• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР

Сакенова Мадина Дінтану мамандығының 3 курс студенті, Л.Н. Гумилев ат. ЕҦ У. Астана қ..

Ғылыми жетекші - оқытушы А.Ә. Дҥйсенова

Кеңестер Одағы тҧсында «халықтар лабораториясы» атанған Отанымыз Қазақстан қазір ТМД елдері ішінде конфессионалдық кеңістігінің сан алуандығымен ат оздырып отыр.

Дәлелге елімізде қазіргі таңда 46 конфессияны қҧрайтын, 3 мың культтік ғимараты бар, 4209 діни бірлестіктің жҧмыс істейтінін, олардың 38 басылым, яғни газет-журнал шығаратынын айтсақ та жеткілікті. Халқының саны небары 16 млн. республика ҥшін тым жоғары кӛрсеткіштер емес пе. Сарапшы мамандар дәл біздің еліміздегідей орасан конфессионалдық сан алуандық сирек, тіпті әлемде жоқ деседі.Кӛп конфессионалдық қҧбылысты ретке салудың, дәлірегінде ауыздақтаудың жолы қайсы? Бҧ л ретте қалың жҧ ртшылықтың, әсіресе, зиялы қауымның «Дін туралы қатаң заңды қабылдасақ!» деп тас-тҥйін отырғаны жақсы мәлім. Мҧндай Заң проблеманы тҥбегейлі шеше ала ма, жоқ әлде басқадай да әрекеттер керек пе? Тӛменде осы жәйтті ой тамыздық еткіміз келеді.

Алдымен Қазақстандағы діни бірлестіктерге кӛз жҥгіртелік. Оларды шартты тҥрде ҥш тҥрге бӛлуге болады. Біріншісі, Қазақстан территориясында баяғыдан бар және ел тҧрғындары басым кӛпшілігінің мәдени-тарихи дәстҥрлерін анықтайтын діни бірлестіктер.

228

(2)

Бҧл топқа ислам және христиандық православие жатады. Ислам жамағатына қазақтардан басқа 17 тҥркітілді этностар (ӛзбек, татар, ҧйғыр, әзербайжан т.б.), сондай-ақ, тәжік, кҥрт, дҧңған, шешен, ингуш сияқты ҧ лттар кіреді. Ал Қазақстандағы орыс православие шіркеуі негізінен ҥ ш славяндық ҧлтты (орыс, украин, беларус) біріктіріп отыр.

[1]

Қазақстанда едеуір ҧзақ уақыт жҧмыс істеген діни бірлестіктер екінші топқа жатады.

Олар тӛртеу: христиан католиктер, протестанттар, иудаизм және буддизм. Римдік- католиктік шіркеуге 90 католик қауымы, 40 костель кіреді. Қазақстандағы протестанттар Евангелдік христиан-баптист және Лютеран деген екі бӛліктен тҧ рады. Баптистер елімізді ХІХ ғасырдан мекендеп келеді, қазір ҧзын-саны 11 мың адам шамасында. 218 шіркеуі бар.

Лютерандар Қазақстанда ХХ ғасырдың басында пайда болды, онан соң Еділ жағалауындағы немістердің Қазақстанға жер аударылуына байланысты қарамы кӛбейгені, қазақстандық немістердің Германияға қоныс аударуына байланысты қайта кемігені мәлім. Сенушілер саны қазір 100 мың адам шамасында. Иудаизм мен будизм діндарлары сан жағынан ең азы, сондықтан руханилыққа тигізіп отырған ықпалдары да шамалы.

Енді діни бірлестіктердің ҥшінші тҥріне келсек, оларға 90-шы жылдардың басында ғана пайда болған жаңа ағымдар мен бағыттар, былайша айтқанда дәстҥрлі емес діндер жатады. Белсенді әрекеттерімен алаңдатушылық тудырып отырғандар да осы соңғы аталғандар.

Сонымен, мҧсылмандар шамамен Қазақстан тҧ рғындарының 70 пайызын, ал православие дінін тҧтынушылар 20 астам пайызды қҧ райды. Жоғарыдағы мағлҧматтарды дін исламның даралығы, басымдығы виртуалды емес, ӛміршең идея екені дәлеліне келтірдік.

