Ғұлама ғалым
Ә.Молдаханов, ф.ғ.д., профессор Қазақстан, Ақтөбе
Әрбір үздік талант алдымен ӛзі туған топырағында танылып, ӛз жерлестерінің шексіз құрметіне бӛленуі заңды. Бүгінгі әдебиеттану ғылымының кӛшбасшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және ҚР ҰҒА Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, есімі біздің елімізде ғана емес, шет елдерде де кеңінен мәлім ғ ұлама ғалым Зәки Ахметов осындай құрметке әбден лайық адам.
Зәки Ахметұлы Ахметов 1928 жылы 4 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы Айыртаудың әсем табиғаты аясындағы бұрынғы Балғабай ауылында дүниеге келді.
Тумысынан ерекше зерделі жас 1943 жылы он бес жасында Қазақ мемлекеттік университетінің тіл мен әдебиет факультетіне (журналистика бӛлімі) түсіп, 1947 жылы үздік бітіріп шығады. Осы іргелі оқу орнын аяқтаған бойда Зәкеңнің ғылымға деген зор қабілеттілігі ескеріліп, КСРО Ғылым академиясының Ленингардтағы шығыстану институтының аспирантурасына арнайы жолдамамен жіберіледі.
Сӛйтіп, талантты жастың алдынан ғалым мамандардың талай тамаша буынын дайындап шығарған үлкен ғылым ордасының есігі айқара ашылады. Осы оқу орнындағы ғылыми жұмыстары аса жемісті болып, 23 жастағы аспирант Зәки Ахметов 1951 жылы «Лермонтов және Абай» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Сәл кейінірек осы диссертация негізінде орыс тілінде «Лермонтов және Абай» кітабы басылып шығып, Зәки Ахметов ғылыми жұртшылыққа талантты әдебиет-зерттеуші-ғалым ретінде кеңінен танылды. Кітапта Абайдың орыс классиктерінің шығармаларын, әсіресе, Лермонтов туындыларын шығармашылық тұрғыда қабылдау мәселелері терең қарастырылып, алғаш рет Абай аудармаларының түп-тамыры нақтылы терең ғылыми сипатта анықталды. Абайдың Лермонтовтан аударған ӛлеңдері негізінде Абай поэзиясының Лермонтов поэзиясымен тең дәрежеде иық тіресіп тұрғандығын дәлелдеу, бейнелеп айтқанда, «тауды аласартпай, даланы асқақтату» еді. Бұрынғыдай «ұлы халық»
шығармашылығын шектен тыс үлкейту, керісінше, одан басқанікін кішірейтіп кӛрсету емес, шын ғылыми әдісті әдеби зерттеуге табандылықпен енгізудің алғашқы батыл қадамы еді. Бұл кӛрініс З.Ахметовтың ғылымдағы кіршіксіз тазалық, әділдік, адалдық принциптерді әуел бастан берік ұстағандығын кӛрсетеді.
Академик ғалымның әдебиеттанудағы аса күрделі терең ғылыми ізденістерінің қадау боларлық басты нәтижесі – 1964 жылы орыс тілінде жарық кӛрген «Қазақ ӛлеңінің құрылысы»
атты монографиясы және осы тақырыпта 1965 жылы қорғалған докторлық диссертациясы. Бұлар қазақ ӛлеңі құрылысының ғылыми заңдылықтарын алғаш ашып кӛрсеткен шын мәніндегі соны
жаңалық болумен қатар, қазақ ӛлеңі теориясын негіздеген бірден-бір іргелі ғылыми зерттеу болып табылады.
Осы проблемалар жетпісінші жылдары ғ ұлама ғалымның «Қазақ поэзиясының тілі туралы» (1970), «Ӛлең сӛздің теориясы» (1973) кітаптарында одан әрі терең ғылыми тұжырымдамалық шешімін табады. Бұл кездері ол қазақ поэзиясы тілінің, соның ішінде қазақ ӛлеңінің ырғақтық және синтаксистік құрылымының даму кезеңдерінің заңдылықтарын, кӛрнекті ақындар тілінің ерекшелігін зерделейді.
Халықтың тарихи ӛмір ӛзгешелігінен туындайтын қазақ поэзиясының ғасырлар бойы қалыптасқан және одан әрі дами беретін бейнелі сӛз құралдарын сипаттай келіп, академик З.Ахметов тӛмендегідей тұжырымдар мен қорытындылар жасайды: «Қоғамдық құрылыс, халықтың ӛмір-тұрмысы, шаруашылығы, әдет-ғ ұрып, дүниетаным философиясы, эстетикасы – осының бәрі поэзияның мазмұнынан ғана кӛрініп қоймайды, сонымен бірге бұлар поэзияның, әдебиеттің кӛптеген кӛркемдік ерекшеліктерінің, тілдегі суреттеу, бейнелеу тәсілдерінің, сӛз кестесіндегі әртүрлі құбылыстардың дамуына әсер етеді».
