• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗІРГІ ЖАПОН ТІЛІНІҢ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗІРГІ ЖАПОН ТІЛІНІҢ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

Уважаемый мистер Роджерс!

Благодарю Вас за письмо о нашем менеджере по продажам. Конечно же, получить такое письмо было очень неприятно. Я незамедлительно попрошу его непосредственного начальника рассмотреть возникшую ситуацию. Я признателен Вам за то, что Вы сообщили мне об этом инциденте и заверяю Вас, что возьму ситуацию под свой личный контроль.

Искренне Ваш Робин Смит

Переводчик транскрибирует имя «Rogers», которое при переводе на русский звучит «Роджерс».В данном примере мы видим перестановку. Как известно порядок слов в английском и русском языках не одинаков. В следующим предложении мы видим использование генерализации - замены единицы языка оригинала имеющее более узкое значении с более широким значением: Line Manager - непосредственный начальник.

В этом примере мы видим использование номенклатурной лексики, что характерно для деловой корреспонденции: Sales Manager, Line Manager, Managing Director. Заключительная форма вежливо- сти - как и приветствие, отражает уровень взаимоотношений отправителя и получателя, поэтому по стилистике приветствие должно соответствовать заключительной форме вежливости: Yours sincerely - Искренне Ваш. Клише: Thank you for your letter…- Спасибо за ваше письмо…. Для этого письма характерна нейтральность.

Таким образом, необходимо отметить, что несовпадение в строе двух языков представляют большие трудности для перевода. Решение таких проблем достигается умением правильно производить переводческие трансформации, а также необходимо отметить, что язык официально-деловых документов характеризуется частой повторяемостью и единообразием речевых средств. Поэтому в нем много речевых клише (штампов), которые помогают конкретнее, лаконичнее и понятнее выразить мысль, полностью исключить различное понимание конкретного текста. Отсюда установка на стандартизацию языка при отображении типовых ситуаций делового общения и сужение диапазона используемых речевых средств.

ЛИТЕРАТУРА

1. Культура русской речи. Учебник для вузов. Под ред. проф. Л. К. Граудиной и проф. Е. Н. Ширяева. - Мо- сква,1999. – 250 с.

2. Федоров А.В. Основы общей теории перевода. -Москва: Филология три, 2002 . - 28 c.

3. Латышев Л.К. Технология перевода. -Москва, 2001.- 36 с.

4. Казакова Т. А. Практические основы перевода. Учебное пособие. - СПб .: Лениздат; Издательство «Союз», 2000. – 114 с.

5. Сыроваткин С.Н. Теория перевода в аспекте функциональной лингвистики. - Калинин, 1978-79 с.

6. Берг Е.Б. Основные инструменты профессиональной коммуникации в правовой сфере (терминология, оце- ночные понятия, дефиниции) // Языки профессиональной коммуникации. Материалы международной научной конференции. -Москва, 2006-16 с.

7. Шевнин А.Б. Официально-деловой стиль. Матрица переводческих проблем: учебное пособие. – Екатеринбург, 2010.-14 с.

Поступила в редакцию 17.01.2012.

Д.Т. КӨПТІЛЕУОВА, Қ.М.БАТҚАЛОВА

ҚАЗІРГІ ЖАПОН ТІЛІНІҢ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

The Article provides general characteristics to the system of formation and peculiarities of terminological lexicology of modern Japanese language on the basis of examples. Besides it provides information regarding the ways of entering new words into the terminology system of Japanese language and to its main sources.

Жалпы жапон тілінің терминологиялық жүйесі әлемдегі өзге де жетілген тілдерге тән қасиеттерге ие, атап айтқанда оған жүйелілік (сыртқы және ішкі тілдік жүйелілік), атаудың нақтылығы, бірмағыналылығы, арнайы тілдік бөлім шеңберіндегі стилистикалық бейтараптылық және т.б қасиеттер кіреді. Сонымен қатар басқа тілдермен салыстырғанда жапон тілінің сөздік құрамы өзгеше болып табылады, бұл әсіресе жоғарыда аталған қасиеттердің көрініс табуындағы бірқатар ерекшеліктерден байқалады.