Кӛршіміз Ресейдегі діни сауат хәлі дәл біздегідей, сондықтан АҚШ-тан жеткен Иегово куәгерлері, Саентология, Кришна, сондай-ақ Е.Блаватская, Е.Рерихтердің ілімдеріне сҥйенген діни бірлестіктерден аяқ алып жҥре алмайсыз. Қысқасы, бҧл ел де «Не істеу керек?» деген сҧраққа тіреліп бас қатырып отыр. Қазақстандағы православие ӛкілдері бҧл жайға жақсы қанық, демек, олардың ислам басымдығы туралы идеяны тҥ сіністікпен қабылдары шҥбәсіз. [4]

Енді кӛпконфессионалдық тығырықтан шығудың сенімді жолы – дін исламның қазақстандық моделін жасау деген арқау мәселеге келейік. Мҧндай моделді жасаудың қажеттігі неде және ол ҥшін не істеу керек? Қазіргі замандағы халықаралық саяси қатынастар дінаралық ӛзара тҥ сіністікке кӛп байланысты. Сол себепті толеранттық тәрбие адамзаттың кҥн тәртібінен ешқашанда тҥскен емес. Бірақ басқаға деген қҧрмет пен сыйластықтың іргестасына рухани ілім қалануы керек. Сонда ғана тӛзімділік кемел, сыйластық берік болады. Сырты бҥтін, іші тҥ тін, саяси жағдаятқа орай ғана кӛрініс беретін толеранттықтан келер пайда аз, бәлкім, ол залалды. Уақытша шыдау, жасанды тыныштық бітеу жарамен теңдес. Уақыты келгенде оны тесетін біз табыла кетері сӛзсіз, сӛйтіп, дҥмпулерге ҧласуы мҥмкін. [9] «Хизб-ут-Тахрир», «Аль-Каида», «Мҧсылман бауырлар»,

«Талибан», «Моджахеттер жамағаты», «Лашкар и-Тайба»… немесе дініміз берік елміз бе?

Дін – миллиондаған қазақстандықтардың рухани ӛмірі мен мәдениетіндегі, сондай-ақ саясаттағы маңызды фактор болып саналады. Олар ӛмірде жиі тоғысып қалады. Кӛп дінді Қазақстан қоғамы ҥ шін саяси келісіммен қатар, діни келісімнің болуы ӛте қажет шарт.

Себебі, бҧ л келісім – ӛркениеттіліктің белгісі. Қазақстан аумағындағы діни ҧйымдар қызметіне байланысты мемлекеттік саясат оларды алаламай, бәріне бірдей қарау негізінде жҥзеге асырылады. Барлық мемлекеттік бас қосуларда ӛ зге басшылармен бірге Қазақстан дінбасылары да қатысып, ӛз ой пікірлерімен бӛ ліседі. Олар қоғамымыздың бірлігін нығайтуға еңбек сіңіріп жҥр. [2], [9]

Қоғамда жеке тҧ лғаның сенім артатын белгілі бір ҧ станымы болу керек. Сол себепті азаматтарды ізгілік пен имандылыққа ҥндейтін діннің орны ерекше. Таяуда Елбасының бастамасымен әлемдік дінбасыларының ҥн қатысуы ҥшін Қазақстанда осымен Әлем діндерінің ҥшінші қҧрылтайы ӛткізілейін деп отыр. Бҧның мәні ӛте ҥ лкен. Осыған орай Н.Назарбаевтың: «Қазақстан халықтарының діни сәйкестілігі болуы қажет, қҧдай біреу. Ал

229

(3)

оған сенімге апаратын жол әр алуан болуы мҥмкін. Әрбір адам ӛзіне жақын діни нанымды ҧстануға қҧқылы», – деп тҧжырымдап, қазақстандық қоғамдағы ҧлттық идеясы принциптерінің бірі ретінде – діни факторды айтқандығын атап кӛрсеткен. Ӛкінішке орай, дінді ӛздерінің мҥддесін шешу ҥшін саяси қҧрал ретінде қолданғысы келетін топтардың бар екендігі де жасырын емес. Кейде олар ӛздерінің террористік актілерін де дінмен байланыстырғысы келеді. Осынау қараниетті саяси пиғылдардың кесірі нәтижесінде діндер арасында іріткі пайда бола бастайды. [5] Байбаламшыл діни ағымдардың дҥниеге келіп, тыныш әлемнің мазасын ала бастауы да тек қана белгілі бір топтың саяси-экономикалық мҥддесіне қызмет етеді.

