• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қазіргі қоғамдағы ұлттық мінезді зерттеудің өзекті мәселелері

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Қазіргі қоғамдағы ұлттық мінезді зерттеудің өзекті мәселелері"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

http://www.enu.kz ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ

МӘСЕЛЕЛЕРІ Карибаева Г.М.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, психология кафедрасының доценті

http://www.enu.kz

Қазіргі қоғамдағы жастардың батысқа еліктеуі, ұлттық құндылықтардың ұмытылуы, ұлттық мінез қасиеттерінің ӛзгеруі әртүрлі халықтардың ұлттық мінез қасиеттерінің ӛзіндік ерекшеліктерінің жойылуына әкеледі. Қазіргі этнопсихология саласында «ұлттық мінез» түсінігін «менталитет», «ментальдылық» түсініктеріне теңестіреді. Осыған байланысты аталған категориялардың мазмұнын, олардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтарын жан-жақты талдау керек. «Ұлттық мінез» түсінігі әдебиеттерде халықтардың ӛмір салтын бейнелеу үшін қолданған. Сонымен қатар, зерттеушілер кейіннен ұлттық мінезді сипаттауда темперамент, тұлғалық қасиеттер, құндылықтар жүйесі, билікке деген қатынас түсініктерін қолдана бастады. Этностың мінезі оның жеке ӛкілдерінің мінездерінің қосындысы емес, халықтың тарихын, мәдениетін бейнелейтін түсінік.

Ұлттық мінезді зерттеу үшін этнопсихология, тарих, этнография, әдебиеттану, лингвистика саласындағы кешенді бағыт қажет. Ұлттық мінез әлеуметтік ӛмір салаларындағы ұлттық тарих, мәдениет, тұрмыс, тіл, салт-дәстүр ұлттық болмыстың әртүрлі аспектілерін бейнелейді. Әдістемелік бағыт бойынша ұлттық мінездің мәнін анықтау үшін әлеуметтік-психологиялық және философиялық білімдер жүйесіндегі

«мінез» категориясының пайда болу тарихының мәні мен маңыздылығын талдау керек.

Философиялық энциклопедиялық сӛздікте «мінез» термині (грек тілінен аударғанда белгі, айырмашылық сипат) адамның психикалық ӛмірінің жеке үрдістері мен қалыптарынан, сонымен қатар оның мәнері, әдеттері, ақыл-ой ерекшеліктері мен оған тән эмоционалдық ӛмірінен кӛрініс беретін рухани ӛмірінің тұтас және тұрақты даралық ерекшелігі ретінде анықталады /1/. «Ұлттық мінез» түсінігі гуманитарлық білім салалары - философия, этнология, антропология, мәдениеттанумен ӛңделген болғандықтан пәнаралық сипаттағы теориялар мен концепцияларды қарастыру керек. Ұлттық мінезді анықтау күрделілігі қазіргі ғылымда қолданылатын жаңа терминдерге қарағанда, оның ұзақ тарихы бар және қосымша мағыналары кӛп болып табылады. Сонымен қатар, халықтың санасындағы ұлттық мінезбен сәйкестендірілетін және белгілі бір ұлт туралы пікірді ӛзгерте алатын ұлттық және этникалық стереотиптердің ролі ерекше орын алады. Осыған байланысты бұл осы саладағы кӛптеген қарама-қарсы пікірлердің анықталуына әкелді және нақты этнопсихологиялық зерттеулерге бағыт беретін жаңа жалпы әдістемелік бағыттағы сұрақтардың қойылуына ықпалын тигізді. Біріншіден, жеке этникалық қауымдастықтарға нақты қасиеттерді белгілеген дұрыс емес болып табылады. Оларға тән қасиеттердің ерекшелігі ӛзгешелігінде емес, сол қасиеттердің қайталанбайтын үйлесімділігінің айқын байқалуының дәрежесінен кӛрінеді. Екіншіден, ұлттық мінез жеке индивидтердің мінездер жиынтығы емес, белгілі этностың кӛпшілік индивидтеріне тән және белгілі дәрежеде байқалатын тұрақты қасиеттер ретінде анықтауға болады. Сонымен, ұлттық мінез мазмұнынын келесі анықтамадан нақтылауға болады: ұлттық мінез тарихи, әлеуметтік-экономикалық жіне рухани даму барысында қалыптасқан және ұлттың рухы мен ӛзгешелігін, оның менталитетін, әдеттері мен талғамдарын кӛрсететін табиғи- климаттық және биологиялық-соматикалық факторлардың әсерінен қалыптасқан нақты ұлтқа тән тұрақты қасиеттер жиынтығы /2/. «Ұлттық мінез термині» ХVIII екінші жартысында және ХIХ басында батыс европалық философиялық және әлеуметтік зерттеулердің объектісі болып, сол уақыттағы атақты философтардың жұмыстарында байқалып, ғылыми салаға алғашқы рет енгізілді. Мінездің әртүрлі типологиялық

