• Tidak ada hasil yang ditemukan

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

№ 1 (92) 2013

Р.Ә. НҰРТАЗИНА, С.Т. ОМАРОВА

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ

http://www.enu.kz

This article considers the main priorities of small business development in Kazakhstan. Today small business occupies the major share of enterprises with different forms of ownership. Its prosperity involves the nation’s wealth and economic growth of the country. But small business needs the support of government in financing and regulation and control.

Шағын бизнес Қазақстан республикасының экономикалық саясатында маңызды басымдық, соны-мен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси маңызды факторы болып табылады.

Соңғы жылдары облыста әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақтанды және бірқатар ӛсу беталы-сы бар.

Сонымен қатар ӛнеркәсіп ӛндірісінде, агроӛнеркәсіп кешенінде қол жеткен оңды нәтижелер әлемдік экономиканың жаһандану, Қазақстанның алдағы уақытта Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жағдайында, қалалар мен аудандардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы әу бастан-ақ тек болашақта ғана емес бүгінгі күн талаптарын қанағаттандыра ала ма? Осы мәселені қарастыруда біз статистика және салыстырмалы әдістемелерді аймақ бойынша талдау жүргіздік.

Кӛптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жет- кізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмайтындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін кӛрсетуге болады. Бірін- шіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0,5 – 1 жыл ішінде ӛздерінің стратегияларын ӛзгерту қиындық ту- дырмайды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5–6 жыл қажет. Екіншіден кӛпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95

% инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын кӛрсетіп отыр.

Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі тӛменірек, және де әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.

Қазіргі жағдайда, экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпорындардың қосқан үлесі жоқтың қасы. Оның себебі, жалпы ӛндірістің тӛмендеуі және ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың

(2)

үзілуінен болып отыр. Сонымен бірге, шағын кәсіпорынға мемлекеттік қолдау орындала алмай ке- леді. Шағын кәсіпорындарға жан - жақты қолдау болмаған жағдайда олар ӛз бетімен жұмыс істеп кете алмайды. Дүние жүзіндегі барлық елдерде шағын кәсіпкерлікке, соның ішінде агроӛнеркәсіптік кешен саласына мемлекеттік қолдау қоры болады. Мысалы, Жапонияда жыл сайын 2-3 млрд.дол- лар бюджетте қаралады. Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау тек қана пайдаға салына- тын салық жеңілдігі ғана. Шағын бизнестің басты проблемасы – ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүліккке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын шағын кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан, шағын биз- несті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бӛлімі болуы керек.

Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын кӛрсету қажет. Әсіресе, бұл елде дағдарыс және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, ӛйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық дағдарысқа байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс (1987) мәліметтері бойынша шағын ӛнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының ӛсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе кӛп

[1].

АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан кӛмекке келсек, шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының – 1953 ж. АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін – шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол ӛз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 % қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының ӛндіріс және сату кӛлемі жалпы мемлекеттегі сату кӛлемінің 52 % құрайды, және 99,7

% кәсіпкерлер – бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік кӛмек кӛрсетеді. Басты міндеті – шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және ӛмір сүруін қамтамасыз ету. ШБӘ ӛз қызметін басқа агенттік-тер мен комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп отырып жүзеге асы-рады. Мемлекет ӛнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын бизнес әкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға кӛмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер – кәсіпкерлерге ерекше назар аударады. шағын бизнес әкімшілігі 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашин-гтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66 территориялық бӛлімшелері бар. Олардың арасындағы байлаиыс аудан – аймақ – орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-тағы шағын бизнес қоғамдағы ресми белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады [2].

Америкалық тәжірибе кӛрсетіп отырғанындай кәсіпкерлік еркіндігін шектейтін кез келген үкіметтік немесе басқа да шектеулер ресми белсенділікті тӛмендетеді. Сондықтан шағын бизнестің барлық мүдделері АҚШ конгресінің бақылауында. Сонда да ерекше ролді шағын бизнес әкімшілігі шеңберіндегі жобалар ойнайды. Мысалы, шағын бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді, конференциялар ұйымдастырады, кездесу және семинарлар ӛткізеді. Оның үстіне, шағын бизнес бизнес-инкубатордың бастауымен ақпарат беру, кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес берумен айналысатын орталықтар ұйымдастырылған.

Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы шағын бизнес мүдделер қорғайтын Адвокаттық кеңсе құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңсе негізгі міндеттері:

– мемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын бизнестің дамуына әсерін зерттеу.