Бізге рухты сауықтыратын, кемел келешекке жетелейтін діни толеранттық қана керек.

Айтпағым тҥсінікті болу ҥшін сӛзді әріден бастайын. Алдымен дін деген ҧғымды анықтап алмай болмайды. Жаратушы Қҧдырет және адам арасын жалғастыратын ілімді және салт- сананы «дін» деп атау керек. Дінге, дін мақсатына басқадай анықтама берсек адасамыз, сірә.

Дін мҧраты Жаратушы мен адамды жалғастыру болғандықтан Исламда Аллаға қҧлшылық қылуды: иман ихтиһат және ғамали деп ежелден екі тҥрге бӛлінді. Бірі ғибадаттың ішкі сыры, бірі сыртқы жағы деген ҧғым (Ихтиһат ҧғымы Тәңіріні тануды, Аллаға сену, періштелерге, пайғамбарларға, кітаптарға сену сияқты иманның жеті шартын ақылмен танып-білу, қысқасы иманның ішкі жағы деген мағынаны білдіреді. Ал, ғамали тҥсінігі сыртқы ғибадат, яғни шариғаттың жӛн-жоралғысы, діни ҥкімдер және бес парыз туралы ілім). Айта кетелік, сӛз болып отырған діннің қос қайнары мҧсылмандық фалсафа ғылымы пайда болған әл-Фараби заманында фалсафа назарийа және фалсафа ғамалийа деп жіктелген болатын.

Сонымен, Аллаға ғибадат, яғни қҧлшылық екі нәрсеменен: бірі-иман ихтиһат, бірі- сыртқы ғибадат екені хақ.

Мҧсылманда «ғылымхал» деп аталатын сыртқы ғибадаттың халы елімізде ойдағыдай, ә бастан кӛңілдегідей дамыды десек шындық ауылынан шығандап кетпейміз. Екі мыңнан астам жаңа мешіттер, әрбіріндегі діни қызметкерлер, ислам ғылымхалына қатысты кӛп әдебиеттер соның айғағы.

Сӛйтіп, мәшалла, қазір «Биссимилла» әрбір мҧ сылман баласының аузында,

«Қҧлқуалла» мен «Фатиха» сҥресін екінің бірі саулата жӛнелетін діни сауат деңгейіндеміз.

Әрі қарайғы даму исламның жаңа ӛрісіне қадам басуға, жоғарыда айтылған иманның ихтиһатын дамытуға тіреліп отыр.

Нені айтпағымыз тҥ сінікті болуы ҥшін ҧстазымыз Абайға жҥгінелік. Ӛз заманындағы діни ахуалды жіті зерттеген ғҧлама біз сӛз етіп отырған мәселені 12-ші қарасӛзінде қояды. «Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жҥ рсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, – дейді данышпан, – әйтеуір, жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Енді сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен»

Кӛрдіңіз бе, Абай ғылымхалды қҧптай отырып, бірақ ол жеткіліксіз деп тҥйеді. Бізге әсіресе керегі – «толымды ғибадат» ҧғымы. Ойшыл қазақ философиясына жаңа терминді енгізіп отыр. Жә, толымды ғибадатқа не қажет?

«Әуелі, – дейді Абай, – иманның ихтиһатын жете ҥйрену керек, екінші – ҥйреніп жеткенше «осы да болады ғой» деп тоқтамай ҥйрене беру керек. Кімде-кім ҥйреніп жетпей жатып, ҥйренгенін қойса, оны Қҧдай ҧрды, ғибадаты ғибадат болмайды» (12-сӛз).

