• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚазақстанРеспубликасындағыпартиялардыңсаясименеджментінзерттеумәселелері

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚазақстанРеспубликасындағыпартиялардыңсаясименеджментінзерттеумәселелері"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

С.Е. ИМАНБАЕВА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛАРДЫҢ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

The article discusses some theoretical and methodological aspects of the study of political management by examining foreign and native management experience in the party system.

Formation of Political Management at the Party field in Kazakhstan is little known subject in political science that creates special scientific interest.

Саяси менеджмент нақты саяси мақсаттарға жету үшін бағытталған практикалық әрекет болып табылады. Бұл әрекеттің тиімділігі көп жағдайда саяси акторлардың өз алдына қойған міндеттерді шешуге жағдай туғызатын әдіс-тәсілдерді қолдана білу деңгейіне байланысты болады.

Саяси менеджмент – саясаттану ғылымындағы біршама жаңа ұғым болып табылады, сонымен қатар бұл ұғым саяси әдебиеттерде бір мағыналы түрде түсіндірілмейді.

Сондықтан да, қазақстандық саясатта, әсіресе партиялық жүйеде саяси менеджментті қалыптастырудың және оның әдістерін қолданудың зерттеу мәселелері отандық саяси ғылым мен тәжірибедегі маңызды міндет болуы шарт.

«Routledge» саяси менеджментінің анықтамалығында берілген анықтамаға сәйкес, саяси менеджмент – бұл кәсіби саясатта бірқатар іс-шараларды қамтитын кең және әрдайым дамитын өріс. Бұл өріске кез-келген саяси кампанияны басқару және консалтинг, саясатта жарнама жасау, оппозицияны зерттеу, насихаттау мәселелері, лобби жасау, қаражат жинау, сауалнама жатады.

Кейбіреулердің пайымдауынша, саяси менеджмент саяси ғылымның нысаны ретінде қолданылады [1].

М.С. Клочкованың «Саяси менеджмент» оқу құралында саяси менеджментке мынадай анықтама беріледі: саяси менеджмент – бұл белгілі бір мақсатқа жету үшін жалпыға міндетті нормаларды құру және «заңды зорлық» құқығына, яғни мемлекеттік мәжбүрлеу құқығына немесе саяси ұйымда мәртебелік құқығына сүйенуге мүмкіндігінен айырылған басқару субъектісінің саясаттағы басқарудың ерекше түрі. Бұндай басқару қатынастарында субъект (саяси ұйым, қысым топтары, мемлекеттік қайраткер) «легитимді зорлық» құқығына жүгіне алмайды, өз алдына қойған мақсаттарға жету жолында өзінің мәртебелік қорларын пайдалана алмайды, міндетті сипатқа ие бұйрық немесе заң шығара алмайды, сондықтан да ол басқару объектісіне әсер ету үшін ықпал жасаудың басқа түрлері мен әдістерін қолдануға мәжбүр болады [2].

Саяси менеджмент саяси акторларға ерекше мәселелерді шешуге мүмкіндіктер береді.

Мәселен:

1. Саяси қайраткердің немесе көшбасшының беделін нығайту. 2. Саяси партияның, қоғамдық- саяси ұйымның немесе қысым тобының тартымды кейпін құру.

3. Саяси бағдарламаның немесе басқару жобасының жақтаушылар санын үлкейту.

4. Халықтың сайлау таңдамаларын қалыптастыру. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 5. Саяси одақтарды немесе блоктарды ұйымдастыру.

6. Саяси шиеленістерде саяси қарсыластарға немесе қарсы пікір білдірушілерге ықпал жасау.

7. Маңызды шешім қабылдайтын тұлғаларға әсер ету.

8. Саяси қолдау көрсету үшін бұқараны біріктіру.

Саяси партиялардың саяси аренада белсенді рөл атқара алатын дербес субьектерге айналуына байланысты бұқараға ықпал етудің ең тиімді нысаны ретінде саяси менеджментке еркше көңіл аудара бастады. Себебі, партиялар мемлекетпен салыстырғанда, оларда заңды күш көрсету құқығы мен жалпыға міндетті нормаларды құру мүмкіндігі жоқ.

Қазақстанда басқа да посткеңестік мемлекеттерде сияқты саяси менеджменттің дамуы батыстық елдерге қарағанда әлі толығымен пісіп жетілмеді: саяси басқарудың нарығы қалыптасты, алайда саяси акторлар «ойын ережелерін» толығымен қолдана алмайды.

