МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН MINISTRY OF EDUCATION AND SCIENCE OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТI
ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМ. Л.Н. ГУМИЛЕВА L.N. GUMILYOV EURASIAN
NATIONAL UNIVERSITY
ХАБАРШЫ
1995 жылдың қантарынан жылына 6 рет шығады
I бөлiм
№ 6 (97) · 2013
ВЕСТНИК
выходит 6 раз в год с января 1995г.
I часть
HERALD
Since 1995
I part
Астана
ӘОЖ 517
Г.З. Абдыбаева, М.К. Шайжанов, Б.А. Серимбетов
Магистратурада бөлiмiнде оқу процессiн басқарудың автоматтандырылған жүмыс орнын қүру
(Түран-Астана университетi, Астана қ., Қазақстан)
Жоғары оқудан кейiнгi магистратура бөлiмiнде оқу процессiн басқарудың мамандырылған жүмыс орнын қүру - оқу үрдiсiнiң жобалануына және магистранттардың белгiленген оқу жетiстiктерiне байланысты iс-шаралар процедурасын автоматтандырылуына мүмкiндiк бередi.
Түйiн сөздер:магистратура, автоматтандыру, жүмыс орны, оқу үрдiсi.
Қазақстан Республикасының өндiрiстiк-инновациялық даму стратегиясын iске асыру шеңберiндегi ең өзектi мiндеттерiнiң бiрi - кадрлар даярлауды және қайта даярлауды үйымдастыру. Ол үшiн әлемдiк жетекшi жоғарғы оқу орындарында (ЖОО) мойындалған ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды - магистрлар мен Ph.D докторларын даярлаудың жаңа нысанын көздейтiн жоғары оқу орынан кейiнгi бiлiм беру жүйесiн жетiлдiру қажет. Дамудың инновациялық жолына өту кезiнде республикаға қазiргi таңдағы менеджмент саласындағы қажеттi бiлiмдi меңгерген, инновацияны басқарудың тиiмдi жүйесiн қысқа мерзiмде қалыптастыра алатын мамандар қажет болады.
"Қазақстан Республикасының 2015 жыға дейiн бiлiм берудi дамыту концепциясына"сәйкес магистратура жоғары мамандандырылған оқу жүйесiне қосылады және ол ғылыми және ғылыми-педагогикалық жоғары бiлiктiлiктi мамандар дайындауға бағытталған [1].
Магистратураның негiзгi мiндеттерi:
-кадрларды халықаралық нормаға сәйкес дайындау;
-еңбек нарығын талаптарын жоғары бiлiктiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету;
-магистратура бiтiрушiлердi докторлық бағдарламаны меңгеруге дайындау.
Магистратурадағы кредиттiк оқыту жүйесiнiң негiзгi ерекше белгiлерi [2]:
магистранттың оқу жүмысы көлемiнiң бiрыңғай өлшем бiрлiгi секiлдi, "кредит"шартты бiрлiгiн енгiзу;
магистранттардың оқу жоспарына енгiзiлген пәндi таңдау еркiндiгi;
магистранттардың оқытушы таңдау еркiндiгi;
жеке оқыту траекториясын жасауға әр магистранттың жеке қатысуы;
магистранттарды шетел ЖОО-на академиялық ауыстыруды жүзеге асыру үшiн және мамандардың дипломын халықаралық деңгейде (конверттелуiне) мойындау шарттарын орындау.
Бүл магистратура мiндетiнiң кеңеюiне, шетелдiк ЖОО-мен және ЖОО-ның аккредитациясы немесе ғылыми мекемелермен әрiптестiктi орнату қажеттiлiгiмен байланысты жағдайды көтеруге әкеледi.
"Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының классификаторымен"бекiтiлген магистрлердi дайындау мамандықтары және ғылыми мамандануы бойынша ЖОО-ның кафедраларында жүргiзiледi. Магистратурада бiлiм беру бағдарламасын қамтамасыздандыру талаптарына сәйкес сол мамандық бойынша доктор немесе ғылым кандидаты бiлiм дәрежесi бар кемiнде 5 адамнан түратын оқытушы және ғылыми қүрама iс жүргiзедi. Қажет жағдайда салалас ғылым тарауы бойынша консультант бекiтiледi.
Магистратурада тереңдетiлген кешендiк және ғылыми-педагогикалық оқыту үрдiсiн жүргiзу кезiнде ГОСО РК "Магистратура. Негiзгi ережелерi", Классификатормен, бiлiм бағдарламасы қүжаттарымен қамтамасыз етiледi; мамандықтар стандартымен және соның негiзiнде жасалған жүмысшы оқу жоспарымен қамтамасыз етiледi [3].