(2)

http://www.enu.kz деңгейлері болады: тұлға мінезі, жыныс мінезі, халық мінезі, т.б. Ежелгі философиялық зерттеулерде тарихи даму барысында қалыптасқан мінез туа пайда болатын және жүре пайда болатын кӛрсетеді. Бірақ, ұлттық мінезді туа пайда болатын қасиет ретінде немесе белгілі бір халықтың бірігіп ӛмір сүру барысындағы пайда болған әдеттер жүйесі ретінде қарастыру немесе ұлттық мінез қасиеттерінің табиғи жағдайларға байланысты болуы дәлелсіз болып табылады. Мысалы, тарихи фактілерге сүйене отырып, жаңа жерлерге халықтардың кӛшуінде олардың мінезі ӛзгермеген, керісінше жаңа жағдайларға бейімделуге тырысқан және ұлттық мінез олардың тілінен, жүріс-тұрысынан байқалған.

Сонымен, адамдардың мінезі табиғи жағдайларға және халықтардың бір-бірімен байланыста болуынан қалыптасады. Ұлттық мінезді зерттеулердегі бір халықтың басқалардан ӛзін жоғары ұстауы немесе басқа халықтарды тӛмендетуіне байланысты идеялар гуманистік, адамгершілік сипатта болды /3/. ХХ ғасырда ұлттық мінездің мәнін зерттеуде американдық этнопсихологиялық мектептің ӛкілдері А. Кардинер, Р. Бенедикт және М. Мид табысты зерттеулер жүргізді. Аталған антропологиялық мектептермен ӛңделген бағыт жаңа әдістемелік негіздемелерден, зерттеу принциптерінен, басқа мақсаттардан және концептуалдық идеялар мен позициялардан тұрады. Олардың барлығы зерттеуге түскен этникалық қауымдастықтардың шынайы ӛміріне, күнделікті тұрмысына және ӛмір салтына жақын болып келеді. Ӛздерінің антропологиялық зерттеулерінде олар мәдениеттің роліне кӛп кӛңіл бӛлген және ұлттық мінез қасиеттерінің қалыптасуындағы негізгі фактор ретіндегі балалық шақ пен әлеуметтік институттардың роліне кӛп кӛңіл бӛлген. Ұлттық мінезді зерттеуде дербес ғылым ретінде қалыптасқан этнопсихологияның пайда болуы үлкен жетістіктерге әкелген. Осы ғылымның негізін қалаушылар неміс ғалымдары М. Лацарус и

Г. Штейнталь, халықтың әртүрлі ӛмірлік іс-әрекет салаларынан, мәдениетінен, ғылымынан және күнделікті ӛмірінен байқалатын салт-дәстүрлерінде, мінез- құлықтарында, этникалық мінез заңдылықтарында, тілінде кӛрініс беретін «халық рухы»

маңыздылығын зерттеуді бірінші орынға қойды. Сонымен қатар, олар белгілі бір этностың пайда болу, даму себептеріне кӛңіл бӛлген. Жаһандану адамзат дамуының әлемдік экономикасына, тұрақтылығына әкеледі, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін адамзаттың жағымды тенденциясы ретінде сипатталады. Басқа сӛзбен айтқанда жаһандану әлемдік нарық экономикасының қалыптасуына әкеледі /6/. Осындай жаһандану үрдісінің тиімсіз нәтижесінің бірі ұлттық мәдениеттің ӛзіндік ерекшелігінің жоғалуына, халықтың этникалық ӛзіндік бейнесінің жойылуына әкеледі. Ӛзіндік этникалық мәдениетті батыстық мәдениеттің ықпалынан және мәдениеттегі бірқалыптылық пен барлығына бірдей стандарттың болуына қарсы шаралар қолдану керек. Халықтардың этникалық ӛзіндік ерекшеліктерін сақтап қалу мәселесі жаһандану жағдайында күрделі мәселелердің біріне айналады. Халықтардың мәдени, діни ерекшеліктері және ӛзіндік ерекшеліктері жаһанданудың жалғыз альтернативасы болып табылады. Бұл гуманизм мен ӛркениет жағдайында осы үрдісті сақтап қалатын рухани феномен болып табылады.

Халықтың этникалық ӛзіндік ерекшеліктері техногендік үрдістің әсер етуінен, ӛмір стандартизациясынан қорғану тәсілі ретінде қарастырылады /4/. Психологиялық ғылымда этникалық стереотиптерді зерттеуге кӛптеген зерттеулер арналған. Ғылыми зерттеулерде этникалық стереотиптер этникалық қауымдастықтардың бейнесі ретінде шындықты бейнелейтіні кӛрсетілген: ӛзара әрекеттесетін екі топтың және олардың арасындағы қарым-қатынастың қасиеттерін бейнелейді. Автостереотип басқа адамдарға арналған

«біздің бейнеміз», гетеростереотип басқа адамдардың «бізге арналған» бейнесі. Осы құрылымдардың сәйкестілігі этникалық бейненің шынайы компонентін бейнелейді.