Ең бастысы, мақсаттарға қол жеткіу үшін байқау мен қателіктер жасау арқылы ең тиімді тәсілдерді таңдап алуға мүмкіндік беретін тәжірибені пайдалану.

Саяси менеджмент қоғамдық қатынастардың жүйесін мақсатты, саналы, жоспарлы реттеудің маңызды құралдарының бірі болғандықтан, оның, ең біріншіден, адамдарды тартудың жаңа тәсілдерін іздеу және адамдардың мүдделерін жүзеге асыру әдістеріне тоқталу қажет. Себебі, бүгінгі таңда саяси менеджер саяси ұйымның қызметін ұйымдастыруымен қатар, қоғамның өмірлік іс-әрекетіне көмек бере алатын әлеуметтік маңызы бар шешімдерді қабылдай алу және оларды жүзеге асыру қабілетті болу керек.

Бұған саяси-технологиялық басқарудың кәсіби жол табу қажет екендігін түсіне отырып, басқарушы актор өзінің немесе басқанынң тәжірибесіне сүйенуімен қатар, бұл басқару түрінің

(2)

мәнін ашатын ғылыми білімге жүгінеді. Сондықтан, саяси менеджменттің мағынасын түсіну үшін практикада қолдана алатын ғылыми білімді сипаттау қажеттілігі туындайды.

Саяси менеджменттің қалыптасу кезеңі нақты анықталмаған, алайда ен бірінші рет ол XX ғ.

басында АҚШ-та кеңінен қолдана бастады. Бұл кезеңде американдық саясат орталықтанған партиялық саясаттан жеке кандидаттарға бағытталған жүйеге ауысты. Алғашқы кезеңдерде саяси менеджментті кампанияларды басқару үшін бірлескен қоғамдық фирмалар жүргізді. Арнайы қоғаммен байланыс пен саяси кампанияларға мамандырылған фирмалар тек 1950-60жж. құрыла бастады. Алғашқы «саяси менеджерлердің» пайда болуы Американдық саяси кеңесшілер ассоциациясының мүшесі Джозеф Наполитан (Joseph Napolitan) есімімен тікелей байланысты.

Еуропалық елдерде саясаткерлер саяси менеджерлердің көмегіне ХХ ғ. екінші жартысынан бастап жүгінді. Мәселен, Францияда 1965 және 1969 жж. президенттік сайлауға қатысқан кандидаттар менеджменттің саяси жарнама жасау түрін қолдана бастады [3].

Қазақстанға келетін болсақ, Қазақстан Республикасында партиялардың қызметі реттелуі 1996 жылдың 2 шілдесінде «Саяси партиялар туралы» Заңды қабылдаумен байланысты болды. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң қабылдап, онда елімізде саяси менеджменттің қалыптасуына алғышарттар қалыптаса бастады. Заңға сәйкес саяси партиялар өз қызметінде қолданылатын (заңға қайшы келмейтін) нысандар мен әдістерді анықтауға еркін деп танылады. Сонымен қатар, аталған Заңның 15-бабы 4 тармақшасында көрсетілгендей, саяси партия өзінің бұқаралық ақпарат көздерін құруға құқығы бар [4].

Қазақстандық саяси менеджментті қалыптастырудың заңнамалық алдын ала жағдайлары осындай болды.

Мемлекеттік басқаруда, сонымен қатар партиялық ұйымдарда саяси менеджмент ұғымы 2004 жылдан бастап ене бастады. Бұған түрткі 2004 жылғы «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» атты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы болды. Бұл жолдауда 2004 жылғы демократиялық партиялар үшiн саяси кемелдiлiк емтиханы болып табылатын Парламент Мәжiлiсiне сайлау өтуіне байланысты тұрақты саяси-партиялық жүйе құру мақсаты қойылды. Яғни, қоғамның барлық мүдделі жақтардың қажеттіліктеріне сай саяси өрісте партиялардың қызметін жақсартуға және олардың арасындағы бәсекеге қабілеттілігін көтеруге алғашқы шарттар жасалды.

