УДК 327.5(267.339) “1956”
«СУЭЦ ДАҒДАРЫСЫНЫҢ» ТАРИХИ СЕБЕПТЕРІ Кудайбергенов А.К., [email protected]
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана Ғылыми жетекші – Б.Ж. Абжаппарова
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «үшінші ҽлем» мемлекеттері едҽуір саяси жҽне ҽлеуметтік ҿзгерістерге ұшырайды. Соғыста жеңген елдер алдында «үшінші ҽлем елдерінің» даму векторына ықпал ететін саясат қолдану мҽселесі тұрды.Соғысқа дейінгі кезеңнен Таяу жҽне Орта Шығысты ҿзінің мүддесі толы аймақ деп санаған Ұлыбритания, бұл саясатты жүзеге асырудағы ең кҿп қиындықтарға тап болған мемлекет.
Ұлыбританияға Таяу Шығыс аймағындағы дамуды бақылауға қол жеткізу – не У.Черчиллдің консервативті үкіметінің, не К.Эттлидің лейбористік министрлер кабинетінің қолынан келген жоқ. У.Черчилл үкіметінің сыртқы істер министрі – А.Иденнің араб ҽлеміндегі үдерістерінің бақылауы деп санаған – Араб елдерінің лигасын құру да үмітін ақтамады.
Соғыстан кейін КСРО мен ағылшындар қатынасы шиеленісе түседі. 1947 жылы мамырда, британ жоғарғы ҽскери басшылығының стратегиялық жобасына сай, Кеңес Одағы басты потенциалды қарсылас, ал Орта жҽне Таяу Шығыс аймағы - «Ресей агрессиясының» ең ықтимал бағыты деп танылды. Осылайша, 1946 ж. бастап, ағылшын – мысыр келісім шарттарына ҿзгерістер енгізу жайында ұзаққа созылған келіссҿздер басталды. Бірақ, Ұлыбританияның Суэц каналы зонасында британ ҽскері базаларын сақтауына бағытталған келісім ҽрекеттері, Мысыр наразылығына тап болды. Алайда сол уақытта Палестина мҽселесінің шиеленісе түсуі, араб елдерінің Ұлыбританиямен ҽскери ынтымақтастығын нығайтуға қызығушылығын арттырды. Бұл жағдай Лондонның аймақтағы тиімді жайғасымын сақтауға қолайлы болды.
Г.Трумэн ҽкімшілігінің ішкі саяси басымдықтарының жүйесінде Орта жҽне Таяу Шығыс аймағы соғыстан кейінгі жылдары аса маңызды орынға ие болған жоқ. АҚШ-тың стратегиялық жоспарында бұл аймақ – Кеңес Одағымен ҽскери жанжал туындаса, – КСРО жеріндегі мұнай ҿндіретін жҽне ҿңдейтін обьектілеріне ядролық соққы жасайтын плацдарм ретінде бағаланды. АҚШ мемлекеттік департаментінің Таяу Шығыс бағытының ҽрекетін құру қиындығын айтқанда, Трумэн ҽкімшілігінің Америка сыртқы саясатының ғаламдық міндеттерін құрған жүйелілікті айта кеткен жҿн. Президент Дж.Монродан басталған, елдің ішкі саясатының біржақты мҽлімдеме мақсаттарының дҽстүрін жалғастыра отырып, Г.Трумэн, конгресске жолдауында, АҚШ-тың 20-шы ғасырдың ІІ жартысындағы сыртқы саясатының сипатын анықтаған бірқатар түбегейлі жағдайларды ұсынған болатын.
«Трумэн доктринасы» АҚШ-тың аймақтық жҽне ғаламдық саясатының мақсаты- еркіндік пен демократияны қорғау деп белгіледі.Доктрина тұжырымдамалары, сол кезеңде АҚШ билеушілер тобында болған, Таяу Шығыс мұнайы маңызының стратегиялық бағаларын тҽнік кҿрсеткенін айта кету керек. 1940 жылдың ІІ жартысында АҚШ-та Кеңес Одағымен болуы мүмкін соғыс жобалары, ҽскери ҽрекеттің басында КСРО батыс Еуропада да, Таяу Шығыста да стратегиялық табысқа қол жеткізу мүмкіндігін ескерді.
