И 63
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ/ РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ
Куанышбаев Сеитбек Бекенович, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, география ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі;
Жарлыгасов Женис Бахытбекович, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Зерттеулер, инновация және цифрландыру жөніндегі проректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
Скударева Галина Николаевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Мәскеу облысындағы МОУ «Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университеті» ректорының м.а.; Ресей Федерациясының жалпы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ресей;
Бережнова Елена Викторовна, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мәскеу халықаралық мемлекеттік қатынастар институты, Ресей;
Ибраева Айман Елемановна, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ жетекшісі;
Онищенко Елена Анатольевна, «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесінің Қостанай қаласындағы филиалының директоры;
Демисенова Шнар Сапаровна, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі;
Утегенова Бибикуль Мазановна, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің педагогика және психология кафедрасының профессоры;
Смаглий Татьяна Ивановна, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің, педагогика ғылымдарының кандидаты; педагогика және психология кафедрасының қауым.профессоры;
Жетписбаева Айсылу Айратовна, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ы.Алтынсарин атындағы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.
И 63
«Инновация, білім, тәжірибе-білім беру жолының векторлары»: 2023 жылдың 17 ақпандағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. I Кітап. – Қостанай:
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, 2023. – 1081 б. = «Инновации, знания, опыт – векторы образовательных треков»: Материалы международной научно- практической конференции, 17 февраля 2023 года. I Книга. – Костанай: Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова, 2023. – 1081 с.
ISBN 978-601-356-244-5
Жинаққа «Инновация, білім, тәжірибе-білім беру жолының векторлары» атты Алтысарин оқулары халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары енгізілген.
Талқыланатын мәселелердің алуан түрлілігі мен кеңдігі мақала авторларына заманауи білім беруді жаңғырту мен дамытудың, осы үдерісте қазақ ағартушыларының педагогикалық мұрасын пайдаланудың жолдарын, мұғалімдерді даярлаудың тиімді технологиялары мен форматтарын әзірлеу мен енгізу мәселелерін, ақпараттық қоғамдағы білім беру кеңістігінің ерекшеліктерін айқындауға, сондай-ақ педагогтердің инновациялық қызметінің тәжірибесін жинақтауға, педагогикалық үдеріс субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдауға мүмкіндік берді.
Бұл жинақтың материалдары ғалымдарға, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларына, мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі тәрбиешілерге, педагог-психологтарға, магистранттар мен студенттерге қызықты болуы мүмкін.
В сборнике содержатся материалы Международной научно-практической конференции Алтынсаринские чтения «Инновации, знания, опыт – векторы образовательных треков». Многообразие и широта обсуждаемых проблем позволили авторам статей определить векторы модернизации и развития современного образования, использования в данном процессе педагогического наследия казахских просветителей, вопросов разработки и внедрения эффективных технологий и форматов подготовки учителей, специфики образовательного пространства в информационном обществе, а также обобщения опыта инновационной деятельности педагогов, психолого-педагогической поддержки субъектов педагогического процесса.
Материалы данного сборника могут быть интересны ученым, преподавателям вузов и колледжей, учителям школ и воспитателям дошкольных учреждений, педагогам-психологам, магистрантам и студентам.
УДК 37.02 ББК 74.00
© А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, 2023
© Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова, 2023
БІЛІМ БЕРУ ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕ ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРАКТИКЕ: ИННОВАЦИЯ И ОПЫТ
ӘОЖ 371.321
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС–ТӘСІЛДЕР – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КІЛТІ
Ергалиева Ментай Амановна E–mail: [email protected] Нуржанова Жанат Турсынбаевна
E–mail: Zhanat–[email protected] Якупова Нургул Адилхановна
E–mail: [email protected] бастауыш сынып мұғалімдері Ғ.Қайырбеков атындағы №9жббм Қостанай қаласы, Қазақстан Андатпа
Ӛзектілігі: Жаңартылған білім беру бағдарламасының талабына сай, бастауыш сыныптарда инновациялық әдіс–тәсілдерді тиімді қолдану. Мақсаты: Оқытудың озық технологияларын тиімді пайдалана отырып, білімді, кӛзі ашық, кӛкірегі ояу, ӛмір сүруге бейім тұлғаларға білім беру жәнетәрбиелеу.
Түйінді сөздер: әдіс–тәсілдер, жаңартылған білім, бағдарлама, жаңа технология.
Аннотация
Актуальность:использование инновационно–методических средств и приемов в соответствии с обновленной программой в обучении в начальных классах. Цель: повышение обучения и воспитание учащихся в связи с изменениями требованияк жизненным ситуациям используя передовые технологии сегодняшного дня.
