• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді мамандар: білім сапасы мен сұраныс (әлеуметтанулық талдау)

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді мамандар: білім сапасы мен сұраныс (әлеуметтанулық талдау)"

Copied!
24
0
0

Teks penuh

(1)

ӘОЖ 316. 344.34 :378.2(574) Қолжазба құқында

ТАҒАЕВА СӘУЛЕ БАЗАРБЕКҚЫЗЫ

Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді мамандар:

білім сапасы мен сұраныс (әлеуметтанулық талдау)

22.00.04- әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар мен процестер

әлеуметтану ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының

авторефераты

Қазақстан Республикасы Астана, 2010

(2)

Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекші: әлеуметтану ғылымдарының

докторы, профессор Қ.Ғ.Ғабдуллина Ресми оппоненттер:

Жетекші ұйым:

Диссертацияны қорғау ____ жылдың «___ » _________ сағат __ «23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар» және «22.00.04 - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар мен процестер» мамандығы бойынша ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Д 14.20.03 диссертациялық кеңесінде қорғалады. Мекен-жайы: 010010, Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі 5, № 302 дәрісхана.

Диссертациямен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мына мекен-жай бойынша орналасқан кітапханасында танысуға болады:

010010, Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі 6.

Автореферат ______ жылы «___» __________ таратылды

Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы,

саясаттану ғылымдарының докторы М.Ш.Қалиева

(3)

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаты. Диссертациялық жұмыста жоғары білімді мамандарды даярлау мен олардың отандық еңбек нарығындағы қажеттілікті жақын болашаққа, орта мерзімге және алыс болашаққа болжау саласын дамытудың маңыздылығы талданып, Қазақстандағы жоғары білімді мамандарға деген сұраныс мониторингі әдістемесі және зерттеу нәтижелері бойынша нақты практикалық ұсыныстар жасалынады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанда қолданылып отырған мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдаудың бақылау сандарын орналастыру тәжірибесі аса нәтижелі болмай шыққанын мойындау қажет, оның нақты әдіснамалық базасы мен іріктеу критерийлері, «гранттық»

мамандықтар тізімін құрастырудың әдістемесі жоқ. Егер «мұндай» ұсыныс (ҚР БҒМ «гранттық» мамандықтарының тізімі) пен еңбек нарығындағы түлектерге деген шынайы сұраныстың арақатынасы дерегін назарға алатын болсақ, осы әдістің нәтижесіздігі айқын байқалады, себебі іс жүзінде қазақстандық жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің ең көп дегенде жартысы ғана жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін мамандық бойынша жұмысқа орналасады.

Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы туралы эмпириялық мәліметтерді жинаумен айналысатын мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелерінен тәуелсіз агенттіктердің болмауы - зерттеуді қиындатады. Осының барлығына өтпелі кезең, өтпелі экономика мен онымен қатар жүретін еңбек нарығының қайта құрылуы кінәлі деп айтар едік. Еңбек нарығында сұраныстың өзгеруі мен ұсынысқа нәтижелі ыңғайлану мүмкіндіктері үшін жеткілікті уақыт өтті.

Дегенмен табысты икемделу тек экономикалық, заңгерлік, ІТ және басқа да қызмет көрсету саласының мамандықтарында ғана байқалады. Жоғары оқу орындарында заманауи еңбек нарығымен талап етілмеген мамандықтарға қабылдау әлі де жүріп жатыр, тіпті талап етілетін диплом иелерінің басым бөлігі (заңгерлер мен экономистер) алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді.

Білім беру жүйесі, әсіресе оның бюджет қаражатының есебінен қызмет атқаратын бөлігінің мақсатты атқаратын функциясы бар – ұлттық экономиканың қажетті кәсіби-біліктілік тұрғысынан мамандарға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Бұл аспект Қазақстанның білім берудің үш деңгейлік – бакалавриат, магистратура және Ph.D. (докторантура) жүйесіне ауысу жағдайында да ерекше өзектілікке ие, және қазақстандық еңбек нарығындағы жаңа әлеуметтік топтардың қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Еңбек нарығының жоғары білімді мамандарға деген қажеттіліктері туралы ақпараттар жоғары білім беру мекемелерінің білім беру саясатын қалыптастыруындағы қажетті негізге айналуда. Экономика мен жоғары білім беру жүйесінің өзара үйлесімде дамуы тек кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс күшін алу мүдделерінің есебін жүргізу міндеті болып қана қоймай,

(4)

оқу орнының түлегі үшін кәсіби мансап құру мүмкіндігін және одан кең тұрғыда - өз тағдырын құру мүмкіндігін анықтайды. Мамандарды даярлау және экономика салаларының даму процестерін үйлестіру мүмкіндігін анықтайтын негізгі шарт - еңбек нарығының қажеттіліктерін болжау процесін сауатты ұйымдастыру.

Отандық білім беру жүйесі жоғары оқу орындары студент-мамандарды дайындауды көбейтті. Осылайша, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, жоғары оқу орындарын бітірген студенттердің саны 2000-2005 жылдар аралығында 2 есе артқан (2000-2001 оқу жылы – 64,6 мың адам, 2004-2005 оқу жылы 123,9 мың адам, 2005 – 2006 оқу жылы – 154,2, 2006 – 2007 оқу жылы – 165,6 мың адам, 2007 – 2008 оқу жылы – 178,5 мың адам, 2008-2009 оқу жылы - 196,7 мың адам, 2009- 2010 оқу жылы – 176016 адам) [1].

