Ә. Түгел Астана, Халықаралық бағдарламалар орталығы
ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНДАҒЫ
«БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ РӨЛІ
Білім мен ғылымның аламаны болған мына заман еліміз үшін ӛте маңызды міндеттер қойып отыр. Алысқа бармай-ақ, Жапония мен Қытай елін алып қарасақ, адам капиталын, яғни адам құндылығын дамыта отырып оны пайдану арқылы биік белесті бағындырып қана қоймай, ӛз ішінде экономиканы, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, әлемдік деңгейде айтары бар елге айналды.
Сол мемлекеттерде табиғи ресурстық жер асты байлығы жоқтың қасы.
Қазақстанның табиғи байлықтарын дүниежүзі ғалымдары таңғала айтқанын талай кӛрдім. Сонда менің ойыма ең бірінші келетіні –құнды табиғат байлығымызды зерттеп, зерделейтін жаңа ұрпақ ӛсіп келе жатқаны кӛңілге демеу болады. Себебі, шетелдік мамандар қанша жерден білімі мен біліктілігі ұштасып жатса да, ӛз еліңнің ғалымдары зерттегеніндей болмайды.
Мұндағы айтпағымыз – егемендігі бар еңселі елдің асты мен үстіндегі бар байлығын ӛз халқымыз игеріп, меңгеріп жатса онда ертеңгі болашақтың жарқын болғаны. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» деп сонау ертеректе ағартушы Ыбырай Алтынсариннің айтқан сӛзі бүгінгі ақпараттық технологияның дүркіреген дәуірін сипаттағандай. Ғылыми тұрғыдағы айтып кеткен ғалымның кӛрегендігі сонда, «қазақтың бір жерден екінші жерге жылдам хабар алатын дәуірі туады, соған әзірлен» дегеніндей кӛрінеді маған. Ал бүгінгі жаңа заманның жаңаша ойлайтын, салиқалы ғалымдарының ашып жатқан түрлі саладағы жаңалықтары ел игілігіне жұмсалып жатыр.
Қазақстандағы ғылыми институттар мен халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орындары талапқа сай қызмет етуде. Қазақстандағы бір жоғары оқу орнының ӛзінде қаншама ғылыми зерттеу институттарының жұмыс жасап жатқаны белгілі. Мәселен, Елбасы негізін қалаған Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 20-ға жуық ғылыми-зерттеу институттары жұмыс жасауда. Зерттеу орталықтарымен ӛзім журналистика мамандығында білім алған жылдары-ақ етене таныс болғанмын. Мен куә болған ғылыми зерттеу институттары мен одан кейін ашылған зерттеу орталықтарының әрқайсысы отандық ғылымның бір-бір тірегі десем қателеспеймін. Дәл осы ғылыми зерттеу орталықтары бүгінгі күні шетелге тәжірибе алмасуға маман жіберіп, жаңа технологияны үйрету үстінде. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жас ғалымдарға үнемі қамқорлық жасап отырады. Адам капиталын дамыту арқылы биік белесті бағындыруды басты мақсат еткен еліміз үшін жас ғалымдарға қолдау кӛрсету игі шара саналады. Жуырда ғана жас оқытушыларға ЕҰУ ректоры Бақытжан
Әбдірайым әлемнің рейтингті журналдарында жарияланған мақалалары мен ғылымдағы ерекше ізденістері үшін 300 мың теңге кӛлемінде стипендия тапсырды. Алдағы уақытта дәстүрге айналатын аталмыш стипендияның алғашқы иегерлері болып 4 PhD докторанты анықталды. Олар: Физика- техника факультетінің аға оқытушысы Әнуар Алдоңғаров, Математика- механика факультетінің аға оқытушысы Ақсәуле Жұбанышева, Үміт Тұрысбекова, Физика-техника факультеті деканының тәрбие жұмысы жӛніндегі орынбасары Әлия Нұрмұханбетова. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ- мен бірлесе отырып 2011 жылы 25 ақпанда «Болашақ» халықаралық стипендиясын жүзеге асыру шеңберінде ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру: ғылыми-әдістемелік жұмыс тәжірибесі» тақырыбында ӛтетін республикалық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысын жүргізеді.
Конференцияға ЖОО ғалымдары – оқытушы-профессорлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру, зерттеу және мемлекеттік ұйымдарының ғылыми қызметкерлері қатысады. Мұндағы мақсат – қазақстандық ғалымдардың сапасын арттырып, шетелде тәжірибе алмасуға қызығушылық таныту. Жиында «Болашақ» Президенттік халықаралық білім беру бағдарламасының Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің әлемдік кеңістікке ықпалдасуы үдерісіндегі рӛлі, «Болашақ» Президенттік халықаралық білім беру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде ғылыми- зерттеу қызметін инновациялық ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мәселесі, Болон үдерісі қағидаларын жүзеге асыру барысында ЖОО оқытушы-профессорлары құрамының оқу-әдістемелік біліктілігін арттыру мәселелері, Қазақстан Республикасында ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау мәселесі мен болашағы, Қазақстан Республикасы ЖОО-да кредиттік оқыту технологиясын жетілдіру мәселесі: шетелдік ЖОО-мен салыстырмалы түрде талдау, мәселелер және оны шешу жолдары сынды күрделі мәселелер қаралмақ. Президент Н.Назарбаев: «Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң аты шығып, беделi кӛтерiлiп келедi. Осы университет қабырғасында, жаңа елордада бiлiм алған студенттер бақытты деп санаймын.
