УДК – 316.3-055.2(520)
ҚАЗІРГІ ЖАПОНИЯ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАР
Аманжанов Б., [email protected]
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана Ғылыми жетекші – т.ғ.д. Б.Ж.Абжаппарова
Таңғажайып ел - Жапония. Ұзақ уақыт бойы кедей аграрлық мемлекет болып, XX ғасырдың екiншi жартысына қарай ҽлемнiң техникалық жетекшілерінің бiрiне айналды.
Жапонияның автокҿліктері, аудио жҽне видео ҿндіріс құралдары бүгiнгi күнде, бүкіл ҽлемге ең ҽйгiлi жҽне сенiмдi болып табылады. Сонымен бірге, бұл елде дҽстүр мен отбасылық құндылықтарға адалдық күші сезіледi. Кҿптеген жапондық жҽне шетелдік ғалымдар мұндай ірі ҿзгерістерді, қоғамдағы ҽйелдердің ҽлеуметтік рҿлінің жандандыруымен байланыстырады. Ғалымдар ҽрбір мҽдени кезеңде ҽйел орнын маңызды етіп, Жапония тарихы мен ҽйелдің ҽлеуметтік рҿлі тығыз қатынаста деп толғау салады.
Осы пікірлер аясында, Жапония қоғамында ҽйел кейіпі мен орны қандай ҿзгерістерге ұшыраған деген сұрақ туады.
Ҽйел орны, кейіпі жҽне маңызы ҽрбір дҽуірде ҽр қилы еді. Мысалға, ежелгі заман тарихында ҽйел дінде(синтоизм) жоғары мҽртебеге ие болған еді. Синтоизм діні бойынша ҽйелдер құдай дауысын еститін қасиетті жан ретінде қарастырылды. Сондықтан абыздардың кҿбісі ҽйелдер болып, оларға Мико пір ҽйелдері деген ат қойылған [1]. Ал Нара мен Хэйан дҽуірлерінде ҽйел жансыз тірі ағза ретінде саналды. А. Куланов мақаласына сүйенсек, ҽйел орта ғасырдағы буддизм дҽстүрлеріне сҽйкес, ҿткен ҿмірде кҿп жамандық жасаған ер адам деп есептеледі. Яғни ер адам болып, ҽр түрлі қылмыстарға күнҽлі болсаң, келесі ҿмірде қыз болып ҿз кінҽсін ҿтеу керек. Цукуба университетінің профессоры Исаи Масахиру пікірі бойынша Хэйан дҽуірінде буддизмге сену үрдісі
228
ұлғайғанымен, кейбір аймақтарда Мико пір ҽйелдердің маңызы ҽлі де сақталған. Камакура дҽуіріне қарай, жапон қоғамында самурай сословиесі алдыңғы қатарға шыққандықтан, ер адам рҿлі одан да күшейіп, ал ҽйел рҿлі үйге жҽне үй шаруаларына байланды. Камакура мен Эдо дҽуірлеріндегі ықпалы зор болған қытайлық философиясы бойынша ҽйел инь, ал ер адам янь деп бҿлінген. Яғни, ҽйел жер, ал ер адам аспан. Осы уақытта ҽйел самурайдың кҿлеңкесі сияқты, елеусіз болу керек деп саналды. Сонымен қатар ер адамы бар кез келген бҿлмеден ешбір дауыссыз шығу жҽне кіру идеалды ҽйелдің айқын ерекшелігі ретінде танылды.
Конфуцийдің «Ҽйел туралы үйдің сыртында ештеңе естелмеу керек» деген пікірі, жапондық қоғамда негізгі заңдардың біріне айналды. Ҽйелдің қоғамдағы ҽлеуметтік рҿлінің тҿмендеуіне қарамастан, ҽйел бойында ҽр қашанда мойымас мінез, қайжымас қайрат пен қайсарлық сезілді. Бірақ, ҽйелдің қоғам сахнасындағы маңызы тҿмендегенімен, отбасындағы рҿлі күшейе берді. Ал екінші дүниежүзілік соғысынан кейін ҽйел рҿлі керісінше барлық салаларда маңызы жағынан жаңартылды. 1946 жылдың Жапон Конституциясы жыныс жағынан кемсiтушiлiктiң жоқтығы жҽне теңдiкті жариялады, сонымен бiрге некелесудiң екi жақтың келiсiмi ҽйел құқықтарына кепiлдiк бердi [2]. Ҽсіресе 1947 жылдың Азамат кодексіндегі ер адам мен ҽйел құқықтарының заң бойынша теңдігінің маңызы айрықша болған. Ал 1986 жылдың тең мүмкіндіктер туралы биллі, жапон қоғамында жаңа кезеңнің басталуына себепші болды.