(2)

Жапон тілінің терминологиялық лексикасында кангоның үлесі басым болып табылады. Бұл терминнің синтетикалық тілдік құралдармен белгіленуіне айтарлықтай кең мүмкіндіктер ұсынады, ең алдымен, ғылыми түсініктердің жүйелік иерархиясының түрлі байланыстарын (түрлілік, тұтастық, бөлектік) білдіруде айтарлықтай рөл атқарады [1, 117].

Бұған келесі атауларды: КИКОУ «ұйым, жүйе», КЁ:РЁКУ-КИКО: «ынтымақтастық ұйымы», КИКО:КАЙКАКУ «жүйелік реформа», ДЗЭНО: АНХО: КЁ:РЁКУ-КИКО: «Еуропадағы ынтымақтастық және қуіпсіздік жөніндегі ұйым (ОБСЕ)» мысалға келтіруге болады.

Жапондық лексикаға өзге тілдермен салыстырғанда көпмағыналылық аса тән ерекшелік емес.

Дегенмен жапон терминдерінің арнайы тілдік бөлім шеңберінде кездесетін көпмағыналылығы, немесе омонимияның жиі орын алуын жоққа шығаруға мүлде болмайды. Мысалы, КО:КУ:ТАЙ термині Жапонияның «қорғаныс күштері» саласында бағынуы, мақсаты, құрылымы, саны және қаруландырылуы бойынша айтарлықтай ерекшеленетін түрлі үш бөлімшені, яғни «қорғаныс күштерінің» әскери-теңіз күштерінің әуе эскадрильясын, әскери-әуе күштерінің талқандау әуе тобын, әскери авиация бөлімін білдіреді.

Жапон тілінде терминологиялық дублеттілік жағдайлары кездеседі, ол біріншіден толық және қысқартылған терминдердің болуымен (СЭККЭККЮЮ: ТИНКО:-СОКУДО және СЭКИТИН -

«эритроциттердің орнығу жылдамдығы, СОЭ) және терминнің бірнеше морфологиялық түрлерінің (КАКУНЭНРЁ: -САЙСЁРИ және КАКУНЭНРЁ: -САЙСЭЙ – «ядролық отынның регенерациясы») қатар кездесуімен түсіндіріледі. Сонымен қатар пайда болу тегі жағынан айырмашылығы бар лексикалық бірліктердің мағынасының ұқсас болуының кең таралуына байланысты жапон тілінде сәйкес типтегі дублет-терминдар кең таралған (ТАЙСЭЙ және «жүйе», СИКЭН және ТЭСУТО –

«сынақ» ).

Жапон терминологиясы жүйесінде зат есімдер тобы (КЭЗДЗАЙ -ЭНДЗЁ «экономикалық жәрдем», ДАЙТО: РЁ: «президент»), етістіктер тобы (ЭНТЁ: СУРУ «ұзарту (сапар мерзімін)», СЮССЭКИ- СУРУ «қатысу») және есімдіктер тобы (ТЭЙКИ «тұрақты», «өзара, ортақ») жиі кездеседі. Алайда соңғы екі топтың үлесі айтарлықтай көп емес. Жапон терминологиялық жүйесінде үстеу іс жүзінде кездеспейді [2, 79].

Пайда болу сипаты бойынша жапон тілінің терминологиялық жүйесінде жалпы қолданыстағы лексикаларға тән жүйелік топтарды атап өтуге болады. Оның ішінде ваго (ХИКИ-ДАСУ «алу», УРИ- АГЭ «сату»), канго (КОКУСАЙ-ДЗЁ:СЭЙ «халықаралық жағдай», СЭЙДЗИ «саясат»), гайрайго СА- МИТО «саммит», МИСАЙРУ «ядролық қару») және араласқан құрамдағы бірліктер (САНДАНТОБИ

«үштік секіру», АВС Э: -БИ: -СИ: -ХЭЙКИ «жаппай қыру қаруы»).

