Тағаева Сауле Базарбековна
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы
Қазіргі қоғамда жастардың кәсіби өзіндік айқындалуы мен мамандықты таңдау факторлары
Кәсіби ӛзіндік айқындалу – жастардың ӛздерінің кәсіби жолын таңдауы (кәсібін, жоғарғы оқу орнын, жұмыс орнын) және кәсіби мансабын құруы.
Бүгінгі таңда бұл үрдіс социумдағы дағдарыстық жағдайлармен күрделене түсуде. Еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдай жастар үшін, әсіресе, жоғарғы оқу орындары түлектері үшін екі негативті тенденциямен сипатталады:
мемлекеттік құрылымдарда жоғарғы білімді мамандар үшін еңбек ақы тӛмен;
коммерциялық салада жоғарғы оқу орнын аяқтаған түлектерге еңбек ақысы жоғары қызмет ұсынылғанымен, олардың кәсіби біліктілігі мен интеллектуалдық әлеуетінің жетілуіне кӛңіл бӛлінбейді және ол қажет деп есептелмейді.
Бұндай үрдістер ӛндіріс, ғылым саласы үшін келешегі бар, білімді кадрларды жоғалту болса, басқа салаға кететіндер үшін- біліктілігін жоғалту болып табылады. Жоғарғы оқу орындарында жүзеге асырылатын білімнің және мамандықтың құнсыздануына әкеледі. Бұның барлығы студент жастардың санасына кері әсер етеді: олардың құндылық бағдарлары, сұраныстары, ӛмірлік жоспарлары ӛзгереді.
XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында қазақстандық жастардың әлеуметтенуі әртүрлі бағыттағы факторлар әсерінен дамуда: елдегі саяси жағдайлар; құндылықты- нормативтік жүйенің трансформациясы; қоғамдағы жаңа әлеуметтік дифференциация; мамандықтар беделі шкаласының ӛзгеруі;
жұмыссыздықтың ӛсуі; білім жүйесіндегі ӛзгерістер және т.б. Нарықтық қатынасқа кӛшу жастардың әлеуметтенуіне әсер етіп келген жүйенің бұзылуына әкелді, мемлекет әлеуметтік-кәсіби ӛзін-ӛзі анықтауға қатысты патернализм қағидасынан бас тартты. Жас ұрпақ қоғам ӛміріне араласу үшін күрделі жағдайларға бейімделуге, ӛзін ӛзі кӛрсетуге, ӛздерінің кәсіби талпыныстары мен қабілеттерін бағалауға мәжбүр болды.
Жастардың мамандық пен еңбек нарығы туралы кӛзқарастары шынайылықтан алшақ жатыр, бүгінгі күннің мектеп түлектерінің мамандық таңдауы туралы шешімі сыртқы беделдік құндылықтардың басымдығымен, ӛздерінің қабілеттер мен мүмкіндіктерін нашар бағалауымен байланысты.
Жастар бұқаралық санада қалыптасып қалған «заманауи», «беделді»,
«табысты» мамандықтарға бағдарланады.
Осының барлығы белгілі бір мӛлшерде жастар арасында қалыптасқан кәсіби ӛзіндік айқындалуының жоқ екендігін кӛрсетеді.
Қоғамның трансформациясы кезеңінде жеке ӛмірге дайын тұлғаның маңызы артады. Нарықтық экономика әр адамның еркін әрекет етуіне жағдай
туғызып қана қоймай, сонымен қатар оған талап та қояды – ол жас мамандардан кез-келген күтпеген жағдайларға дайын болуын немесе тығырықтан шығар жолды ӛздігінен таңдай білу заман қажеттілігі. Адамдардың саналы түрде ӛздігінен мамандықты таңдауы ӛмірлік қажеттілік болып отыр.
Жастардың ӛздігінен кәсібін айқындалу процесін дұрыс бағалау, қазіргі қоғамға тән кейбір әлеуметтік қарама-қайшылықтарды жеңуге мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекет деңгейінде, жекелеген аймақтарда жастар саясатын тиімді шешуге аса қажет .