267
Соғыс орын алса, Орта Таяу Шығыс аймағының мұнай аудандары соғыс ҽрекеттерінің маңызды майданына айналатыны белгіленген.АҚШ сыртқы саясатының артықшылығы жүйесінде Таяу Шығыс маңызы, Еуропа бірігуінің экономикалық жҽне ҽскери-саяси дамуына қатысты жҽне аймақ маңызы АҚШ пен КСРО ықпалы жүретін салаларға бҿлінуінің аяқталуына байланысты ҿсті. Ол, ГФР-дің НАТО-ға енуі жҽне Варшава келісімінің пайда болуымен түсіндірілді.
Таяу Шығыс пен Еуропаның оңтүстігі арасындағы кҿпір болып есептелінетін Түркияны НАТО-ға қабылдау, осы альянстың ҽскери ұйымын құрумен бір уақытта жүрді.
Дайындық түрік ҽскери қуатының реформалануына жҽне ел аймағында ҽскери инфрақұрылым құрылуына байланысты болды. НАТО-ның Таяу Шығыста ықпалын таратуға – Ұлыбритания,АҚШ,Франция,Түркия қатысатын, орташығыстық командование құрылуына мүмкіндік туғызу керек еді. Мысыр үкіметінің бұл ұсыныстан бас тартқанына қарамастан, НАТО-ның алпауыт мемлекеттері, Орта жҽне Таяу Шығыста блоктың саясатын жүргізу үшін аймақ елдерінің ҽскери жҽне экономикалық кҿмек алуға қызығушылығын еске ала отырып, қысым кҿрсетті[1. 543-544].
1949 жылдың 20-шы қаңтарында президент Г.Трумэн ҿз жолдауында, АҚШ-тың сыртқы саясатының тҿртінші ең маңызды пункті – нашар дамыған елдерге кҿмек кҿрсету екендігін атап ҿтті. Дипломатия тарихында «тҿртінші пункт бағдарламалары» атты есімімен белгілі бағдарлама, АҚШ-тың сыртқы саяси стратегиясын дамытуда «күштің ҽскери емес факторы» кҿп ескеріле бастағанын білдірді. Аймақ елдеріне Америка тарапынан экономикалық жҽне техникалық кҿмек кҿрсету идеясының авторларының пайымдауынша, мұндай жағдай елдердің экономикасының ҿрлеуіне жҽне батыс капиталының түсіміне жағдай жасауы тиіс еді. Бұл бағдарламаның жүзеге асуы үшін, елдердің саяси жҽне ҽлеуметтік жүйесіне либералды ой мен кҿзқарастар енгізу керек еді.АҚШ мемлекеттік хатшысы – Д. Ачесон, 1952 жылы У.Черчиллмен ҽңгімесі кезінде Таяу Шығыстағы жағдайға «Карл Марксқа тұрарлық баға береді»:
«панасыз,жұмыссыз,кедейлер саны толып жатыр, пролетариат жоқ, орта тап жоқ, билеуші топ шағын, ҽрі сатылмалы. Бұл топты, аймақтың баға жетпес байлығын, ҽсіресе Суэц каналын жҽне мұнайын пайдалану үшін шетелдіктер қолдап отыр». Бұл кҿзқарасқа британ саясаткерлері де қосылды. Бірақ, ағылшын журналы «Раунд Тэйбл» американдық дипломаттарға қарағанда, британ саясаткерлері, аймақ мемлекеттерінің билігінде тұрған күштерімен ынтымақтастықты жалғастыру мүмкін емес деп санағанын жазды.
1952 жылы шілдеде Мысырда антимонархиялық революция орын алып,билік басына
«Бос Офицерлер» ұйымының ҿкілдері келді. Оны бастаған Г.А. Насер еді. Бұндай оқиға американдық дипломаттарының, ҽскери топтар – тұрақтылық факторы, ҽрі батыстан аймаққа батыстық ҽсерді ҿткізушісі бола алады дескен ойларымен сай келді. Бірақ, АҚШ ҿкілдерінің, Сирия ҽскерилерімен қатынасы(Сирияда 1949 жылы үш мемлекеттік тҿңкеріс орын алған), Таяу Шығыстағы ҽскери режимдердің тұрақтылығына күдік туғызды.
