• Tidak ada hasil yang ditemukan

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ МАТЕМАТИКАДАН ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ МАТЕМАТИКАДАН ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

ӘОК [373.5.02:51]:004 Е.А. ТҰЯҚОВ

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана , Қазақстан

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ МАТЕМАТИКАДАН ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептері компьютерлік технология, интербелсенді тақта құралдарымен жабдықталынып, оқу пәндерін оқытуда заманауи технологияны тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырғандығы белгілі.

Электрондық оқыту тек қана білім сапасын жоғарлату, білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне табысты кіріктірудің шарттары ретінде емес, сонымен қоса білім беру қызметі нарығында бәсекелестік қабілеттілікті жоғарлатуға мүмкіндігін береді [1].

Бүгінгі күнде Ұлттық ақпараттандыру орталығында (бұдан әрі ҰАО) «Математика» (1-10) электрондық оқулықтар көптеп жасалып оқушылардың математикалық білімдерін жетілдіруге ықпал жасауда. Бірақта біздің пайымдауымызша, мұғалім математиканы оқытуда әлі де басты жетекшілік және ұйымдастырушылық қызметін атқаратынын есте ұстағанымыз жөн. Дербес компьютер (бұдан әрі ДК) - мұғалімнің және әрбір оқушының еңбек өнімділігін анағұрлым арттыруға мүмкін жасайтын жаңа оқу-техникалық құрылғы болып табылады. Осыдан мұғалім мен компьютер арасында симбиоз пайда болады да, мұғалім өзінің сабаққа қажетті атқаратын ісімен айналыса отырып, жетекшілік қызметін атқарады.

Жалпы орта білім беру мектебінде математикаға электрондық оқытуды (компьютерді) пайдалану және ондағы кездесетін қиыншылықтарды анықтау мақсатында жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне сауалнамалар жүргізіп пікірлерін білдік. Зерттеу жұмысына қала және ауыл мектептерінен 62 мұғалім қатысты. Сауалнаманың нәтижесі бойынша, мұғалімдердің 96%

математикаға электрондық оқытуды пайдалануға болады және математика сабағында 97% қажетті деп есептейді. Бірақта мұғалімдер математикаға электрондық оқытуды (компьютерді) пайдалану кезінде қиындықтардың кездесетінін көрсетеді. Ұсынылған кедергілердің ішіндегі негізгілер: оқу уақытының жетіспеушілігі - 51 %; электрондық оқу құралдарының, оқыту бағдарламаларының жетіспеушілігі - 58 %; - компьютерді оқу үдерісінде пайдалану іскерліктерінің жеткіліксіздігі - 18 %;

әдістемелік әдебиеттердің жоқтығы - 26 %; компьютерлік сыныптардың жетіспеушілігі – 8 %.

Қазіргі заманғы оқыту теориясының жетістіктері өз деңгейінде пайдаланбай, эмпирикалық түрде жүргендіктен, оқытуда компьютерлерді пайдалану ойдағыдай нәтижелер бермей отыр. Оның себебі:

- электрондық оқыту бағдарламаларын құрастыру әлі күнге бір жүйеге келтірілмегендіктен оның ғылыми тұрғыдағы әдістемелік нұсқауларын құрастыру және оқытуға бағытталған бағдарламалық жабдықтың жеткіліксіздігі байқалады;

- ғылыми түрде негізделген және әдістемелік түрде сауатты бағдарламалық құралдардың болмауынан, оқу-тәрбиелеу үдерісінде компьютерлер өз мәнінде пайдаланылмайды.

Математиканы оқытуды компьютерлендіру үдерісінде математикалық есептердің алатын орны ерекше екенін есте сақтаған жөн. Әдетте олардың жауабын табуды қызыққаннан емес, дидактикалық

(2)

есеп шартына немесе оның салдарына белгілі бір ретпен қолдана отырып, есеп талабына жауап беру болып табылады [2].

Есеп шығару үрдерісі теориялық білімді тәжірибеде қолдану, есепті шығарудың нақты жолын таңдап алуы, оны жаңа есеп шығаруға пайдалану, логикалық шығармашылық қисынды ойлауды дамыту, есте сақтау, елестету, байқау т.б сияқты қасиеттерді дамытады. Дәстүрлі сабақтарда оқушылар мен мұғалімнің арасындағы коммуникативтік байланыс шектеулі, себебі мұғалімнің алдында 25-тен астам оқушы отырады. Бұл жерде кейбір қарапайым функцияларды компьютерге жүктеп, мұғалім неғұрлым күрделі функцияларды өзі атқарған жөн. Сондықтан, электрондық оқытушы бағдарламалары арқылы оқушыларды математикаға оқыту, оларға математикалық есептерді шешу әдістерін үйрету және математикадан өз бетінше білім алу қабілетін қалыптастыру, тақырып бойынша білімдерін жүйелеу және алған білімдерін тексеру мен бағалау үдерісін жетілдіріп отыру керек [3].