Ключевые слова: методы и приемы, обновленное образование, программа, новая технология.
Abstract
Relevance: effective use of innobative approaches to primary education in accordance with up–to–date educational reguirements. Goal: to bring up open source, cheerful, learning and education for those who are inclinet to live by using advanced teaching technoiogies.
Key words: methods end approaches, innovation technologies, up datingeducation ,programmes.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – жастар–
ға терең білім беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға білім саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады.Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып ӛз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдала–
на отырып, сабақты қызғылықты да тартымды ӛткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім.Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалды. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласына – баса назар аударарлық мәселе.
Баланың қызығушылық қабілеттерін дамыту «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
Ұстаз жас жеткіншектердің жан–жақты дамуына,бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке келтіру жолында тынымсыз ізденіс жолында болу керек.Білім алушыны шығармашылық жұмысқа тәрбиелеу,оның қабілетін ашу,санасында жылт еткен шоқты үрлеп үлкен жалынға айналдыру әрбір ұстаздың әдіскерлік шеберлігі мен парасат пайымының нақты кӛрсеткіші екені айқын.Әрине,білім алушылардың білімдерін бір жүйеге түсіруде әр түрлі жаңашыл әдістерді үнемі жүйелі қолданып отыру қажет.Мұндай оқыту әдістері арқылы бала сабаққа толық қатысады,ӛзін–ӛзі бағалайды,ӛз ойын еркін жеткізуге ұмтылады,пікірталасқа түседі,бәсекелестік пайда болады [1, б. 12].
Оқушыларды жаңартылған білім беру бағдарламасының талабына сай инновациялық әдіс–
тәсілдермен оқытып, ой–ӛрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге белсенді түрде енгізіле бастауы кӛңілді қуантады. Міндетіміз ауыр, мақсатымыз айқын.
Отандық білім беру саласында әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, жаңаша ойлай алатын білікті мұғалімдер қатарын кӛбейтсек, жақсы нәтижеге жеттік деп білеміз.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Елбасы жолдауында айтылғандай, болашақта ӛркениетті дамыған елдердің
қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап ӛсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі ӛзгерістерге ұшырауда. Осыған орай оқытудың парадигмасы ӛзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша кӛзқарас пайда болды. Сондықтан ұстаздар алдында оқытудың әдіс–тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және оқудағы және оқытудағы жаңа тәсілдерді меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр пән мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген.. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады.
Білімсаласындағы түбегейліӛзгерістер ұстазғажауапкершілікті талап етеді. Ӛздігінен білім алатын, жан–жақты ізденетін, алдағы ӛмір жолын ӛзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу – ұстаз қолында. Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен–күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының ӛз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.Барлық дамыған елдер ӛзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесінеие. Негізгі мектеп үшін, барлық мектептердегі оқыту стандарттарын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің деңгейіне дейін жақсарту қажет. Жоғарғы сынып оқушылары қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары тиіс. Оқытудың нәтижесі – сын тұрғысынан ойлау, ӛздігінен зерттеу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруге бағытталуы керек.
Заманауи қоғамның зиялы азаматына білім беру – сана әлеуетіжоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, ӛз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу. Жаңартылған бағдарлама ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттейді. Оқушылардың бойына ӛмірдің барлық салаларында табысты болу үшін қажетті дағдыларды дарыту мақсатында мұғалімдерге тынымсыз еңбектенукерек болады.
Бастауыш сынып білім алушыларының қабілеті екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден кез–
келген бала оқу барысында адамзат баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден кез–келген білім алушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы ӛзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Шығармашылығы дамыған тұлғаның ерекшелігі – жалпы зерделілігі, ӛзіндік ой түюі, мақсат қоя білетіндігі.
Сыни ойлау – оқушылардың қай нәрсеге болса да терең оймен қарап,салыстыра талдау жасап,кӛзқарасын білдіру,ӛзінің менін қалыптастыру. Жалпы айтатын болсақ сыни ойлау дегеніміз – баланы ойлауға үйрету. Ойлау арқылы бала кӛп нәрсеге қол жеткізуі мүмкін. Сыни ойлауға оқыту жеңіл міндет емес. Оны белгілі кезеңде орындап,кейін ұмытып кетуге болмайды.Сыни ойлау,бұл ағылшындық кӛптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялар негізінде құрылған жоба.Шығыс данасы Конфуции былай дейді: «Маған айтсаң,ұмытып қалам,кӛрсетсең есімді қалады, ал ӛзім істесем, үйреніп алам». Яғни,баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету, кӛрнекілікпен кӛрсету, оны ӛз беттерінше практикада қолдана білуі қажет деген сӛз.
