• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

Зукай Ж., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

В данной статье «Международное сотрудничество в сфере образования Республики Казахстан» автор Зукай Ж. отметила особенности международных договоров РК в сфере образования и соответствие нормативных правовых актов РК в этой сфере международным универсальным документам в сфере образования.

Ключевые слова: сотрудничество, международные договоры, нормативные правовые акты в сфере образования

An author of the article «Cooperation of the Republic of Kazakhstan in the sphere of education» Zukai Zhanerke focused on the accordance of the legislation of the education with international universal acts and on the international treaties of the Republic of Kazakhstan in this sphere

Keynotes: cooperation, international treaties, legislation of the education

Кез келген мемлекеттің дамуы нәтижелі болу үшін ол тек экономикалық және саяси тұрғыдан ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық салалары бойынша тұрақты әрі біркелкі дамуы тиіс. Ал қоғамның барлық салалары бір бірімен тығыз астасып жатқанын ескерсек, бір саланың дамуы немесе керісінше тоқырауы басқа салалардың үрдісіне әсер етеді.

Мемлекеттің бүгінгісіне ғана емес, болашағына әсер ететін маңызды салалардың бірі - білім саласы. Себебі біліммен қоғамның қалған кез келген саласы тікелей байланысады. Егер мемлекеттің білім саласы дамыса, білім беру деңгейі жоғары болса, білім беру жүйесі дұрыс әрі жүйелі қызмет атқарса, онда елдің саясатын, экономикасын, медицинасын, ауыл шаруашылығын, өнеркәсібін, қысқасы мемлекеттің болашағын айқындайтын мамандар дайындалады және олар мемлекетті дамытуда негізгі рөл атқарады. Тұрақты дамуды мақсат еткен әр мемлекет білім саласына көп көңіл қояды және бұл мәселеге мемлекетішілік тұрғыдан ғана емес, халықаралық ынтымақтастық тұрғысынан да қарайды. Қазақстан Республикасы да әлемдік өркениетті, дамыған мемлекеттердің қатарына толыққанды қосылу үшін тәуелсіздік алған жылдардан бері білім саласына көңіл аударып келеді және білім жүйесін жетілдіруді, оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді, білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етіп келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті 2007-жылғы 28-ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының отыз басым бағытын көрсеткен, солардың бірі ретінде заман талабына сай, жоғары сапалы, халықаралық стандарттарға сай білім беруді атайды. Онда нақты былай делінген: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз».

Әрине, білім беру жүйесін жетілдіру үшін, білім беруді халықаралық стандарттарға сай ету үшін мемлекет бұл саладағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуі тиіс.

Қазақстан Республикасының білім саласындағы ынтымақтастығын осы саланың құзіретті органы ретінде Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі жүзеге асырады. Бүгінгі күні Қазақстанның шет мемлекеттер және халықаралық

(2)

ұйымдармен жасасқан білім саласына қатысты 60-қа жуық және ғылым саласына қатысты 70-тен астам халықаралық шарты бар [1].

Халықаралық құқық теориясы тұрғысынан алып қарасақ, бұл шарттар халықаралық құқықтың қайнар көздері ретінде саналады, дегенмен, бұл шарттар халықаралық құқықтың әмбебап, көпжақты шарттарынан бастау алатындығын ұмытпауымыз керек.

Сондықтан Қазақтан Республикасының білім саласындағы нақты халықаралық шарттарына тоқталмас бұрын, білім мәселесіне қатысты нормаларды қамтитын, Қазақстан Республикасы қосылған әмбебап шарттарына тоқтала кетуіміз қажет. Жалпы халықаралық құқықта білім саласына қатысты бірнеше жүздеген халықаралық құқықтық актілер бар.

Ол - БҰҰ Бас Ассамблеясы, Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ (ЮНЕСКО), Халықаралық еңбек ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар аясында қабылданған құжаттар.

Олардың ішінде негізгі жетекші орынды сөзсіз 1948-жылғы адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы алады. Декларацияның 26-бабында әркімнің білім алуға құқығы бар екендігі көрсетілген. Және білім беру мынадай міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс екендігі көрсетілген:

1) адамның жеке басының толық кемелденуіне және құқықтары мен негізгі бостандықтарына деген құрметті арттыруға;

2) барлық ұлттар, нәсілдік және діни топтары арасында түсіністік, шыдамдылық пен достық қарым қатынасты орнатуға ықпал етуі;

3) Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қуаттау жолындағы жұмысына ықпал жасап, дем беруі;