Билікке келген ҽскерилер билікті азаматтық үкіметке беруге асыққан жоқ. Бұл «Трумэн доктринасында» айтылған, демократияны қорғау жайлы американдық саясаттың стратегиялық міндеттерімен қайшы келді. Дегенмен, Мысырдағы саяси ҽрекеттерді басқару жолдарын тауып, бұл тҽжірибені аймақтың басқа елдеріне қолдану ҿте маңызды болды.
Кеңес үкіметінде ядролық жҽне термоядролық қаруының пайда болуы себепті, американдық жҽне британ ҽскерлері үшін Суэц каналы зонасындағы базасының ҽлсіз қалуы айқын болды. 1952-1953 жылдар аралығында АҚШ-та да, Ұлыбританияда да Таяу Шығыстағы стратегиялық жобалауға ҿзгерістер енгізу ҽрекеттері қолданыла бастады.
Ұлыбританияда жаңа стратегиялық жоба жасалды, АҚШ «жаңа кҿзқарас» концепциясы шеңберінде ҽрекеттерге кҿше бастады. АҚШ үшін басым міндет – Түркия, Иран жҽне Пҽкістанды қосатын Таяу жҽне орта Шығыстың «солтүстік қабатының» мемлекеттер одағын құру болды. Аймаққа жеке капитал түсуін қамтамасыз ететіндей, тұрақты жағдай туғызу үшін, араб-израиль қақтығысын реттеудегі прогресске қол жеткізудің мҽні ҿсе
түсті. Бірақ, Таяу Шығыстың бейбітшілік ҽрекетіне түрткі болу үшін Мысырмен арақатынасты тҽртіпке келтіру маңызды болды.
1951 жылы, жалпы сайлау нҽтижесінде билікке келген У.Черчиллдің консерваторлық партиясы ағылшын – мысыр келісімін жасауға бет алды. Лондон, ҽлемдік қарбаластың шиеленіскен жағдайында, Суэц базасын қолдану құқығына ие болды. Д.Эйзенхауэр үкіметі, Суэц базасының статусын ҿзгерту бойынша Ұлыбритания мен Мысыр арасындағы келіссҿздер процессін жетілдіруді барша ынталандырды. Американдық дипломатияның қызметі АҚШ-Мысыр қатынасының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызды.
У.Черчилл басқарған британ үкіметі Таяу Шығыста саясатын жүргізуіне байланысты едҽуір ішкі саяси ауырлық кҿрді. Консерваторлық партияда беделді оппозиция құрылды.
«Суэц тобының» мүшелері, Мысырда ҽскери күштің сақталуын жақтап, үкімет беталысын сынға алды. Шынымен, У.Черчилл ҿзіне тҽн айлакерлігімен жҽне тҽжірибесімен оппозиционерлерді қолдады. Осы арқылы американдық үкіметке қысым жасап, АҚШ-тан
«Атлант ынтымақтастық» ҽрекетіне қол жеткізуге тырысты. Ағылшын – американ қатынасында кҿптеген алауыздық туғызған, У.Черчилл таңдаған Мысырмен келіссҿзді мүмкіндігінше созу тҽсілі - ақыр аяғында нҽтижесін берді. 1954 жылдың маусым айының соңында, Вашингтондағы келіссҿздер кезінде АҚШ үкіметі, Мысыр үкіметінің Суэц каналы аймағындағы базаның статусы туралы ҽзірленіп жатқан келіссҿздер заңдарын орындауымен, Мысырға кҿмек кҿрсетуге уҽде берді. Осылайша, АҚШ, бейресми түрде келісім кепілгері атқарымын ҿз міндетіне алды. [2] Келісімге сай, Ұлыбритания 20 ай ішінде Суэц базасынан ҽскерін шығаруға міндетті болды. Егер араб елдерінің біріне немесе Түркияға қатысты басқыншылық орын алған болса, британ күштері базаға қайта оралу құқығына ие болды. Келіссҿз мҽтінінде араб елдерінің ҿзара арасында жҽне Израильмен ҽскери қақтығысқа жол бермеу туралы ескертпе болды. Американдық дипломатия ағылшын-мысыр қатынасының жақсаруына ерекше қызығушылығын білдірді.