Қазіргі Жапонияда ҽйелдерге ҽлеуметтік, экономикалық кеңестік толық ашылып, енді ҿз жолын таңдауға мүмкіндік ашылды. Сонымен қатар, бүкіл ҽлемге жапондық ҽйелі қандай екені бас-аяғынан кҿрінді. Мусаси университетінің профессоры Ивао Сумико кҿзқарасы бойынша, бүкіл ҽлемде жапондық ҽйелдің кейіпі қате құрылған. XX ғасырдағы француз жазушы Лоти жҽне итальяндық композитор Пуччинимен кұрылған Чио-Чио-сан бейнесі шетел елдердің ақыл-ойларында нағыз жапондық ҽйел ретінде ұзақ уақытқа сақталғанымен, бүгінгі кейіпіне сҽйкес келмейді. Қазіргі жапондық ҽйелдері тҽуелсіз, жҽне қандай болуына еркін таңдау жасай алады. Бүгінгі таңда, ҽйел – Жапонияның ҽлеуметтік ҿміріне жауапты қоғамның негізгі мүшелерінің бірі. Енді Жапонияда ҽйелдің маңызы мен кейіпі жақсарып жатса, елден тыс барлық мемлекеттер осы ҿзгерістерді білу тиіс [3]. Жалпы алғанда Жапонияда ҽйелдердің рҿлі күннен күнге үлкейіп бара жатыр.
Барлық салаларда еркіндік ашылды. Білім деңгейі жағынан ҽйелдер ер адамдарды қуып жетті. Жапонияда мемлекеттік қызметке жие ҽйелдер алынып жатыр. Жүздеген жылдар бойы патриархаттық мемлекет, енді ғана теңдікке қолын жеткізді. Бірақ теңдіктің дамуы, жапон қоғамына қандай ҽсерін тигізеді деген сұрақ туады. Себебі барлық дҽстүрлер, ережелер мен ҽдет-ғұрыптар теңсіздік уақытында пайда болды. Басымдылығы ҽлі де сақталған. Сонымен қатар ҽйелдердің тҽуелсізденуі, ер адамдардың ҽлсізденуіне ҽкелу мүмкін. Жапон қоғамының қазіргі жағдайы тұрақсыз жҽне ҽр қилы проблемаларға толы.
Сондықтан ҽйелдер рҿлінің ҿзгеруі туралы мҽселені талқылауда бҿлшектеп қарастыру керек. Ал негізгі бҿлімдерінің бірі – қоғамдағы ҽйелдер маңызының артуына байланысты, пайда болған проблмелар.
Жалпы ҽйелдің ҽлеуметтік, экономикалық жағынан бостандығы жҽне кҿпмағыналығына байланысты, жапон қоғамы пайда болған кҿптеген мҽселерді талқылаумен шектелмей, шешу жолдарын табуға мҽжбүр болды. Зерттеулер негізінде коғамның үш ірі проблемаларын қарастыруға болады:
1. Демографиялық дағдарыс
2. Ҽйел жағынан бала ҿлтірушіліктің ҿсуі 3. Ер адамдардың ҽйелденуі
Демографиялық кҿрсеткішінің тҿмеңдеуі, бүгінгі таңда Жапониядағы алдыңғы қатарлы проблема. Соңғы санақтары бойынша, халықтың ҿсу процесі мүлдем тоқталды.
Бұл жұмыс күшінің жетіспеушілігіне ҽкеледі деп шетел ғалымдары болжам жасауда.
Сонымен қатар халықтың ҿсу процесінің тоқталуы, бүкіл елде жұмыс белсенділігіне кері ҽсер тигізеді. Ҽрине проблеманы шешу үшін, оның неден басталғанын білу керек.
Демографиялық проблеманың бастауы, ҽйелдердің қоғам ҿмірінде бостандығыменен 229
байланысты. Ҽйелдер еркіндік алғаннан кейін, некелесудің азаю тенденциясы байқалды.
