УДК 656.13 DOI 10.52167/1609-1817-2023-125-2-79-87 Б. Рамазан1 , И.Қ. Саукенова2, М.Н. Айкумбеков3
1Логистика және көлік академиясы, Алматы, Қазақстан
2Алматы менеджмент университеті, Алматы, Қазақстан
3Қазақ автомобиль-жол институты, Алматы, Қазақстан E-mail: [email protected]
ҚАЗАҚСТАН ІШКІ ТАСЫМАЛДАУ ТІЗБЕГІН УНИМОДАЛЬДЫ ӘДІСПЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТИІМДІЛІКТЕРІ
Андатпа. Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттері Қазақстан аумағында заманауи көліктік-логистикалық жүйені құру, елде жоғары және тиімді көлік қатынасын қамтамасыз ету, республика аумағынан жүк ағынын ұлғайту және жер үсті, теңіз және әуе көлігінің барлық түрлерінің жұмысын үйлестіру болып табылады.
Бұл ғылыми мақалада тақырыптың мәселелерін толық талдау, заңдылықтарды анықтау және процестің жалпы сипаттамаларымен, деректердің үлкен көлемін зерттеуге мүмкіндік беретін статистикалық әдіс қолданылды.
Өңірлердің экономикалық көрсеткіштері жақсарған сайын жергілікті кәсіпкерлерге көлік кәсіпорындарын ұйымдастырулары үшін олардың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуші негізгі факторларды анықтау қажеттілігі туындайды.
Жариялымда келтірілген зерттеулердің негізінде - тасымалдау уақыты 94,62-ден 65,62 сағатқа дейін қысқарды, бұл клиенттер үшін тиімді және осылайша сатып алушылар санын көбейтеді, сондықтан «унимодальды» тасымалдау тәсілі бойынша Қазақстанның қалаішілік және өңірлік автомобиль жүк тізбегін ұйымдастыру ұсынылады.
Түйінді сөздер. Өңірлер, жүк көліктері, тасымалдау, сенімділік, тиімділік, логистикалық жүйелер.
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының біраз өңірлерінің жергілікті халықтың тығыздығы мен елді мекендер арасындағы қашықтыққа байланысты күрделі әлеуметтік проблема осы өңірлерде күнделікті сұраныстағы тауарларды өндіру мен жеткізудің өнімділігін арттыру болып табылады. Нарықтағы қарама-қайшылықты қатынастарға және жанар- жағармай материалдарының бағалары әртүрлі ішкі және сыртқы әсерлеріне байланысты көліктің, соның ішінде автомобильдің аймақтардағы жұмысына тікелей әсер етіп, тасымалдау бағасының өсуіне және тұрғындардың күнделікті қолданатын тауарларының қымбаттауына тікелей әсер етуде [1,2].
Осыған байланысты өңірлерде автомобиль көлігінде жұмысты ұйымдастыру және басқару жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және ашықтығын арттыру проблемасы туындады. Сонымен қатар, автомобиль көлігі саласында заманауи автомобильдердің техникалық дайындығын қамтамасыз ету мәселесі үлкен маңызға ие.
Материалдар мен тәсілдер.
Бұл ғылыми мақалада тақырыптың мәселелерін толық ашу және олардың көмегімен алынған қорытындыларды түсіндіру үшін әртүрлі зерттеу әдістері қолданылды.
Талдау мақсатында заңдылықтарды анықтау және процестің жалпы сипаттамаларымен, деректердің үлкен көлемін зерттеуге мүмкіндік беретін статистикалық әдіс қолданылды.
төмендетуге әсер етеді, бұл отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға алып келеді. Осыған байланысты көлік инфрақұрылымын жетілдіру елдің өнеркәсіптік және инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі [3].
«Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту макроөңір құру шеңберінде орталықтар базасында жүзеге асырылатын болады.
1 кесте - 2020-2025-жылдар бойынша Мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар [4]
Атқарылатын іс-шаралар 2020 2021 2022 2023 2024 2025
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль
жолдарының үлесі, пайыз 89 90 91 94 97 100
Республикалық маңызы бар автомобиль
жолдарын күрделі және орташа жөндеу, км 1400 1500 1600 2000 2000 2500 Облыстық және аудандық маңызы бар
автомобиль жолдарының жақсы және
қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі, пайыз 71 75 80 85 90 95 Облыстық және аудандық маңызы бар
автомобиль жолдарын салу,
реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу, км
4000 4200 4400 4600 4800 5000
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзақтығындағы I және II техникалық санаттағы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, пайыз
36 40 45 50 55 60
Өкінішке орай осы уақытқа дейін, жол бойындағы инфрақұрылымдар дамымаған, барлық үлкен жол үстіндегі құрылымдар туралы төмендегі 2-кестеде берілген.
