• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қазақстан республикасының адами капиталының даму сапасы мен перспективалары

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Қазақстан республикасының адами капиталының даму сапасы мен перспективалары"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АДАМИ КАПИТАЛЫНЫҢ ДАМУ САПАСЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Г.Ш. Мұхатай

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: [email protected]

«Еліміздің экономикасын модернизациялауда қай мәселені қолға алған жӛн» деген сұрақтың айқын жауабы, әрине, адами капиталды дамыту. Демек, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық модернизациялаудың ӛзекті сұрақтарының бірі де бірегейі – адами капиталдың даму сапасы мен перспективалары.

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.

Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы – тәуелсіз Қазақстанның келесі бір даму белесін айқындап берген бағдарламалық құжат. Ұлт Кӛшбасшысы әрдайым адами капиталды ерекше назарда ұстайды.

Жыл сайынғы жолдауында білім беру ісін назардан тыс қалдырған емес. Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:

жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында білім беру ісін жаңғырту міндетін қойып отыр. Ол негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар: білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу-тәрбие үрдісін жаңғырту, білім беру қызметінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру [1].

Қазіргі білімге қойылып отырған міндеттердің орындалуы да, оқушының білімінің сапасы да білім ошақтарының базасына тікелей байланысты. Облыста соңғы жылдары білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру ошақтарының жаңа құрылысын салу қарқынды жүргізілуде. Бұл адами капиталдың ӛсуіне септігін тигізері сӛзсіз. Білім беруді жаңғырту - адами капиталды дамытудың бір бағыты.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткен он сын-қатердің жетіншісі - Ҥшінші индустриялық революция. Ол туралы Елбасы: «Адамзат Ҥшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол ӛндіріс ұғымының ӛзін ӛзгертеді. Технологиялық жаңалықтарәлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі ӛзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мҥлде өзгеше технологиялық болмыста ӛмір сүріп жатырмыз. Цифрлық және

(2)

нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да кӛптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның ӛзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады. Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз» деген еді ӛз Жолдауында. Елбасы атап кӛрсеткендей, біз жаңа заман үдерісіне тӛтеп беру үшін адами капиталды сапалы дамытуымыз шарт. Адами капиталды жандандыру арқылы еліміз болашаққа нық сеніммен қарайтыны сӛзсіз [2].

Қай заманда болмасын игі дәстүрлер қоғамдық, корпоративтік немесе тұлғалық дамудың қозғаушы күші болып саналады. Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы да күнделікті ӛмірімізге кірігіп кеткені соншалық, ол бүгінгі күні біздің даму жолымыздың ажырамас бір бӛлігіне айналды.

Бүгінде Қазақстанның стратегиялық жолы «экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табуға»

бағытталған. Ӛміріміздің сапасын арттырып, экономика жетістіктеріне қол жеткізу үшін шын мәнінде адами капитал болып табылатын білім берудің маңыздылығы негізгі рӛлге ие. Адами капитал ұғымы – оны жетілдірудің кӛпқырлы әрекеттеріне парасатты, жауапты, бастамашыл қарым-қатынасты және жұмыс нәтижесінің әділ бағаланғанын қажет етеді. Осылайша адами капиталдың сапалы ӛсімі үшін уақыт пен күш салу керек. Осыған орай адами капиталды дамытудың бір бағыты болып табылатын қазақстандық білім беруді жаңғырту үрдісі жалғасуда, Жолдауда оны жүйелі жүзеге асыру бойынша шаралар кӛрсетілген. Бүгінгі жағдайларда білім беруді жаңғырту оның үздіксіздік қағидасын ескеруі керек.

Осы заманғы жағдайлар дегеніміз, қарқынды білім қоғамындағы біздің ӛмір сүру әрекетіміз, ол әбден ойластырылған және қалыптастырылған экономикадан да басым дегенді білдіреді. Мұндай қоғамда қарқынды еңбек және қарқынды капитал экономикасын – жаңа білім ӛнімін ұсынатын, тарататын, беретін ерекше үрдіс – қарқынды білім экономикасы алмастырады. Қарқынды білім экономикасы “ӛмір бойы білім алу”

қағидасын тудырды. Қазіргі замандағы еңбек нарығы үнемі білім алу қажеттігін дәлелдеп отыр. Баға бәсекелестігі жағдайында еңбектің жоғары ӛнімділігі жаңа тиімді технологиялармен ғана қамтамасыз етіліп қоймай, бүгінде жаңа сипатқа ие болған талаптарға жұмысшы біліктілігінің сай келуімен де ӛлшенеді. Осы талаптар үрдісінен шығып, ӛзінің кәсіби біліктілігімен ерекшелене білген жұмысшылар ғана бағалы.

