• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТАТИСТИКА ЖҤЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТАТИСТИКА ЖҤЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

ӘОЖ 311.312 (574)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТАТИСТИКА ЖҤЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Альмухамедова Найля Сериковна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университетінің студенті

Ғылыми жетекші- аға оқытушы Успамбаева М. К.

130

(2)

2007 жылы БҦ Ҧ-дағы ЕЭК пен БҦ Ҧ-дағы АТМЭӘК тарапынан жҥргізілген Қазақстанның статистикалық жҥйесін ауқымды бағалау баяндамасына сәйкес: «Қазіргі таңда Қазақстанның Статистикалық Жҥйесі жоғары стандарттарға ие және халықаралық ҧсыныстар мен ақыл-кеңестерді орындауға тырысады. Ҧлттық Статистикалық офис болып табылатын Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінде (ҚРСА) барлық маңызды халықаралық статистикалық сыныптамалар қолданылады. Бҧ л саладағы жаңа сыныптамалардың енгізілу мерзімі, әдетте, екі жылдан аспайды, бҧл мерзім кез келген дамыған мемлекеттегі қалыпты қарқынға сәйкес келеді. Орталық Азия аймағында Қазақстанның Ҧлттық Статистикалық Офисі жақсы жҧмыс стандарттарының ҥлгісі, Ресми Статистика мен халықаралық желінің Іргелі Қағидаттарының жолын ҧстаушысы болып табылады».

Сонымен қатар баяндамада Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі Австралияның Статистика Бюросымен салыстарғанда қызметке қызметкерлер санын кӛбірек алатыны туралы айтылады. Бірақ соңғылары Қазақстанның агенттігіне қарағанда халықтың едәуір ҥ лкен бӛлігін сапалы әрі маңызды статистикамен қамтамасыз етеді.

Сарапшылар ақпараттық жинау жолдарын тиімді жаңарту мақсатында алдағы жылдары ҚРСА-ның қызметкерлер қҧ рамын ӛзгертуге және тек қана мемлекеттік басқарумен шектелмей, басқа да аймақтық ӛкілдерді статистикалық ақпараттарды тарату шараларымен таныстыруға кеңес берді. Аналитикалық және зерттеу жҧмыстарының артуы ҚРСА орталық аппаратының және оның аймақтық органдарының қҧрылымын оңтайландыру ретінде қарастырылады. Бҧ л мақсат орталық аппарат қызметкерлері (186) мен аймақтық офис қызметкерлерінің (4040) санын салыстырғанда анық кӛ рінеді.[1]

Агенттіктің статистикалық әлеуетін кҥшейту жӛніндегі нақты кеңестердің қысқа мазмҧны Ауқымды бағалаудың қысқа мазмҧндамасының 30 бӛлімінде және толық тҥрдегі мазмҧны баяндаманың негізгі мәтінінде берілген.

Агенттіктің орталық аппаратының әлеуетін кҥшейту жӛніндегі халықаралық сарапшылардың ҧсыныстары Ҥкіметтің әлемдік қаржы жағдайында 2008 және 2009 жылдары мемлекеттік органдар санының жалпы штаттық лимитін қысқартуына қарамастан бірте-бірте жҥзеге асырылды. Мәселен, 2008 жылы Агенттік территориалдық органдардың штаттық санын 364 бірлікке қысқартып (негізінен, ауылдық деңгейдегі статистиктердің вакансиялары есебінен), орталық аппараттың штаттық санын 64 бірлікке (250 бірлікке дейін) арттырды. Нәтижесінде, жалпы штаттық лимит 300 бірлікке қысқартылды. Кейінірек 2009- 2010 жылдары орталық аппараттың саны тағы да 10 бірлікке арттырылды, ал территориалдық органдардағы вакансиялар 206 бірлікке қысқартылды.

Бҧл шаралар Агенттіктің Алматыдан Астанаға кӛшу кезіндегі тежелген салаларын дамытуына арналған жҧмыстарды әрі қарай жҥ ргізуге және 2007 жылы Қазақстан статистикалық жҥйесіне ауқымды бағалау баяндамасында берілген халықаралық сарапшылардың басқа да ҧсыныстарын жҥзеге асыруға жол берді.

Ауқымды бағалау кезінде сонымен қатар 2007 жылдың қазан мен 2008 жылдың қаңтар аралығында Әлемдік Банктің қолдауымен 2015 жылға дейінгі мерзімдегі Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің Статистикалық мастер-жоспарының дайындығы жҥргізілді. 2010 жылдың сәуір-маусымында статистикалық жҥйенің мҥмкіндіктерін кеңейту Бағдарламасының (STATCAP) ІІ-b кезеңі шегінде Қазақстанның Әлемдік Банктен қарыз алуға дайындық жҧмыстарын жҥргізу кезінде бҧл қҧжат нақтыланды.

