңіл-күйі еңбекке деген ықыласына, айналасындағы адамдарға, олардың қатынастарына, жалпы өзара қарым- қатынасқа әсер етеді де ұжымда әлеуметтік-психологиялық ахуал пайда болады.
Әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде статустық «баспалдақпен» өрлеу жылдамдығы ақырындаса, тіпті тоқтап қалса, адам жабырқайтынын көрсеткен. Адамдарда жоғары ұмтылыс пен үлкен үміт болған кезде фрустрация күшті болады. «Иерархиялық қозғалыс байынша статус төмен түсетін бағытта болғанда ең қарқынды фрустрацияны бастан кешеді. Жоғары лауазымнан айырылған адамдар депривация анығырақ және фрустрация тереңірек болады, сондықтан осындай адамдардың «төмендеу» интервалы ұзағырақ болады, депривация анығырақ және фрустрациялық жағдайы тереңірек болды». [4. 79б.].
Осындай жағдайда адам өзінің жаңа жағдайынан өз бетімен әрдайым конструктивті жол таба алмайды, сондықтанда олар психологиялық көмекке мұқтаж болады.
Психологиялық ахуалдың жақсы болуы ең алдымен ұжымның белгілі бір бағыттылығы мен оның табысына байланысты. Мақсаттары айқын болса ұжымның бірлігі мықты болмақ. Жалпы ұжым ахуалына психикалық процестердің ерекшеліктері (ой, сезім және ерік), сондай-ақ ұжым мүшелерінің мінез-құлқы мен темпераменті әсер етеді. Адам бойындағы терең ақыл-ой, тапқырлық, жасампаздық ұжымды өзіне тартып, еңбек өнімділігінің артуына, жалпы ұжым мүшелерінің психикасына ықпал жасайды [3].
Ахуалды зерттегенде оның екі деңгейін қарастыру қажет. Бірінші деңгейі – статистикалық. Бұл ұжым мүшесінің тұрақты қарым-қатынасы, олардың жұмысына, әріптестерінің еңбегіне деген ынтасы. Бұл деңгейде әлеуметтік-психологиялық ахуал түсінігі нық, қалыптасқан ұйым кездескен қиындықтарға қарамастан ұзақ уақыт бойы едәуір тұрақты жағдайы мен өзінің болмысын сақтап қалады. Екінші деңгейі динамикалық, өзгермелі, толқымалы. Бұл қызметкерлердің күделікті жұмыс процесіндегі икемделуі және психологиялық көңіл-күйі. Бұл деңгей «психологиялық атмосфера»
түсінігімен суреттеледі. Психологиялық ахуалдан айырмашылығы психологиялық атмосфераның айырмашылығы бұнда өзгерістер қысқа мерзімді және адамдар тез ұмытып кетеді. Психологиялық атмосферадағы өзгеріс тұлғаның еңбекке қабілеттілігіне және көңіл-күйге жұмыс күні бойы әсер етеді [5]. Жеке тұлғаның көңіл-күйі, еңбек қабілеті, керек десеңіз, өмір сүру қабілеті ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалға байланысты болады. Тұлғаның көңілді ортаға тап болса, бұған дейінгі көңілсіздік жағдайы ұмытып, жаңа ортаға қосылып кетеді. Немесе, керісінше, көңілді адам өздерінен өздері тырысып-бүрісіп отырғандардың арасына түссе, оның да көңілі пәс тартады.
200
Әлеуметтік-психологиялық ахуал жеке тұлғаға ұжым мүшелерінің өзара қарым- қатынасы арқылы ықпал етеді. Жолдастық, өзара көмек, бірін-бірі сыйлау орын алған жерде адам өз ісіне ғана емес, бірлескен еңбекке деген қанағат сезімін байқап, еңбектес жолдастарын көргенде қуанышқа бөленеді. Ал ұжымда формалдылық, салғырттық, бірін- бірі жеккөрушілік орын алса, онда керісінше, тұлға эмоциялық зардап шегеді, өзара қатынастағы адамға тек ыстық ілтифатты аңсап, шеттеп қалады. Ашық немесе астыртын қақтығыстар тұсында онан да жаман күй кешеді. Әлеуметтік-психологиялық ахуал мұндай болған жағдайда тұлға ұжымға деген ықыласын жояды. Бұл оның еңбекке деген құлқынын төмендеуіне әкеп соғады.