Ҧстазымыз Абай «толымды ғибадат» тҥ сінігін 27-ші қарасӛзінде: «Қҧдай тағаланың «Мені таныған ақылменен таныр» дегені қайда қалады? Әуелі иманды тҥ зетпей жатып, қылған ғибадат не болады?» деп дамыта айтады.

Сонымен отанымыз Қазақстанда бҥгінгі таңда қалыптасқан діни ахуалға қатысты «не істеу керек?» деген таудай сҧ рақтың жауабын Абайдан тауып отырмыз. Данышпанның ӛсиетінше, иманның ихтиһаты және ғамали қҧ лшылық ӛзара біріккенде ғана ғибадат толымды болмақ. Осы мәселені жақсы ҧғып, методология негізіне айналдырмаған жағдайда

(4)

мемлекеттік діни идеологияны, діни ілімге қатысы бар тҥрліше мемлекеттік стандартты дҧрыс жолға қою қиынға соғады деген ойдамыз.

Дін туралы қатаң заңның қажеттігі сӛзсіз, бірақ мәселені шешудің дара жолы «осы екен-ау» деу ғапылдық болады (қазіргі таңда халықаралық талаптарды ескермей бірде бір ел діни сенім бостандығы туралы заңды қабылдай алмайды, сондықтан заңдардың арасында ҥлкен алшақтық жоқ). Ол сара жол, Абай сілтеген толымды ғибадат деп білсек әңгіме басқаша. [6] Бҧ л пайымға Тҥркия және Германия елдерінің тәжірибесі дәлел. Бҧл елдерде әлдебір діни ағымның я сектаның тамыр жаюы неғайбіл, тіпті мҥмкін емес. Жаңа діни бірлестіктер де табан тірей алмайды. Мысалға бауырлас Тҥркия елінде бҥкіл оқу-ағарту ісі исламдық дҥниетаным жҥйесіне сәйкес қҧрылған, бҧл-бір. Екіншіден, классикалық ислам, оның ішінде ихтиһат ілімінің даму деңгейі сондай, мҧ сылман баласы кӛңілінде ешқандай

«жҧмбақ» сҧрақтар қалмайды. Ал, бізде ше? Мектеп оқулықтарында исламдық кӛзқарастың исі де жоқ, о дҥние, ахирет немесе теологиядан сабақ беріп тҧ рған мҧғалімді кӛзге елестетудің ӛзі қиын. Ӛйткені, жаратылыстану пәндері тҥгелдей «Қҧдай жоқ, бәрі табиғаттың ісі» деп кӛбесі сӛгілмей сіресіп тҧрған жағдайда, періштелер, рухтар немесе басқа жан иелері туралы сӛз қозғау «қҧ р былжырақ» (Шәкәрім), тіпті «қуып кеткендік»

болады да шығады. Қҧдая тәубе, теология мамандығы биылдан бастап мемлекеттік білім беру стандартына кірді. Теология – Тәңіріні тану, әсіресе, міндетті тҥрде оқытылатын пән болуға керек. Ол философия, психология пәндерін белгілі дәрежеде ығыстыруы керек.

Ӛйткені, Қҧран аяттарына нану ҥшін алдымен Жаратушыны тануымыз шарт қой.

Танымаған нәрсеге пенде илана ма, қорқа ма?! [8]

Сондай-ақ, Тәңіріні іздеген, бірақ Ол туралы білім ала алмаған қаракӛ з жастар

«қиын» сҧрақтардың жауабы ҥшін кӛл-кӛсір эзотериялық кітаптарға, интернет желісіне тесілмегенде қайтеді. Келесі қадам жаңашыл ағымдардың тҧзағы… Бҧл жаңашыл ілімдерде ғылымхал жоқтың қасы, олар тек эзотериялық қҧбылыстарға ғана кҥш салады. Олардың қаруын неге ӛздеріне қарсы жҧмсамасқа?

