ҚАЗІРГІ КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖАСАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Уразова Н.Ж., [email protected]
А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай Ғылымы жетекші – Ж. Сатмаганбетова
Ғылым мен техниканың жедел қарқынмен дамуы жылдан-жылға оқыту технологияларының жаңа, озық тҥрлерін ҧсынуда. Қазіргі кезде қоғамымыздың даму бағытында жҥктеліп отырған мҽселе - жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тҽрбиелеу. Мҧндай мақсаттың баянды болуы оқу-тҽрбие жҥйесінің ҥлесіне тиетінін ескерсек, жас буындардың білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Бҧрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен ҿнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, ҽлеуметтану, ақпараттық технологиялар, экономика, саясаттану жҽне т.б. салалардың кҿкейтесті мҽселесіне айналып отыр.
Бҥгінгі таңда балалардың сҥйікті іс-ҽрекеті - компьютерлік ойындар. Балаларға арналған компьютерлік ойындар баланың шығармашылық қасиеттерін, логикалық жҽне жобалық ойлау, алда болар шешімді болжау қабілеттерін дамытады.
Бірақ, бҧл компьютерлік ойындардың кҥңгірт тҧстары да бар. Қазіргі уақыттағы компьютерлік ойындардың тҥрлеріне байланысты, жасҿспірімдер шым-шытырман оқиғаларға толы шутерлік ойындарды ойнайды Мҧның баланың болашағын бҧлыңғырлайтын, ҿзін де, ҿзгені де ҧмытар лудоманияға салар қаупі бар. Себебі, бҥгінде кҿптеген балалар кейбір ойындардың салдарынан қоршаған ортамен байланысын жоғалтуда. Осыдан келіп оқшаулану, қалыптасқан дағдылардан айырылу, қатыгездену, жалғызсырау, ҿзінің ішкі ҽлеміне кету сияқты жайттар пайда болуда[1].
423
Ал, екіншіден, осындай виртуал ойынның оқиға желісін басшылыққа алып, шын ҿмірдегі ҽрекеттерін сҽйкесінше арнаға бҧрып жатқан жасҿспірімдер арасында топтасып тҿбелесу, қарақшылық шабуыл, нашақорлық сияқты келеңсіз кҿріністерді жиі байқаймыз.
Ақпарат қҧралдарына қҧлақ тҥрер болсақ, мҧндай проблема ҽлемнің кҿптеген елдерін алаңдата бастаған. Аталған мҽселенің ҿзектілігі соншалық, ол ҽлемдік деңгейде талайдан бері талқыланып келеді[2].
Интернет форумдардағы ой-пікірлерге назар салсақ, біреулер компьютерлік ойындарды «next-ҧрпақтың ҽу бастан жаңа технологияларға машықтандыратын бірден- бір қҧрал» десе, біреулер оларды «жеткіншектерді есінен адастырып, шынтуайт ҿмірге бейімделе алмай қалған дел-қҧлы адамдарды жасаудың қҧралы» дейді. Тіпті, біреулер артық та емес, кем де емес: «компьютерлік ойындар шетелдік қҧпия зертханаларда жасалып, адамдарды психологиялық программалауға арналған қҧрал» дейді[3]. Осы орайда мынадай сҧрақ туады: компьютер ойындары келешек ұрпақ дамуына шынымен де кері әсер ете ме?
Біз қарастырып жатқан ғылыми жобаның басты мақсаты да - балалар ҿміріндегі қазіргі зиянды компьютерлік ойындардың жағымсыз ҽсерлерін кҿрсете отырып, пайдалы жҽне жағымды ҽсер қалыптастыру жолдарын қарастыру.