Қолдану жиілігі бойынша екінші орындағы топты гайрайго, яғни кірме сөздер құрайды. Гайрай- го кейбір терминдік жүйеде қолданысы бойынша кангодан қалыспайды, кей кездері тіпті техника, спорт және өзге де салаларда қолдану жиілігі бойынша артып түседі. Ваго негізінде қазіргі кезде- гі терминдердің қалыптасуында белсенді рөл атқармайды, сонымен бірге олардың терминология саласындағы қолдану жиілігі жалпы қолданыстағы лексикамен салыстырғанда айтарлықтай көп емес. Вагоның тағы бір ерекшелігі оның арнайы және жалпы қолданыстағы мағыналарды жиі алмастыруында, мысалы, ХАСАМИ – «қайшы» және әскери мағынада «қамту», бұл ерекшелік басқа жүйелік топтағы терминдерге аса тән емес ерекшелік болып табылады.

Морфемдік құрам тұрғысында терминология жалпы қолданыстағы лексикадағыдай құрылымдық түрлерден тұрады, яғни жай (КУРУМА «машина», КУНИ «мемлекет»), аффиксті (СЁКУ-ИН

«қызметкер», СИНАЙ «жергілікті»), күрделі (СЮДО: «басшылық ету», НАЙДЗЮ: «ішкі сұраныс») және күрделі аффиксті сөздерден (ТАЙСИКАН «елшілік», ФУАНТЭЙ «тұрақсыздық»), сонымен бірге сөз тіркестерінен (ХО:СОКУ-КИКАН «бұқаралық ақпарат тарату ұйымы»). Терминдердің басым көпшілігін күрделі сөздер, сөз тіркестері құрайды, олардың үлесі жалпы қолданыстағы лексикаға қарағанда айтарлықтай жоғары.

Жалпы, терминді зерттеу ғылымында терминдерге салалық номенклатураның бірліктерін қарсы келтіру үдерісі қабылданған. Номен деп аталатын бұл бірліктер әдетте өз құрамына жеке есімдер мен сан есімдерін кіргізеді. Осындай бірліктер арнайы жапон тіліндегі тілдік топтарда да кездеседі:

НИХОН-КИСЁ:-ГАККАЙ «жапон метеорологиялық қоғамы», КК – ИСИХАРИ-КЭ:КЭ: «Исикавадзима Харима дзюкогё акционерлік компаниясы».

Алайда еуропалық тілдердерде көптеген номендер құрамына терминдер мен терминдік элементтер мүлдем кірмейді, осыған байланысты бұл номендер мағыналық күшке ие болмайды. Ал жапон номенклатурасының бірліктері жеке есімдер және сан есімдермен бірге жақтық қатынасты білдіретін

(3)

терминдер мен терминдік элементтерді қосады (санау жұрнақтары). Сондықтан да жапондық номендерге әдетте ішкі тілдік терминдік жүйелілік тән [3, 7].

Қарастырылған сипаттамалар бойынша жапон терминологиялық лексикасының ерекшеліктері, ең алдымен, тілдік жүйедегі және жалпы лексикалық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Сонымен қатар тек жапон терминологиялық лексикасына тән өзге де ерекшеліктер бар. Жапон қоғамының даму ерекшеліктері мен дәстүрлеріне байланысты кейбір терминдік жүйелер өзге тілдермен салыстырғанда ерекше дамыған немесе тек жапон тілінде ғана кездеседі. Әсіресе буддизм саласына қатысты - сумо, кэндо және өзге де жапон ұлттық спорт ойындары түрлеріне қатысты терминдер. Дәл осы себептерге байланысты кейбір жағдайларда түсініктер жүйесі мен оларға сәйкес термин жүйелерінде айырмашылықтар болуы мүмкін [4, 35].

Сондай-ақ терминдердің микро жүйесі, жеке терминдер және олардың өзара байланысу деңгейінде де айтарлықтай айырмашылықтар болуы мүмкін. Осы айтылғандардың барлығы қостілдік коммуникация барысында терминологиялық лексикалардың мағынасын түсіну мен аударуда айтарлықтай қиыншылықтар тудырады.

