ӘОЖ 338.23: 330.322(574)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ РӚЛІ
Абжанова Д.С.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университетінің 2курс студенті, Астана қ Ғылыми жетекші: Шамишева Н.Қ.
Инвестиция – бҥгінгі кҥні қолда бар ақшаны, мҥ лікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір ӛндірісті дамыту ҥшін жҧмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз тҥ рінде немесе басқадай ҥ лкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бҧл процеспен екі фактор байланысты болып келеді: уақыт және тәуекелдік [1;
109].
Еліміздің экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту және тиімді пайдалану – Қазақстанның шет елдермен экономикалық қарым-қатынастарының бағыты. Кӛптеген экономистер шетелдік инвестициялардың экономикадағы рӛлін екіжақты бағалайды.
Кейбіреулер инвестициялар экономиканың тәуелсіздігінің жоғалуына әкеліп соқтырады деген пікірде болса, басқа біреулер инвестициялар – бҧл ҧлттық экономиканы дамыту және қайта қҧрудың кӛзі деп санайды. Біреулері шетелдік инвестициялар Отанның сатылуына, экономиканың қҧлдырауына ҧшыратады деген ойда болып, екіншілері шетелдік инвестициялар – бҧл ӛндірістік факторлардың, халықаралық технологиялардың және басқару тәжірибелерінің мобильділігіне тіреу мҥмкіншілігі дейді [1;110-111].
Әлеуметтік-экономикалық тиімділік – кез келген нысанда шетел инвестицияларын тартудың бірден-бір шарты. Қағидалар шетелдік компаниялардың қатысуымен болатын жобалардың жоғары табыстылығы мен пайдалылығы, қарыз бен несие беру шарттарының тиімділігі, жаңа жҧмыс орындарын қҧру мен тҧрғын халықтың жҧмысбастылығын арттыруды пайымдайды:
- экономикалық-экологиялық қауіпсіздік;
- шетел инвестицияларын тарту барысында ӛзара тиімділік қағидасы;
- экономикаға шетел инвестицияларына басымдылықтық салу қағидасы;
- республика ҥ шін маңызды қағида болып барынша аз коммерциялық тәуекел қағидасы табылады.
- ең сонында шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесін барынша ескеру қағидасы маңызды рӛл атқарады.
Инвестициялық шешім қабылданғаннан және шығындар мен салынатын қҧралдар мерзімі белгілі болғаннан кейін жобаны қаржыландыру шараларына кӛшу керек.
Жабдықтаушылар несиелерін, несие мекемелерінің қаржыландыруымен ҧйымның меншікті 13
қҧралдарын есепке ала отырып, тартылған және меншікті қҧралдар арасындағы рационалды экономикалық теңдікке ҧ мтылу қажет [2].
Шетелдік инвестицияларды қҧқықтық реттеу екі деңгейде жҥзеге асады: ҧ лттық- қҧқықтық және халықаралық-қҧқықтық. Ҧлттық-қҧқықтық және халықаралық-қҧқықтық реттеу бірін-бірі толықтырады және ӛзара тығыз байланысты [2].
