• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЮВЕНАЛДЫҚ ЮСТИЦИЯСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЮВЕНАЛДЫҚ ЮСТИЦИЯСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ"

Copied!
8
0
0

Teks penuh

(1)
(2)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттер мен жас ғалымдардың

«Ғылым және білім - 2014»

атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ

IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых

«Наука и образование - 2014»

PROCEEDINGS

of the IX International Scientific Conference for students and young scholars

«Science and education - 2014»

2014 жыл 11 сәуір

Астана

(3)

УДК 001(063) ББК 72

Ғ 96

Ғ 96

«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».

– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.

(қазақша, орысша, ағылшынша).

ISBN 978-9965-31-610-4

Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.

УДК 001(063) ББК 72

ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университеті, 2014

(4)

4855 СЕКЦИЯ 12

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ

12.1 Азаматтық қҧқық. Азаматтық процессуалдық қҧқық. Еңбек қҧқығы

УДК 347.157

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЮВЕНАЛДЫҚ ЮСТИЦИЯСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Байсбай Ақбота Ғаниқызы [email protected]

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей, Казахстан Ғылыми жетекші-аға оқытушы, заңтану магистрі Д.А. Жампеисов

Ювеналды юстиция-құқықтық, соттық және әлеуметтік норма мен институттардың жүйесі, бұл салада балалар мен жасӛспірімдердің құқығын қорғау, кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстарын қарастырып, сараптама жүргізу қызметтері, кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерін алдын алу шаралары, оны түзету, әлеуметтік құқықтық және рухани жағдайын оңалту, жазасын ӛтегеннен кейін құқықтары мен бостандығын ресоциолизациялау болып табылады.

17 наурыз 2003 жылы «Қазахстандағы ювеналдық сот» жобасы тәжірибе сатысынан ӛтті.

2007 жылы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен алғаш рет Астана және Алматы қалаларында кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық соттар құрылды. 4 ақпан 2012 жылы елбасының шешімімен бүкіл Қазақстан Республикасының аймақтарында кәмелет жасқа толмаған балалардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соттар құрылады.

Жалпы Қазақстан Республикасы 1989 жылы 20 қарашада қабылданған «Бала құқықтары туралы» конвенцияны 1994 жылы 8 маусымда ратификациялады. Осыған орай біздің елімізде балалардың құқықтарын реттеу мен қорғауды жүзеге асыратын кӛптеген нормативтік құқықтық актілерді қабылдады. Алайда соның ӛзінде бүгінгі таңда «Бала құқығы» мәселесі әлі күнге ӛз шешімін толық тапқан жоқ. Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабында айтылғандай адам мен азаматтырдың құқықтары мен бостандықтары ең алдымен кәмелетке толмағандарды қамтуы қажет [1]. Себебі жастар еліміздің болашағы және ертеңге деген үмітіміз. Сондықтан да мемлекетіміздің бірінші ұстанатын саяси қағидасы: «Ел болашағы- жастардың қолында». Бұл қағида біздің елімізде де озінің нақты бейнесін тауып, іс жүзінде жүзеге асырылуда.

Қазақстандағы ювенальдық юстицияны қалыптастыруда кӛптеген заңнамалар қабылданғанымен, олқылықтар мен кемшіліктер әлі де болса да бар.Атап айтсам, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жазалау, қорғау және әділ соттылықты жүзеге асыратын барлық процесс Қылмыстық, Қылмыстық процессуалдық, Қылмыстық атқару заңнамаларының ересек азаматтарға қолданатын жалпы ережелері мен процедураларымен жүзеге асырылады;

Ювеналдық заңнамалардың жетілдірілмегендігі; Кейбір аумақтарда мамандандырылған аймақтық соттардың жоқтығы, оның салдарынан істерді қарау мерзімінің созылуы, сонымен қатар қамқорлық органдар ӛкілдері объективтік, материалдық себептермен сот процестеріне қатысуға қала сыртына ұдайы шығу мүмкіндіктерінің шектеулігі және т.б.; Әлеуметтік

(5)

4856

қызметкерлер институтының қалыптаспауы, ол ӛз кезегінде кәмелеттік жасқа толмағандарды жазалау және жауапкершіліктің ерекшелігіне байланысты қажетті деректемелерді жинаумен, сонымен бірге судьяға іс қарауда ӛзге де кӛмектер кӛрсететін жоғары мамандандырылған судья кӛмекшілерін қолдануға жағдай туғызар еді;