2007 жылғы «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» атты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазіргі әлемде қарқынды алға жылжу үшін басты қолданылатын формула – ол жүйелілік» деп көрсетілген. Осының негізінде қазақстандық партиялық құрылысындағы партиялық менеджменттің сегіз ұстанымы жасап шығарылды:

1. партия мүшелерін азаматтардың талаптарын қанағаттандыруға бағыттау;

2. партиялық жұмыстың барлық деңгейлерінде жетекшілік жасау және партиялық көшбасшыларды оқыту;

3. адамдарды партия қатарына тарту және партия мүшелерінің жауапкершілігін көтеру;

4. партиялық құрылысқа үдерістік шешім табу;

5. партиялық басқаруға жүйелі шешімдер табу;

6. партиялық жұмысты тоқтаусыз жақсарту мен жетілдіру;

7. партияда аналитикалық және зерттеушілік жұмыс негізінде шешімдер қабылдау;

8. барлық мүдделі жақтармен өзара тиімді қарым-қатынастар жасау және саяси серіктестік [5].

Осы ұстанымдардың негізінде партияларда саяси менеджментті практикалық түрде жүзеге асыру үшін, теориялық тұрғыдан саяси менеджменттің түрлерін қарастырып, Қазақтандағы партиялық құрлысында олардың қаншалықты жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру қажет.

Қазіргі кезде саяси менеджменттің негізгі түрлері:

1. Имиджмейкинг немесе кең бұқараға тартымды көшбасшының кейпін, имиджін жасау;

2. Бірлескен саяси имиджмейкинг немесе бұқаралық санада саяси ұйымның не партияның танымал, жағымды бейнесін қалыптастыру;

3. Сайлау алды кампанияны жүйелі ұйымдастыру негізіндегі сайлау технологияларын қолдану;

4. Саяси брендинг (бренд – сауда таңбасы) немесе бұқара санасына адамдарды біріктіре алатын не керісінше қарсылас топқа бөле алатын танымал нышандарды, бейнелерді енгізу;

5. Алдына қойған мақсаттарға жету қызметіне бағытталған саяси одақтар технологиялары;

6. Қоғамда саяси қарсылық деңгейін төмендету үшін саяси шиеленістерді реттеу және шешу технологиялары;

(3)

7. Лоббизм технологиялары.

Алайда, саяси менеджменттің бұндай түрлерге бөлінуі шартты болып табылады. Практикада саяси мамандықтардың ерекшелігіне байланысты саяси менеджменттің кәсіби сипатына сәйкес бірнеше түрі ажыратылады:

• Саяси кампаниялардың аналитикалық қамтамасыз етілуі

• Саяси жарнама

• Саяси РR (саяси кампанияларды ақпараттық қамтамасыз ету)

• Спичрайтинг немесе сөз сөйлеушіге мәтіндерді жазу

• Бұқаралық саяси шараларды ұйымдастыру және өткізу [6].

Аталған саяси басқару түрлерінің тізімі де толық деп айтуға болмайды. Себебі қазіргі таңда жаңа мамандықтардың (ньюсмейкер, спин-доктор, т.б.) пайда болуы саяси-технологиялық басқаруда жаңа мәселелрді шешуді талап етеді.

Қазақстандық партияларда саяси менеджменттің түрлері қаншалықты деңгейде практикада жүзеге асырылатындығына тоқталатын болсақ, партиялық ұйымдардың, әсіресе жергілікті деңгейлерде, саяси ықпалы төмен. Сол себепті халық арасында партиялық көзқарастар мен ой- пікірлерді қалыптастыру біршама қиынға түседі. Алайда, орталық дегейде, Астана және Алматы қалаларында партиялық саяси ықпал жоғары болғанмен, саяси таңдамалардың басты бағыт- бағдары партия көшбасшылары мен белсенді мүшелері болып табылады, яғни көп жағдайда партиялық саяси менеджмент кейіптеуге бағытталған.

Қазақстандағы партиялардың саяси менеджментін одан әрі дамытып жетілдіру үшін ғылыми білім мен тәжірибені тиімді пайдалану қажет. Саяси менеджмент тек саясаттану мен менеджмент ғылымдарының қрсындысы емес, оның зерттеу облысында әлеуметтану мен психология ғылымдары кең қолданылады. Сондықтан да бұл білімнің негізгі қайнар көздері қандай?

