1
Е.Б.Омаров, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Қ.Қ.Құланова, аға оқытушы
А.А.Аханов, аға оқытушы
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДЫҒЫНДАҒЫ КРЕДИТТІК ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕ СӨЖ-ді ҮЙЛЕСТІРУДІҢ КЕЙБІР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспарында атап көрсетілгендей, 2005- 2010 жылдардағы білім саласын дамытуды іске асыру шарасына сәйкес дене шынықтыру және спорт мамандығының пәнаралық ерекшеліктерін ескере келе, болашақ мамандарға кәсіби бағыттағы білім беруде, ең алдымен, бәсекелестікке қабілеттілік идеясы басты мақсат ретінде қабылдануы керек.
«Дене шынықтыру мен спорт» саласына мамандарды дайындаудың негізгі мазмұны келесі мәселелермен тікелей байланысты:
білім беру жүйесінде педагогикалық, оқу-тәрбиелік, ғылыми-әдістемелік, ғылыми- зерттеушілік, басқару-ұйымдастырулық қызметінің ұйымдастырылуы;
енетін инновациялық технологиялар, тиімділікпен ғылыми-әдістемелік басқару, қолданылатын құралдарға және дене шынықтыру әдістері мен спорт жаттығуларына адекваттық әсер ету;
осы бағыттың қозғалмалы қорын қалыптастыруды іске асыру, болашақ мамандардың дене шынықтыру туралы білімі мен дағдысы;
спорт түрлеріндегі техника-тактикалық шеберлігі мен физикалық қасиеттерінің сапалық іске асуы мен дамуы.
Спорт ғылымдарында спорттық-педагогикалық білімді жүзеге асыру үшін «Дене шынықтыру мен спорт» мамандығы бойынша студенттердің оқу-тәжірибелік процесінде үлкен жетістіктермен қолданылып жүрген көптеген әдістер барлығы жалпыға мәлім.
Дене шынықтыру пәнінде спорттық-педагогикалық сала оқытушыларына қойылған мақсаттарға байланысты келесі жүйелік әдістерді қолданады: бір қалыптылық, ауыспалылық, аралықтылық, жарыстылық, шеңберлік түрде, бақылаулық және ойын әдісі. Біз талқылауымызды берілген ойын, әдіс арқылы жалғастырғымыз келеді. Ол – «Дене шынықтыру мен спорт»
мамандары үшін КОЖ ауқымында СӨЖ және СОӨЖ бойынша сабақтарды өткізу мен ұйымдастыру формасында спорттық ойындардың педагогикалық мәнін айқындау.
2
Оқытушы студентке ықпалы жағынан өзін объект ретінде сезінбей, қызметтің толық құқықты субъектісі ретінде сезінетін жағдайында ойын қызметі, әдісі жанама әдіске жатады.
Сондықтан да ойын процесі кезінде оқыту жүйесінің кредиттік шарттарындағыдай толық мөлшерде СӨЖ талап етілетіндіктен студенттер қиындықтарды өз бетінше жеңуге ұмтылады және алдарына міндет қойып, оларды шешеді.
СӨЖ бойынша мақсатқа бағытталған сабақтарда спорт ойындары (футбол, баскетбол, волейбол, қолғалмалы ойындар мен басқалар) – өзін-өзі тәрбиелеуге әсер ете көшетін құралдар болып саналады. Ойындарда оқытушы мен студент арасында қарым-қатынастар құрылады.
Оқытушы-бапкер жеке тұлғаға тек қана оқытылу сияқты функциясын ғана емес, сондай-ақ, толығымен бағдарланған басқа үрдістерге қажет қарым-қатынастар және жеке қатынастар негізін жатқызады. Ойын әдісінде студентті қызметке қатыстыруда, білім алушының спорттық- педагогикалық нәтиже бойынша білімнің максималды көлемін беру кезіндегі сабақ өткізу формасын елестетеді.
Ойын – көңіл көтеру емес, шығармашылық қызметке студент-жастарын тартатын ерекше әдіс, әсіресе СӨЖ бойынша мақсатқа бағытталған сабақтарды өткізу кезінде олардың белсенділіктерін ынталандыратын әдіс.
Қуанышты күйге талаптануды «адамның еркін ойындары» арқылы СӨЖ сабақтарында спорт ойындарындағы дәлелдемелерді қолдана отырып қол жеткізуге болады, жеке айтқанда футбол, баскетбол және волейболмен айналыса отырып, студенттер өздерінің физикалық қасиеттерін жүзеге асырады.
Ойын – жастар ғана ойнайтын әрекет емес, жеке құбылыс ретінде күрделі әлеуметтік құбылыс болып табылады. Ойында физикалық қажеттілікті жүзеге асыруға және ойынға қатысу қабілеті өмірді ерекше көрумен сипаттайды және адамның басқа көрсеткіштеріне байланысты емес. Бірақ ойынға үлкендер мен балардың талпынуы әр түрлі әлеуметтік негізге ие болатын ерекше мәселе.