Зерттеушілердің пікірі бойынша, этникоаралық қатынастардың сипаттамасына, бірігуі мен бәсекелестігіне, үстемдік етуі мен бағынуына стереотиптердің негізгі ӛлшемдері байланысты: мазмұны, бағыты, тиімділік және шынайылық дәрежесі /5/.Ұлттық мінез маңыздылығы ӛзіндік ерекшелігі бар қасиеттерден тұрады және әлеуметтік- экономикалық, табиғи-климаттық жағдайлармен негізделген, сонымен қатар халықтың

(3)

http://www.enu.kz ұрпақтан ұрпаққа берілетін, халықтың тарихи сана-сезімінде қалған рухани факторларға байланысты келеді. Ұлттық мінез ұлттың «халықтың рухын» ғана белгілемейді, сонымен қатар жаһандану үрдісі жағдайында және сыртқы әлеммен қарым-қатынасының жиілеп кетуі жағдайында этникалық бейненің сақталуының бір механизмі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, ұлттық мінез халық үшін ӛзінің ӛмірлік тарихындағы әлеуметтік ӛмірдің қиындықтарын жеңуге арналған «ұжымдық ерік» ретінде қарастырылады. Ұлттық мінез ұлттық психологияның компоненттерінің бірі ретінде, яғни субъективтік феномен ретінде болсада, этностың ӛмір сүру салаларында ӛзінің кӛрінісін табады: салт-дәстүрлер, тұрмыс, күнделікті отбасылық ӛмір, этникоаралық қарым- қатынас, материалдық және рухани мәдениеттің әртүрлі салалары-музыка, әдебиет, шығармашылық, мақал-мәтелдер, қолданбалы ӛнер, т.б. Этникалық қауымдастықты жағымды қасиеттер кешені ғана емес, сонымен қатар этностың ӛмір салтынан шығатын ұлттық мінездің жағымсыз қасиеттері сипаттайды. Осыған байланысты ұлттық мінездің кейбір жағымсыз қасиеттері гуманистік және ӛркениеттік бастамасы мен дәстүрлеріне негізделген ұлттың тұтас этноәлеуметтік қауымдастық ретінде қалыптасуына кедергі жасайды. Оларды анықтау және болдырмауға тырысу ұлттық мінезді қайтадан жаңартуға, және оның рухани, интеллектуалдық жетілуіне ықпал етеді /6/. Қазіргі қоғамдағы жаһандану үдерісі позитивтік бағыттағы үрдістермен қатар, яғни жоғары технологиялық тәсілдерді, компьютерлік жүйелерді қолдану, коммуникациондық жүйелердің дамуы қоғамдағы күнделікті ӛмірдің стандартизациялануына, тұлғааралық қарым- қатынастардағы ұлттық-этникалық ӛзгешеліктердің жойылуына әкеледі. Осыған байланысты этникалық мінездің спецификасын ескеру, оны сақтап қалу мен дамыту маңызды роль атқарады. Мысалы, қазіргі қоғамдағы кейбір ұлт ӛкілдеріне, кӛп жағдайда жастарға «батыс» ӛмір салтының құндылықтарын бейнелейтін қасиеттер тән екенін кӛрсетеді. Осындай жағдайда халықтардың ұлттық ӛзгешеліктерін, олардың мәдениеті мен тілінің ӛзгешелігін және олардың діни сенімдері мен ӛмір салтын сақтап қалу мен дамытуға арнайы шаралар қолдану қажет.

Әдебиет

1. Гачев Г.Д. Национальные образы мира. М. «Академия», 1998. - 430 с.

2. Лебедева Н.М., Лунева СВ., Стефаненко Т.Т., Мартынова М.Ю. Межкультурный диалог: Тренинг этнокультурной компетентности. М., 2003.

3. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология: практикум. М.: Аспект Пресс, 2008.

4. Межкультурная коммуникация. Под ред. В.Г. Зусмана. Нижний Новгород, 2001.-320 с.

5. Крысько В.Г. Союз наук в развитии этнической психологии Мир психологии. 1997, 2.6-13.

6. Кипиани Г. Этническая идентичность в структуре идентификации личности и социально культурные условия развития. Развитие национальной, этнолингвистической и религиозной идентичности у детей и подростков. М., 2001.

Referensi

Dokumen terkait

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ҚМҰТП 7 табиғат ескерткіші бар: ғажайып табиғи құрылыс – «Тас шатыр»; Мәліксай шатқалында орналасқан «Үш үңгір» немесе «Алғашқы қауым

Қысқы мектептің жұмысына АҚШ-тың Индиана университетінің профессоры, би- блиограф Акрам Хабибулла, Түркияның Ис- лам ынтымақтастығы ұйымы OIC Ислам тарихы, мәдениет және зерттеу