Бҧл қҧжаттағы « Қазақстан Республикасы статистикалық жҥ йесінің қазіргі жағдайы» атты 2 бӛлімнің қорытындысында біздің жҥйенің бір жылда 300-ден аса басылымдарды шығаратын ауқымды жобаға ие екеніміз туралы айтылады. Соңғы он жылда ҚРСА халықаралық қағидаттар мен стандарттарды енгізу бойынша ӛте прогрессивті жҧмыс істеді.

Қазақстан ӛз аймағында бірден-бір статистикалық жҥйе орнатқанмен, қазіргі таңда оны Қазақстанның экономикасы мен қоғамының жедел даму қарқындарына сай келетін әлемдік одан деңгейге кӛ теруге қажетті мҥмкіндіктер бар.

131

(3)

Қазақстанның статистикалық жҥйесінің мақсаты мен ҧзақ мерзімді стратегиялық бағыттары. Енді 2010-2015 жылғы мерзімге арналған Статистикалық мастер-жоспарға сәйкес Қазақстанның статистикалық жҥйесінің даму перспективаларын қарастырып ӛтейік. Олар Қазақстанның статистикалық жҥйесінің стратегиялық мақсатына негізделеді. Мақсаттың мәні—халықаралық стандарттарға және әлемдік тәжірибеге сай жиналған және талданған нақты және сенімді ақпаратпен қазақстандық қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру. Статистикалық жҥйенің міндеті бҧл мақсатқа барынша толық дәрежеде қол жеткізу.

Стратегиялық мақсат БҦ Ҧ -ның бірінші негіз болушы қағидатымен тҧжырымдалған, оған сәйкес ресми статистика мемлекеттік басқару органдарын, экономиканы және халықты экономикалық, демографиялық. әлеуметтік, экологиялық жағдай жӛніндегі статистикалық кӛрсеткіштермен қамтамасыз ететін ақпараттық жҥйенің ажырағысыз компоненті болып табылады.

Стратегиялық мақсатқа БҦ Ҧ -ның барлық негіз болушы қағидаттарын орындаған кезде ғана қол жеткізіледі, яғни оған қоса кәсіпқорлық, ғылыми әдістеме, қағидаттарын қолдану, статистикалық мәлімметтерді дҧрыс емес қолдануға және талдауға тҥ сініктеме беру, әкімшілік мәліметтерді қоса тҥ рлі қайнар кӛздері бар мәліметтерді қолдану, бастапқы мәліметтердің қҧпиялылық, статистиканың нормативтік ережелерінің жариялылық, статистика саласындағы барлық мемлекеттік органдар іс-әрекеттерінің келісімділік қағидаттарын , халықаралық тҧжырымдаларды, сыныптамаларды, әдістерді, сонымен қатар екіжақты және кӛпжақты халықаралық әріптестікті қолдану қажет болып отыр.[2]

Статистикалық мастер-жоспар қазақстандық статистиканы жетілдірудің алты ҧзақ мерзімді бағыттың сипаттамаларынан қҧралған (А-F). Негізгі екпін статистиканың жекелеген салаларын дамытуға емес, жалпы инфрақҧ рылымды қҧ руға бағытталған. Осы бағыттардың қысқаша мазмҧнын қарастырып ӛтейік:

А. Статистикалық жҥйенің институционалды және операциялық қҧрылымның жақсартылуы. Бҧ л компонент ҚРСА-ның статистика саласындағы біртҧтас мемлекеттік саясатты және Қазақстанның статистикалық мәліметтерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған бағдарламаларды тҧжырымдау, келістіру және енгізу бойынша мҥмкіндіктерді кҥ шейтуге бағытталады. Осылайша, бҧл компоненттің мақсаты—ҚРСА әрекеттерінің тиімділігін арттыру мақсатында қҧқықтық және ҧйымдастырушылық қҧрылымдарды жетілдіру. Жҥйе ішіндегі әрекеттердің келісімділігі кҥ шейтіледі, ал статистикалық ақпарат жақсы таралатын болады. ҚРСА-ның орталық аппараты мен оның аймақтық бӛлімшелері арасында жҧмысты оңтайландырумен қатар статистикалық мәліметтерді ӛңдеудің ықпалдастық жҥйесін қҧ ру арқылы жҥйе одан сайын тиімді жҧмыс жасайтын болады. Нақты қызмет кӛ рсетулердің сапасы мен стандарттарын басқарудың бағдарламалары енгізіледі, бҧл ҚРСА-ның жҧмыс мәдениетін жоғарылатады. Әрбір қызметкердің жҧмыс орнындағы еңбек ҥ лесі қадағаланатын және бағаланатын болады, бҧ л ҚРСА басшылығына ресурстарды тиімді бӛлуге мҥмкіндік береді. Ішкі ҥ дерістер рационалданады және статистикалық мәліметтерді ӛңдеу ҥдерісінің айқындылығы қамтамасыз етіледі.

