• Tidak ada hasil yang ditemukan

УДК 37.02 ББК 74.00 И 63

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "УДК 37.02 ББК 74.00 И 63"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

(2)

И 63

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ/ РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ

Куанышбаев Сеитбек Бекенович, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, география ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі;

Жарлыгасов Женис Бахытбекович, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Зерттеулер, инновация және цифрландыру жөніндегі проректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;

Скударева Галина Николаевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Мәскеу облысындағы МОУ «Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университеті» ректорының м.а.; Ресей Федерациясының жалпы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ресей;

Бережнова Елена Викторовна, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мәскеу халықаралық мемлекеттік қатынастар институты, Ресей;

Ибраева Айман Елемановна, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ жетекшісі;

Онищенко Елена Анатольевна, «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесінің Қостанай қаласындағы филиалының директоры;

Демисенова Шнар Сапаровна, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі;

Утегенова Бибикуль Мазановна, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің педагогика және психология кафедрасының профессоры;

Смаглий Татьяна Ивановна, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің, педагогика ғылымдарының кандидаты; педагогика және психология кафедрасының қауым.профессоры;

Жетписбаева Айсылу Айратовна, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ы.Алтынсарин атындағы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.

И 63

«Инновация, білім, тәжірибе-білім беру жолының векторлары»: 2023 жылдың 17 ақпандағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. I Кітап. – Қостанай:

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, 2023. – 1081 б. = «Инновации, знания, опыт – векторы образовательных треков»: Материалы международной научно- практической конференции, 17 февраля 2023 года. I Книга. – Костанай: Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова, 2023. – 1081 с.

ISBN 978-601-356-244-5

Жинаққа «Инновация, білім, тәжірибе-білім беру жолының векторлары» атты Алтысарин оқулары халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары енгізілген.

Талқыланатын мәселелердің алуан түрлілігі мен кеңдігі мақала авторларына заманауи білім беруді жаңғырту мен дамытудың, осы үдерісте қазақ ағартушыларының педагогикалық мұрасын пайдаланудың жолдарын, мұғалімдерді даярлаудың тиімді технологиялары мен форматтарын әзірлеу мен енгізу мәселелерін, ақпараттық қоғамдағы білім беру кеңістігінің ерекшеліктерін айқындауға, сондай-ақ педагогтердің инновациялық қызметінің тәжірибесін жинақтауға, педагогикалық үдеріс субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдауға мүмкіндік берді.

Бұл жинақтың материалдары ғалымдарға, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларына, мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі тәрбиешілерге, педагог-психологтарға, магистранттар мен студенттерге қызықты болуы мүмкін.

В сборнике содержатся материалы Международной научно-практической конференции Алтынсаринские чтения «Инновации, знания, опыт – векторы образовательных треков». Многообразие и широта обсуждаемых проблем позволили авторам статей определить векторы модернизации и развития современного образования, использования в данном процессе педагогического наследия казахских просветителей, вопросов разработки и внедрения эффективных технологий и форматов подготовки учителей, специфики образовательного пространства в информационном обществе, а также обобщения опыта инновационной деятельности педагогов, психолого-педагогической поддержки субъектов педагогического процесса.

Материалы данного сборника могут быть интересны ученым, преподавателям вузов и колледжей, учителям школ и воспитателям дошкольных учреждений, педагогам-психологам, магистрантам и студентам.

УДК 37.02 ББК 74.00

© А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, 2023

© Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова, 2023

(3)

Ы.АЛТЫНСАРИН МЕН С.КУБЕЕВТІҢ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ БАҒЫТЫНДАҒЫ АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ СОЗВУЧИЕ ПРОСВЕТИТЕЛЬСКИХ ИДЕЙ Ы.АЛТЫНСАРИНА И С.КУБЕЕВА СОВРЕМЕННЫМ ТРЕНДАМ ОБРАЗОВАНИЯ

қарай мектептерді бағыттайды. Мысалы Маңғыстау ҿңірінде мҧнай ҿндірілгендіктен аталмыш мектеп жаратылыстану пҽндерінен терең білім береді.

