ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ.
Сарсенбиев А.Н.
Туризмнің Қазақстан экономикасы дамуының негізгі бағыттарының бірі деп жарияланғанынан бері көп уақыт өтті. Өткен уақыттағы үкіметте қарастырылған бірқатар шаралардың нәтижесінде келешекте туристік алғышарттардың артатыны белгілі. Өйткені Алматы және Ақмола облыстарындағы ойын-сауық орталықтарын дамыту жобасын жүзеге асыру, тек пайдакүнемдік мақсатта емес, сонымен қатар сәйкес инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Шетелдік туристтерді қызықтыру жағынан потенциалды бағыттар деп “Ұлы Жібек жолы”, “Байқоңыр” космодромы, Түркістан, Атырау және Маңғыстау облыстары, Қапшағай суқоймасының жағалауы мен Бурабай демалыс аймақтары танылды. Ал экотуризм қазіргі таңда ең қажетті бағыт болғандықтан республиканың барлық аймақтарында дамыту жоспарланған.
Бірақ бұл мәселенің келесі жағы да бар. Барлық туризм саласының мамандарының атап өтуінше, Қазақстанның шетелден келушілерді қабылдауға еш жағдайы жоқ. Өйткені шетелдіктердің бәрі де демалыс уақыттарын ыстық сусыз, жақсы жолсыз, автокөліксіз және т.с.с. өткізуге келісе бермейді. Нашар дамыған инфоқұрылымның қазақстандықтардың өздерін де аз қызықтырады.
Сонымен қатар онда өте жоғары бағалар. Араларында бәсекелестік орта мүлдем дамымаған.
Қазіргі заман сәулетінің инновациялық потенциалын туризмнің пайдасына толық қолданып жатқан жоқ. Бір жағынан туризм индустриясы құрылыс пен дизайнға өте қомақты қаражат бөліп жатыр, бірақ сәулет жағынан ешқандай пайымдаулар жасалып жатқан жоқ. Тұрғын аймақтардың құрылымы мен функционалдық және дизайн концепциялары ескерілмейді. Туризм мен сәулет бизнес саласының тығыз байланысына қарамастан қойылған мақсаттары мен стратегиялық дамуы әлі күнге шейін орындалмады. Өйткені туризм сәулетін концептуалды, теориялық және ғылыми негіздемей стратегиялық мақсатқа жету мүмкін емес.
Сәулеттің туристтерді қызықтыра алатын факторлары (қасиеттері):
- Сәулеттің жоғары сапалылығы оның функционалдылығы мен өркендеуі. Бейімделушілік, функционалдық және кеңістіктің сапалылығы, бұл –
қажетті фактор, шеттен келген қонақтың қанағаттануына себепші фактор.
Арақашықтықтың қысқалығы, барлық объектілерге қол жетімділігі;
- Сәулеттің жоғары сапалылығы оның айрықша стилі.
Қонақтар мен келушілерге ең бірінші әсер қалдыратын ол – сәулет. Ерекше пішіндер, арнаулы құрылымдар адамның емін-еркін демалуына жағымды әсер етеді.
- Сәулеттің жоғары сапалылығы оның бәсекелестік басымдылығы.
Керемет сәулеттік композиция, қоршаған ортасы және оның өзіндік ерекше тарихы бәсекелестерінен ерекшелендіріп, басымдық береді.
- Сәулеттің жоғары сапалылығы оның өмір салты және уақыт тынысы.
Жетілдірілген жағымды атмосфера демалыс уақытында жоғары сапалылықты қатты бағалайтын клиенттерді өзіне тартады. Қазіргі заманғы сәулет көпшілік назарын бұқаралық ақпараттар мен ашылу салтанаты кезінде қалыптастырады және терең талқының ортасында болады. Қоршаған ортаның тартымды дизайны бизнеске жағымдылықты арттырып, ұсынысты ынталандыратын өмір салт пен уақыт тынысын білдіреді.
- Сәулеттің жоғары сапалылығы оның қызметкерлерінің өмір сапасы.
Құрылыс иелері қазіргі заман сәулетінің көмегімен өз мақсаттарының негізінде өз жұмыс ортасын құра алады. Кеңістіктің жоғары сапалылығы қызметкерлердің келушілер мен қонақтарға тиімді және нәтижелі қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
- Сәулеттің жоғары сапалылығы оның тұрақтылығы.
