• Tidak ada hasil yang ditemukan

ШЕТЕЛ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ЗАҢ БОЙЫНША МҰРА АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ШЕТЕЛ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ЗАҢ БОЙЫНША МҰРА АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

Жаманбаева Ж.Е., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 2-курс магистранты

ШЕТЕЛ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ЗАҢ БОЙЫНША МҰРА АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Статья посвящена исследованию законодательства зарубежных стран. В статье излагаются общий сравнительный анализ нормативных актов Континентальной Европы, США и России. На основе анализа законодательных норм автор делает ряд выводов и предложений.

Ключевые слова: наследование, наследодатель, наследник, завещание, нотариус, обязательная доля.

The paper suggests the legislation of foreign countries. The article presents a comparative analysis of regulations in Continental Europe, USA and Russia. Based on the analysis of legislation, the author makes a number of conclusions and proposals.

Key words: inheritance, the testator, the heir, the will, the notary, the obligatory share.

Котинентальды Еуропалық мұрагерлік құқығы АҚШ пен Англия мұрагерлік құқықтарына қарағанда айырмашылықтары бар. Батыстың мұрагерлік құқығының кейбір қағидаттарына тоқталатын болсақ, ең алдымен екі негізгі қағидатты атап кету қажет: мұра қалдырушының еркіндігі және отбасы мүддесін қорғау. Бірақ бұлар бүкіл буржуазиялық – экономикалық формациялық кезеңдерінде өзгеріссіз қалды деуге болмайды.1

Импералистік кезеңге дейін мұра қалдыру еркіндігі қағидасы басым болса, қазіргі кезде отбасы мүддесін қорғау қағидасы басым болып отыр. Бұл мемлекеттің отбасы жұмыстарына қатысуымен байланысты.

Бір қызықтырарлық жай, Ресей Федерациясында мұрагерлік құқық батыс елдері мұрагерлік құқықығына қарағанда керісінше дамып отыр. Егер Ресей Федерациясында мұрагерлік құқықта мұра қалдыру еркіндігі тенденциясы басымдырақ болса, батыс елдерінде керісінше жағдай басым. Атап айту керек, біздің мұрагерлік құқықта әрқашанда асырап алынған, некесіз балаларға және «құқылы» мұра қалдырушының балалары бірдей құқыққа иемденген. Бұл жердегі Ресей Федерациясының мұрагерлік құқық қарама – қайшы көрінеді. Бұл жерде заң бойынша мұрагерлер Ресей Федерациясында көбейсе, шетел мұрагерлік құқықта ол азаюда. Сол себепті мұрагерлік мүліктің мемлекеттік меншігіне өту жағдайлары көбеюде.

Біз айтып өткендей Батыс Европа құқығымен, Англия, АҚШ құқықтарында қағидалы ерекшеліктер бар. Негізгі ерекшелік континентальды Европалық құқығында мұрагерлік құқықты әмбебеп құқық иемденушілік ретінде қарайды. Яғни, барлық құқық пен міндеттер мұра алушыға көшеді. Ал Англия мен АҚШ –та барлық мұрагерлік мүлік қайтыс болған адамдардың «жеке өкіліне» (сенім меншігі нысанында) көшеді, ал өз алдына барлық кредиторларына өлген адамның қарыздарын өтеп, мұрагерлерге қалған бөлігін береді.

Оларды да біздегідей мұра заң бойынша және өсиет бойынша пайда болады.

Кейбір елдердің мұрагерлік құқықтық қатынасын реттейтін заңнамалық актілерге тоқталып кетейік:

Францияда мұрагерлік қатынастарды реттейтін негізгі нормалар Азаматтық кодекстің 1,2 кітабында айтылған. «Мұрагерлік туралы», «Тірі адамдар арасындағы сыйға тарту және өсиет туралы» Атайларынан-ақ заң бойынша реттеу өсиет бойынша реттеуден

1 Бращевский М.Ю. Наследственное право . М.: Белые альвы. 1996.

(2)

бөлек Азаматтық кодекс реттелетін көрініп тұр. Бұл өтеусіз мүлікті иемдену тәртібі заңда жалпы нормаларының бар болуымен байланысты.