Әдебиеттер тізімі:

1) Ш.М.Аманқҧлова, Л.А.Бердіғалиева, А.С.Мағзҧмова. Қазақстан тарихы. 8 сыныптарға арналған оқулық.

2019. Ыбырай Алтынсаринның халық ағарту саласындағы жаңашылдығы неден байқалды?. URL:

https://textbooks.nis.edu.kz/

2) Ибрай Алтынсарин // Ибрай Алтынсарин Портал «История Казахстана» – всѐ о Казахстане. URL:

https://e – history.kz/ru/prominent – figures/show/12626(дата обращения: 23.01.2023)

3) Ыбырай Алтынсарин. Ҿмірбаяны. URL: https://ibraj.allib.kz/?page_id=247&lang=kk (дата обращения:

25.01.2023)

4) Ибрай Алтынсарин – просветитель казахского народа // Ибрай Алтынсарин – просветитель казахского народа – Портал «История Казахстана» – всѐ о Казахстане. URL:https://e – history.kz/ru/news/show/3950 (дата обращения: 25.01.2023)

5) Аян Ҽден. Спандияр Кҿбеев ҧстаздық жолы. URL: https://e – history.kz/kz/news/show/28497 (дата обращения: 28.01.2023)

6) Ж.Исакаев. Cпандияр Кҿбеев шығармашылығы жҽне ҿмірі.(2015).

URL: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/26748/(дата обращения: 29.01.2023)

7) Педагогические идеи И.Алтынсарина в современном образовании. URL: http://collegy.ucoz.ru/publ/11 – 1 – 0 – 25041 (дата обращения: 29.01.2023)

ҼОЖ 37.013

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНЕ ҚАЛДЫРҒАН АСЫЛ МҦРАСЫ

Кушмурзина Даметкен Хажмухановна аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Ӛ.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институті А Байтұрсынов атындағы Қостанай ӛңірлік университеті Қостанай қаласы, Қазақстан Е – mail: [email protected] Аңдатпа

Бұл мақалада Ы.Алтынсариннің қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі және болашақ ұрпақтың ақыл – ойы мен жеке тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік, эстетикалық еңбек дағдылары мен қасиетін тәрбиелеудің негізі қарастырылады.

Түйінді сөздер: балалар әдебиеті, тәрбие, білім, адамгершілік, еңбек.

Аннотация

В данной статье рассматривается вклад И.Алтынсарина в казахскую детскую литературу и основы воспитания нравственных, эстетических трудовых навыков в формировании личности будущего поколения.

Ключевые слова: детская литература, воспитание, образование, нравственность, труд.

Abstract

This article discusses the contribution of I.Altynsarin to the Kazakh children's literature and the basics of educating moral, aesthetic labor skills in shaping the personality of the future generation.

Key words: children's literature, upbringing, education, morality, work.

Қазақ елі Ыбырай Алтынсаринді қазақ педагогикасының негізін салушы, прозаик жҽне ақын деп қана білмей, қазақ балалар ҽдебиетінің атасы, негізін қалаушы деп те таниды. Ҧлы педагог – қазақ балаларын, жалпы қазақ ҧрпағын сауатты ҽрі білімді болуын қалаған ҧстаз. Ыбырай бҧл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, ҥлкен жетістіктерге қол жеткізді, сҿйтіп, туған халқының мақтан тҧтатын ардақты ҧлы педагогына айналды. Қазақ балалар ҽдебиетінің атасына айналған алғашқы ҧстазымыз ҿз туған халқын ерекше сҥйді, оның болашағына зор сеніммен қарады.

Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жҥргізді. 1883 жылы Торғай облысының ҽскери губернаторына жолдаған баяндамасында ол: «Қазақтарға – осы дарынды, ақыл – есі мол халыққа – кешікпей рухани жҽне қоғамдық даму жолына тҥсетін дҧрыс бағыт беру – қалай дегенмен де аса қажет болып отыр», – деп жазды. Бҧл жолға жету ҥшін атамыз кҿп қиыншылықтар да кездестірді. Ел ішіндегі ескішілдік, парақорлық пен ҿсек – аяң оның жанын кҥйзелтті. «Заман осылай болған соң, амалын тауып, мҥмкіндігі бар жерде қазақ халқының елдігін бҧзып, болашағын бҥлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы кҥресе беру керек» – деп санады.