Сондықтан өңір экономикасын көтеру және еліміздегі әлеуметтік мәселелерді шешу үшін автомобиль жолдарын жетілдіру және жаңа жолдар салу бойынша жұмысты бастау қажет.
Нәтижелер мен талқылаулар.
Өңірлердің экономикалық көрсеткіштері жақсарған сайын жергілікті кәсіпкерлерге көлік кәсіпорындарын ұйымдастырулары қажет. Бәсекеге қабілетті көлік топтарын құру үшін олардың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуші негізгі факторларды анықтау қажеттілігі туындайды. Сондықтан кәсіпкерлер мен қоғамдар желілік көлік қызметтерін арттыру үшін логистикалық басқару әдістерін қолданғаны тиімді болмақ [6].
Арнаулы жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсеткендей, төменде ішкі жүк тасымалдаумен айналысатын жүк автомобильдерінің жиі кездесетін техникалық ақаулары тізімі келтірілген [7-9].
3 кесте - АКҚ негізгі бұзылулары мен ақаулары
Бұзылулар мен ақаулар
Бір үлдегі 100 АКҚ шаққандағы саны Бензинмен жүретін Дизель мен жүретін Салпыншақ амортизаторлар,
рессорлар (серіппелер)
40 40
Шиналар (доңғалақтар) 18 18
Қозғалтқыш 25 25
Қоректену жүйесі 35 35
Оталдыру жүйесі 20
Іліну және раммалық құрылғылар 10 10
Тежеу жүйесі 15 15
Шанақ жұмыстары 10 10
Электро-қондырылғары 10 10
Дыбыс беру жүйесі 5 5
Аккумуляторлар 10 10
Деректерді талдау ауыр көліктердегі ең көп таралған техникалық ақауларымен кемшіліктер салпыншақ элементтері (40 пайыз), қозғалтқыштың қоректену жүйесі (35 пайыз), қуат блогы (25 пайыз), шиналар және шина материалы (18 пайыз) екенін көрсетті. Тіркеменің сынуы мен сыну саны келесідей бөлінеді: салпыншақ (амортизаторлар) (60%), дөңгелектер мен шиналар (45%), шанақтар жақтаулары (35%), ілгектер (25-40%). ТМД елдерінде және шетелде өндірілген жүк көліктерінің артықшылықтары мен кемшіліктері арасында кейбір айырмашылықтар бар.
Ғылыми-теориялық негіздеме. Жүктерді тасымалдау технологиясы екі негізгі ұғымнан тұрады: кезең және қозғалыс. Кезең - бұл белгілі бір процестерді жүзеге асыруға арналған қозғалыстар жиынтығы. Қозғалыс - бұл көлік процесінің бір бөлігі, логикалық ажырамас бөлігі және бір немесе бірнеше орындаушының белгілі бір мақсатқа жету бағыты. Мамандар автомобиль көлігінің пайдалану тиімділігін арттырудың теориялық негізі көлік логистикасының негізінде жатыр. Бүгінде мамандар логистиканы басқару жүйесін қолдана отырып, үлкен жетістіктерге жетті. Алдымен логистика материалдардың қозғалысын ұйымдастыруда, оларды таратуда, содан кейін өндірісте теориялық жаңалық ретінде қолданылады [10].
Еліміз тәуелсіз мемлекеттер қатарында болғандықтан, бүкіл әлем бойынша бәсекеге қабілетті экономикалық кеңеске кіру үшін жаңа басқару жүйелерін енгізуде.
Сонымен қатар, өңірлік әкімшіліктер қызметтері елдің ішкі, сыртқы саясаты мен елдің экономикалық даму бағдарламасының талаптарына сәйкес болуы керек. Әрбір өңір өзінің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын дайындап, оларды мемлекеттік бағдарламаға енгізгеннен кейін, барлық өңірлер негізгі: инвестициялар мен кәсіпкелерді тарту;
әлеуметтік жағдайды арттыру және жергілікті халықтың тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыру көрсеткіштері бойынша бір-бірімен бәсекеде болады.
Жоғарыда келтірілген зерттеулердің негізінде «унимодальды» тасымалдау тәсілі бойынша Қазақстанның қалаішілік және өңірлік автомобиль жүк тізбегін ұйымдастыру ұсынылады. Бұл бір құжатпен, бір көлік түрімен, бірақ бірнеше көліктен тұратын тасымалдау тізбегі.
