• Tidak ada hasil yang ditemukan

ШЕШІМ ШЫҒАРУДЫҢ НЕГІЗІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ШЕШІМ ШЫҒАРУДЫҢ НЕГІЗІ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

ШЕШІМ ШЫҒАРУДЫҢ НЕГІЗІ Еділова Б. М.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫПРЕЗИДЕНТІНІҢЖАНЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІКБАСҚАРУАКАДЕМИЯСЫСОТТӚРЕЛІГІ ИНСТИТУТЫНЫҢ 2-ШІ КУРСМАГИСТРАНТЫ

Қазақ елінің тарихи дамуын еліміздің констиуциялық тәжірибесі айқын бейнелейді. Қазақстанның тарихында бҥгінгі кҥнгі қолданылып жҥрген бҥкіл актілердің бастаулары ретінде кӛрінген біршама тарихи актілерді XVI ғасырдағы «Қасым ханның қасқа жолы» және XVII ғасырдағы Тәуке ханның «Жетi жарғысы» осы тектес біршама заң кӛздерді жатқызуға болады. Сол сияқты, Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңы, билік бӛлісінің ҥшке бӛлініп, оның бір тармағын сот саласының иеленуі де негіз болды. Бҥгінгі кҥнге дейінгі мемлекеттің дамуы барысында, әр салада заңдар, заңға тәуелді актілер және де әр саланы реттейтін нормативтік актілер сол сияқты, әр алуан қатынастарға қатысты сот актілері, яғни сот шешімдері, ұйғрымдары, қаулылары, сот бұйрықтары шығарылғаны бар.

Ендігі кезектегі негізгі мәселе бұл – шығарылған сот актілерінің заң талаптарына сай болуының деңгейі. Осы арада туындайтын негіздің бастауы келесі жағдайларға байланысты. Азаматтардың құқықтары, бостандықтар мен заңды мҥдделерін сотпен шынайы қорғауда, яғни қаралып отырған даулы іс бойынша шешім шығаруда соттардың біліктілік дәрежесі мен тәуелсіздігі негізгі орында. Жоғарыда аталған құқықтар мен бостандықтардың негізді, шынайы заң талаптарына сай қорғалуын қамтамасыз етуге ыңғайлы аяны қалыптастыру жоғары білікті, ешкімге және қандай да бір материалдық құндылықтарға тәуелділіктен аулақ, тек ӛз ісінің нағыз маманы ретінде және еліміздің заман ағымына сай дамуына шынайы жаны ашитын азаматтар, яғни судьяларға байланысты болмақ.

Соттардың тек, ата заңға және елде әрекет етуші заңдарға бағына отырып, іс жҥргізушілік нормаларды және бҥгінгі кҥнге дейін қалыптасып ҥлгерген іс жҥргізуге қатысты механизмдерді басшылыққа ала отырып, шешім шығаруда олардың тәуелсіздігі қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-ші бабында және ӛзгедей соттардың ұйымдастырушылық және іс жҥргізушілік қызметтерін бекіткен заңдарда кӛрініс тапқан. Соттардың тәуелсіздігі мен олардың, тек заңды нормалар талаптарына бағыну арқылы шешім қабылдау жағдайлары жалпы соттарды қалыптастыру мен олардың қызметтерін дұрыс ұйымдастырудағы басты негіз болып табылады. Ӛйткені, әділ сотты жҥзеге асырушы судьялардың тәуелсіз болуы ең алдымен, олармен жоғарыда атап ӛткен заң талаптарын сақтауларын, оларға сай шешімдер қабылдауларын атауға және олардың қандай да билік ету иелерінің ысрап етулерінен аулақ болғанда ғана мҥмкін болады. Азаматтардың субъективтік құқықтары, бостандықтары мен заңды мҥдделерін және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мҥдделерін

(2)

қорғау мақсатында, әділ сотты жҥзеге асыруда әр тектес даулы мәселелерді шешу елдегі әрекет етуші судьялардың есесінде. Бұл мәселелерді шешу соттың еркін білдірумен, сот билігін жҥзеге асыруда жазба құжаттарда - сот актілерінде кӛрініс табады, яғни заңды кӛздерде арнайы белгіленген талаптарға сай мемлекет атынан құзырлы тұлғалардың қағаз жҥзінде рәсімдеуі деп білеміз. Бірінші сатыда азаматтық істерді сотта қарауда қаралуға жататын мәселелердің құрылымына қарай сот ӛз шешімдерін Азаматтық іс жҥргізу кодексінің 18–ші тарауында белгіленген баптарға негізделе отырып, Конституция мен заң талаптарына бағына отырып шығарады.