Еңбек нарығында дипломы бар мамандардың шамадан тыс көбеюі еңбек нарығының қажеттіліктерін ескерусіз жүруде, себебі «нарық бәрін де өзі реттейді» деген қатынас қалыптасқан. Сол себепті мамандарды даярлаудың құрылымы мен көлемінің және жұмыс күшіне деген кәсіби-біліктілік сұраныстың арасындағы сәйкессіздік сандық және сапалық дисбаланс параметрлерін тудыратын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Ал шетелдік әдебиетке талдау жасайтын болсақ, дамыған елдер еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген қажеттілікті жоспарламағанның өзінде, кем дегенде мұндай қажеттілікті болжаумен айналысатын арнайы агенттіктерді құрған. Осыған байланысты еңбек нарығындағы білікті кадрларға деген сұранысты болжау мәселесі қазақстандық жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру жүйесінің өзекті мәселесіне айналуда. Жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қамтамасыз ету мемлекеттік еңбекпен қамту саясатының аса маңызды міндеті болып табылады, бұл мәселені шешудің негізгі механизмдерінің бірі – білім беру институтының еңбек нарығымен өзара әрекеттесуі.

Бұған дейінгі кеңестік тәжірибенің, мәдени ерекшеліктердің болуына байланысты білім беру қызметі нарығының еңбек нарығымен қатынасы мардымсыз болды, халықтың білім алудағы қажеттіліктері еңбек нарығындағы белгілі мамандыққа деген әлеуетті сұранысы факторларымен әлсіз байланысқан. Еңбек нарығы мен білім беру қызметі нарығының өзара әрекеттесу мәселесін шешу өз мақсаттары, кәсібі мен еңбек қызметінің салаларын таңдау мотивациясына ие білім беру қызметтерін тікелей тұтынушы мүдделерін ескермей жүзеге аспайды.

Осыған байланысты кімнің және қай жерге жұмысқа тұрғандығын біліп қана қоймай, ең болмағанда ұлттық экономикаға, жақын арада (3-5 жыл) және орта мерзімдегі (5-12) келешекте қандай мамандар қажет болатындығын білу маңызды.

Жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы, сондай-ақ мамандарды оқытудың нәтижеcі мен оларды даярлаудың сапасы көбіне тек ағымдағы жағдаймен ғана емес, келешекке, орта мерзімдік келешектегі жоспарлармен анықталады. Оқу орындары, білім беру

(5)

қызметтерін ұсына отырып, жұмыс берушілердің талаптарын, аймақтық еңбек нарықтарындағы жұмыспен қамтылу саласындағы жағдайды ескеруі қажет.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Жоғары білімді мамандарды әлеуметтік топ ретінде гуманитарлық ғылымның өкілдері қарастырады. Қазақстандық ғылыми әдебиетте бұл тақырыпты негізінен философтар, педагогтар, тарихшылар, әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушылар зерттейді. Біздің саламызға және диссертация тақырыбына байланысты білім, жоғары білімді мамандар шетелдік, ресей және отандық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Білім жүйесінің, жоғары білімнің өзекті мәселелері ғылыми-техникалық прогреспен байланысты кеңес кезіндегі ресей және отандық ғалымдар– Н.А.

Аитов [2], М.С. Әженов [3], Н.Ж. Асылов, О. Нұсқабаев, Т.Ж. Қалдыбаева [4], Л.Я. Рубина, М.Н. Руткевич, Д. Константиновский , В.Н. Турченко , Ф.Р.

Филлипов, Н.В. Шубкин, В.А. Ядов, Т.Н. Кухтевич ,А.Г. Қалманов, Ж.

Амантаев, М.Ж.Арғынбаев, К.Ж.Жаманбаев, В.П.Соскин, Х.М.Әбжанов [5], Т.К. Қатаев және басқалардың еңбектерінде жоғары білім институтының қалыптасу тарихы, жоғары білім мәселелері және оқу үрдісін жоспарлаудың әр түрлі жағы қарастырылған.

Белгілі шетел ғалымдарының арасында білім институтын және білім саласындағы мәселелерді зерттеген авторлардың арасында Батту Х., Белфилд К., Слоан П. , Фриман Р. сияқты ғалымдарды атап өтуге болады.

Қазіргі ресей ғалымдарының арасында білім саласындағы реформалар, әлеуметтік мобильділікті өз еңбектерінде қарастырған В.Е.Гимпельсон, Р.И Капелюшников, С.Ю Рощин, Н.Е.Тихонова, О.И. Шкаратан, М.А.Карцева, Ю.Андриенко, С. Гуриев, И.Денисова.

Тәуелсіз Қазақстанда білім жүйесінің жаңарту және реформалау мәселелерін зерттейтін бірқатар отандық ғалымдар бар. Қазақстандық ғалымдар білімнің әлеуметтік мәселесін қазіргі Қазақстанның реформалану жағдайында мазмұндауға талпынады. Мысалы, философтар, білімнің теориялық-әдістемелік әдістерін оның ғылыми негіздері тұрғысынан қарастырады. Бұндай сипаттағы жұмыстарға А.Н. Нысанбаевтың, Р.Қ.

Қадыржановтың, А.Г. Косиченконың, Ю.А. Брязгаловтың және З.А.

Мұқашевтың, Е.Е. Бурованың, А.Г. Қарабаеваның және Г.Р. Кириллованың еңбектері жатады. Педагогтар, К.К. Құнантаева және Г.М. Храпченков білімді оқу процесі ретінде қарастырып, оны жетілдіруге өздерінің әдістерін ұсынады. Қазақстандағы білім жүйесіндегі реформаларды тарихшылар да, саясаттанушылар да, және жоғары білім жүйесінің басшылары Е.А.

Мәмбетқазиев, О.С.Сабденов, Т.С.Садықов, Т.А.Қожамкұлов, А.Қ.

