ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ Жадиева Назерке Ш.Уәлиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университетінің 2-курс студенті
Ғылыми жетекшісі – Сулейменова З.Е., жалпы педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы
Бҧл тақырыпты таңдаған себебім - «Қыз баланы тәрбиелей отырып - ҧлтты тәрбиелейміз» деген қағиданың дҧрыстығына кӛз жеткізу. Ең басты мақсат - жас ҧрпақты жаңа дәуір, жаңарған заман талабына сай етіп тәрбиелеу.
Халықтың болашағы - ҧ рпағы. Ҧрпақтың діңгегі - тәрбиесі. Ал ҧлттың негізіне, қасиеттеріне, салт-дәстҥ рлері мен әдет-ғҧрыптарына, ҧлттық қҧ ндылықтарға сай тәрбие кӛрмеген ҧ рпақ келешекте халқына, еліне тҧ тқа бола алмайды деп ойлаймын. Сондықтан да қазіргі уақытта кӛптеген адамдарды ең алдымен жастар мәселесі толғандырады. Ӛйткені кӛшеде, қоғамдық орындарда тҥрлі былапыт сӛздермен ӛздерін жиіркенішті етіп кӛрсетіп жҥрген кімдер? Жастар. Әрине, «кӛпке кҥ л шашпау» да қажет. Бҥгінгі жастар арасында талапты, дарынды, мәдениетті қыз бен жігіттер де жетерлік. Алайда кейде адамдардың кӛп шоғырланған жерлері - аялдамалар, базарлар, қоғамдық орындардағы жастардың әдепсіз әрекет- қылықтарын кӛріп шошисың. Ішкі жан дҥниесінің байлығын былай қойғанда, тәндері сау емес, арақ пен темекінің тҥтініне тҧншығып, нашақорлыққа салынып, уланып жҥрген жастар бҥгінгі кҥнде жетерлік. Әсіресе олардың арасында ӛзіміздің қаракӛ з сҧлу қыздарымызды кӛргенде, ертең ол қандай ана болар екен, осы ӛмірге қандай ҧрпақ әкелер екен деген сияқты ойлар кӛкіректі мазалайды. Бҧ л қыздарды кейбір кезде бағаламағанымыз ба, әлде жӛнді тәрбие берілмегендіктің әсерінен бе, белгісіз. Дҥниеге ҧ рпақ әкелетін әйел, сол ҧрпағының аман-есен, басқалардан кем қалмай ӛ суіне жауапкершілікті де табиғи тҥрде ӛз мойнына алады.
Кейінгі ҧрпақтың аш-жалаңаш қалмай ӛсуі, ата-бабасынан қалған ӛ негені ҧмытпауы, жаманнан қашық, жақсыға асық болуға бейімделуі ҥйде қалған әйелдің міндетіне кіреді. Әйел әрқашан кҥліп жадырап жҥріп шырақ тәрізді ҥй ішіне, отбасы мҥ шелеріне нҧрын шашып, жылытып, шуақтандырады. «Ҧлттың ҧйтқысы - қыздары» деп Мҧзафар Әлімбаев ағамыз айтпап па еді?
Қызды о бастан ӛзінің болашақ міндетіне лайықты тәрбиелеу - ата-ананың, әсіресе ананың ҥлкен парызы. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, отбасы ҧйтқысы деп тҥсінген халқымыз оның еңбексҥйгіш, ӛнегелі, ӛнерлі болып ӛсуіне ерекше мән берген. Оларға ҥй сыпыру, тӛсек жинау, ас пісіру, шай қҧю, кесте тігу, тон пішу, ӛрмек тоқу, ою-ӛрнек сияқты отбасының ішкі жҧмысына ҥйретуді анасы мен әжесі ӛз міндеттеріне алған. Қол ӛнеріне икемі жоқ қыздарды :
«Ӛз ҥйінде ою оймаған кісі ҥйінде сызу сызар» деп келеке еткен, тіпті шай қҧю мен тӛсек жинаудың ӛзі ҥлкен сын болған, ақындардың ӛлеңдерінде кездесетін «қыздың жиған жҥгіндей»
деген теңеулер текке айтылмаған. Қазақ халқы әсіресе қыз баланың сырт сҧлулығына 62
ерекше кӛңіл бӛлген, шаштарын айранмен, қынамен жуғызған, қос бҧ рым етіп ӛргізген.