Сонымен бірге жапон тілінің бірыңғай, яғни алфавиттік жазу жүйесін қолданатын өзге тілдерден ерекшелейтін тағы бір айырмашылығы бар. Мысалы, қазіргі кездегі славян, неміс және роман тілдерінің терминологиялық қорының басым бөлігі грек немесе латын тілдері негізінде қалыптасқан халықаралық терминдер немесе терминдік жүйелерден тұрады (динамо, термо, электро және т.б.

секілді). Сыртқы графикалық және дыбыстық үндестік, тіпті бұл терминдердің біртектілігі еуропа тілдеріндегі терминологиялардың халықаралық терминдерге айналуына септігін тигізеді, сонымен бірге оларды түсіну мен аудару ісін жеңілдетеді. Ал өзгеше жазу жүйесі қолданылатын жапон тілінде өзге тілдермен ортақ, тіпті біртекті терминдер мен терминдік элементтер қоры жоқтың қасы, ол өз кезегінде терминдерді аударуға да сәйкесінше әсер етеді. Сонымен бірге жазбаның иероглифтік жүйесін қолданатын жапон, қытай және корей тілдеріндегі терминдердің ұқсастығы мен біртектілігін ескере отырып жапон тілінде халықаралық терминдік элементтер мүлдем жоқ деп те айтуға болмайды.

Жалпы, жапон терминологиясының толығуы қазіргі кездегі жапон тілінің сөздік қорының қалыптасуына тән жолдармен жүреді.

Қазіргі кезеңде жапон терминологиялық қорын дамытуда термин құру жетекші рөл атқарады.

Оның ішінде ең өнімдісі қосу, аффиксация, аббревиация және аналитикалық деривация (тұрақты сөз тіркестерін қалыптастыру) болып саналады. Олардың терминологиядағы қызметі жалпы жапон тілінде сөздердің қалыптасуынан түбегейлі айырмашылығы жоқ, ал орын алатын кейбір айырмашылықтар негізінен статистикалық қолайлылыққа байланысты.

Қосу тәсіліндегі терминдердің қалыптасуында оларды тікелей құраушы бөліктердің теңсіз байланысы негізіндегі модел болып табылады: а) анықтауыш (САККЮ: «жедел», СЮ Ё: «ба- сым»). Жапон тілінің терминология жүйесінде үлесі үнемі артып келе жатқан 3-түбірлік құрамдағы бірліктірмен қоса (ГЭНСИРЁКУ «атомдық күш») көп-түбірлі бірліктер жиі кездеседі (ТОДО: ФУКЭН

«префектуралық»). Аталмыш қалып термин қалыптастыруда аса тиімді. Оның ең тұрақты тікелей құраушы бөліктері әдетте сапалық, сандық, кеңістіктік және мерзімдік қатынастарды білдіретін түбірлер: ДАЙ «үлкен», СЁ: «кішкентай», ТЮ: «орташа», ТА «көптеген», ТЭЙ «төмен», ТЁ: «ұзын», ТАН «қысқа», ДЗЮ: «ауыр», КЭЙ «жеңіл», ДЖЁ: «жоғарғы», КА «төменгі», НАЙ «ішкі», ГАЙ

«сыртқы», ДЗЭН «алдыңғы», КО «кейінгі» және т.б. болып табылады.

Тікелей құраушы бөліктердің тең немесе теңсіз ара қатынасы негізінде қосу арқылы терминдерді қалыптастырудың басқа қалаптардың тиімділігі айтарлықтай төмен. Жалпы айтқанда, қосу өзге тілдермен салыстырғанда қазіргі кездегі жапон тілінде терминдерді қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Аффиксация терминдерді қалыптастыруда қосу тәсілінен кейінгі орынға ие. Арнайы тілдік жүйелерде тек МУ теріске шығаруға арналған префикстері МУИСИКИ «еріксіз», ФУ (ФУСЭЙ

«әділетсіз», ФУДО:И «келіспеушілік»), ХИ (ХИКО:КАЙКАБУ «жабық есік жағдайында») және мамандыққа қатысты кейбір жұрнақтары (СЭЙДЗИКА «саясаткер», СЭНМОНСЯ «маман») ғана біршама тиімді болып келеді.