Шетелдік капитал кӛмегімен келесідей міндеттерді шешуге болады:
- экспорттық мҥмкіншіліктердің тиімділігін арттыру;
- елдің экспорттық экспансиясын дамытып, оны халықаралық нарықта бекіту;
- импорттық тауарларды алмастыратын ӛндірісті дамыту;
- жаңа техника мен технология, басқару әдістері мен ӛнім ӛткізу кӛмегімен ӛндірістің ғылыми-технологиялық деңгейін кӛтеру;
- аяқталған технологиялық циклдарды қалыптастыру;
- мемлекеттік бюджетке салық тҥсімдерін кӛбейту;
- артта қалған аудандар мен салаларды қайта қҧ ру;
- ҧлттық экономикада жаңа жҧмыс орындарын ҧйымдастыру;
- кадрларды даярлау және білім беру арқылы жаңа ӛндірістік және басқару тәжірибесін қолдану;
- Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігіне жету.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ӛзінің «Қазақстан-2030» стратегиясында: «Еліміздің бірқатар маңызды экономикалық секторлары бар: табиғи ресурстарды ӛ ткізу, инфрақҧрылым, коммуникация мен ақпарат. Бҧл салалардың дамуы экономикалық- әлеуметтік сфераға және Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа интеграциялауына едәуір әсер етеді. Бҧ л – капиталсыйымды салалар, олардың дамуы ҥшін шетел капиталы да, мемлекеттің стратегиялық бақылауы да керек. Басқарушылар арқылы жҥзеге асырылатын ашық, тиімді және қадағаланатын заңдары бар анық және либералды инвестициялық саясат – бҧл шетелдік инвестицияларды тартудың ең қуатты кӛ зі...» [5].
Шетел инвестицияларын тартуда ең басты бағыт ақырғы ӛңдеу салалары. Қазіргі таңда Қазақстан рудалардың, минералды шикізаттың, жанармай-энергетикалық ресурстары сирек кездесетін асыл металдың қоры, пайдалы қазбаны ӛңдіру мен алғашқы ӛңдеудің қуатты индустриясы бола тҧрып, машина жасау базасы, жоғары тауарлық дайын ӛнім ӛндіру ӛндірісі жоқ. Республикада ғылымсыйымдылықты техникалық кҥрделі ӛнім ӛндіретін сала жоқ, халық тҧтынатын тауар индустриясы әлсіз дамыған, химия ӛнеркәсібінің ауылшаруашылық ӛнімін ӛңдеу әлеуеті жеткілікті пайдаланылмайды.
Ӛнеркәсіптің алдыңғы салаларында – қара және тҥсті металлургия, химия кешенінде энергияны кӛп қажет ететін, экологиялық лас технологияларды, моральды және физикалық тозған жабдықтарды қолдану ҥлесі жоғары [3;161-166].
Осы мәселелерді шешу ҥшін және экономикалық дамуға жету ҥшін, сонымен бірге экономиканы шикізаттық бағыттан ауытқу ҥшін ҚР 2003-2015 жылдардағы индустриалды- инновациялық даму Стратегиясы жасалды. Индустриалды-инновациялық дамуға қатысты мемлекеттік инвестициялық саясаттың мақсаты - мемлекеттің қолдауынсыз жеке сектордың әлі жетпейтін салаларға инвестиция тарту мен қолданудың сәйкес механизмдері мен қаржыландыру кӛзін анықтау. Сонымен, ҚР ҧлттық экономикасына тартылған инвестициялардың салалық қҧрылымы кҥрделі кӛрініс алып отыр. Дегенмен, барлық тартылған инвестициялар ішінің жалпы қҧрылымынан басымды кҥш мҧнай-газ секторына кӛбірек бӛлінеді. Мҧнай-газ секторына салынатын инвестициялардың даму ҥрдісі алдағы 10-15 жыл бойы сақталады. ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің болжамы бойынша мҧнай-газ саласына 2006-2010 жылдарға бӛлінетін инвестиция мӛлшері – 25 млрд. долл., 2011-2015 жылдарға – 27 млрд. долл. астам [8].
14
Жалпы 2003-2015 жылдарда Қазақстанның мҧнай-газ саласына салынатын инвестиция 66 млрд. долл. қҧрайды. Инвестицияның негізгі мӛлшері мҧнай ӛнеркәсібін дамытуға бағытталған: 2003-2005 жж. – 11,2 млрд. долл., 2006-2010 жж.- 23,8 млрд. долл., 2011-2015 жж.- 26,2 млрд. долл. Барлығы 2003-2015 жылдарға Қазақстан мҧнай саласына 61,2 млрд.
долл. инвестиция тартылады деп болжанады [6].