Сонымен қатар, соттар іс жҥргізу барысында ӛзгедей сот актілерін ұйғарымдар, қаулылар, сот бұйрықтарын да шығарады. Олардың ішінен сот шешімін алып қарастырар болсақ, Азаматтық іс жҥргізу кодексінің 217-ші бабында сот шешімі бұл бірінші сатыдағы азаматтық істерді сотта қарауда қаралуға жататын мәселелерді мәні бойынша қарап, арнайы сот актісін шығару болып табылады деп белгіленген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 76-шы бабына сай соттар шешімдерінің, ҥкімдері мен ӛзге де қаулыларының Республиканың бҥкіл аумағында міндетті кҥші бар.

Осы арада сот актілерінің бҥкіл мемлекет аумағыда алатын орнының зор екенін байқауға болады. Сондықтан да бұл актілердің шығарылуына аса зор назар бӛлінуі қажет және сот актілерін шығарушы тұлғалардың, яғни судьялардың ерекше ынталығы мен біліктілігі негізгі орында.

Азаматтық сот ӛндірісінде нақты бір даулы мәселеге қатысты шешім шығаруға, яғни іс қараудағы басты сот актісін рәсімдеуге іске қатысты тұлғалардың барлық процессуалдық қызметтері бағытталады.

Әділ сотты соттар мемлекет атынан тәуелсіз, ешкімге есепсіз, тек Қазақстан Республикасының Конституция мен «Сот және сот мәртебесі туралы» 25-ші желтоқсан 2000 жылгы конституциялық заңына бағына отырып және бҥгінде Республика аумағында әрекет етуші заңдармен белгіленген нормаларға сҥйене отырып, нормативтік актілерде белгіленген принциптерді басшылыққа ала отырып жҥзеге асырады. Соттарды азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мҥдделерін қалпына келтірудегі негізгі әрекет етуші орган деп саналады.

Еліміз тәуелсіздік алғалы жылдар бойы сот жҥйесінің мәртебесін жоғарылатуда және әр бір судьяның имиджін кӛтеруде сындарлы, ӛте ауқымды жұмыстар жҥргізілуде.

Ең алдымен әділ сотқа жҥгіну құқығы бұл адам құқықтары аясындағы белгіленген талаптарға сай жҥгіну болғандықтан, әділ сотты жҥзеге асырушы судьялар қандай да бір билік етудің иелерінен тәуелсіз болуы тиіс. Сол сияқты соттың бейтарапты болуы оның конституциялық міндеті, сол арқылы ӛз қызметін жҥзеге асырудағы судьяның негізгі қызметі сот шешімін заң талаптарына сай, тек Ата Заңмен, мемлекетте әрекет етуші заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің нормаларына, сол сияқты іс бойынша шешім шығарудың белгіленген материалдық және процессуалдық тәртіптілікті сақтай отырып жҥзеге асырылуы шарт. Шешім шығаруда адам

(3)

мен азаматтардың теңдігі олардың бірдей құқықтарға иелігіне де аса кӛңіл бӛлінуі қажет. Бұл теңдік әркімнің табиғи және қоғамдық ерекшеліктеріне байланыссыз бірдей қолданылуы тиіс, ӛйткені олар конституциямен кепілденген. Әділ сотты жҥзеге асырушы судьямен әділ шешім шығаруда міндетті тҥреде заңдармен белгіленген іс жҥргізудің нормаларын сақтау, соның ішінде іс жҥргізудің белгіленген мерзімдерде қаралуы ҥшін ынталандыру негізгі мәселердің бірі болып табылады. Шешім шығаруда сот ӛз кӛзқарасын тек, істегі құжаттар және сот мәжілісіне іс бойынша тараптармен ұсынылған негізді және заңды қайнар кӛздерден алынған дәлелдемелер негізінде ғана қалыптастыру керек, ӛзгедей жолмен қалыптастырылған кӛзқарастың болуының ӛзі іс бойынша дұрыс және заңды шешімнің шығарылуына кҥмән тудырады. Істі қараушы судья істің толық және жан-жақты қаралуына, іске қатысушы тараптардың құқықтарымен мҥдделерінің тең сақталуын қамтамасыз ету жан-жақтылықты және біртараптылықты сақтай отырып, оларға құқықтарының сақталуына жағдай жасауға, іске қатысушы тараптарға бірдей сыйлы кӛзқараста қарауға міндетті.

