• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ АЙМАҚТЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ АЙМАҚТЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

419

№ 3 (76) 2010 7. Абдулина р.Ж. особенности формирования социально-исторических общностей в современную эпоху.

// Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата философских наук. - А., 2006. – 23 с.

8. социология: профессия и призвание // интервью с проф. у. Беком.у.Бек. космополитическое сообщество и его враги // Журнал социологии и социальной антропологии. – москва, 2003. – № 1. – с.5-53.

9 .Леонтьев в. Экономические эссе. - москва: Наука, 1991.- с.29.

10.Шкода в. оправдание многообразия (принцип полифонизма в методологии науки). - Харьков, 1990. - с.176.

11.Федотова в.Г. классическое и неклассическое в социальном познании// Журнал «общественные науки и современность. -москва,1992 № 4.- с.50.

12.Философский словарь/ Под ред. и.Т.Фролова и др.-москва: Политиздат, 1981. - с.274.

13. кузнецов в.Н. Немецкая классическая философия второй половины XViii- начала XiX века: учеб.

пособие для ун-тов. -москва: высш.шк.,1989.-с.59-64.

14 рормозер Г.ситуация христианства в эпоху «постмордерна» глазами христианского публициста//

вопросы философии. - 1991. - № 5. - с.85.

Поступила в редакцию 10.12.2010.

Ғ.Ш. аЙтуҒан

ҚазаҚстан РеспубликасынДаҒы кӘсІпкеРлІктІң аЙмаҚтыҚ Даму ЖаҒДаЙы

Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев биылғы халыққа арналған Жолдауында «Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді.Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаң ғыртудың қозғаушы күші болып табы лады.

осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. оны «Бизнестің жол картасы-2020» деп атауды ұсынамын» [1] деп атап көрсеткен болатын.

кәсіпкерлік ерекше қызмет түрі. ол белгілі бір тарихи әлеуметтік ортада пайда болып, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер жүйесінде дамиды. сондықтан, шаруашылықтағы табыс ең жоғарғы әлеуметтік құндылық болғандықтан, қоғамдағы кәсіпкерлік қызметтің беделін қалыптастырмай табысқа жету қиын.

еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ұмтылып жатыр.

елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті, әрі серпінді дамып келе жатқан әлем мемлекеттерінің қатарына қосылуы алдыңғы қатарлы қоғам құрудағы басымдықтардың бірі» [2] деп өз Жолдауында атап өткен болатын. Қазіргі таңда еліміздің барлық саясаты осы бағытта жұмыс істеп жатыр, ал экономиканың, халықтың әл-ауқатының бірден- бір қозғаушы күші – шағын және орта кәсіпкерлік болып келеді. сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және жан-жақты қолдауға қазіргі уақытта үлкен мән беріліп отыр.

кәсіпкерлік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында кәсіпорынның басты қарастыратын жағдай - өндіріс ресурстарын тиімді пайдалану. Өндіріс ресурстарына кәсіпкерлік қабілет және менеджер икемділігі жатады. Қазіргі кездегі менеджментте өндіріс, ақша кірісіне қатысты ресурстар болып: жер, еңбек, капитал, іскерлік, ақпарат жатқызылады.

кәсіпкердің дұрыс және тиімді шешім қабылдауы үшін ең бастысы сенімді ақпараттың болуы.

кәсіпкерлік қызметтік ұйымдастыруда маркетингтік зерттеу бегісіздік деңгейін төмендетеді және нарықты зерттеумен ғана шектелмейді, жаңа тауар идеясын іздеуден бастап, оның тұтынушыға жетуге дейінгі аралығын қамтиды.

мемлекеттің экономикада жүргізіп отырған саясатының арқасында соңғы жылдары Қазақстан республикасы бірқатар әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді. минералды- шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономика үшін болып жатқан дағдарыстарға төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

сондықтан, Президент Н.Ә.Назарбаев 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында Қазақстан экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту қажеттігін атап өтті.

себебі, қазіргі экономиканың даму сипаты мемлекеттік тұрғыдан реттелетін экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген. Шағын кәсіпкерлік нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік деңгейін жоғарылатумен қатар, нарықтағы қажеттіліктің қанағаттануына, тауар түрлерінің көбейіп толуына, жергілікті шикізат ресурстарының дұрыс пайдаланылуына өз ықпалын тигізеді. Шағын кәсіпкерліктің

(2)

420

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

экономикалық және әлеуметтік қызметтерін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы дамытудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға болады. кәсіпкерлік қызметтің өсу қарқынын зерттеу және оны болжау қоғамның қалыпты дамуы үшін өте маңызды.

Қоғамның тепе-теңдікте дамуы барлық аймақтардың үйлесімді дамуымен байланысты.

Бүгінгі таңда ірі мемлекеттік бағдарламалардың ойдағыдай жүзеге асырылуында аймақтардың рөлі артқанын байқаймыз. сол себепті Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, келешек өрлеуі көбінесе оның аймақтарының, облыстарының дамуын басқарумен сипатталады.

Бәсекелестік күресте аяғынан тік тұра алатын, кәзіргі заманға сай кәсіпкерлікті құру Қызылорда облысының экономикасын тұрақты дамуына алып келетін қоғамның негізгі күштерінің бірі болуы қажет.

Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы жетік дамыған аймақтың бірі болуы қажет. егіншілік саласында шағын кәсіпорындар күріш өсіруге, көкөніс, бақша өнімдерін өсіруге, картоп өсіруге дағдыланған. Ал мал шаруашылығына келер болсақ, шағын кәсіпорындар негізінен жылқы өсірумен, түйе өсірумен, қой бағумен және қаракөл шаруашылығымен айналысуда.

соңғы жылдары Қызылорада облысында шағын бизнестің дамуы сандық жағынан артып келеді. кәсіпкерлік субъектілерінің санының өсуі, бәрінен бұрын, шағын кәсіпкерлік сәтті дамуына кәзіргі заман талаптарына сай, қолайлы алғышарттардың бар екенін көрсетеді.

Біріншіден, облыста тұрақты әлеуметтік экономикалық дамудың тенденциясы құрылуда.

екіншіден, толық аяғына дейін бітпегенімен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға жеткілікті дайындалған нормативті заң актілері жасалып, жұмыс жасауда.

Үшіншіден, кәсіпкерлердің қоғамдық құрылысын дамытуға ұйымдық-құқықтық жағдайлар жасалған, және олардың қатысуы шағын бизнесті қолдау саясатын жасап, іске асыруда.

осыған байланысты, «консалтингтік компания ПрЭко Қызылорда» ЖШс Қазалы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қолдауымен «Қызылорда облысының Қазалы ауданында жаңа өндірісті дамыту мүмкіндіктері» атты маркетингтік зерттеу жүргізді. зерттеудің мақсаты Қазалы ауданының бизнес-климатының сараптамасын негіз етіп ала отырып, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына жаңа болашағы мол салаларды анықтау болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында облыстық бюджеттен бөлінген 50,0 млн теңге қаржыны алу үшін аудан кәсіпкерлері тарапынан ет, сүт, балық өнімдерін ұқсату, темір-бетон бұйымдарын шығару, тоқыма, тігін өнімдерін ұқсатып дамыту бағытында 21 жоба облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына және «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жолданды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның бағдарламалары бойынша 2008 ж. Қазалы ауданында 29 400 000 теңгеге 3 жоба несиелендірілген. 2002-2007 жылдар аралығында кәсіпкерлерге 11 жоба бойынша 112 300 000 теңге несие берілген. Бұл облыс бойынша берілген несиелердің 10% құрайды.

елбасының биылғы Жолдауында басым бағыт ретінде агроөнеркәсіп кешенін дамытуды, оның ішінде тауарлы сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыруды нақты міндет етіп, атап өтті [3].

Бүгінгі таңда «рза» АҚ тарапынан жалпы құны 1,2 млрд.теңге құрайтын ет, сүт бағытындағы ірі қара фермасын салу жөніндегі инвестициялық жобасы Үкімет тарапынан қаржыландыру қолдау табуда. Шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру жөніндегі дәйекті жұмысты жалғастыру міндеті мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, ел экономикасын дамытудағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандыру, жұмыссыздықты болдырмау, өндіріс көлемін азайтпау мақсатында аудан бойынша тиісті шаралар қабылданып жұмыстар атқарылуда. осы мақсатта аудан бойынша 64 жергілікті тауар өндіруші және жабдықтаушы кәсіпкерлер, шаруашылық құрылымдарымен әріптестік келісімі жасалынып, меморандумға қол қойылды.

Халықаралық қаржы нарығында қалыптасқан экономикалық дағдарыс жағдайына байланысты бүгінгі таңда әлеуметтік маңызды азық түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан әкімінің өкімімен құрылған «Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру үшін шаралар әзірлеу жөніндегі жұмысшы комиссиясы» тарапынан аудан халқының азық-түлік тауарларына сұранысы мен олардың көлемін анықтау, әлеуметтік маңызды тауарлар бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп аудан орталығындағы сауда орындары мен базарлардағы сауда қатарларындағы халық тұтынатын азық-түлік өнімдері мен тұрмыстық заттардың бағалары бақыланып отыр.