Толымды ғибадат туралы сӛзіміз тҥгел болуы ҥшін Абайға тағы бір жҥгінелік. Ол шын иман мәселесіне арналған даналық трактаты – 38 қарасӛзінің соңында ғибадаттың ішкі-сыртқы жақтарын былай деп айырып айтады: «Сіздің заһирыңыздағы ғибадат – батиныңыздағы иманның кӛлеңкесі. …Ғҧламалар иман екеу емес біреу, бірақ ол ізгі тағатпен нҧрланады, тағат жоқ болса, кҥңгірттенеді, бәлки сӛну қаупі де бар деген. Егер надандар ол ғибадаттың ішкі сырын ескермей қалса, тағатты қылып жҥріп, иманы сӛнер деген. Менің қаупім бар, олар хас осы ғибадат екен, Қҧдайдың бізге бҧйырғаны, біз осыны қылсақ, мҧсылмандық кәміл болады деп ойлайды. Ол ғибадат – иманның кҥзетшісі ғана еді». Соңғы айтар жай, осыдан екі ғасырдай бҧрын Европа ӛркениеті «Қҧдай жоқ» деген доктринаны әкелді. Шәкәрім: Бҧл кездегі діндердің бәрі нашар, Ешбірі тҥзу емес кӛңіл ашар, деп басталатын ӛлеңінде әлемдік діндердің іргесі шайқалғанына қапа болған еді. Қазіргі әлемдік сананың тентіреуі сол ӛткеннен желісін тартады. Рухани ақаулықтан материалдық әлем ақаулықтары тумай қалмайды. Сондықтан да адамзаттың жаһандық қаржы дағдарысы деп аталатын бҥгінгі қараңғы туннелге енуі фалсафа тарапынан кҥтулі заңдылық. [6]

Сӛйтіп, осыдан екі ғасыр және бір ғасыр бҧрын орын алған дінді тәркі еткен

«ақаулықтар» ҥ шін адамзат тӛ леуге тиісті «шоттарды» Жаратушы Қҧдірет дәл қазір қойып отыр. Демек, адамзат тҥ бегейлі жаңаруы ҥшін алдымен бҥкіл ойлау жҥйесін жаңарту керек. Яғни бҥкіл жаһан капиталды, пайданы қуу жолынан, ізгілікке, махаббат пен әділдікке қайта бет бҧруы қажеттілік. Бір ғажабы, қаржы дағдарысынан ислам банктері әзірге аман.

Банктің ӛкілдері ақша ӛсімқорлықтың, пайданың кӛзі емес және мҧрат, мақсат та бола алмайды, біз оны тек қҧ рал деп білеміз деседі. Байлыққа емес, имандылыққа табынатынын мақтанышпен айтады.

Тҧжыра келгенде, дініміз исламның айқын басымдығын қамтамасыз етер ең басты шарт – толымды ғибадат. «Иманның ихтиһатын тоқтамай ҥйрене беру керек» деген ҧстазымыз Абайдың ӛ сиетіне қҧ лақ асатын уақыт шындап жетіп отыр. Мҧсылмандық интеллигенцияны қалыптастыру, қазақтың рухын, ӛ ркениетін ӛзге халықтарға кӛ рсету,

231

(5)

таныту, халықтың рухын сауықтыру және махаббат, әділет сезімдерінің ӛсіп, кӛркеюіне қҧнарлы топырақты жасау сияқты келелі проблемалардың шешімі, қала қалама,

«исламның қазақстандық моделі» деген идеяға тіреледі. Абай, Шәкәрім сынды ой алыптары бар Қазақстан рухты сауықтыру мәселесінде бҥкіл әлемге ҥлгі-ӛ неге шаша алар еді деген пікірдеміз. Демек, еліміздің халқы, әсіресе жастары, балалары ӛзінің діні жайлы, жалпы «діндер» жайлы, секталар туралы тез әрі толық сауаттанбаса біздің елдей сектасы мен дін ағымдары мыңдап саналатын әрі олардың қҧқығы атазаңмен қорғалған елде ненің ақ, ненің қара, ненің оң, ненің теріс жол екенін ажырату мҥмкін емес. Әсіресе жастар мен балаларға обал. Олар еш нәрсе жазылмаған ақ парақ. Олардың жҥ регіне кім әуелі нені сенім етіп ексе сол олардың діні болып кӛктемек. Сосын, ол сенімді ӛзгерту жоқ.