Магистратураның кешендi-бiлiм бағдарламасының қүрылымы мен мазмүндамасы ЖОО-мен жасалады. Мамандықтар стандарты ғылыми-әдiстемелiк бiрлестiктерде (ҒЭБ) қарастырылады және ҚР бiлiм және ғылым министрлiгiмен бекiтiледi. Оқу жылы
академиялық кезеңнен, қорытынды бақылау кезеңiнен, тәжiрибелерден және каникул демалысынан түрады. Магистранттың барлық мерзiмде өткiзетiн оқу мерзiмiнiң жалпы бюджетi кешендi немесе ғылыми-педагогикалық магистратура дайындығына сәйкес ЖОО- мен немесе ғылыми мекемелермен белгiленедi.
Магистратурада оқу үрдiсiнiң қүрамы мен формасы, барлық оқу мерзiмiне жобаланған сабақтар мен тәжiрибелердiң барлық түрi оқу жоспарының екi формасында көрсетiледi:
жүмысшы оқу жоспары және магистранттың жеке жүмыс жоспарында. Магистратурадағы оқу үрдiсiн үйымдастыру мамандық стандартының талаптарына сәйкес келедi және магистранттардың дайындық бiлiм беру бағдарламасын толық игеруi үшiн және магистрант академиялық дәрежесiн алуына қолайлы жағдай жасайды. Оқу үрдiсiн үйымдастыру офис- регистратор, академиялық консультант - тьютер және эдвайзер қызметiмен қамтамасыз етiледi.
Магистрантты курсқа тiркеу, бiлiм беру пәндерi каталогымен, анықтамалық-жолсiлтеуiш және оку-әдiстемелiк қүралдармен қамтамасыз ету офис регистраторы қызметiмен жүргiзiледi. Офис регистратор қызметкерi кез-келген уақытта профессорлық-оқытушылық қүрамды және магистранттарды магистратурада оқыту үрдiсi үйымдастыру туралы ережелермен және барлық енгiзiлген өзгерiстермен таныстыруға мiндеттi.
Еркiн бiлiм алу траекториясын таңдауды және жүргiзудi, сонымен қатар университеттерде жүмыс жоспарының икемдiлiгi мен мобильдiлiгiн акдемиялық дәрiс беру қызметшiсi - тьютор атқарады.
1.- cурет- Магистратура оқу үрдiсiнде кредиттiк оқыту жүйесiн қолдану
Қазiргi жағдайда магистратура бөлiмiнде жоғарыда көрсетiлген көп көлемдегi ақпараттармен жүмыс iстеуiне тура келедi, ол ақпарат жылдам өзгерiсте болады. Осыған байланысты ақпараттарды жинау, өңдеу, сақтаудың автоматтандырылған жүмыс орнын қүру қажеттiлiгi туындайды.
Жоғары оқудан кейiнгi магистратура бөлiмiнiң маманының автоматтандырылған жүмыс орнын қүру - оқу үрдiсiнiң жобалануына және магистранттардың белгiленген оқу жетiстiктерiне байланысты iс-шаралар процедурасын автоматтандырылуына мүмкiндiк бередi.
2.- cурет- Пәндiк облыстың концептуалды моделi
Автоматтандырылған жүмыс орнын қүру бағдарламалық қүрал-сайман жүйесi ретiнде Windows астына қолданбалы бағдарламаларды жасауға арналған Delphi - Object Pascal өңдеу қүралын қолданамыз [4,5].
Жүмыстың бастапқы формасында негiзгi жүмыс бағыттарын iске қосатын кнопкаларды көрсетемiз: кестелер туралы ақпарат алу, программа туралы мәлiмет, мәлiметтер қорының администрациясы, енгiзу, сүраныстар мен есеп берулер. Бастапқы форманы артық элементтермен қиындатпас үшiн одан жиек жағдайын алып тастаймыз, ол формада бас менюдiң EditDelete командасын орындау арқылы iске асады. Обьектiлер инспекторын қолдана отырып жобаның бас формасына ат беремiз (Caption қасиетi бүл интерфейс қолданушыға ыңғайлы түрде жасалған, яғни негiзгi меню қатарында):
- тiркеу (регистрация);
- оқу үрдiсi (учебный процесс);
- магистранттар тiзiмi (список магистрантов);
- анықтама (справка) секiлдi меню қатары бар.
Бүл меню қатарының негiзгi қызметi, қағаз жүзiндегi жүмыстарды жеңiлдету болып табылады. Тiркеу бөлiмi, әр магистрантты таңдаған мамандығына тiркейдi. Ал ендi оқу үрдiсiне тоқталатын болсақ, ол меню қатарында магистранттың таңдаған мамандығына қарай оқу iсi жүргiзiледi. Нақтырақ айтқанда, пән атаулары, мүғалiмдер, оқу жоспары сияқты қүжаттар пайдаланылады. Магистранттар тiзiмi менюi, ол мамандығына, түскен жылына қарай магистратураға мәлiметтер жинау қоры болып есептеледi.