Саяси менеджментті зерттеудегі негізгі

аспектілер

Ғылыми білім Тәжірибе

1.Не зерттеледі? Саяси менеджмент саясатта басқарудың ерекше түрі ретінде зерттеледі

Нақты саяси-технологиялық басқару үдерісі зерттеледі

2. Қалай зерттеледі? Әдістемелік білімді пайдалану арқылы

теориялық модель құрастыру арқылы

Нақты басқару жағдайын модельдеу арқылы

Сонымен, саяси менеджментті зерттеу бұл басқару үдерісінің теориялық білімді және тәжірибені талап етеді. Бұл саяси менеджменттегі басқару мәселелерін шешудегі практикалық ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

Саяси менеджменттің ғылыми біліміне тоқталсақ, бұл адамдардың қоғамда саяси басқаруды жасауды ынталандыратын факторларды зерттеу болып табылады, сонымен қатар бұл әрекеттесудің ерекшеліктерін, оның даму үрдістері мен тиімділік шарттарын білу қажеттілігі де туындайды.

Бұның негізінде саяси менеджменттің мәнін ашуға бағытталған бірнеше теориялар қарастырылған. Рационалды таңдау теориясы бойынша адамның ең жоғары «сыйақыны» ең төмен

«бағамен» алу деген жан-жақты талпынысы бар екендігі туралы пайымдау бар, яғни «пайда табу заңы» жұмыс істейді. Алмасу теориясына сәйкес, индивид өз пайдасына қандай да бір үлесін (материалдық сыйақы, жеке қауіпсіздік, мәртебе, т.б.) тигізу үшін өзара қарым-қатынасқа түседі.

Аталған екі теория бір-бірімен ұқсас келеді және саяси менеджмент үдерісіне түсуді ынталандыру түрткілерін әлеуметтану жағынан қарастырады.

Тұлғаның психодинамикалық теориясы жоғарыда көрсетілген екі теория сияқты да индивидтің саяси өрістегі жүріс-тұрысын ішкі факторлармен түсіндіріеді, алайда белсенділіктің қайнар көзі күрделі, көп жағдайда түсінуге қиынға соғатын үдеріс ретінде қарастырылады. Бұл теорияның негізінде З.Фрейдтің және А.Маслоудың зерттеулері жатыр.

Ғылыми-бихеовиристік теорияға жүгінсек, бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, саяси менеджмент үдерісіне қатысушы адамдардың мінез-құлқысы сыртқы ынталарға ерекше кертартпалық ретінде сипатталады. Саяси актор сыртқы ынталарды басқару мүмкіндігіне ие болса, ол объекттің жүріс-тұрысын, мінез-құлқын өзгерте алады.

(4)

Когнитивті теория бойынша, саяси менеджмент үдерісіне қатысушы адамдар мінез- құлқысының себептерін діл үдерісінде зерттеу қажет, өйткені адам осы үдеріс арқылы сыртқы ортаны біліп таниды және түсіне алады [7].

Жоғарыда атап көрсетілгендей, саяси менеджменттің зерттелуі теориялық және тәжірибелік білім негізінде қарастырылады, сондықтан да оның арнайы әдістемесі болуы шарт. Теориялық білім әмбебап, жан-жақты әдістердің қолдануын талап етеді.

Саяси менеджментті түсіну үшін қолданылатын әдістер шартты түрде екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топ саяси-технологиялық басқаруды өзінің ерекше сипаттамалары бар бүтіндік ретінде, саяси шындықтың ерекше сегменті ретінде, басқа да әлеуметтік және саяси феномендер қатарынан бөліп қарастыратын аналитикалық құрастыру үшін арналады. Бұл кезекте саяси менеджмент адамдар әрекетінің объекттелген қорытындысы, әлеуметтік шындықтың түрі ретінде қарастырылады. Әдістердің екінші тобы саяси менеджмент үдерісінде қатысушылардың әрекеттерін зерттеуге бағытталған. Бұл жағдайда саяси басқару адамдардың өз мақсаттарына жету, өз мүдделерін және қажеттіліктерін көздеу үшін жасалатын әрекеттерге көп көңіл бөлінеді, яғни адамдардың бұл үдеріске итермелейтін түрткілерді анықтау және түсіндіру қажет.

Бұл әдістер топтары келесідей негізгі екі мәселені шешуге бағытталған: біріншіден, саяси менеджментті объективті дамитын үдеріс ретінде қолайлы әдіс-тәсілдерді құру, екіншіден, жеке индивидтердің саяси әрекетін түсіну құрылымдарын табу болып табылады.