Қазіргі уақытта электрондық оқытушы бағдарламалары (бұдан әрі ЭОБ) жалпы қабылданған педагогикалық тұжырымдамасыз да дайындалу үстінде. ЭОБ құрастыруды қазіргі озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен үйлестіру арқылы жүргізген дұрыс деп есептейміз. Сондықтан да біз өз іс- тәжірибеміз бойынша ЭОБ құрастыру кезінде басшылыққа мынадай қағидаларды алуды ескергеніміз дұрыс болар еді деп ойлаймыз:

1) Оқушы ұзақ мәтінді енжар оқымай, ойлануына уақыты жеткен соң, қойылған сұрақтарға жауап беру үшін оқу материалының әр бөлігі монитор экранына орналастырылатындай бірнеше кішігірім бөлікке бөлінуі тиіс.

2) Бағдарламаларда оқытудағы бақылау элементі және бақылаудағы оқыту элементі күшейтілген болып, осы мақсатта әр сұрақтан кейін шығудың үш жағдайы болуы керек: жауабы дұрыс болған жағдайда; жауабы қате болғанда; оқушы шешімін білмей, ешбір жауап бермегенде.

Бірінші жағдайда компьютер оң жауап пен жаңа тапсырма береді. Екінші және үшінші жағдайда алдымен шамалы көмек көрсетіліп, одан кейін оқушыға өзіндік жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беріледі. Егер оқушы тағы бір мәрте қате жауап беретін болса немесе көмек сұраса, оған неғұрлым ауқымды көмек көрсетіліп, кейін өзіндік жұмыс жасауына тағы мүмкіндік беріледі.

Көмекті ұлғайта отырып, бұл кезеңді берілген есеп толығымен шешіліп болғанша, қажетінше қайталауға болады [4].

ДК есепті толығымен шешіп болғаннан кейін, оқушы оны дәптеріне жазып алуы тиіс. Мұндай жағдайда бағдарламада оқушыға ұсынылатын жаңа, осыған ұқсас шешімі бар есептер қарастырылады. Солар арқылы оқытылып отырған материалдың оқушылармен қаншалықта игерілгендігі тексеріледі. Егер есеп білім мен дағдыны тексеру үшін пайдаланылса, компьютер сценарийінде оқушы көмекті қай деңгейде пайдаланғаны, жұмыс кезінде қандай қателік жібергені көрсетіліп, осыған байланысты қандай баға қойылуы тиіс екендігі анықталады. Мұның бәрі есептер шығару үдерісін үзбей-ақ, оқушының білімін тексеруге және бағалауға мүмкіндік береді.

Оқыту үдерісінде компьютер үнемі керек деп есептемейміз. Ол тек оқушылардың білім мен дағдының белгілі бір бөлігін меңгеруі кезінде ғана қажетті деп ұйғарып, жұмыс дайындығы мен жылдамдығы бірдей болғанда оған жүгінбеуге болады деп ойлаймыз.

Осы аталған қағидаларды іске асыру бойынша 7-сынып «Алгебра» пәнінен оқушыларды есептер шығаруға үйрету және дағдысы мен машығын қалыптастыру мақсатында құрастырған ЭОБ- нан үзінділер ұсынамыз. Оны біз Macromedia Flash бағдарламасы арқылы жасадық. ЭОБ пән мазмұны бойынша тақырыптарды қамтиды.

(3)

Егер оқушы берілген тапсырманы қате орындаса, онда оған «көмек 1» ұсынылады.

Егер оқушы тағы бір мәрте қате жауап берсе, онда оған неғұрлым түйінді көмек көрсетіледі.

(4)

Әр тақырып оқытуға арналған бес жаттығудан тұрады және оларды оқушы игеріп болған соң, сол тақырыпқа қатысты өздігінен орындау үшін деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.