Елдiң келешегi үшiн жан аямай қызмет ететiн бiлiктi маман болып шығуларыңызға тiлектеспiн» деген болатын. Расында қарышты қадаммен дамып келе жатқан университеттерге қашанда оң кӛзбен қарайсың. Ӛйткені олар ертеңгі елдің болашағын тәрбиелеуде.
Ғылыми-зерттеулер орталықтары ғылыми негізге сүйене отырып, тиімді әрі дұрыс шешім қабылдауға кӛмектеседі. Қазіргі таңда біздің елімізде жұмыстарының бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, зерттеулер жүргізу салалары мен аумағы әртүрлі кӛптеген ғылыми-зерттеу институттары бар.
Олар қоғамымызға қажет және қазіргі заманда олардың маңызы ӛте зор.
Аналитикалық орталықтар ғылыми негізге сүйене отыра, тиімді әрі дұрыс шешім қабылдауға кӛмектесіп, мемлекеттің әр саласын дамыту жӛнінде ӛз ұсыныстарын айтады. Ғылыми зерттеулер орталықтары Қазақстанда 90-шы жылдардың басынан дамып келеді. Олар осы уақытқа дейін мемлекеттегі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларға қатысты сараптамалық
жұмыстарды жүзеге асыруда. Қазақстан, сондай-ақ ӛзге мемлекеттер де ӛз дамуы жағынан әртүрлі ӛзгерістерден ӛтеді. «Білім, ғылым инемен құдық қазғандай». Бүгінгі жұмыс жасап жатқан еліміздегі толып жатқан ғылыми институттардың жұмыс нәтижесі бір жылда емес, бірнеше уақыттан кейін белгілі болады. Бірақ бір қорқыныш кӛңілге тыным бермейді. Сол мыңдаған зерттеу орталықтары 15-20 жылдан кейінгі Қазақстан ғылымына қандай жаңалық, ӛзгеріс алып келеді деген сауал. Расында, мұны болжап айту үшін әрқайсысына жеке қадағалау мен істің нәтижесін бақылау қажет. Бұл үшін мемлекеттен қаржы қарастыру жағы бізде кемшін түсіп жатады. Осы шешімін таппай келген ғылыми зертханаларға заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз ету мәселесі биылғы Елбасы Жолдауында кӛрініс тапты.
Қазақстанда ғылымның тұтас мектебі қалыптасып келеді. Оның кӛшбасында бүгінде нақты ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдарындағы іргелі жетістіктерді атап айтуға болады. Осындай нақты жаңалықтардың басы деуге негіз болатын Еуразия ұлттық университетіндегі математиктер шоғырын айтуға болады. Академик Мұхтарбай Ӛтелбаев бастаған Уалбай Ӛмірбайұлы, Нұрлан Темірғалиевтің ӛздері бір бір мектеп деуге болады.
Соңынан ерген шәкірттері де әлемнің түкпір-түкпіріндегі математикалық форумдар мен конференциялардың алдын бермей жүр. Зерттеп қарар болсақ, Қазақстанда соңғы кездері нақты ғылымдарға деген қызығушылық аса күшті.
Мамандық таңдауда да халықтың пікірі ӛзгеше. Бұрын-соңды халық баласын гуманитарлық мамандықтарға кӛп бағыттап отырған болса, бүгінде физика, химия, математика мамандықтарына басымдық беріп отырғанын кӛреміз. Бұл дегеніміз 5, 10 жылдан кейін Қазақстан тұтынушы елден ӛндіруші елге айналуға мүмкіндігі зор екендігін кӛруге болады.
Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық аренадағы биік беделі әлемнің ең жоғары жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас жасауға септігін тигізді. 1993 жылы Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Болашақ»
халықаралық стипендиясы құрылды. Бұл елімізде алғаш рет талантты жастарға толықтай мемлекет есебінен шетелде білім алу мүмкіндігі берілген бағдарлама болды. Бүгінде бағдарламаның кӛптеген түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты орындарда, халықаралық жобаларда жұмыс істеуде.
Бұрын соңды техникалық факультеттің түлектері бағдарламада ӛте аз болса, бүгінде бұл кӛрсеткіш гуманитарлық саламен теңесіп келеді. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығының шығуына байланысты, инженерлік және техникалық білім алған үміткерлер шет тілінің біреуін еркін білу туралы талапты есепке алмай, «Болашақ»
стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу құқығына ие болды.