Аталған ғылыми зерттеулерде сонымен бірге кӛшпелі ӛмір мен тұрмыс ерекшеліктеріне, тӛрт түлік малға, табиғатқа байланысты және мифологиядан алынған түрлі кӛркем-поэтикалық салыстырулар туралы зерделі тұжырымдар жасалып, терең ой қозғалады. Автор қазақ әдебиетіндегі аса кӛрнекті ақындар поэзиясынан кӛптеген мысалдар келтіре отырып, ғасырлар бойы қалыптасқан бейнелі сӛз құралдарының қазіргі поэзияны байытуға негіз болатындығын және дағдылы бейнелеу құралдарының жаңа түр мен мазмұнды білдіру үшін қолданылатындығын біртұтас әдеби процесс ретінде қарастырады.
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы іргелі зерттеулердің қатарында З.Ахметовтің «Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы мен дәстүрлері» (1978) атты монографиясын ерекше атаған ләзім.
Мұнда автор Абайдың идеялық кӛркемдік ізденістерін ұлы ойшыл ақынның шығармашылық тұлғасының қалыптасып дамуындағы ұлттық дәстүрлер мен кӛркемдік жаңашылдықтың сабақтастық жалғастығын Қазақстандағы әдеби процестің дамуының кең тұрғыдағы контексінде алып, терең пайымдайды.
Бұл ғылыми еңбекте қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдықтың ӛзара байланысы алғаш рет жан-жақты әдеби деректер негізінде, ғылыми деңгейде зерттеледі. Болашақ іргелі еңбектер үшін әдебиеттану ғылымының жаңа бір кӛкжиегін ашудағы соны да тың қадам болып табылады. Кітапта қазіргі қазақ әдебиетінің кӛкейтесті мәселелерімен бірге ұлт әдебиеттерінің ӛзара байланысы мен ықпалдастығы нақтылы контекстерде қарастырылады. Кітаптың ғылыми құндылығы осындай жақтарымен айқындалады.
Әдебиеттану ғылымының аса кӛрнекті теоретигі ретінде академик З.Ахметов абайтану және әуезовтану саласында ұзақ жылдар бойы үздіксіз жемісті еңбек етті.
Ӛткен ғасырдың елуінші жылдарының бас кезінде ғ ұлама абайтанушы М.Әуезовтің Қазақстаннан кетіп, Москваны паналауға мәжбүр болған қиын кезеңде З.Ахметов 1954 жылы Абайдың қайтыс болғанына жарты ғасыр толуына орай ұлы ақынның екі томдық шығармалар жинағын шығаруды жүзеге асырады. М.Әуезов бұл жинақ дайын болған кезде ғана Алматыға қайта оралуға мүмкіндік алады. Сол себепті аталған басылымға бас абайтанушы М.Әуезовтің алғысӛзі жинақтың соңына, онда да ұсақ әріптермен теріліп басылғанын Зәкең естелік ретінде қызық етіп айтып отыратын.
Осындай заман ағымы мен қытымыр саяси жағдайларға қарамастан академик З.Ахметов ғылымның сара жолынан ешуақытта ауытқып кӛрген емес. Саясаттың ықпалымен бұра тарту әдеті бұл кісінің зерттеушілік табиғатына мүлде жат. Соның нәтижесінде ғылыми еңбектері арқылы ол әдебиеттану, абайтану, әуезовтану салаларында ұлттық менталитетті жоғары ұстап, сақтап, дамытып келеді. Сондықтан да академик З.Ахметов ұлы Абайдың әдеби мұрасын кӛзінің қарашығындай қорғап, әрбір сӛзіне дақ түсірмей, оқырманына сол қалпында жүткізуге жанашырлық жасап, Абай шығармаларының 1954, 1957, 1970, 1995 жылдардағы 4 басылымын да құрастырушылардың және ғылыми түсініктеме берушілердің бірі болды.
1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай З.Ахметовтің «Абайдың ақындық әлемі» атты монографиясы жарық кӛрді. Осы ғылыми басылымда поэзияны, сӛз ӛнерін қазіргі күн деңгейінде түсіну тұрғысынан Абайдың ақындық тұлғасы, оның ерекшелігі ашылады. Автор Абай шығармаларын жүйелі түрде талдай келіп, ақынның ұлттық кӛркемдік дәстүрлермен тығыз байланысын, әрі оның жаңашылдығын, әлем әдебиеті жетістіктерін жете игеруін терең түйіндейді.