1 сурет – Қалааралық және аймақтық автокөлікпен жүк тасымалдады «унимодальды»
әдіспен ұйымдастыру мақсатында тапсырысты «дәл мерзімінде» орындау бағдарламасын жасау алгоритмі
Бас ұйымдастырушы және бақылаушы жүкті қабылдап, тасымалданатын жүктің көлемі мен сапасы бойынша жөнелтушілердің алдында негізгі жауапкер болып табылады.
Тасымалдау құны жүктерді тасымалдауға арналған контейнерлік тіркеменің 130 текше метріне 30 000 теңгені (1 м3) құрайды, алайда, алдын-ала жоспарлау келесі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Біріншіден, сыйымдылығы 130 текше метр болатын тіркемеге, нақты көлемі 130 текше метр болатын жүк көлемін тиеу мүмкін емес. Бұл картон қораптар, ыдыстар, орауыш пакеттер арасында міндеті түрде әртүрлі бос орындардың болуы және жүк тиеушілердің кәсіби шеберлігінің деңгейіне байланысты, сондықтан қаржылық шығындарды анықтаған кезде жүктің көлемі 100 текше метр деп қарастырған дұрыс.
rpi ni i i
ij П T t t
T = + 0 + +
ix xi pi i
ei R T t t T
T = + 2+ + +
ii xi pi
er t t T
Т = + +
0 Пi
(
Ri −To2 0Те, уақыт жиынтығы
Анықталған уақыт мәндерін талдау
oД
ei T
T −
24соңы
, , , ,
,t ,t t t t
ТE p n rp x
Ортақ мәндерін анықтау
rpi n
ij t t
Т = +
O Пi +Taii ) (
Аймақтық тасымалдау ақпараттық көрсеткіштер жиынтығы
Жиналған көрсеткіштерді жинау
Тасымалдау маршруты бойынша жүру моделін орындау
сtni
Ritpi
0 Ri
Сондықтан тасымалдаушы осы қаражат есебінен жүкті Атырау қаласына жеткізуі тиіс. Жеткізу мерзімі келесідей анықталады
,
мұндағы: - жол жүру уақыты, сағ.; L – тасымалдау қашықтығы, км; - көліктің орташа жүру жылдамдық, км/сағ.; - тамақтану үшін тұратын үзіліс, сағ.; - демалыс уақыты, сағ.; - кездейсоқ техникалық қызмет көрсетуге жұмсалған жол уақыты, сағ.; n – тасымалдауға арналған тәулік саны; K – маршруттағы мемлекеттік немесе жергілікті бақылаушылар саны.
Осыған сәйкес келетін қалааралық тасымалдар қозғалысының шамамен уақыты анықталды және осыған сәйкес көп жылдық тәжірибе көрсеткендей, көрсеткіштердің келесі сандық мәндері қабылданды, жүк көліктерінің орташа жылдамдығы -50 км / сағ;
тиеу және түсіру уақыты -45 минут =0,75 сағат, күндізгі демалыс уақыты-8 сағат.
Бағыт бойынша; ол Алматыдан Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе қалаларына өтіп, Атырауға келеді. Ұсынылған тасымалдау жүйеге негізделген есептеулерде екі үзіліске қажет уақыт Тж = 94,62 сағат немесе 3,94 күн.
Тағы бір ұтымды құбылыс- жергілікті жүк көліктерінің жүргізушілері жол жағдайларын, жол бойындағы демалыс және техникалық қызмет көрсететін пункттерін, сондай-ақ жолдағы «қауіпті» орындарды жақсы біледі. Ұсынылған әдістің артықшылықтары:
- тасымалдау уақыты 94,62-ден 65,62 сағатқа дейін қысқарды, бұл клиенттер үшін тиімді және осылайша сатып алушылар санын көбейтеді;
-бір автокөлік 800- 900 шақырымнан аспайтын жол жүреді, сондықтан көлікті сапарға дайындау оңайырақ болады және егер жолда техникалық ақаулар болса, тез көмек көрсетілу мүмкіндігі бар;
- қозғалыс уақытының қысқаруына байланысты жол шығындары көлемі азаяды, бір ғана жүргізушілердің еңбек ақысынан 35000 ... 45 000 теңге үнемделеді және жергілікті жол жағдайлары мен жинау пункттерін жақсы білетіндердің жол қауіптілігінен құтылу мүмкіндігі жоғары. Осылайша, жүк сапасы бүлінбей тұтынушыларға дер кезінде артық шығынсыз жеткізілуі мүмкіндігі пайда болды.
Қорытынды.
