• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК (129-БАП) ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ (184-БАП) КОДЕКСТЕРІНЕ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖАСАЛЫНҒАН ӚЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР БОЙЫНША ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК (129-БАП) ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ (184-БАП) КОДЕКСТЕРІНЕ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖАСАЛЫНҒАН ӚЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР БОЙЫНША ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

Молдахметова П.Т., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, студенті

www.enu.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК (129-БАП) ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ (184-БАП) КОДЕКСТЕРІНЕ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК

МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖАСАЛЫНҒАН ӚЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР БОЙЫНША ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

В статье обсуждаются внесенные изменения и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам интеллектуальной собственности. Автор обращает внимание на имеющиеся пробелы в законодательстве по рассматриваемой теме.

Ключевые слова: интеллектуальная собственность, кодекс, законодательные акты, авторское право.

This article discusses the changes and additions to some legislative acts of the Republic of Kazakhstan on Intellectual Property. The theme is very relevant.

The article also drawn attention to some gaps and shortcomings in the above codes of RK.

Keynotes: intellectual property, legislative acts, relevant, codes

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 537-IV Заңы 2012 жылдың 31 қаңтарында күшіне енді. Мен аталған ғылыми жобамда зияткерлік меншікке байланысты өзгерістер мен толықтырулардың 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексi мен 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiндегі сәйкесінше 129-ші және 184- баптарында орын алуын баяндағым келеді. Аталған өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі қарапайым халықты бей-жай қалдырған жоқ.

Бұның барлығы КазНет, яғни Қазақстан Республикасындағы интернеттің дамуын тежеуі мүмкін деген жорамалдардың бар болуы өкінішті жағдай.

2011 жылдың 17 мамырында Алматының Holiday In отелінде «Ақпараттық ортадағы авторлық құқықтың қорғалуы» тақырыбында жиналыс жүргізілді.

Бұл жиналыс Қазақстандағы компьютерлік қарақшылықтың даму мәселелеріне арналған болатын. Компьютерлік қарақшылық елдегі IT- индустрияның дамуын тежейтін, сонымен бірге аталған саладағы адал бәсекелістіктің болуына кедергі келтіреді. Жиналыстың ұйымдастырушылары Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік жөніндегі

(2)

комитеті, «Майкрософт Қазақстан» ЖШС, «Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» ОЮЛ болды. Жиынның қорытынды шешімі болып Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншікті қорғайтын заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынысы жарияланды. Ал енді осы ұсыныстардың қабылданып, заңнамаға айтарлықтай өзгерістердің енгізілгеніне бәріміз куә болдық. Бұл өзгерістер мен толықтырулардың халыққа тигізген әсері қандай, бұл өзгерістердің тек формальды түрде ғана емес, сонымен қатар іс жүзінде де дұрыс жасай алады ма, өзгерістердің енгізілуімен қатар келген кейбір мемлекеттік органдардың қызметінде қандай өзгерістер болады деген сұрақтар бәрімізді мазалап келеді.

Ал енді осы өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға кіріссек.

Біріншіден, «Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі қазақстандық ассоцияның» президенті Виктор Лосевтың пікірінше, қазақстандық сайттардың 90 пайызы қарақшылық контектке ие болып табылады. Жоғарыда аталған заңнамаларда айтарлықтай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін Қазнеттегі ең көп пайдаланылатын, видеоны онлайн қарауға мүмкіндік беретін 3-4 торрент сайттар мүлдем өз қызметін көрсетуден бас тартып, жабылып қалған. Қазнеттің ірі видеопорталдарының бірі www.kiwi.kz-??? ????????? ????? ?????????

пікірінше, интернет – білімнің ірі базасы, демек, егер де адамдардан оқу, көру, тыңдау, көру сияқты мүмкіндіктерді айыратын болса, адамның сана- сезімі, әрі қарай дамуы тежеледі. Сонымен бірге, егер де бұндай ірі сайттар жабылып қалатын болса, Қазнет, яғни қазақстандық интернет мүлдем пайдаланылмай, қолданыстан шығып кетуі мүмкін. Ал Қазақстан Республикасы ақпараттық технологиясы қарқынды дамыған, жаһандануға бет бұрған мемлекеттердің бірі болуы керек болғандықтан, басқа мемлекеттер көшінен қалып қойып, ғаламторды пайдаланудан белгілі бір мөлшерде бас тартартын болсақ, халықтың сана-сезімі белгілі бір мөлшерде төмендеуі мүмкін деп есептеймін.