Саяси менеджментті зерттеудегі кеңінен қолданылатын әдістер – құрылымдық талдау, функционалды талдау, жүйелі талдау, эмпирикалық талдаулар (бақылау, сауалнама, контент- анализ, case-study (оқиғаны зерттеу), тереңдетілген интервью, фокус-топтармен жұмыс жасау) жатады.

Осы әдістер арқылы алынған ақпараттың маңыздылығын түсіну барысында көптеген саяси менеджерлер мен технологтар қиынға түседі. Түскен ақпараттың сілемін өңдеу үшін жағдайды аналитикалық құрастыруды тиімді пайдалану қажеттілігі туындайды. Оған ақпаратты іздеудің негізгі бағыттарын анықтау, теориялық концепцияны жасау, операционализация, ақпаратты жинау жатады.

Бұдан нақты саяси-технологиялық басқару үдерісін зерттеуге көшуге мүмкіндік пайда болады.

Біріншіден, әр халықтың, әр жердің қоғамдық қатынастар жүйесінің ерекшелігін анықтау керек.

Екіншіден, саяси актордың халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған кәсіби мүмкіндіктер деңгейін анықтау жөн.

Саяси менеджменттегі кәсіби мүмкіндіктерінің минималды кепілдіктері шындықты кешенді түсіну болып табылады, сондықтан ақпараттық кері байланысты талдау (2-3 не одан да көп өлшемдермен сипатталған матрица) адамдардың жағдайы мен қажеттіліктерін анықтаудағы маңызды құрал болып табылады. Бұл өз кезегінде саяси менеджерлерді таңдауда, саяси бағдарламаларды жасауда нақты стратегияларды жасауға мүмкіндік береді.№ 1 (86) 2012 269

(5)

Бұндағы:

І мәліметтерді (байлық, қорлар, кедейлік) енгізу II енгізілген мәліметтерді (қасиеттері-міндер) есептеу

III енгізілген мәліметтерді қолдану (экономикалық инфрақұрылым, икемдердің мүмкінсіздігі) IV мәліметтердің шығуы (сыртқымен ортамен байланыс, өзгерістер, оқшаулану)

V шыққан мәліметтерді есептеу (сыртқы тәжірибе, сәтті бағдарламалар немесе апаттық күшпен ену)

VI шыққан мәліметтерді қолдану (адекватты стратегиялар, стратегиялық байланыстар).

Мұндай талдау жүйесі кең бұқара үшін қиын болып көрінгенмен, талдаудың нәтижелері кәсіби біліктілік деңгейі мен саяси өрістегі маңызды, құнды көзқарас факторы болып табылады [8].

Саяси тұрғысынан бұл талдау жергілікті, ұлттық және мәдени ерекшеліктерді ескере отырып, тиімді әлеуметтік-экономикалық шараларды анықтауға мүмкіндік береді. Талдау халықтың саяси менеджмент технологияларын қаншалықты деңгейде қабылдай алу дәрежесін көрсете алады.

Саяси менеджмент саяси ғылымында мемлекеттік басқарудан ерекшеленетіндіктен, жоғарыда көрсетілген сызбаға сәйкес саяси менеджмент кәсіби құрылымы саясаткерлерден және саяси менеджерлерден тұрады. Басқарушы менеджерлердің нақты дағдыларға тікелей байланысты болады. Менеджерлердің басты мақсаты арнайы бөлімдермен қатынасу арқылы кампания жұмысын сәтті өткізуге мүмкіндік береді [9].

Бұндай зерттеулер партия ұйымдарында маңызды бағыттарының бірі болуы керек, себебі олардың негізігде партиялық құрылымын реформалаудың және партиялық жұмысты жетілдірудің әдістемесі жатыр.

Әрине, қазақстандық партиялар үшін өз назарына алатын нәрселер көп. Бұл мақалада саяси менеджментті зерттеудегі тек кейбір ғана аспектілері көрсетілгенмен, негізінен, Қазақстандағы партиялық ұйымдар қысқа уақыт мерзімінде өздерінің тәжірибесіне саяси менеджменттің негіздерін және стандарттарын енгізгені жөн.

Алайда, қазақстандық саяси жүйесінің, онын ішінде партиялық жүйенің ерекшелігін ескере отырып, келесі мәселелерге тоқталу қажеттілігі туындайды.