Жасӛспірім бойында криминогендік тәртіптің қалыптасуы кӛбінесе қоғамдағы талаптан, психологиялық сипаттан туып жатады. Қоғам жасӛспірімнің болашақта жеке адам болып қалыптасуына тікелей басшылық жасайды. Ӛмірде, теледидардан немесе кинодан кӛргендерін істегендер мен ӛздерін ересектер қатарынан кӛргісі келіп, «ересектеріне» қылмыстық әрекетке барған кәмелетке жасы толмағандардың кӛбеюі де жасырын емес. Дәл осындай кӛргендерін істегендер Шығыс Қазақстан облысы бойынша баршылық. Мәселен, кәмелетке жасы толмағандар қылмыстылығы 2007 жылдың 12 айында криминалды полиция тарапынан қылмыспен ұсталғандар 875-і құрап, аландатушылық туғызса, ал бұл кӛрсеткіш 2008 жылы 1008 қылмысқа ӛскендігін кӛрсетті. Соңғы жылдары қылмыстылықтың криминалды полиция тарапынан ұсталушылығы мен қылмыс жасаушылығы 12,7 пайызға тӛмендегені байқалды.

Десек те, облыстың кейбір аудандарында қылмыстылық бірден ӛскендігін санақ дәлелдеп бергендей. Мысалы, Семей қаласында жасы толмағандар арасындағы қылмыс 2007 жылы 66,7 пайызға жеткен [2].

Ӛскемен қаласы Үлбі аудандық жасы толмағандар ісі жӛніндегі инспекцияда жасӛспірімдердің топтасқан құқық бұзушылығы жиілігімен есепке алынған балалардан кӛрінеді.

Олар топтасып ӛздері құралып балалардан теңге тартып алу, машина әйнектерін шешіп алу, ӛткен-кеткен балаларды себепсіз ұрып-соғумен айналысқан. Бұндай әрекеттер тек 2009 жылы ғана 43 рет орын алып, 14,3% екенін кӛрсетті.

Кәмелетке толмағандар қылмыстылығына қылмыстық-құқықтық тұрғыдан сипаттама бергенде, есте ұстар тағы бір нәрсе - әлеуметтік жағдай.

Отбасылардың ауқатты, ауқаты тӛмен болып бӛлінуіне де жасӛспірім ӛміріне ӛзгешілік енгізіп, оның жетіспеушіліктен қылмысқа баруын қалыптастыруда. Сонымен қатар отбасында баламен қатал қарым-қатынас жасау, яғни ұрып-соғу, балағаттау, ар-намысына тию, тәрбиелеудің қатаң түрлерінің бала ӛміріне кӛп әсерін тигізетінін ескерсек, болашақта оның да осындай тәсілді пайдаланатынын ұстанбасына кепілдік беруге болмайды. Жалпы, тәжірибе кӛрсеткендей, 70 пайыз жарақаттың отбасында істелетінін ойға алсақ, оның барлығы кәмелетке жасы толмағандарға қатысты екен. Міне, осындай жағдайлар да болашақта жасы толмағандардың криминогендік ортаны таңдауына, қылмыстылыққа бой ұруына, қатыгез болуына, қатал мінез қалыптастыруына алып келеді. Шығыс Қазақстан облысында да кәмелетке жасы толмағандарға қатысты істелетін зорлық-зомбылық әрекеттер бір жылда 21 рет тіркелген. Ал жалпы Қазақстан бойынша статистиканы қарасақ:

Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар мәліметі ҚР Генпрокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп беру комитетінің салыстырмалы 2011-2012 жж мәліметттері

Облыстар атауы 2011 (10 ай.)2012 (10 ай.) ӛсу.деңгейі (+), тӛм.деңгейі (-)

Облыстар атауы Қылмыстар саны Ӛсу+

/тӛмендеу деңгейі -

1. Жамбыл 331510 + 54 %

2. Қостанай 358512 + 43 %

(6)

4857

3. Атырау 164219 + 33,5 %

4. Алматы 8281094 + 32,1 %

5. Кызылорда 167218 + 30,5 %

6. Маңғыстау 172223 + 29,6 %

7. Батыс Қазақстан обл 313384 + 22,6%

8. Қарағанды 811981 + 20.9%

9. Ақтӛбе 238279 + 17 %

10. Алматы обл 375415 + 10,6 %

11. Павлодар обл 463492 + 6,2%

12. Оңт.Қазақстан обл 42582 - 9,3%

13. Шығ.Қазақстан обл 715622 - 13%

14. Ақмола обл 365306 - 16%

15. Солт.Қазақстан обл 182143 - 21,4%

16 Астана 686439 - 36%

Қорытынды 68107419 + 8,9 %

Осының ішінде 2013 жылғы статистика бойынша кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыстар кӛбіне ҚРҚылмыстық кодексінің 178,175 бабтары бойыншақылмыстар жасаған[3].Әкімшілік саласы бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 111/2, 114/1 бабтарымен қылмыстар жасаған.[4]