Қазіргі әлеуметтану ғылымында кәсіби ӛзіндік айқындалу феномені екі аспектіде кӛрсетіледі:
1) кәсіби ӛзіндік айқындалу еңбек субъектісінің кәсіби дамуының бір бӛлігі ретінде қарастырылады, ол ӛзінің кәсіби дамуының келешегін саналы құру болып табылады, кәсіби қалыптасудың түрлі кезеңдерінде кӛптеген таңдаулар мен шешімдерді қабылдауда айқындалады [1];
2) кәсіби ӛзіндік айқындалу адамның кәсіби рольмен бірегейленуі ретінде қарастырылады, сонымен бірге ол адамның онтогенетикалық дамуының бір кезеңі және жеке бірегейлігінің қалыптасуы болып табылады [2].
Жастардың кәсіби ӛзіндік айқындалуын зерттеуді теориялық талдау, оның кәсіби қалыптасудың түрлі кезеңінде әр түрлі мазмұнға ие болатын, еңбек субъектісі ретіндегі адамның кәсіби дамуының маңызды факторы ретінде қарауға мүмкіндік береді. Кәсіби ӛзіндік айқындалу ӛмірлік және тұлғалық ӛзін-ӛзі анықтаумен тығыз байланысты.
Кәсіби ӛзіндік айқындалу проблемасын зерттеуге байланысты теориялық ықпалдардың кӛптігіне қарамастан, әлі де даулы және шешілмеген мәселелер бар. Жастарда белгілі бір мамандыққа қызығушылық қашан қалыптасады, кәсіби ӛзіндік айқындалуға қандай факторлар әсер етеді, бұл процестің аяқталуы туралы қашан айтуға болады, әр түрлі кәсіби бағдар беру шараларын қандай ретпен жүзеге асыруға болады деген сұрақтарға әлі жауап жоқ.
Жастардың кәсіби ӛзіндік айқындалуын зерттеуге И.А.Громов ұсынған кезеңдеу шарасын қолдануға болады, себебі 11-12 жас аралығында жас ұрпақтың қоғамдық қатынастар жүйесіне кезең-кезеңмен араласу процесі жастардың жас шамасына қарай біршама сәйкес келеді және кәсіби ӛзін-ӛзі анықтаудың бірнеше қолайлы сәттеріне ерекше кӛңіл бӛлуге мүмкіндік береді [3].
Бұл процесс қала мен ауыл жастары арасында біршама айырмашылықта ӛтетіндігін де атап ӛту қажет.
Әрбір мекендік құрылым адамдар ӛмірінің нақты кӛрсеткішінің сипаты, ол индивидтің әлеуметтік даму мүмкіндігін нақты анықтайды. Мысалы ауыл ӛмірі баланы жастайынан ересектермен қатар еңбекке баулиды. Адамның тіршілігіне қоршаған орта тарапынан қатаң әлеуметтік бақылаудың әсерінен ауылдық мекендер әлеуметтік-кәсіби ӛзін-ӛзі анықталудың тиімді механизмдерін жасайды. Ауыл тұрғындарының кәсіби ӛзін-ӛзі анықталуы еңбектің әралуандығымен байланысты: табиғат жағдайы мен оның маусымдарына бағыну, еңбек пен тұрмыстың тығыз байланысы, тұрғындардың еңбек мобильділігі үшін мүмкіндіктің жоқтығы. Қалада мүлде басқаша
әлеуметтік орта қалыптасқан. Қалалық мекен үшін ерекшеліктер- жастарға ӛмірдің барлық саласында мамандықтардың түр-түрін таңдау мүмкіндігі жеткілікті дамыған (ӛндіріс, құрылыс, кӛлік, қызмет кӛрсету саласы, білім мен ғылым, мәдениет және т.б.), әртүрлі деңгейдегі білім мекемелері жүйесінің дамығандығы, тұрғындардың әлеуметтік және кәсіби әралуандығы, бұқаралық ақпарат орталықтарының шоғырлануы. Осының барлығы қала жастарының кәсіби ӛзін-ӛзі анықталуын ұзақ, кӛп факторлы процесс қылады.