Англо-американдық құқық жүйесінде прецендеті мен құқықтар реттеу заң арқылы жүзеге асырылады.

Англия 1837 ж өсиет туралы заң қабылданған, кейін 1925 ж мұраны әкімшілендіру туралы заң, 1952 ж - өсиет қалдырмаған тұлғалардың мұрасы туралы заң қабылданды.

АҚШ –та мұрагерлік туралы заңнама тек кейбір штаттық құзыретінде. АҚШ-та бірігей федералды мұрагерлік реттейтін акт жоқ, сондықтан штаттық заңнамалары әр түрлі. Егер кейбір штаттарда заңнамалар ағылшын жүйесіне негізделсе, кейбір мысалы Лугунана штатында азаматтық кодексте көрсетілген.

Қазіргі кезде АҚШ–та мұрагерлік заңнаманы унификациялау жүргізілуде бір нысаналы заң дайындалуда, ол кейбір штаттармен қабылданған.2

Соңғы он жылдықтарда көптеген өзгерістер болды деп атап кеттік. Кейбір нақты мысалдарды көрсетіп кетейік:

Ең алдымен асырап алынған балалардың мұрагерлік құқығы заңды бабаларымен тең болатын. Бір қызығы буржуазиялық заңмен некесіз балалар танылмайтын. Бірақ қазір некеден тыс балалар толығымен заңды балалармен құқықтары теңестірілген. Бұған себеп Еуропалық кеңестің шегінде балалар асырап алу конвенцияның қабылдануы (1967 жыл 24 сәуір). Некеден тыс балалардың құқықтық жағдайы туралы конвеция ( 1975 жыл 15 қыркүйек ).

Әйел адамдарды дискриминациялау шет елдерде бар. Мысалы, Францияда соңғы уақытқа дейін қайтыс болған адамның жұбаый заң бойынша мұра алуда соңғы орында тұрған. Олардың алдында қан арқылы туыстары (12 дәрежеге дейін) тұрған. Қазір тірі қалған жұбайының жағдайы жаңа заңдармен көбейді. Сонда да жұбайы меншік құқығын алмайды, тек мұрагерлік мүлкінің бөлігіне иемденеді; оның көлемі мұрагерлердің разрядына тәуелді.

Англияда әрқашанда басқаша жағдай болған. Англия 1975 ж заңнамасында қалған мұрагерлерге қарағанда жұбайларына (тірі қалған әйеліне) көп көңіл бөлген.Сонымен қатар, өмір сүру үшін мұрагерлік мүлік есебінен алу құқығы берліген. Соның ішінде құқығы күйеуге қайта шықпаған.

Ресей Федерациясында өсиетті бір тұлғаның атынан куәландыруға болса, шетел мемлекттерінің кейбіреулерінде бірігіп өсиет жазу заңнамасы қарастырылған. Бірігіп өсиет жазу ГФР мемлекетінде де бар. Англо-америкалық құқықтың тағы бір ерекше институты - өзара өсиет, онда бірнеше тұлғалар бір-біріне қатысты міндеттемелер алады.

Негізгі бұл екіжақты (көпжақты) шарт, ол Ресей цивилистерінің қабылданғанша қарама- қайшы. Өйткені, өсиет бір тұлғаның еркімен ерекшеленеді. Бұл тұрғыдан Франция заңнамасына жақын. Заңнамаға сәйкес бірігіп өзара өсиет жазуда заңмен тиым салынған.

Швейцария заңында бұндай тиым жоқ, бірақ сот тәжірибесі бірігіп, өзара өсиетті заңсыз деп есептейді.

Ресей құқығында мұрагерлік туралы шарт институты тіптен жоқ. Оның мәні мұра қалдырушы мен бір немесе бірнеше мұрагерлік мүлікті алуға құқылы адамдармен шарт жасады. Ол жасалған сәттен бастап күшіне енеді. Мұрагерлік одан айырмашылығы – мұра қалдырушы өлгенннен кейін күшіне енеді. Сонымен қатар өсиет мұра қылдырушы өзі өзгерте алады, мұра қалдырушы шартында бір жақты шарт тоқтатыла алмайды.3

Ол шарт толық ГФР мен Швейцарияда реттеледі, ал Францияда ол ерекше жағдайларда жол беріледі. (көбінесе жұбайлар арасында).