– Шағын бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес потенциалын бағалау, шағын бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін зерттеу т.б.

Қазақстандық тәжірибеде шағын бизнеске кӛмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолданған жӛн.

«Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға кӛмек кӛрсету мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар, федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті – шағын, әсіресе иннновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инку-баторлар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжірибе жинайды, одан ары даму үшін кӛмек алады, нарықтағы ӛз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткеннен соң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес – инкубаторлардан шығып ӛз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға биз-несті нӛлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.

Инновациялық қызметтің субъектілерінің ӛзара әрекеттері, АӚК-дегі интеграциялық процесстердің және ғылыми зерттеу тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) дамуы, мемлекеттік

(3)

№ 1 (92) 2013

экономиканың әлемдік экономикалық жүйеге интеграциясы, аймақтар кӛлеміндегі кластерлердің қалыптасуына жағдай жасайды.

Кластер – англ. cluster ағылшын тілінен аударғанда орам, топ дегенді білдіреді.

Кластерлер теориясының негізін қалаушылардың бірі, Гарвард бизнес мектебінің профессоры М. Портер, кластерге «қосалқы құн құру процесіндегі ӛзара байланысқан кӛршілес компаниялар мен белгілі бір салада қызмет ететін және қызмет етудің жалпылығымен сипатталатын, бірін-бірі ӛзара толықтыратын олармен байланысты мекемелердің тобы, жабдықтаушылардың, ӛндірушілердің, тұтынушылардың, ӛндірістік инфрақұрылымдар элементтерінің, зерттеу институттарының торабы» деп анықтама береді [3].

Мұндай жағдайда, экономикада кластер – географиялық біріккен кәсіпорын топтары, сонымен қатар экономикалық мүдделері, ортақ мақсаттары – тауардың бастапқы құнын мейлінше азайту, со-нымен қатар жаңа нарықтың белсенді дамуы мен оларды қамту болып табылатын кәсіпорын топтары.

Экономиканың кластерлік дамуы Германия, АҚШ, Жапония сияқты елдерде, сонымен қатар дамып келе жатқан Латын Америкасы, Азия, Африка елдерінде жаппай қолданысқа ие болды.

1990 жылдардың басынан бастап Еуропалық одақ кластерлік даму - кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін кӛтерудің маңызды механизмі деп анықтама берді. Одан басқа, кластерлер инновациялық потенциалдың ұлғаюы үшін, сонымен қатар шағын және орта бизнестің ӛсуі үшін жағымды орта бо-лып табылады.

Еуропалық одақта мемлекеттік эксперттердің қатысуымен кластерлік саясат жасалуда. РФ үкіметі жанындағы АНХ және «Бауман Инновейшн» компаниясы 2006 жылдың жазында ұсынылған, Еуропа одағы үшін кластерлік саясат жасау бойынша жобаның жұмыс тобы құрамына енді.

Осы уақытқа дейін кластерлік саясат ЕО –тегі жекелеген мемлекеттер мен аймақтардың деңгейінде, жаңа-мүшелер – елдерді қоса алғанда, табысты қолданылып келді.

Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік саясат қалай дамыған?

Қазақстан Республикасында қазіргі жағдайда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әдістері жасалған. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың маңызды бағыттары:

– шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың инфрақұрылымын қалыптастыру;

– шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қаржылық, материалды- техникалық және ақпараттық ресурстарды, сонымен қатар ғылыми-техникалық ӛңдемелер және технологияларды пайдаланудың жеңілдіктерін жасау;

– шағын бизнес субъектілерін тіркеуде, олардың әрекеттерін лицензиялауда, ӛнімді сертификатта-уда, мемлекеттік статистикалық және бухгалтерлік есеп беруде олардың жеңілдетілген түрін орнату;

– шағын және орта бизнес субъектілерінің сыртқы экономикалық әрекетін қолдау, оның ішінде шетел мемлекеттерімен сауда қатынастары, ғылыми-техникалық, ақпараттық және ӛндірістік байла-ныстар;

– шағын кәсіпкерік мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілікті жоғарлатуды ұйымдастыру.

Шығыс Қазақстан облысының аграрлық секторында шағын бизнесті дамытудың кейбір аспек-

тілерін қарастырайық.