Екіншіден, заңнамада енгізілген өзгерістерге сәйкес, авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналарын елеулi мөлшерде жасалған сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, 500-ден 700 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға 180 сағаттан 240 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 1 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.[1] Ал Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес, интернет желiсiнде пайдалануды қоспағанда, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет

(3)

белгiлерi болмаса, –авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң 10- нан 15-ке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға – 20-дан 30-ға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға 100-ден 150-ге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. [2] Демек, жай ғана қарапайым мысал келтіруге болады.

Кез келген көшеде, кез келген ауданда қарақшылық әдісімен жазып алынған видеодисктер мен аудиодисктерді сатып тұрған адамдарды көруге болады.

Ал бұның барлығы заңға қайшы әрекеттер екені бәрімізге де аян. Ондай сатушылардың құқыққа қайшы әрекетке баруы өзінің күнделікті күнкөріс тиын-тебенін, нанын табуға бағытталғаны түсінікті. Әрине, бұл сатушылардың әрекетері заңға қайшы, бірақ оларды қадағалап жатқан кім бар? Заң қабылданды, халыққа түсіндірілді, бірақ ондай сатушылар, тіпті, тығылмай-ақ қала орталықтарының, ірі сауда үйлерінің ішінде өз саудасын жасап тұрады. «Қазақтың қарапайым халқы сол қарақшылық видеодисктер мен аудиодисктерді сатып алып жатады, себебі халықтың құқықтық сана- сезімі төмен, құқықтық мәдениеті дұрыс дамымаған», - деседі жоғарыда отырған шенеуліктеріміз. Ал менің ойымша, халықтың бұндай іс-әрекетке баруы құқықтық сана-сезіміне немесе отандық шоу-бизнес алыптарын құрметтемеуден емес, өз ақшасын үнемдеуінде, өмірінің басқа да материалдық және физикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға өз қаражатын үнемдеуінде деп есептеймін. Мысалы, Францияда бізге енді енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар бұрыннан бері қызмет етіп келеді. Олардың халқы қарақшылық жолымен жазылған дисктерді мүмкін пайдаланбайтын шығар, ал енді біздің еліміздегі жағдайды қарайық. «2012- 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның 9-бабына сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері 17 439 теңге, ал айлық есептік көрсеткіш 1 618 теңге (жоғарыда аталған заңға сәйкес, егер құқыққа қайшы әрекет жасасаңыз, сізге 16 180 теңгеден1 132 600 теңгеге дейін айыппұл салынады).

[5] Ал дүкендердегі лицензияланған дисктердің бағасы ең төмен дегенде екі мың теңгені құрайды, ал кейбір ойын дискілері немесе видеодисктер жеті- сегіз мың теңгеге дейін бағаланады. Сонда, қарапайым халық бір ай бойы жиған-терген ақшасын үш-төрт диск алуға жұмсауы керек пе?!

Үшіншіден, заңда мынадай сөйлем бар. Интернет желiсiнде пайдалануды қоспағанда, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, , егер бұл iс- әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, – авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға – жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды

(4)

тұлғаларға бiр жүзден бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. [2]Мысалы, мен өзімнің қаражатыма сатып алынған компьютер арқылы кішкентай сіңліме қазақтың ұлттық ойындарын үйретіп, түсіндіру үшін интернеттен бір видео жүктеп алдым делік. Мен бұл видеороликті заңнамада баяндалғандай авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу үшін емес, қарапайым жеке мүддем үшін ғана көшіріп алдым. Ал осы әрекетім үшін олар меннен өз қаражатыма сатып алынған, өзімнің жеке меншігім болып табылатын компьютерімнің процессоры мен модемін тәркілеп алуы тиіс. ҚР Қылмыстық кодексінің 51-бабына сәйкес, мүлікті тәркілеу сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін және пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленеді. [1] Ал менің бұл әрекетті жасауымда пайдакүнемдік ниетім мүлдем болған жоқ, мен бұл видеороликті ешкімге таратуға, сатуға, авторлығын иеленіп алуына еш әрекет жасамадым. Онда неліктен, менің жеке меншігім болып табылатын компьютеріме мемлекет қол сұғуы тиіс?