«Нью-Йорк Таймс» газеті, бұл келісім Ирак пен Иран жҽне басқа араб мемлекеттері арқасында (оның ішінде Мысыр да бар) Түркия мен Пҽкістан арасындағы байланысты кеңейтуге жол ашты,-деп жазды. Дҽл сол уақытта, британ парламентіндегі оппозиция ҿкілдері, Мысырда премьер-министр қызметін атқарғанмен, іс жүзінде елдің саясатын билеген Г.А. Насер келісім денонсациясына талпынады деп санады. Мысыр революциялық командование кеңесінің мүшесі – Мохи Эл Дин, ҿзінің естелікнамасында, 1954 жылдан бастап Г.А.Насердің, егер қажеті туса,британ ҽскерлерінің Мысыр жеріне қайта оралуына, күшпен болса да жол бермейтіндігін жазды.
Мысыр, АҚШ жҽне Ұлыбритания арасындағы қатынастың қиындауына ерекше себеп болған – 1955 жылдың басында «Бағдад пактісі» атты Таяу жҽне Орта Шығыс елдерінің
«солтүстік қабатының» ҽскери-саяси ұйымының құрылуы. Мысыр, пактіде Ұлыбритания мен Ирактың болуын - НАТО елдерінің Мысырдың аймақта кҿшбасшы мемлекет атануына келіспеуі деп түсінді. Израиль үкіметі де жобаға байланысты жағымсыз кҿзқарасын білдірді. Мысыр үкіметі, 1955 жылдың 28 ақпанында Израиль коммандосының Мысыр жеріне рейді – Мысырдың Бағдад пактісіне қарсы болуы жҽне Израильмен келісімге келуден бас тартуына байланысты АҚШ-тың ұйымдастырған жорығы деп бағалады. Осыған байланысты офицерлер тарапы Насердан ҽскердің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруды талап етеді.
АҚШ-тың Бағдад пактісіне мүше болмауы – американ дипломатиясының КСРО мен Таяу Шығыс пен орта шығыстағы жағдайды ушықтрып алуын қаламайтындығының, ҽрі аймақ елдерімен байланыстағы дипломатиялық маневр еркіндігін сақтауға талпынысының белгісі. КСРО жерімен шекаралас территорияда ҽскери блоктың құрылуы – Кеңес Одағы тарапынан қарсы ҽрекет жасауына ҽкелетіндігі мҽлім. Кеңес Одағының Таяу Шығыс жҽне Африка бағытындағы саясатын жандандыруы – ҽрі соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесінің, ҽрі қырғи қабақ соғысының жалғасының нышаны. ГФР-ның НАТО-ға мүше болуы, Варшава келісімі ұйымының құрылуы Еуропада ҽскери- стратегиялық тұрақтылық жағдайының орнауына ҽкелді. НАТО-ның Каирге қару-жарақ
жеткізуді қаламайтындығын түсінген Мысыр, КСРО-мен келіссҿздерін бастайды. АҚШ пен Ұлыбритания дипломатиясы, КСРО-ны араб елдеріне қару-жарақ сату үшін алпауыт елдердің монополиясын бұзып, «қырғи қабақ соғыс үшін жаңа майдан ашты» деген айыптары – анық асырып айтып,«екіжақты стандарт» логикасын кҿрсеткені. Кеңес Одағы, ҿз кезегінен Г.А.Насердің антикоммунизмін есепке алмауы мүмкін емес еді. Дегенмен, Бағдад пактісіне қарсы күрес, Мысыр мен КСРО-ны біршама жақындатты.[3]
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Дж.Ф.Даллесті алаңдатқан жағдай – Мысыр анықтайтын шарттар шеңберінде КСРО-ның аймақтағы қарсы тұру кҿрінісі жҽне соғыстан кейінгі барлық халықаралық қатынас жүйесінің тұрақтылығына қауіп тҿндіретін жағдайды болдырмас – КСРО мен АҚШ қатынасының қиындығы.1956 жылдың наурызында президент Эйзенхауэр «Омега» жобасын бекітті. Жобаның бірінші бҿлімінде Мысырға экономикалық жҽне саяси қысым кҿрсету шаралары қарастырылды. Екінші бҿлімінде – бұл елдің саяси жҽне дипломатиялық оқшаулау жолдары қарастырылды.