Мен ӛз сабақтарымда «Сын тұрғысынан ойлау», М.Жанпейісованың модульдік оқыту техноло–
гиясын жүйелі қолданып отырамын. Бұл технологияның бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге ғана емес,тұлғаның танымдық қабілеттеріменжәне қажеттіктерін қанағаттандыруға ,белсенді сӛздік қорын дамытуға бағытталуы. Тақырып мазмұны ӛсу бағытымен қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте оралып отыру, әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып,ӛз қабілеттерін , жадын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Сыни тұрғыдан ойлаудың мына әдістері күнделікті жүйелі жүргізіледі: топтастыру, кӛрнекілік, ой қозғау, болжау, «оқушыларды жетектейтін карта», «Кубизм», «Венн диаграммасы», «Бес жолды ӛлең», «Білгеніміз, білгіңіз келетіні, үйренгеңіз», «Пікір сайыс», «Жұптасып ойлау». Мысалы; дүниетану сабағында қолданылған «Брейн–
ринг» оқыта үйрету ойыны арқылы білім алушылар жеңілден қиынға, оңайдан күрделіге ауысады.
Балалар жасыл және кӛк түсті фишкаларды алуға тырысады,себебі ол жақсы бағаларға бағытталған.
Бұл ойын барлық балалардың белсенділігін арттырды. Себебі оқушылар тез жауап беріп,ӛз қоржындарына кӛп фишка жинау мақсатын кӛздегендіктен болар. Осымысалдар арқылы топпен жұмыс жасау кезінде сыни тұрғыдан ойлану, бір–бірін үйрету, ӛз топтарында талқылау сияқты жұмыс түрлерін қолданып,жауап беріп отырды. Денгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жоспарладым. Сабақ барысында оқушылар топпен жұмыс жасауды,топтағы ережелерді қатаң сақтауды,жұппен жұмыс жасау барысында тапсырманы қатесіз орындауға үйренді.
Ал осы сабақтағы «Аквариум» тәсілі де баланы кӛшбасшылыққа жетелеп, ӛз ойын топ алдында
«ӛкіл»ретінде жеткізуге дағдыланады. «Авторлы қорындық» тәсілі арқылы әр оқушысабақ қорытынды–сын нақтылайды және тақырыпты меңгеруге негізделген сұрақтарға жауап алады.
Әдебиеттік оқу сабағындаӛткізілген «жақтаушы», «даттаушы ойыны ӛте әсерлі болды.
«Жақтаушы судың пайдасын дәлдеумен болды, ал «Даттаушы судың зиянын айтып, қалай да жеңіске жетуге ұмтылды. Яғни ойыншылар бір–бірін сӛзден жаңылдыруға тырысады,нақты дәлелдер іздейді,сӛздік қоры дамиды. Оларды естіп отырған қалған балалардыңпәнге деген қызығушылығы артып,танымдық қабілеті жетіледі. Сонымен қатар балалардың мәтінді тез түсінуін дамыту,кӛлемді
БІЛІМ БЕРУ ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕ ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРАКТИКЕ: ИННОВАЦИЯ И ОПЫТ
мәтінді қысқаша баяндауға дағдыландыру мақсатында «Қысқаша конспектілеу» әдісін жиі қолданамын. Бұл сызбада негізгі жазбаға білім алушы қысқаша түсінгенін жазады, келесі бӛлімге мәтін бойынша туындаған сұрақтарды жазса,соңғы бӛлімге қорытынды ойды,яғни автордың ойын ӛз ойымен толықтырады,салыстырады. 4–сынып бойынша дүниетанудан «Ӛзен және кӛл» жаңа сабақты меңгеру тақырыбыналдым. Осы тақырыптарда жұмыс жасағанда «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»моделін кӛбірек қолдануға тырыстым. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету «Ой қозғау» стратегиясын қолданғанда, осы жұмыста дарынды, талантты, белсенді оқушылардың білімдік деңгейі кӛрінді. Ал ӛз ойын ашық, нақты айта алмайтын оқушыларға бұл тапсырма қиынға соқты. «Салыстыру» кезінде түрлі тапсырмалар орындалды. «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап» қызығушылықты ояту стратегиясы жасалды. «Кубизм» стратегиясымен әр түрлі сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жұмыстары жүргізілді.