Ұжымдарда әлеуметтік-психологиялық ахуал жеке адамдар арасындағы қарым- қатынастардан туындайды. Сондықтан да бүкіл ұжым мен басшы әрбір жеке тұлғаға құрметпен қараса, әлеуметтік-психологиялық ахуал да ойдағыдай болады. Қанша дегенмен әрбір адам өзгелердің өзін тануын, құрметпен қарауын қалайды. Ұжымда да сол сияқты жағдай дәл осындай болғанда ғана ол қуаныш пен бақытқа кенеледі [6]. Сонымен қатар, тұлғаның өмірлік іс-әрекетіне ұжымдағы психологиялық ахуалмен қатар әлеуметтік статус та өз әсерін тигізеді. Әлеуметтік статус адамның дамуына тікелей әсер етеді.
Тұлғаның әлеуметтік статусының өзгеруімен бірге қоғамдағы және оның шынайы өмірдегі түсінігі де өзгереді. Қайта ойлау, өзіндік Мен мазмұнын қайта бағалау нәтижесінде жаңа әлеуметтік рөлмен сәйкестендіру, әлемге деген көзқарасын қайта ойлау, санадағы «әлемнің картинасы» қалыптастыруға әкеледі [7].
Қазіргі кездегі әлеуметтанушылар көрсетуі бойынша қазіргі адамдар өздерінің жағдайын екі индекстің көмегі бойынша бағалайды:
- «Статустық-престиждік сәйкестілік индексі», яғни тұлға өзінің әлеуметтік статусын және өзінің әлеуметтік престижін заманауи қоғам континиумінде бағалайды;
- «өмірлік қамтамасыз етілген жағдай индексі» бұл тұлғаның осы жағдайға қанағаттануы және болашағына сенімділігі. Американдық психологтар көрсеткендей, жоғары статус өзін-өзі сыйлау және өзі туралы жағымды ойлау, өмірге қанағаттануы, психикалық және физикалық денсаулыққа байланысты проблемаларын ниверилеу (жою).
Әлеуметтік статусты жоғалтқанда белгісіздік жағдайы, өмірлік іс-әрекетіндегі болжамдардың сенімсіздігі, күнделікті өмір іс-әрекетіндегі дағдыланған жағдайдың бұзылуы, жағдайлық және тұлғалық мазасыздану деңгейін көтереді. Қазіргі кездегі психологтар өмірлік жағдайдағы компоненттер деформацияға көбірек ұшыраса, соның салдарынын жоғары әлеуметтік статусты жоғалту қаупі төнеді және ол нақты бір адамның тұлғасына маңыздырақ болса, осындай жағдайда жоғалту дағдарысы ауырлау болады деп санайды [8]. Дағдарыс жағдайынан шығуда айтарлықтай рөл атқаратын жетістік мотивациясы. Жоғары жетістік мотивациясы қоғамдық иерархиялық қозғалыста жоғары әлеуметтік мобилділікке әкеледі. Жетістік мотивациясы іскерлік белсенділігінің негізгі, қоғамдағы экономикалық дамудың қозғаушы көзі болып табылады. Зерттеушілер адамнан жетістік мотивациясының табысты және сәтсіздік мотивациясын қашатын екі әртүрлі бағыттағы тенденциялар бар екенін анықтады [9].
Қолданылған әдебиет
1. Платонов Ю.П. Психология конфликтного поведения. – СПБ.: Речь-2009.
2. Ануфриева Е.А. Социальный статус и активность личности. М.: Изд-во МГУ 1984. 286 с.
3. Егоршин А.П. Управление персоналом: учебник для вузов/А.П.Егоршин-3-е изд 4. Дэвис Ф. Личная власть. Минск: ООО «Попурри». 1997. 352с.
5. Бойко В.В., Ковалев А.Г., Панферов В.К. Социально-психологический климат коллектива
и личность.—М., 1993.—207 с.
6. Ядов В.А. Саморегуляция и прогнозирование социального прведения личности:
Диспозиционная концепция. Монография – М.: ЦСПиМ, 2013- 376 с.