Сонымен Ыбырай ҿзінің бҥкіл саналы ҿмірін қазақ халқының жаңа буынын тҽрбиелеп, олардың озық мҽдениетті елдерден ҥлгі ала отырып, білімді де саналы азамат болып жетілуіне

(4)

айтарлықтай ҥлкен ҥлес қосты. Ыбырайдың бҧл тарихи қызметі кезінде ҿзінің замандас достары Н.И.

Ильминскийдің, А.А.Мазохиннің, Ф.Д.Соколовтың, А.В.Васильевтің, А.Е.Алекторовтың, Ғ.Балғым- баевтың естеліктерінде жылы ілтипатпен аталып жоғары бағаланды. Алайда ҧлы ағартушының сан қырлы педагогикалық, ғылыми зерттеулері, сондай – ақ ҿлеңдері мен прозасы, аудармалары біздің заманымызда ғана терең зерттеліп, ҿзінің тиісті, ҽрі байсалды бағасын алды. Ҧлы ғалым – педагог Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» жҽне «Таза бҧлақ» деген оқу – ҽдістемелік еңбектері қазақ халқының рухани мҽдениетінің даму тарихында аса зор оқиға болып бағаланады. Жҽне болашақ ҧрпақтың ақыл – ойы мен жеке тҧлғаны қалыптастыруда адамгершілік, эстетикалық еңбек дағдылары мен қасиетін тҽрбиелеудің негізі болып есептеледі.

Ыбырай балалар ҽдебиетіне арнап, жас ҿспірімдерді тҽрбиелеу жолында кҿп шығармалар жазды. Бҧл шығармаларды жазуда алдына ҥлкен мақсаттар қойды. Ол ҿз сҿзінде: «Мен қазақ балаларын ҧқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тҧрмыстың артықшылығына ҥйретудің ҿзі қазақ даласына тҽрбиелік мҽні бар жҧмыс деп білемін» – дейді. [1, б. 225–230] Оған мынандай шығарма- ларды дҽлел бола алады. Мысалы: «Бҧл кім?», «Ҽй, достарым!», «Ҽй, жігіттер!», «Ананың сҥюі»

ҿлеңдері, «Ҽке мен бала», «Асыл шҿп», «Бақша ағаштары», «Алтын шекілдеуік», «Қарға мен қҧрт»,

«Сауысқан мен қарға», «Ҽдеп», «Тҽкаппарлық», «Байҧлы» ҽңгімелері ҧлы жазушының барлық ҿлең- дері мен ҽңгімелерінің мазмҧнында негізінен ҿзі айтқан осы идея баяндалады. Мысалы: «Бақша ағаштары» ҽңгімесі, баласының сҧрағына жауап берген тҿренің сҿзін алайық: «Бағу – қағуда кҿп мағына барында шек жоқ, шырағым, сен жас ағашсың саған да кҥтім керек; мен сенің қате істеріңді тҥзеп, пайдалы іске ҥйретсем, сен менің айтқанымды ҧғып, орнына келтірсең, жақсы тҥзік кісі болып ҿсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық ҿсерсің». Бҧл ҽңгіме арқылы біз оқушыларды ҥлкенді тыңдау, оларды қҧрметтеуге тҽрбиелей аламыз. Ал, «Асыл шҿп»

ҽңгімесінде Злиха мен Бҽтиманы мысалға ала отырып оқушыларды сабырлыққа, шыдамдылыққа шақырамыз.