Шығыс Қазақстан аймағында бірнеше кластерлер бар. Мысалы, сүт ӛңдеу, «Восток молоко» ЖШС, «Эмиль» ЖШС тұрғындардан шикізат сатып алып, оны сүт ӛнімдерінің ассортиментеріне қайта ӛңдеп ӛздері сатады және республика кӛлемінде ғана емес. Мұнда ИСО 9001-14000 халықаралық сапа стан-дарттарын енгізуге дайындық басталған.

Қайта ӛңдеу ӛнеркәсібінде, мүшелері «КазРуно» АҚ (Семей жүн ӛңдеу фабрикасы), Қазақ ғылыми- зерттеу технологиялық қойӛсіру институты, Семей жүн-тері колледжі және екі жүзден астам шаруа қой ӛсіру және ешкі ӛсіру шаруашылықтары болып табылатын, «КазРуно» ассоциациясы құрылған.

Жоба бойынша Семей жүн ӛңдеу фабрикасын қайта құрастырумен қатар, қой ӛсіру мен ешкі ӛсіруді дамыту қарастырылған. Бұл тізбекті дайын бәсекеге қабілетті ӛнім – жүн маталары ӛндірісіне дейін жеткізу жоспарланған. «КазРуно» АҚ-да жүн жіптерін тоқу басталған. «НИМЭКС – текстиль» ЖШС жетекшілігімен бұрынғы Ӛскемен жібек маталар комбинатын қайта ӛмірге келтіру мата жасауға мүмкіндік береді. ЖШС жоспарында киім тігу де бар [4].

Шығыс Қазақстан облысының даму стратегиясы «Қазақстан 2030» даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға кӛшу тұжырымдамасы, Елбасының

«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»; «Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»; «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жыл сайынғы Жолдауларын, 2015 жылға дейінгі мемлекеттік аумақтық даму стратегиясын, Парламент палаталарының 2006 жылғы 18 қаңтардағы бірлескен отырысында Елбасы қойған міндеттерді, 2007-

(4)

2009 жылдарға арналған Жалпыұлттық жоспардың негізгі бағыттары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленді және облыс тіршілік әрекет саласындағы жаңа ӛңірлік бағдарламаларды әзірлеу немесе қолданыстағы ӛңірлік бағдарламаларға түзету енгізу үшін негіз болып табылады [5].

Шығыс Қазақстан облысының 2015 жылға дейінгі даму стратегиясы ӛңірлік және әлемдік экономи-када бәсекеге қабілетті мамандануды қалыптастыру, экономикалық әлеует пен тұрғындарды таратып орналастыруда ұтымды кеңістік ұйымдастыру негізінде ӛңірдің тұрақты дамуын және тұрғындардың қолайлы тіршілігін қамтамасыз ету болып табылады.

Аграрлық секторды дамытудың оңды қарқындарына қарамастан мұнда бұрынғыдай шешілмеген күйінде қалып отыр:

– диқаншылықтағы білімнің тӛмендігі (агротехникалық талаптарды сақтамау, жерлердің тозуы және ұтымсыз пайдаланылуы);

– суармалы жерлердің тӛмен үлес салмағы;

– әсіресе мал шаруашылығы саласында ұсақ тауарлы ӛндірістердің басым болуы;

– мал шаруашылығындағы және ӛсімдік шаруашылығындағы аз ӛнімділік.

Облыс ішіндегі жалпы ӛнімнің 10%-ы аграрлық сектордың үлесіне тиесілі болып отыр. Облыстың ауыл шаруашылығы саласы негізінен мал шаруашылығына және ӛсімдік шаруашылығына

негізделген. Жалпы ауыл шаруашылығы ӛнімінде мал шаруашылығының ӛнімі 60%-ын құрайды.

Мал шаруашылығы кӛпсалалығымен ерекшеленеді. Табиғи-климаттық жағдайларға және шаруашылық жұмыстарға байланысты облыста сүт және ет, биязы жүнді, қылшық жүнді қой шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, құс шаруашылығы, марал және бұғы шаруашылығы, омарта шаруашылығы, түйе шаруашылығы дамыған. Марал және бұғы шаруашылығын дамыту, панты ӛнімдерін ӛндіру бойынша облыс монополист болып табылады.

Қой шаруашылығы мен жылқы шаруашылығы белсенді дамып келе жатқаны байқалады.