Ғалымның кӛп жылдар бойғы ізденістеріне негізделген бұл еңбек Абай шығармашылығына байланысты кӛптеген маңызды мәселелерді қамтып, ғылыми кӛзқарастар деңгейінде зерделеуімен ерекшеленеді.
«Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылу тарихы» (1984), «Мұхтар Әуезовтің роман-эпопеясы» (1997, бұл екі кітап та орыс тілінде) монографияларында Абай тұлғасының кӛркем бейнесі мен ұлы ақын ӛмір сүрген тарихи дәуір принциптері жан-жақты зерттеледі. Мұнда поэтика проблемалары шығарманың соңғы баспа мәтіні негізінде ғана қарастырылмай, жазушының шығармашылық лабораториясын сипаттайтын архивтік материалдар: бастапқы нұсқалар, қолжазба мәтіндер, сондай-ақ жоба-жоспар негізінде айқындалады. Мұның барлығы ұлы қаламгер Мұхтар Әуезовтің шығармашылық лабораториясы туралы ұғымды байыта түсіп, «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылу процесін алдағы уақытта тереңірек зерттеуге жол ашады.
Тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен халқымыздың рухани ӛміріндегі елеулі оқиға – заманымыздың заңғар жазушысы, ғ ұлама ғалым М.Әуезовтің елу томдық академиялық толық жинағының дайындалып, жарыққа шығару ісінің жүзеге асуы.
Осы ғылыми толық жинақтың бірінші томы әуезовтану тарихнамасының бас бастауы санатындағы аса кӛрнекті әуезовтанушы, ғалым-академик З.Ахметовтің алғы сӛзімен жарық кӛруі заңды құбылыс.
Академик З.Ахметов – 11 монографияның, 15 ұжымдық еңбектің, кӛптеген оқу құралдары мен оқулықтардың авторы. З.Ахметов ғ ұлама ғалым болумен қатар ғылым әлемінде іскер ұйымдастырушы, талантты басшы ретінде де кеңінен танымал. Ол «Абай» энциклопедиясының ең белсенді авторы болып, осы еңбектің кӛптеген мақалаларын жазды. Абайдың әдеби мұрасын мұқият зерттеп, тиянақты жинап насихаттауда сіңірген зор еңбегі үшін З.Ахметов 1996 жылғы әдебиет, ӛнер және архитектура саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген құрметті атаққа ие болды.
З.Ахметов М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты дайындаған кӛп томдық қазақ әдебиеті тарихын, орыс тілінде жарық кӛрген 3 томдық қазақ әдебиеті тарихын жазуға, сондай-ақ «Всемирная литература» (7 том, Москва, 1991) атты кітапты дайындауға белсене атсалысты. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланғаннан кейін 1975-1981 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және ӛнер нституты директорының орынбасары және директоры болып жұмыс істеді.
1975-1984 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы қоғамдық ғылымдар бӛлімшесінің академик- хатшысы, 1984-1986 жылдары Ғылым академиясының вице-президенті болды.
1986 жылдан М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институтының әдебиет теориясы және әдебиеттану методологиясы бӛлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Президиумының мүшесі (1976-1986), М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты жанындағы докторлық диссертация қорғау жӛніндегі мамандандырылған Кеңестің тӛрағасы (1981-1990) қызметтерін атқарды.
Кейін академик З.Ахметов ҚР ҰҒА-ның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бӛлімшесінің бюро мүшесі, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер инстиутының, Әл-Фараби атындағы Қазақтың Мемлекеттік Ұлттық университетінің және Қырғыз Мемлекеттік университетінің докторлық диссертация жӛніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі болды.
Ол Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры (1993), Айтматов атындағы халықаралық қоғамдық академияның академигі атақтарына ие болды.
Зәки Ахметов – ұлағатты ұстаз. 1951-1975 жылдары ол Қазақстан Ғылым академиясының Тіл және әдебиет инстиутында ғылыми қызметкер бола жүріп, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында қазақ әдебиеті кафедрасына басшылық етіп, лекция оқыды. Осы инстиуттың филология факультетінің деканы болып қызмет атқарды. З.А.Ахметов білікті ұстаз ретінде педагог және ғылыми кадрларды даярлау ісінде үлкен еңбек сіңіріп, жас ғалымдар жұмысына басшылық етті. Оның ғылыми жетекшілігімен жиырмаға жуық ізденушілер кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғады.
Зәки Ахметовтің аты әдебиет теориясы ғылымында алтын әріппен жазылып, тарихта мәңгі қалатыны анық.