Оның себебі, жаңа мүмкіншіліктерінің ашылуы болып табылады. Қазіргі кезде ҽйелдер ҿмірінің қандай болуына ҿздері таңдау жасай алатын. Ҿзіне ыңғайлы уақытта үйленеді, жұмыс табады жҽне керек болса бала туады. Бірақ басым кҿпшілігі жұмысқа, яғни тамаша мансапқа жетуге ҿзінің бүкіл ҿмірін арнайды. Бүгінгі таңда бұл таң қаларлық емес. Ҿмір ағымы тау ҿзендерінің ағысы сияқты жҽне тым қымбатты болып табылады. Сондықтан жапондық ҽйелдерге бір уақытта жақсы табыс ҽкелетін жұмыс табу, сонымен қатар тұрмысқа шығу, бала асырау қатты қиындық келтіріп отыр. Ал ҽйелдердің басымдылығы тұрмысқа шықпай, ҿмір бойы жұмысқа байланып жүрсе, онда бұл ҽрине демографиялық проблеманың ҿршуіне ҽкеледі. Жапон ҽйелдірдің кҿбісіне қазіргі кездегі ҿмірі ұнап жүр жҽне оны ҿзгертуге арналған ҽрекеттердің іске асыруына үзілді-кесілді жауап береді.
Нҽтижесінде халық санының тҿмендеуі ешқандай ұйғарынды шешімге келмей жүр. Бірақ жапон ғалымдарының зерттеулері негізінде, керісінше Жапония үшін 127млн. жуық халық саны ҿте кҿп деген шешімге келуге болады. Халық саны еке есе азайса да, мемлекетке(қоғамға) бұл ешқандай қауіп келтірмейді. Ҽр уақытта, қандай да кризис
бол мас ын нем
есе таб иғи апа
тта р бас тал са да, жаппон халқы еңбек етуге қабілетті. Жапондықтар барлық мағыналарда экономикалық тұрғыдан белсенді халық. Сондықтан демографиялық кҿрсеткішінің тҿмендеуі сияқты ғаламдық проблемалар жапон халқына, соның ішінде жапон ҽйелдеріне шешуге міндетті мҽселе емес. Бірақ мұндай бейберекеттілік қоғамға қауіп тҿндіреді, ҽлде пайда ҽкелеледі ме? Қазіргі кезде ғалымдардың мүмкіншілігі тек қана болжам жасауда.
Соңғы уақытта жапон қоғамындағы кұндылықтардың түбегейлі қайта бағалау процесі кең ҿріс алды. Аз-аздап бұл қоғамның қаназдығына ҽкеліп жатыр. Жапония дамудың жалпы тенденциясы, соның ішінде экономика мен ҽлеуметтік ҿмірінің кризисі, қоғам тоқырауының жҽне ертеңгі күндегі сенімсіздіктің таралуына себепші болып табылады. Сондай тоқыраудың нҽтижесі ретінде, ҽйелдер арасында балу ҿлтірушіліктің кең ҿріс алуын мысалға келтіруге болады. 2012жылы қыркүйек айының сегізінші күні Жапонияның атақты Цукуба(Ибараки префектурасы) қаласының сақтау камерасында жаңа туылған нҽресте табылды. Кейіннен қылмысты отыз жастағы Миюки Нагаминэ жасағаны білінді. Міне Миюки Нагаминэнің тұтқынға алудың алдындағы сҿздері: "Біз күйемен айрылысып қалдық, баламды бір ҿзім ҿсіріп алуына сенімдікті жоғалттым". Бірақ ҽр бір ана "Неге?" деген басты сұраққа осылай айқын жауап бере ала ма? Таварамото(Нара префектурасы) қаласындағы Масаѐ Ёнэдзаваны келесі мысал ретінде келтіруге болады.
2012 жылдың шілде айында ҿзінің бір жасар қызын ҿлтіріп тастады. "Мен одан шаршап, күн сайын оның басын ұра бердім" деп полицияға ҿзінің негізгі себебін айқындады.