Соңғы бес жылда олардың ӛсімі 40% болды. Сүт және ет бағытындағы мал шаруашылығының дамуы баяу, ірі қара мал саны бес жылда 10,8% ғана артты. Шошқа шаруашылығында үрдіс орнықты емес: жыл-дар бойынша мал басының ӛсімі бірде артып, бірде азайып отыр. Ол мал азығының тапшылығы және ӛнімнің сұранысқа ие болу деңгейіне де байланысты. Құс шаруашылығы негізінен облыстағы құс фабрикаларының есебінен дамып отыр, онда жалпы облыс бойынша құстың тӛрттен үш бӛлігі ұсталады. Мал табынында негізгі үлесті (53,4%) ірі қара малы алып отыр. Біршама бӛлігін жылқы (17,4%) және қой мен ешкі (20,2%) алады.

Барлық жер қорлары құрылымындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы 7037,4 мың гектар-ды құрайды, олардың 1110,1 мың гектары егістік жерлер, 5114,1 мың гектары жайылымдықтар, 378,2 мың гектары шабындықтар, 292,1 мың гектары тыңайған жерлер, 2 мың гектары кӛпжылдық егістік-тер, 0,4 мың гектары бақшалар.

Ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымы.

Ескерту: ШҚО Статистика Департаментінің ресми мәліметтері негізінде авторлармен жасалған

(5)

№ 1 (92) 2013

Облыста пайдаланылатын ауыл шаруашылық жерлерінің жалпы аумағындағы ең үлкен үлес салмақты жайылымдықтар алады (73%).

Жалпы ауыл шаруашылығы ӛнімінде ӛсімдік шаруашылығы 40% құрайды. ӛсімдік шаруашылығы ӛнімдері облыста 6 егіншілік аймақта ӛсіріледі.

Егіс алқаптары негізінен тәлімі жерлерде орналасқан. Онда дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар ӛсіріледі.

Ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқаптары құрылымының негізгі үлесін барлық санаттағы шаруашылықтарда дәнді дақылдар (50,1%) және майлы дақылдар (31,1%) құрайды, дәнді дақылдардың егіс алқабы құрылымында 70% бидай алады. Қалған бӛлігі мал азықтық дақылдарға (15,8%), картоп (2,1%) және бақшалық дақылдарға (0,9%) тиесілі.

Минералдық тыңайтқыштар кӛлемінің жеткіліксіздігі салдарынан облыста химияландыру деңгейі тӛмен. Минералдық тыңайтқыштармен қамтылу минималдық тұтынудың 5% құрайды.

2009 – 2011 жылдары өсімдік шаруашылығын негізгі даму көрсеткіштерінің өзгеру серпіні Көрсеткіштер 2009 ж. % алдағы 2010 ж. % алдағы 2011 ж. % алдағы

атауы жылға жылға жылға

Егістік кӛлемі, 977,7 96,6 1065,4 109,0 1132,2 106,3

мың га

а) дәнді 601,7 103,2 596,6 99,2 567 95,0

дақылдар

сон.ішін. 382,9 96,3 416,9 108,9 397,7 95,4

бидай

б) күнбағыс 183,7 69,1 266,5 145,1 348,5 130,8

в) мал азығы 160,4 120,5 170,3 106,2 178,8 105,0

дақылдары

г) картоп 21,8 107,9 21,3 97,7 23,4 109,9

д) кӛкӛніс 7,7 102,7 7,6 98,7 8,4 110,5

Суармалы 219,1 100,0 219,1 100,0 219,1 100,0

егістік

сон.ішін. 57,5 99,0 60,8 105,7 64,9 106,7

тұрақты суармалысы

Облыста тұқым шаруашылықтары 23-тен 38 бірлікке дейін ӛсті, оның ішінде 8 шаруашылық – элиталық тұқым ӛндірушілер. 2009 жылы күнбағыстың элиталық және гибридтік тұқымын ӛндіретін 4 элиталық тұқым шаруашылығы құрылды. Олар келешекте аталған дақылдың элиталық тұқымымен облысты және республиканың басқа аймақтарын да қамтамасыз ететін болады.

Облыс республикадағы күнбағыс дәнін негізгі ӛндіруші болып табылады. Рсепубликада ӛндірілетін күнбағыс дәнінің 60% біздің облыста ӛндіріледі.

Облыста панты ӛндіретін бұғы шаруашылығы бар. Соңғы жылдары марал мен бұғылар саны 10-11 мың басты құрап отыр. Аталған кәсіппен облыстың 7 аймағы: Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Күршім, Ұлан аудандары және Ӛскемен қаласы айналысады. Марал мен бұғының жартысынан аста-мы Катонқарағай ауданында бағылады.

Аралар жұқпалы ауруларға тӛзімсіз болғандықтан бал ара ұяларыының саны тұрақты емес. Бал ара ұяларының сақталуына климаттық жағдайлар да әсерін тигізеді. Соңғы бес жылда бал ара ұяларының саны 33,2-ден 40,3 мыңға дейін болды.

Семей және Ӛскемен қалаларында, Бесқарағай ауданында осы уақытқа дейін асыл тұқымды мал табыны жоқ.

Етті мал шаруашылығының дамуына жасалған талдау, облыстың кӛптеген аудандарында бұл сала экстенсивті тәсілмен немесе ӛнімділік жағынан емес, мал санының артуы есебінен дамып отырғанын кӛрсетті.

Етті бағыттағы асыл тұқымды табынның жоқтығы Катонқарағай, Аягӛз, Күршім, Зайсан аудан-дарында ет ӛндіру кӛлемінің ӛспеуіне ықпал етіп отыр. Тарбағатай, Абай аудандары және Семей қаласында асыл тұқымды шаруашылық бір-бірден ғана бар.

Жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңда ауылдық (селолық) әкім ӛз округінде кәсіпкерлікті

(6)

ұйымдастыруға және дамытуға жәрдемдеседі деп атап кӛрсетілген. Осыдан шығатын қорытынды мы-надай: ауылдық (селолық) округ әкімі аудандық әкімияттың лауазымды адамы ретінде ӛз округінің аумағында жаңа кәсіпкерлік құрылымдардың пайда болып, қалыптасуына және қызмет істеп тұрғындарының дами түсуіне жағдай жасауға, шағын бизнесті қолдау жӛніндегі мемлекеттік саясатты (бағдарламаны) түсіндіру және кеңес беру арқылы оларға кӛмек беруі тиіс. Кәсіпкерлік құрылымдарға ұйымдастыру, қаржы және басқадай кӛмек мәселесінде округ әкімі, аудан әкімі аппаратының шағын бизнесті қолдау жӛніндегі бӛлімімен тығыз байланыс жасап жұмыс істеуге тиіс.

Шет елдердің біразында (Польшада, Балтық жағалауындағы елдерде, Словакияда және басқаларда) ең тӛменгі әкімшілік-аумақтық бӛліністерде кәсіпкерліктің қоғамдық консультациялық кеңестері құрылған. Олар жергілікті демографиялық, табиғи-климаттық, еңбектік және экономикалық ерек-шеліктерді ескере отырып, проблемаларды кӛп болып айқындап, мемлекеттік құрылымдар үшін олар-ды шешу жӛнінде ұсыныстарды әзірлеуге кӛмектеседі.

Осындай оңды тәжірибені біздің ауылдық округтің әкімдері де ӛз пайдасына жарата алады.

Ауыл округі кәсіпкерлерінің кеңесін құру әкімге кәсіпкерлікті қолдау жӛніндегі ӛзінің қызмет бабындағы міндет алқалы түрде шешуге ғана емес, сондай-ақ білікті шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі күрделі жағдайда ауылдық округ аймағында әртүрлі ұйымдық-құқықтық түрдегі шағын

кәсіпкерлікті дамыту – бірінші кезектегі іс.

Шағын кәсіпкерліктің қаржы мӛлшерін шешудің бір жолы аудандық несие серіктестігін құру болмақ.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі күрделі экономикалық жағдайына жекелеген шаруа қожалықтарының қиыншылықтары жетіп артылады. Бұл қиыншылықтарды жеңу жолдарының бірі – олардың неғұрлым ірі шаруашылық түріне бірігуі.

Республикалық деңгейдегі қолдау құрылымдары құқықтық-нормативтік және әдістемелік кӛмек кӛрсетіп қана қоймай, аймақтық және жергілікті деңгейдегі қолдау құрылымдарына тікелей қаржылар аудару арқылы да жәрдемдесуге тиіс.