ХХ ғасырдың ортасында бекітілген бұл міндеттер ХХІ ғасырда да өз өзектілігін жоймай отыр. Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде өз саясатында жоғарыда аталған міндеттерді шешуге тырысады. Мұны біз Қазақстан 2007-жылы 27-шілдеде қабылдаған «Білім туралы» Заңында білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі ретінде мыналарды атағанынан байқаймыз:

1) білімнің зайырлы, ізгілікті және дамытушы сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, тұлғаның еркін дамуының басымдығы;

2) Адам құқықтары мен бостандықтарын сыйлау;

Білім саласына қатысты нормаларды қамтитын келесі маңызды құжат - 1966-жылы 16-желтоқсанда қабылданған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пакт тұлғаның білім алу құқығына қалған құқықтармен қатар көңіл бөледі.

Пакт адамның білім алу құқығын толық жүзеге асыру үшін қатысушы мемлекеттердің алдына мынадай міндеттерді мойындауды ұсынады:

1) бастауыш білім баршаға бірдей міндетті және тегін болуы тиіс;

2) кәсіптік-техникалық орта біліммен қоса орта білім, қай үлгіде болмасын, керекті шаралар, ішінара, бірте-бірте тегін білім беру жүйесін енгізу шараларын қолдану арқылы ашық және көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс;

3) жоғары білім әркімнің қабілетіне қарай барлық керекті шаралар, ішінара, бірте- бірте тегін білім беру жүйесін енгізу шараларын қолдану арқылы ашық және көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс;

4) қарапайым білім көтермеленіп, бастауыш білім алмаған немесе бастауыш білімнің толық курсын аяқтамағандар үшін үдетіліп оқытылу керек;

5) Барлық сатыдағы мектеп жүйелерін белсенді түрде ұлғайтып, қанағаттанарлықтай стипендия жүйесін тағайындап, білім беру саласындағы қызметкерлердің материалдық жағдайын үнемі жақсартып отыру керек;

Қазақстан Республикасы жоғарыда аталған Халықаралық Пактіні 2005-жылы 21- қарашада ғана ратификациялағанына қарамастан, өзінің 1995-жылы 30-тамызда қабылданған Конституциясында білім алуға қатысты адам құқықтарын мойындап, оларды халықаралық стандарттарға сай етіп бекітуге тырысты. Қазақстан Республикасының

(3)

Конституциясының 30-бабында азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Егер халықаралық құқық бойынша бастауыш білім тегін және міндетті болу керек болса, ҚР Конституциясы бойынша біздің елімізде орта бiлiм алу тегін және мiндеттi. Сонымен бірге, азаматтың мемлекеттiк жоғары оқу орнында конкурстық негiзде тегiн жоғары бiлiм алуға құқығы бар.

Білімге қатысты халықаралық құқықтық нормалар сондай-ақ, 1989-жылғы Бала құқығы туралы Конвенцияда да бар. Бұл Конвенцияның екі бабы баланың білім алу құқығын, сонымен бірге, оның ақыл-ой және дене мүмкіндіктерін, талантын толық көлемде дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған конвенция 1948-жылғы адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы мен 1966-жылы 16-желтоқсанда қабылданған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пактідегі тұлғаның білім алу құқығына қатысты нормаларды одан әрі жетілдіреді. 1989- жылғы Бала құқығы туралы Конвенцияны ратификациялаған мемлекеттер әлемдегі сауатсыздықты жою және ғылыми техникалық жетістіктер мен жаңа оқыту әдістері қол жетімді болу үшін білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандырады және дамытады.

Әрине, білім саласындағы халықаралық көпжақты ынтымақтастық туралы сөз қозғағанда Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ, яғни, ЮНЕСКО аясындағы ынтымақтастыққа көңіл аударылады.

ЮНЕСКО өзінің білім саласындағы қызметінде барлығына және барлық деңгейде және өмір бойы білім беруге шақырады. Себебі, білім адамның тұлға болып қалыптасуына, өсуіне, экономикалық дамуға, әлеуметтік байланыстардың нығаюына маңызды рөл атқарады. Ол - жоғарыда атап өткендей, тұрақты дамудың негізі.