Дей тҧ рғанмен де Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ата дініміз жайлы кӛзқарасы ӛте дҧрыс. Ол: «Біз – тегіміз тҥрік, дініміз – Ислам екенін ҧ мытпауымыз керек. Ол ҥшін қасиетті кітап Қҧран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек» және

«Ислам – тек дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз» – деді бір сӛзінде. Бҧдан да тыс дініміз жайлы бағдарлы сӛздері кӛ п. Біз Елбасының дініміз жайлы осы танымы терең сӛзінен берік ҧ стап, еліміздің дінін кӛ ркейтуіміз, секталарға ҥзілді-кесілді тосқауыл қоюымыз шарт.

Жалпы діндер, секталар халқымызды әсте біріктірмейді. Керісінше, топ-топқа бӛліп, алты бақан алауызға айналдырады. Қазірдің ӛзінде олар салған жіктелулер байқалмай тҧрғаны жоқ. Бҧ жағынан тіпті мҥшкіл хәлдеміз десек те болады. Ал, дін, ӛзіміздің хақ дін Ислам сӛзсіз біріктіреді. Қазақ «қазан тӛңкерісіне» дейін дінде еш бӛлшектенген халық емес болатын. Хақ діні Исламда кӛгерген, кӛ ктеген, ӛзіндік діні мен салты ҥндескен иманды ел болған. Болып та келеді. Ӛйткені, Аллаһ Тағала қасиетті Қҧранда: «Кҥдіксіз Менің жолым осы (Ислам)! Енді соған еріңдер! Басқа жолдарға (ағымдарға) тҥспеңдер! Онда (ол жолдар) сендерді Аллаһтың жолынан (Исламнан) айырады. Сендерге осыларды Аллаһ нҧсқады! Сақтанарсыңдар!» (?) және «Кімде-кім Исламнан ӛзге дінді кӛксесе, онікі қабылданбайды» (3 – 85) деп ерекше ескерткен.

Демек, дінде діндер, сакталар, ағымдар деген ҧғым жоқ, дін біреу ғана. Ол Аллаһтың діні – Ислам. Ендеше халқымыз ӛте дҧрыс жолда – Хақтың Ӛз жолында. Біз халқымызды, оның дінін, салт-дәстҥрін, тілін кӛзіміздің қарашығындай қорғауға міндеттіміз, мемлекет міндетті, оның атазаңы міндетті! Ӛйткені, мемлекет деген – халық, халық деген – мемлекет!

Әдебиеттер

1. Иллюстрированная история религии. В 2-х тт. – М., 1992. -10 б.

2. Розанов В.В. Религия. Философия. Культура. – М., 1992. – 25 б 3. Алов А.А. и др. Мировые религии. – М.,1998. – 20- 35 б

4. Гарнак А. Сущность христианства. – М..2001. 46 б 5. Қ.Жолдыбайҧлы – Дін мен Діл. – 59 б

6. А.Қҧнанбаев. Қара сӛздері www.abai.kz.

7. Мҧртаза Бҧлҧтай, Дін және мәдениет. «Қазақстан-Заман» халықаралық, қоғамдық- саяси, танымдық газет, №22(429), 30.05.2003 ж. және «Инфо-Цес» газеті, №40, 1

8. Дін біріктіреме, жоқ іріте ме? Қҧл- Керім Елемес.

9. Мҧртаза Бҧлҧтай, Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастары, «Дала мен Қала»

газеті,

№5, 04.02.2005 ж.

Referensi

Dokumen terkait

Саясаттанушы және тарихшы ретінде Александр Беннигсен 1913-1988 де танымал, ол 1950 жылдан бастап қырық жылға жуық уақыт бойы Ресей мен КСРО-дағы ислам, жәдидшілдік қозғалы- сы,

Кәләм ілімінде және Ислам ой-танымында тәждид мәселесін қозғағанда біз мына сұрақтармен бетпе-бет келеміз: Уақыт пен мекен секілді шарттар өзгергенде діни танымды және діни танымға