Әрбір заңнамалық міндеті жасалған өсиеттің өз еркімен жазылуы. Сондықтан бұл қағида бұзылған жағдайда өсиет заңсыз деп танылады. Біздің заңнама бойынша да бұл қарастырылған.

Континенталды Еуропа елдерінің кейбір өсиет нысанасын атап өтейік:

2 Лунц Л.Л.Курс международного частного права т.3. М., 1975.

3 Власов Ю.Н. Наследственное право РФ. М., 1998.

(3)

1) Өсиет өз қолымен жазу - өсиет, өсиет қалдырушының өз қолымен жазу, күні, өз қолы болуы қажет (машина құралдарымен жазуға жол берілмейді). Ол көп таралған.

2) Өсиетті ресми акт түрінде қалдыру. Бұл өсиет заңмен белгіленген процедура арқылы ресми лауазым адамдардың (көбіне нотариус) қатысуымен жазылады. Францияда екі нотариус арқылы немесе бір нотариус және екі куә қатысуымен жасалады.

Швейцарияда 2 куәнің қатысуымен болады. Бұл әрекет (екінші ноатриус немеес 2 куә) заңсыз іс-әрекет жасалмау үшін.

Өз қолымен өсиет жазудан айырмашылық мұра қалдырушының еркі сай екенін көрсетеді. Өсиетті сақтау нотариусқа немесе уәкіл тұлғаларының бірігуіне қалдыра алады.

3) Құпия өсиет – мұра қалдыушы өзі жазып, буып нотариусқа куәлардың қатысуымен беріледі. Бұл нысан мұралық құпиялығын қамтамассыз етеді. Бір кемшілігі – мұра қалдырушының өзімен жасалғандықтан заңсыз әрекеттер көрсетілуі мүмкін.

Сонымен қатар екі мәнді талқылайтын сөйлемдер болуы мүмкін.

Құпия өсиет Францияда, ГФР және Швейцария заңнамасында көрсетілген.

Англияның континентальдық Еуропадан айырмашылығы бір ғана нысанның болуы:

өсиет жазбаша, мұра қалдырушының қолы болуы және кем дегенде 2 куәнің қатысуымен жүзеге асады. Бұл өсиет формасы 1837 жылдан өзгеріссіз келе жатыр.

АҚШ-тың көптеген атынан нысанасын қабылданған, Лунзианадан басқа (ОНДА Франция Азаматтық құқықы әрекет етеді). Бірақ басқа да нысанды өсиет қалдыруға жол беріледі.

Ерекше жағдайларға және жекелеген тұлғалар санатына (теңізшілер) заңнама бойынша кейбір елдерде ықшамдалған нысандар қарастырлған.

Сөз болып отырған жағдай әскерлерге (әскери қызметте болған), теңізшілер теңізде болғанда тарайды. Оның мәнісі өсиетті куәлар қатысуымен ауызша баяндалғанда.

Біз айтып кешкендей тұлғалар өсиет қалдыра алмайды (әрекетке қабілетсіз, кәм.

толмағандар). Осындай шектеулер батыс елдердің заңнамаларында да бар. Ең бірінші шарт – белгісі бір жасқа жету. Англия, Швейцария, Франция, АҚШ кейбір штаттарда – 18 жас. ГФР-да – 16 жастн басталады.

Қызықтырар жайттар Францияда бар. 16 мен 18 жас арасындағы кәмелетке толмаған адамдар өз мүлкінің жартысын ғана мұрагерлікке қалдыра алады. Ал мирасқорлары 6 дәрежеге дейін жоқ болған жағдайда толық мүлкін мұрагерлікке қалдыру алады.

Ағылшын заңнамасында да бір қызықтыратын жай - әскерлер және теңізшілер 14 жасқа толғаннан кейін қалдыру алады. Норма қызық болғанымен өмірге сай келмейді.

Батыста да біздегідей есі дұрыс емес, қорқыту арқылы жасалған өсиет заңсыз деп танылады.