Ыбырайдың балаларға арналған хрестоматиясындағы ҿзі жазған ҽр алуан қысқа сюжетті ҽңгімелерінде ҿмірдің сан тҥрлі қырларын ашуды мақсат етеді. Осы биік талаптарға сҽйкес жас буынның қабылдау жҽне жас ерекшеліктерін ескере келіп, ҽрі қысқа, ҽрі нҧсқа кҿркем ҽңгімелер жазды. Атап айтатын болсақ, мысалы: «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған кҥштірек», «Мейірімді бала»,

«Полкан деген ит», «Таза бҧлақ», «Ҽділдік», «Жан – жануарлар айтысы», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқҧл». Мысалы: «Ҽдебиеттік оқу» 3–сынып оқулығынан «Таза бҧлақ» ҽңгімесін алсақ: Бұлақтың қайнап жатқан кӛзіне жақын қазандай бір тасты қойыпты да, тасқа: «Ей жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол!» – деп жазыпты.

 Осы жазуды сен қалай тҥсінесің?

 «Сен қай жолаушының пікірімен келісер едің?» – деген сҧрақтар қою арқылы оқушылардың ойлау, ҿз пікірін білдіре алу қабілеттерін дамыта аламыз.[2, б. 85–87]

Ҧлы жазушының тҿл туындылары мен аудармалары да жеңіл де қарапайым сипаттарымен дараланады. Бҧған сондағы кезектесу сҿздерінің (диалог) жиі қолданылуы да кҿп септігін тигізген.

Бҧған бастан – аяқ сҧрақ – жауап тҥрінде берілген «Шеше мен бала» атты ҽңгіме айқын дҽлел. Тентек баланың қолындағы қҧсты қҧтқару ҥшін қолындағы барлық ақшасын жҧмсаған баланы шешесі ҧрыспай, қайта қайырымдылығы ҥшін оған алғыс айтады. Жазушы осындай кішігірім оқиғаны тартымды етіп берумен қатар, оған лайықты ҥлкен міндет арта білген. [3, б. 159] Ыбырай Алтынсарин ҿзінің ой – пікірлерін балаға тартымды етіп жеткізу ҥшін кҥрделі салыстыруларға бара бермейді. Қайта қарапайым да кҿркем баяндауларға зер салып, оның бала санасына қонымды болу жағына ерекше мҽн береді. Автор тиісті жерде қанатты тіркестер мен мақал – мҽтелдерді де ҧтымдылықпен пайдаланып отырады. Кейде жазушы ҿз жанынан ҥлгі – насихаттық ҿнегелік жолдар қосып, айтылар ойды ҧштап ҽрлеп отырады. Мәселен, «Ҽке мен бала» ҽңгімесінде: «Аз жҧмысты қиынсынсаң, кҿптен де қҧр қаларсың» секілді ғибратты жолдарға ҥлкен жҥк артса, кейде пікірдің қарапайым, тҥсініктілігіне де ден қояды («Ақырында сол Сҽтемір асқан данышпан, айдай ҽлемге патша болды» – «Сҽтемір хан»).

Келешек ҧрпақ жас жеткіншектерді тҽрбиелеуде ҧлы ағартушы ананың рҿліне ерекше маңыз беріп, оның аналық махаббатын, бала ҿсірудегі ҥздік қызметін тамаша суреттеген. Баланың алғашқы тҽрбиесі ананың қолында болатынын айтқан. Ҿйткені бала ананың бауыр еті, соғып тҧрған жҥрегі деп бағалаған:

«Бала, бала, бала деп, Тҥнде шошып оянған.

Тҥн ҧйқысын тҿрт бҿліп, Тҥнде бесік таянған».

Бала тҽрбиелеуде бҧл ана еңбегін қадірлей білген ҥздік баға деуге болады. Балаға осындай ҿлеңдерді оқып берсе, ана қадірінің теңдесі жоқ қымбат та қадірлі екенін сонда ғана сезіне бастар еді.