Мұндай ҿз баласына деген жауыздық, қазіргі таңда бүкіл Жапонияға таралуда. 2010 жылдың санағы бойынша, соңғы жиырма жыл ішінде бала ҿлтірушілік елу есе кҿбейді (1990 жылы 1101 рет жҽне 2010жылы 56 384рет). 1990-2010 жылдар аралығындағы сызбанұсқа Кесте №1 [4]
Ҽрине ҽділ себептерінің бірі – отбасының дҽстүрлі үлгісінің бұзылуы. Масами Охината(Кэйсэн университеті) пікірі бойынша, қазіргі жапондық ҽйелдерді мансап жҽне біліммен жарылқау, балаларды асырау мен тҽрбие берудегі негізгі проблема. Қазіргі жапондық ҽйелдер балаларды қалай асырау жҽне үй шаруаларын жұмыспен қалай қиыстыра алатынын білмейді. Сондықтан балалар арасында ҿлімнің ҿсуі кең ҿріс алуда.
Жапониядағы ана-қанішерлердің негізгі сипаты: басымдылығы айыпты мойындап, полицияға ҿздерінің балаларын ҽкелетін(ҿлі немесе жарақатталған). Немесе ҿз-ҿзіне қол жұмсау ҽрекеттерін жасайды.
Ҽр түрлі заңдар, жазба бұйрықтар мен ережелерлерге толы Жапонияда «гири» атты қоғам алдындағы парыз ұғымы бар. Зерттеу негізінде қоғамдағы ең қорғансыз топтардың бірі- бала деп тұжырым жасауға болады. 2006 жылы Жапон үкіметі тарапынан балаларды қорғау мен ата-аналарға кҿмекке арналған он-жылдық жоспарға қаржы бҿлінді. Кейіннен бүкіл елде жоспар бойынша 1700 жуық орталық ашылды. Бірақ орталықтарда кҿбісі білікті мамандар емес(90% пайызы волонтер), ал балалар құқықтары бойынша мамандалған заңгер саны 100-ге жетпей жатыр. Қазіргі кезде, Жапония бала ҿлтiру проблемасына шешiмiн табатынына үмiттенуге ғана қалады, ал ойланып қарасақ қандай да қоғам болмасын жақында болған оқиғалардан алдыменен қалтырап, содан соң ойланып, керек шараларды қолдана бастайды. Сондықтан жапондық талдампаздар пікірі бойынша, бала ҿлтірушілк мҽселесі бір-екі жыл ішінде шешілмейді жҽне ол үшін қоғам құрылымын толығыменен ҿзгерту керек.
Тағы да бір жапон қоғамында етек алып жатқан проблема - Soshoku Danshi (сосѐку данси) – «Шҿпқоректі еркектер». 2006 жылы жазушы жҽне жапон мҽдениеті туралы бағана жүргізетін Маки Фукасава(Maki Fukasawa) жас жапондық ер адамдарға қатысты «Soshoku Danshi» терминді ойлап тапты. Кейіннен термин жҽне оның шығу себебі, жапон қоғамында негізгі мҽселеге айналды. Ҽйелдер еркіндік алғаннан кейін, Жапонияда XX ғасырмен салыстырғанда 2001 жылдан бастап еркін бҽсекелестік басталды, яғни барлық жұмыс орындары ҽйелдер мен ер адамдар арасында тең берілген.Сонымен қатар елде экономикалық кризис пен жұмыссыздықтың ҿсуі арта берді. Ер адамдар арасында осы жағдай қатты ҿзгеріс ҽкелді. Мҽселені шешу үшін ер адамдар бірқилы шешімге келді. Экономикалық жҽне ҽлеуметтік кризис уақытында, одан да батыл, қайратты, қуатты болудың орнына, ер адамдар ҽлсіз, нҽзік, сенімсіз болуға шешім қабылдады. Бір сҿзбен айтқанда, «шҿпқоректі еркектерге»
айналды, яғни қоғамда белсенді емес, ҽйелдерге қызығушылықты жоғалтып назар бҿлмейтін нҽуетек ер адамдарға ҿзгерді. «PARTNER AGENT» некелесу агенттігінің зерттеулері бойынша отыз жастағы 400 бойдақ еркектердің 75% пайызы ҿздерін «сосѐку данси» деп санайды, яғни бойдақтардың басымдылығына осындай ҿмір сүру салты тҽуір кҿрінеді. Ал
"Herbivorous Ladylike Men Are Changing Japan"(Шҿпқоректі ҽйел сияқты еркектер Жапонияны ҿзгертеді) кітаптың авторы Мегуми Усикубо пікірі бойынша 20-34 жас аралығындағы ер адамдардың үштен екі бҿлігін ішінара «шҿпқоректілерге» жатқызуға болатын. Сонымен қатар қазіргі тенденция, ҽйелдердің ҿзіне сенушілік сезімінің артуына байланысты реакция деп санайды. Шынында мҽселенің түбіне қарайтын болсақ, ҽйелдердің рҿлі кҿтерілгеннен кейін жапон қоғамында біршама ҿзгерістер басталды. Ҽрине ер адамдардың ҽлеуметтік жҽне экономикалық жағынан рабайсыз қылықтарын экономикалық кризиспен байланыстыруға болады. Бірақ кҿптеген ғалымдардың пікірі бойынша, қоғамдағы ҽйел рҿлі, ҿзгерістердің бастауы болып табылады. Біріншіден ҿзіне сенімді жҽне тҽуелсіз ҽйелмен танысу ҿте қиын.
