Рефераты. Государство и право. Юридические науки.
Елүбаев Ж.С. «Жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеу проблемалары: отандық тәжірибе және шетелдік жүзе». Монография. – Алматы, 2011. – 436 б.
Бұл монография нарықтық эқономика және жаһандану жағдайында Қазақстан Республиқасы мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуы кезеңінде жер қойнауын пайдалануды құқыктық реттеу проблемаларына арналған.
Бұл ғылыми жұмыс бес тараудан тұрады. Бірінші тарау жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану құқығының ұғымы, пәні, осы саладағы құқықтық қатынастарды реттеудің қағидаттары мен әдістері, жер қойнауын пайдалану құқығының нысаны мен субъектісіне арналған. Аталған ұғымдар Қазақстанның қазіргі заманғы тарихымен таразыланып ғылыми түсініктемесін табады. Зерттеуде жер қойнауын пайдалану төңірегіндегі құқықтық катынастарды реттеу қағидаттарына жаңаша анықтама беріледі, елдің әлемдік шаруашылық байланыстарға белсене кірісіп жатқан жағдайындағы бұл құқықтық қатынастардың субъектілері мен нысандарының мән-маңызы ашылады. Жер қойнауы және оны пайдалану жөніндегі қазақстандық құқықтың дамуының негізгі тарихи кезеңдері талдауға түсті, оның қазақстандық құқық салалары жүйесіндегі орны анықталып, негізделеді. Сонымен қатар, құқық ұғымын филлософиялық- құқықтық санат ретінде түсіндіретін классикалық теориялық талдауларға сүйене отырып, қазақстандық құқық салаларының жалпы жүйесіне енетін жер қойнауы мен оны пайдалану құқығына нормативтілік, жалпыға міндеттілік, мемлекеттің қамтамасыз етуі, объективтілік, формалды түрде белгіленуі және т.б.сипаттар тән екенін көрсетіледі. Жер қойнауы мен оны пайдаланудың бұл сипаттары оның құқықтың дербес саласы екендігінің және қазақстандық құқық салаларының жалпы жүйесіне енуге тиіс екендігінің дәлелі деген қорытындыға әкеп саяды.
Автор жер қойнауы мен оны пайдалану құқығы нормаларының белгілі бір жиынын нақты бір институт ретінде оқшаулаудың заңдық критерийі ретінде мынадай үш белгі қызмет ететінін көрсетеді: а) құқық нормаларының заңдық бірлігі; ә) қоғамдық қатынастардың белгілі бір жиынын реттеудің толымдылығы; б) құқықтық институт түзетін нормалардың айрықшалануы. Ж.С.Елүбаев құқықтық институттардың мұндай жіктемесі жер қойнауы мен оны пайдалану туралы заңнаманы жетілдірудің алғышарты екендігін көрсете отырып, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұратын Кодекс әзірлеп, қабылдау қажеттігін айтады. Бұл ұсынысты жүзеге асыру мақсатымен зерттеудің нәтижелері бойынша аталмыш кодекстің құрылымдық жобасын монографияның Б қосымшасында көрсетеді. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамаларды жетілдіру мәселелеріне арналған бөлімде (2.4-бөлім) осы
еңбек аясында жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастардың нормативті құқықтық базасына жүргізілген талдаулар мен заң шығару әрекетінің проблемаларын зерттеу «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» қазіргі зандарды жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берілгендігі баяндалады (А Қосымшасы). Автор болашақта жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы жетілдіру үшін оны құқық өрісіндегі дербес сала ретінде «заңдастырып», жер қойнауын пайдалану туралы Кодекске негізделетін бір-біріне байлаулы заңдар жиыны ретінде ұсыну қажет және Кодексті әзірлеу тұжырымдамалық бірқатар тұғырлы қағидаларды ұстану қажет деп санайды. Ондай қағидаларда мынадай жайттар ұйғарымын табуы қажет екенін атайды:
1) жер қойнауы мемлекет меншігі болып табылады, алайда жер қойнауын пайдалану саласындағы құкықтық қатынастардың басқа субъектілерінің, соның ішінде шетелдік субъектінің де, иелігінде және пайдалануында болуы мүмкін;
2) жер қойнауы геологиялық ресурстар мен геологиялық ақпараттың өзара байланысты, бірақ генезисі, табылу формасы, физикалық өлшемдері, функционалдық мүмкіндіктері, антропогендік әрекеттегі орын мен рөлі жақтарынан өзгешеленетін жиынтық ретінде қарастырылуға тиіс, сонда бұл минералды ресурстарды, пайдалы казбаларды және кен орындарын сыныптауға негіз ретінде қызмет етеді;
