• Tidak ada hasil yang ditemukan

УДК 37.02 ББК 74.00 И 63 - Untitled

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "УДК 37.02 ББК 74.00 И 63 - Untitled"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

(2)

И 63

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ/ РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ

Куанышбаев Сеитбек Бекенович, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, география ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі;

Жарлыгасов Женис Бахытбекович, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Зерттеулер, инновация және цифрландыру жөніндегі проректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;

Скударева Галина Николаевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Мәскеу облысындағы МОУ «Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университеті» ректорының м.а.; Ресей Федерациясының жалпы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ресей;

Бережнова Елена Викторовна, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мәскеу халықаралық мемлекеттік қатынастар институты, Ресей;

Ибраева Айман Елемановна, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ жетекшісі;

Онищенко Елена Анатольевна, «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесінің Қостанай қаласындағы филиалының директоры;

Демисенова Шнар Сапаровна, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі;

Утегенова Бибикуль Мазановна, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің педагогика және психология кафедрасының профессоры;

Смаглий Татьяна Ивановна, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің, педагогика ғылымдарының кандидаты; педагогика және психология кафедрасының қауым.профессоры;

Жетписбаева Айсылу Айратовна, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ы.Алтынсарин атындағы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.

И 63

«Инновация, білім, тәжірибе-білім беру жолының векторлары»: 2023 жылдың 17 ақпандағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. I Кітап. – Қостанай:

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, 2023. – 1081 б. = «Инновации, знания, опыт – векторы образовательных треков»: Материалы международной научно- практической конференции, 17 февраля 2023 года. I Книга. – Костанай: Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова, 2023. – 1081 с.

ISBN 978-601-356-244-5

Жинаққа «Инновация, білім, тәжірибе-білім беру жолының векторлары» атты Алтысарин оқулары халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары енгізілген.

Талқыланатын мәселелердің алуан түрлілігі мен кеңдігі мақала авторларына заманауи білім беруді жаңғырту мен дамытудың, осы үдерісте қазақ ағартушыларының педагогикалық мұрасын пайдаланудың жолдарын, мұғалімдерді даярлаудың тиімді технологиялары мен форматтарын әзірлеу мен енгізу мәселелерін, ақпараттық қоғамдағы білім беру кеңістігінің ерекшеліктерін айқындауға, сондай-ақ педагогтердің инновациялық қызметінің тәжірибесін жинақтауға, педагогикалық үдеріс субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдауға мүмкіндік берді.

Бұл жинақтың материалдары ғалымдарға, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларына, мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі тәрбиешілерге, педагог-психологтарға, магистранттар мен студенттерге қызықты болуы мүмкін.

В сборнике содержатся материалы Международной научно-практической конференции Алтынсаринские чтения «Инновации, знания, опыт – векторы образовательных треков». Многообразие и широта обсуждаемых проблем позволили авторам статей определить векторы модернизации и развития современного образования, использования в данном процессе педагогического наследия казахских просветителей, вопросов разработки и внедрения эффективных технологий и форматов подготовки учителей, специфики образовательного пространства в информационном обществе, а также обобщения опыта инновационной деятельности педагогов, психолого-педагогической поддержки субъектов педагогического процесса.

Материалы данного сборника могут быть интересны ученым, преподавателям вузов и колледжей, учителям школ и воспитателям дошкольных учреждений, педагогам-психологам, магистрантам и студентам.

УДК 37.02 ББК 74.00

© А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, 2023

© Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова, 2023

(3)

Ы.АЛТЫНСАРИН МЕН С.КУБЕЕВТІҢ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ БАҒЫТЫНДАҒЫ АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ СОЗВУЧИЕ ПРОСВЕТИТЕЛЬСКИХ ИДЕЙ Ы.АЛТЫНСАРИНА И С.КУБЕЕВА СОВРЕМЕННЫМ ТРЕНДАМ ОБРАЗОВАНИЯ

Сонымен қатар, Ыбырай Алтынсарин мектептер мен кітапханаларды қазақ халқының мҽдениеті мен ағартуының ошағына айналдыруға ҧмтылды. Оның басшылығымен оған бағынышты оқу орындарында оқу – тҽрбие жҧмысында кітапхана қорларын пайдалану бойынша жақсы дҽстҥрлер қалыптасты.