Сот актілері сот шешімі мен сот ұйғарымының айырмашылығы сот шешімі мен заңды тұлғалардың, азаматтардың бұзылған субъективтік

құқықтары, бостандықтары мен заңды мҥдделерін қалпына келтіруде осы мәселелер аясында әділ сотты жҥзеге асыруға қатысты әділдік актісін шығарумен байланыстырылады. Сондықтан, іс ӛндірісіне қаралу ҥшін тҥскен арыз – шағымдар, талап арыздарды сотпен қанағаттандыру не болмаса қанағаттандырусыз қалдыруда тараптардың субъективтік құқықтары, бостандықтары мен заңды мҥдделерін қорғауға бағыттаған әрекеті арнайы сот актісімен белгілі бір тараптың мҥддесін қорғай отырып, келесі тарапқа қаралып отырған мәселеге қатысты істің мәні бойынша шешілуіне байланысты шектеулер қойылады. Сол арқылы, яғни сот шешімі шығару нәтижесінде даулы сұрақтар даусыз құқықтармен игіліктерге айналады.

Соттармен шығарылған шешімдер мен олардың талаптары барлық мемлекеттік қызметті жҥзеге асырушы тұлғалармен, барлық азаматтар және заңды тұлғалармен орындалуы міндетті. Олардың орындалмауы жауапкершілікті кӛздейді. Сот азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары, бостандықтары мен заңды мҥдделерінің қалпына келтіруде негізгі әрекет етуші тұлға болып табылады.

Сот жҥйесі әлі де, бҥгінде жҥргізіліп отырған реформаларды қоса алғанда, одан әрі тиімді дамуды қажет етеді. Осы арада заңды шешім шығарудың дұрыс тәжірибесінің саласын қалыптастырудың орны ӛте ауқымды. Ӛйткені, елде дұрыс қалыптасқан және ұйымдастырылған сот жҥйесінің болуы, сонымен қоса жеке судьялардың имиджінің ӛте жоғары дәрежеде негізді болуы, бҥгінгі жақандану заманында ең алдымен

«Кұқықтық мемлекет» құруда негізгі бастаулардың бірі болмақ.

Соттар шешім шығаруда ешкімге тәуелсіз, ешкімге есепсіз.

Азаматтық сот ӛндірісінде сот шешімі құқық қолданушылықтың актісі

(4)

болып табылады. Барлық сот актілеріне тән ерекшелік, ол істі қараушы тұлғамен, яғни судьямен мемлекеттің еркін білдіруі. Сот шешімдерінің маңызы Қазақстан Республикасының азаматтарын және ӛзге тұлғаларды елдегі әрекет етуші заңдарға сыйгершілік қатынаста болу рухында тәрбиелейді. Сот шешімі туралы мәселелер азаматтық іс жҥргізушілік ғылымда негізгі орындарға ие және әрдайым ғылыми зерттеулердің объектісі болады, ӛйткені бҥгінгі сот тәжірибесінің қажеттіліктері азаматтық іс жҥргізушілік ғылымында аталған тақырыпты ӛзекті етеді.

Ӛткенімізге кӛз жіберсек, қазақ қоғамында да сот билігі даулы істерді шешуде тегеурінді, әрі сенімді процесуалдық қызмет атқара білді. Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты - сот процесіне қатысушылардың «жеңуі», не «жеңілуінде» емес, екі жақтың «жеңілдеп» шығуында еді. Ӛйткені, оның басты мақсаты - бітім, бітімгершілік болатын. «Дау мұраты - бітім» деген аталы сӛз де сол кезден қалса керек. Елді бірлікке, татулыққа шақырған ұлы билеріміздің даналығы да осында жатыр [5].

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. «Қазақстан Республикаының сот және соттар мәртебесі туралы» конституциялық заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2009 ж.

3. «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жҥргізу кодексі», Алматы: ЮРИСТ, 2010ж.;

4. «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жҥргізу құқығы» оқу құралы, Ҥ Нұрмашев., Ф Нұрмашева, Алматы: Жеті жарғы, 2009 ж. ISBN 9965-11-305-Х 5. Әбдірайымов Б.Ж., Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау. - Алматы: Борки,

1998. - 3-б.

Referensi

Dokumen terkait

Зерттеу нәтижелері Жоғары оқу орындарда техникалық мамандықтар бойынша студенттердің оқу іс-әрекетін бақылау оқытудың күрделі және қауырттылық кезеңі, себебі бұл жалпы физика курсынның