Аббревиация тәсілі терминдерді қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Жеке тақырыптық салаларда ол ерекше жемістілікпен ерекшеленеді: 3 және одан да көп морфемалардан тұратын қоғамдық, кәсіби, ғылыми-техникалық ұйымдардың, «қорғаныс күштері» бірліктерінің, компания және фирмалардың, ғылыми және әскери атақтардың барлығының дерлік немесе басым бөлігінің атаулары қысқартылуға жатады. Қысқартылулар негізінен жүйелік семантикалық қалыптар арқылы жүзеге асырылады.

(4)

Мысалы, ТО:ДАЙ ТО:КЁ:ДАЙГАКУ «Токио университеті», АНХО: АНДЗЭН-ХОСЁ: «қауіпсіздік кепілі».

Көптеген экономикалық, спорт, әскери мәтіндерде осындай аббревиатуралардың қолданылу аясы өте жоғары, атап айтқанда компания акцияларының тізімі, спорт жарыстарының нәтижелері және өзге де ақпараттан тұратын мәтіндерде жиі кездеседі.

Жапон тіліндегі ғылыми-техникалық және өзге де арнайы терминдердің қалыптасуында аббревиацияның жалпы тиімділігі айтарлықтай. Мысалы, МУДЭН МУСЭН-ДЭНВА «радиотеле- фон». Алайда кейбір терминдік жүйелерде тікелей жапон тілінде қалыптасқан аббревиатуралардың саны көп емес, өйткені терминдердің қысқаша үлгісінің рөлін графикасының сақталуы арқылы басқа тілдерден енген аббревиатуралар жемісті атқаруда (ДЗИДО:-ДЭ:ТА-СЁРИ-ХО:СИКИ ADPS

«ақпаратты талдаудың автоматтандырылған жүйесі», АС Э:СИ:-МО:ТА: «ауыспалы тоққозғалтқышы»).

Аналитикалық деривация, яғни тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасуы, әдетте зат есімдік топтардағы, бір түбірлік терминдердің қалыптасуымен салыстырғанда терминдерді қалыптастырудағы жемістілігі бойынша бірінші орынды алады. Осылайша, аталмыш әдіс жалпы жапон тіліне қарағанда арнайы тілдік жүйелерде маңызды рөл атқарады.

Жапондық терминологиялық сөз тіркестерінің барлығы дерлік міндетті түрде сын есімді қолдану арқылы анықтауыштық қалыппен құрылады. Бұл әсіресе екі құрамдық терминдердің мысалында жақсы бейнеленеді және олар барлық сөз тіркестерінің 70-80 пайызын құрайды (АНДЗЭН-СИНГО:

«қауіпсіздік белгісі», ДЗИНКО:-ИНТЭРИДЗЭНСУ «жасанды интеллект»).

Басқа терминологиялық сөз тіркес құрамдардың саны әдетте үшеумен шектеледі. Ұзақ сөз тіркестер біршама сирек кездеседі. Дегенмен құрамдардың санына қарамастан бұл бірліктердің барлығы 2 тікелей құраушы бөліктен тұратын анықтауыштық қалпы арқылы, яғни анықтауыш пен анықталатын заттан құралады. Бұл жерде бір немесе қос құраушы бөліктің әрқайсысы өз алдына сөз тіркесі болып табылады (КО:КУ:-СЯСИН-ТЭЙСАЦУ «әскери фото барлау»).

Бұдан да көп құрамдас бөлшектен тұратын сөз тіркестерінің құрылымы күрделене түседі: Ito / Ito+[+/+/]/ИТОГАТА-КАКУРИЦУ-БИБУН- ТЭЙСИКИ «Ито мәніндегі стохастикалық дифференци- алды теңдеу»).