Әдебиеттер тізімі:

1. Алтынсарин И. Собр. 3 томдық шығарма: Т. 1. Алма–Ата, 1975 ж. 359 б.

2. В.Измаилов Халық педагогикасы: Орта Азия жҽне Қазақстан халықтарының педагогикалық кҿзқарастары М., 1991 .

3. Жҧмабаев М. Педагогика. Алматы, 1992 ж.

4. Галиев В.З. Қазақстандағы Кітапхана ісі: ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басы. Алматы:

[Қазақстан Ҧлттық кітапханасы], 1988 ж. 140 б.

5. Жҧмағҧлов Қ.Т. Ыбырай Алтынсарин жҽне қазақ халқының мҽдениетін дамыту. Алма–Ата. 1984. 204 б.

6. Ситдыков А.С. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі. Алматы:

Мектеп, 1968 ж. 148 б.

ҼҾЖ 37.01

БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДАҒЫ СПАНДИЯР КӨБЕЕВ МҦРАЛАРЫНЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ СИПАТЫ Булекбаева Жумаш Советовна

педагог – зерттеуші қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қостанай облысы әкімдігі басқармасының

«Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп – гимназия – интернаты» КММ Қостанай қаласы, Қазақстан E – mail: [email protected] Аңдатпа

Мақалада жас ұрпақты тәрбиелеуде Спандияр Кӛбеевтің ағартушылық мұрасының рӛлі ашылады.

Ыбырай Алтынсариннің ізін жалғастырушы Спадияр Кӛбеевтің еңбектеріне талдау жасай отырып, тәрбиелік сипаты мысалдармен озық педагогикалық жаңашыл ретінде баяндалады.

Түйінді сөздер: білім беру, Спандияр Кӛбеев, педагогика, мұра.

Аннотация

В статье Жумаш Булекбаевой расскрывается роль наследия казахстанского просветителя Спандияра Кубеева в воспитании подростающего поколения. В исследовании отмечается воспитательный характер, передовые технологий, новаторский характер работ Спандияра Кубеева, который был настоящим приемником Ибрая Алтынсарина.

Ключевые слова:образование, Спандияр Кобеев, педагогика, наследие.

Abstract

Zhumash Bulekbayeva – The article reveals the role of Spandiyar Kobeev's educational heritage in the education of the young generation.Analyzimg the works of Spandiyar Kobeev,who followed in the footsteps of Ibray Altynsarin,the educational character is described as an advanced pedagogical approach with examples.

Key words: education,Spandiyar Kobeev, pedagogy, heritage.

Тҽуелсіз Қазақстан қазіргі кезде ҽлем қауымдастығынан ҿзінің дамуы мен қалыптасу тенденциясына сҽйкес орын алуға ҧмтылуда. Ҿткенді зерделеу, ҧлы тҧлғалардың мҧраларын саралау, дҥниетанымын зерттеу, кҿзқарастарына баға беру бҥгінгі білім мен ғылым алдындағы жауапты міндеттердің бірі болып табылады.

Ҽр заман, тарихи ҽр кезең, ҽлеуметтік қҧбылыстар ҿзінің дарынды ҿкілдерін дҥниеге ҽкеледі.

Ҿркениетімізге рухани мҧра қалдырған қазақ ағартушыларының бірі – С.Кҿбеев.

Спандияр Кҿбеев ағартушылық қызметі жайында бірқатар зерттеу мақалалар, еңбектер басылып шыққан. Атап айтқанда, жазушының ҽдебиеттік еңбегі мен шығармалары жҿнінде М.Ҽуезовтің «Орыс реализмінің дҽстҥрі мен қазақ ҽдебиеті», С.Мҧқановтың «Жазушы педагог» деген мақалаларында, Б.Шалбаевтың «Қазақтың алғашқы романы» деген мақаласы мен «Қазақтың революциядан бҧрынғы прозасы мен романының тарихы» деген кітапшасында, С.Қирабаевтің

«Қазақтың тҧңғыш романы» деген мақаласы мен «С.Кҿбеевтің жазушылық қызметі» (қолжазба) деген диссертациясында, Кҿбеевтің ҿзінің «Орындалған роман» атты шығармасында, орта мектеп оқу кітаптарында айтылған. Спандияр Кҿбеев – 1903 жылдан бастап ҿзінің барлық саналы ғҧмырын,

