• Tidak ada hasil yang ditemukan

Дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар негізінде студенттердің әлеуметтік маңызды қасиеттерін тәрбиелеу жолдары

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар негізінде студенттердің әлеуметтік маңызды қасиеттерін тәрбиелеу жолдары"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

№ 1 (86) 2012

71

Жоғары кәсіптік білім беруде бейнелеу өнері саласында білім сапасын арттыру, жаңа педагогикалық негіздерге, әдістемелік жаңартуларға байланысты. Сондай-ақ, жаңа талаптар қойылады: алынған білімді өндірісте тиімді қолдану, өнер мен өмір шындығын байланыстыру, шығармашылық жұмыстарды орындай білу. Ол тікелей көркем мәдениеттің негіздерін білуге, одан әрі дамытуға, өз іс-әрекетінде тиімді пайдалана білуге, бейнелі композициялар құруға, оның ішінде жергілікті, ұлттық ерекшеліктерді ескеріп, моделдерді игеруге байланысты. Осындай білім мен білікке қоса, бейнелеу өнері мамандары көркем мәдениетті болашақ ұрпаққа таныта білуді жаңа пәнде, жаңа технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Біздің зерттеуіміздің жалғасы өнертану ғылымының педагогика саласында қарастырылуының маңызымен байланысты болмақ. Сондай-ақ, тұлғаның шығармашылық қызметінің мотивтік бағдарын жасайды. Оқу процесінде іріктеліп алынған тақырып меңгерілуге тиіс білім көлемін белгілі бір уақыт аралығында студенттің игерілуін қамтамасыз етуіне қарай бағаланады. Себебі тақырыпты меңгерудегі білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттардың бірлігі де студенттердің білім, білігінің жетілуі де оқу құралдарын, ақпараттық технологияларды қаншалықты дәрежеде дұрыс пайдалануына байланысты шешіледі.

Ол үшін таңдаудың критерийлері толық сақталуы қажет: өнер бағытындағы пәндердің басты мақсаты мен оқыту әдістерінің сәйкес болуы; оқыту міндеттері мен әдісінің сәйкестенуі; көркем мәдениетті мазмұндаудағы жеке тақырыптың ерекшелігін танытуға қолайлылығы; әдістің оқуда белгіленген уақытқа сиымдылығы мен білім білім берудегі тиімділігі; студенттің өздік дамуына жол ашудағы ықпалы. Студенттердің өзін-өзі тануына, өзара дұрыс қарым-қатынасын орнықтыруға ықпал ету арқылы білімді қызығушылықпен саналы түрде игеру көзделеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 24ақпан. 2004 ж.

2. Кішібеков Д. Философия. -Алматы: Атамұра, 1991. -201-204 бб.

3. Оконь В. Введение в общую дидактику. –М.: Высшая школа, 1990. -382 с.

Редакцияға 04.11.2011 қабылданды.

Е.Б. ОМАРОВ, Б.М. ИДРИСОВА, Б.Е. БАЗАРБАЕВА, О.А. ДӘУРЕНБЕКОВА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ҚАСИЕТТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ

The paper considers that the means of physical culture and sport, if properly managed play a significant role in enhancing the student›s personality, influencing not only the way of life, moral education, but also on that microsocial environment that surrounds it.

On this basis, it proposes to use the revealed regularities allow the management staff of universities and especially teachers of physical education more thoroughly and productively use the means of physical culture and sports in the task of forming the students› active life position, raising the conscious relation to the implementation of its own, and educational deb.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдары көптеген жетістіктерге жеткен бірден бір сала ол – дене шынықтыру және спорт десек, артық айтқан болмас. Себебі жоғары оқу орнының білім беру үрдісінің субъектісі тарапынан студенттердің әлеуметтік маңызды қасиеттері тәрбиелеудің әсерін анықтайтын негізігі нысанның бірі сол сала болып табылады. Солардың ішінде, әсіресе, студент жастар қауымдастығының құнды бағдарлауы мен жоғары сүйіспеншілік сана-сезімі, студенттік- жолдастық, құқықтық және оқу тәртіптілігі, оқу үлгерімі, әлеуметтік-еркіндік қасиеті және т.б. атап көрсетуге болады.

