• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚТЫҢ АТА ЗАҢДАРЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚТЫҢ АТА ЗАҢДАРЫ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

Бақтыбаева М.А., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының аға

оқытушысы

ҚАЗАҚТЫҢ АТА ЗАҢДАРЫ

Ұсынылып отырған еңбекке тоқтатылмай тұрып Зиманов Салық Зиманұлы ағамыздың ӛмір баянына кӛз жүргіртсек деймін. Бұл мақала ҚР ҰҒА-ның академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Республикадағы заң ғылымының негізін салушылардың бірі, заң ғылымының дамуына және ӛркендеуіне кӛп үлес қосқан Салық Зиманұлы Зимановқа арналған.

1950 – жылы С.З.Зиманов Қазақстанда заң ғылымдарының алғашқы кандитаттарының бірі болса, ал 1961 - жылы 40 жасында заң ғылымдарының тұңғыш докторы атанды. 1967 – жылы құқық ғылымы жүйесінде аса кӛрнекті табыстары үшін заңгерлер қатарынан ұсынылған ең бірінші Қазақ КССР Ғылым Академиясының академигі болды. С.З.Зимановты жоғарғы заң және құқық ғылымдарының басшысы деп атайды. Себебі, оның құқық ғылымының бір-бірімен шектес салаларымен қатар, ғылыми зерттеу жұмыстарына ӛте белсенді араласуы, кӛптеген ғылыми еңбектері, сонымен қоса жоғары құқық мектебіндегі профессорлар арқылы еңбегі сіңген.

С.З.Зиманов батырлар ұрпағының ӛкілі, сталиндік кезеңнің соңғы сатысындағы лидер, саяси және құқықтық жүйені жаңалау, оның ішінде ӛзгерістерді бастан кеше отырып қоғамның саяси және заң тарихын, эволюция тенденциясын жаңа тұрғыда қарастыратын адам ретінде ӛзінің белсенді қызметін заң ғылымы жүйесінде бастады. Бұл ұрпақ ӛкілінің, яғни тәрбиелі, кӛптеген сталиндік заманның тәртібі қалыптасқан, бірақ Ұлы Отан соғысындағы сталиндік саясат отынан, адамшы және адамгершілік идеологиядан таза, шыныққан адамның алдында тотолитарлық қоғамның сатылып ӛзгеруі, қоғамдық ӛмірдің неғұрлым қалыпты және табиғи жағдайына келтіруі сияқты біршама күрделі жұмыстар жауапкершілігі тұрды.

С.З.Зиманов ғылыми ізденістерге ешқандай догмалық пікірлерсіз тіпті олар кеңінен орын алса да оларсыз келуге тырысты. Тарихи зерттеулер барысында жасаған кейбір тұжырымдары Қазақстан және Ресей заңгер – тарихшыларынан алыс кете қойған жоқ, ӛйткені оның қарастырғаны қазақ қоғамының Ресейге қосылуына дейінгі саясй құқықтың формалар жағдайы туралы еді [1].

С.З.Зиманов кӛптеген жылдар бойы ғылыми және жоғары білім беру мекемелерін басқарса, бүгінгі таңда Қазақ Академиялық Университетінің ректоры екенін айта ӛткен жӛн.

Зиманов С.З. ағамыздың қазақстың ата заңдары туралы Х томдық жұмысында салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып нормаларын, хандар заңнамасы мен халық арасында «ең әділ және ең дана» деген атаққа ие болып, «Тӛбе би»

(2)

мәртебесіне қол жеткізген би - қазылардың соттық оқиғалары мен тӛреліктерін негізге ала отырып, қазақтың орта ғасырлық «Жарғы» құқықтар жүйесін зерттеп, ашып кӛрсеткен. Мұнда бірінші кезекте,бұл орта мәдени құндылықтарды дарыта білген билер сотына қатысты. Орыстың шығыстанушы-ғалымы Л.Словохотовтың жазбаларында «асқан әділеттің»

соты атанған билер соты-ішкі құрылысы рулық-тайпалық қауымдарға негізделген ортағасырлық кӛшпелі қазақ қоғамының игілігі. Билер сотында халық демократия мен халық билік құндылықтары ӛзінің табиғи қалпын сақтаған. Тарихи талабына сай, аталмыш ерекшелік Орта Азияның кӛшпелі қазақтар жайлаған кең даласында бедерлі түрде орын алғанын кӛрсеткен.

Мұнда Қазақ хандығының егеменді түрде даму жолындағы ерекшеліктеріне нұқсау жасалған. Және кӛшпелілер, дәлірек айтсақ, олардың кейбіреуі қарапайым түрде жер игерумен шұғылданғаны да жасырын емес.

Кей кезде мал ӛнімдері мен азық-түліктерін айырбасқа салу үшін қала және сауда орталықтарына да барып тұратын.

Зиманов С.З ағамыз ӛз зерттеулерінде ұлттық және ортақ мәдени маңыздылығы бар болашақ ғылыми ізденістерге жол салғанын кӛрсетеді.

«Қазақ билер соты – бірегей сот жүйесі» - бұл біздің тұжырымдамамыз және жаңа ұрпақтағы ғылымдар мен ынталы жандардың мойнына жүктелетін зерттеу жұмыстарының бағдарламалық бағыт - бағдары. Осы кӛкейтесті мәселені талқыға салып, ӛзара ой бӛлісу үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен бірлесе отырып, 2008 жылдың мамыр айында Халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырғанын айта кетеді.

Қазақ құқығы қазақ халқының және барлық кӛшпелі ӛркениеттің мәдени байлығы. Ол мыңжылдық тарихи ерекшелігі және ӛміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттармен әлем назарына ілінді. Ұлы далада, кӛшпелі ӛркениеттің негізін құрған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте құлдырауы, тиісінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен рӛлінің құлдырауына соқтырмағандығы таңқаларлық жағдай. Бұл қайшылықтың Қазақтың ата заңында аумағы кең даланың «еркіндік» қабілетінің сақталуымен, «оқшау» орналасуымен түсіндіруге болады. Дегенмен де, орта ғасырдағы қазақ даласындағы мәдени-шаруашылық тоқыраудың белең алуы, ӛркендеп ӛскен басқа елдерден кӛш-құрым артта қалуы қоғам дамуына да әсерін тигізбей қоймады.

Қазақ құқығының ерекшелігі ол кӛшпелі ӛркениет шеңберінде туып, сол дәуірдің ең құнды сипатын иеленді. Бұл тұрғыдан ол тарихи маңызы бар құқықтық жүйелер әлемінен заңды түрде ӛз орнын ала алды.

Қазақ құқығының мәні мен ерекшелігі оның тарихтағы белгілі бір жүйелі-институционалдық құрылым екендігінде емес. Барлық халықтар ӛз тарихының бастапқы сатысында ондай әдет-ғұрыпқа негізделген құқықтық реттеудің үстемдік етуі дәуірін басынан ӛткерді.

Қазақ құқығының негізгі қайнар кӛзі Ұлы даланың әдет-ғұрып жүйесі, мәдени дәстүрлері болып табылатын Қазақтың ата заңдары қаншама ғасырлар бойы тікелей және жанама түрде әр түрлі мемлекеттер тарапынан

(3)

қысым кӛріп, олардың идеологиясының әсерін сезінсе де, ӛзінің таңқаларлық ӛміршеңдігін кӛрсетті [2].

Менің С.З.Зиманов ағамыздың қазақтың ата заңдары атты он томдық кӛрінісінен үшінші томдағы «Қазақ даласында әділ соттың «Алтын ғасыры»

болды ма?» атты мақаласына тоқтап кеткім келіп отыр. Бұл том екі бӛлімнен тұрады. Бірінші бӛлімінде - қазақ даласындағы белгілі билер туралы ғұмырнамалық мәліметтер, бізге жеткен олардың билік – шешімдері мен ӛсиеттері топтастырылған. Екінші бӛлім - би әрі «тӛбе би» бейнесіндегі Абай Құнанбаевтың қызметі мен билік – шешімдеріне арналған. Абай (ХІХ ғасырдың екінші жартысында) далалық ӛлкедегі бізге дейінгі құқықтық мұраның ірі білгірі болып табылады. Ол қазақ даласындағы әділ соттың

«Алтын ғасыр» биінің образын сомдап қана қойған жоқ, сонымен бірге соттық биліктің, қоғамының ӛнегелік дәстүрлерін нығайтудағы және адами қатынастарды сауықтырудағы тарихи үлгісін кӛрсетті. Әрбір бӛлім жалпы сипаттама түріндегі кіріспе мақаламен қамтылған. Бірақ тұтастай Қазақ құқығын түсіну және зерделеу үшін негіз болып табылатын бір мәселе бар, ол – Қазақ құқығының ұлттық және әлемдік тарихта алатын орны.

«Кӛне нысандағы» қазақ құқығының зерттеу барысындағы ӛзекті мәселелердің бірі – оның ұлттық шеңберден шығып кететін «құндылықтық»

сипаты, дәлірек айтқанда тарихи деректер мен әр түрлі суреттемелерде жиі ауызға алынатын «Алтын ғасыр» қазақ даласындағы әділ сот ісінде орын алдыма деген мәселе. Бұл күрделі мәселе Ұлы қыпшақ Даласында еуропалық зерттеушілердің келуімен ХІХ ғасырдың басында кӛтеріле бастаған.

Олар үшін кӛшпелі патриархалдық қоғамда ӛмір сүріп отырған елдің санасында «Алтын ғасыр» кезеңінің сақталып қана қоймай, оның сарқыншақтарын арагідік күнделікті ӛмірде ұшырастыру таңғаларлық жайт еді. Еуропадан мәдени ӛркениеттік, саяси дамуда кӛп артта қалып қойған қазақ тарихында ондай жағдайды кездестіру басты зерттеушілер үшін үш ұйықтаса түсіне де кірмейтін тосын жайт болып кӛрінді.

Тарихи зерденің кемшін қыры сол, ӛткен ұрпақтардан қалған, оның ішінде әсіресе халықтың қоғамдық жүйесінің құрылымы мен құндылықтарын бейнелейтін ӛнеге мен үлгіні кейінгі ұрпақ сабақтастыра алмай, тарих кӛшінде қалдырып, жоғалтып та алып жатады [3].

Қазақстанды отарлау саясатымен тұспа - тұс болды. Қазақ қоғамының ортағасырлық саяси құқықтық тарихына қатысты заңдылық пен әділ соттың

«Алтын ғасыр» туралы пікірді алғаш ауызға алған орыс зерттеушілері. Бұл орайда А.И.Левшин бірінші болып қалам тербеді. Ол – Ресей империясының адал қызмет еткен мемлекеттік қайраткері және Петербург пен Мәскеудің азиялық мұрағатында, Қазақ даласын басқару жӛніндегі аймақтық ведомостволарда еңбек ете жүріп, халықтың ісіне жақын араласқан ірі шығыстанушы ғалымының бірі.

Сол кезектегі Ресей астанасы Петербургтен шыққан орыс зерттеушісі А.И.Левшиннің ізін баса қазақ даласының кемеңгер ойшылы, әрі ғалым Шоқан Уәлиханов та дәл сол тұста осындай ойды білдірген еді. Ол ӛз

(4)

еңбектерінде заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасырының» жаңғырту туралы естіп, жазып қана қойған жоқ, сонымен қатар «Алтын ғасырдың»

шынайы бейнесін дәлме дәл - бере білді. Ол әділ сот пен ӛнегеліліктің куәсі ғана емес, оның тірі кейіпкүйі де бола білді. Бұл кезеңді ол «Ежелгі халықтың тұрпаттағы сот» бейнесімен астастыра отырып оны қазақтардың Ұлы Даласының ӛміріндегі тарихи тұрғыдағы ерекше құбылыс ретінде бағалады. Ол: «Наконец, что всего важнее, формы нашего общественного развития находятся в том самом безыскусственном периоде, когда они представляют наибольшую аналогию с результатами высшего, культурного развития» [4] деп ӛз пікірін білдірді.

Шоқан Уалихановтың ойлары ӛзгеше терең және шындыққа жанасатын. Ол қазақ жерінде заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасырының»

шын мәнінде болғандығын және оның іздерін автордың ӛмір сүрген кезінің ӛзінде, яғни ХІХ ғасырда да кӛруге болатындығын жазды. Ол Батыс пен Ресейдің мәдени және саяси ілімі мен тарихының ерекшеліктерін жақсы білді және қазақтың «Алтын ғасырын» олармен бір қатарға қойды.

Ш.Уалиханов қазақ әділ сотына берген ӛзінің жоғары бағсын бір жағынан бидің жекетұлғасымен және мәртебесімен байланыстырса, екінші жағынан, әділ соттың іс жүргізудегі қарапайымдылығымен, жариялылығымен және халықтық сипатымен түсіндіреді. Сол кездегі билердің рӛлі мен орнын ол атағы әлемге декреттермен, сайлаумен емес, жеке еңбегімен мәшһүр болған Гетеннің және Шекспирдің аттарымен теңестірді. Ш.Уалиханов қыпшақ қазақтардың ежелгі даласындағы зкаңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасыры» кезінде маңызды атқарған билердің беделін сипаттайтын негізгі белгі - нышандарында атап кӛрсеткен болатын. Оларға мыналарды айтуға болады: а) бидің соттық билігі оның

«жеке беделіне» негізделеді; ә) шешендік ӛнермен бірге соттық дәстүрлерді білуі қазақтарға «би» деген атақты береді; б) айыптаушыға қарсы күдіктенуден басқа нақты айғақтар болмаған жағдайда билер ант беруді қолданатын; в) билер соты жария түрде, ауызша ӛтетін және барлық жағдайда қорғауға жол берілді; г) билер сотының басты ерекшелігі оның әр түрлі қатып қалған рәсімдерден аулақтығында; д) қазақтарда сот кӛне заманнан бар және бітімгершілік қағидасына негізделген.

Қазақ әділ сотына терең де, әділетті сипаттаманы ХІХ ғасырдың екінші жартысында ӛмір сүрген ойшыл, ақын, әрі кӛне қазақ құқығының білгірі Абай Құнанбаев та беріп кетті. Оның айтуынша, кӛшпелі қазақтар ӛздерінің сауаты, мәдениеті және тұрмыс тіршілігі жӛнінен ӛз заманынан әлдеқайда артта қалса да, қазақтардың басқалардан екі айырмашылығы бар екендігін, Абай тӛменгі ойы арқылы тұжырымдайды:

«Рас бұрынғы біздің ата - бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайлылығы, тазалығы тӛмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен... Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі заманда ел басы деген кісілер болды екен. Кӛш қонды болса, дау жан - жалды болса, билік соларда болады екен. Ӛзге қара жұрт жақсы - жаман ӛздерінің

(5)

шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы, топ басылары қалай қылса, қалайбітірсе, халық та оны сынамақ, бірден бірге жүгірмен екен... Екіншісі намысқор келеді екен. Аты аталып, аруақ шақырылған жерде, ағайынға ӛкпе, араздыққа қарамайды екен... Бұлар да аралылық, намыстылық, табандылықтан келеді. Бұлардан айырылдық. Ендігілердің достығы - бейіл емес, не күндестік, не тыныш отыра алмағандық» [5].

ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында қазақ ӛлкесіндегі отарлық әкімшілікте қызмет еткен барлық ресейлік орыс чиновниктері қазақтардағы тәуелсіз билер сотының қоғамдағы рӛлін ерекше атап ӛткен еді. Мәселен, А.Е.Алекторов ӛз мақаласының бірін: «Суд биев – суд народный» деп атап:

«Каждый бий и старик при разбирательстве считет священным долгом сказать тяжущимся полную беспристрастную справедливость», - деп жазған болатын. Ал қазақтардың тұрмысы мен ішкі басқару құрылысын жақсы білген және зерттеген Ресей империясының тағы бір чиновнигі Д Андре жоғарғы жазған ресми мәлімдемелерінің бірінде: «Природный ум, особыносить душевные качества с присоединением к тому опытности и примерной приветственности есть качества и вместе с тем все достояние , посредством которых бий может иметь право носить это почетное имя...

Кроме всеобщего уважения, бий никакими особыми правами и привилегиями в Орде не пользуется. Хорошая молва в народе о беспристрастном суде бия по сути единственное отличие его от простолюдина» [6], деп бидің жеке қасиеттерінің мәнін ашып кӛрсетеді.

«Алтын ғасыр» ретінде тарихқа енген «кӛне нысандағы» қазақ әділ соты келесідей басты қағидаларға сүйенді, әрі негізделді:

- бидің кӛшпелі қазақ қоғамының әдеттік – құқықтық жүйесінің негізгі нормалары мен логикасын жетік білуі;

- билер соты мен билердің адалдығы;

- соттық шешімдердің мәнін адамгершілік пен әділеттік құрады;

- соттың жариялылығы, ашықтығы;

- шешендік бидің негіздеу мен дәлелдеудің құралы;

- билер сотының тараптарды ӛзара татуластыруға бағытталуы.

Әрбір халықтың тарихында оның жеткен жетістігі саналатын айнымасқұбылыстар болды.

Бір кезде ежелгі қазақ даласындағы ұрпақтар мұрасы болып табылған заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасыры» қайтадан біздің тарихымыздың алтын бетіне айналуда және болашақта жалпы ӛркениеттік мұрасына да айналар деген үміт бар. Ежелгі қазақ даласындағы заңдылық пен әділ соттың

«Алтын ғасырдың» негізін құрған идеялар дами, маңызы бар кӛшпелі ӛркениеттің ӛзгеше құбылысы болып табылады. Уақыт ӛте келе қазақ құқығы әлемдік құқықтық жүйелердің ішінен лайықты ӛзіндік орнын алатындығына сеніммен қарауға болады.

Әдебиет тізімі:

(6)

1. Салық Зиманович Зиманов (Биобиблиографический справочник).

Серия «Классики юридической науки Казахстана». / Составитель Г.М.

Алимжанова. Вступительная статья д.ю.н., профессор С.Ф. Ударцев. – Алматы, 2003.

2. С.З.Зиманов. Қазақтың билер соты – бірегей сот жүйесі. – Алматы, 2008.

3. Қазақтың ата заңдары ІІІ том. (Он томдық). – Алматы: «Жеті жарғы», 2004 ж.

4. Валиханов Ч. Сбор. Соч.: В 5 т. – Алма-Ата, 1985. 1-том.

5. Абай Құнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 1997.

6. Материалы по обычному праву казахов: Сб. 1. – Алма-Ата, 1948.

Referensi

Dokumen terkait