(4)

кҥшін, білімін халық ағарту ісіне, оқытушылық жҧмысқа арнаған білікті де білгір педагог. Мҽлік Ғабдуллин ағартушы жайында мақаласында «1950 жылы «Орындалған арман» деген атпен мемуарлық кҿлемді шығармасын жазып, баспаға берді. Қазір «Педагогика мҽселелері» деген педагогикалық еңбек жазып жҥр. Біз бҧдан Спандияр Кҿбеевтің оқытушылық саласымен белсенді шҧғылданған жан болғанын аңғарамыз. [1, б. 253]

Спандиярдың жазушылық ҿнегесінде Ыбырай Алтынсарин тҽрбиесі айрықша сезіледі. Ол да, оның замандасы, ақын жҽне аудармашы Бекет Ҿтетілеуов те Ыбырай мектебінің тҥлектері еді. Олар алған білімін жас ҧрпақты тҽрбиелеуге жҧмсаған ҧстаздар болды да, осы жолда ағарту ісіне кҿркем ҽдебиетті пайдалана білді. Ҿздері шығармалар жазды, орыс жҽне ҽлем ҽдебиеті ҥлгілерін қазақшаға аударды. Ыбырай ҥлгісімен оқу қҧралдарын жазды. Мҧның бҽрі ҥлкен ҽдебиетке баратын жол еді.

Жҽне ол ҽдебиеттің ағартушылық бағытын тереңдете ҧстанған жалпы ҽдеби дамудың бір саласын қҧрады.

Оқушыға білім беру мен тҽрбиелеу – бір – бірінен айырғысыз қҧбылыстар. Тҽрбие сабақ барысында ғана емес, сабақтан тыс кезде де жҥргізіліп жататын ҥдерістер.

Спандияр Кҿбеев мҧғалім мектептің тҧлғасы, ҽрі тҽрбиеші, балалардың ой – санасының дҧрыс қалыптасуын, мінез – қҧлқының жақсы болып ҿсуін, мҽдениетті, ҽдепті, сыпайы болуын, сол сияқты баланың дене тҽрбиесіне кҿңіл бҿлуін оның бҥкіл халық алдында, Отан алдында жауапты екенін ескертеді. «Балалардың тҽрбиелі болып ҿсуі, – дейді Кҿбеев, – ең алдымен ҥйдегі тҽрбиеге, ата – ана тҽрбиеісне, ҿнегесіне байланысты болса, мектеп жасына толғаннан кейін баланың жасы тҽрбиені керек ететін шағы – оның бала уақыты, ересек кезі. Ал бҧл кезде ол кҿбінде мектепте болады. Ол мектепте болған кезде оны тҽрбиелеуші – мҧғалім».

Мҧғалімнің берген ақылы – ҽрбір жанның ҿміріне дҧрыс жол сілтер шамшырағы. Ҧлы ой иелері де, қоғам қайраткерлері де, жҥрегінде арман оты алаулаған жеткіншектер де аяулы ҧстаздарға ҽр кез қарыздар. «Қыран тҥлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ҧстаз шҽкіртіне талмас талап сыйлайды»

демекші, ҽрбір ҧстаз қай кезде де мектептің жҥрегі, қоғамның тірегі болмақ. Қоғам тҧлғаны қаншалықты дҽрежеде жетілдірсе, жетілген тҧлға қоғамды соншалықты дҽрежеде дамыта біледі.

С.Кҿбеевтің ҿз заманында барша қазақ баласының сауатын ашуға мақсатталған қызметтері, кейінгі ҧрпақтарға аманат еткен мҧралары білім беру саласында қашан да болса ҿзектілігін жоғалтпайды.

Ол ақын, ойшыл, нағыз ҧстаз жҽне ҿз халқының патриоты ретінде тҽрбиелік идеяларды айтып қана қоймай, оларды іс жҥзінде табанды еңбекқорлықпен жҥзеге асыра білді.

Спандияр Кҿбеевтің тек оқу – ағарту майданында ғана емес, сонымен қатар қазақ ҽдебиетінің тарихында да елеулі орын алады. Оның ағартушылық, педагогтік жҽне жазушылық қызметі ҿзі ҿмір сҥрген заманның талабынан туды, халықтың рухани тілегіне жауап берді.