Кейде тікелей құраушы бөліктің біреуі, әдетте анықтауыш, құрамдық қалып бойынша құрылуы мүмкін: ДЗЭММЭН ХО::КАНДЗЭН-ГУНСЮКУ «жалпылай және тұтас қарусыздандыру».

Сөз тіркесіндегі негізгі сөздің бекітілгендігі және қосмүшелілік сөз тіркестері құрылымының нақтылығы көптеген жапон терминдерінің мағынасын түсінуді және аудару барысында олардың сәйкес баламасын табуды жеңілдетеді.

Сонымен бірге аударманы қиындататын жағдайлар да баршылық. Атап айтқанда, жапон тіліндегі терминдердің барлық құрамдас мүшелері қарапайым қатар қою жолымен біріккен және олардың өзара байланысы сырттай еш байқалмайды. Осының салдарынан үш және одан да көп бөліктен тұратын жапон сөз тіркестерін түсіну және аудару жапон тіліндегі сөйлем құрылымын сараптау барысындағыдай міндеттерді шешуді талап етеді, яғни қай сөз қай сөздің анықтауышы екендігін түсіну қажет. Бұл міндеттің ойдағыдай шешілуі тек сөз құрылу сараптамасы арқылы мүмкін болып табылады.

Басқа тілдерден келген кірме сөздер жапон терминология қорын дамытуда әрқашан басым рөл атқарған. Алғашында олар иероглифтік жазылуы бойынша енген қытай терминдері болса, кейіннен голландық, ағылшын және өзге де еуропалық тілдерден енген фонетикалық кірме сөздер болып табылған.

Терминологияның тілге енуі, жалпы қолданыстағы лексика тәрізді, негізінен ағылшын тілі арқылы жүруде. Енгізу тәсілдеріне келер болсақ, терминологияда калькалау ерекше қызмет атқарады. Ол фонетикалық енгізуге қарағанда енгізілетін терминдердің анық ішкі формасын және олардың жүйелік қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе синонимдік калькалар мен фонетикалық кірме сөздерді салыстыру барысында айқын байқалады, мысалы, СЭКИГАЙСЭН және ИНФУРАРЭДДО – «инфрақызыл сәулелендіру», СЭНСУЙКАН және САБУ – «су асты кемесі», бұнда калькаланған терминдердің жүйелілігі СЭН «жебе» және КАН «әскери кеме» деген түбірлік морфемаларының болуынан нақты байқалады, осы морфемалар түрлі мағыналарды және терминдердің нақты микрожүйелерімен аталмыш калькаларды сәйкестендіреді [5, 123].

Сол секілді бірқатар салаларда, атап айтқанда техника саласында кангоның сөз құрастыру мүмкіндігі адамзат тарихында алғаш ашылған немесе жасалып шығарылған жаңа түсініктерді

(5)

калькалау әдісі арқылы нақты жеткізе бермейді. Кей жағдайларда бұл ұғымдарды кангоның көмегімен нақты жеткізуде олардың құрамы, құрылымы және көлемі бойынша жеткілікті деңгейде нақтыланбауы кедергі болады. Осыған байланысты аталмыш салаларда фонетикалық кірме сөздердің үлесі басым, мысалы, робот техникасы мен жасанды интеллект салаларында ИМИДЭЙТО-АДОРЭСИНГУ

«абсолюттік бағыттау», МЭКАНОКЭМИКАРУ-БУССИЦУ «механикалық химиялық зат». Жалпы жапон тіліндегі терминологиядағы фонетикалық кірме сөздер аударма барысында гайрайголарды түсіну мен мағынасын жеткізуді жеңілдетеді, өйткені қажет болған жағдайда ағылшын тіліндегі сөздіктерге жүгінуге болады [6, 11].