Бұл ер адамдардың ҿзіне сенушіліктің азаюына, отбасы кұруға ұмтылысының кемуіне, яғни еркектердің ҽлсізденуіне ҽкеліп соқтырады. Екіншіден бҽсекелестіктің күшеюі. Осы тұрғыдан ер адамдардың арасында жұмыссыздық мҽселесі кең ҿріс алды. Соңғы санақтарға сүйенетін болсақ, Жапонияда жұмыссыздық 6% пайызға артты. Халықаралық ҿлшемдері бойынша бұл ҽлі де тҿмен болғанымен, Жапонияда ең жоғарғы кҿрсеткіш болып табылады. Ҽрине Жапония үкіметі үшін ер адамдардың ҽйелденуі туралы терең ойлы түрмен пайымдауға жҽне тікелей шара қолдану қазіргі уақытта мүмкіншілгі жоқ.
231
Бірақ жақын уақытта бірыңғай шешімге келмесе, Жапония мемлекетінің құрылымының қиратылуына ҽкелуі мүмкін.
Қорытындылай келе ҽйелдер – жапон қоғамының қозғайтын күші жҽне ең белсенді халықтың бҿлігі болып табылады. Жылдан жылға жоғарғы оқу орындарына түсетін ҽйелдер саны арта бара жатыр. Білім кҿрсеткіштері бойынша ер адамдардан асып түсуде.
Сонымен қатар қоғам қозғалыстарының негізгі қатысушылары ҽйелдер деп саналады.
Отбасы тұрғысынан ҽйел патша, ал формальды түрде күйеуінің кҿлеңкесі. Кейбір мамандар қазіргі жапондық отбасындағы құрылымды «жасырын матриархат» деп санайды. Ҿзінің 3000 мың долларға жуық айлығын, толығыменен сҽнді киімге, шетел елдер сапарына жҽне ызыққан нҽрсеге жұмсай алады [5]. Дегенмен, ҽйелдердің тікелей ықпалында болып жатқан жапон қоғамындағы ҿзгерістер «үнсіз тҿңкеріске» ҽкеліп жатыр. Бірте-бірте осы қозғалыстар жапон халқының ҿмірлік ұстанымы мен ҿмір сүру салтына қайтымсыз түрде ҿзгертулер енгізуде.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Исаи Масахиру. История культуры Японии на русском и японском языке. - Ташкент: ТашГУ, 2007. - 168 б.
2. Тихоцкая И.С. Современные японки: покорные или независимые. // Азия и Африка сегодня — 1997. № 2 - С.28-35.
http://gazeta.zn.ua/CULTURE/sovremennye_yaponki_pokornye_ili_nezavisimye.html 3. Ивао Сумико. Социальное влияние изменения стиля жизни, сознания и
роли женщины в современном японском обществе [Электронды ресурс]
2004 — http://www.japon.ru/?TextArchive&ID=102
4. Министерство здравоохранения, труда и благосостояния.
http://www.mhlw.go.jp/seisakunitsuite/bunya/kodomo/kodomo_kosodate/dv/dl/120502_
01.pdf
5. Овчинников В.В. Ветка сакуры тридцать лет спустя. - М: Дрофа, 2006. - 27 б.