• Tidak ada hasil yang ditemukan

Ғарышқа қазақстандық жол: шындықтар мен перспективалар

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Ғарышқа қазақстандық жол: шындықтар мен перспективалар"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

«Ғарышқа қазақстандық жол:

шындықтар мен перспективалар – 2017»

Астана қаласында Жердің бірінші жасанды серігінің іске қосылуының 60-жылдығына арналған «Ғарышқа қазақстандық жол: шындықтар мен перспективалар – 2017» Халықаралық форумы өтті. Форумды Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты - соңғы онжылдықта оның нәтижелерін ескере отырып, экономикалық салалардың мәселелерін шешу үшін ғарыштық қызметтің нәтижелерін пайдалану бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамыту перспективаларын талқылау болды.

Бұл іс-шара алғаш рет төрт жыл бұрын, «Қазақстандағы ғарыш күндері» атты, жыл сайынғы семинар ретінде басталды. Биылғы жылы қатысушыларының шекараларын кеңейту және ауқымды тапсырмаларды қарастыру арқылы семинар Халықаралық форумға айналды. Биылғы іс- шараға 20-дан астам елден (Франция, Ресей, Ұлыбритания, Украина, Белоруссия, Қытай, БАӘ, Корея және т.б.) ғарыштық техника саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың жетекші мамандары, танымал ғалымдары мен ғарыш агенттіктері мен мемлекеттік органдардың 500-ден астам өкілдері қатысты.

(2)

Форумның жұмысына ҚР ҚАӨМ басшылығы, ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, Қазақстан Республикасының ғарышкерлері, Қазақстандағы шет мемлекеттердің (Франция, Италия және т.б.) елшіліктерінің өкілдері, ҚР ҚАӨМ стратегиялық серіктестері («Роскосмос»

ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік корпорация, «Airbus Defence and Space»), отандық және шетелдік ғарыштық ұйымдар («М.В.Хруничев атындағы МҒҒӨО» ФМУК, «М.Ф.Решетнев атындағы АСЖ» АҚ, «Leica Geosystems, SatrecInitiative», «Eutelsat»және т.б.), сонымен қатар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Ғарыштық техника және технологиялар»

кафедрасының магистранттары және оқытушылары қатысты.

Халықаралық форумның ерекшелігі Астанада алғаш рет өткізілген

«Қазақстандағы ғарыш ғылымы: жай-күйі және перспективалары»

тақырыбындағы «Фесенков оқулары» атты ғылыми конференция аясында өткізілуде. Конференция аясында заманауи ақпараттық технологиялар негізінде алыс және жақын кеңістіктегі астрофизикалық объектілерді мониторингілеу және зерттеу әдістерін әзірлеу бойынша ғылыми- практикалық семинарлар өткізілді; күн-жердегі физика және геодинамика;

ғарыштық техника мен технологиялардың аспаптары мен аппараттық- бағдарламалық құралдары; Қазақстандағы аэроғарыш материалдары ғылымының өзекті мәселелері; ғарыштық мониторинг және геоақпараттық технологиялармен жерді зерттеу өткізілді.

Сонымен қатар, форумның екінші күні, келесі тақырыптар бойынша екі секциялық отырыстар ұйымдастырылды: «Ғарыштық технологиялар даму келешегімен ҚР ғарыш саласына инвестицияларды тарту» және «Байқоңыр»

ғарыш айлағының қызметінің экологиялық қорғанысын арттыру».

Форум аясында ғылыми-практикалық іс-шараларды өткізумен қатар,

«Мәдениеттер диалогы –Бір әлем» Халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен Астана қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығында Жердің жасанды серігінің бірінші рет ұшуының 60-жылдығына орай, ғарышкер Ю.А.Гагарин - ғарышқа алғаш ұшқан адамның бюстының салтанатты ашылуы болып өтті.

(3)

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамкулов, Қазақстан Республикасының ұшқыш- ғарышкері, Халық қаһарманы, Ресей батыры, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының басқармасы қатысты.

«Ғарыштық техника және технологиялар» кафедрасының доценттері: Жакупова А.Е., Калманова Д.М.

Referensi

Dokumen terkait