Жобаны жасау барысында алдыменен елімізде компьютерлік ойындарды жасау мҽселесі қалай дамуда немесе қай елдің ойындары қолданылуда деген сҧраққа жауап іздедік. Содан кейін біздегі шындық қандай екенін кҿру ҥшін қаламыздағы кейбір мамандардың ой-пікірлерін тыңдап кҿруді жҿн санадық жҽне қазіргі балалар қандай компьютерлік ойын ойнауда, олардан алған ҽсерлері қандай, яғни пайдасы мен зиянын ажырата ала ма екен деген жҽне де т.б. сҧрақтар тҿңірегінде сауалнама жҥргіздік.
Жобаның келесі кезеңінде қаламыздағы бала бақшаларда, бастауыш мектептерде жҽне де кейбір компьютерлік салондарда қолданылып жҥрген ойын бағдарламаларына шолу жасап, оларға мҥмкіндігімізше талдау жҥргіздік. Сараптама барысында, бҧл компьютерлік ойындардың қайсысы жағымды немесе жағымсыз ҽсер беретіндігін талдадық.
Қоғамдық-ҽлеуметтік сауалнама мен интернеттегі ой-пікірлердің нҽтижесінде қазіргі компьютерлік ойындардың балалар ҿміріндегі алар орны ерекше екендігін байқадық. Нақты айтар болсақ, оқушылардың қызығып, қҧмартып ойнайтын компьютерлік ойындарының дені атыс – шабыстан тҧрады. Соның бірі қазіргі таңдағы ҽйгілісі, ҽрі елімізде кең тараған шутер жанрындағы Counter - Strike ойыны. Осы сынды шетелдің безбҥйрек ойындары бала бойына жауыздық пен мейірімсіздіктің дҽнін себуде.
Оның айғағы бҥгінде кҿптеген балалардың қалыптасқан дағдысынан айырылып, қатыгез ҽрекеттерге баруы.
Компьютерлік ойындар жайлы туындайтын алаңдаушылықтардың басты себебі мынада: бҧл ойындарды жобалағанда ҽртҥрлі қоғамда қалыптасқан салт-дҽстҥр мен наным-сенімдерге сҽйкес келмейтін тҧлғалар бейнеленіп, балаларға теріс мҽдени- ҽлеуметтік ҥлгілер ҧсынылады[4].
Бҥгінгі кҥнде біздің елімізде ҿзекті болып отырған бҧл мҽселеде ата-аналар балаларына мҧндай ойындарға ҽуес болуларына мҥмкіндігінше тыйым салуға, шектеуге тырысады. Бірақ бҧл – негізінен, мемлекеттік деңгейде қолға алынатын шара. Яғни жат сипаттағы компьютерлік ойын дискілерінің ел аумағында таралуы мен ойын залдарының жҧмысын заңдық тҧрғыда шектеу қажет. Бҧл арада тек қана тыйым салып қойып, орнына басқа нҽрсе ҧсынбау ештеңені шешпейді. Сондықтан бҧл мҽселені жан-жақты қолға алып, жіті зерттеген жҿн.
Бҧдан қорытар ойымыз, бізге ҿз тҿл тілімізде жасалған бала ойын дамытатын, интеллектуалдық ойындар қажет. Бҧл бір жағынан тіліміздің дамуына ықпал етері хақ.
Екіншіден, ҧлттық ойындарымызды, жандандырып, компьютерлік ойын тҥрінде жасап шығаратын болсақ, бҧл ҧрпағымызға ҧлттық қҧндылықтарды насихаттаудың бір жолы болар еді.
424
Біз бҧл жобада бастауыш сынып оқушыларына арналған оқушылардың логикалық ой ҿрісін дамытуға кҿмектесетін ойын бағдарламасының нҧсқаларын ҧсынамыз.
Бҧл бағдарламаларда логикалық есептер жинағы берілген. Бҧл ойынды бір жағынан балалардың интеллект деңгейін тексеруші қҧрал ретінде де қолдануға болады.
Бағдарлама дизайны балаларды қызықтырады, ҿйткені мҧнда балалардың кҥнделікті кҿріп жҥрген ҽр тҥрлі мультфильмдеріндегі кейіпкерлерін кездестіруге болады.