Мамандық бойынша СӨЖ сабақтарын өткізудің ойындық моделі көп жақты байланысты қамтамасыз етеді. Нақ осы өзін-өзі тану белсенділігі және адамның негізгі өмірлік қызметі ретінде физикалық қасиеттерді жүзеге асыруға талпындыруға себепші болады.
Ішкі ойын – «өзімен-өзі болуымен» анықталатын логика, олар әрқашан «біркелкі болуды»
анықтамайды. Ол КОЖ шарттарында өзін-өзі тәрбиелеу құралы және студент тұлғасы үшін тиімді бейімделу құбылысы болып табылады. «Адам ойыны - ол өмірлік зертхана сияқты». Еңбек пен ойынның ұқсатығы төмендегідей болып келтіріледі:
1) «кез келген жақсы ойында жұмыстық күш салу мен ойдың күш салуы бар... Күштеусіз ойын – белсенді қызметсіз және әрқашан нашар ойын»;
2) «ойын қуанышқа қанағаттанарлық құбылысқа жеткізеді. Ол шығармашылық қуанышы, жеңіс қуынышы, табиғи қуаныш - сапа қуанышы ретінде сезінеді. Дәл сондай қуаныш жақсы жұмыс нәтижесі ретінде болады және мұнда олардың толық ұқсастықтары сияқты қабылданады»;
3) «кейбіреулерінің ойлауы бойынша, жұмыс ойынға қарағанда жауапкершілігі жағынан ерекше сезім сияқты, жұмыста жауапкершілік бар, ал ойында жоқ дел ойлайды. Бұл дұрыс емес:
ойында дәл жұмыстағыдай жауапкершілік бар. Әрине, тек жақсы, дұрыс ұйымдастырылған ойында».
3
Адамгершілік ойынның міні - шынайылықты түрлендіре көрсетудің мүмкіншілігі. Ойында алғашында осы жағдайда қалыпқа келтіріледі және өзінің қызметінің «басшысы», субъектісі болуға, сондай-ақ адамның өмірге әсер ету қажеттілігі туындайды, ал ол физикалық қасиеттердің жүзеге асырылуынсыз мүмкін емес.
Мәселе ойынның мәні мен нәтижесінде емес, тек ойынның қызметтерімен процестің өзі ғана басты негіз болып табылады. Ойынның арнайы ерекшеліктері үлкен тәрбиелік мүмкіндіктерден тұрады, яғни, ойынның мазмұнын оның сюжетіне арнайы мақсаттарды және СОӨЖ бойынша сабақ жаттығуларын енгізіп бақылай отырып, педагог дәл сонымен білімнің оң сапаларын және студенттердің ептілігін бағдарламалау мүмкіндігіне ие болады.
Спорттық ойын білімнің саналы және жағымды қатынастарын қалыпқа келтірудің үлкен мүмкіндіктеріне ие, сонымен қатар қажеттілігі бойынша бәсекеге мүмкіншілігіне ие мамандар мен
«Қазақстанның бәсекеге қабілетті әлемнің мемлекеттерінің ең дамыған елу елінің қатарына ену стратегиясы» 2008 жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған талаптарға сәйкес келуі қажет.
Осы талданып отырған бағыттағы мамандықтың жұмыстарының ең негізгі бөлімдерінің бірі – ереже бойынша базалық білімге ие және оқыту тәртібінің көрінісіне сәйкес келетін оқу үдерісінің кадрлық қамтамасыз етілуі.
Оқу процестерінде физикалық жүктеулердің көлемі толығымен меңгерілмеген және осы саланың мамандарының қосымша зерттеулерін талап етеді. Осы сұрақ бойынша кафедра мамандары мақсатты бағытталған ғылыми тақырыптар жүйесінде, зерттеу жұмысының деңгейлі жоспарын өңдеуде. Алынған мәліметтер негізінде оқу процесінің өзгеруінің толық тенденциясын, сәйкесінше, мамандардың кәсіби дайындығының тұрақты жүзеге асуын ашып беру, айқындау.
Білім бақылауының және СӨЖ бойынша ұйымдастыру жұмыстары жетілдірілуде, сонымен қатар таңдалынған спорт түрлерінен бақылау-техникалық нормативтерінің нәтижесі бойынша курстан курсқа өту кезіндегі талаптарын қорытындылау ескеріледі.