Өсиеттің мазмұнынан келетін болсақ, РФ және батыс елдері арасында заңнамада заңнамада айырмашылықтар айқын көрінеді.

Батыс мұрагерлік құқығы мәтінде мүліктің тағдыры туралы ұйғарымлар жасауға болады. Сонымен одан да басқа әрекеттер, мысалы кәмелетке толмағанға қамқоршы тағайындауға, некеден тыс балаға өзінің әкелігін тануға және т.б. әрекеттерге құқық береді.

Батыс елдерінде мүліктің міндетті үлес туралы әр түрлі әдістермен шешіледі.

Франция заңнамасында «еркін үлес» қағидасы мынаған сай келеді.

Мүліктің бір бөлігі - «еркін үлес» - бүкіл мүрагерлік ұйғарымдарға, өмірлік сыйға тартуға болады, ал екінші үлес «резерв» - тек мұра қалдырушының ең жақын туыстарына таратуға жатады. Атап кететін жәйт, тірі қалған жұбайы (аға,анасы) тікелей туысы болып табылмайтын «резервтен» үлесінен айырылу мүмкін. «Еркін үлес» мұрақалдырушының отбасы жағдайына қатысты.

Ол егер бір бола болғанда ½ бөлікке, екі бала болғанда 1/3 бөлікке, үш және одан да көп бала болғанда ¼ бөлікке тең.

(4)

Швейцария заңнамасы бұл сұрақ бойынша барлық ұқсас, тек бір айырмашылығы

«резервті» есептеу басқаша және оған құқылы тұлғалар көлемі көп (оған тірі қалған жұбайы, аға, анасы қосылған).

ГФР – да «міндетті үлес» тәртібі ата-анасына, жұбайына қатысты жасалған. Біздің заңнамадан айырмашылығы ГФР заңнамасы мирасқорлық еңбекке жарамсыздығы және заң бойынша мұра қалдыруда оның көлемі ½ көрсетпеген. Бұдан көріп тұрғанымыздай ГФР – ғы мұра қылдыру еркіндігі шектелген4.

Англия мұрагерлік құқығында өсиет қалдыру еркіндік кезегі айқын көрсетілген.

«Резерв», «міндетті үлес» деген түсініктер жоқ. Егер 1938 жылға дейін «Мұрагерлік туралы заң» мұра қалдырушы өз отбасын мұрагерлік құқығынан айыра алатын болса, заң қабылдағаннан кейін еңбекке жарамсыз жұбайы, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалары соттан «ақылға сыйымды өмір сүру» үшін құқықты сұрай алады.

1975 жылы қабылданған қолданыстағы заң бойынша ол құқыққа:

мұрақалдырушының бұрынғы жұбайы (егер ол некеге ажырамаса), қайтыс болған азаматтың барлық балалары (өлгеннен кейін туған балалары да) және т.б. ие. Соттық үлесті көбейті, есептеу тәсілінде көптеген құзырет ұлғайған.

АҚШ-тың бұл саладағы заңнамасы ағылшын мұрагерлік құқық жүйесі қолданылады, тек бір айырмашылығы, өсиет қалдыру еркіндігі тірі қалған жұбайының пайдасына шешілетін жағдайда.

Ал өсиеттің күшін жою біздегі сияқты ережелер қолданылады – жаңа өсиет жазу, өсиеттің күшін жою туралы арыз берген жағдайда.

Өсиеттің күшін жоюда қызықтырар жай, неке бұзумен байланысты. Англия мен АҚШ егер неке қиғанда, екеуінің біреуі некеде тұрған белгілі болса өсиет бірден күшін жояды.

Заң бойынша мұра қалдыру шетел мұрагерлік құқығымен бірдей. Алайда, мирасқорларды тағайындауда ерекшеліктер бар.

Францияда мирасқорларды тарту қанға байланысты, туыстығына байланысты. Осы көрсеткіштер бойынша мирасқорлар бірнеше топқа бөлінеді.

Бірінші топқа – балалары, немерелері, шөберелері жатады. Екінші кезекте - мұра қалдырушы ата-анасы, аға-апалары, жиендері т.б. Үшінші кезекте – атасы, әжесі, т.б..

Төртінші кезекте – бір аталы аға-апалары.