Шашбау, шолпы таққызған. «Ағаш кӛ ркі – жапырақ, адам кӛркі – шҥберек » деп, қыздың киім киісіне де кӛп кӛңіл бӛ лген. Оларға арнап бҥ рмелі кӛйлек, қынама бел қамзол, қҧндыз бӛрік, ҥкілі тақия тіккізген. Ертегілерде, жырларда сҧлуларды сипаттау арқылы оларға еліктеуге шақырған.
Ерте кезде «Қыз - елдің кӛ ркі» деп әспеттеген халық, ӛсіп келе жатқан қыз балаға бҥкіл ауылмен жауапты болған. «Қызға қырық ҥйден тыю» деген мақал осыны білдіреді. Ҧ рысып, кіналап емес, теріс ісін ескертіп, «кішіпейіл бол», «ҥлкен кісінің алдын кесіп ӛтпе», «инабатты бол» деген сияқты т.б. нақыл сӛздер айтып, жақсыға қарай жетектеп, бағыттау тҧ рғысында тәрбиелеген. Ол пәленшенің, тҥгеншенің қызы емес, біздің ауылдың қызы деген қисынмен әрбір ҥлкен адам қыз баланың қатесін байқаса, ескерту, сақтандыру парызым деп есептеген.
Ата-аналары қызы болса, ӛз қатарымен қҧдандалы болып, ӛрісін кеңейтуді армандаған. Сол қыздың ӛ сіп қалыңдық болатын кезеңдегі керек-жарағын бала кезінен бастап жинаған.
Ауылдағы абысын-ажын, жас жеңгелер бойжеткенге лайық нәрсесі болса, «мынау қыздың сандығына салуға, жасауына қосуға» деп жинай берген. Бҧл қазіргідей кӛшенің басынан аяғына дейін дҥкен, қала толған базар заманы емес, ауыл-ауылдың арасы атшаптырым кезеңде қалыптасқан дәстҥ р. «Елдің баласы», «ауылдың - адамы» «қауымның азаматы» деген қағидамен ӛмір сҥ рген заман болатын.
Қыз баланың негізгі миссиясы - болашақ ҧрпақты жалғастыру міндетін ешкім, ешқандай қоғам ӛзгерте алмайды. Қазір ол міндет тіпті жауапты әрі кҥрделі. Ӛйткені қазіргі информациялық тоғысуда ҧ лттың ӛ з ерекшелігін сақтап қалу ҥшін ҥлкен кӛрегендік, терең білім, кҥшті ерік-жігер керек. Осы қасиеттердің бәрі алдымен қыздарға керек. Сондықтан да қызы бар ҥйдің әркімде назы бар: мҧғалім тиянақты білім беруге, ҥлкендер байсалды ақылын айтуға, ісмерлер ӛлмейтін ӛнерін ҥйретуге міндетті. Себебі, бҥгінгі қыздар кешегі қару алып, жауға шапқан, қамшы алып мал баққан, не бір қайғы-қасіретке душар болған елдің еңсесін кӛтеріп, бҥгінге жеткізген аналардың ҧрпағы. Ол аналарымыз халықтық педагогикадан сусындаған. Олар халқымыздың не бір «ақ жҥрген азбас», «ҧлың ӛ ссе - ҧлы жақсымен, қызың ӛссе - қызы жақсымен ауылдас бол», «әдептілік ар, ҧят - адамдықтың белгісі, тҧ рпайы мінез тағы жат – надандықтың белгісі», «еңбек - адамның екінші анасы» деген сияқты кӛптеген мақал-мәтелдерімен, нақыл, даналық сӛздерімен ӛ сіп тәрбиеленді. Сонымен қатар ертеден келе жатқан батырлар жырлары, лиро–эпостық жырлар ер балаларды ғана емес, қыздарды сезімталдыққа, сҧлулыққа тәрбиелеумен қатар батырлыққа да тәрбиелеген. Сол кезде топ жарып, ҥ лкен қауымның алдында ақылдылығымен, парасаттылығымен танылып, тҥйдек–
тҥйдегімен айтылған шешен сӛ здерімен халықты тамсандырған қыздар да болған.