«Ананың кҿңілі балада, баланың кҿңілі далада» деген сияқты ана еңбегін қадірмелеу, сыйламау, кейде тыңдамау болмас та еді. [3, б. 72] Ана жҥрегі, ананың аялы алақаны қашан да қҧдіретті екенін

(5)

Ы.АЛТЫНСАРИН МЕН С.КУБЕЕВТІҢ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ БАҒЫТЫНДАҒЫ АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ СОЗВУЧИЕ ПРОСВЕТИТЕЛЬСКИХ ИДЕЙ Ы.АЛТЫНСАРИНА И С.КУБЕЕВА СОВРЕМЕННЫМ ТРЕНДАМ ОБРАЗОВАНИЯ

естен қалғысыздай етіп жадында сақтауға міндеттейді. Ҽдебиет адам тану қҧралы дейміз ғой, Ыбырай Алтынсарин ана қҧдыретін, ана образын жас ҿспірімдерге ҽдебиет арқылы танытып отыр.

Алтынсариннің «Жаз», «Ҿзен» деген ҿлеңдерінде ҿлкетану, айналадағы табиғат қҧбылысына қҧрметпен зер салуға бағытталған тҽрбиелік орны бар, баланы ҽралуан іске баулитын шығарма болып табылады. Табиғаттың осындай мінсіз сҧлулығын адам ғана тҥсіне алады. Шығармашылық шабыттың қайнар кҿзі де теңдесі жоқ бір сҧлулықтан, оның ерекше эстетикалық ҽсерінен табылмақ.

Мысалы: Ҽдебиеттік оқу 3–сынып 2–бҿлім оқулығында, «Су – тіршілік кҿзі» деген тарауда «Ҿзеннің пайдасы» деген тақырыпта Ы.Алтынсариннің «Ҿзен» деген ҿлеңі берілген:

«Таулардан ҿзен ағар сарқыраған, Айнадай сҽуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта Аралап тау мен тасы арқыраған», –

деп, Ыбырай ҿзенді оның кҿріністері ҥшін ғана тектен – тек суреттеп отырған жоқ. Ҽсемдік сезімі кҿкірегіне ҧялаған, жақсылыққа жаны қҧмар, эстетикалық талғамы жетілген, ҽрбір адам табиғатты осылай қызықтайды. Адамның тіршілік тірегіне, шаруашылық экономикасына байланысты ондағы ҽржақты пайдалы белгілерін кҿрсетіп отыр. Бҧл ҿлеңді оқыған азамат, ҽсіресе, жас ҿспірімдер жаратылыстың осындай байлықтарының кҿзін тауып, ҿзінің қажетіне жҧмсай білсін, пайдасына асырсын, жайдан – жай ағып жатқан пайдасыз ҿзен екен ғой деп қарамасын дегенді ҥйретеді.

Сонымен қатар, адамның қандай қажеттерін ҿтейтінін де саусақпен санағандай етіп, даралап кҿрсете білген.

Ыбырай шығармашылығының тағы да кҿтеретін кҥрделі мҽселесі – ҥздіксіз еңбек ҥрдісі.

«Дҥние қалай етсең табылады», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Ҿрмекші, қҧмырсқа, қарлығаш»,

«Таза бҧлақ» деген ҽңгімелері еңбектенсең ғана ойлаған мақсатына жетесің деген ойды жан – жақты дҽлелдейді.

«Ҿрмекші, қҧмырсқа, қарлығаш» ҽңгімесінде атасы он жасар баласын жетектеп келе жатып, ҧшқан қҧс, жҥгірген аңдар тіршілігімен таныстырады, жҧмыссыз жҥрген бір жан жоқ екенін айтады. Бҽрі де тіршілік тірегі – ҿмір қамын жасауда.

Мысалы: «Сҽтемір хан» ҽңгімесінде жеті жасында жетім қалған Сҽтемір деген бала ақсақ шегірткенің ҥйдің тҿбесіне шығу ҥшін қаншама ҽрекет жасағанын кҿріп, ҿзінің жҧмыссыз босқа ойнап жҥргенін ақылсыз деп табады. Артынша қалаға келіп, біреудің қолында жалшылық ете жҥріп оқиды.

Ақырында ірі оқымысты болып шыға келеді. Адамның барлық қабілетімен іскерлігі, таланты мен талабы тек еңбек арқылы ғана кҿрінетінін айтады.