ЮНЕСКО аясында 2000-жылы Дакарда (Сенегал) өткен білім бойынша Бүкіләлемдік Форумда мынадай мақсаттар анықталды:

 кішкентай балаларды өсіріп, тәрбиелеуге қатысты кешенді шаралардың аясын кеңейтіп, жетілдіру;

 тегін және міндетті бастауыш білімді қамтамасыз ету;

 жастар мен үлкендердің білімге қажеттіліктерін қанағаттандандыру;

 үлкендердің сауаттылығын 50% арттыру;

 бастауыш және орта білімде ұл балалар мен қыз балалардың арасындағы айырмашылықты жою;

 білімнің сапасын барлық аспектіде көтеру;

 білім алуды, адамның негізгі құқықтарының бірі ретінде көмектесу;

 білім сапасын оның мазмұны мен әдістерін диверсификациялау жолымен көтеру;

 тәжірибеге, жаңалыққа, басылымдарға және мәліметтер мен жетістіктермен алмасуға көмектесу, сондай-ақ білім саласындағы саясат мәселесі бойынша диалогтың дамуына ат салысу [2];

Өзінің өкілеттігі шегінде ЮНЕСКО білім саласына қатысты әмбебап халықаралық құқықтық құжаттар дайындап, қабылдай алады. Олардың ішінде 1960-жылғы Білім саласындағы кемсітушілікпен күрес туралы Конвенцияны, Оқу курстарын, жоғары білім туралы дипломды, ғылыми дәрежені тану туралы әр аумаққа қатысты Конвенцияларды, 1989-жылғы Техникалық және кәсіби білім туралы Конвенцияны және 1997-жылғы Еуропа аумағындағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы Конвенцияны атауға болады. Лиссабон Конвенциясы деп аталатын соңғы Конвенцияға Қазақстан Республикасы қол қойып, ратификациялаған.

Сонымен қатар, Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ білім саласына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттерге өзінің ұсыныстарын да білдіреді.

Олардың ішінде білім саласындағы кемсітушілікпен күрес туралы 1960-жылғы ұсынысты, 1966-жылғы мұғалімдердің жағдайы туралы ұсынысты, 1976-жылғы үлкендердің білімін дамыту туралы ұсыныстарды атауға болады. 1998-жылы 5-9 қазанда аталған халықаралық ұйым Парижде жоғары білім бойынша Бүкіләлемдік конференция өткізді.

(4)

Бұл конференция жұмысына әлемнің 183 мемлекетінің қатарында Қазақстан Республикасының делегациясы да қатысты.

Конференция жұмысы сапа, басқару және қаржыландыру, халықаралық ынтымақтастық сияқты негізгі төрт тақырыпты талқылаудан тұрды. Сонымен бірге, академиялық мобильділік, жоғары оқу орындарының автономиясы, білім беру сапасы мен дипломды мен біліктілікті тану мәселелеріне көңіл аударылды. Қазіргі заманның жаңа коммуникациялық және ақпараттық технологияларды ескере отырып, кең халықаралық ынтымақтастықты дамыту туралы сөз қозғалды. Конференция соңында қатысушы мемлекеттер «ХХІ ғасыр үшін жоғары білім туралы Бүкіләлемдік декларация» мен

«Жоғары білімді реформалау мен дамытуға бағытталған басым қимылдардың шегін»

қабылдады. 1998-жылы 9 қазанда қабылданған аталған декларацияда әлем елдері ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемдегі жоғары білім берудің даму үрдісін бағалай отырып, жаңа ғасырда білім жетістіктерін көбейтудің негізгі шараларын анықтайды. 1960- жылдан 1995-жыл аралығында әлемдегі студенттердің жалпы саны 13 миллионнан 82 миллионға жеткен. Декларацияда өткен ғасырдың екінші жартысы жоғары білім тарихындағы ең қарқынды даму кезеңі болғандығы айтылған. Білім мазмұнындағы оңды өзгерістерді қамтамасыз ету үшін Декларация білім үрдісін жетілдіруді, оған жаңа жаңалықтарды енгізуді, қазіргі заманғы коммуникациялық және ақпараттық технологияларды пайдаланудан туындайтын жаңа мүмкіндіктерді игеруді міндет етіп қояды. Және осы міндеттерді шешу үшін мемлекеттер деңгейінде, білім мекемелері деңгейінде, халықаралық ұйымдар, соның ішінде ЮНЕСКО шегінде іске асырылуы тиіс шаралар тізімін көрсетеді [3].

Қазақстан Республикасының білім саласындағы халықаралық ынтымақтастығы негізінен мынадай міндеттерді шешеді:

1. Мемлекет үшін білікті кадрларды шет елдерде дайындау. Еуропа елдері, АҚШ, Қытай, Түркия, Ресей сияқты мемлекеттердегі әлемнің озық үлгілі, жоғары сапалы білім беретін университеттерінде мемлекеттік «Болашақ» стипендиясының көмегімен және өз күштерімен көптеген қазақстандық жастар білім алуда.

2. Шет мемлекеттер үшін шетел азаматтарынан ішінен кадрлар дайындау.