Жапон тіліндегі салалық терминология қорының даму көзі ретінде осы тіл шеңберіндегі лексиканы енгізу болып табылады. Нақтырақ айтқанда, жалпы қолданыстағы лексикалық бірліктердің арнайы терминологиялық мағынаға ие болуы арқылы терминдер қатарын ұлғайтуда. Мысалы, МАКУРА

«жастық» «мотор рамасы», ДАЙСАНДАН «баспалдақтың үшінші баспасы» «ракетаның үшінші сатысы». Жалпы, қолданыстағы КОКУДЭН қысқартылған «электричка» сөзі теміржол терминологиясында бекітілді, бұл жерде термин мемлекеттік теміржолдағы кез келген терминді емес, «әр вагонында 3 немесе 4 шығу есігі бар Токио және Осака қалаларының маңына қатынайтын жолаушылар поезді» білдіреді. Бұл қатарға, сонымен бірге, бір терминдік жүйеден келесі терминдік жүйеге ауысу жағдарлары да кіреді, мысалы, ДЗИНТИ әскери мағынада «ұстаным/позиция» дегенді білдірсе спорт әлемінде «алаңның өз жақ жартысы» мағынасында қолданылады.

Осылайша, жапон тілінің терминологиялық жүйесі жалпы өзге тілдерге ортақ қасиеттерге ие болуымен қатар, жеке өзіндік тілдік жүйесінің ерекшеліктеріне негізделген қасиеттерге ие болып табылады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Алпатов В.М. Структура грамматических единиц в современном японском языке. – Москва, 1979.

2. Пыриков Е.Г. Лексикология японского языка. – Москва, 1989.

3. Кондрашев В.В. Военная номенклатура Великобритании и США. – Одесса, 1982.

4. Пашковский А.А. Общая характеристика японской отраслевой лексики // Сб. Статей. -№2. – Москва, 1980.

5. Неверов С.В. Иноязычные слова в общественно-языковой практике современной Японии. – Москва, 1967.

6. Японско-русский и русско-японский авиационно-космический словарь. – Москва, 1989.

Редакцияға 14.02.2012 қабылданды.

Г.Қ. ҚАЛЫҚОВА

ЖАПОН ТІЛІНДЕГІ СЫПАЙЫЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР

This article contains formulas of politeness in Japanese. The Japanese language can express differing levels in social status. The differences in social position are determined by a variety of factors including job, age, experience, or even psychological state. The person in the lower position is expected to use a po- lite form of speech, whereas the other might use a more plain form. Strangers will also speak to each other politely. Japanese children rarely use polite speech until they are teens, at which point they are expected to begin speaking in a more adult manner. Whereas teineigo (polite language) is commonly an inflectional sys- tem, sonkeigo (respectful language) and kenjōgo (humble language) often employ many special honorific and humble alternate verbs.

Сөйлеу әдебі сөйлеу әрекетіндегі сөйлеу ережелері мен әдеп нормаларынан тұрады. Сөйлеу әдебі сыпайылықты білдіретін қосымшалардан немесе тіркестен тұруы мүмкін. Әдетте сыпайылықты білдіретін тілдік формулалар стандартталып келіп, көбінесе қаратпа сөздер, сәлемдесу, танысу, қоштасу, құттықтау, тілек білдіру, алғыс айту, кешірім сұрау, өтініш айту, шақыру, кеңес беру, көңіл айту, жұбату, құптау, марапаттау т.б тілдік конструкцияларда жиі кездеседі. Сөйлеу әдебі кезінде қолданылатын бұл формулалар айтушы мен тыңдаушының жасы, жынысы, қоғамдағы орны, қызметіне қарай тілдің бірнеше қызметін анықтап, атқарып отырады.

Сыпайы сөйлеудегі әр түрлі сөз орамдарын, әдептілікті көрсететін тұрақты сөз тіркестерін барлық

Referensi

Dokumen terkait

Сонымен қатар, христиан діні үшін монотеизм ғана емес, теоцентризм де тән – біртұтас Құдай әлемдегі барлық нәрсенің орталығы: сенім, ойлау, таным және т.. Жаратушы идеямен тікелей

Аталған мақалада тҥркі тілдеріне тән заттық мәдени атаулар және оның мағыналық, формалық айырмашылықтры тілдік- тарихи деректер арқылы анықталып, зерттеледі.. Қазіргі қазақ тілінде