Менің ойымша, қазіргі уақытта да қыз баланы халықтық педагогика негізінде тәрбиелеудің маңызы орасан зор. Ӛйткені қазіргі кезде жалпы жастардың арманы еңбек етпей табыс табуға, тезірек баюға қҧмартып, арзан тірлікке жармасып кеткен. Сондықтан да болар қылмыс жасап, әртҥрлі жағдайларға душар болып, жезӛкшелік пен нашақорлыққа салынып, арзан еңбекпен ҥлкен ақша тҥсіргісі келетіндер бар. Ал ертеде ата-бабаларымыз балаларды ең алдымен қолӛнерге, аянбай еңбек етуге тәрбиелеген. Бҥгінгідей алмағайып заманда қазақ жастары, ҧлдары мен қыздары неше тҥрлі келеңсіз кӛріністерге белең алдырып, қҧнсыз байлық пен қҧлқынның,
«қолдың кірі» - ақшаның қҧлы болып бара жатыр. Осыдан сақтану керек. Қыздың бойындағы ізеттілік, кӛргенділік нәресте кезінен ана сҥтімен бойына сіңеді. Қатты кҥлмеу, айқайлап сӛйлемеу, ҥлкеннің жолын кеспеу, ыдыс - аяқ сылдырлатпау, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, ҥлкендерден жоғары отырмау, тіпті қыз баланың отырысына, жҥрісіне, аяқ басқанына, киім киісіне, қимыл - қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән беріледі.
Қыз баланы қҧрметтеу, олардың алдында дӛрекі сӛйлемеу, ізетті болу, ер тҧрманы әшекейленген сҧлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем сәндерін, әшекейлі бҧйымдардың жақсысын қыздарына арнау - ежелгі дәстҥр. Жиын тойларда қыз
63
баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған.
Қыз намысы дегеніміз ең алдымен, ӛзін ӛзі сыйлай білетін, ӛз кӛзқарасынан, ойынан адалдықты кӛ рсетіп, ӛзін ӛзі қорлайтын ымыра мен келісімді қабыл алмайтын терең сезім.
Қыздың намысы мен ары, адамгершілігі оның оқуға, қоғамдық пайдалы істерге, отбасына, қҧ рбы қҧрдастары мен ҧжымға қарым қатынасына байланысты. Әрбір қыз балаға ата анасын, туыстарын, ҧстазын сыйлап, қадірлей білуді ҥ йретсе, болашақта ода елін, жерін халқын сҥйетін, ӛз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай кӛретін қамқар ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сӛзсіз.
Қыз баланың бойына сыпайылық, мейірбандық, адалдық, сезімталдық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дарытуды халқымыз ӛте ежелден қолға алған. Сондықтан, қазақ қызы ӛзіне ӛмірлік жолдас, жар таңдауда ерекше жауапкершілікпен, сақтық, ҧстамдылықпен қарап, оның маңызын санасымен аңғарып, жҥрегімен тҥйсінген. Бҧ л істе ҧ шқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беруді ӛмірлік қауіп санаған.
Иә, қазақ қызы сӛзі сыпайы, ӛзі әдепті, сҧңғақ бойлы, терең ойлы болуы тиіс. Оның жҥзі шырайлы, ӛзі ҧяң әрі тәні нәзік келеді. Сондай-ақ сӛзі ӛткір, ӛзі пысық, ӛрескелдікті сҥймейтін,болмашыға пісіп кҥймейтін келбеттілік, істесе ҥйіріп, сӛйлсе бҧйырып баурап алатын кӛ ріктілік, байыппен сӛйлеп, биязы кҥліп, жақсы жаманның жӛнін біліп тҧратын әдемілік, дене бітісі жинақы, сӛ зі салмақы, ісі тиянақты, ажарлы, кӛз жанары ӛткір, бет әлпеті бал бҧл жанған, тәні шымыр, шырайлылық қазақ қыздарына тән қасиеттер.