Құсайынов және т.б. жазады. Сондай-ақ Қазақстанда жоғары білімге, жоғары білімді мамандарға арналған конференциялардың материалдары мен мақала жинақтары жарық көрді. Соның ішінде отандық ірі әлеуметтанушы Л.Я.

Гуревичтің монографиясында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің құрылуы мен қалыптасуына кеңестік оқыту жүйесі шеңберінде талдау жасалған. Ол Кеңес кезеңінде Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің

(6)

табысты болуының алғышарттары саналатын мемлекет тарапынан жоғары мектеп қызметкерлерін біршама жоғары деңгейде материалдық жағынан қамтамасыз етілуін, мемлекеттің білім беруді қаржыландыруға басым көңіл бөлуін, жоғары оқу орындарында бұрынғының зиялыларының сақталуын атап көрсеткен. Автор кеңестік кезеңнен кейінгі Қазақстанның жоғары мектебінің реформалануына қысқа қайыра талдау жасай келіп, Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі тұтастай алғанда материалдық базасы мен мамандар құрамын сақтай алды, шешімін күтетін күрделі мәселелер болғанымен, табысты дамуы үшін барлық мүмкіндіктері бар деп түйеді [6].

Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ғ. Ғабдуллина жоғары оқу орындарында мамандарды дайындау проблемасына назар аударып, әлеуметтанушы мамандарға арналған алғашқы еңбектердің авторы.

Жоғары білімнің әлеуметтік қолжетімдігі халықтың әр түрлі таптарының әлеуметтік жіктелуі мен әлеуметтік мобильділігімен тікелей байланыстылығын, қазақстандық білім жүйесінің тиімділігін профессор М.С.Садырова өзінің еңбектерінде қарастырған .

Жұмыспен қамтылу саласындағы өзгерістердің гендерлік аспектілері, еңбек нарығындағы гендерлік ерекшеліктердің қайнар көздері, әйелдер еңбегінің әлеуметтік проблемалары зерттеуші Р.Б.Сәрсембаеваның докторлық диссертациясында жан-жақты зерттелген .

Жоғары мектептің қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгерісі факторы ретіндегі мәселесіне терең талдау жасаған белгілі қазақстандық ғалымдар М.С.Әженов, К.Ү.Биекенов пен Ғ.Есім, Е.Р.Раисов өз еңбектерінде қарастырған.

Әлеуметтік институттар мен процестерді зерттеудегі әлеуметтанулық әдіснама мен әдістемені жетілдірген көрнекті әлеуметтанушы ғалымдардың ішінде М.М.Тажин, С.Т.Сейдуманов, З.К.Шаукенова, З.Ж.Жаназарова, Л.Ю.Зайниева мен Ш.Е. Жаманбалаева, Г.О.Әбдікерова , Ж.А.Нұрбекова зор үлес қосты. Мысалы, З.К. Шаукенова адам капиталы сапасының жоғарылауы қазіргі кезеңнің ерекшелігі екенін атап өтіп, бүгінгі таңда білім жетекші ынталандырушы фактор екендігіне назар аударады .

Г.С. Әбдірайымова жастардың кәсіби айқындалу саласындағы құндылық бағыттарының ерекшеліктеріне, білім нарығының дамуы жастардың кәсіби бағдарлануын күрделендіретінін және жастардың мамандықты таңдау процесінде білімнің ролінің беделінің бар екендігін айтады .

Қоғамның әлеуметтік әлсіз топтарына жоғары білімнің қолжетімділігі факторларын Л.Т.Нұрқатова зерттеді.

«Адам капиталын» басқару әлеуметтік мемлекеттің даму шарты екеніндігін, сондай-ақ қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымындағы мемлекеттік қызметкерлерді әлеуметтік- кәсіби топ ретінде қарастырған А.К.Сәдуақасова .

Қазақстандық кәсіпорындарда жас мамандардың адами капиталының дамуын Н.Ө.Шеденова өз еңбектерінде талдаған .

Қазақстандық еңбек нарығындағы жоғары білімді мамандардың нарықтағы сұранысын талдау және болжау мақсатында «Қазақстандық еңбек

(7)

нарығы: жоғары және жоғары білімнен кейінгі мамандардың сұранысын талдау және болжау» тақырыбында, ғалым А.Т.Забированың жетекшілігімен, осы ғылыми жұмыстың авторы да қатысқан ұжымдық жоба жүзеге асырылды.

Білім сапасының қазіргі кездегі көрсеткіштерін бағалау және анықтаумен зерттеуші Қ.А.Мұхамбетова айналысады.

Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді мамандар жатады.

Зерттеу пәні : еңбек нарығындағы жоғары білімді мамандарға сұраныс.

Зерттеудің мақсаты қазақстандық еңбек нарығындағы жоғары білімді мамандарға деген нарықтық сұранысқа талдау жасау және тиісті мониторинг әдістемесін құру.

Диссертациялық зерттеу жұмысының алдына қойған мақсатына сәйкес келесі міндеттері айқындалады:

 Қазақстандағы еңбек нарығы мен жоғары білім беру саласындағы реформалардың өзара байланысын бағалау;

 Жоғары білімді мамандар мен еңбек нарығы арасындағы үйлесім мәселесін болжау жөніндегі шетелдік тәжірибелерге әдіснамалық және әдістемелік талдау жасау;

 Еңбек нарығында сұранысты болжау мүмкіндіктері туралы көзқарастарды талдау;

 Жоғары білімнен кейінгі білім мен екінші жоғары білімнің әлеуметтік статусына баға беру;

 Қазақстан халқының білім және кәсіби әлеуетіне талдау жасау;

 Еңбек нарығындағы қазақстандық жастардың кәсіби бағдарларындағы мақсаттары мен күтулерін эмпириялық зерттеу арқылы анықтау;

 Нарықтық қарым-қатынастардың дамуына байланысты жаңа «нарықтық кәсіптердің» пайда болуы мен оларға деген сұраныстың сәйкестігі мәселесін зерттеу.