Төртіншіден, заңда көзделгендей, құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркiленеді. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының ірі интернет провайдерінің мәлімдеуінше, абоненттер туралы мәліметтер (оның ішінде IP-адрестер) тек қана абоненттердің келісімімен, сонымен бірге

«Жедел іздестіру қызметі туралы» ҚР заңында көзделген жағдайларда ғана беріледі. Демек, уәкілетті органдар абоненттер туралы мәліметтерді прокурордың санкциясы, тергеу органдарының қылмыстық іс қозғау туралы қаулысы арқылы немесе соттың қаулысы арқылы ала алады. Ал егер де мен өз үйімдегі локальды желі арқылы емес, ірі ойын-сауық орталықтарындағы wi-fi желісі арқылы интернетке кіріп, әндер мен видеороликтерді жүктейтін болсам ше? Сонда, бір ғана wi-fi желісі орнатылған жерде қаншама адам интернетке қосылады, олардың не жүктеп, қандай сайттарға қосылғанын кім бақылап отырады?

Бесіншіден, Қазақстан Республикасының Парламентінің мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов осы өзгертілер мен толықтыруларға өзінше түсінік беріп өткен. Оның пайымдауынша «егер де жеке тұлға интернеттен ақпаратты жүктеп алып, оның авторлық құқық арқылы қорғалғанын білмесе, яғни оның сол ақпаратты таратуға деген ойы болмаса, онда ол заң бойынша жауакершілікке тартылмауы тиіс». [4] «Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» деген сөз қайда қалады сонда?

Алтыншыдан, аталған құқық бұзушылықтар болған кезде оның барлығын бақылап отыратын кім? Бақылап отыратын үш ведомстволық, яғни ҚР Әділет минитсрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі және Қаржы полициясы деген мәліметтерді оқыдық. [6] Бірақ, әрбір үйде, әрбір мекемеде ғаламтор арқылы әлемдік жүйеге кіріп, кімнің нені жүктеп, нені көріп жатқандығын бұл органдардың қандай бөлімшелері қарастырады? Бұның бәрі жауабын әлі де таба алмаған сұрақтар.

(5)

Ал енді сөзімді қорытындылай келе жоғарыда аталған мәселелердің шешілуіне ұсыныстар беріп өтсем. Әрине, далада қарақшылық диск сатып тұратын сатушылардың санын жою керек, себебі авторлардың өз құқықтарын қорғауын біз шектей алмаймыз. Ол үшін, менің ойымша, дүкендердегі лицензиялық дисктердің бағасын кішкене де болса арзандату керек. Ал енді кейбір адамдар ғаламтордан ақпаратты пайдакүнемдік мақсатпен көшіріп, оны басқаларға таратқысы келетін болса, кейбіреулері тек өз пайдалануы үшін ғана көшіреді. Яғни, егер де бір компаниялар ip-адрес арқылы қай компьютерден не көшіріліп алғанын біліп отыратын болса, кімнің қандай мақсат пен нені көшіргенін қайдан біледі? Шын мәнінде қарақшылық жұмыстарымен айналысып жүрген азаматтарды жазалау керек. Қазнеттен жазса да, рунеттен жазса да, қарақшы өз жұмысын қалай да жасайды. Сол үшін, шын мәнінде құқыққа қайшы әрекет жасап, авторлық құқықты таптап жүрген азаматтарды жазаласа деп ойлаймын. Ал өз үйінде отырып, ешқандай коммерциялық пиғылсыз кинофильм көргісі келген азаматтардан өз қаражатына сатып алынған құрылғыларды тәркілеу дұрыс емес деп есептеймін. Ал жоғарыда аталып өткен ішкі істер министрлігі, қаржы полициялары шын мәніндегі қарақшылықпен айналысып жүрген азаматтармен жұмысын жүргізуді қатаңдатса деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР Қылмыстық кодексі, 1997 жылғы 16 шiлде;

2. ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексi, 2001 жылғы 30 қаңтар;

3. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 537-IV Заңы;

4. http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/207305/;

5. «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»

ҚР заңы;

6. http://profit.kz/news/8185-Vstupili-v-silu-popravki-v-zakon-ob- avtorskom-prave

(6)

Referensi

Dokumen terkait

Баллдар Қабылдау сынақ бойынша білімді бағалау көрсеткіштері 100 - 90 балл - оқуға түсу емтиханының бағдарламасы, сонымен қатар олардан тыс мәселелер бойынша жүйеленген, терең және