Оқу процесін ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін, жалпы оқу кестелерін қойған кезде студенттердің тәжірибелік сабақты өтудің тәуліктік көлемін ескеру қажет, яғни бір күннің алғашқы жарты күнінде екі сағаттан артық тәжірибелік тәртіпте өткізу аса қажет емес. Жалпы белгілі, спортшы студенттер күнінің екінші жартысында күш салып таңдалынған спорт түрлерімен жаттығады, сондықтан мақсатқа сай жоспарланған оқу кестелері студенттердің жалпы жұмысын қиындатады. Сабақтың осы формалары тез шаршауды туғызады және осыған байланысты оқу материалын меңгеру қабілеті төмендейді. Осы жағдайға байланысты кейбір факторлардың реті сәйкес келеді: Оқуды техникалық шаралармен оқытудың болмауы, қарастырылып қалпына келтірілмеген кабинеттер мен кейбір негізгі және басқа да қосалқы қызметтік орындардың санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкес келмеуі және спорт комплексінің нашар жабдықталуы әсер етеді.
Спорттық ұстаздық жетілдіру тұрғысынан алғанда, спорттық-педагогикалық жабдықталу нашар жағдайда сабақты өту кезінде, оқытушылар арнайы мәселелерді шешу үшін оқу жоспарымен анықталған және кестеде реттелген кескінмен, жалпы жүйе бойынша басқаша оқу тәртібі мен қызмет ету көрсетілгені туралы ұмытып кетеді. Нәтижесінде, «Қайшы» деп аталатын жағдайлар туындайды. Ол кезде оқу күнінің басында немесе ортасында өткізілетін спортты- педагогикалық сабақтардың өтілуі немесе дене шынықтыру пәні және шекті күштенген
4
режимдерде спорттық жарыстарға жиі қатысу студенттердің оқу-еңбегінің белсенділігіне әсер ететіні сөзсіз, оқу процесінің үйлесімді өтілу логикасын да бұзады. Ұқсас тәжірибе СОӨЖ кестесінің есебінсіз мамандардың спорттық-педагогикалық жүзеге асырылуының қолдануын төмендетеді және тиімділігін шектейді. Сондықтан осы мәселені шешуде, әдістемелік жағдайларды анықтауда, кафедраның оқу процесінің ұйымдастыруын орындауда негізгі тізбекті бағыттағы жұмысты көрсетеді.
Спорттық-педагогикалық жетілдірілу үрдісінің жүзеге асырылуы бойынша СӨЖ мынадай құрылымда өткізіледі.
▪ Алдымен тақырыптары көрсетіледі: Дене шынықтыру жүйесінде спорт түрінің дәстүрлі кәсіби бағыттары біздегі мамандарға сәйкесінше спорттың тоғыз түрі бойынша толық жетілдіруі жүзеге асады, осы жолы тек қана жеңіл атлетика бағдарламасынан бір мысал келтірейік:
Жарысты өткізу және ұйымдастыру бойынша құжаттандыруды қарастыру: техникалық мәлімдеме, қатысушының жеке картасы, көп сатылы жарысқа қатысушының картасы, жүгіру бойынша жарыс хаттамасы, секіру бойынша хаттама (үш әрекет), лақтыру бойынша хаттама (үш әрекет), секіру бойынша хаттама (алты әрекет), лақтыру бойынша хаттама (алты әрекет), жарыстың аяқталуы туралы хаттамасы, секірудің аяқталуы хаттамасы, лақтырудың аяқталу хаттамасы келтіріледі.
▪ Тәжірибелік тәртіп бойынша СӨЖ бен СОӨЖ жұмыстарын өткізу, дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері үшін құрастырылған кесте және секциялық сабақтарға сәйкес спорт кешендерінде өздерінің спорттық шеберліктерін жүзеге асыру ұсынылады. Бақылау спорттық-техникалық дайындықтар нормативін қабылдау формасында және оқу-тәжірбие сабақтарының жеке бөліктерін өткізу тәртібі бойынша оқу тәжірибесі түрінде іске асырылады.
▪ Теориялық сабақтарда дене шынықтыру және спорт саласында интернет арқылы және әдебиет көздері бойынша жаңа инновациялық технологиялармен танысу жұмыстары өткізіледі.
Бақылау рефераттарды қабылдау, курстық жұмыстар, тестілік тапсырмалар және сабақтарды өткізу мәселелерімен байланысты формаларды табу, сонымен қатар материалды жүйелі түрде қабылдау есеп алу түрінде қарастырылады.
▪ Сабақтар әр түрлі формада өткізіледі және жоспарланады, сонымен қатар білікті спортшылардың шақырылуымен «шеберлердің классы» және әр түрлі спорт түрлері бойынша республикаға еңбек сіңірген бапкерлер қатыстырылады.
▪ Қабылдау графиктері, тақырыптары және СОӨЖ бойынша бақылау формалары КОЖ ауқымында ОӘК-ге сәйкес ұйымдастырылады.