«Болмасаң да ҧқсап бақ, бір жақсыны кӛ рсеңіз» деп ҧлы Абай атамыз айтқандай, қыз балалар осындай қасиеттерді меңгеруге талпынуы керек ақ.
Ӛкінішке орай, әдепсіз қыз, мейірімсіз шешелер де аз емес, бҧл етек жайған қҧбылыс болып барады. Әйелдің ең ҥлкен қаруы инаббаттылығы мен нәзіктігінің азаюы ер адамның ірілігінің, мінез қҧ лықтың кесектігінің кемуіне әкеліп соқты. Арамызда ӛсекке әуес, қылжақбас, мақтаншақ, жігерсіз, дәрменсіз, кҥйкі тіршілікпен кҥн кешетін еркектер аз емес.
Ӛзінің ар намысын сыйламаған адам ҧлт намысын қайтсін?! Ӛз халқының салт дәстҥрін бағаламаған, тҥсінбеген адам қайтіп мәдениетті, тәртіпті, ілтипатты, бауырмал болсын. Осы орайда айта кетерлік мәселе жоғарыда айтылғандарды біздің қыз балаларымыз ескерсе екен деймін.
Қазіргі кезде біздің елімізде жетім балалар ҥйлері кӛбеюде. Ол балалардың басым кӛпшілігі қаракӛз қазақ балалары. Олардан бас тартып, тастап кетіп жатқандар да қазақтың жас қыздары. Әрине, олар жастықтың қызуымен ӛз қателерін дер кезінде тҥсінбей, артынан біраз жылдар ӛ ткен соң опық жеулері мҥмкін. Бҧндай қателік болмас ҥшін қыз балаларды қазақтың «ақ босаға», «ақ бесік», «ақ шымылдық» деген сӛздерінің мағыналарымен таныстыру керек. Бҧ л жҧмыстарды мҧғалімдер ата-аналармен бірлесіп отырып орындағаны тиімді.
Қыз бала елдің кӛ ркі болу ҥшін әрбір ел, ауыл, ата–ана – бәрі жауапты. Себебі елдің ертеңгі қасиетіне жеткізетін қыздар.
Қазіргі қыздардың жай – кҥйі бізді әрқашан толғандыру керек. Себебі бҥгінгі кҥні ол мәселені уысымыздан шығарып алсақ, ертеңгі кҥні ҧлт тағдыры не болмақ ? Осы жайлы ойлану керек.
Әйелдің еріне қарым-қатынасы баланың әкеге деген кӛзқарасын анықтайтыны берік есте болуы тиісті. Бҧның ӛзі, бір жағынан, ҥй ішіндегі әдептің бастауы екені анық. Демек, балалар ҥшін әке беделі, аналарының сӛзі, іс қимылы, қас қабағы арқылы қалыптасады.
Қорытындылай келе, білімпаз Ризаудин Ибн Фахруддиннің «Әйелдері тәрбиелі болған халық - тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық - тәрбиесіз», «Әйелдері ҥнемшіл, пысық, жігерлі, талантты болса, халық - бай, ал жалқау, салақ немесе ысырапшыл болса, халық - тақыр кедей болады» деп айтқанын қолдай отырып, халқымыздың болашағы қыз балалардың тәрбиесімен ӛте тығыз байланысты екенін айтқым келеді.
64
Әдебиеттер:
1. К.Ж.Қожахметова. Ҧлт тағдыры мен қыз бала тәрбиесі біртҧ тас //Білім беру жҥйесіндегі этнопедагогика , 2005, №1, 68-73 б.
2. Қызы бар ҥйдің назы бар // «Ақ желкен» , 2004, №2, 20 б.
3. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. - Алматы: «Санат», 1995.
4. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы, «Әл - Фараби», 1995.
5. Байжанова Ж. Семья бақыты. – Алматы: «Қайнар», 1989.