Бұл – жоғары оқу орнының барлық профессорлары мен оқытушылар құрамының, соның ішінде спорт пен дене шынықтыру қызметтеріндегі үрдісті мақсатты түрде жүзеге асыруда құрылатын сипаттамалар.

Алға қойылған міндеттерді шешу үшін төмендегідей негізі әдістер қолданылды: сауалнама жүргізу;

педагогикалық бақылау; әлеуметтік белсенділікті талдау; социометриялық өлшем; студент тұлғасын психологиялық зерттеу; оқу және құқықтық тәртібін; студенттер арасындағы достық пен жолдастық қасиеттерін бағалау жағдайы т.б.

(2)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

72

Жастардың тәртібі мен сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеуде спорт пен дене шынықтыру сабақтарының маңызды рөл атқаратынын алғашқы әдебиет көздерінің бірқатар талдау барысы көрсетті. Бұл өзекті мәселелерді спорттық педагогика ғылымдарының білікті мамандары қарстырған В.В.Беларусова, В.У.Агеевец, В.М.Выдрин, В.А.Щеголев, В.К.Бальсевич, М.Я.Виленский, В.И.Столяров, С.В.Николаев, Ю.Н.Щедрин, және т.б.

Мысалы, [1] жұмысында спорт пен дене шынықтыру қызметтерін тиімді басқарудың нәтижесін жастарды сүйіспеншілік қарым-қатынас жүйесіне қосқан, мықты ұйымдасқан әлеуметтік маңызды мақсаттың жеткен жетістігімен байланыстырады. Студент-спортшының алға қойған мақсатқа жету жолындағы елеулі еңбегі, спорттық қызметті басқалардан бөліп қарастыратын жоғары эмоциялығы, өзін ұстай білушілік пен өзін-өзі бақылай алудың қажеттілігі, осының бәрі кезінде спорттық әрекеттер барысында жеңіліс тапқан кезеңдерде сабырлылық танытуға көмектескеніндей, өмірдің әртүрлі қиын сәттерінде де өз пайдасын тигізеді. Жастардың ортасы спортпен айналысатын жігіттер мен қыздарға әділетсіздікке қарсы шығуды қалыптастырып, олардың бойына жоғары құқықтық, адамгершілік жауапкершілікті сіңдіруге мүмкіндік туғызады.

Спорттық әрекеттер үрдісінде студент тұлғасын қалыптастырудағы ең басты жол - оның спортпен айналысудағы негізгі қызығушылық себептерін анықтау болып табылады.

Осы жұмысты толыққанды анықтау үшін, басқа да жоғары оқу орындарының осыған сәйкес жүргізген көптеген студенттер қатысқан арнайы зерттеу жұмыстарының көрсеткіштері басты назарда ұстала келіп, қолданысқа қосуды ұлғайтты.

Саналы студенттің тәртіптілігі тәртіпке негізделген заңды орындауда өзінің жеке көзқарасы келген жағдайда өз дағдысын, іскерлігін, әдетін басқара алуда ішкі сенімі бар екенін айғақтайды.

Әлеуметтік және психологиялық зерттеуден алынған мәліметтерден оқу тәртіптілігін қалыптастырудағы маңызды алғы шарт – спорт пен дене шынықтыру сабақтарын жоспарлау мен бақылау жүргізгенде барлық түрінде талапшыл болып, қатаңдықты ұстану керек деген негізгі қорытынды шығады.

Спортта қалыптасқан тәртіпті үнемі қадағалау, жаттықтырушының айтқанын орындау, жаттығуда жоспарланғандардың бәрін жүзеге асыру, машықтану, спорттық жекпе-жектің қатаң нормасы мен ережесін орындау студенттер бойындағы тәртіптілік пен өзін ұстай білушілікке тәрбиелеуде мүмкіндік туғызады.

