Еуразия ұлттық университеті психология кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Кәрібаева Гүрназ Маратқызы Қазіргі кездегі психологияны оқыту әдістемесінің ерекшеліктері
Қазіргі уақытта психология барлық оқу орындарында, колледждер мен
мектептерде, біліктілікті жоғарылату орындарында оқытылады. Оқытылатын курстардың көлемінің, тереңділігінің айырмашылықтарына, әр түрлі салалар бойынша мамандарды дайындаудағы оның мазмұнының ерекше
бағыттылығына қарамастан психологияның оқытушыларына оның оқыту әдістемесін меңгеру қажет. Әрбір оқытушы әдістемелік әдебиеттерді қолдануда белгілі бағыттарды ұстанады немесе жаңа бағыттар бойынша жұмыс жасайды. Тек шебер оқытушыда ғана өзіндік әдістемесі болады, ол тиімді оқытудың жаңа тәсілдерін шығара біледі.
Оқытуды ұйымдастыру оқу пәнінің мазмұның құрайтын білімдерді есте сақтайтын мамандарды дайындайтын әдістемелерге бағытталады. Бірақ
осындай әдістер тұлғаның шығармашылық деңгейінің дамуына
бағытталмаған. Оқу процесін осылай ұйымдастыру оқушы іс-әрекетінің пәндік білімдерді меңгеруіне ғана әкеледі. Бұл оқу іс-әрекетінде дайын пәнге байланысты білімдерді тек жаттап алумен ғана шектелуді көрсетеді. Бұл әдіс пәнді терең меңгеруге, тұлғаның шығармашылық ойлауының дамуына кері әсерін тигізеді. Оқытудың негізгі мақсаты оқу іс-әрекеті процесінде
өзбетінше оқып, өзінің кәсіби іс-әрекетінде жаңа білімдер шығаратын тұлға емес, тек білімдерді меңгерту ғана болып табылады. Осыған байланысты оқытуды ұйымдастыруда дайын білімдерді есте сақтауға ғана бағытталмай, жеке тұлғаны қалыптастыруға, шығармашылық ойлауды дамытуға,
тәжірибенің қажеттіліктеріне қатысты ғылыми білімдер мен қоғам өмірінің сәйкестілігін талдай отырып, ұйымдастырылуы керек. Олай болса, оқыту іс- әрекеттік бағыттың әдіснамалық принципіне негізделуі керек, яғни оқытушы емес студенттің өзі өзбетінше оқып үйренеді [1]. Студенттің танымдық іс- әрекеті қаншалықты белсенді болса, оның пәнді меңгеру тиімділігі жоғары болады. Оқытушының ролі осындай жағдайда оқу процесінің
ұйымдастырушысы ретінде ғана болып шектеледі. Осындай ұйымдастыруға байланысты студент ақпарат жинауда пассивті емес керісінше, белсенді роль атқарады. Оқу іс-әрекетін осылай ұйымдастыру әдістері оқытудың белсенді әдістері ретінде анықталады. Психологияны оқытудың белсенді әдістері ретінде біріккен және жеке оқу іс-әрекет жағдайында оқытуды
шығармашылық іс-әрекет ретінде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әдістер деп түсінуге болады [2]. Психологияны оқыту әдістемесі психологияны меңгеру мен оқыту бойынша сабақтардың белгілі түрлерінде белсенді әдістерді пайдалану ретінде қарастырылады.
Психологияны оқыту әдістемесі психологиялық білімді жеткізетін оқытушының және білім алатын студенттің тұлғалық ерекшеліктерін ескеруді бірінші орынға шығарады [1].
Әрбір оқытушының өзін тыңдайтын аудиторияға келгендегі мақсаты оларда өзінің пәніне деген қызығушылық туғызу. Аудиторияны пәнге қызықтыра алу пәнді оқыту әдістемесінің ерекшеліктерінен басқа,
оқытушының жеке тұлғасына байланысты психологиялық ерекшеліктерге негізделеді. Біріншіден, бұл аудиторияға келген дәріс оқушының беделі.
Аудиторияның алдындағы оқытушының негізгі міндеттерінің біріне оқытушы өзін жоғары деңгейдегі ақпарат беруші ретінде таныта алуы.
Оқытушы беделін қоғамда қалыптасып қалған стеоретиптер де сипаттайды:
оның жасы, әлеуметтік статусы, жоғары деңгейлі кәсіби салаға қатысы, т.б.
Осылардың ішіндегі оқытушының деңгейі жоғары әлеуметтік топқа
жататындығы ең жоғары бағаға ие болады (кәсіби біліктілігі, негізгі білім алған орны, статусы, кандай ортада жұмыс жасағаны т.б.). Оқытушының беделі аудиторияның берілген ақпаратқа сенімділігін, қызығушылық деңгейін жоғарылатады. Осыған байланысты психологиялық зерттеулерде оқытушының беделін аудиторияның алдында қөтеруге байланысты бірнеше факторларды қарастырады. Бұл жарнамалық тәсілдерді пайдалану арқылы, яғни өзін сыртқа көрсете білу арқылы өзінің беделділігін көтеру. Оның біріншісіне оқытушының сырқы имиджі жатады. Сырқы имидж түсінігіне оқытушының сырқы киімінің іскерлік стильде болуы, шашының белгілі стильде болуы, портфель, т.б. Сырқы стиль арқылы оқытушы өзінің кәсіби маңызды қасиеттерін, белгілі әлеуметтік ортаға жататынын көрсетуге тырысады. Дж.Моллойдің «Одежда для успеха» кітабында қоршаған ортадағы адамдарға өзінің іскерлігі, білімділігі туралы хабар беретін оның киім киісі болып сипатталады. Мысалы, іскерлік әрекет саласында қара түсті киімдер, көп боянбау, үлкен портфель, т с.с. маңызды орынға ие болады.
