• Tidak ada hasil yang ditemukan

қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (заң факультеті) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесімен бірлесіп ЕҰУда (Астана қ. Сәтбаев көшесі, 2 үй) 2018 жылдың 29 тамызында Конституция Күніне арналған «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғам мен қазіргі заманғы мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізетіндігін хабарлайды.

Конференция жұмысы келесідей секциялардан тұрады: құқықтану және халықаралық құқық. Конференция келесідей бағыттардағы жұмыстарды қамтиды:

1. Заманауи мемлекет құндылықтары тұрғысынан құқық үстемдігі мен азаматтық қоғамды дамытудың жүзеге асуы

2. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы азаматтық құқықтық қатынастардың конституциялық құқықтық негіздері.

3. Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатында заңның үстемдігін іске асыру.

4. Құқық үстемдігін және азаматтық қоғамды іске асыруды халықаралық-құқықтық реттеу.

Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, министрліктердің, ведомстволардың, шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, шетелдердің және еліміздің белгілі ғалымдары қатысады.

Халықаралық конференция қатысушыларының ғылыми мақалаларының жинағын ISBN мәліметтерімен жариялау жоспарлануда. Конференцияға сырттай және тікелей қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Өзге қалалардан келіп конференцияға қатысушылардың шығындары конференцияға жіберген тараптың өз есебінен қамтамасыз етіледі.

Конференция 2018 жылы 29 тамызда сағат 10.00-де ашылады. Конференцияға қатысушыларды тіркеу 2018 жылы 29 тамызда сағат 09.00-09.45 аралығында «Күлтегін»

атриумында жүргізіледі.

Қатысу бойынша қойылатын талаптар

Жариялануға ұсынылған барша материалдардың авторлары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде заң ғылымының түрлі салаларының ғылыми, академиялық және тәжірибелік мәселелері бойынша еңбектерін ұсынуы қажет.

Конференция бағдарламасы конференция жұмысы басталар алдында барша қатысушыларға (тікелей қатысу) ұсынылады.

Конференция материалдарын жазуға қойылатын техникалық талаптар:

3 беттен 5 бетке дейінгі аралықта компьютерде терілген мәтін 14-ші шрифт Times New Roman, мәтін арасы 1 интервал, абзац аралығы – 1 см, жиек мөлшері – 2 см болуы тиіс.

Қайнар көздердің көрсетілуі «APA stile» стильінде болуы қажет (www.apastyle.org). Мәтін стилистикалық және техникалық тұрғыдан редакцияланған болуы талап етіледі.

(2)

Материалдың электрондық нұсқасына бет саны қойылмайды.

Конференцияға қатысуға тілек білдірушілер 2018 жылы 30 маусымға дейін электронды адреске сәйкесінше секциялар бойынша материалды жіберуі тиіс:

1. Конференцияға қатысу үшін өтініш.

2. Қойылған талаптар бойынша жазылған баяндаманың толық мәтіні.

3. Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар ғылыми жұмысқа берілген ғылыми жетекшінің немесе факультет немесе ұйым басшылығының рецензия-ұсынысын (электронды көшірме нұсқасын) жіберуі талап етіледі.

Жоғарыда аталған құжаттар болмаған жағдайда мақала басылымға жіберілмейді.

Конференцияға қатысу ақысыз. Конференция материалдары ISBN беріле отырып электронды жинақ ретінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің www.enu.kz сайтында жариялануы жоспарланып отыр.

Конференцияға қатысу үшін ӛтініш

1. Тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________

2. Дәрежесі (профессор, доцент, докторант, магистрант (мамандық шифрі), жас ғалым, оқытушы) студент_____________________________

3. Баяндама тақырыбы_______________________________________________

4. Секция ________________________________________________________

5. Секция іші _____________________________________________________

6. Оқу орны, ұйым ________________________________________________

7. Мекен жайы, телефон, e-mail___________________________________________

8. Қатысудың үлгісі: тікелей сырттай

 Пленарлық отырыста ауызша баяндама

 Секциялық отырыста ауызша баяндама

 Тек мақала

Мақаланы рәсімдеудің үлгісі:

УДК...

ЗАҢ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ (1 аралық)

Ахметов Ерлан Абаевич [email protected]

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми жұмыстар бойынша декан орынбасары, Астана, Қазақстан

(1 аралық) Мақала мәтіні

(1 аралық)

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Конституция Республики Казахстан. Алматы, «Юрист». 2007.

2. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Общая и Особенная части / под ред. И.Ш. Борчашвили. Изд. 2-е. Алматы. Жетi Жаргы.

2007. – С. 45-46.

3. Курс уголовного права. Особенная часть. Том 5. Учебник / под ред. Г.Н.

Борзенкова, В.С. Комисарова. М., «Зерцало-М». 2002. – С. 77-78.

4. Онгарбаев Е.А. «Классификация преступлений и ее правовое значение». – Караганда, 1996. – С. 96-97.

(3)

Сілтемелер мен мәліметтер мақаланың соңында беріледі.

Ұйымдастыру комитетіне белгіленген мерзімнен кейін келіп түскен өтініштер қарастырылмайды, материал жарияланбайды.

Ұйымдастыру комитеті келіп түскен мақалаларды іріктеп алып жариялау құқына ие болып табылады.

Ұйымдастыру комитеті мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 010008, Астана қ., Сәтбаев к., 2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 216 кабинет, Бас оқу корпусы. Тел. 8 (7172) 709-500 (ішкі 31-218).

Конференцияның ғылыми хатшысы – Амандықова Сәуле Көшкенқызы, Л.Н.

Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор. Астана қ., Сәтбаев к., 2.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 216 кабинет, Бас оқу корпусы. Тел. 8 (7172) 709-500 (ішкі 31-218).

Конференция материалдарын жинау:

1. Заманауи мемлекет құндылықтары тұрғысынан құқық үстемдігі мен азаматтық қоғамды дамытудың жүзеге асуы – Хайрмуханмедов Нурбек Исабайұлы, +7 (701) 6090180, Жамбаев Ержан Сағыпханұлы, +7 (707) 3371717, е-mail: [email protected]

2. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы азаматтық құқықтық қатынастардың конституциялық құқықтық негіздері. - Рахманқұлова Динара Дулатқызы, +7 (707) 3689089, Хасенов Мүсілім Ханатұлы, +7 (701) 1016585, е-mail: [email protected]

3. Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатында заңның үстемдігін іске асыру – Ашимова Эльнара Ашимовна, +7 (701) 7747357, Баймолдина Светлана Мәлікқызы, +7 (777) 2128749, е-mail: [email protected]

4. Құқық үстемдігін және азаматтық қоғамды іске асыруды халықаралық-құқықтық реттеу. – Есіркепова Мадина Мейірбекқызы, +7 (701) 729 6849, Досмурзинов Бейбут Жумаділдәұлы +7 (701) 9009841, е-mail: [email protected]

Электронды пошта арқылы хат жіберушілерден «Тақырыбы» деп аталатын тұсқа

«Халықаралық конференция» деп атап көрсетулерін өтініп сұраймыз. Ұйымдастыру комитеті ұсынылған тақырыптарға сай болмаған жағдайда материалдарды қабылдамау құқына ие.

Referensi

Dokumen terkait

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті БжәнеК мектебі, ИК кафедрасы, 6М050600 – Экономика

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті БжәнеК мектебі, ИМ кафедрасы, 6М050700 – Менеджмент