Кәсіби ӛзіндік айқындалу - индивидтің (мамандықты таңдау субъектісінің) ӛзінің ішкі ресурстары мен олардың мамандықтың талаптарына сәйкестілігін талдау нәтижесінде, оның қоғамның әлеуметтік-кәсіби құрылымына интеграциялану процесі.
Жастардың кәсіби ӛзіндік айқындалуы ұзақ процесс, оның аяқталуы туралы адамның ӛз- ӛзіне белгілі бір мамандық қызметінің субъектісі ретінде оң қарағанда ғана аяқталады деуге болады. Ал кәсіби таңдауды белгілі бір оқу орнына оқуға түсу немесе белгілі бір еңбек қызметін бастауы ретінде қарауға болады. Мамандық таңдау – индивидтің кәсіби таңдау ӛзін-ӛзі анықтаудың жаңа кезеңіне кӛшкендігінің кӛрсеткіші болып табылады. «Кәсіби даму», керісінше «кәсіби ӛзін-ӛзі анықтауға» қарағанда біршама ауқымды, себебі ол индивидтің барлық ӛміріндегі кәсіби жетілу процесін кӛрсетеді. Кәсіби ӛзіндік айқындалу процесі бастапқы кезеңде кәсіби дамуға ӛте ұқсас келеді, бірақ ол кӛпке созылмайды, индивид ӛзін белгілі бір маман ретінде қабылдаған кезде аяқталады.
Кәсіби ӛзіндік айқындалудың алғышарттары мен жағдайларын талдай келе осы процесті құрайтын негізгі екеуін алуға болады: кәсіби бағыт және кәсіби ӛзіндік сана.
Кәсіби бағытты индивидтің нақты мамандықты (немесе кәсіби қызмет саласын) таңдау мотиві деп те атауға болады.
Кәсіби бағыттан кейін кәсіби ӛзіндік сана пайда болады, ол кәсіби бағыттың адам санасы мен кӛзқарасы, дағдысы әсерінен пайда болады.
Біздің пайымдауымызша, жастардың ӛзін-ӛзі айқындау мәселесі тек жан- жақты зерттелгенде ғана ӛз шешімін табады, бұл процесс әлеуметтік тұрғыда қаралып, оған ықпал ететін барлық факторлар мен себептер кеңінен зерттелуі тиіс. Осыған байланысты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Әлеуметтану және урбанистика» лабораториясының ұжымы
“Қазақстан нарықтық экономикасының кадрлық ресурстары” тақырыбына Астана мен Алматы қаласының жоғарғы оқу орындары түлектерінің арасында социологиялық зерттеу жүргізді [4 ].
Сауал жүргізуде респонденттердің кӛпшілігі ұлттық жоғары оқу орнының студенттерінің (47,3%) үлесіне келді, бітірушілердің үштен бір бӛлігі мемлекеттік жоғары оқу орындарында сұралды (37,9%). Халықаралық университеттен респонденттер 0,4% құрады. Респонденттердің 14,5%
коммерциялық жоғары оқу орындарынан болды.
Қандай да бір мамандықты таңдағанда талапкерге қандай факторлар әсер етеді? (1 кестені қараңыз).
Кесте 1 – Мамандықты таңдауға ықпал ететін факторлар Мамандықты таңдауға ықпал
ететін факторлар % Мамандықтың беделділігі/
келешегі 33,7
Сұраныс 21,8
Ата-аналарының, мұғалімдерінің
кеңесі/үлгісі 15,3
Гранттар саны 14,6
Жеке шешімі, қызығушылығы,
ниеті 11,2
Оқу ақысының қолайлылығы 2,5
Құрдастарының үлгісі 0,9
Кездейсоқ 0,3
Сонымен студенттердің үштен біріне (33,7%) сол кездегі қоғамдық пікір бойынша мамандықтың беделділігі, келешегі ықпал еткен.
Студенттердің бестен бір бӛлігі (21,8%) мамандықты қазақстандағы еңбек нарығындағы сұранысы қағидасын басшылыққа ала отырып таңдаған.