3) жер қойнауы телімдері жылжымайтын мүлік ретінде азаматтық құқық айналымына түсіп, мүлік жалдау нысаны бола алады;
4) жер қойнауын пайдалану құқығы заттық құқықтың бір түрі болып табылады, сондықтан мүліктік құқықтың нысанына жатқызылуга тиіс;
5) жер қойнауы және жер койнауын пайдалану заңдары жер қойнауын игеруге қатысты қатынастардың барлық түрін реттейді;
6) азаматтық заңнама жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастардың белгілі бір түрлерін субсидиарлы жолмен реттейді. Атап айтқанда: жер қойнауын пайдалану құқығын берумен; жер қойнауын пайдалану келісімшартын жасау, өзгерту және тоқтатумен; жер қойнауын және оның телімдерін пайдалану құқығын азаматтық құқықта қаралуымен;
болашақ жер қойнауын пайдаланушыны анықтауға конкурс жүргізумен; жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт міндеттерін орындауымен байланысты қатынастарды реттейді;
7) жер қойнауын иелік етуге және пайдалануға берудің келісімшарттық түрі сақталады: ӨБК, концессия, жалдау мен мердігерлікті қосқанда, келісімнің барлық формасы пайдаланылады;
8) жер қойнауын пайдалану саласындағы құқықтық қатынастар тек заңнамалық актілермен реттелуге тиіс. Бұған жер қойнауын пайдаланумен тікелей байланысты емес қатынастар, мысалы пайдалы қазбалар кен орнын игеру аумағында әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру қатынастары, кірмейді;
9) жер қойнауын игеруде экологиялық қауіпсіздік басымдығы сақталуға тиіс.
Жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеудің түйткіл мәселелері және қазіргі ахуалы деген бөлімде (1.6-бөлім) автор осы саланы дамытуды қамтамасыз ететін заңнамалық базаны көрсете отырып, негізгі құқықтық актілерді мысалға келтіреді. Дегенмен, заңнаманы, соттық және басқа құқық қолдану тәжірибелерін талдау жер қойнауын пайдалану саласынадағы қатынастарды құқықтық ретгеу мәселелерінде шешімі табылмаған теориялық та, жүзелік те проблемалар жеткілікті екенін айта отырып, ондай проблемаларды былайша топтастырып, оларға жан-жақты талдау жасайды:
жер қойнауына меншік құқығымен және жер қойнауын пайдалану саласынадағы қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеумен байланысты проблемалар;
заңнама тұрақсыздығымен байланысты проблемалар;
кен орындары және пайдалы қазбаларды классификациялаумен байланысты проблемалар;
геологиялық барлау тиімділігін арттыруды ынталандыратын механизмдердің жоқтығымен байланысты проблемалар;
соттық және басқа құқық қолдану жүзесі саласындағы проблемалар.
Ғылыми жұмыстың екінші тарауы жер қойнауын мемлекеттік құқықтық реттеу ұғымына, осы қатынастарды реттеудегі мемлекеттің рөлі мен орнына, мемлекет пен қоғам мүдделерінің көзделуі, жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттардың орындалуы мен тұжырымдарға, келісімшарттық ережелер мен салықтықтық тәртіптердің қамтамасыз етілуіне арналған.
Автор қазіргі кезде қолданыстағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР заңына сәйкес, жер қойнауын мемлекеттік басқару жүйесі мен жер қойнауын пайдаланушылардың әрекетін мемлекеттік бақылау жүйесі 10-нан аса құзыретті органдардан («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР заңының 16-27 баптары) құралатынын көрсетеді. Жер қойнауын пайдалану саласындағы басқару-өкіметтік қызметті атқаратын өкілетті мемлекеттік органдардың құрылымының мұншалықты күрделенуін жетілген, тиімді деп айту қиын. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихында бұл құрылым бірнеше рет өзгерді, бірақ ол өзгерістерден күткендей нәтиже шьтқпады, керісінше, мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылар арасында дау-дамайдың жиілеуіне себеп болды. Сондықтан қолданыстағы құрылымды оңтайландыру қажет. Ж.С.Елүбаевтың пікірінше, жер қойнауын пайдалану мәселесіне өкілетті органдардың көрсетілген тізімінен жер қойнауын пайдалану мен зерттеу органын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі органды құзыретті орган қызметіне кіріктірілуі тиіс, ал халықты еңбекпен қамту саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асыруды үйлестіруші орган, білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын пайдалану саласына тән емес.