Бірнеше психологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша, егер адам белгілі бір кәсіби деңгейге жеткісі келсе, сол кәсіби іс-әрекеттің әлеуметтік жағдайына байланысты киінуі керек. Кейбір жағдайларда оқытушылар әдейілеп нақты аудиторияның қабылдау стереотипіне сәйкес киінеді.
Мысалы, студенттермен бір деңгейде болу үшін джинсалық костюм, модаға сәйкес киімдер киеді. Бұл жағдайда оқытушы өзінің демократиялық стильді қолдайтынын көрсетеді.
Оқытушы өзінің киімі бойынша пікір қалыптастырумен қатар, аудиторияның алдындағы жүріс-тұрысының, қозғалыстарының да мәні бар. Осыған
қатысты біріншіден, аудитория мен оқытушының арасындағы дистанцияны дұрыс таңдау қажет. Оқытушы үшін бұл 1,2 ден 3 метрге дейін және одан жоғары болуы мүмкін, оны әлеуметтік немесе қоғамдық зона деп анықтайды.
Егер 1,2 метрден кіші болса, бұл жеке тұлғалық зонаға кіру ретінде сипатталады және тыңдаушылардың қысылуына, зейіндерінің бөлінуіне әкеледі, кейде қарсылық туғызуы мүмкін. Сол сияқты кейде түсіндіру барысында оқытушы аудиторияға теріс қарап тұратын жағдайлар да кездеседі. Мысалы, тақтаға жазып, қосымша сөйлеп тұратын жағдайда
аудитория оның айтқандарын толық қабылдай алмайды. Сонымен қатар, оқытушының беделін сипаттайтын тағы бірнеше сырқы факторлар маңызды роль атқарады. Ол денені тік ұстау, өз эмоцияларын қадағалай білу, дауыс ырғағы, сөйлеу мәнерлігі, сөз арасында пауза сақтай білуі, т.б.
қарастырылады [3].
Сонымен қатар, психологияны оқыту әдістемесінде студенттің тұлғалық ерекшеліктерін ескеру маңызды орынға ие болады. Психология пәні кешегі оқушының студенттік өмірге бейімделу кезеңінің басталуында оқытылады. Осы кезеңдегі студент тұлғасының психологиялық
ерекшеліктерін, жүріс-тұрысын, көңіл-күйін психологияны оқыту
әдістемесінде ескермеу мүмкін емес. Студенттік өмірдің алғашқы кезеңінде ол еркіндікті сезіне бастайды, мектептегіндей күнделікті қадағалау, үй тапсырмаларын міндетті түрде орындау оның өзінің жауапкершілігіне байланысты болады. Ол өзі дайындалса, тиісті бағасын алады және бұл сессия кезінде қиындықтарға әкелмейді. Сонымен қатар, студенттердің осы кезеңде оқуға деген мотивациясы жоғары болады. Осы күнге дейін
ғылымдандың көптеген түрлерін ол тек естіген болса жоғары оқу
орындарында ол олармен бірінші рет кездеседі. Психология пәні көптеген студенттерді қызықтырады. Біріншіден, психология студенттің өзін тануға мүмкіндік береді. Екіншіден, адамның психологиясын білу оның болашақ өміріне өте қажет екенін түсіне бастайды. Психологияға деген студенттің осындай қызығушылығын психологияны оқыту әдістемесінде ескермеу мүмкін емес. Студенттін осындай психологияға деген қызығушылығы психологияны оқытушының беделін арттыруға да ықпалын тигізеді.
Психология пәнін оқыту әдістемесіндегі тағы бір ескеретін ерекшелік бұл- оқытушы –студент жүйесіндегі өзара әрекеттесу, өзара қарам-қатынас
ерекшелігі. Психологиялық заңдылықтарды ескеретін болсақ, оқытушы мен студенттің шығармашылық іс-әрекеті, өзара әрекеттесуі тиімді болады, егер екі жақтағылар ғылыми білімдерді меңгерудің психологиялық
заңдылықтарын, тиімді меңгерудің психологиялық жағдайларын
түсініп,студент оқытудың психологиялық механизмдері туралы білімдерін пайдалана отырып берген материалды тиімдң меңгереді. Осы жағдайда оқытушы студентті оқуға үйретпейді, ол өзі оқып үйренеді. Оқытушы оның қызығушылықтарын арттыру мақсатында оған тек жағдай туғызады. Оқу іс- әрекеті бірігіп іс-әрекет ету ретінде қарастырылады және бұл оқыту
әдістемесіне әсер етеді. [1].
Сондықтан, психологияны оқыту әдістемесі студенттерді оқуға үйрету әдістерін де ескереді, психологияны ғылыми пән ретінде меңгеруге де
үйретеді. Осыған байланысты оқытушы психологияны оқытуда бірінші күннен бастап білімдерді меңгерудің психологиялық заңдылықтарын ашып көрсетуі тиіс, ол оқыту психологиясын практикада жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Психологияны оқыту әдістемесі студентті оқытуға емес, оны пәнге қызықтыра білуге, өзбетінше оқуға үйретуге және оның шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған.
Сонымен, жоғарыда аталған психологияны оқытушы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, психологияны оқушының психологиялық
ерекшеліктері психологияны оқыту әдістемесінде маңызды орынға ие болады.
Әдебиеттер:
1. Бадмаев Б.Ц. Методика преподавания психологии.- Москва, 2000-300 с.
2. Тутушкина М.К. Практическая психология для преподавателей.- М.: Информационно- издательский дом «Филинъ», 1997. -328 с.
3. Ляудис В.Я. Методика преподавания психологии.- М.,1994.-150 с.