«Омега» жоспарының үшінші бҿлімі ҽлі күнге дейін белгісіз. Мемлекеттік хатшы, ҽлем нарығына АҚШ мақтасының үлкен кҿлемін шығару арқылы, мысырлық мақтаның бағасын түсіру, Мысыр радиосының бағдарламаларын тоқтату жҽне Дамаск Насерді қолдаса, Сирияда мемлекеттік тҿңкеріс жасау жайлы айтқан. Осылайша, Мысырда ішкі саяси дағдарыс жасауды ойлады.
Ұлыбритания үкіметі, Таяу Шығыстағы жағдай бойынша Вашингтон ұсынған бағдарламасын лайықты емес деп бағалады. 1956 жылдың наурызында құрған, Мысыр бойынша британдық жоспардың басты мақсаты – Насер режимін қарулы жолмен құлату.
Вашингтон бұл жоспардың қаупі жайлы жҽне мұндай қадамға бармауын бірнеше рет кҿндіруге тырысты. Бірақ, британ үкіметі ведомстволарынан жиі орын алатын
«ақпараттың тасуы» жҽне ағылшын баспасҿз құралдарының Мысыр кҿшбасшысына деген жағымсыз кҿзқарасы – премьер-министр А.Иденнің ҽскери күш арқылы мҽселені шешу жолын таңдағанының анық белгісі.
Мысырмен ҽскери қақтығыс жоспары Израильде жасалды. Бірнеше жыл қатарынан Израиль үкіметі АҚШ-тан «қауіпсіздікті қамтамасыз ету келісімін» жасау жҽне АҚШ-тан қару-жарақ сатып алу үшін рұқсатын алуға тырысқанымен жүзеге аспады. 1954 жылдан бастап, Каирдың алжирлік Ұлттық Азат ету фронтын қолдағаны үшін француз-мысыр қатынасы қиындай түсіп, Израиль мен Франция ҿзара жақындай бастайды.
Дуайт Дэвид Эйзенхауэр үкіметі, АҚШ-Израиль «ерекше» қарым-қатынасын АҚШ- тың аймақтық саясаты мүдделерімен лайықты етіп жасау жолында кҿп күш-жігерін салды.
Израиль үкіметіне, АҚШ ҽкімшілігіне жҽне бұқара ақпарат құралдарына қысым кҿрсетуге мүмкіндік беретін, үкіметтік органдардан «ақпараттың тасуы» айтарлықтай шектелді.
Израиль АҚШ мемлекеттік департамент ҽрекеттерін Израильмен қарым-қатынасты
«тҿмендетуге» талпынысы деп бағалап, осыған қарсы тұруға ниетін білдірді. Ҽйгілі Израиль саясаткері Д.Бен-Гурион 1954 жылы, Эйзенхауэр үкіметі,Израильды басқаруға мандат алуын қалайтындығы жайлы жариялады.Ол: «Израиль шешімі – ҿзінің сыртқы саясатын еркін жүргізуге құқығын қорғау, жҽне АҚШ-қа «Израиль-Гватемала емес»
екендігін дҽлелдеу,-деп атап ҿтті.[4] Д.Бен-Гурион басқарған премьер-министрлер кабинетінің, Израиль ҽскерін нығайтуға бағытталған күш-жігері - АҚШ-қа Таяу Шығыстағы жағдайды олардың «жер үшің бейбітшілік» формуласы бойынша араб- израиль келіссҿздері үшін кҿрсеткен қысымы қабілестіз екендігін кҿрсету мақсатында қолданғанымен түсіндіріледі. Израиль саясаткерлері мен ҽскерлер тобы, Мысыр ҽскерінің Варшава блогынан түскен қаруды меңгергенге дейін, қарсы ҽскери акция жүргізу жоспарын ойластырды.