Студенттің тәртіптілік құрылымы тұлға қасиетінің диалектикалық байланыстарынан тұратын жинақтардан құрылады. Спорт пен дене шынықтыру студент жастар бойындағы ерік-жігері мен адамгершілігін жетілдіруші тәсіл ретінде тәртіптіліктің құрылымдық элементтердегі түрлі дәрежедегі әрекеттестікке де әсер етеді. Бұл әрекеттестік әрқашан бірден орындалмайды, кейде тәрбиелеу үрдісінде басқа да қырынан көріне бастайды.

Студент жастарды әлеуметтік-тұлғалық тәрбиелеудегі басқаруда тәртіптіліктің нақты элементтері мен тұлға қасиеттеріне спорт пен дене шынықтырудың түрлі формаларының әсер етудегі негізгі мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін белгілеу өте маңызды.

Мотивация құрылымына басыңқы дәлелді, сонымен қатар бағыныштылар мен қосалқы дәрежелердегіні белгілеп атау белгілі болды. Себебі басыңқы дәлел ретінде әрбір екінші студент қимыл-әрекеттерін қанағаттандыратындай дене жаттығуларын эмоциялы тартымдылықпен орындау арқылы, өздерінің денсаулықтарын нығайтудың мүмкіндігін анықтайдығы ескерілді және де оған ерекше жауапкершілікпен кірісті.

Жоғары оқу орнының әрбір үшінші, төртінші студенті өзінің спортпен шұғылдануын кәсіби дағдылары мен денсаулық сапасын жетілдіре түседі деп есептейді. Студенттердің біразы жарыстарда студенттік ұжымының спорттық намысын қорғау үшін спортпен шұғылдану қажет деп түсінсе, тура осындай көрсеткішті студенттер спорттық жарыстарға қатысу кезіндегі дайындықтарда тұлғаралық қарым-қатынасқа көңілі толғандықтан спортпен шұғылданатыны белгілі болды. Тек студенттердің 6 %-дан сәл артығы ғана спорттық жетістіктің биік шыңына жету үшін тырысып, спортпен шұғылданатындығы анықталды.

Студенттердің спорттық қызмет мотивациясында процессуалдық мотивтің үстемдігі жоғары екендігін алынған нәтижелер дәлелдеді. Осы процессуалдық мотивтер көбінесе спорт түрлерінің функционалды мазмұнының эмоциялы, экспрессивті сәттерімен бөлінетіндігі көрсетілді.

Яғни, осы үрдіске қатысушылардың сабақтастығын сипаттайтын спорттық қызмет, спортпен шұғылданудың негізігі қозғаушы күші өзара қарым-қатынасты қажетсінуден болатынын анықталғандығын көрсетті.

(3)

№ 1 (86) 2012

73

Осы бағытты зерттеген ғалымдардың деректі ұсыныстары қарым-қатынас адамдар арасындағы әрекеттесуді өзара түсінушілік пен реттеуде жетістікке жету үшін, бір-бірімен алмасқан эмоциясы мен ақпараттарын қорытындылайтын байланыс деп қарастырылуда. Өзара түсінушілікте қарым- қатынастағы қатысушылардың бірін бірі тану мақсатында ақпаратты қабылдап, талдау үрдісі жүретіні анықталады, ал өзара реттеуде қарым-қатынастағы серіктестіктің бет-алысындағы өзгерістер мен мотивтерінің өзектенуі, мақсаттың нақтылануы мен құрылуы болып саналады.

Қызмет сияқты, қарым-қатынас та тұлғаны қалыптастыратын қажетті шарт. Қарым-қатынас үрдісінде адамдардың әрекеттестігі мен өзара ықпалдылығының, көзқарасы мен көңіл-күйінің, идеясының ортақтастығы айқындалатын көрініс табады.

Әскери-оқу орындарының көп мөлшердегі курсанттарына мақсатты түрде, спорт пен дене дайындығының сүйіспеншілік сана-сезім мен тәрбиені қалыптастыру үрдісіне арнап жүргізген зерттеуі, дене тәрбиесі мен спортты тиімді қолданудың арқасында, қалай сүйіспеншілікке тәрбиелеуде болса, дәл солай дене тәрбиесінде де ең бір қолайлы жол екенін көрсетті [2].

Студенттердің тәртібі мен сүиіспеншілік сана-сезімін сипаттаушы олардың әлеуметтік белсенділігі болып табылады. Біздің арнайы жүргізген зерттеуімізден спорт пен дене шынықтырудағы студенттер белсенділігі олардың қоғамдық жұмыстардағы белсенділігімен байланысты екені белгіленді.

Әлеуметтік белсенділік студент ұжымы өмірін жан-жақты дамытып, жетілдіруге бағытталған қоғамдық жұмыстарға студент жастардың араласқанында зерттелді. Жоғары оқу орнында спорттық іс-шараларды жүргізу барысында сарапшылардың педагогикалық экспериментті қолданып, студенттерге жүргізген сауалнамалардың көмегімен талдауға арналған мәліметтер алынды.

Зерттеу студенттердің ішінде спортпен үнемі айналысатындары әрқашан сайланған қоғамдық жұмыстардың басында болып, қоғамдық тапсырмаларды тиянақты орындайтынын көрсетті.

Кешендік талаптардың көмегімен, яғни қоғамдық жұмысқа өзін араластыру факті, қатысу мотиві, уақытша көрсеткіш сияқты белгілері жинақтағанда корреляциялық талдау негізінде студенттердің бірнеше тобы анықталды. Топтар студенттердің қоғамдық қызметке араласудағы тәртібі бойынша ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік белсенділік деңгейіне де байланысты бөлінді. Әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі студенттер (жігіттер мен қыздар) – бірінші топқа, орташа деңгейдегілер – екінші топқа, төменгі деңгейдегілер үшінші топқа біріктірілді. Төртінші топ өзіне практикалық пассивті тұлғаларды жынақтады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттықық университетінің 422 студентіне жүргізілген әлеуметтік белсенділігінің типтік нәтижесін талдау төменгі кестеде көрсетілген.

1-кесте. Әртүрлі спорттық дәрежелердегі студенттердің әлеуметтік белсенділік деңгейі % Әлеуметтік

белсенділік деңгейі

І дәрежелі және одан жоғары

дәрежелі спортшылар

Бұқара- көпшілік дәрежедегі спортшылар

Спортпен үнемі

айналыспайтында Спортпен айналысудан

қашатындар

Жоғары 32,2 37,6 23,3 3,8

Орта 31,5 39,2 18,6 9,4

Төменгі 21,4 17,7 22,9 34,2

Практикалық 12,7 3,4 32,3 50,4

пассивті деңгей

Осы кестеден көріп отырғанымыздай, спортпен белсенді айналысатын студенттердің онымен айналыспайтындармен салыстырғанда қоғамдық жұмыстарға қатысу көрсеткіші әлдеқайда жоғары.

Спорт пен дене шынықтыру саласындағы белсенділік әлеуметтік қызметтің барлық саласындағы белсенділікпен тығыз байланысты.

Бұдан спорт пен дене шынықтырудың амал-тәсілдерін дұрыс тиімді пайдалана басқарса, студент тұлғасын тәрбиелуде, өмір сүру салты мен сүйіспеншілікке ғана ықпал жасамай, оны қоршаған микроәлеуметтік ортаға да әсерін тигізуде маңызды рөл атқарады деп қорытуға болады.

Студент жастардың әлеуметтік белсенділігін кешенді түрде зерттеу бір жағынан, спортпен және дене шынықтырумен үнемі айналысатындардың әлеуметтік-қоғамдық саладағы қызметтегі белсенділігі

(4)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

74

жоғары екенін көрсетеді. Басқа жағынан алып қарағанда, әлеуметтік белсенділік тұлғаның біртұтас қасиетіндей спорт пен дене шынықтыру саласының белсенділігіне айтарлықтай әсер етеді. Бұл өзара диалектикалық байланыс студент жастардың әлеуметтік белсенділігін жоғарлатуда спорт пен дене шынықтыру тәсілдерінің үлкен мүмкіндіктер туғызатынын көрсетеді [3].