«Адами капиталды қалыптастыратын фактор – білім». Қазақ елінің елордасында ӛткен Еуразия экономикалық қауымдастығының Интеграциялық комитеті жанындағы Білім жӛніндегі кеңесінің 20-шы

(3)

отырысы және академиялық ұтқырлық проблемалар бойынша халықаралық семинарда ЕурАзЭҚ білім министрлері жасаған түйін осындай болған еді.

Қ.Р. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов-та «Адам капиталы дамуының бір жолы – білім» дей келе, еліміздегі адами капиталды жетілдіру мақсатымен Елбасының тапсырмалары бойынша жүзеге асқан бағдарламалардың оңды нәтижелерін ерекше атар кӛрсетті. Қазіргі жаһандық озық заманға сай балабақшалардың кӛптеп салынып жатқанын, Елбасы тапсырмасына орай «Балапан» бағдарламасының жұмыс істеп жатқаны туралы нақты дәйектер келтірді. Соның бірі ретінде мектепке дейінгі ұйымдардың саны 41 пайызға ӛскенін, мектепке дейінгі балаларды қамту кӛрсеткіші 55 пайызға, аймақтарда бұл 90 пайызға жеткенін тілге тиек етті. 2020 жылы республика бойынша бұл жұмыс 100 пайыз орындалатынын да меңзеді. Сол секілді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі де іске қосылып жатқанын, орта білім беру жүйесінде 12 жылдыққа кӛшуге байланысты біраз жұмыстардың атқарылғанын айта келіп, Назарбаев зияткерлік мектептерінің желісі әлемдік үрдіске сай білім берудің жаңа тетіктерін әзірлеп, іске асыруда. Биылдан бастап білім сапасына мемлекеттік бақылау вертикалі енгізілді. Орта және кәсіптік-техникалық білім беру қызметі жергілікті органдардың құзыретінде қалды. Педагог мәртебесін кӛтеруге ерекше кӛңіл бӛлінуде. Адами капитал – инновациялық экономика мен білімді дамытуды айқындайтын факторға айналып отыр. Ендеше, адами капиталдың негізгі факторы білімде жатыр. Соңғы жылдары әлемдік тәжірибе кӛрсеткендей, жоғары білімде жетекші бағыттардың бірі – академиялық ұтқырлықты дамыту, деген Б.Жұмағұлов, ТМД елдерінің арасында Қазақстан бірінші болып мамандарды бакалавр-магистр-доктор PhD жүйесі бойынша үш деңгейлі дайындауға кӛшкеніне, «Болашақ»

бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ӛткен жылдан бері әлемдік үрдісте білім бере бастаған Назарбаев университетінің жетістіктерімен таныстырды. Бұл білім ордасындағы оң қадамдар бірте-бірте отандық ӛзге де жоғары оқу орындарында жүзеге асатынын, студенттердің ішкі және халықаралық академиялық ұтқырлығын мемлекеттік қолдау тетігі енгізілгенін алға тартты. Біздің Болон процесіне енуіміз, соған сай тиісті заңнама қабылдауымыз, ЕурАзЭҚ шеңберінде байланыс орнатуымыз академиялық ұтқырлықты дамытуға жол ашты, деді Бақытжан Тұрсынұлы.

Елдегі адам капиталына ерекше кӛңіл бӛлініп, оның дами түсуі Нұрсұлтан Назарбаевтың кӛрегендігі және кӛтерген бастамаларының мүлтіксіз іске асуы оның пассионарлы тұлға екенін сӛзсіз дәлелдейді [3].

(4)

«Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында адами капиталдың дамуы бұл жоспарды жүзеге асырудағы басты бағыттардың бірі ретінде аталған. 2020 жылға дейін балалардың 100%

мектепке дейінгі біліммен тәрбиелеу кӛзделген, 2 әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне кіруге тиіс, ал ӛмір сүру ұзақтығы 72-ге жетіп, аналардың ӛлімі 2 есеге, балалар арасындағы ӛлім-жітім 3 есеге қысқаруға тиіс, ал жұмыссыздық деңгейі 5%-дан аспайды. Біз қазір дамып келе жатқан қарқынмен Қазақстан аталған кӛрсеткіштерден асып түсетініне сенімдімін», - деген еді премьер-министрдің орынбасары Е.Орынбаев. Қазақстан қазірдің ӛзінде адами даму индексінің (АДИ) кӛрсеткіші жоғары елдердің ішінде 169 елдің ішінде 66-шы орын алады. Е.Орынбаевтың айтуы бойынша, Қазақстан адами капиталдың дамуы жӛнінен алдыңғы қатарда. 2010 жылы адами даму индексі 0,7%-ға тең, бұл АДИ деңгейі жоғары елдердің категориясы.