С.Кҿбеев қазақ ауылындағы надандық, ҿзге де керағар мінез – қҧлықты сынау, шенеу, ҽшкерелеу мақсатында Крылов мысалдарын аударған. Спандияр Кҿбеевтің ағартушылық, аударма- шылық қызметі де осы негізде туды. Оның Крылов мысалдарын кҿбірек аударып, бҧрынғы аударылғандарын қайта қарап, бҿлек кітап етіп бастырып шығаруға талаптануы – 1908–1909 жылдары басталған еді. 1910 жылы бҧл аудармалар «Ҥлгілі тҽржімҽ» деген атпен Қазанда ағайынды Каримовтардың баспасында басылды. [1, б. 46] «Ҥлгілі тҽржімаға» кірген» Спандияр жасаған 44 аударма жҽне автордың «Мекен» атты бір ҿлеңі енген. Біздің байқауымызша, «Ҥлгілі тҽржімаға»

Крыловтан аударған 37 мысал, қалған 7 мысал сол кездегі оқу қҧралдарына кҿбірек пайдаланылып жҥрген кҿп авторға ортақ мысалдар. Олар Ушинскийдің де, Л.Толстойдың да, Ыбырай Алтынсариннің де хрестоматиясында да ҧшырасады. Дҽлме – дҽл аударма жасауды Спандияр алдына мақсат етіп қойған емес. Сондықтан оның кҿп шығармалары Крылов оригиналдарымен сайма – сай келе бермейді. Мысалы, «Қасқыр мен тырна» оригиналында 20 жол болса, аудармада одан екі есе артық, 54 жол. «Қарашекпен мен жыланда» 19, аудармада 46, «Арыстан мен тышқан» оргиналында 33, аудармада 72 жол.

Спандияр Кҿбеевтің аудармалары – тҥпнҧсқадан ерекшеленіп, ҿзгеше ҿң мен бояу арқылы жаңа бір ҿнер туындысы деңгейіне дейін кҿтерілген кҿркем туындылар.

С.Кҿбеевтің Крылов мысалдарын ағартушылық мақсатқа пайдаланбақ болғанын кез – келген мысалды оқи отырып, анық аңғаруға болады. Автордың позициясы айқын жҽне кҿпшілік оқырман қауымына бірден тҥсінікті. Ҿзі оқытушы, ағартушы Спандияр оқушыларына ҿз ойын тік, ашық айта отырады. Ҿзінің шығармаларынан ҥлгі ал деп нҧсқайды оқушыға. Осы принципті Спандияр Кҿбеев ҿзі жасаған аудармаларында берік ҧстанады.

«Бай болсаң, дҽулетіңді кҿңіліңе алма, Кҿршіге сенімсіздік қып қысым салма, Мықтылықты кҥшің болса, орнымен қыл, Бҽрін де беретҧғын жалғыз Алла, Ҥлкен болсаң, кішіні кемсінбей жҥр.

Неге десең, ие ғой о да жанға...»

(5)

Ы.АЛТЫНСАРИН МЕН С.КУБЕЕВТІҢ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ БАҒЫТЫНДАҒЫ АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ СОЗВУЧИЕ ПРОСВЕТИТЕЛЬСКИХ ИДЕЙ Ы.АЛТЫНСАРИНА И С.КУБЕЕВА СОВРЕМЕННЫМ ТРЕНДАМ ОБРАЗОВАНИЯ

Крыловтың «Емен ағашы мен тал шыбық» атты мысалының аудармасын С.Кҿбеев осы сҿздермен бастайды. Аудармашы автор халқына ақыл, ҿсиет сҿздерін айтып алады да, «Емен мен шілік» ҽңгімесін соған мысал есебінде кҿрсетеді. «Бай болсаң дҽулетіңе сеніп, кҿршіңе қысым жасам, ҥлкен болсаң, кішіні кемсінбе, кішіні кемсінген емен дауылда тҥбірімен қопарылып қҧлайды да, шілікке ештеңе де болған жоқ» деп тҥйіндейді автор.