Құқықтық салада бір қызықтырар жай, мирасқорлық болмай, ол әжесі және анасының ата-аналары болғанда. Бұл жағдайда әкесіне ½, ата-әжесіне (анасы жағынан) –

¼ бөлікке ие болады. Егер мирасқорлыққа ата-анасы және ағалары тартылғанда ата-анасы әрбіреуі ¼ болады (біреуі жоқ болса да) ал қалған бөлігі ағаларына тең бөлінеді.

Өздеріңіз байқағандай, тірі қалған жұбай туралы ештеңе айтылмаған. Бірақ ол 4 кезектегілердің алдында тұрады. Егер әке және ана жағынан болғанда ол мүліктің ½ ие.

Қалған жағдайда ол ¼ ие. Ал мирасқорлар ол бөлікті рентаға айналдыруларына болады.

ГФР мен Швейцарияда мирасқорлыққа кезек бойынша шақырылады. Бірақ онда олар басқаша - парантелла деп аталады. Парантелла деп қанды туыстарының және аталады бір туыстар жиынтығын алады.

Егер 1 парантелла мұра қалдырушы және оның тұқымдары, 2 парантеллаға оның ата- анасы және олардың құқықтары, 3 парантеллаға – мұрақалдырушының ата-әжесі оның тұқымдары жатады. Мирасқорлар парантеллалар арқылы шақырылады. ГФР және Швейцарияның айырмашылығы. ГФР – да парантелла шексіз болса, Швейцарияда олар алғашқы үшеуімен шектеледі.

ГФР мен Швейцарияда тірі қалған жұбайының Францияға қарағанда көп құқықтарға ие. Жұбайы парантеллаға жағдайды, бірақ туыстарымен бірдей шақырылады. Егер жұбайы 1 парантелламен бірге шақырылса мүліктің ¼ ие, егер 2 парантелламен

4 Никитюк П.С. Наследственное право и наследственный процесс. Кишинев., 1975.

(5)

шақырылса – ¼ (Швейцарияда), ал Францияда ½ ие. Егер 3 парантелламен шақырылса – ½ бөлікке ие.

Англияда жағдай Францияға қарама-қарсы жағдай: бұнда тірі қалған жұбай заң бойынша мирасқорлардан ерекше орынға ие. Бірақ оның үлесі мұра қалдырушының туыстарының көлеміне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Ағылшын заңнамасы РФ заңнамасынан айырмашылықтары бар. Соларға тоқталып кетейік. Егер мұра қалдырушының жақын туыстары (бала, немере т.б.) болғанда, жұбайы белгіленген ақша сомасын алуға құқылы. Соманың көлемін лорд-концлер белгілейді:

мысалы, 1975 жылы ол 15 мың фунт стерлингке тең. Ал егер мүліктің сомасы одан аз болса жұбайына көшеді. Сонымен қатар жұбайы қарудан тиіс жарты бөлігіне өмір бойы пайдалану құқығына ие. Қалған екінші бөлігі бала немерелеріне тиесілі. Егер мирасқорлар кәмелетке толмаған балалар болса, сенім меншігі ретінде болады. Балалары, немерелері жоқ болғанда және әке-шешесі немесе апа-ағалары болса, үлкен сомаға ие болады. 5

Ресей Федерациясы Азаматтық кодексі бойынша 5 тарау - «Мүліктің өзге түрін мұраға алу» қарастырылған. Бұл тарауға үй тұрмысындағы заттар, банктегі салымдары, жалақы, қолма-қол ақшалар, авторлық құқық, тұлғаны және мүлікті сақтандыру соммасы, тұрғын үй т.б. мүліктер жатады. Сондықтан осы аталған норманы, яғни «Мүліктің өзге түрін мұраға алу» тарауын ұлттық заңнамаға енгізу керек деп ойлаймыз.

5 Гордон М.В. Наследование по закону и по завещанию. М., 1967.

Referensi

Dokumen terkait

Шикізаттардың химиялық құрамына жасалған салыстырмалы талдау нәтижелері бойынша, күріш ұншығының құрамындағы майдың мөлшері бірінші сұрыпты бидай ұнынан 8 есе көп екені, ал қарақұмық