В. Ақпараттық пен коммуникациялық жҥйесінің және материалдық инфрақҧрылымның дамуы. Бҧл компоненттің мақсаты—статистикалық ҥдерістің толық циклін қамтамасыз ететін статистикалық мәліметтерді ӛңдеудің ықпалдастырылған жҥйесін жақсарту. Мҧның шегінде сҧраулық қҧру, тексеруді ҧйымдастыру, таңдау параметрлерін анықтау, метамәліметтерді әмбебап ету негізінде оптикалық таныту, ӛзгерту, импъютациялау, агрегаттау және таралу жолымен мәліметтерді оқу ҥшін ықпалдастырылған бағдарламалық ӛнімдердің жиыны қҧрастырылады. ҚРСА-ның ақпараттық базасы басқа мемлекеттік мекемелердің ақпараттық базаларымен ықпалдасады. Бастапқы ақпараттарды жинау ҥшін шағын компьютерлерді қолдану енгізіледі. Респондеттерден ақпаратты қабылдай алатын есептіліктің онлайн мен телефондық колл-орталықтардың жҥйесі дамытылады.

(4)

Бҧл компонент сонымен қатар аймақтық офистердің қазіргі стандарттарға сай материалдық инфрақҧрылымын жақсартуға бағытталады. Жекелей алғанда, ішкіофистік және офисаралық коммуникациялық желілер жаңғыртылады, ал серверлер мен офистік қҧрал-жабдықтар жаңартылады, осыған керекті ғимараттар жӛ нделеді және қайта жабдықталады.

С. Кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту. Жалпылама тҥрде , бҧ л бағыт бойынша негізгі міндет—адамдық ресурстарды басқарудың барлық аспектілерін жақсарту. Яғни, персоналды тиімді басқару әдістері, мансапты дамыту және қызметкерлерді тағайындау бағдарламалары енгізіледі. Мамандарды оқыту бағдарламалары да кҥшейтіліп, ҥйлестіріледі. Тренингтерге деген қажеттіліктер анықталады және оның негізінде персоналдың біліктілік деңгейін арттыру бойынша стратегия қҧрылады. Перспективті қызметкерлер шетелдік тағылымдарға жіберілетін болады.

D. Статистикалық инфрақҧрылымның, стандарттардың және әдіснамалардың жақсартылуы. Бҧл компоненттің мақсаты— статистикалық қҧрылымның тіркелімдер, сыныптамалар, стандарттар, әдістер сияқты негізгі элементтерді жақсарту. Негізінен, статистикалық тіркелім жҧмыс істемейтін кәсіпорындарды айқын анықтауға және ҥлкен кешенді кәсіпорындардың сипатын толық кӛрсетуге мҥмкіндік беретін процедураларды енгізу арқылы жетілдіріледі. Тҧрғын-ҥй қорының тіркелімі қҧрастырылып, қолданысқа енгізіледі.

Ҧлттық негізгі сыныптамалар осы сияқты іспеттес халықаралық стандарттарға сәйкес ӛзгертіледі. Статистикалық кӛрсеткіштердің сӛздігі мен глоссариі қҧрастырылады.

Сҧраулықтарды қҧрастыру технологиясы жетілдіріледі, ал оған сай қҧрастыру стандарттары дайындалып, ендіріледі. Іріктемелерді жҥргізу әдісі де жақсартылады және бірыңғай зерттеулердің белгілі бір саны іріктемелі әдіске ауыстырылады. Маусымдық тҥзету әдісі енгізіліп, статистикалық кӛрсеткіштердің уақыттық қатарлары қҧрылады.Метамәліметтер жаңартылады. ҚРСА-ның аналитикалық мҥмкіндіктері арттырылады, бҧл ӛткізілетін талдау сапасының және сәйкес басылымдардың артуына әкеледі. Статистиканың тҥрлі салаларына қатысты ерекше кӛрсеткіштерді есептеу әдісі жақсартылады.

Е. Респонденттер мен қолданушылар арасындағы байланысты кҥшейту.