Мысалы, «Ақыл, талап, еңбек, терең ой» білгіштер ойын бағдарламасын ҧсынамыз.
Мақсаты - ойын арқылы баланың білім алуға деген ынтасын кҿтеру жҽне тапқырлық пен ойлау қабілеттерін жетілдіру. Ойынға қысқаша сипаттама: ойын 3 айналымнан тҧрады.
Ҽр айналымда тоғыз сҧрақтан беріледі. Сҧрақ - тест тҥрінде берілген. Егер бір сҧраққа дҧрыс жауап бермей қалсаңыз, сізді ойыннан шығарып тастайды. Ойынның негізгі идеясы: бағдарламада нҿмірленген ҧяшықтардың астында сурет жасырылған, сҧрақтардың барлығына дҧрыс жауап бергенде суреттің толық бейнесі шығады. Ойын сонында сізге «Озық ойшыл» сертификаты беріледі.
Келесі бағдарламада «Дымбілмеске кӛмектес» ойынын қарастырдық. Ойында логикалық есептер жҽне оның ҥш тҥрлі нҧсқа жауаптары беріледі. Ойын бірнеше айналымнан тҧрады, бір айналым 10 сҧрақтан тҧрады жҽне уақыт шектеулі. Бағдарламада сҧрақтар базасын ҿзгертуге болады, ол бағдарлама ҽкімшілігінің қҧзырында. Ҽрбір айналымнан кейін ойыншының жинаған ҧпай санын шығаратын рекордтар тақтасы пайда болады. Балалардың ойлау деңгейін арттыртын бҧл ойынды математика, информатика пҽндерін оқытуға арналған қосымша оқу қҧралы ретінде қолдануға болады.
Осы бағытта жасалған жҧмыстың бірі «Бауырсақ» ертегісінің негізінде жасалған бағдарлама. Ойыншы «Бауырсақ» рҿлінде болады. Ойын барысында «Бауырсақ»
аңдармен кездеседі, олар оған логикалық есеп береді. Егер сол есептің жауабын дҧрыс айтса, онда ҽрі қарай домалатасыз, ҽйтпесе ойыннан шығасыз.
Осындай, қолданбалы зерттеу нҽтижелерін жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында, бала бақшаларда қолданылуда болады. Ҧсынылып отырған бағдарламалар Delphi 7 бағдарламалау ортасында жасалған.
Сондай-ақ бастауыш сыныпта қазіргі ақпараттық технологияларды оқу ҥрдісінде қолдану оқушылардың білімді сапалы да шығармашылық деңгейде қабылдауларына мҥмкіндік берумен қатар, олардың білімді енжар қабылдаушы ролінен осы ҥрдістің белсенді субъектісіне айналуына да қолайлы жағдай туғызуы.
Оқу ҥрдісінде кеңінен қолданылатын ойынның бip тҥpi ол - дамытушы ойындар.
Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бipiншi талап: оқушының танымдық ҽрекетін жҽне қызығушылығын дамыту.
Яғни олардың бас қатырарлықтай шым-шытырық тапсырмаларға, логикалық шешімдерге негізделген, анағҧрлым интеллектуалдық тҥрлерін дамыту .
Қарастырылып отырған мҽселе кҥрделі, ҽрі тың болғандықтан, оның барлық салаларын тҥбегейлі қамтып шығу мҥмкін емес. Сондықтан да келешекте: бҧл мҽселелер арнайы зерттеуді талап етеді.
Қолданған әдебиеттер тізімі
1. Бурлаков И.В. Homo Gamer: Психология компьютерных игр. — М.: Независимая фирма ―Класс‖, 2000.
2. Интернет-сайт www.kriconf.ru- Конференция Разработчиков Игр
3. Усенков Д.Ю. Компьютерные игры: настоящее и будущее //Информатика и образование,2005, №11, с. 61-63.
4. Интернет-сайт www.lki.ru - Лучшие компьютерные игры