Қорыта келе әр сабақта оқыту технологиясын тиімді қолдану – сабақтың оқу мақсатына жетуге септігін тигізеді. «Жұлдыздар шоғыры»әдісі бойынша постер жасау әдісі топтық жұмыс түрінде жүзеге асырылады. Топтарға жұлдыз жапсырмалар мен постер таратылады. Әрбір топ жұлдыздарға берілген тақырып бойынша пікірін жазып,шоғыр құрайды. Сонымен қатар топтық жұмыс барысында оқушылар бір–бірімен ӛзара пікір алмасады, нәтижесінде әр оқушының тақырып тұрғысында дербес пікірі пайда болып, олардың сыни тұрғыдан ойлануына септігін тигізеді. «Тақырыптық постер жасау» бұл әдіс те топтық жұмыс ретінде жүзеге асырылады. Оқушылар берілген тақырып бойынша ӛз пікірлерін сурет түрінде бейнелейді. Тапсырманы орындау барысында оқушылар ӛзара пікір алмасады. Топпен жұмыс жасау барысында оқушының танымдық ізденімпаздығы қалыптасады;сұрақтарды,мәселелерді терең талдауға үйренеді;шығармашылық ой ӛрісі артады;кітаппен,кӛркем және ғылыми әдебиеттер,баспа материалдарымен жұмыс істеу білігі қалыптасады;топ мүшелері ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
мұғалім мен оқушылардың қарым–қатынасы жақсарады; оқушы ӛз ойын еркін айтуға,сӛз сӛйлеу мәдениетіне үйренеді [2, б. 28].
Жаңа технологияларды зерделей отырып, таңдалған әдіс–тәсілдер жиыны мұғалім мен оқушы арасындағы түсіністік қатынасқа негізделеді. Технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушыны дербес, топтық, ұжымдық жұмыс сияқты түрлі формада ұйымдастырылған тәсілдерге тӛселдіре отырып, ӛз бетімен ізденуіне бағыт–бағдар беремін. Әдебиеттік оқу сабағында жүргізілетін әдіс –тәсілдер баланың ой – ӛрісін қалыптастырады, қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді. Тәжірибе кезінде ӛзіме жинақтаған кейбір ой–түйіндерімді ортаға салғым келді.Сабақтың әркезеңдерінде оқушыға тиімді әдіс – тәсілдерді қолданамын. Тақырыпты ашу кезеңінде кезеңінде :
«Адасқан әріптер», «Акроним», «Мәселені шешу» «Идеялар себеті», «Миға шабуыл», «Логикалық сұрақ», «Стоп кадр», «Мозайка» әдістерінжиі қолданамын. Бұл әдістердің қолданудағы мақсатым қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу. Ал тиімділігіоқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой–ӛрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады. СаСаббааққттыыңң мамаққссааттыынн ананыыққттаауу кекеззееңңііннддее:: «ББҮ кестесі», «Болжам кесте»и
«Бэкроним» Шатасқан тізбектер» әдістерін әр сабақтақолданамын. Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, сӛз қорын дамыту. Тиімділігі. Ойлау қабілеті дамиды, сӛздік қоры молаяды, жазылым дағдысы қалыптасады. Үй тапсырмасын тексеру кезеңінде: «Карусель»,«Сұхбат немесе бос микрофон», «Әңгімелесетін әріптестер», «Тӛрт сӛйлем», «Түйінді сәттер», «Шеңбердегі доп» ,«Ыстық орындық», «Айналмалы бекеттер», «Серпінді сұрақ» әдістері бар.Мақсаты: Оқытуда оқушы белсенділігін арттырумен қатар әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау [3, б. 4].
Тиімділігі: Оқушылардың сұрақ қою дағдысы қалыптасады және сұрақ қою арқылы ӛзара ашық пікірлеседі. Жаңа тақырыпты, мағынаны ашукезеңінде: Түртіп алу», «Негізгі идеяны суреттеу»,
«Кубизм», «Сандар сӛйлейді», «Әлемді шарлау», «Блумның сұрақ қою стратегиясы», «Кӛп деңгейлі сұрақ», «Логикалық тізбек» т.б сынды әдіс–тәсілдерді қолданып отырамын. Бұл әдістерді қолданудағы мақсатымоқушының бір–бірінен ақпарат алу дағдыларын қалыптастыру.