 Қазақстанда жастарға кәсіби бағдар беру бағытындағы шараларды саралау;

 Еңбек нарығы мен жоғары білімді мамандарға деген сұраныстың өзара байланыстарын салыстырмалы, жүйелік, құрылымдық функциялық, институттық, статистикалық әдістерді пайдалана отырып зерттеу;

 Қазақстандағы жоғары білімді мамандарға деген сұраныс мониторингі әдістемесін жасау;

 Зерттеу нәтижелері бойынша нақты практикалық ұсыныстар жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы :

1. Қазақстанда жоғары білімді мамандар мен оларға еңбек нарығындағы сұранысты болжау зерттеу объектісі ретінде қазақстандық әлеуметтану ғылымында алғаш рет зерттеліп отыр;

2. Жоғары білімді мамандар және еңбек нарығының оларға сұранысын болжау жөніндегі шетелдік зерттеулерді нарық қарым-қатынасы жағдайындағы қазақстандық болмысқа экстраполяция жасау

(8)

мүмкіндіктері қарастырылып шетелдік тәжірибелерге әдіснамалық және әдістемелік талдау жасау;

3. Жоғары білімді мамандар мен оларға еңбек нарығындағы сұранысты болжаудың алғашқы қазақстандық әдістемесі ұсынылып отыр;

4. Қазақстандық әлеуметтануда алғаш рет «білім қайтарымы» және жоғары білімге қарым-қатынастың кеңестік кезеңдегі стратегиясынан ерекшелігі мәселесінің өзектілігі дәлелденіп, жоғары білім алу стратегиясының өзгеруіне ықпал ететін негізгі факторлар анықталып, сараланды;

5. Қазақстанда жоғары білімнен кейінгі білім мен екінші жоғары білімнің әлеуметтік статусына баға берілді;

6. Нарықтық қарым-қатынастардың дамуына байланысты жаңа

«нарықтық кәсіптердің» пайда болуы мен оларға деген сұраныстың сәйкестігі мәселесін зерттеу.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеуіміздің мәнін ашуға осы мәселе төңірегінде ой-тұжырымдар жасаған шетелдік, ТМД зерттеушілерінің және отандық ғалымдардың еңбектері көп септігін тигізді.

Зерттеудің деректік көздерін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері, БАҚ материалдары, отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері құрайды.

Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысындағы болжамның жалпы жүйесіндегі кәсіби-біліктілік тұрғысынан жоғары білімді мамандарға деген болжамдық интеграцияланған сұраныс әдістемесі берілген. Осының барлығы мамандардың құрамындағы еңбекпен қамтудың салааралық бөлінісінің нәтижесінде негізгі құрылымдық жылжуларды байқау және салалардың шынайы қажеттіліктерін ескеретін жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру жүйесінің даму бағыттарын негіздеу мүмкіндігін береді.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:

 Қазақстандағы еңбек нарығы мен жоғары білімді мамандарға деген сұраныс өзара тығыз байланыста, сондықтан жоғары білімді мамандарға деген сұранысты болжаумен айналысу - аса өзекті мәселе;

 Жоғары білімді мамандар мен еңбек нарығы арасындағы үйлесім мәселесін болжау жөніндегі шетелдік тәжірибелерге әдіснамалық және әдістемелік талдау жасау арқылы шетелдік әдістемелерді қазақстандық болмысқа бейімдеп, ұлттық әдістеме жасау қажет;

 Жоғары білімнен кейінгі білім мен екінші жоғары білімнің әлеуметтік статусына баға беру қазақстандық қоғамдағы дамыған елдерге тән постиндустриялық қоғам элементтерді көрсетіп отыр. Қазақстандық қоғамның жедел дамуы мен оның индустриялық инновациялық бағыттағы саясаты еңбек нарығын болжауды талап етеді. Олай болса, Қазақстан халқының білім және кәсіби әлеуетіне талдау және болжау жасаумен айналысу институттарын дамыту (ресми / тәуелсіз) қажет;

(9)

 Еңбек нарығындағы қазақстандық жастардың кәсіби бағдарларындағы мақсаттары мен күтулеріне нарықтық қарым-қатынастардың интенсивтілігі мен жаһандану процесі ықпал етуде. Нарықтық қарым- қатынастардың дамуына байланысты жаңа «сәнге айналған нарықтық кәсіптердің» пайда болуы мен оларға деген сұраныстың сәйкестігі мәселесі өзекті. Мемлекеттік даму стратегиясына және ел экономикасының даму мүмкіндіктеріне сәйкес жоғары білімді мамандарды даярлауды болжау арқылы жастарға кәсіби бағдар беру бағытындағы іс - шаралар үйлестірілуі тиіс;

Диссертациялық зерттеудің сыннан өтуі мен мақұлдануы.