Шығыс Қазақстан Республикасының кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша мамандандырылған №2 аймақтық сотының судьяларымен қаралған істертің жалпы кӛлемі 2013 жыл

6 Азаматтық істерден, барлық түскен арыздар мен істер саны 292 7 Қылмыстық істерден, барлық түскен арыздар мен істер саны 140 8 Әкімшілік істерден, барлық түскен арыздар мен істер саны 615

Осы аталған мәселелер шешімін табу ҥшін, алдымен заңда келесі қҧқықтық идеялар орын табуы тиіс:

1 Кәмелетке толмаған адам немесе азамат сот алдында заң бұзушы ретінде емес, ерекше субъект ретінде қарастырылуы керек.

2 Баланың жеке басының ерекшеліктері мен оның тұрып жатқан аумағын ескеру қажет.

3 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмысты болдырмаудың алдын алу қызметтерін құру.

(7)

4858

4 Сот жүйесінің жанындағы әлеуметтік қызметкерлер арқылы кәмелетке толмағандардың әлеуметтік әл-ауқатын түзету

5 Аз қамтылған және кӛпбалалы отбасында немесе балалар үйінде және интернаттарда тәрбиеленетін балалар мен жасӛспірімдердің тәрбиесіне жіті кӛңіл бӛліп, олармен қарым- қатынаста болып, психологиялық тренингтер жүргізу.

6 Мектептер мен арнайыланған лицейлерде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы баяндалатын арнайы пәнді енгізу. Осы арқылы әрбір жеткіншек ӛз құқықтары мен міндеттерімен таныса отырып, кез келген жағдайда ӛз құқығын қорғай алады.

7 Біріншіден оқу орындарына белгілі бір бағдарламалар енгізіп сәйкесінше мамандандырылған кадрлар дайындау

8 Екіншіден кадрларды тек жоғары профессионалдық жағына ғана емес сонымен қатар педагогикалық, психологиялық характердегі дағдыланған, тәжірибелері жинаған кадрларды тағайындау

9 Үшіншіденювеналдық соттарды қосқанда балалар құқықтарымен арнайы айналысатын барлық институттарды қосатын ювеналдық юстиция жүйесі туралы заң жобасын әзірлеу және заң жобалық жұмыстар жоспарына енгізу:

10 Әрбір құқықтық жағдайда кәмелетке толмағандарға қатысты кӛрсетілген органдардың әрекеттерінің рәсімдерін толық реттеу

11 Бостандықтарын шектеумен байланысты жағдайларда кәмелетке толмағандарды ұстау жағдайларын анықтау

12 Нақты лауазымды тұлғалардың ӛздерінің міндеттерімен функцияларын орындау кезіндегі құқықтары мен бостандықтарын нақтылай кӛрсету

13 «Тұрмысы қолайсыз» кәмелетке толмағандардың санаттарын нақты жіктеу

14 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алумен айналысатын органдардың тізімін келтіру, олардың функцияларын, оған қоса қызмет ету тәртібін нақтылау [5].

15 Тӛртіншіден ювеналдық юстицияның қандай да бір органы жұмысының сапасының статистикалық құрамдас бӛлігі алынып тасталу керек, ӛйткені «жақсы кӛрсеткіштерге» жетуде, мыс: сотқа берілгендер, бас бостандығынан айрылғандар саны және т.б., құқықбұзушылықты жасауға немесе қандай да бір шиеленіс жағдайдың пайда болуына жағдай жасаған нағыз себептерді анықтау назардан тыс қалады, теріс жағдайда мамандандырылған құрылымдарды бӛліп шығару ӛкілеттіктердің формальды бӛліп шығуына әкеп соғады.

16 Бесіншіден, құқық қорғаушыларға жатпайтын құрылымдардың рӛлін арттыру қажет, яғни әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың, психоаналитиктердің, медиаторлардың, кепіл берушілер, педиатр дәрігерлер, ӛйткені кәмелетке толмағандардың психикалық жағдайы маңызды роль атқарады, және алдын алу әдістерімен дұрыс және уақыты әсер ету жазалау тәсілдеріне жүгіндірмеуге жол ашады.