1956 жылдың 30-шы қаңтарында АҚШ-тағы Израиль елшісі А.Эбан кҿпшілік алдында Ұлыбритания жҽне АҚШ үкіметінен ҽскери кҿмек кҿрсетуін сұрады. Осы арқылы израильдік дипломатия, президент Д.Эйзенхауэр жҽне мемлекеттік хатшы Ф.Даллес құтылғысы келген ішкі саяси жағдайын жасады. Эбан үндеуін произраильдік бағыттағы саясаткерлер қолдады. АҚШ-та президент сайлау науқаны басталғандықтан, сайлау
алдындағы ой-пікірлер Таяу Шығыс ҽкімшілік саясатының құрылуына ықпалын тигізді.
1956 жылдың кҿктемінде, Израиль саяси шеңберінде Мысырға қарсы соғысқа шақыру кеңге жайыла бастады.Ҽскери қақтығыстың болмауына күшін сала отырып, АҚШ үкіметі, егер қақтығыс басталған жағдайда, оның ҿрбуін қадағалайтын шараларды белгілейді.
Мемлекеттік департамент, штаб басшыларының біріккен комитеті, Орталық барлау басқармасы - жергілікті қақтығыстың мүмкін жолдарын жҽне оның интернационалдандыру ықтималдығын қарастырды. АҚШ-тың қақтығысқа қарулы жолмен араласуы орынсыз деп танылды. Ақыр соңында, АҚШ-тың ҽскери жҽне дипломатиялық ведомствосы «Стокпайл» операция жобасын құрды. Бұл жоба, 6-шы американдық флотында тіркелген кемеде артиллериялық, атқыштар қару-жарағы жҽне ату жарақтары қоймасын құруды ескерді. Қару-жарақтар араб елдеріне Израиль тарапынан басқыншылық кҿрсетілсе берілетін болды. Бұдан басқа, Дж.Даллес Таяу Шығыс аймағындағы аэродромдарында ұшақтардың белгілі бір санын орналастыруды ұсынып, бұл ұшақтарды қолдануға агрессия құрбаны болған жақ қолдану мүмкіндігіне ие деп Израиль мен араб елдерін ескертті.Осы уақытта АҚШ пен КСРО ұстанымдарының жақындау мүмкіндігі пайда болды. 1956 жылы, сҽуір айында, Ұлыбританияға сапары кезінде КОКП ОК-ің бірінші хатшысы Н.С. Хрущев, БҰҰ қамқорлығымен Таяу Шығысқа қару-жарақ жеткізіліміне тыйым салуды енгізу жайлы сҿз сҿйледі. Бұл бірінші ретте Мысыр басшылығын ҽбігерлендірді.Мысырдың ҚХР-ын дипломатиялық мойындауы- ірі мемлекеттерге Г.А. Насердың дипломатиялық маневр мүмкіндіктері бар екенін кҿрсетті.
ҚХР Мысырға потенциалды қару жеткізуші ретінде бағаланды.
Осылайша, 1956 жылдың ортасында Таяу Шығыста дағдарыстың пайда болуы да мүмкіндігі жҽне аймақтағы ахуалды реттейтін де жағдай туды. Ішкі саяси жағдайды тұрақтандыру жҽне Мысырдың араб ҽлемінде кҿшбасшы танылуына байланысты наразылықты растау үшін, Г.А. Насерға елінің егемендігін қорғау үшін, саяси ырқын кҿрсетуі қажет болды. НАТО-ның алпауыт мемлекеттерімен қарым-қатынасындағы дағдарыс, 1954 жылғы ағылшын-мысыр келісімінің күшін жоюына негіз бола алады.