Халықаралық білім кеңістігіне толық ену үшін Қазақстанның білім беру жүйесі бәсекеге қабілетті және өз азаматтары үшін ғана емес, шетел азаматтары үшін де қызығушылық туғызатын деңгейде болуы тиіс. Дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметтері бойынша, әлемдік білім рыногының көлемі 50−60 млрд.доллар шамасында. Яғни, Қазақстанның білім беру қызметі де осы рынокқа бейімделсе, ел экономикасына ғана емес, тікелей білім беру саласына да қосымша қаржы көзі болар еді. Бүгінгі күннің өзінде Қазақстанда әлемнің 49 елінен 10 мыңнан астам студент білім алуда.

3. Қазақстандық білімді әлемнің даму тенденцияларымен үйлестіру. Қазақстан сауаттылық деңгейі бойынша 177 мемлекет ішінде 14-ші орын ие. Бізде халықтың 99,5 % оқып, жазып, санай алады. 2009-жылы Қазақстан 129 елдің ішінен білім даму индексі (БДИ) бойынша бірінші орынға ие болды. ЮНЕСКО «Білім даму индексі» статистика Институты төрт көрсеткіштің (бастауыш біліммен барлығын қамту, үлкендердің сауаттылық деңгейі, гендерлік теңдік, бастауыш мектептің соңғы сыныбына дейін оқыған оқушылардың үлесі) арифметикалық орташа мәнімен білім даму индексін анықтайды [1].

Аталған міндеттерді шешу үшін Қазақстан әлемнің көптеген мемлекеттерімен білім саласына қатысты екіжақты шарттар жасасты. Ондай шарттар бүгінгі күні Ұлы Британия, Болгария, Испания, Финляндия сияқты Еуропа елдерімен, Әзербайжан, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Түркменстан, Ресей, Тәжікстан сияқты ТМД елдерімен, Қытаймен және тағы да басқа көптеген әлем елдерімен жасалған.

Қазақстанның білім саласындағы екі жақты шарттары әр мемлекетпен әртүрлі бағытта және әртүрлі мақсатта жасалған. Дегенмен, екі мемлекеттің арасындағы студенттермен, оқытушылармен және ғылым саласындағы мамандармен алмасу және білім саласындағы әдістемелермен, оқулықтармен, оқу бағдарламаларымен алмасуға

(5)

қатысты нормалар олардың көпшілігіне ортақ. Сонымен бірге, мемлекеттер осы салаға қатысты екі жақты шарттар жасасқан кезде көбінесе жалпы білім туралы аттестаттарды, орта кәсіби білім немесе жоғары білім туралы дипломдарды, ғылыми дәрежелерді өзара тануды мақсат етеді. Егер Испания Корольдігі, Грек Республикасы сияқты мемлекеттермен жасалған екі жақты шарттарда нормалар ынтымақтастық туралы жалпы мәселелерді қамтыса (бұл шарттарды жүзеге асыру үшін қосымша бағдарламалар қабылданады), Қытай Халық Республикасымен жасалған шартта нақты нормалар қарастырылған. Яғни, онда бір жылда екі мемлекет өзара алмасатын студенттің саны, мерзімі, оларды қаржыландыру мәселесі, шартты жүзеге асыру үшін екі мемлекет өзара алмасатын делегация саны мен олардың жұмыс істеу мерзімі сияқты мәселелер нақты жазылған. Ал Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен 1993-жылы 28- ақпанда қол қойылған шартының мазмұны басқа мемлекеттермен жасасқан шарттардан басқаша. Бұл осы екі мемлекеттің тарихының, қоғамдық өмірлерінің тым тығыз байланысында, Қазақстан аумағында орыстардың, ал Ресейде қазақтардың үлкен диаспорасының өмірі сүруімен байланысты деп ойлаймыз. Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясының аумағындағы қазақ тілді мектептерді, өз кезегінде Ресей Федерациясы Қазақстанның аумағындағы орыстілді мектептерді оқу және оқу әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етуге, педагогикалық кадрларды дайындауға, біліктілігін жетілдіруге көмектесуге келіскен. Еліміздің Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан сияқты мемлекеттермен білім саласындағы ынтымақтастығы екі жақты ғана емес, сонымен бірге, ТМД елдерінің аясында да іске асырылады.

ТМД елдерінің аясындағы бұл салаға қатысты қабылданған ондаған құжаттар бар.