Диссертациялық жұмыстың негізгі қағидалары мен қорытындылары ғылыми мақалалар мен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды. Зерттеу жұмысының негізгі мәселелері «Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Астана, наурыз, 2010 жыл); «Еуразиялық аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі» (Астана, мамыр, 2010 жыл); «Научно-технический прогресс: техника, технологии, образование» (Ақтөбе, маусым, 2010 жыл);

«Қазақстан еңбек нарығындағы қажетті кәсіптер (контент-талдау нәтижесінде)» (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы, №3 (76), 2010 жыл);

«Жоғарғы білімді жас мамандарға сұраныстың өзгеру факторлары мен ағымдары» (Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет) (№3, 2010 жыл)

«Қазіргі қоғамда жастардың кәсіби өзіндік айқындалуы мен мамандықты таңдау факторлары» (Қазақ Гуманитарлық Заң университеті хабаршысы),

«Философия, әлеуметтану, саясаттану сериясы» (№9, 2010 жыл) баяндалды.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі

Диссертацияның құрылымы мен көлемі алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге байланысты анықталды. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, ғылыми зерттеу деңгейі, теориялық және әдістемелік негіздері, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, қолданылған әдіс-тәсілдер, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар, зерттеу нәтижесінде алынған ғылыми нәтижелер, зерттеудің қолданбалы маңызы, оның сыннан өтуі мен мақұлдануы, құрылымы мен көлемі жөнінде мәліметтер келтірілген.

Диссертацияның «Жоғары білімді мамандарға сұранысты зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші бөлімінде жоғары білімді мамандарға сұранысты зерттеудің теориялық және әдіснамалық мәселелері қарастырылады.

Аталған бөлімнің «Жоғары білімді мамандарға сұранысты болжаудың теориялық- әдіснамалық мәселелері» атты бірінші

(10)

бөлімшесінде жоғары білімді мамандарға сұранысты болжаудың теориялық- әдіснамалық мәселелері қарастырылған. Дамыған батыс елдерінің басым көпшілігінде білім беруге кететін шығындар мемлекеттің перспективалы капитал салымының нысаны ретінде қарастырылып, ұлттық табыстың артуы да оған тәуелді болатынын жаңа индустриялық елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Қазіргі заманғы даму білім беру саласының маңызының артуына байланысты әлемдік даму процесінде мынадай негізгі тенденциялар қалыптасып отыр:

• білім қоғамның тікелей өндіруші күшіне айналған заманауи технологиялар дәуірінде осы білімдерді өндіретін зияткерлерге деген қажеттілік арта түсті;

• жаһандану, халықаралық ынтымақтастық, студенттер алмасу дүниежүзілік ортақ білім беру жүйесінің пайда болып, қалыптасуына әкелді;

• алдыңғы қатарлы елдер – білім беру қызметтерін экспорттаушылар әлемдік шаруашылық саласын – білім беру қызметтері нарығын қалыптастырды. Бұл - ондаған миллиард доллар, қатаң бәсеке, экономика, геосаясат пен ХХІ ғасырдағы басым даму факторы;

• сапа революциясы тауарлар мен қызметтер өндірісінде жұмыс істейтін мамандар қызметінің сапасына жоғары талаптар қоюда, осының нәтижесінде дайындығы әлсіз мамандар бәсекеге шыдамағандар ретінде еңбек нарығынан ығыстырылады.

Сонымен қатар, сұраныс құрылымы мынадай факторлардың ықпалымен едәуір өзгерістерге ұшырайды:

* халыққа және кәсіпорындарға түрлі қызметтерді ұсына отырып еңбек ресурстарының экономика саласындағы өнеркәсіптен, ауыл шаруашылығынан, көліктен және құрылыстан қызмет көрсету саласына қарай орын ауыстыруы;

* ақпараттық технологиялар саласында білімі бар қызметкерлерге қажеттіліктің ұлғаюы;

* экономиканың өндіруші салаларында жұмыс орындарының санын көбейту;

* жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі даярлық жүйесіндегі өзгерістер (бакалавриат, магистратура, Ph.D.(докторантура).

Бұл өзгерістер қазақстандық еңбек нарығында жоғары және жоғары оқу орнына дейінгі білімді мамандардың нарықтық сұранысы мониторингінің ғылыми-негізделген әдістемесін дайындау қажеттігін білдірді.

Еңбек нарығы кез-келген нақты қолданылатын нарық жүйесінің ажырамас және органикалық бөлігі болып табылады. Еңбек нарығы көмегімен үйлесімді бөлінген және тиімді қызмет ететін адам капиталы аймақты және жалпы мемлекеттің тұрақты дамуының негізін құрайды.

Еңбек нарығын болжау халықты жұмыспен қамтуды стратегиялық жоспарлау жүйесінде ерекше маңызы бар. Мемлекеттік және өңірлік билік органдары позитивті әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы мен тактикасын қалыптастыруда, нарықтық қатынастарды жетілдіруде, бюджетті дайындауда, азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыруда,

(11)

тиімді демографиялық саясатта маңызды алғышарт бола отырып болжам жасауда қолданылады.

Атап айтқанда, еңбек нарығы болжамын дайындауда, мынадай құрамдас бөліктерді байланыста қарау керек:

 жұмыс істеп тұрған өндірістер және ол жердегі жұмыс орындары;

 осы жұмыс орындарын болашақта толықтыру;

Қазақстандық еңбек нарығында байқалатын күрделі деформациялар, көбінесе сол немесе өзге жұмысын орындау үшін қажетті болатын қызметкермен алынған біліктілік деңгейі мен кәсіби білімінің сәйкес келмеуімен де байланысты болады. Мұндай сәйкессіздік құбылыстарының бірі жұмыс берушілер тарапынан, әсіресе коммерциялық сектордағы жұмыс беруші тарапынан жоғары білімі бар қызметкерлерге негізсіз жоғары сұранысы болып табылады.

Тоқсаныншы жылдары адамдар екінші жоғары білім алуға талпынды (бұл көбінесе екіншісі біріншімен байланысты болмады), өйткені еңбек нарығының іргелі трансформациясы орын алды. Әлеуметтік- экономикалық, рухани түбегейлі өзгерістер мамандықтардың социализм кезіндегі реестрінің мазмұнын жаңа жағдайға сәйкестендірді. Еңбек нарығының ішкі секторы құрылымындағы орын ауыстыруларды, мамандықтар иерархиясының өзгеруі- еңбек нарығы ядросы, перифериясы туралы қалыптасқан түсініктерді жаңа қарым-қатынастарды сипаттай алмады.