Адами даму индексі – 1990 жылы БҰҰ ДБ зерттеушілерінің тобы адамзат прогресін интегралды бағалау үшін ұсынған арнайы индекс. Адами капитал - жұмыскердің еңбек ету мүмкіндігін, олардың еңбегінің жемісі болуын, еңбек ӛнімділігі мен сапасын кетеретін білім, біліктіліқ ілім, тәжірибе нысаныңда адамдарға салынатын капитал. Адами капитал заттық (жеке) капиталдан: сатылмауымен, сатылып алынбаушылығымен, тек қана адам капиталы жасаған қызметтер ғана сатылатындығымен дараланады.

Адам капиталын иеленуші оның қожайыны да бола алады. Адам капиталын құру үшін материалдық қаражат жеткіліксіз, осы капиталды иеленушінің еңбегі, сонымен қатар отбасы мен қоғамның рухани және мәдени салымдары қажет.

АДИ-ге үш кӛрсеткіш кіреді: жан басына шаққандағы жалпы ішкі ӛнім, сауаттылық деңгейі және ӛмір сүру ұзақтығы.

Адам капиталына әсер ететін факторлар қатарына білім, институционалды орта, қоғамдық капитал, мәдени орта, еңбек нарығы, ӛмір сүру ұзақтығы, кірістер және тағы басқалары [4].

«Адами капитал» деген ұғым егемендік алғаннан кейін ерекше маңызға ие болды. Тоталитарлық социализм дәуірінде адами капитал туралы мәселеге дәл бүгінгідей кӛңіл бӛлінді деп айта алмаймыз.

Адами капиталдың ел экономикасындағы рӛлін бағалап, оның дамуына тікелей ықпал етіп, кӛп күш жұмсаған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, адами капиталды дамыту, оның ішінде халықты сапалы біліммен қамтамасыз ету - Елбасы саясатының басым бағытына айналды. Мемлекет басшысы «ақылды экономика» құру үшін ең алдымен адами капиталды дамыту қажет екенін бірнеше рет атап ӛтті. Елбасымыз осы мақсатта түбегейлі шешімдер

(5)

қабылдап, әлемдегі озық бастамаларды игеруге барынша қолдау кӛрсетіп келеді.

Республика Президентінің халыққа арналған әр жыл сайынғы Жолдауы ӛзіндік ерекшелікке ие. Мұқият танысып шыққан адам 2012 жылғы

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»

атты 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Кӛшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында осынау тарихи құжаттан да ӛзіндік ӛзгешелік бар екендігін тап басып танитыны даусыз. Бұл Жолдауда кӛбірек назар аударғаны – «Қазақстандағы адами ка- питалдың сапалы ӛсуі» деген тақырып. Осы бір тарихи құжаттағы «Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау» делінген сӛзден туындайтын ойлардың ӛзі қаншама.

Еліміз тәуелсіздік алғалы айтылып келе жатқан мәселенің бірі адам факторы болып табылатындығы сӛзсіз. Ӛйткені мемлекеттің іргетасын қа- лаушы күш болып табылатын әрбір адам сол мемлекеттің баға жетпес капиталы да. Басқасын айтпағанда, біздің жұмыссыздықты еңсеру бағытында жеткен табыстарымыздың ӛзі халықаралық қауымдастықтың назарын ауда- рарлықтай деңгейде. Экономикалық дамудың ӛтпелі кезеңіндегі Қазақстан жағдайында жұмыссыздықтың біршама белең алғаны рас. Бірақ бұл ӛзекті мәселені шешу жолындағы мемлекеттің мақсаткерлікпен жүргізіп жатқан жұмыстары ӛз нәтижесін бере бастаған.

Басқа дамушы мемлекеттерді былай қойғанда, экономикалық жетістіктерге қол жеткізіп отырған алдыңғы қатарлы елдерде де жұмыс- сыздық дерті шешіліп болмаған әлеуметтік кертартпа құбылыс. Белгілі қоғам қайраткері әрі ғалым-журналист У.Қалижановтың келтірген деректеріне қарағанда, бүгінгі таңда Америка Құрама Штаттарында жұмыссыздық 9 пайыз, Англияда 8,2, Ирландияда 12, ал Грекияда 30 пайыз болып отыр. Ал тәуелсіздігін алғанына жиырма жыл толған Қазақстан елінде бұл кӛрсеткіш қазіргі таңда 8 пайыздан 5 пайызға кеміген. Жұмыссыздық пен күресу осы- лай қарқынды түрде жалғасын табатын болса, алдағы жылдарда бұл кӛрсеткіш одан әрман тӛмендей түсуге тиісті екендігін сеніммен айтуға болады.