Солардың ішінде 1997-жылы ТМД құрамындағы сегіз мемлекет қол қойған Біртұтас білім кеңістігін құру бойынша ынтымақтастық туралы Келісімді атауға болады. Бұл Келісім 1997-жылы жасалып, 2000-жылға дейін әрекет еткен ТМД-ның Біртұтас білім кеңістігін құру Концепциясының негізінде жасалған. Концепцияның негізгі идеясы ТМД елдерінің арасындағы білім саласындағы интеграциясы арқылы мәдени ұлтаралық қарым-қатынасты қалыптастырып, дамытуға, азаматтардың ұлттық мәдени құндылықтарға еркін араласуына мүмкіндік жасау болатын. Біртұтас білім кеңістігін құру үшін ТМД аясында қабылданған нормативтік құқықтық актілер ішінде модельдік заңдарға көңіл аударуға болады. Осындай заңдардың көмегі арқылы білім саласындағы заңдар мен нормативтік актілерді бір-бірімен үйлестіру мақсат етіледі. Ондай модельдік заңдардың қатарында «Білім туралы»

модельдік заң, «Үлкендердің білімі туралы» модельдік заң, «Орта жалпы білім туралы»

модельдік заң, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім туралы» модельдік заң бар.

Білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзіндік ерекшелігі, бұл ынтымақтастықты тек қана мемлекеттер ғана емес, сонымен бірге, оқу орындары да жүзеге асырады.

Қазіргі таңда білім мекемелерінің автономдығы қағидасы олардың халықаралық қатынастарға дербес түсе алатындығын және тиісті нормалар білім мекемелерінің мәртебесінде анықтау кезінде енгізіледі. [4] Қазақстан Республикасының 2007-жылы 27- шілдеде қабылдаған «Білім туралы» Заңының 65-бабына сәйкес, қазақстандық білім ұйымдары да өздерінің қызметінің ерекшелігіне сай шетелдік білім ұйымдарымен тікелей қатынас орнатып, шарт жасаса алады. Тек бұл әрекет өкілетті органдармен келісілуі тиіс.

Мәліметтер бойынша қазір 150 қазақстандық білім және ғылым ұйымдары шетелдік әріптестерімен тікелей қатынас жасап отыр.[1] Қазақстандық білім ұйымдары өздерінің шетелдік әріптестерімен қатынас орнату кезінде 2007 жылы 27 желтоқсанында ҚР Білім және ғылым министрі бекіткен «Білім ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырудың Ережелеріне» сүйенеді.

Әрине, бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім саласындағы сыртқы саясаты мен халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыты Болон үрдісіне қосылуға арналып отырғаны сөзсіз. Болон үрдісі деп Еуропа елдерінің 2010-жылға дейін Жоғары

(6)

білімнің еуропалық кеңістігін құру үрдісі аталады. Бұл 1999 жылы Болоньяда (Италия) Болон декларациясына қол қойғаннан бастау алады және онда Еуропа елдерінің ұлттық білім жүйелерін үйлестірудің негізгі мақсаттары анықталған болатын. Қазіргі таңда Қазақстан өзінің жоғары білім жүйесін Болон үрдісіне қатысушы мемлекеттердің білім жүйесімен жақындастыру үшін тұрақты жұмыстар жүргізіп отыр. Қазақстанның еуропалық білім кеңістігіне кіруі - оның әлемдік білім кеңістігіне интеграциясының бір қадамы ғана емес, сонымен бірге, білім берудің қазақстандық рыногының ішкі тұтыну қажеттіліктерінен туындап отырған әрекет. Біртұтас білім кеңістігін құрудың мақсаты қазақстандық жоғары білімнің сапасын көтеру үшін оны халықаралық стандартқа сәйкестендіру және халықаралық қауымдастыққа біртіндеп интеграциялау болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты: www.edu.gov.kz

2. ЮНЕСКО істері бойынша ұлттық комиссия сайты: www.natcom.unesco.kz 3. Д.А. Ягофаров. Правовое регулирование системы образования.- М, 2005.

4. А.Н.Козырин. Международное сотрудничество в сфере образования: к разработке концепции интегрирующего федерального закона об образовании. (Ежегодник российского образовательного законодательства. Том 3. – М, 2008г.)

Referensi

Dokumen terkait

К.Ж.Бұзаубақованың дуальді білім беру бағдарламасының ерекшеліктері болып төмендегілер саналды: - болашақ педагогтың сапалы білім алу үшін өзін-өзі кәсіби іске асыруда теориялық

Үздіксіз білім беру LLL - lifelong learning білім беру жүйесінің бірлігі мен тұтастығымен, өзін-өзі тәрбиелеу үшін жағдай жасаумен және тұлғаның барлық үшінші тарап дамуы үшін жағдай