Қазақстанның ішкі өңірлерінде және алыс қашықтықтарға жүктерді тасымалдау процесінің технологиясы үш сипаттамамен сипатталады: көліктер процестерінің бөлінуі, кезеңділігі мен жіктелуі, жүктерді тасымалдау процесінің кезеңдерге бөлінуі, тапсырысты орындау үшін қажетті шартты айқындау. Жүктерді тасымалдау процесіне тәуелділік субъективті логикаға сәйкес келетіндіктен, адамдардың тасымалдаудағы тиімділігі де артады. Жұмыс технологиялары негізгі экономикалық нормативтердің, атап айтқанда, қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру туралы заңның талаптарына сәйкес келетін болады.
Сондықтан нақты мақсаттарға жетуге бағытталған жіктеу мен әрекеттер ішкі логикаға және нақты көлік процесін дамытуға негізделуі керек. Технологияның өзі
«ештеңеден туындамайды», ол өткен және болашақ технологиялармен байланысты болады. Заманауи технологиялар болашақ технологияларға оңай айналатын принциптерге негізделуі керек.
Әрбір технология онда келтірілген циклдар мен әрекеттердің қажетті орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Бір тасымалдаушының талаптарын сақтамау бүкіл технологиялық тізбекке кері әсерін тигізеді, бұл көлік бизнесінен жоспарланған пайданы азайтады.
Заманауи технологиялар жүк тасымалдау процесіне, содан кейін жекелеген кезеңдерге арналған, сондықтан тасымалдауға ашық тапсырысты алдын-ала анықтап, жұмыс түрлерін анықтау қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
[1] Автомобильный транспорт Казахстана, 2015-2018 (Международный Союз Автомобильного транспорта). - М., 2019.- 148 с.
[2] Шпенст В.И. Оценка уровня и пути повышения качества транспортных услуг:
транспорт и дороги Казахстана / В.И.Шпенст. - 2020.
№ 4.
[3] Бекмагамбетов Н., Смирнов О.С. Транспортная система Республики Казахстан / Н. Бекмагамбетов, О.С. Смирнов. - Алматы, 2005.
[4] Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол»
мемлекеттік бағдарламасы. Нұр-Сұлтан. 2019ж
[5] Исингарин Н.К. Транспорт – основа экономических связей стран Содружества и Казахстана/ Н.К. Исингарин //Вестник КазАТК: сб.науч.тр. –Алматы, 2000. - С.95-96.
[6] Джонсон Джеймс. Современная логистика: учеб. Пособие//Джонсон Джеймс, Вуд Дональд, Л. Дэниэл, Р. Поль. – М.: Вильямс, 2002.- 624с.
[7] Кенжегулова С.Б., Ибраев Ж.У. Логистикалық тізбектегі ықшамдау негіздері/
С.Б. Кенжегулова, Ж.У. Ибраев //Сб. межд. нау.-практ. конф. КазАТК. - Алматы.-2009.- С.55-59.
[8] Жанбиров Ж.Г. Эффектифное использование грузовых автомобилей в регионах:
учеб. пособие/ Ж.Г. Жанбиров, Ж.У. Ибраев, Н. Аманов. - Алматы: Нур-Принт, 2010. - 110с.
[9] Козлов В.П. Прогнозирование основных показателей работы транспорта Республики Казахстан/ В.П. Козлов, К.Ж. Даубаев, Б.Е. Байжанова, К.Т. Такимбекова//
Вестник КазАТК: сб. науч.тр. - Алматы, 2002. - 1(13).
[10] Ефремов В.В., Семенов В.М. Сравнительная технико - экономическая оценка эффективности различных вариантов доставки грузов в транспортной логистике//В.В.
Ефремов, В.М. Семенов. – СПб., 2019. – 91 с.
REFERENCES*
[1] Avtomobil'nyj transport Kazahstana, 2015-2018 (Mezhdunarodnyj Sojuz Avtomobil'nogo transporta). - M., 2019.- 148 s.
[2] Shpenst V.I. Ocenka urovnja i puti povyshenija kachestva transportnyh uslug:
transport i dorogi Kazahstana / V.I.Shpenst. - 2020.
№ 4.
[3] Bekmagambetov N., Smirnov O.S. Transportnaja sistema Respubliki Kazahstan / N.
Bekmagambetov, O.S. Smirnov. - Almaty, 2005.
[4] Infrakurylymdy damytudyn 2020-2025 zhyldarga arnalgan «Nurly zhol» memlekettіk bagdarlamasy. Nur-Sultan. 2019zh
[5] Isingarin N.K. Transport – osnova jekonomicheskih svjazej stran Sodruzhestva i Kazahstana/ N.K. Isingarin //Vestnik KazATK: sb.nauch.tr. –Almaty, 2000. - S.95-96.