Бейсенбай Кенжебаев та ҿз зерттеуінде автордың сҧлу сҿзден гҿрі ағартушылыққа, ақыл – ҿсиетке бағытталған шығармаларына талдау жасай келе: «Спандияр, ақын емес еді. Сондықтан ол Крыловтың мысалдарын, Абай сияқты, зор ақындық талантпен, шабытпен асқан шеберлікпен аудара алған жоқ, тек қара сҿзбен, кейде еркін, кейде дҽлме – дҽл етіп аударып, кҿбінесе олардың мағынасын ғана беріп отырды. Онысы жатық, қарапайым ҿлең болып шыққан». [3, б. 277]

Мҧны Спандияр аударған аударған мысал ҿлеңдерінен айқын кҿруге болады. Мысалы, ол

«Разборчивая невеста» деген мысалды «Кҥйеу таңдаған сҧлу қыз», «Листы и корни» деген мысалды

«Ағаштың тамырлары мен жапырақтары», «Крестьянин и смерть» деген ҿлеңді «Шал мен ҿлім»,

«Лисица и виноград» дегенді «Тҥлкі мен жҥзім жемісі» деп аударған. Спандир Кҿбеев ҿзінің «Ҥлгілі бала» атты оқу кітабы мектеп, оқытушы, оқушылар, адам ҿмірі, қоғамдық тҧрмыс жҿнінде тҥсінік беретін қысқа ҽңгіме, ҿлеңдерден бастаған. Кітаптың бҧл жағының негізгі идеясы «Мектепке шақыру»

деген орыс тілінен аударылған ҿлеңмен берілген. Ол ҿлең былай болып келеді:

Балалар, жиналыңыз мектепке ерте, Мҽз болмай деген сҿзге мырза, ерке.

Бҧл кезде ҿнерлі адам ҿрге шықты, Зат емес надан кісі алар текке.

Жазушы орыс тіліндегі бір ҽңгіменің желісін бойынша «Қайыршы» деген ҿлең жазып, оны оқу кітабына енгізген.

Қайыршы бір мҥсҽпір білуші ем шал, Ҥрерге ит, тігерге тҧяқ болмаған мал.

Ертеден кешке дейін қайыр сҧрап, Жҥруші ед кҿрінгенге атып амал.

Ҽркімнен бҧл қалыппен жинағанын, Жақсының Қҧдай ҥшін сыйлағанын.

Қарып – ғасыр, ақсақ,соқыр, нашарларға Ҿзінен таратушы ед ылғи ҽман.

Сондай – ақ, «Қасқыр мен тырна» атты мысалдың аудармасының басындағы 20 жолдай ҿлеңде де аудармашы уақиғада ҿз кҿзқарасын баяндайды:

Мысалы, бір қасқыр мен бір тырнадан, Жарар еді ғибрат алса бҥкіл адам.

Спандияр Кҿбеевтің оқу кітабы асқан педагогтік шеберлікпен жасалған. Оның кітабындағы ҽрбір ҽңгіме мен ертек, мысал мен ҿлең оқушыға ҿмірдің барлық саласынан тҥсінік, білім береді, осы арқылы мҽдениетке, ҿнер – білімге, адамгершілікке шақырады: еңбекке, іскерлікке, қайырымдылыққа, ҽділдікке ҥйретеді.

Спандияр жастарға заманауи білім беріп, мҽдениет пен ҿркениет кҿшіне ілесуге шақырды жҽне сол жолда аянбай жҧмыс атқарды.

Қорыта келгенде, айтарымыз ҧстаздың шығармашылығынан қазақ жастарын қайткен кҥнде де біліммен сусындатып, қҧштарлығын арттырып, еңбекке баулу мақсаты тҧрғанын кҿреміз.

Әдебиеттер тізімі:

1. М. Ғабдуллин, он бір томдық шығармалар жинағы VІІ том

2. Қирабаев С. Спандияр Кҿбеев, Алматы.1958 ж; Қазақтың мемлекеттік кҿркем баспасы

3. Кенжебаев Б., Ояну дҽуірінің ҽдебиеті (Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары) 2–том, Алматы, 2008 ж. «Ел – шежіре» баспасы

Referensi

Dokumen terkait

Ы.АЛТЫНСАРИН МЕН С.КУБЕЕВТІҢ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ БАҒЫТЫНДАҒЫ АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ СОЗВУЧИЕ ПРОСВЕТИТЕЛЬСКИХ ИДЕЙ Ы.АЛТЫНСАРИНА И С.КУБЕЕВА СОВРЕМЕННЫМ ТРЕНДАМ