Бағдарламаның жүмыс iстеу қағидалары, бiр жағынан, оқу үрдiсiн жобалау жопарлары бойынша қорытынды ақпараттар алуға және оқу жетiстiктерiн белгiлеуге араналса, екiншi жағынан, магистранттардың индивидуалды бiлiм алу траекториясын анықтайтын нормативтi қүжаттарды және ғылыми - әдiстемелiк материалдарды оқып бiлуге негiзделген қүрал саналады.
Бағдарламаның функционалды мүмкiндiктерi мыналарға бағытталған:
әр магистранттың индивидуалды оқу жоспарын рәсiмдеу;
профессор - оқытушылар қүрамының педагогикалық жүктемесiн қүрастыру;
магистранттардың ағымдағы рейтингiн, жалпы кредиттер санын, GPA орташа үлгерiмiн есептеу;
магистранттардың ауыстырылуы және шығарылуы туралы бүйрықтарын жасау;
жазғы семестрге қатысушылардың қарызы бар магистранттар тiзiмiн қүру.
Бағдарлама магистрант туралы жалпылама ақпарат алуға мүмкiндiк бередi, яғни, оның анкеталық деректерi, академиялық көрсеткiштерi, бiлiм алу траекториясы, қабылдану, ауысу, шығарылу, стипендия беру, жазғы семестрге қатысуына байланысты алдыңғы бүйрықтар туралы деректер алуға мүмкiндiк бередi.
Бағдарламада нормативтi қүжаттардың және ғылыми-әдiстемелiк материалдардың болуы магистранттарға өзiндiк жүмысы үрдiсi кезiнде өзi таңдап алған курстың мазмүнымен танысуына мүмкiндiк алады. Оқытушының жүмыс жоспарын, силлабусын және жүмыс бағдармламасын оқып үйрену магистранттарға өзiнiң бiлiм алу траекториясын анықтауына, танып бiлуiне жетелейдi.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Қазақстан республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Түжырымдамасы http://www.emu.kz/downloads/tyzhyrymdamasy.pdf
2 "Кредиттiк оқыту технологясы бойынша оқу процесiн үйымдастырудың ережесi"№ 566 24.11.2007 ж.
3 "Магистратура. Негiзгi ережелерi", Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң 2008 жылғы 6 мамырдағы № 259 бүйрығы
4 Емельянов В.И. Воробьев В.И., Тюрина Т.П. Основы программирования на Delphi. - М:
ЮНИТИ, 2005. - С. 231.
5 Джулиан Бакнелл. Фундаментальные алгоритмы и структуры данных в Delphi - М: Мир,- 2003. - 536c.
REFERENCE
1 Kazakhstan respublikasynyn 2015 zhylga deyingi Bilim berudi damytu Tuzhyrymdamasy.
http://www.emu.kz/downloads/tyzhyrymdamasy.pdf
2 "Kredittik okytu tehnologyasy boyynsha oku protsesin uyymdastyrudyn erezhesi"№ 566 24.11.2007.
3 "Master. Negizgi erezheleri "Kazakhstan Respublikasynyn Bilim zhane Gylym ministrinin 2008 zhylgy 6 mamyrdagy number 259 buyrygy.
4 V. Emelyanov Vladimir Vorobiev, Turin TP The basics of programming in Delphi. - M: UNITY 2005. - S. 231.
5 Julian Bucknall. Algorithms and Data Structures in Delphi - M: World -2003. - S.536.
Абдыбаева Г.З., Шайжанов М.К., Серимбетов Б.А.
Разработка автоматизированного рабочего места управления учебным процессом в отделе магистратуры
Разработка автоматизированного рабочего места управления учебным процессом в отделе магистратуры позволяет автоматизировать работу планирования учебного процесса и процедуры связанные с учебными достижениями магистрантов.
Ключевые слова:магистратура, автоматизация, рабочее место, учебный процесс.
Abdybaeva G.Z., Shaijanov M. K., Serimbetov B.A.
Development of the automated work place for the management of the teaching process at the master’s office
Develoopment of the automated work place for the management of the teaching process at the master’s office allows automate the work of planning of the teaching process and procedures related to the masters’ achievements in studies.
Keywords:masters’ office, automation, work place, teaching process.
Редакцияға 12.09.13. қабылданды Басылымга 30.10.13. жiберiлдi
Авторлар туралы:
Абдыбаева Г.З.- э.ғ.к., Тұран-Астана университетiнiң доцентi Шайжанов М.К.- э.ғ.к., Тұран-Астана университетiнiң доцентi Серимбетов Б.А.- ф-м.ғ.к., Тұран-Астана университетiнiң доцентi