Теріс тенденциядан қҧтылып және тура шетел инвестицияларының ӛсуіне қол жеткізу ҥшін шетел инвестицияларын ынталандыру бойынша кешенді мемлекеттік бағдарлама дайындалды [4;264-265].
Шетел тәжірибесін есепке ала отырып осы бағыттағы Қазақстан ҥшін енуі қажет шаралар:
- қызмет етуші шетел инвесторлары ҥшін жеңілдіктер мен преференциялар жҥ йесін жеке салалар мен аймақтарда қҧ ру;
- жергілікті билік пен шаруашылық субъектілер арасында меншікті нақты айқын бӛлу;
- тҧрақты экономикалық және сыртқы сауда заңнамасын қҧру, концессия және ӛнімді бӛлу бойынша нормативті базаны қоса алғанда;
- салық ауыртпалығын тӛмендету мен салық қҧрылымын оңайлату;
- жерге жеке меншік енгізу;
- шетел инвестицияларын сақтандыру механизмдерін қҧ ру;
- инвестициялау процесінің негізін салымның басымды бағытын анықтау мен сәйкес қаржыландыру кӛзін табу қҧ райды.
Басымды бағытты және бағдарламалық шараларды таңдау барысында мыналарды есте ҧстаған жӛн деп есептеймін:
- бҧрын қҧрылған материалды-техникалық базаны, ӛндірістік қуатты және жабдықты тиімді қолдану мҥмкіндігі;
- қызмет етуші жҧмыс орындарымен толықтыру және жаңа орындар қҧ ру;
- экспортты-жарамды ӛнім ҥлесін ҧлғайту;
- инвестиция қайтарымдылығы және ең алдымен, жоғары қор қайтарымдылық есебінен капитал салымының мерзімін қысқарту;
- әртҥрлі кӛздерден инвестиция тарту мҥ мкіндігі.
Экономикаға қазақстандық, сондай-ақ шетелдік инвестиция тарту ҥ рдісі ӛзінің одан әрі дамуы ҥшін инвестициялық басқару саласын мемлекеттік қолдау мен реттеудің бірқатар шараларын жҥзеге асыруды талап етеді. 2014 жылға дейін 294 инвестициялық жоспарлар 8,1 триллион теңгеге жҥзеге асырылады. Отандық және шетелдік инвестициялар экономикада шикізат емес салада 30 %-дан кем емес деңгейге жетеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік капиталдарының қатысуымен шамамен 8 мың компания жҧмыс істейді. Олардың 270 Fortune-500 ірі әлемдік компаниялар тізіміне кіреді, олар: Шеврон, Сименс, Майкрософт, Дженерал Электрик, Кока-Кола, Данон, Хенкель [7].
Сонымен, шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажет емес, жаңа әлемдік ғылыми – техникалық жетістіктер, тенхнологиялар енетін маңызды арна ретінде қажет деп қорытынды жасағым келеді. Олар ірі коммерциялық ӛмірді инвестициялау негізінде ҧлттық шаруашылық субъектілерінің дамыған тауарлық қатынастарға бейімделу дәрежесін арттыруға, олардың ӛндірістік қызметін ҧтымды етуге мҥмкіндік туғызады.
Әдебиеттер
1. М.К. Байгісиев «Ҧлттық экономиканы мемлекеттік реттеу» Алматы: «Раритет», 2010 2. Мыльник Д.Г. «Инновационный менеджмент» - М.:2001
3. Мороз С. «Қазіргі кездегі инвестициялар жағдайы» // Қазақстан жоғары мектебі – 2003-
№1 б. 161-166.
4. Адильбеков Д.З. «Региональная экономика Казахстана» Кокшетау: «Мир печати», 2007
5. «Қазақстан-2030» Стратегиясы - Алматы, 1997 6. Ғаламтор желісі
7. www.stat.kz
8. www.government.kz