Еңбек нарығының ішкі (фирмалық, ұйымдастырушылық) секторларын қалыптастыруға байланысты екінші жоғары білім алу құбылысына назар аударсақ, «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан Темір жолы» және т.б. типті ірі ұлттық компаниялардың кадрлық саясатын үлгі ретінде алуға болады. Осы компанияларда жеке ірі оқу комбинаттарының болуы ғана емес, сонымен қатар, басқа жоғары білімді қажет ететін компаниялар шеңберінде адам ресурстарының қомақты көлемі бар.

Бұның барлығы, негізінен, мемлекеттің жұмыс берушілер мен жоғарғы оқу орындары арасындағы байланыстың әлсіз екенін көрсетеді. Басқаша айтқанда, бизнес және өндіріс (оның ішінде қызметтер секторы) барынша прагматикалық бағытта, сондықтан ынтамақтастықтан көбінесе отандық жоғары білімнің «өзгермейтін» жүйесіне өтеді, ірі ұлттық компаниялардың қызметкерлерінің шетелде немесе жеке оқу орындарында қайта даярлаудан өтуі туралы деректері бізге қолжетімді емес индикаторлары болады.

Көрсетілген құбылыстар Қазақстанда орын алып отырған жаңа тенденцияға талдау жасаудың маңызын көрсетеді. Ол- лауазымға қабылданған жоғары білімді азаматтың біліктілігіне қосымша талаптар қою.

Өз кезегінде бұл құбылыс Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің өндірісте, бизнесте және әсіресе, қызмет көрсету секторында жаңа технологияларды енгізу үрдістеріне ілесе алмайтындығы туралы сөз болып отыр. Бұның барлығы жоғары оқу орындарына жұмыс беруші тарапынан сенімнің төмендеуін көрсетеді, олай болса жұмыс берушілер мен жоғары оқу орны арасында тұрақты диалог жүргізу, сондай-ақ, жоғары білім беру

(12)

жүйесін жаңартудың жаңа институттық нысандарын жасау қажеттігі мәселесін қояды.

Осыған байланысты, Нидерланды тәжірибесін үлгі ретінде айтуға болады, онда Филипс, Шелл және өзге де ірі концерндер мамандарды дайындауды қаржыландыру туралы шартқа қол қойды. Нидерландының тағы бір тәжірибесі – бірлескен жеке, мысалы, бизнес-мектептерін құру.

Еңбек нарығын болжау проблемасы Франция, Германия, Ұлыбритания, Ресей зерттеулерінде де маңызды орынға ие. Шетелдік және ресей ғылымында және практикада мамандарға сұранысты болжаудың әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз етудің арнайы тәжірибесі жинақталды. Соның ішінде, бұл мәселеге байланысты ерекше орын алатын теориялар: адам капиталы теориясы, скрининг теориясы, еңбек кезектігі теориясы және т.б.

талданды [7].

Теориялық әдістер картасын бірнеше әлеуметтану идеяларымен толықтыруға болады. Біріншіден, барлық жоғарыда аталған теориялар білім берудің құралнамасының қатынасына сүйенді. Білім беру жоғары жалақы төленетін жұмыс орнын табумен байланысты рационалды таңдау арқылы анықталды. Алайда, 60-жылдары әлеуметтік қатынастардың нығаюы идеясына сүйене отырып, Дж. Голдторп аталған қағиданың осал тұстарын көрсетті [8]. Мамандық таңдауға және мансаптық ұстанымға ата-аналар тәжірибесінің ықпалы басым болады. Мәселе мұнда ата-аналарының кәсіби үрдісін жалғастыруды қалау немесе қаламауда емес, индивидке ата-аналары мұра еткен әлеуметтік және мәдени капиталға активтеріне байланысты [9].

Екіншіден, «инструменталистік» немесе «құралдық» әдіс әлеуметтік бедел немесе респектабельді мәртебе түрінде мысал болатын, білім берумен байланысты бірқатар материалдық емес пайда қатарынан қол үзіп алады.

Білім беруге берілген материалдық емес факторларды бағалаудың белгілі бір қиындығы болады. Алайда, абсолютті елемеу қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы емес.

Үшіншіден, ұсынылған теориялар айқын меритократтық бағытта болды және кез-келген актор иеленетін таңдау еркі қағидасын ұстанды [10].

Бірақ, шындығында, теңсіздік пен әлеуметтік айырмашылық орын алады, кейде ол барынша жасырын, жанама түрде болуы мүмкін (Bernstain дәлелді мысалдар келтіреді [11], аталған проблеманы теориялық талдауды Бурдьенің жұмысынан көреміз. Алайда, болжау шынымен де қолданыста болу үшін, алдымен, индивидке қажетті иеленетін нағыз талантты адамдар білім беру қызметтерін пайдалану мүмкіндігін ала алатын әлеуметтік теңсіздік механизмдерін барынша cәйкестендіру қажет.

Бірінші бөлімнің «Жоғары білімді мамандарға сұраныстың мониторингі және болжау жүйесі: шетелдік тәжірибе» атты екінші бөлімшесінде жоғары білімді мамандарға сұранысты болжаудың шет елдердегі тәжірибесіне талдау жасалған. Көптеген мемлекеттердегі шолуға сәйкес, математикалық аппаратқа және күшті статистикалық базаға сүйенетін сандық әдістемені пайдаланады, мұндай модельді АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланды, Скандинавия мемлекеттері,

(13)

Австралия және т.б. мемлекеттер ұстанады. Статистикалық базасы аса мықты емес мемлекеттер (Италия, Испания) негізінен, сапалық әдістемеге сүйенеді.