Ғылымға басты қажет дүние – теория мен тәжірибені тең ұштастыра білу. Бұрын-соңды бізде ғылым тәжірибе жүзінде қолданылмай келді. Ал бұл деген сӛз қаншама еңбек пен кӛз майын тауыса жазған маңдай тер босқа кетті
дегенді білдіреді. Қазір жағдай басқаша. Білім мен ғылымға деген кӛзқарас түпкілікті болмаса да біршама ӛзгеріске ұшырады.
Елбасы Н.Назарбаевтың қазақтың елордасын бұрынғы Ақмола, қазiргi Астана қаласына кӛшiргендегi ең негiзгi мақсаты да –бас орданың халықтың, кең байтақ Қазақстан жерiнiң дәл ортасында болуын кӛздегендiк едi.
Келешегi зор университеттерді де Астанаға шоғырлануына кӛп мән мен маңыз беруі де сондықтан. Соңғы кездерi жоғары оқу орындары түрлі реформалардың талай қиыншылығын бастан ӛткiздi. Елiмiздегi ең iрi сегiз университет ұлттық мәртебеге ие негiзгi университет деп саналады. Осы жоғары оқу орындарынан шетелде білім алуға, тәжірибе алмасуға баратын стипендиаттар санын арттыру қажеттігі уақыт талабы. Мемлекет қалыптасқан нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті экономика моделіне және индустриялық-инновациялық даму, білім және ғылым, менеджмент, маркетинг, логистика, жаңа ақпараттық технологиялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау сынды саладағы мамандар қажеттілігі үнемі артып отыратын Қазақстан үшін басымды салалардың тұрақты ӛсуіне негізделген даму жолын таңдап алды. Бүгінде дамыған елдердің қай-қайсы да бұл дәрежеге ең алдымен ғылым мен білімін дамыту арқылы жеткені белгілі. Жастарын әлемдік деңгейдегі білім нәрімен сусындатуға ұмтылған Қазақстан да бұл кӛштен лайықты орнын алып келеді.
Елбасы биылғы Жолдауында үш аса маңызды мемлекеттік бағдарламаның қабылданғанын атап ӛтті. Соның бірі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеп, білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену шарттарына сәйкес білім жүйесін жаңартуды талап етеді.
Аталмыш бағдарламада жалпы білім беруде мониторингтік жүйені дамыту, білім сапасын бақылаудың және бағалаудың ұлттық моделін жетілдіруде маңызы зор. Қазіргі жалпы білім беру жүйесін түбегейлі жаңартуда, білім сапасын кӛтеруде, тұңғыш ғылыми негізде қойылып отырған ең кӛкейкесті проблема. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы сапалы білім беруді қамтамасыз ету арқылы, адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етеді.
Елдегі білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі қандай болса, сол мемлекеттің экономикасының деңгейі де сондай болмақ. Қазақстан – қазіргі таңда ӛзінің дамуындағы жауапты кезеңге аяқ басып отырған мемлекет.
Жалпы, соңғы жылдарда әлемде орын алған қаржы дағдарысына қарамастан, Президенттің ұстанған салиқалы саясатының арқасында біздің стипендиат- тарымыз шетелдің алдыңғы қатарлы ЖОО-ларында ӛз оқуларын жалғастыруда. Жыл сайын үш мың талантты азаматқа «Болашақ» бағдар- ламасының шеңберінде әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алулары үшін республикалық бюджеттен қаражат бӛлінеді.
Президенттің сӛзімен айтқанда, «білім реформасы біздің мемлекетіміздің
әрбір азаматы тиісті білім мен біліктілік алған соң, әлемнің кез келген елінде жоғары сұранысқа ие маман бола алатын деңгейге жетуге тиіс.
Президенттің «Болашақ» халықаралық стипендиясы сайып келгенде әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында үздік білім алу мақсатында ғана құрылып отырған жоқ. «Болашақ» бағдарламасы – Қазақстанды әлемге танытатын имидждік құралдардың бірі. Сонымен қатар біздің талантты да дарынды азаматтарымыз шетелдің мәдениетін елімізге насихаттаушылардың қатарында болмақ.
Елді жаңартатын да, жасартатын да – білімді жастар. Әлем ӛте жедел даму үстiнде. Мұндай жағдайда бұдан санаулы жыл бұрынғы ұстанымдар, кӛзқарастар ӛзгерiп жатуы – заңдылық. Қазiргi ӛмiр ағысы тым тез ойлауды талап етедi. Президент жариялаған жаңа реформалардан кӛп нәтиже күтуге болады. Себебі ғылым – ӛндiрiс ӛзегi.
РЕЗЮМЕ
В статье говорится о роли образовательной программы «Болашак» в становлении науки Республики Казахстан