Ыбырай ҽңгімелерінің қайсысын алсаңыз да оқушысын нақты сендіретін, соған қызықтыратын шынайы кҿрнекілік бар. Еңбек процесі тақырыбына жазылған Ыбырай ҽңгімелері бірінен – бірі аса отырып, бірін – бірі қайталамайды, ҽр қайсысының ҿзіндік қызықты, тҽрбиелік кҥшті жақтары бар.

Мҧны оқыған бала ҽрқашан пайдалы, ҿнегелі істерге ҥйренді, ҿнегесіз істерден жирене тҥседі. «Бай мен жарлы баласы» ҽңгімесінде жастайынан шаруаға араласқан, еңбек еткен, жас болса да ҿмір тҽжірибесін кҿп кҿрген кедей баласы Ҥсен кҿбіне тҽжірибеге сҥйеніп, ақыл – парасатқа салып, кҿшкен елдің жаңа қонысын тауып алады. Бҧл ҽңгімеде де екі нҽрсені бір – біріне қарама – қарсы қойып, салыстыра суреттеу тҽсілі бар. Балалар мен жас ҿспірімдерді ҿнер – білімге шақыру, отырықшылық тҧрмыстың, жер кҽсібімен айналысудың пайдалы жақтарын тҥсіндіру, оларға еңбек етудің артықшылығын ҧғындырумен қатар, Ыбырай шығармашылығының кҿтеретін тағы бір мҽселесі – ҧқыптылыққа, мейірімділікке, ҽдептілікке ҥйрету. Осы идеяның бҽрі де баланы оқыту, ҥйрету, тҽрбиелеу процесі арқылы іске асатынын ҧлы педагог дҧрыс тҥсінген, дҧрыс шешкен. [4, б. 47]

Қорыта келе, ҧлы жазушымыздың балаларға арналған шығармаларында қандай тақырыпта жазса да алдымен нені мақсат етіп кҿрсетуге болар еді деген мҽселеге тоқтайды. Жазған ҽңгімесін ҿмірде кездесетін, баланың ҿзі назар аударатындай заттармен, іс – ҽрекеттермен байланыстырып отырады. Себебі, мектеп жасына дейінгі бҥлдіршіндердің зейіні тҧрақты болмағандықтан, бҥлдіршіндерді қызықтырып, назарын аударту педагогтің ең басты міндеттерінің бірі екенін білген қазақ елінің дарынды перзенті ҽңгімелерінің бҽрі де бҥлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмҧнды, тартымды, олардың жан дҥниесіне ҽсер етерліктей етіп берілгендігін атап кҿрсеткен. Осы ҽңгімелерді мҧғалімдер мен ата – аналар балаларды ҧқыптылық пен сабырлылыққа, шыдамдылыққа, тҿзімділікке тҽрбиелеу мақсатында оқу ҥрдісінде, сынып сағаттарында, таңдаулы сабақтарда пайдалануға болады. Ҧлы ағартушымыз артына қалдырған асыл мҧрасы сан мыңдаған ғасырлар ҿтсе де, ҿз маңызын жойған емес. Жас ҿспірімдерді ҿскелең мҽдениетке жетелейтіндей ҿмір оқулығы, отаны ҥшін алысқан кҥрес қҧралы болуы тиіс.

Әдебиеттер тізімі:

1. Байтҧрсынов А. Тіл тағылымы Алматы, «Ана тілі», 1992 ж., 448 б.

2. Қабатай Б.Т. Ҽдебиеттік оқу. 2–бҿлім. Алматы: Оқулық, 2017. 144 б.

3. Ыбырай Алтынсарин. Таңдамалы шығармалар. Алматы «Ғылым», 1994. 289 б.

4. Қазақ балалар ҽдебиетінің хрестоматиясы. 2–кітап. Павлодар: Арман, 2004 ж.

Referensi

Dokumen terkait

И 63 РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ/ РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ Куанышбаев Сеитбек Бекенович, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, география ғылымдарының

И 63 РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ/ РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ Куанышбаев Сеитбек Бекенович, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, география ғылымдарының