17 Алтыншыдан, балалар мен жасӛспірімдерге психиаторлық кӛмек Қызметі, кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды бастапқы кезеңде алдын алу мақсатымен балаларға әлеуметтік кӛмек қызметін құру

Қорытындылайтын болсам, қазіргі кездегі мемлекетімізде жүргізіліп отырған саясат және Атазаңымыз ӛзінің фундаментальдылығы мен нақтылығын дәлелдеді. Алайда соның ӛзінде кез келген заңнама уақыт талабына сай ӛзгертулер мен жаңартуларға мәжбүр. Сол себепті, біздің заңнамамыз да санамыз да заман ағымына сай жаңарып, ӛзгеріп отыруы тиіс. Ол мақсатта біз халықаралық тәжірибелерге де кӛңіл бӛліп қарауымыз қажет, мысалы, Халықаралық тәжірибелерді қарасақ, Израиль мемлекетінде, «Мен және менің полицейскиім» атты шерулер ӛтеді, ол мектеп алды және бастауыш сыныптарының оқушыларына қоғамдық орындардағы, жолдардағы ережелермен, таныс емес адамдармен сӛйлесу тәртібін үйретіге бағытталған.

(8)

4859

Мұның ӛзі кейбір қылмыстардың тууына септігін тигізер еді.

Ең бастысы, ювеналдық соттың басты мақсаты жасӛспірімдер мен балаларды сонша қатал жазалау емес, керісінше жас жеткіншектердің қайтара ондай қылмыс жасамайтыны түзеу мақсатында тәрбиелеу екенін де ұмытпауымыз керек. Яғни кәмелеттік жасқа толмағандардың әділ соттылығы бұл оларды қоғамнан аластату емес, бұл келесі криминалдық тұлғалардың қалыптасуын болғызбай баланы әлеуметтік оңалту мүмкіндігі. Менің пікірімше Қазақстан республикасындағы балаларды қорғау конвенциясы ювенальдық юстицияға ӛтудің сатылы жүйесінің негізін құрайды. Оның ең бірінші баспалдағы болып табылатыны- Қазақстан Республикасының Конституциясы және бұл жан-жақты аспектілі түрде қарастырылған

«Ювеналды юстиция туралы» заңның қабылдануына ӛз үлесін қосады деген сенімдемін!

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚазақстанРеспубликасыныңконституциясы 1995 ж 30 тамыз 2. Судебно-правовая реформа: Ювенальная юстиция. 2010 ж 3. ҚазақстанРеспубликасыныңқылмыстық кодексы 14.07.1997 ж 4. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексі 30.01. 2001 ж

5. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы ҚазақстанРеспубликасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы

УДК 342.8

ИЗБИРАТЕЛЬНОЕ ПРАВО РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ: СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ И ПУТИ РЕФОРМИРОВАНИЯ

Баташев Виктор Сергеевич [email protected]

Филиал федерального государственного бюджетного образовательного учреждения высшего профессионального образования «Омский государственный педагогический университет» в г.

Таре, Омская область, Российская Федерация

Научный руководитель – Калиновская А.А., к.и.н., профессор

Для развития современной Российской юридической теории весьма актуальна разработка темы избирательного процесса советского времени. Изучение этих вопросов позволяет углубить научные представления о влиянии социально-экономической н политической ситуации на нормативные акты в сфере избирательного законодательства. Эпоха Советской власти была глубоко специфична в отношении как к предшествующему, так и последующему периоду истории нашей страны. С приходом советской власти произошла радикальная смена формы собственности и политического режима, сформировалась политическая система, получившая название авторитарной. В связи с этим избирательный процесс советского периода можно рассматривать как своеобразную модель для исследования избирательной системы авторитарного государства.

Советский период истории России дает исследователям богатый фактический материал для выводов и обобщении о теоретической конструкции избирательного процесса, его определении и критериях выделения стадий данного процесса. Сравнительное изучение избирательного процесса советской эпохи сравнительно с современным ему избирательным процессом государств, не относившихся к авторитарным, позволяет сделать содержательные выводы о влиянии политического режима на процессы демократизации самого института

Referensi

Dokumen terkait

годы число выявленных больных с туберку- лезом органов ды- хания у взрослых Методы выявления флюорографические среди эпидзначимых групп населения Бактериоскопические по обращению