Сәулеттік жобаның уақыт өте келе өзгеретін талаптарға сай икемделу мүмкіндігінің болуы экономикалық жағынан өте тиімді. Өзінің маңыздылығын ұзақ уақыт сақтап қалу үшін оның негізгі элементтерінің орналасуы, бағыты, атқаратын қызметі алдын ала болжаммен жобалану қажет. Өйткені олар құрылыс біткеннен кейін өзгертілмейді. Ал ішкі кеңістік уақыт талабы мен үрдісіне сай икемделе алады.
Туристік орталықтар мен кешендер қаланың сәулеттік-кеңістіктік композициясын қалыптастыратын қалақұрылыстық құрылымдар болып табылады. Туристік кешеннің сәулеттік-кеңістіктік композициясы оның орналасқан жерімен анықталады, яғни қала орталығында немесе шетінде, қала сыртында немесе сәулеттік, тарихи және табиғи маңызы бар орындарда.
Туристік кеңістіктік ортаның қалыптасуы күрделі әлеуметтік, экологиялық, экономикалық, географиялық және сәулеттік мәселелер кешенін шешу болып табылады.
Туристік кешендерді жоспарлау шарттары.
Туристік кешендер жоспарын ұйымдастыру табиғи-климаттық, қалақұрылыстық және туристік мекемелердің орналасу жағдайларына байланысты. Туристік кешендердің табиғи-климаттық жағдайға байланысты жазық жердегі, таулы-рекреациялы, жағалаудағы, судағы болып бөлінеді.
Туристік кешендердің қалақұрылыстық жағдайлар (қалада, қала сыртында, ауылдар арасында) мен туристік мекемелердің орналасу жағдайына байланысты жоспарлануы олардың типологиялық айырмашылықтарын анықтайды.
Туристік орталықтар мынадай функциялар атқаруы мүмкін:
- Өндірістік-демонстрациялық (кілем тоқу, ағашты көркемдеп ою, металл соғу және нақыштау, тас, сүйек пен мүйіз бойынша, тігіншілер, кестешілер мен тоқымашылар шеберханалары);
-Оқу-өндірістік (мүсін, сурет, көркем сурет, дизайн сыныптары мен дәріс оқитын залдары);
-Мәдени және насихаттау (көріністік, көрме залдары, этнографиялық және ойын-сауық мейрамдар өткізу бөлімдері);
-Сауда-саттық (сауда және жәрмеңке қатарлары, дүкендер, жәрмеңкелік алаңдар);
-Туристік (қонақ үйлер);
-Су айдыны мен жасыл желек аймағы (су бұрқақтық жүйесі қарастырылған су айдыны, жасыл желектер, ағаштар);
-Тұрғын алаңы (тұрғын үй, шеберхана-үй, қызметкерлер үйі);
- Туристік маршруттар (жердегі, судағы, әуеде, біріккен).
Сәулеттің Қазақстандағы туризмді дамытуға қосатын үлесі өте жоғары. Оның мақсаты: Барынша ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді сақтап қалуды қолдау (халық қолөнерін, кәсібін, фольклорын, әдет-ғұрыптарын сақтау және дамыту);Қазақстанның туристік қызмет көрсету нарығын кеңейту; тарихи, мәдени, этнографиялық және ұлттық дәстүрді сақтау; қазақ жері халықтарының өмір салты мен тұрмыс-тіршілігін таныту; Қазақстан туристік бизнесіне инвестициялар тарту.
Библиографиялық тізім.
1. 2007 Report / Architecture in tourism. Analysis of the interaction between architecture and tourism. – Austia, 2007. – 12 p.
2. Gaudens OU: Шатерникова, А. Обзор туристического рынка Казахстана [Электронный ресурс] / А. Шатерникова // Панорама. – 2010. – 02 ақпан. – Т.
: Фирма Gaudens 2010 - .Кіру ережесі : http://www.centralasia-biz.com/
3. Градостроительные основы развития курортно-рекреационных районов СССР / В. Я. Городской, Т. Ф. Панченко, А. А. Мазуркевич және басқалар.
— М.: Стройиздат, 1990.