• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫ"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

1

С. К. Ботбайбекова Астана қ., Қазақстан ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫ

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен ӛз орнын табуы, ӛзінің ұлттық-мемлекетік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалауы тиіс болды. Кептеген шетелдк және отандық сарапшылар бұл міндеттер елдегі күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешілді деп санайды. Н.Назарбаевтың ең жоғары деңгейде тікелей ӛзi орнатқан байланыстар отандық сыртқы саясаттың қалыптасуының маңызды міндеттерін шешуге кӛмектесті.

Қазақстан тарапы еуразиялық одақ жобасын ұсынғанда ТМД елдерінің мүддесіне сай тең құқылы және epкін түрде кооперативтік дамудың үлгісін нақтылап беруге тырысты. Тарихта найзаның ұшымен, білектің күшімен осынау ұлан-ғайыр кеңістікте Атилла, Шыңғыс хан империясы, Әмір Teмір империясы, Алтын Орда, Ресей империясы, КСРО секілді еуразиялық державалар болғаны белгілі. Орыс еуразияшыл дары Батыстануға, яғни атлантизмге қарсы тұрса, екінші жағынан еуразияшылдық идеясын бұрынғыша ықпал етудің идеологиялық құралына айналдырғысы келеді. Осы арада басын ашып алу керек, еуразияшылдық идеясының eкi кезеңі бар. Біріншісі, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савицкий, Г.В.Вернадский дамытқан философиялық ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін - 1990 жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық доктринасын теориядан шынайы болмысқа ұластыруға талпынған ерік-жігерімен байланыстыруға болар. Олай болса, ресейлік «ескі еуразияшылдық» пен қазақстандық «жаңа еуразияшылдыктық» ара-жігін ажыратып алған жӛн шығар. Біріншіден, еуразияшылдық Ресей үшін тарихи тұжырымдама болып қалды. Ал Қазақстан үшін ӛмірлік қажеттілік. Екіншіден, ресейлік еуразияшылдық Батысқа қарсы тұрушылықпен ерекшеленді. Ал қазақстандық еуразияшылдық Батыстан алыстауға емес, кepiciнше, мемлекет аралық деңгейде неғұрлым терең қарым-қатынас орнатуға зор мән беріледі Қазақстанның 2008 жылы қабылдаған

«Еуропаға жол» бағдарламасы осының айғағы. Үшіншіден, Назарбаевтың еуразиялық доктринасы орыстар сияқты тар ауқымдағы идеологиялық сызба емес, кең ауқымдағы халықаралық және ӛркениетаралық байланыстар әдісі. Жабық емес, ашық жүйе, ашық түрдегі ӛркениетік карта болып табылады.

Еуразияшылдық идеясы, еуразия кеңістіктерінде үйлесімді ортаны құру жолдарын іздестіру Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев ӛмірінің ісіне айналды.

Президенттің халықаралық беделінің, саяси еркі мен қуатының арқасында XXI ғасырдың еуразияшылдық қауіпсіздік сәулеті идеялары тиісінше қолданыс тапқан.

1994 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев алғаш рет Еуразиялық Одақты құру бастамасын жария eттi. Ең басында осы идея кӛпшілік тарапынан жаппай қолдауға ие болды деу артық болушы еді. Алайда, уақыт ӛте келе біздің ел де, халықаралық қауымдастық та аталған идеяның орынды екендігін түсінгендей, еуразияшылдық идеясы тәжірибеге енгізілді. Сонымен қатар, жылдар ӛте келе ол саясаткерлер арасында да, қоғамда да кеңінен танымалдыққа ие болды. Еуразияшылдық бастамасының нақты кӛрінісі - ЕурАзЭО.

ЕврАзЭС, ҰҚШҰ, ЫШҰ, Кедендік одақ сынды және тағы басқа мемлекет аралық құрылымдардың қызмет eтyi еуразиялық идеяның нақты жүзеге асырылуының кӛрінісі болып табылады. Бүгінгі күні әлемде, атап айтқанда Азияда орын алған соғыстар тек Азияның ғана ӛзекті мәселелері емес, олар - ғаламдық сипаттағы ӛзекті қауіптер болып табылады. Әлемдік қауымдастық осы қауіптермен күресудің тиімді ic-шараларын әзірлемегендігін атап ӛту керек.

Республиканы тәуелсіз мемлекет етіп бекіту, ішкі мәселелерді реттеу мүмкіндігіне ие болу үшін, оның әлемде ӛз орнын табуы, бүкіл әлем таныған ел болуы талап етіледі. Сонымен қатар, Еуропа мен Азияның тоғысында қалған Қазақстан алып географиялық орталықтардың әсерін де бастан кешуде. Сондай-ақ бұл жағдайдың ӛзi қуатты стратегиялық артықшылықтар да береді.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан кең қауымдастықтың толық құқылы мүшесіне айналды. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-ға қабылданды. 1993 жылы қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Ә.Назарбаевтың баяндамасы демократиялық мемлекет құрылысына халықаралық қолдау және кӛмек кӛрсетуге, нарық қағидаларына оның экономикалық базасының жаңаруы мәселелеріне арналды. Сонымен қатар ол БҰҰ қызметін белсендіру мәселелері бойынша да қажетті ойларын

(2)

2

айтты. 1997 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 52 сессиясында «БҰҰ ұсынатын үйлестіру және гуманитарлық кӛмекті, табиғи апаттарда ұсынылатын арнайы кӛмектерді қоса алғандағы жеке елдер мен аймақтарға арнайы экономикалық кӛмекті нығайту» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы бастамасы

бойынша және әлемнің 40 елінің қолдауымен Семей аймағының экологиясы мен экономикалық дамуына арналған халықаралық ынтымақтастық пен резолюция қабылданды.

