1
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Б.Ә. Төлеубаев*, М.Х. Хамитов**, А.А. Тулеубаев***
*ҚР Ұлттық ядролық орталығының Радиациялық қауіпсіздік және экология институты, Курчатов қаласы;
**С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетті, Павлодар қаласы, ***Д.Серікбаев атыңдағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті,
Ӛскемен қаласы
Кіріспе. Бүгінгі таңда еліміздегі жаңа ӛндіріс кӛздерінің ашылып жатқаны жайлы хабарлар жұршылықты елең еткізбеуі мүмкін емес. Ӛйткені бұл жаңалықтар әлеуметтік-экономикалық тұрғыда елді қуантып жатса, екінші жағынан – «тұрмыс кешіп жатқан аймағымыздың экологиялық қауіпсіздік жағдайлары қалай қалыптасар екен» дегендей ойлардың да туындауы әбден мүмкін.
Мәселелердің мән-жайы. Қазіргідей заманда небір химиялық- металлургиялық ӛндіріс орындарынан шығарылатын ӛнім түрлерінің молшылығы ертеңгі болашаққа нық сенім арқалатып жатқанды, басқаша қыры – сол ӛндірістің қоршаған табиғи ортаға, әрбір жанға тигізер әсер- ықпалы сезінбейтіндей деңгейде болу шарты-технологияға қойылар негізгі талаптардың бірегейі. Сол мақсатқа жетудің алғашқы сатысының бірі – ақпаратты – талдамалық және танымдық жүйесінің қалыптасуы.
Әрбір кәсіпорын үшін экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сай жұмыс жасау үшін қажетті алғы-шарттарын қалыптастыруда атқарылатын істерінің ішінде олардың шығарындылары мен тӛгінділері жайлы ақпараттарды жүйелі түрде орындалған ғылыми- практикалық тұжырымдама ретінде құрастырудың алар орыны ерекше. Оған негіз боларлық жағдай – қазіргі уақытта экологиялық қауіпсіздік тұрғысында атқарылып жатқан (атқарылар) бақылау критерийлары ретінде жалпылама кӛрсет кіштердің алынуы және қолданыстағы технологиялық режимдер мен шығарылатын (тӛгілетін) қалдықтардың арасындағы ӛзара байланыстылықтың үйлеспейтіндігі жайлы мамандардың айтуының кемдігі жоқ. Ал қысқа және ұзақ мерзімдік экологиялық болжамдар мен сараптама жүргізу үшін экономикалық мәліметтерді саралап, талдағандай әртүрлі экологиялық ақпараттардың да небір физикалық-математикалық моделдері жасалынуы тиіс. Ол үшін белгілі бір ӛндіріс орынындағы шығарындылары мен тӛгінділері жайлы толық мәліметтер тізбегі кестелі және сызбалы түрде жыл мезгілінің әр айы мен кезеңдеріне сай реттеліп, берілуі қажет. Сонан соң қазіргі кезде қолданыста жүрген (ПДК, ПДВ, ПДС және басқалары) шектеу нормаларымен салыстыра отырып, олқылық кетіп жатқан тұстарына қажетті түзету енгізу үшін қарастырып отырған мәселенің, маңыздылығы ерекше.
Қорытынды. Баяндамада ірі кәсіпорындарымыздың бірінде осы сипатта атқарылар шараның алғашқы сатысы жайлы сӛз болады. Сол мақсаттарға қол
2
жеткізудің бірден-бір жолы-кәсіпорындағы технологияларға модернизациялық ӛзгерістер енгізу болып табылады. Әрине, бірнеше ондаған жылдарға созылатын бұл үдеріс еліміздің болашағы екендігіне ешкім күмән келтірмейді. Дегенмен, ӛз денсаулығымызды, ұрпағымыздың нық болашағын ойласақ, шет елдердің мықты технологиялық жабдықтарымен ескірген – тозғандарымызды алмастыру бүгінгі заман талабы деп түсінгеніміз абзал.
Бұл шара әлгі айтылған шектеу нормаларына біртіндеп ӛзгерістер енгізу үшін қажет, яғни нормалардың тӛмендеуі ауа мен судың тазалығын талап етудің бірден-бір жолы.
Әдебиеттер:
1. Материалы ІІ Экологического форума «Экология урбанизированных территорий». – Усть-Каменогорск, 2010. – 272 с.
2. Тулеубаев Б.А. Проблемы и меры по обеспечению экологической безопасности фермерских хозяйств на юге Павлодарской области, прилегающих к бывшему СИП // Материалы МНПК «Региональные аспекты обеспечения безопасности населения юго-западной Сибири – проблемы защиты от чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера». – Барнаул, 2003. – С. 96-98.