▪ Сабақтар туралы анықтама өңделуде спорттық пәндер бөлімдерінде оқытатын жол сілтеуші әдістемелік бірлестіктер дайындалады.
▪ Білімді бақылау материалдары: спортты-педагогикалық пәндер (спорт түрлері бойынша төрешілік ережесі) материалы тәжірибеде жұмыс істеу үшін, жоспарлар және спорт түрлерінің арнайылығы, аумақ, есеп құжатының есебімен БЖСМ-де оқу-жаттығу сабақтарының өткізу бағдарламалары қарастырылады.
▪ Рейтингтері төмен болған студенттерге, деңгейін жоғарылату мақсатында қосымша сабақтар, кеңестер өткізіледі.
5
▪ СӨЖ- дің аудиториядан тыс формасында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша студенттерге өз бетінше спорт залдарында өткізілу ұсынылады.
▪ Сонымен қатар, өзіндік жұмыс білім алушыларды емтиханға даярлау түрінде пән бөлімдері бойынша тестілік тапсырмалар таратылады.
▪ СӨЖ нәтижелері жазылған рефераттар, бақылау баяндамалары, ғылыми мақалалар, дене жаттығуларын орындау, жеке техникалық элементтер және барлық бақылау нормативтерінің комплекстері бойынша бақыланады.
▪ Теориялық пәндеде ауызша түрде қызметті түрде, рольдік ойындар, сияқты спорт жаттығу теориялары бойынша жеке тілдесу, дәрігерлік бақылау, гигиена, мәселелері рационалды тамақтану т.б. талданады. Сонымен қатар, оқытушылардың студенттермен жасалған жұмыстары бойынша жазба жұмыстар жазылатын кафедрада СӨЖ тапсырмаларының арнайы журналы болады.
▪ СӨЖ-ін тапсыруда студент оқу процесінің белсенді қатысушысы болып ілгерлі ынта көрсетеді және сыншыл ойлаудың еркін дағдаларына ие болады, сондай-ақ дәлелдеу мен өз ойын қорғап қалу қабілеті қалыптасады, техникалық-тактикалық талдау бойынша таңдалынған спорт түрлерінің мәселелері айқындалады.
▪ СӨЖ-ді ұйымдастыру оқу процесін ұйымдастырудың әр түрлі формасымен байланыс орнатуын қарастырады, яғни нақты тәртіп тақырыптарын меңгеру кезінде СӨЖ дәл өз орнын анықтайды. Яғни:
● СӨЖ-дің дәрістік, семинарлық (практикалық) сабақтарына бағыттылығы;
● Сабақ түрлерін дұрыс таңдау мен оқу материалының көлемін анықтау;
● Тапсырманы ұйымдастыру бойынша көрсетулер мен ұсынулардың болуы талапқа сай, СӨЖ-дің оқу сабақтарының әр түрлі формаларына байланысты болуы.
▪ СӨЖ-ді өткізу мен ұйымдастыру технологиясында келесі элементтер болуы керек: СӨЖ- дің жоспарлануы, әдістемелік қамтамасыздандыру, орындаудың бақылануы мен бағалануы, талдау мен жүзеге асу талаптары.
Әр түрлі арнайы пәндер бойынша СӨЖ түрлері мен формаларын таңдаудағы мақсаттар сәйкестігі және оқу тәртібінің тапсырмасын меңгеру, студентті дайындау деңгейіндегі, сағаттар саны, өзіндік жұмыстарға меншіктелген материалдардың сапалығы, талаптарға сай келуі келесі жұмыстарды қамтиды: СОӨЖ құрамын бақылау, курстық, семестрлік және жұмыс түрлерінің басқа түрлерінің енгізілуі міндетті болып табылады. СӨЖ оқу процесінің кестесіне байланысты жасалады, консультацияны өткізу уақыты, тапсырмаларды қабылдау мерзімі мен мазмұны СӨЖ бақылауының формасы, балдарды иелену әдісі көрсетіледі.
Спорттық-педагогикалық іске асу бойынша оқу пәндері болашақ мамандардың кәсіби дайындау құрылымындағы орнын және осы пәнді не үшін оқу керектігін анықтайды. Оқытушы бақылауды жүргізе отырып, студеттің жұмысын белсендіреді, көмектеседі.
Дене шынықтыру қозғалысының практикасына қатысты жазбалар арқылы дене шынықтырудың республикалық жүйесінің дамуына байланысты, осы саладағы білім жүйесі жалпы алғанда әрқашанда жаңартылып, іске асырылуы аса қажетті мәселе болып саналады.
6 Түйін:
Бұл жұмыста дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша студенттердің оқытушы көмегі арқылы өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруындағы тұжырымдық және әдістемелік ұсыныстарының тиімді жолдары қарастырылады.