Алынған зерттеулердің нәтижесі біздің қоғамда да білімді инвестициялық стратегия ретінде түсінетіндігімізді кӛрсетеді, ӛйткені респонденттердің жартысы мамандықты оның келешегі мен сұранысы сияқты кӛрсеткіштерді негізге ала отырып таңдаған. Сондай-ақ мамандықты таңдағанда ақшалай сыйақы факторы негізгі болып табылмайды. Респонденттердің жетіден бірі, олардың таңдауы осы мамандыққа бӛлінген грант санымен байланысты екендігін мойындады (14,6%).
7% респонденттер ӛздерінің мамандықтарын саналы түрде таңдағандықтарын, яғни «ӛзінің арманынымен немесе жеке қызығушылығымен, икемділігімен, құқығымен, рухани жақындығымен» және мамандықты таңдағанда «ӛзі солай шешкенімен» байланыстырады (3,5%).
2,5% респонденттер қандай да бір мамандықта оқудың ақысы тӛмен болғандықтан оқиды.
Осы мамандық бойынша ата-аналарының, туған туысқандарының, мұғалімдерінің кеңесімен оқуға түскендер 13,1% респондент, 2,2% респондент ӛзінің мамандығын «жақындарының біреуінің, мысалы әкесінің » мамандығымен бірегейлендіреді.
Ұқсас мамандықты таңдауға достарының, сыныптастарының үлгісі әсер етті, бірақ аса маңызды ықпал етпеген (0,9%).
0,7% респонденттерге мамандықты таңдауға «адамдарға кӛмек беру, қоғамға пайдалы болу ниеті» әсер еткен.
Атап ӛтетін жай, 0,3% респонденттерде ӛзінің болашақ мамандығына индифферентті қатынас болған, яғни, олар мамандықты «кездейсоқ, жорамалдап, жайдан-жай» таңдаған.
Осыған орай, талапкерлердің қандай да бір мамандықты таңдауы эндогендік жән экзогендік сипаттағы факторлардың басымдылық деңгейімен байланысты деп қорытындылауға болады:
мамандықтың қоғамдық пікірдегі беделділігі, келешегі
отандық еңбек нарығындағы мамандықтың сұранысы
мамандықтар бойынша гранттар саны
ата-аналарының, туысқандарының, мұғалімдерінің кеңесі немесе жеке үлгісі
Осыдан, мамандарды оқытуға мемлекеттік қаржыландыру кӛлемімен (мемлекеттік тапсырыс) еңбек нарығындағы қандай-да бір мамандыққа сұраныс пен талапкер таңдаған мамандық арасындағы каузалды байланысты анықтауға болады.
Қазіргі жастардың ӛздігінен кәсіпті анықтауына әсер етуші үш факторды жекелей бӛліп қарауға болады:
- макроорта факторлары (қоғамдық құрылым, экономика мен мемлекет тұрақтылығы, қазіргі әлеуметтік-мәдени ахуал және әлеуметтік процестер;
демографиялық процестер; аумақтың аймақтық ерекшеліктері, мекендік құрылым; қоғамның ұлттық құрамы; әлеуметтік нормалар пен құндылықтар жүйесі; қоғамдық пікір бойынша мамандықтың беделі; еңбек нарығы жағдайы;)
- микроорта факторлары (отбасы және туған-туыс ортасы, мектеп пен кәсіби оқу орны, бұқаралық ақпарат құралдары мен жастарға арналған әлеуметтік қызмет түрлері)
- тұлғаның жеке ерекшеліктері (жасы, жынысы, психофизиологиялық ерекшеліктері, жеке кәсіби жоспары; жақындық деңгейі).
Қазақстандық түлектер ӛздері таңдаған мамандықтарына қаншалықты қанағаттанады?
Сонымен, респонденттердің басым кӛпшілігі (82,5%) ӛздерінің таңдауымен қанағаттанады. Ал олардың кӛп бӛлігі (59,3%) ӛздері жасаған таңдаумен толық қанағаттанады.
Дегенмен, респонденттердің оннан бірі (9,8%) ӛздерінің таңдауымен қанағаттанбайды. 3%-ға жуық респондент ӛздерінің таңдауымен мүлдем қанағаттанбайтындықтарын кӛрсетті. Сұралғандардың 8% бұл сұраққа жауап беруге қиналды.
Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының түлектерін сұрау барысында оларға ӛзінің мамандығы бойынша ӛзінің біліміне әр түрлі ӛлшем бойынша жеке баға беру ( 5 баллдық шкала бойынша) ұсынылды. Алынған эмпирикалық деректер талдауы, отандық жоғарғы оқу орнының бүгінгі таңдағы түлегі өзінің практикалық, қолданбалы біліміне қарағанда теориялық біліміне сенімді екендігін кӛрсетеді (1 диаграмманы қараңыз).
Диаграмма 1 - Студент- түлектердің мамандығы бойынша білімін бағалауы
Соңғы курстың студенттері ӛздерінің мамандығы бойынша талдау қабілеттерін жоғары бағалайды.
Бірақ, түлектер ӛздерінің шет тілін меңгерулеріне тӛмен баға береді.
Соңғы курстың студенттерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне ӛзіндік жеке бағалары ӛте тӛмен екенін атап айту қажет (9,4%!). Бұл мемлекет пен білім ұйымдары тарапынан жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік тілді меңгеруге қолайлы жағдайлар жасалынып жатса да орын алып отыр.
Түлектерге жұмыс берушілердің (мемлекеттік және бюджеттік секторда да, соңғы уақытта тәжірибе кӛрсеткеніндей коммерциялық секторда да), мамандарға қоятын талабы– мемлекеттік тілде міндетті түрде іс жүргізуі де таныс.
Түлектер ӛздерінің экономикалық білімдерін, елдегі және әлемдегі экономикалық жағдайдан хабардарлығы мен оларды бағалауды негативті бағалайды.
Айтап ӛтерлігі, бүгінгі күннің түлектері компьютерді пайдалану және құжаттармен жұмыспен байланысты дағдыларының бар екендігіне сенімді.
Бұл жерде мәселе оқу жоспарындағы жалпы және спецификалық капитал арақатынасы бейнесі проблемасы туралы болып тұр. Осыған орай, британдық тәжірибеге, яғни, кәсіби профилді құруда жұмыс берушінің қатысуына сүйенуге болады. Жұмыс берушінің мемлекеттік стандартты (және/немесе оқу жоспарын) құрастыруға қатысуы, түлектің еңбек нарығында жас маман ретіндегі әлсіздігін азайтады. Ӛйткені, заманауи экономикада маманның тек білімі ғана емес, сондай-ақ дағдылары, бірінші кезекте кәсіби дағдылары аса маңызды болып табылады.
Осыған байланысты жоғарғы оқу орындары түлектерінің мамандық таңдау кезеңіндегі ӛзін-ӛзі айқындау факторлары мен таңдаған мамандығының кӛңілінен шығатындығын зерттеу бүгінгі күнде маңызды мәселе болып отыр.
Кәсіпті таңдауда жеке тұлғаның ӛзін-ӛзі анықтау теориясы мен саналы болашақ теориясын негізге ала отыра (М.Г.Гинзбургтың) оның келесідей компоненттерін алып қарауға болады: болашақтың құндылық толықтығы, болашақтың эмоционалды бояуы, ӛзін-ӛзі анықтау субъектісінің белсенділігі, кәсіби таңдаудың анықтығы.
85,6 1,7
81,1 3,7
75 80 85 90
Теориялық білім
Практикалық білім
1 қатар 2 қатар
Осылайша, қазіргі жастардың кәсібін ӛзін-ӛзі анықтау проблемасы жоғары біліммен тікелей байланысты, бұл жағдайда жоғары білім жастардың әлеуметтік мобильділігінің, сондай-ақ қазіргі қазақстандық қоғамдағы трансформациялық және модернизациялық процестердің факторы ретінде кӛрініс табады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Социология образования. / Труды по социологии образования./
Под.ред.Собкина В.С.-М.,2004.-444 б.
2. Чупров В.И., Зубок Ю.А., Уильямс К. Молодежь в обществе риска.- М.,2001.-109 б.
3. Западная социология / Под.ред.Громов И.А., Мацкевич А.Ю. , Семенов В.А.- Спб., 1997.- 371 б.
4. А.Т.Забирова ред. Рынок труда и высшее образование в Казахстане.
Астана, 2008.-112 б.