Біріншіден, Қазақстандағы партиялық ұйымдарда партия жұмысты жүргізу үшін қазіргі заманғы саяси және ақпараттық технологияларды жетік меңгерген, заман талабына сай білімі бар кадрларды дайындау жүйесі қандай деңгейде қалыптасты. Партиялардың ішінде «Нұр Отан»

Халықтық Демократиялық партиясы жанында Жоғарғы партия мектебі қызмет атқарады, басқа партиялардың жанында бұндай білім беретін орталықтар жоқ. Бұл басқа партиялардың кадрлар жағынан қаншалықты деңгейде озық партияға бәсекелестік құра алатындығының көрсеткіші.

Екіншіден, партиялар ғылыми орталықтармен тығыз жұмыс жасамайды. Жоғарыда көрсетілген саяси менеджменттің теориялық негіздер мен тәжірибеде қолданылатын зерттеулерді партия жұмысында пайдалану үшін ғылыми тәжірибесі бар сарапшылармен және зерттеушілермен өзара қызмет атқару қажет. Қазақстанда бұл мәселеге аса назар аударылу қажет. Сонымен қатар, қабылданған партиялық шешімдер қаншалықты халықтың назарында болуын қадағалайтын, олардың тиімділігіне маркетинг жасайтын, пайда болатын мәселелерге жылдам әрекет жасау үшін құрылған қоғамдық қабылдаулардың жұмысы да осы мәселе төңірегінде жатыр (қоғамдық қабылдаулар тек «Нұр Отан», Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы және «Әділет»

партияларында ғана бар).

Үшіншіден, парламенттік сайлау кезінде партиялар саяси менеджментті жүзеге асырушы саяси технологтарды шет елдерден шақырады (көбінесе Ресей және Украина елдерінен). Мәселенің өзегінде Қазақстанда шетелдік сайлау тәжірибесі және саяси технологиялар елде қалыптасқан діл, салт- дәстүрлер ескерілмей пайдаланады. 2007 жылғы сайлау кампаниясын қарастыратын болсақ, партиялық ұйымдар, әсіресе облыстық партия бөлімшелері «бастамашы» технологтар мен менеджерлерді өз жұмысына тартты. Олар, әрине, партиялық қызметте жаңа креативті шешімдер мен жолдарды қолданды: үгіт-насихаттық жұмыста ерекше стратегиялық «жолдар» пайдаланды, интерактивті сайлау «акцияларды» және шараларды өткізді. Алайда, олар тек өзінің саяси технологияларына жүгінді, сондықтан да жергілікті партия активінің саяси ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндігі болмады. Сонымен қатар, кейбір партиялық бөлімшелерінің сайлау кампаниясы партия идеологиясынан, партиялық менеджменттен алшақ болды.

Жалпы қарастырсақ, көп жағдайда, Қазақстанда партиялардың саяси менеджментік кешені партия көшбасшыларының сайлаушылармен кездесулерді дайындау және өткізумен, үгіт- насихаттық жұмыстың классикалық түрлерін қолданумен шектеледі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 270

(6)

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Routledge Handbook of Political Management by Dennis W. Johnson. – Routledge, 2009. - 656 p.

2. Клочкова М.С. Политический менеджмент. Краткий курс. – Москва: Окей Книга, 2009. - 110 с.

3. Электронды ресурс (Political management. http://en.wikipedia.org/wiki/Political_management) 4. Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңы. – Астана: Елорда. – 2002.

5. Киянский В. Политический менеджмент с акцентом на качество // «Казахстанская правда». 2008, 26 января.

6. Пушкарева Г.В. Политический менеджмент. -2003.

7. Дж.Тернер. Аналитическое конструирование // THESIS, 1994, т.II. – 142 стр.

8. Электронды ресурс (Political management. www.austega.com/florin/)

9. Political management in Canada: conversations on statecraft by Allan Blakeney, Sandford F. Borins. -1998. -293 p.

Referensi

Dokumen terkait

Яғни, жоғары технологиялы қызметтер мен ӛнімдер экспортын бақылау мен жетілдіру және ғылыми-техникалық сала мен ӛндірістің негізгі факторы болып табылатын тікелей шетелдік

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси- экономикалық жаңарулар мен ӛзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар кӛзі болып табылатын халқымыздың рухани ӛмірі мен діни