Туындаған заңдылық жоғары оқу орнының басқару аппараттарына, әсіресе, дене тәрбиесі оқытушыларына студенттерді салауатты өмір салтын ұстанып, белсенді өмір сүруіне, оқу мен қоғам алдындағы міндеттеріне саналы түрде қарауға тәрбиелуге, спорт пен дене шынықтырудың амал- тәсілдерін одан да тиімді, әрі жете пайдалануда мүмкіншіліктер барлығын көрсетеді [4].

Әлеуметтік белсенділікті қалыптастыруда спорт пен дене шынықтыру сабақтарының оң әсер ететінін бағалай отырып, кейбір кәсіптену ерекшеліктердің қыр-сырына назар аударған жөн.

Жүргізілген зерттеудің қорытындысы көрсеткендей спорттың әр түрімен айналысатын студенттердің қоғамдық белсенділігі бірдей емес. Сонымен, студентер арасында қоғамдық жұмыстарда ең көп белсенділікті спорттық ойындар, қолданбалы көп сайыстармен және де спорттың басқа да түрлері мен айналысатындар көрсеткен, себебі осы аталған спорт түрлерінің әрекеттерінің басты ерекшеліктері болып, негізінде олардың қандайда жетістікке жету жолдары тек бірігіп өзара ортақтасудың (ұжымдық) нәтижесінде ғана іске асатындығы дәлелденген.

Қарастырылған мәліметтерді қорыта келгенде, қызығушылық танытудың ортақтығы студент жастардың қоғамдық белсенділігін дағдыландырады және өзара коммуникациялыққа қалыптастыра келіп, ұжымның әлеуметтік маңызды мотивтерімен гармониялық үйлестік табатындығы көрсетілді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.Щеголев В.А. Физическая культура и спорт в воспитании студентов. -Великие Луки: Наука, 1999. -52 с.

2. Макаров А.Г. Дис. канд. пед. наук.- Изд-во «МГУ», М.: ДКИФК,1985.-216 с.

3. Медик В.А., Осипов А.М. Университетское студенчество: образ жизни и здоровье. -М.: Логос, 2003. -200 с.

4. Бовыкин В.В. Образ жизни студенческой молодежи. – СПб.: Изд-во «СПб ГПУ» М., 1988. -С. 31.

Редакцияға 26.09.2011 қабылданды.

А. ПРОЦЮК, Л.А. ТРУБИЦКАЯ, В.Н.БЕЛЬКОВИЧ

АНАЛИЗ СИСТЕМЫ ЦЕННОСТНЫХ ОРИЕНТАЦИЙ ЗДОРОВОГО ОБРАЗА ЖИЗНИ СТУДЕНТОВ

The modern students’ problems and youth’s aspiration for healthy-life style are marked in this report.

Authors of this article use results of public opinion poll. The targets of it are exposure of bad habits and identification of physical activity.

Derived facts give grounds for identification of problem and their solving.

Физическое воспитание является важнейшим элементом в системе воспитания личности студентов.

Оно направлено на решение не только воспитательных, образовательных и оздоровительных задач, но и на формирование физической культуры личности и здорового образа жизни современной молодежи [1].Здоровый образ жизни во многом зависит от ценностных ориентаций студента, мировоззрения, социального и нравственного опыта. Общественные нормы, ценности здорового образа жизни принимаются студентами как личностно значимые, но не всегда совпадают с ценностями, выработанными общественным сознанием. Так, в процессе накопления личностью социального опыта, возможна дисгармония познавательных, психологических, функциональных процессов.

Подобная дисгармония может стать причиной формирования асоциальных качеств личности.

В процессе обучения учащиеся должны приобрести:

- понимание важной социальной роли физической культуры для развития их личности;

- знания соответствующих теоретических и практических основ и навыков здорового образа жизни;

- установку на физическое самосовершенствование, потребность в регулярных занятиях физическими упражнениями;

- систему практических умений и навыков, обеспечивающих сохранение и укрепление здоровья, развитие и совершенствование индивидуальных способностей, качеств и свойств личности;

- знания об общей и профессионально-прикладной физической подготовленности [2].

Referensi

Dokumen terkait