Жолдаудың жетінші тармағында кӛтерілген «Адами капиталдың сапалы ӛсуі» деген мәселеде Президент білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін алдыңғы қатарға шығарады. Білім мен ғылым ӛзара сабақтас са- лалар болып келгендіктен, бұлардың ішінде айтылған ойлар мен ұсыныстардың біздікі сияқты ғылыми мекемелерге тікелей де, жанама да қатысы барлығы сӛзсіз. Ғылым – мемлекеттің тек рухани ғана емес, зияткерлік те құндылығы. Ӛзінің болашағын, ұлттық қауіпсіздігін

(6)

қамтамасыз еткісі келетін мемлекет қашанда бұндай ӛзекті ахуалдарға жете кӛңіл бӛліп отыруы тиіс.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап ӛткеніндей, бүгінгі таңда білім саласын модернизациялау үдерісі белсенді түрде жүргізілуде. Оқушылар мен студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсарту барысындағы іс-шаралардың бет алысы қарқынды, білім және ғылым саласына қыруар қаржы бӛлінуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2015 жылға дейін студенттер үшін тағы да 93 жатақхана, соның ішінде Астана және Алматы қалаларында екі студенттер қалашығы тұрғызылмақ. Мұндай ұнасымды әлеуметтік мысалдар еліміздегі адам капиталының сапасын ӛсіруге тікелей ықпалын тигізсе керек.

Елбасының лексикалық қорынан орын алған сӛздердің бірі – патриотизм ұғымының мәнісі белгілі, ал «Қазақстандық патриотизм» деген ұғымға қандай түсініктеме беруге болады? Еліміздің қай азаматы да отанын сүйетін патриот болуы керек екендігі белгілі. «Еліміздегі барлық оқу орын- дарында, – дейді Президент, – қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр. Осы- ның бәріне депутаттар мен мемлекеттік қызметтегілер ӛз үлестерін қосулары керек. Мәселені осылай шешу қажет». Егер мәселеге нақтылап келетін болсақ, Қазақстандық патриотизмді нығайту жолындағы шаралардың бірі осы айтылғандар. Ӛйткені патриотизм ұғымы ұлттық қауіпсіздікпен, мемлекеттің мызғымас идеологиясымен астасып жатқан ұғым [5].

Адами капитал – инновациялық экономика мен білімді дамытуды айқындайтын факторға айналып отыр. Елбасы ӛз сӛзінде: «Инновациялық даму – бұл тек жаңа техника-технологияларды пайдалану емес, оны ойлап табу» деген екен. Мемлекеттік қолдау кӛрсете отырып, адами капиталды дамыту арқылы ӛзге алдыңғы қатарлы дамыған елдер сияқты жаһандық заманға сай техника мен технологияларды ойлап тауып, оны жарыққа шығарып, қолданысқа енгізу керек. Адами капиталды дамыту үшін жоғарыда аталған оған әсер етуші факторларына баса назар аударып, нақты кӛрсетілген міндеттерді орындау шарт. Жалпы менің ойымша, адами капиталды дамыту ол жастардың ӛздерінің қолында. Егер жастар ғылым-біліммен айналысып, соған үлкен зейін қойса, ӛз қабілеттерін ашып, оны ары қарай еңбекпен ұштастыра дамытса, міне, сонда ғана адами капиталдың сапасы жоғарлап, еліміз әлемдік сын-қатерлерге тӛтеп беріп, экономикалық ӛсуге қол жеткізе алады.

(7)

Әдебиет:

1. Қ.Р.-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам»

мақаласы. http://www.akorda.kz/

2. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2013 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы.

http://www.inform.kz

3. Сүлеймен Мәмет, «Адами капиталды қалыптастыратын фактор – білім» мақаласы, «Егемен Қазақстан» газеті, 07.10.2011.

http://www.egemen.kz/

4. Сағадиев К.А. «Адами капитал және оның Қазақстандағы ӛсу факторлары» атты баяндамасы. www.sagadiev.com

5. Нұрдәулет Ақыш, «Адами капитал – мемлекет байлығы»

мақаласы, «Президент және халық» газеті, 13 cәуір, 2012. http://pr-hal.kz/.

Referensi

Dokumen terkait

Оқу-зерттеу қызметі - бұл білім беру нәтижесі болып табылатын іс-әрекет ғылыми емес, яғни жаңалық емес, студенттерге білім алудағы зерттеу әдістері мен әдістерін үйретуге, олардың ойлау

Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 арналған мемлекеттік бағдарламасында «әлеуметтік бала күтуші» үй тәрбиешілерін енгізу балалардың қажеттіліктерін