Қазалы ауданында мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мыналарға бағыт алуы тиіс:

- кәсіпкерлердің лизинг қызметтеріне қол жеткізе алуын қамтамассыз ету (жаңа технологиялық

(3)

421

№ 3 (76) 2010 құрал-жабдықтар, өндірістік ғимараттар және т.б.);

- өз бизнесін дұрыс жүргізу үшін кәсіпкерлерді оқытып, дайындайтын орталықтарды ашу;

- бизнес-инкубаторлар ашу;

- консалтингтік және басқа да кәсіпкерлерге қолдау көрсететін орталықтарды дамыту;

- Қазалы ауданының барлық ауылдарында әлеуметтік экономикалық және өндірістік инфрақұрылымдарды дамыту;

- шаруалар шаруашылығын тиімді дамыту үшін оларға қол ұшын беру қажет. Жақсы тұқым беру, кеңес беру, ауылшаруашылық өнімдерін өсіру және мал шаруашылығын дамыту үшін жаңа тәсілдерді үйрету (халықаралық тәжірибе алмастыру аясында), ауылшаруашылық шикізатын өңдеу үшін өндіріске технологиялық қолдау көрсету, көлік байланысын дамыту;

- шағын бизнесті қолбау бағытында жұмыс атқарып отырған жергілікті атқарушы органдар шағын кәсіпорындарға ірі немесе орта кәсіпкерлік субъектілерінен мердігерлік контрактілер алуға көмек көрсетуі қажет, сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында қаржының көбірек бөлінуіне ықпал етулері тиіс.

Шағын кәсіпкерліктің дамуының стратегиялық мақсаты - ең бірінші халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру және қолайлы кооперация мен қосалқы мердігер негізінде өндіріс саласына қызмет көрсету. еліміздің индустриалдық-инновациялық дамуын басымдықпен жүзеге асыру жөніндегі жаңа бес жылдық жоспар іске қосылмақ. Бұл жоспар бизнестік белсенділікті мемлекеттік тұрғыдан қолдау шараларын қарастырады. осыған сәйкес біздің ауданымызда да 2010-2014 жылдары іске асырылатын аймақтық индустриялық- инновациялық картасына ел игілігі үшін қызмет жасайтын жалпы құны 1821,0 млн теңге құрайтын 8 жоба енгізіліп бүгінгі таңда облыстық Үйлестіру кеңесінде қаралуда [4].

кәсіпкерліктің даму жағдайына тоқтала келе, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жезқазған қаласында өткен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» жөніндегі форумда сөйлеген сөзіндегі

«бұл біздің санамызда тек қайырылымдық ретінде ғана қабылданбауы керек, сайып келгенде қоғамды, әлеуметті, экономиканы және экология саласын дамытуға қосқан ерікті үлесі болмақ»

деген сөзімен қорытындылауға болады. кәсіпорындардың жұмысын бәсекелі жағдайда, жаңа технология бойынша жүргізуінде аса маңызды рөлді ақпараттық-коммуникациялық технология атқарады. Ақпараттық-коммуникациялық технология аз шығынмен ақпараттарды жылдамдықпен кеңістікке тарату мүмкіндігін туындатып, өз кезегінде фирмаларға арзан ресурстарды іздеу ығындарын азайтады. Бұл сонымен бірге жергілікті әріптестерді тарту, солар арқылы бәсекелестіктің санын азайту, жергілікті бірлесіп қызмет ету және білім құрылымдарының құрылуына ықпал жасайды. Ақпараттық технология қызмет жүргізу барысында қолайлы жағдй туындатады:

- сыртпен байланыс жүргізуде;

- сырттағы әсерлі білімдердің ықпалы және келісімдердің орнығуына;

- сенімділік қарым-қатынасының орнауына.

Шикізаттық емес секторда жұмыс істейтін отандық кәсіпорындарды кредиттеу көлемін ұлғайту, ал кредит беру құнын төмендету мақсатында оған бюджет ресурстары беріледі. Шағын бизнестегі инновациялық және ғылымды қажет ететін өндірістерді, оның ішінде лизинг бойынша жабдықтар мен технологиялар сатып алу және франчайзингтік қатынастарды кеңінен дамыту үшін жағдайлары жасалады.

Қазіргі таңда кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін шектен тыс салықтар бекітілгендігі атап көрсетіліп жүр. салықтық құжаттарды дайындау уақытты қажет етеді, мұның барлығы кәсіпкерлік қызметті көлеңкелі сектордың дамуына итермелейді.

кәсіпкерлік қызметті реттеуде салықтар екі жақты рөл атқарады:

біріншіден, салықтар мемлекеттің жасалған құнның бөлігін өзіне иеленудің әдісі болып табылса;

екіншіден, салықтар бүкіл халық шаруашылығы деңгейінде кәсіпкерлікті дамытуды реттеудің маңызды құралы болып табылады.

паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1. Қазақстан республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – «Жаңа онжылдық - Жаңа Экономикалық Өрлеу - Қазақстанның Жаңа мүмкіндіктері», 30 қаңтар 2010 жыл.

2. Назарбаев Н.Ә. Бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт, бәсекеге қабілетті Қазақстан / Қазақстан республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 2006 жыл.

3. Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы жаңа өндірістердің даму мүмкіндіктері туралы маркетингтік

Referensi

Dokumen terkait

Білім берудегі Инновация-бұл өзекті проблемалық жағдайды шешуге арналған инновация оқу процесін оңтайландыруды қамтамасыз ету, білім беру сапасын арттыру немесе материалды игерудің

Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтаудағы мектепке дейінгі ұйымның жұмысы тікелей білім беру қызметінде оқу, тәрбие және дамыту міндеттерін шешуде, денсаулық сақтау