Насер үшін британ жҽне француз үкіметі Мысырға қарсы басқыншылық жасау үшін сылтау іздеп жүргені құпия болды. Ҽйткенмен, Америка үкіметінің ҽрекеттері, АҚШ- тағы келер президент сайлауы себебінен, НАТО бойынша серіктестерінің ҽскери акцияларын қолдамайтындығы жайлы ойлауға мүмкіндік берді. Осылайша Насер, АҚШ, Ұлыбритания жҽне Франция арасындағы алауыздықты ҿз пайдасына шешуге мүмкіндік алды. Оған қоса, Мысыр президентін Солтүстік Атлантикалық блоктың Мысырда ішкі саяси дағдарыс туғызу үшін құрылған одағы қобалжытпай қоймады. Бұл Насерді Кеңес Одағымен байланысты дамытуға итермеледі.
1955 жылдың желтоқсанында АҚШ жҽне Ұлыбритания үкіметі, халықаралық даму жҽне қайта құру банкімен бірлесе, Мысырға Нілде Асуан бҿгетінің бірінші кезегін салуға несие беруді ұсынды. Шындығында, Мысырдан саяси шегінуге қол жеткізу мақсатымен, керекті сома берілуі түрлі ҽдістермен кешеуілдетілді. 1956 жылы, мамыр айында, АҚШ жҽне Ұлыбритания дипломатиялық ведомстволар басшылары, асуан жобасын қаржыландыру сертін бұзу қажеттігі жайлы келісті. 1956 жылдың 28-ші маусымында, Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің мҽжілісінде Орталық басқару басқармасының директоры А.Даллес жиналғандарға, КСРО-ның Сыртқы істер министрі Т.Шепиловтың шілде айының ортасында Каирге сапары барысында, Кеңес Одағы тарапынан Асуан бҿгетін салуға 60 жыл мерзіміне, 400 млн $ сомасында ҿсімсіз қарыз беруге ұсынғанын хабарлады.Мысырмен мұндай орнаған қатынасқа байланысты Дж.Ф.Даллес асығыстық жасамау керектігін жҽне КСРО-ның Асуан бҿгетін қаржыландыруы АҚШ-тың Таяу Шығыстағы саясаты үшін жағымсыз салдармен оралатынын, бірақ, қайткенмен де, ұзақ уақыттық жоспарға сай оларға жеңіс ҽкелетінін атап ҿтті. Бҿгеттің салынуы Мысыр экономикасына ауыр жүк болады жҽне тұрмыс деңгейінің тҿмендеуіне ҽкеліп соғады.
Халық осы үшін жауапкершілікті Насер мен КСРО-ға жүктейді.
Г.А.Насер ҿзінің Бағдад пактісі елдеріндегі кҿздерінен Вашингтон мен Лондон ниеттері жайлы, 1956 жылы шілдеде мемлекеттік хатшының Мысыр елшісіне Америка үкіметінің шешімі туралы айтқанына дейін мҽлімет алған. Осыдан келесі күні Британ үкіметі, ал 23-ші шілдеде халықаралық қайта құру жҽне даму банкі Мысырға бұрын айтқан қарыз ұсынысын қайтарып алу жайлы хабарлады. Каирдегі АҚШ елшілігі, бұл жағдай Насерді еш таңдандырмағанын жҽне 26-шы шілдеде маңызды хабар жариялауға уҽде бергенін мҽлімдеді. Дипломаттар ойынша, Мысыр президенті «тҿртінші пункт бағдарламасы» бойынша американдық экономикалық кҿмектен бас тартады. Алайда, Насердің АҚШ пен Ұлыбритания ҽрекеттеріне жауабы мүлдем басқа сипатта болды.
1956 жылдың 26-шы тамызында Мысыр президенті Суэц каналы компаниясының мемлекеттендіру туралы заңға қол қойғанын жариялайды. Осылайша бұл шешім, тарихта
«Суэц дағдарысы» атауымен ҽйгілі,ҽлемді дүр сілкіндірген оқиғаның орын алуына себепші болды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Холодная война.1945-1963 гг. Историческая ретроперспектива: Сб.ст/ Рос.акад.наук. Ин-т всеобщей истории/ Отв.ред. Н.И.Егорова,А.О.Чубарьян.-М.:ОЛМА-ПРЕСС, 2003. С.
543-544 2. - 3. Ibid
4. Hahn P. The view of Jerusalem: Revelation about US Diplomacy from the Archives of Israel // Diplomatic History. Fall 1998. P. 509-532