Республикамызда шағын бизнесті дамыту үшін мынадай шараларды жүзеге асыру қажет:

– салық салу базасын жетілдіру;

– салықтың түрлерін анықтауға қатысты салық заңдарына ӛзгерістер енгізу;

– қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту және соған сәйкес тиісті салықты тӛлеуді жетілдіру;

– несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық мәні зор шағын ӛндірістік кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларды тӛмендету арқылы отандық ӛндірістерді ынталандыру және сапасы тӛмен арзан қолды тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою;

– шағын бизнесті несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, сонымен бірге кепілдік қорларды құру және ӛзара несиелендіруді қалыптастыру жол-дарын ұсынуға болады.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік қолдаудың бағыттары бойынша бірнеше нақты шараларды іске асы-ру қажет. Бірінші шара – шағын кәсіпкерлік пен бизнестің мүдделерін қорғайтын салық реформа-сын жасау қажет. Екінші шара – шағын кәсіпкерлікке қаржылық жәрдем беретін арнайы қаржылық қорларды құру. Үшіншісі – монополияға қарсы күрес, әділетті бәсекелестік орнату, тұтынушылар құқығын қорғау, осыларды іс-жүзінде жетілдіру үшін республика бойынша шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдаудың жүйесін жасау. Республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қолдау механизмдері нарық экономикасының ең белсенді бӛлігінің – шағын кәсіпкерлік пен бизнестің дамуына даңғыл жол ашады.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңдар осы Заңнан және Азаматтық кодекске қайшы келмейтін Қазақстан Республикасының ӛзге де заң және нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының негізі кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында салынған. Алғаш рет бұл сұрақтар 1990 жылы желтоқсанда қабылданған. «ҚССР-да кәсіпкерлікті дамыту және шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» ҚР заңында қарастырылады:

«Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992ж) заң қабылданды. Онда жеке кәсіпкерлік тауарларға (жұмысқа, қызмет кӛрсетулерге) сұранымды қанағаттандыру жолымен пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың қызметі, сол азаматтың меншігіне негізделген және кәсіпкерлік оның атынан, ӛз тәуекелімен және оның жеке дара мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асады, немесе ұжымдық меншік атынан, оның тәуекелімен, заңды тұлғаның (ұжымдық кәсіпкерлік) мүліктік жауап-

кершілігімен жүзеге асады [6].

(7)

№ 1 (92) 2013

1995 жылдың 30 тамызында қабылданған ҚР Конституциясында 25-ші баптың 4-ші тарауында кәсіпкерлік қызмет бостандығына әрбір азаматтың құқығын жариялау ерекше кӛрсетілген. «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендіру және мемлекеттік қолдауды күшейту» шаралары туралы ҚР Президентінің жарлығы қабылданды (1997 ж.) [6].

ҚР Үкіметі мен бірнеше қаулылар 1997 ж. жарияланды: «Шағын кәсіпкерліктің республикалық ақпараттық кӛрме орталығын құру туралы», «Шағын кәсіпкерлік сұрақтары», «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы», «Еңбекпен қамтуға кӛмектесудің мемлекеттік қоры қаржыларынан жеке дара кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құруды қолдау тәртібі туралы Ереже-лерді бекіту туралы», «Жеке дара кәсіпкерлік» туралы заң, «ҚР-да шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың аймақтық бағдарламасы және артықшылықтары туралы», ҚР Президентінің Жарлығында жеке дара кәсіпкерлік – шағын кәсіпкерліктің түрі ретінде кӛрсетіледі.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Сигарев М.И., Сыздыков Б.Ш. Развитие экономики аграрного сектора Казахстана: концепции, механизмы, перспективы. – Алматы, 2001.

2. Трейси М. Сельское хозяйство и продовольствие в экономике развитых стран: Введение в теорию, практи-ку и политику // Пер. с англ. – Санкт-Петербург: Экономическая школа, 2001.

3. Тойкин С.Х., Құрманбаев С.Қ., Нұрекенов Н.Г., Әлібаева М.М., Жайлаубаева Ш.Д., Нұралина Қ.Т., Әлімжанова А.М., Орынбекова Г.А. Аграрлық экономика. – Семей 2008 ж.

4. Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (Агроӛнеркәсіп кешені). Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы желтоқсандағы №26/315-IV шешімімен бекітілген. www.shygys.stat.kz.

5. Құрманбаев С.К., Құлмағанбетова А.С. Шығыс Қазақстан облысында астық кластерін құрудың ресурстық потенциалы // Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Семей, 2005.

6. Қазақстанда кәсіпкерлікті қалыптастыру және оның даму перспективалары // Саясат- 2006 ж.

7. «Агроӛнеркәсіптік кешен және ауылдық территорияларды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңы.

Редакцияға 15.09.2012 қабылданды.

Referensi

Dokumen terkait

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті БжәнеК мектебі, ИК кафедрасы, 6М050600 – Экономика