Берілген бағыттың мақсаты—статистикалық нәтижелерге деген қолжетімдік деңгейін жоғарылату, респонденттердің жҥ ктемесін тӛмендету, мәліметтерді қамтамасыз ету процедураларын оңтайландыру және қолданушылармен, респонденттермен орнатылатын кері байланыс механизмін жетілдіру. Бҧл мақсатты жҥзеге асыру ҥшін статистиканың жекелеген салалары жӛніндегі сараптамалық топтарды қҧру, статистикалық кеңестің мҥмкіндіктерін белсенді тҥрде қолдану, қолданушылар мен респонденттерге арналған электронды on-line форум орнату арқылы қолданушыларға берілетін кеңестер әдісі жақсартылады. Респонденттермен қарым-қатынас орнату жӛніндегі саясат қалыптастырылады және оған қатысушы барлық субъектілердің міндеттері мен қҧқықтары айқындалады. Респонденттерге тҥ сірілетін жҥктеме тҧрақты тҥрде ӛ лшеніп отырылады және оны тӛмендету іс-шаралары ойластырылады.

F. Статистиканың нақты салаларындағы әдіснама мен тәжірибенің дамуы.

Берілген компоненттің жалпы мақсаты—барлық автономды зерттеулерді және қайтақҧрылымдау және/немесе жаңа инфрақҧ рылымның артықшылықтарын пайдаланумен байланысты тҧрақты жетілдіру арқылы әкімшілік мәліметтердің жиынтықтарын жақсарту.

Нақтылап айтатын болсақ, белгілі бір статистикалық кӛ рсеткіштерді есептеу бойынша бағдарламалар жетілдіріледі, бҧ л кезде олардың мәні, қолжетімділігі, сыртқы ортаға жауап беру, ӛзгертілу сипатаммалары есепке алынады.

3. Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің институционалды қҧрылымын алдағы уақыттағы жетілдіру іс-шаралары. Агенттіктің орталық аппаратының әлеуеті біртіндеп кҥшеюіне қарамастан, Агенттіктің орталық аппаратының штаттық санының шектеулігіне байланысты оның қҧрамында әлі де болса тӛмендегі статистикалық іс-әрекеттердің бағыттарын дамыту бойынша жеке бӛлімшелер жоқ.

Осындай бағыттар қатарына:

133

(5)

Ҧлттық шоттар кӛрсеткіштерінің ҥйлесімін табуын қамтамасыз ету мақсатымен макроэкономикалық модельдеу ;

Негізгі макроэкономикалық кӛрсеткіштердің динамикасын қысқа мерзімді болжамдауын қамтамасыз ету мақсатымен конъюктуралық зерттеулерді қолдану;

Экологиялық статистика ; Энергетикалық статистика ; Ӛзара сауда статистикасы;

Кӛлік және байланыс статистикасы;

Ғылым мен байланыс статистикасы;

Тауарлық нарықтардың статистикасы;

Туризм статистикасы;

Демографиялық есептеулер (арнайы есептемелердің кӛрсеткіштерін және сонымен бірге жалпы және қызметтік демографиялық болжамдарды қоса есептегенде);

Гендерлік статистика;

Жаңа мыңжылдық табалдырығындағы даму мақсаттарының және орнықты дамудың индикаторларын қҧ рудың қамтамасыз етілуі;

ӛмір сҥ ру деңгейінің статистикасы;

метамәліметтерді жҥ ргізу;

статистикалық кӛ рсеткіштердің әлеуметтік-экономикалық талдауы;

ақпараттық жҥйелердің дамуы мен интеграциясы;

мемлекеттік тілдің ендірілуін қамтамасыз ету;

персоналдың оқытылуын қамтамасыз ету.

Агенттікті институционалды кҥшейтудің тағы бір бағыты 1998 жылға дейінгі жҧ мыс істеген және бюджеттік қаржыландырудың тапшылығынан жабылған статистикалық зерттеулер институтын жаңғырту болып табылады. Институттың жаңғыртылуы Қазақстандағы статистикалық әрекеттің ғылыми-аналитикалық сипатын кҥшейтуге мҥмкіндік берер еді.[3]

Агенттік ішінде ғылыми зерттеу институның қҧрылуы мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық дамуының мониторингін жҥзеге асыруға, статистикалық бақылаулар нәтижесінде алынатын статистикалық талдауды (дисперсиялық, кластерлік, факторлық, т.б.) жҥргізуге мҥмкіндік берер еді.

Әдебиеттер:

1. Доклад по глобальной оценке статистической системы Казахстана. ЕЭК ООН, ЭСКАТО ООН.—Февраль, 2008 г. – http://www.stat.kz/about/Pages/Global_.aspx ;

2. Қазақстан Республикасының статистика жӛніндегі агенттік. Статистикалық мастер- жоба

2010-2015. 2010 жыл, маусым — http://www.stat.kz/about/Pages/Global_.aspx ;

3. Ю. Шокаманов, «Перспективы развития казахстанской статистики до 2015 года»:

Экономика и статистика № 4 /2010 г.

Referensi

Dokumen terkait