[6] Dzhonson Dzhejms. Sovremennaja logistika: ucheb. Posobie//Dzhonson Dzhejms, Vud Donal'd, L. Djenijel, R. Pol'. – M.: Vil'jams, 2002.- 624s.
[7] Kenzhegulova S.B., Ibraev Zh.U. Logistikalyқ tіzbektegі yқshamdau negіzderі/ S.B.
[8] Zhanbirov Zh.G. Jeffektifnoe ispol'zovanie gruzovyh avtomobilej v regionah: ucheb.
posobie/ Zh.G. Zhanbirov, Zh.U. Ibraev, N. Amanov. - Almaty: Nur-Print, 2010. - 110s.
[9] Kozlov V.P. Prognozirovanie osnovnyh pokazatelej raboty transporta Respubliki Kazahstan/ V.P. Kozlov, K.Zh. Daubaev, B.E. Bajzhanova, K.T. Takimbekova// Vestnik KazATK: sb. nauch.tr. - Almaty, 2002. - 1(13).
[10] Efremov V.V., Semenov V.M. Sravnitel'naja tehniko - jekonomicheskaja ocenka jeffektivnosti razlichnyh variantov dostavki gruzov v transportnoj logistike//V.V. Efremov, V.M.
Semenov. – SPb., 2019. – 91 s.
Bekbol Ramazan, doctoral student, Academy of Logistics and Transport, Almaty, Kazakhstan, [email protected]
Indira Saukenova, senior lecturer, Almaty Management University, Almaty, Kazakhstan, [email protected]
Muslim Aykumbekov, candidate of technical sciences, associate professor, Kazakh Automobile and Road Institute, Almaty, Kazakhstan, [email protected]
EFFICIENCY OF THE ORGANIZATION OF THE INTERNAL TRANSPORT CHAIN OF KAZAKHSTAN BY THE UNIMODAL METHOD
Abstract. The main objectives of the state program are to create a modern transport and logistics system on the territory of Kazakhstan, ensure high and efficient transport links in the country, increase cargo flow from the territory of the Republic and coordinate the work of all types of land, sea and air transport
In this scientific article, a detailed analysis of the problems of the subject, identification of patterns and general characteristics of the process, a statistical method was used that allows you to study a large amount of data.
As the economic indicators of the regions improve, local entrepreneurs need to identify the main factors that ensure their economic stability for the organization of transport enterprises.
Based on the research presented in the publication, the transportation time has been reduced from 94.62 to 65.62 hours, which is beneficial for customers and thus increases the number of buyers, so it is proposed to organize intra - city and regional road cargo chains of Kazakhstan according to the «unimodal» method of тransportation.
Keywords. regions, trucks, transportation, reliability, efficiency, logistics systems.
Бекбол Рамазан, докторант, Академия логистики и транспорта, Алматы, Казахстан, [email protected]
Индира Саукенова, старший преподаватель, Алматы Менеджмент Университет, Алматы, Казахстан, [email protected]
Муслим Айкумбеков, к.т.н., ассоциированный профессор, Казахский автомобильно-дорожного институт, Алматы, Казахстан, [email protected]
ЭФФЕКТИВНОСТЬ ОРГАНИЗАЦИИ ВНУТРЕННЕЙ ТРАНСПОРТНОЙ ЦЕПОЧКИ КАЗАХСТАНА УНИМОДАЛЬНЫМ МЕТОДОМ
Аннотация. Основными задачами государственной программы являются создание современной транспортно-логистической системы на территории Казахстана, обеспечение высокого и эффективного транспортного сообщения в стране, увеличение грузопотока с
территории республики и координация работы всех видов наземного, морского и воздушного транспорта
В данной научной статье использован статистический метод, позволяющий изучить большой объем данных, с полным анализом проблем субъекта, выявлением закономерностей и общими характеристиками процесса.
По мере улучшения экономических показателей регионов местным предпринимателям для организации транспортных предприятий необходимо определить основные факторы, обеспечивающие их экономическую устойчивость.
На основании исследований, приведенных в публикации - время перевозки сократилось с 94,62 до 65,62 часов, что выгодно для клиентов и тем самым увеличивает количество покупателей, поэтому предлагается организовать междугородную и региональную автомобильную грузовую перевозки Казахстана по способу
«унимодальный».
Ключевые слова. Регионы, грузовики, перевозки, надежность, эффективность, логистические системы.
*****************************************************************************