Бұл әдістердің тиімді жағыоқушыларбір–бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүреді, дұрыс тындауға ынталандырады. Оқылым, тындалымдағдылары қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сӛздік қоры молаяды. Топтық тапсырмалар кезеңінде «Еркін жазу», «Борт журналы»,
«Буклет» әдісі, «Фишбоун» әдісі, «Қар кесегі», ЖИГСО», «Бір минуттық әңгіме», «Кинометафора
»әдістері. Мақсаты: Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға ӛкілдерді жіберіп, ӛз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бӛлісу, ынтымақтастықты дамыту. Тиімділігі: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бӛлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға,түйінді ойды саралауға жетелейді. Сабақты бекіту кезеңінде: «Дейін, кейін», «Ӛрмекші», «Кезбе тілші» «Иық тірескен шеңбер», «Т кестесі» әдісі, «Түйінді сӛздер» әдістерін әр сабақта қолданамын [4, б. 3].
Мақсаты: Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту. Тиімділігі; меңгерілген материалды пысықтау мақсатында кезең–кезеңдерімен пысықтауға тиімді. Сабақты қорытындылау, кері байланыс кезеңінде: «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі», «Екі жұлдыз, бір тілек» «Аяқталмаған сӛйлем» «Бес саусақ» «Ұшақ» әдістерін қолданамын. Сонымен қатар рӛлдік ойындар, кейіпкерлерге
кластер жасау, олардың жағымды – жағымсыз қасиеттерін анықтау, кейіпкерлерге ӛз атынан немесе сол кейіпкердің образына кіріп хат жазу, ертегі мен аңыздардағы негізгі идеясын тауып, соған байланысты мақал – мәтелдер, жаңадан аңыз, ертегілерді құрастыру сияқты шығармашылық жұмыс–
тарды топтық жұмыс кезінде орындау тиімді екеніне кӛзім жетті. Сонымен біргесабақтарда диалогтік оқыту да ӛте пайдалы, себебі оқушының сӛз байлықтарын молайтумен қатар сұрақтарға нақты, дәл жауап беріп отыруларын бағыттап береді. Диалогті ӛз мәнінде кеңінен ӛрбіту үшін қойылатын сұрақтар мәнді де мағыналы болғаны жӛн. Сонда оқушы ӛзінің беретін жауабына да немқұрайлы қарамайды [5, б. 31].
Қорытынды: ӛзімнің тәжірибемді қорыта келгенде мынадай түйін: Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс – әрекетке қабілеті артты.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде кӛріп, оның ӛміріндегі ӛз орнын табуынакӛмегі тиері сӛзсіз.
Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды ӛз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге кӛтеріледі.
Әдебиеттер тізімі:
1. Рудик.Г.А. «Ой еңбегі мәдениеті немесе оқудың 101 техникасы». Алматы. 2017. 38 б.
2. Кабенова М.Т. Инновациялық әдіс–тәсілдер арқылы сабақтың тиімділігін арттыру. Оқыту – тәрбиелеу технологиясы. // ж №4. 2011. 63 б.
3. BILIMLILER.KZ«Оқытуда инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану»Білімділер порталы (bilimdiler.kz) (дата обращения 30.01.23)
4. https://stud.baribar.kz/ Модульдік оқыту технологиясы (М.Жанпейісова бойынша) (дата обращения 30.01.23)
5. Кажгереева Ж.А. Қазақстан ұстазы. Бастауыш сыныпта белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімділігі. Алматы. // ж №01. 2023. 52 б.
ӘОЖ 37.02
ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМДІ ҦШТАСТЫРУДАҒЫ ИННОВАЦИЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Ерекин Айдын Муратович педагог–ұйымдастырушы–куратор Қостанай қаласындағы физика–математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі E–mail: [email protected] Хамзина Кулшат Бакытжановна педагогикалық ғылымдар магистрі педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай ӛңірлік университеті E–mail: [email protected] Қостанай қаласы, Қазақстан Аннотация
Мақалада тәрбие мен білімді ұштастырудағы инновациялық технологиялар арқылы мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру жолдары қарастырылған. Мұғалімнің кәсіби дамуын, оның инновациялық, педагогикалық шеберлігін арттырудың маңыздылығы ашылады.
Түйінді сөздер: тәрбие, білім, инновация, технология, педагогикалық шеберлік.
Аннотация
В статье рассмотрены пути совершенствования профессиональной направленности педагогов и воспитателей посредством инновационных технологий в сочетании воспитания и образования.
Раскрывается важность повышения профессионального развития учителя, его инновационного, педагогического мастерства.
Ключевые слова: воспитание, образование, инновации, технологии, педагогическое мастерство.
Аbstract
The article discusses ways to improve the professional orientation of teachers and educators through innovative technologies combined with education and upbringing. The importance of improving the professional development of a teacher, his innovative, pedagogical skills is revealed.
Key words: upbringing, education, innovation, technology, pedagogical skills.