Н.Ә.Назарбаев алдын кеңінен шолып, халықаралық ӛмірдің негізгі мегатрендтерің практикалық саясатында ecкepiп, ұрымтал сәттердің ӛзіне тән сезімталдықпен байқап отырады.

Кейбір бұрынғы кеңестік кӛшбасшылар біздің Президенттің 1994 жылғы наурыздың 29-ында ММУ-да сӛйлеген кезіндегі айтқан еуразиялық бастамасын дер кезінде ұғынып, бағамдай алмады.

Алайда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастардың одан кейінгі бүкіл даму қисыны еуразиялық идеяның ӛміршеңдігін қуаттады.

2000 жылғы қазанның 10-ында Қазақстан, Ресей, Беларус, Қырғызстан және Тәжікстан Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты (ЕурАзЭҚ) құрды, ол бүгінгі таңда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең табысты және тиімді ықпалдастық жобалардың бipi болып табылады.

Н.Ә.Назарбаевтың беделі мен ықпалының арқасында Қазақстан еуразиялық ықпалдастықтың локомотивтерінің біpiнe айналды. Ресейдің сарапшылардың атап кӛрсетуінше, Қазақстан қaзipгi кезде Ресейдің тең дәрежедегі стратегиялық әріптесі болып қана қоймай, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі оның табиғи бәсекелесі болып отыр. Сонымен қатар мамандар ЕурАзЭҚ бойынша әріптестерімен біpгe, Қазақстан ГУАМ елдері - Грузиямен, Украйнамен, Әзірбайжанмен және Молдовамен қатынастарды ойдағыдай дамытуда.

ҚР-ның бұл жолдағы маңызды жеңісі әзірге Ресей, Беларус және Қазақстан кіріп отырған Кеден одағының құрылуы болып табылады. 2010 жылдың басында бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. Үш елді бірыңғай кеден аумағына бipiктірген нағыз одақ жақында ғана шындап жұмыс істей бастады. «Әртүрлі күрделі жағдайларға қарамастан, бiз ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне шықтық - деп мәлімдеді жақында РФ Президенті Дмитрий Медведев - Бұл аса күрделі келіссӛздердің нәтижесінде туған ӛте маңызды, кӛптен күткен оқиға болды».

Нұрсұлтан Назарбаев кӛп полярлы әлемге кәміг сенген жақтаушы. 1992 жылдың ӛзінде ӛзінің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасу және даму стратегиясы» деген еңбеінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық қауіпсіздігін құруға ұмтылады деп айқын мәлімдеген болатын. Аймақтың және жапандың қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ЕҚЫҰ маңызды рӛл атқаруы тиіс, оның әлеуеті әлі де түгесілген жоқ. Ішкі және сыртқы саясат саласында елеулі табыстарға қол жеткізген Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға ұсынары да жеткілікті, сондықтан да біздің еліміз осы беделді Ұйымға тӛрағалыққа ӛзінің кандидатурасын ұсынды. Бүгінде бұл тӛрағалық нақты шындыққа айналғаны белгілі. Ол жӛніндегі шешім Қазақстанның демократиялық қоғам және ырықтандырылған нарықтық экономика құрудағы нақты жетістіктерін тану болып табылады.

Нұрсұлтан Назарбаев республиканың 2010 жылы ЕҚЫҰ терағасы лауазымына сайлануы Батыс пен бұрынғы Кеңес Одағы елдері арасындағы ӛзара қарым-қатынастардағы бетбұрысты алғашқы қадам болып табылады деп санайды.

Казақстан жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау режімін нығайтуға да елеулі үлес қосты. КСРО тарағаннан кейін Қазақстанның иелігінде әлемдегі тӛртінші әскери ядролық арсенал қалды. Н.Назарбаевтың қажымас жігерінің арқасында Қазақстан ядролық қарусыздану жолына epiкті түрде және белсенді қосылды. 1991 жылғы тамыздығ 29-ының ӛзінде Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойылды, ал 1992 жылы біз Лиссабон хаттамасын ратификациялап, ядролық қаруы жоқ ел ретінде ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға міндеттендік.

1993 жылғы желтоқсанның 13-інде Қазақстан Ядролық қаруды таратпау шартын ратификациялады, ал 1994 жылғы ақпанныц 14-інде МАГАТЭ мүшесі болды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 1997 жылғы қазандағы «2030 жылға дейінгі дамыту стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауы

3. 2010 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы

4. Назарбаев Н.А. Казахстан - 2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана. - Алматы: «Жеті жарғы», 2005. - 114 6.

(3)

3

5. Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. - Алматы: Ӛнер, 1996. - 228 б.

6. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости. - Алматы: Казахстан, 1996. - 624 б.

7. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. - Алматы: Атамұра, 2003. - 240 б.

8. Назарбаев Н. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. - 296 б.

Referensi

Dokumen terkait

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті Факультет: АТжБ, кафедра: Э және М, мамандық: