УДК 82-14
ҚАЗАҚ ФАНТАСТИКАСЫ ЖҼНЕ ЖҤНІС САХИЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ Байс Қ. И., [email protected]
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана Ғылыми жетекшісі – Р.С. Тҧрысбек
Фантастика (гр. Phantastike - кҿзге елестету ҿнері) - ҽдебиеттің ҿмір шындығын қиял тҧрғысында ҽсірелеп бейнелейтін жанры. Ғылыми тҥ сінік жоқ кезде фантастика мифологиялық жҽне діни шығармаларда орын алған (Гомердін "Одиссеясы", Овидийдің
"Метаморфозалары", шығыс халықтарының "Мың бір тҥні" т.б.) ғылымның дамуына байланысты халық қиялынан шыққан тҧындылар жарық кҿ ре бастады. Мысалы, ғылыми- фантастикалық ҽдебиетте ғылым мен техниканың перспективалары, адамзаттың табиғат сырларына тереңірек ҥңілуі ҿмірдегідей тартымды суреттеліп, басты идеясы ғылымда негіз бар, бірақ ҽлі іске аспаған жаңалықтармен ҧ штасып жатады. Ғылыми-фантастикалық ҽдебиет Ф.Бэконның "Жаңа Атлантида" кітабынан (1627) басталады. 17-18 ғасырда планетааралық сапар (Сирано де Бержерак, Ф.Годвин), болашақ туралы шығармалар (С.Мерсье, "2440 жылы", т.б.) жарық кҿрген. Фантастика саласында Жюль Верннің шығармашылығы ерекше. 19-20 ғасырларда Г.Уэллстің "Уақыт машинасы" (1895), "Ҽлемдер соғысы" (1898), А.Х. Дойлдың "Жоғалған ҽлем" (1912), т.б. фантастикалық романдары жарияланды. Р.Брэдберидің "Марс хроникалары" жинағына енген "Фаренгейт бойынша 451"
романы дараланып шықты. Поляк жазушысы С.Лем космос кеңістігіне жауапкершілікпен қарау жҿніндегі философиялық ой-толғамдары арқылы ("Астронавтар", 1951; "Солярис", 1961; "Тҧмау", 1976, т.б. романдары) ҽлем жҧ ртшылығына танылды. Кеңес ҽдебиетінде А.К. Толстой фантастика жанрының негізін салды.
Қазақ ҽдебиетінде фантастика халық қиялынан туған хайуанаттар жайлы, қиял- ғажайып, тҧрмыс-салт ертегілерінен бастау алады. Мысалы, "Ер Тҿстікте", "Керқҧ ла атты
57
Кендебайда", "Қырық ҿтірікте" фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі. Жазба ҽдебиетте фантастикалық оқиғалар Абай Қҧнанбайҧлының "Масғҧт", "Ескендір"
дастандарында, С.Ерубаевтың "Келешек соғыс туралы" повесінде, М.Ҽуезовтың "Дос - Бедел дос" жҽне "Елу жылдан соң" пьесаларында да бар. Қазақ кеңес ҽдебиетінде фантастика 1950 жылдан басталады. А.Машановтың "Жер астына саяхат" повесі (1957) республикада ғылыми- фантастикалық ҽдебиеттің тууына ҧйтқы болды. М.Сҽрсекеевтің "Ғажайып сҽуле" (1959),
"Кҿрінбестің кҿлеңкесі" (1960), Т.Сҧлтанбековтың "Кҿшпелі алтын" (1964), «Лҧхман Хакім»
(1966), Ш.Ҽлімбаевтың "Данышпандық альфасы" (1967). Т.Шахановтың "Кҿгілдір мҧнаралар"
(1968), Т.Сҥлейменовтің "Жҧлдыз адамы" (1969), "Ҽл-Фараби кҿпірі" (1968), Ҽ.Мархабаевтың
"Ғарыштағы қымыз" (1972) повестері қазақ фантастикасына елеулі ҥлес қосты. Соңғы кезде жарық кҿрген Т.Ҽбдіковтің "Айтылмаған ақиқат" (1980), М.Гумеровтың "Жҧмбақсҽуле"
(1981), С.Ғаббасовтың "Кҽусар" (1985), Н.Кенжеғҧлованың "Қиын шешім" (1985), Р.Бектібаевтың "Ионосферадағы алаң" (1988) атты жинақтарында болашақ ҿзгерістер туралы болжамдар бейнеленеді. Фантастикалық шығармалар кинода елеулі орын алады. [1]
Қазақ ҽдебиетінде фантастика саласына келетіндер некен-саяқ. Тіпті бірен-саран ғана.
Сол бірен-саранның бірі де бірегейі Жҥніс Сахиев 1950 жылы 1 наурызда Оңтҥстік Қазақстан облысы, Бҽйдібек ауданы, Алмалы ауылында туған. Еңбек жолын байланысшы болып бастаған. 1966–1972 жж. телеграфшы, Алматы қаласы автоматты телефон стансасының жҿндеушісі, қысқ атолқында жҧмыс жасайтын радио стансаларда радист, Қазақ КСР Гидро қызметінде ауа райын бақылаушы болды. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1977). 1977–1980 жж.мерзімді баспасҿзде аудармашылық қызмет жасады. 1980–
1986 жж.«Рауан» баспасының редакторы, 1986–1988 жж. Қазақ КСР Баспа, полиграфия жҽне кітап саудасы істері жҿніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, 1988–1999 жж.
«Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясында редактор, аға редактор, жетекші ғылыми редактор, бҿлім меңгерушісі. Астрономия-геодезия қоғамының толық мҥшесі (1990). [1]
Ҽуелден аспан денелерінің қҧпияларына қызыға қарап, тҥнімен жымыңдаған жҧлдыздардан кҿз алмайтын бала Жҥністің фантастикаға келуіне техникалық қызмет атқаруы да оңтайлы жағдай жасаған болар. Ғылыми орталықтардан алыс жатқан, планетарийі мен обсерваториясы жоқ сонау шалғайдағы ауылда еңбек ете жҥ ріп, ҽңгімені былай қойғанда, алғашқы романын жазды. Жҧ рт ойлайтындай, мҧндай қҧлашты тың шығармаға институт немесе университет бітіргендер баруы керек қой. Жоқ, ҽ лі жоғары оқу орнына ҽлі оқуға тҥспеген 21 жастағы Жҥніс болашақ сериялы ғылыми-фантастикалық шығармаларын «Кеңістік кҿшпенділері» деп, ал оның бірінші романын «Тіршілік ҧясы» деп атады. Міне, ҥлкен шығармашылыққа осылайша қадам жасаған Жҥніс Сахиев 1972 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға тҥсіп, 1977 жылы бітіріп шығады. [2]
Университет қабырғасында білімін толықтыра жҥріп 1974 жылы «Атлантида жаңғырығы» ҧжымдық ғылыми-фантастикалық повесть-бурименің ҥшінші бҿлімі
«Тҧңғиықта» деген атпен «Қазақстан пионері» газетінде алғаш рет жарық кҿрді. Ал 1976 жылы Мҽскеуден шығатын «Земля и Вселенная» ғылыми-кҿпшілік журналында Айдың 1975 жылғы шілдедегі тҧтылуына жасаған ғылыми зерттеуінің жариялануы автордың сол кезде-ақ Мҽскеу ғалымдарының назарына ілінгені анық. Кейін Ж.Сахиевтың «Кеңістік кҿшпенділері»
сериясымен жазған бірнеше романы ҽр жылдары «Жалын», «Жазушы», «Білім», «Ғылым»,
«Елорда», «Фолиант» баспаларынан жарық кҿрді. Жҥніс Сахиевтің шығармашылығы жай фантастика, ойдан шығарылған қиял-ғажайып оқиға емес, қай еңбегі де ғылыммен тығыз байланысты. Жазушының «Жаңбыр жауғанда» ғылыми-фантастикалық романындағы кемеммен ауа райын ҿзгерте алу идеясы қазіргі кезде шындыққа айналды. Мҽселен, қазір ҽуе кемелері арқылы бҧлттарды ыдыратуға болатынын кҿзімізбен кҿріп жҥрміз. «Шолпанға кҿшкен ауыл»
романындағы негізгі мазмҧн тіріні де, затты да жарық сҽулесімен ҿзге орынға кҿшіруге болатыны туралы еді. Бҧл идеяны кейін Австралия университетінің ғалымдары қандай да бір затты лазер сҽулесімен бҿлшектеп жіберіп, секундтың бір бҿлігіндей ғана
58
уақыттың ішінде екінші жерге кҿшіріп, қайта қалпына келтіруге болатынын тҽ жірибемен жҥзеге асырды.
Жҥніс Сахиев 1989 жылы Латвияның астанасы Ригада ҿткен фантаст-жазушылардың семинарында бірінші болып КСРО Жазушылар одағына мҥшелікке ҿтуге семинар атынан кепілдеме алған. «Қимайтын ҽлем» атты ғылыми-фантастикалық романының журналдық нҧсқасы чех жҽне ағылшын тілдерінде жарық кҿ рді. Ол ғалым ретінде 1988 жылы Марсқа жасаған ғылыми-зертеу еңбектері ҥшін КСРО Ғылым Академиясы қҧрамындағы Бҥкілодақтық Астрономия-геодезия қоғамына толық мҥше болып қабылданды. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Білім жҽне ғылым министрлігінің орталық ғылыми кітапханасы «Жҥніс Сахиев» атты библиографиялық кҿрсеткішті қазақ, орыс жҽне ағылшын тілдерінде шығарды. [3]
Фантаст-жазушы Жҥніс Сахиев «Кеңістік кҿшпенділері» сериясымен «Тіршілік ҧясы» (1983), «Борыш» (1987), «Шеңбердің тҥйісуі» (1991), «Кҿктен келген кҿшпенділер»
(1999), «Марстан шыққан жаңғырық» (2002), «Қимайтын ҽлем» (2003), «Шолпанға кҿшкен ауыл» (2004), «Космотарих куҽсі» (2006), «Су ҽлемінің саздары» (2008), «Жасампаздық қиырында» (2009) атты ғылыми-фантастикалық романдары жарық кҿрді. С.М.Дагаевпен В.М.Чаругиннің 9–11 сыныптарға арналған «Астрофизика» (1994; 2-бас. 1996; 3-бас. 1999), Е.П.Левитанның «Астрономия» (1998) кітаптарын қазақ тіліне аударды. «Шеңбердің тҥйісуі» кітабы ҥшін Қазақстан Жазушылар одағының О.Жандос атындағы ҽдеби сыйлығының лауреаты болды (1994).
Осындай шығармашылық жетістіктерінен кейін Жҥніс Сахиев 1971 жылы ҿзі
«Кеңістік кҿшпенділері» деп атаған жалпы айдармен қазақ ғылыми фантастикасы жанрында тҧңғыш бастап жазған ғылыми-фантастикалық романдарын жеке-жеке кітап етіп шығару жолына тҥсті. 1983 жылы жазушы-фантаст сериясының «Маңызды мақсат», «Ҧрпақтармен ҧшырасқанда», «Қайтар жолда», «Тіршілік ҧ ясы» деп аталынатын тҿрт ірі бҿлімнен тҧратын «Тіршілік ҧ ясы» ғылыми-фантастикалық романының кітаптық нҧсқасы «Жалын»
баспасынан жарық кҿрді. Автор мҧ нда «Жер ғаламшарымыз саналы адам баласы ҿсіп- жетіліп, жҧ лдызды ҽлемді игеріп, жаңа ғаламшар тауып кҿшіп кетіп отыратын тіршілік ҧясы емес пе екен?» деген ғылыми негізді ой тҥйеді. 1987 жылы «Арман сапарында»,
«Адамзат ҥ шін арпалыста», «Бақытты жолда», «Борыш» бҿлімдерінен тҧратын, «Топырақ қой» деп біз елемейтін топырақтан ҿсіп-ҿнетін кҥ ллі тіршілік иелерінің бҥгінгі ҧрпақтың ҿміріне ғана емес, келешек ҧрпақтардың ҿмірлеріне де зардап беретін қару атаулыға жиіркенішпен қарауға баулитын сериясының екіншісі – «Борыш» ғылыми-фантастикалық романын, 1991 жылы «Шеңберлі аралда», «Даңқ шеңберінде», «Шеңбер ширегінде» жҽ не
«Шеңбердің тҥйісуі» делінетін бҿлімдерден тҧ ратын, ғылым жетістігін жеке мансапқорлыққа айналдырудың адамзат тағдырына қандай қара дақ тҥсіретінін кҿркем тілмен суреттеп, ғылымға абай болуға шақыратын серияның ҥшіншісі – «Шеңбердің тҥйісуі» ғылыми-фантастикалық романдарын жеке-жеке кітап етіп шығарды.
Ал еліміз тҽуелсіздік алғаннан кейін Жҥніс Сахиевтің сериялы ғылыми-фантастикалық романдарын бірінен кейін бірін шығаруына мол мҥмкіндік туды. Сериясының тҿртіншісі –
«Кҿктен келген кҿшпенділер» ғылыми-фантастикалық романы «Жазушы» баспасынан 1999 жылы жарық кҿреді. «Қазақ жері», «Тарылған табиғат», «Тазарған табиғат», «Жер жайлау»
делінетін тҿрт ірі бҿлімдерден тҧратын бҧл ғылыми-фантастикалық романның мазмҧнына қысқаша тоқтала кетсем, бас кейіпкер Жайлау Жаһангерҧлы кезекті еңбек демалысында туып ҿскен ауылына келіп, бақытты балдҽурен балалық шағы ҿткен табиғатты тамашалайды, алысқа, ҿткен уақытқа кҿз жібере тҧрып, сол кезде ҿзі басып жҥрген жолдарды, тау мен тас, ҿзен суы мен тау беткейлерінде, сай-салада ҿсетін жабайы жеміс ағаштарын, сол жемістерді достарымен бірге терген сҽттерін, ҿзен суын кешіп жҥріп індеріне қол жҥгіртіп ҧстаған балықтарын, балалықпен ҧстап алардай болып қуалаған жабайы аң мен қҧстарды есіне алады.
Сҿйтіп, ағасынан алған атқа отырған ол кең жайлауға қарай сапар шегеді. Содан ол жайлау тҿсіне жақындай бере аспаннан бір дҽйім ақ бҧлт болып жайлау тҿсіне қонып келе жатқан қандай да бір ғажайып денені кҿреді. Ҿзі
59
жҧлдызшы болған соң оның сырын ашпаққа асығып, оған жақындағанда қандай да бір иістен манаурап, аттан тҥскен бойда ҧйықтап кетеді. Ал ҿ з ҿзіне келгенде ҿзінің аспаннан келген қандай да бір ҿркениет иелерінің арасына тҥскенін кҿреді.
Осылайша Жер ғаламшарымыздағы жері мен пейілі кең дала қазақ халқымыздың ҿкілі Жайлау Жаһангерҧлы мен жҧлдызаралды ауылдың ауласындай игерген ҿркениетті елдің ҿкілдерінің арасында тҥсіністік қарым-қатынасы орнайды.
Оларды қонар жер таңдағанда қазақ жерінің табиғи кҿрініске байлығы мен тазалығы, қазақ халқының табиғатты қорғай білудегі даналығы еді. Біздің ата-бабаларымыздың бір жерден екінші жерге қоныс аударып, енді–енді ғана бҿлінуге айналған табиғатты тыныстатып, екінші жерге кҿше тҧрып, сол табиғат қалпына келе бергенде қайта кҿшіп келетін дҽстҥрі ҧнаған. Жҥніс Сахиев оларға халқымыздың даналығын шығармада осылай танытады. Содан, бҧ л кездесу дҥние жҥзін мекен еткен халықтарға жария болып кетеді. Ел-елден ағылған меймандар халқымыздан ҥлгі-ҿнеге ала бастайды.
Қолданған әдебиеттер тізімі
1. www.wikipedia.kz
2. «Ақтӛбе» облыстық газеті, 4 қараша 2010 ж.
3. Жҥніс Сахиев: Библиографиялық кҿрсеткіш/ Қҧраст. Қ.Ҽ. Наурызбаев. – Алматы,2010.