Көп жағдайда сандық болған кезде де жақсы нәтиже берген жағдайда да сапалық әдістемелер қосымша әдіс ретінде қолданылады.

Қазіргі уақытта мамандарға сұранысты болжау жүйесінде бірнеше жалпы белгілерін ажыратып көрсетуге болады. Біріншіден, бірқатар мемлекеттерде (АҚШ, Франция, Жапония) болжамдарды еңбек министрліктері дайындайды, бұл міндет көп жағдайда тәуелсіз зерттеу ұйымдарына тапсырылады. Мысал ретінде Ұлыбританияны атауға болады, онда болжамды Ворвик университеті жанындағы (Ковентри) зерттеу институты дайындайды.

Нидерландыда болжамды Маастрихт университеті жанындағы зерттеу орталығы дайындайды. Ирландияда еңбекпен қамтамасыз ету жөніндегі болжамды дайындау 1990 жылы құрған Экономикалық және әлеуметтік зерттеулер институтына (ESRI) тапсырылған болатын, осы уақытқа дейін бірнеше жыл бойы макроэкономикалық болжамдар жариялаумен айналысты.

Бірқатар мемлекеттерде еңбек нарығына болжау жасау арасында бәсекелестік бар, бұл олардың сапасын арттыруы керек. Германияда екі ғылыми институт екі тәуелсіз болжамды жасайды, болжам жасаудың көп тәжірибесі жинақталған Канадада үш бәсекелестік жасайтын үлгі әзірленді.

Екіншіден, болжам нәтижелері барлық мүдделі тұлғалар үшін қолжетімді және тұрақты жарияланып отырады, сондай-ақ барлық ниет білдіргендердің барлығы пайдалана алуы үшін Интернетте орналастырылады. Канадада компакт-дисктердегі болжамдар мәліметтері мектептерге де таратылады.

АҚШ-та тиісті сайтта белгілі бір кәсіпке ағымдағы сұраныс туралы және 2014 жылға дейінгі болашағы туралы жан-жақты ақпаратты алуға болады.

Сонымен қатар, біраз штаттардың еңбек министрліктерінің сайтында кәсіпке болашақ сұраныстың аймақтық болжамдарына және оларға біліктілік талаптар жарияланып тұрады.

Үшіншіден, болжаудың сандық көрсеткішіне қосымша ретінде еңбек нарығының сапалық сипаттамалары енгізіледі. Кейінгі уақытта дамыған мемлекеттерде адамдармен қарым-қатынас жасай алу, сандармен жұмыс жасау, міндеттерді шешу үшін ойлана білу және басқа адамдармен жұмыс істей алуы, жеке адам капиталының дамуына жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болу, ақпараттық технологияларды білу (компьютерлік сауаттылық) сияқты жалпы дағдылардың маңыздығы атап көрсетіледі.

Мысалы, Ұлыбританияда, осы сипаттамалардың маңызды деңгейі тұрақты мониторингтерде орын алған.

Соңында, осындай ұқсас болжамдарды құру ұлттық статистика жай- күйіне өте жоғары талаптарды қояды. Көптеген мемлекеттер үшін қалыпты халық санағы және шағын халық санағы мәліметтері, ұлттық статистикалық комитеттерден келіп түсетін жұмыспен қамтуды зерттеу білім беру жүйесі арқылы еңбекті қорғау және білім беру министрліктерінің мәліметтері, еңбек нарығындағы ағындарды бағалау, сондай-ақ білім беру жүйесін пайдаланады.

Халық және жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізу мәліметтері қосымша пайдаланылады.

(14)

Әдістемелерде өзгешеліктердің болуына қарамастан, ортақ жалпы ерекшеліктер де бар. Білім беру инвестициялық стратегия ретінде қабылданады, адамдар жеке қаражаттары мен уақытын неғұрлым пайдалы мамандыққа салып, қайтарымын алуға тырысады. Бұл өте маңызды жағдай немесе жоғарыда көрсетілгендей, осындай ұқсас ұстанымның болмауы нақты болжам жасау мүмкіндігіне күмән келтіреді.

Сонымен, 1960 жылдардан бастап, еңбек нарығындағы болашақ жағдайды болжауға бағытталған мақсатты дамуға қол жеткізуге мүмкіндік беретін пайдасы басым принциптерді ұсынатын сан алуан үлгілер дамыды.

Зерттеудің мақсатына сәйкес назар аударуға тұрарлық әдістің бірі- жұмыс күшіне сұранысты болжау үлгісі (manpower requirement approach), өткен ғасырдың 60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басында қалыптасып және кең тараған әдістің бірі.

Жұмыс күшіне сұранысты болжау моделі (талап етілетін еңбек ресурстары үлгісі ретінде неғұрлым белгілі) классикалық түрде сатылы әрекеттер жиынтығын ұсынуға және кәсіби тұрғыдан еңбек нарығындағы болашақ ұсынысты бағалауға мүмкіндік берді [12]. Осы болжам әдістемесінің негізінде жатқан үш элемент бар. Олар:

1. Зерттелетін секторларда халықты жұмыспен қамтудың жалпы санын бағалау;

2. Еңбек нарығындағы жаңа ойыншыларды бағалау (жаңадан келгендер, сондай-ақ, түрлі себептерге байланысты жұмыстан шығып қалғандар бар).

3. Еңбек нарығында шығындарды бағалау (қайтыс болғандар, зейнеткерлікке шыққандар немесе уақытша қандай да бір себептермен шығып қалғандар).