ЭОБ өткізілген тәжірибелік сабақтардың төмендегідей тиімді жақтарын байқадық:

1) Оқытушы бағдарлама әркімге қойылған тапсырмаларды оқушының өздігінен шешуге мүмкіндік береді. Егер оқушы өздігінен толығымен әрекет ете алмаса, ол дербес әрекетке көшуге қажетті көмекті жеткілікті мөлшерде ДК-ден ала алады;

2) Бақылау нәтижелері бойынша, оқушылардың бұдан бұрын игерген және алдағы жұмысты орындағаннан кейін игерілетін білімі мен дағдысын ескере отырып, тұрақты бақылауды қамтамасыз етуде, ДК оқушылардың білімін бақылау үдерісінде мұғалімге үлкен көмек көрсетеді;

3) Уақыт үнемдеу нәтижесінде мұғалімнің еңбегінің тиімділігі артып, мұғалімнің назары қосымша түсіндіруге немесе жаңа күрделі есептерді шығаруға көмектесуге аударылады.

4) ЭОБ оқушыларды ынталандырушы қызметін атқаратындықтан, оқушыға баға қоймас бұрын, компьютер оған қайталамалы оқытушылық үзіндіні ұсынуы арқылы оқушы үзіндінің алғашқысынан бар ықыласымен өтіп, бәрін игеруге тырысады, себебі екіншісінен өтуге үлгерсе, жақсы баға не балл алатынын біледі;

5) Оқыту үдерісінде компьютер оқушылардың қателеріне немқұрайлы қарайтындықтан, оқушыны үрей мен ұялудан босатады, оқушы мен мұғалім арасында орын алатын психологиялық сәйкессіздікті азайтады.

Тәжірибемізді жинақтай отырып, қазіргі кезеңде электрондық оқытуды дамытуда кездесетін педагогикалық қиындықтарға тоқталайық: қазіргі кезде педагогтар әлі де оқытудың ұжымдық (компьютерсіз) және дербес (компьютермен) түрін үйлестіруге үйренген тәжірибесі аз; мұғалімдер мен әдіскерлер ДК-ні оқу үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерін, ал информатика мамандары оқу үдерісінің ерекшеліктерін жетік білмейді. Осы санаттағы мамандардың бірлескен жұмыс тәжірибесі әзірше жеткіліксіз; алуан түрлі өндірістердегі жаңа машиналарды пайдаланудан күтілетін нәтиже сияқты, оқуда ДК-ні пайдаланудан да зор үміт күтіледі. Адамды оқытуға деген мұндай өндірістік көзқарас үлкен зиян келтіреді: салынған қаражаттан бірден нәтиже көрмегендіктен, кейбір мұғалімдер электрондық оқытуға деген қызығушылығын жоғалтып, оның дамуына бөгет жасайды.

Осы қиындықтарды жою бойынша орындалатын мынадай жұмыстарды ұсынамыз:

- қазіргі заманғы оқыту теориясының жетістіктерін өз деңгейінде пайдалану керек. Оқу пәндері бойынша әртүрлі фирмалар, жоғары оқу орындары және жеке қолданушылар шығарған өнімдерінің ішіндегі ғылыми түрде негізделген және әдістемелік түрде сауатты бағдарламалық құралдарды сараптамадан өткізіп, оқу үдерісіне енгізу керек (әсіресе мемлекеттік тілде);

- жоғары оқу орындарында болашақ математика мұғалімі мамандарын даярлауда оқу жұмыс жоспарына студенттердің компьютерді оқу үдерісінде тиімді пайдалана білу іскерлігін қалыптастыруға бағытталған арнаулы пәндерді енгізу керек, мысалы: «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық

(5)

- пән мұғалімін дайындау тек информатиканы оқытуда пайдалану ғана емес, сонымен қатар, нақты пәннің оқу бағдарламасында ақпараттық технологияларды қолданылуын жүзеге асырылуын енгізуге баса назар аудару керек.

Әдебиеттер

1. Караев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применение компьютерной технологии: дисс. д.п.н., 1994. – 287 с.

2. Әбілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. –Алматы, 2011. – 272 б.

3. Брановский Ю.С. Совершенствование методической системы обучения математике в средней школе на основе использования персональных компьтеров: дисс. к.п.н. – М., 1990. – 223 с.

4. Талызина Н.Ф. Методика составления обучающих программ. Учебное пособие. – М.: Изд-во МГУ, 1989. – 46 с.

Referensi

Dokumen terkait

Магистрлік диссертациясының нәтижелері бойынша көрсетілген, магистрлік диссертациясының нәтижелері бойынша көрсетілген, аддитивтік технологияны қолданумен жасалған қабырғалардағы

Зерттеу нәтижелері Жоғары оқу орындарда техникалық мамандықтар бойынша студенттердің оқу іс-әрекетін бақылау оқытудың күрделі және қауырттылық кезеңі, себебі бұл жалпы физика курсынның