201
7. Осницкий А.К., Чуйкова Т.С. Саморегуляция активности субъекта в ситуации потери работы//Вопросы психологии. 1999 №1. С. 92-104.
8. Турецкая Г.В. Страх успеха: психологическое исследование феномена//
психологический
журнал. 1998. №1. С. 37-47.
CЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ
Тұрманова Жаңагүл Егембердіқызы
Әлеуметтік психологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, ҚАЗГЗУ Астана қаласы, Қазақстан
Психология ғылымының көмегіне сүйенудің әрбір жеке тұлға үшін маңызы ерекше.
Себебі, адам белгілі бір қоғамның мүшесі бола отырып, өмірден өз орнын табуға, тіршілікті қадірлей білуге, оның мән-мағынасын терең тануға ұмтылады. Осы ұмтылыс маңайындағы оны қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынас орнатуға, соған сай мінез қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Сөйтіп, тұлға күрделі тұрмыстың түрлі жағдайларын басынан кешіре бастайды. Осы жерде сенім телефоны- психологиялық жәнеәлеуметтік маңызды қызметтердің бір түрі ретінде осындай мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Сондай ақ, кеңесші-маманмен анонимді телефонмен әңгіме жүргізу мүмкіндігін ұсынады. Сенім телефонының кәсіби әрекетінің эффективтілігі контент- талдам әдісінің көмегімен сараптамалық бағалаудың обьективтік көрсеткіштерімен анықталды. Осы тақырып сенім телефонындағы кеңес берушінің кәсіби және тұлғалық сапалары кеңес берудің сәтті әрекетінің нәтижесіне әсерін тигізетінін көрсетіледі.
Сенім телефонына араналған әдебиеттер шағын болғанымен, ол өзінің дамуы мен қалыптастыруын шектеген емес. Сенім телефонындағы кеңес берудегі проблемаларына назар аударып, өздерінің теориялық және практикалық ұсыныстарын жасағандар Ресейлік ғалымдар А.Г.Амбрумова, А.Н.Моховиков, А.Г.Повереннова, А.В.Скворцов, Т.В.Снегирева, М.Полеев, И.В.Чурилин т.б. болды. Батыс психологиясының өкілдері Алан Е., Айви Мэри Б., Линк Саймэн-Даунинг, Альфред Ваннессе болып табылады.
Олардың басты назары кеңес беру байланысына түскендер проблемалық ситуацияларының негізгі тәсілдері мен стратегияларын анықтаған, оны С.В.Хачутуряның жұмыстарында ерекше көрсетілген [1].
Жалпы сенім телефонындағы әдебиеттер абоненпен әрекет ету тәсілін талдауға, абоненттің проблемаларын қарауға, классификациялауға арналған. Дегенмен сенім телефонындағы «субьект - кеңес беруші», сенім телефонынның қызметкерінің қал жағдайы абоненттен де маңыздырақ. Абонентпен байланысты орната алуы және оның экзицитаналді кездесуі сенім телефоннындағы кеңес берушінің мамандық және тұлғалық сапасына тәуледі. Психолог-кеңес беруші адам өміріндегі түрлі өзгерістерді, ауыртпалықтарды, дағдарыстар мен стресс жағдайларын жеңуге көмектеседі, дұрыс шешім қабылдауға жетелейді.
Қазақстанда телефонмен кеңес берудің кейбір алғышарттарын ұсынғандар көп жағдайда қолдау көрсету орталықтарының мамандары мен ғылыми еңбектерін ұсынған оқытушы ғалымдар. Солардың ішінде, К.К.Базарбаева қарым-қатынас психологиясы бойынша арақашықтықта сөйлесу мәселелерін [2, 51б.], А.М.Айтышева, Қасымова Г.Е., Абдраманова Д.Е. Ауталипова У.И. және т.б. психологиялық кеңес берудің әдіснамалық мәселелерін ұсынып талқылағын [3].
Қазақстан «Сенім телефоны» қызметі мен оның тиімділігі даму жолында.
Қазақстанның Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету жүйесі, қазіргі таңда елімізде тұратын әр азаматқа әлеуметтік-психологиялық көмек беруді қолға алуда.
Мемлекетіміздің экономикасы мен әлеуметінің өзгермелілігі көптеген дағдарысты