Осыны негізге ала отырып, ерекше білім деңгейіндегі біліктілігі арқылы болашақ жұмыс күшін қамтамасыз етуді анықтау мақсатында мынадай шараларды жүзеге асыру ұсынылды:

1. Жұмыс күшінің ағымдағы мүшелері арасындағы күтпеген қайғылы оқиғалар нәтижесінде немесе зейнеткерлікке шығуға байланысты осы топты ағымдағы жұмыспен қамтылғандар санынан шығарып тастау;

2. Студенттердің (жоғары оқу орындары және колледждер) контингентін және қазіргі үдерістерді талдауға негізделген болжам кезеңі ішіндегі жаңа қатысушылардың жалпы санын бағалау;

3. Кездейсоқ қайғылы оқиғаларға байланысты жаңа қатысушылардың мүмкін шығын санын бағалау және келесі, яғни екінші қадамда осы контингентті нәтижеден шегеру;

4. Бірінші және үшінші қадам нәтижелерін біріктіру арқылы, белгілі бір кәсіп (немесе экономика секторы) үшін болжам құраймыз.

Алайда, осындай ұқсас әдіс мамандандырылу аясы тар кәсіби салалар үшін ғана жарамды. Көп жағдайда мәселе бұдан күрделірек. Бұл құбылыс кәсіп пен мамандық арасында өзара байланыстың осалдығын/ осал еместігін көрсетеді.

Бұл мәселені шешу үшін қосымша айнымалы шаманы енгізу қажет болды:

(15)

1. Кәсіби топтың жұмыспен қамтылу аясынан еркін шығу масштабтарын бағалау;

2. Өзге кәсіби топ өкілдерінің аталған кәсіп аясына ену масштабтарын бағалау.

Алайда, процестің уақытша, тұрақсыз құбылыс екенін түсіне отырып (соңғы екі айнымалы үлгіні мүлдем басқарылмайтын етеді), шынайы болжам жасау қиын. Сонымен, зерттеушілер көбінесе алғашқы төрт қадамға ғана сүйенеді, бірақ ол жерде де өзгешеліктер бар екенін ескеру керек. Мысалы, екінші қадам студенттер саны негізінде қандай-да мамандық шеңберінде жаңа мүмкін қызметкерлер санын бағалайды. Алайда, университетті бітірген студенттердің барлығы дерлік жұмысқа бірден кірісіп кетпейді, олардың бір бөлігі білімдерін жалғастырады.

Сонымен еуропалық ғалымдар жоғары білімді мамандарға сұраныс пен еңбек нарығының үсынысы арасындағы байланыстың болжамдарын жасайтын әдістемені пайдаланып, 60 жылдардан бастап, тұрақты негізде белсенді әрекетке көшті.

Классикалық үлгідегі сияқты барлық ғылыми орталықтар мен институттар еңбек ресурстарына сұранысты зерттеуге бағытталды.

Кәсіптердің құрылымы агрегацияланған (кәсіби тұрғыда болжамды ұсынатын тек голландиялықтар), көбінесе зерттеушілер экономикалық айнымалы шамалар мен секторлар арасындағы өзара байланыстардың кешенді математикалық сәйкестігін көрсететін эконометриялық үлгілерді ұсынады. Осылайша, экономика секторларының дамуын талдауға және әрбір сектордағы жұмыс берушіге сауал салу нәтижелеріне басты назар аударады.

Сонымен, экономика секторлары бойынша макроэкономикалық болжау осы әдісті қолдану үшін маңызды болып табылады. Үлгі негізінде келгендер/шыққандар арқылы болжау жатыр, бірақ қазір бұл үлгі барынша күрделі жүйені білдіреді. Сонымен, оған қосымша мағыналар, соған сәйкес қосымша қадамдар енгізіледі. Аталған әдіс мамандықтар тұрғысынан (барлығы секторларды бөлшектеу деңгейіне байланысты болады) неғұрлым терең болжауды ұсынады. Мысалы, Ұлыбританияда болжау үлгісі 49 сектор бойынша құрылады. Әрбір сектордағы жұмыспен қамту агрегацияланған кәсіби топтарға және түрлі білім беру топтарына сұранысты талдау арқылы анықталады. Осы әдіс кәсіп пен мамандық арасында тікелей сәйкестіктің бар немесе жоқ екенін анықтауға мүмкіндік береді (секторлар мазмұны жағынан жақын кәсіптерді агрегациялайды). Аталған үлгі жалпы әрбір экономикалық секторда дипломды мамандардың қаншалықты қажет екенін бағалауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, болжам неғұрлым терең және дәл болады.

Диссертациялық жұмыстың «Қазақстан Республикасы еңбек нарығындағы жоғары білімді жас мамандар» атты екінші бөлімінде Қазақстаның еңбек нарығындағы жоғары білімді жас мамандарға сипаттама беріліп, жастардың еңбек нарығында мамандықты таңдауға ықпал ететін факторлар анықталған.

Аталған бөлімнің «Қазақстанның білім және кәсіби- біліктілік әлеуетінің сипаттамасы» атты бірінші бөлімшесінде сандық және сапалық

Referensi

Dokumen terkait

Оқу-зерттеу қызметі - бұл білім беру нәтижесі болып табылатын іс-әрекет ғылыми емес, яғни жаңалық емес, студенттерге білім алудағы зерттеу әдістері мен әдістерін үйретуге, олардың ойлау

Сонымен қатар, әр құзыреттілікке сәйкес келетін білім, қабілеттер мен дағдылар тізіміне талдау жасалды: Құзіреттілік түрі Құзіреттілікті қалыптастырат ын пәндер Білім Икемдік