ҚР жер қойнауын пайдалану саласында халықаралық-құқықтық міндеттемелерді орындау мәселелері атты бөлімде жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастардың дамуының әлемдік тарихына шолу жасалып, жер қойнауына қатысты тәуелсіз құқықты жүзеге асырған мемлекеттердің беттесуін көрсететін төрт маңызды кезең сипатталады: 1) 1857-1917 жылдары жер қойнауын пайдалану жүйесінің қалыптасу кезеңі; 2)1917-1950 жылдары аралығындағы кезеңнің ерекшелігі – жеті ірі мұнай компаниясы Халықаралық мұнай картелін құрып, әлемдегі энергетикалық тәртіпті бақылап тұрды; 3) 1950-1990 жылдары социалистік елдердің ықпалы өсуіне байланысты жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу әдістері түбегейлі өзгерді, сонымен қатар БҰҰ жалпы танылған нормалары және қарарлары шықты; 4) бұл кезең КСРО-ның құлап, мұнай-газ секторының интернационалдануы, халықаралық экономикалық қатынастардың жаһандануы, трансұлттық компаниялардың ықпалының күшеюімен байланыстырылады. Сонымен қатар, аталған бөлімде бірқатар халықаралық құжаттарға сипаттама беріледі, атап айтқанда: 1991 жылдың 17 желтоқсанындағы Европа энергетикалық хартиясы; 1994 жылдың 17 желтоқсанындағы Энергетикалық хартияға шарт; 1997жылдың 27 наурызындағы ТМД қатысушы мемлекеттердің Кен хартиясы және т.б.
Монографияның үшінші тарауы жер қойнауын пайдалану тәртібін құқықпен реттеу деп аталады және жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болуы, өзгертуі мен қысқартылуының негіздемелері, жер қойнауын пайдалануға келісімшарт ережелері қарастырылады.
Қазіргі заманғы жер қойнауын пайдалану ісін игеру үшін жер қойнауын беруге негіз болатын шарттың бірнеше түрі қолданылады.
Шарттың қандай да бір түрі, жер қойнауын пайдалану саласында келісімшарт деп аталады, таңдау экономикалық жағдайға, минералды шикізат түріне, жер қойнауын пайдаланудың геологиялық және де басқа жағдайларына, сондай- ақ жер қойнауын пайдаланушыға берілетін құқықтың көлемі мен сипатына байланысты болады. Келісімшартты жасау, өзгерту мен тоқтату тәртібі жер қойнауы және оны пайдалану жөніндегі қолданыстағы заңдармен кеңінен реттелген. Дегенмен, теория мен практикада жер қойнауын пайдалану келісімшартының маңызды белгілері мен сипаты, келісімшарттағы тараптардың рөлі мен құқықтық қабілеті туралы пікірталастар жеткілікті.
Монография авторы жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарға және оның ережелерінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің құқықтық мәселелерін талдай отырып, С.З.Зимановтың, М.К.Сүлейменовтың көзқарастарына сүйенеді.
Әсіресе, М.К.Сүлейменовтың жер қойнауын пайдалану келісімшарттарында мемлекеттің жер қойнауына деген айрықша меншігіне байланысты әкімшілік ықпал элементтерінің молдығымен келіседі. Сонымен қатар, А.Г.Диденконың және Е.В.Нестеровтың мемлекетпен жасалатын шарттардың маңызды өзгешеліктері туралы пікірлерін талқылай отырып, В.А.Малиновскийдің мынадай сөздерін келтіреді: «Мемлекеттің билік әлеуеті оның қандай құқықтық қатынастарда тұрғанына тікелей тәуелді.
Мысалы, мемлекеттік билік аттанса, басқаша айтқанда, мемлекет еркі
жұмсалғанда, конституциялық-құқықтық қатынастар пайда болады.
Мемлекеттік орган мүлікті жатсындыру, жер қойнауын пайдалану т.б.
шарттарына тарап ретінде кіріскенде, азаматтық құқықтық қатынастар субъектісіне айналады. Бірінші жағдайда әрекеттің құқықтық негізі Қонституция (конституциялық-құқықтық акт) болса, екінші жағдайда Азаматтық кодекс пен азаматтық заңнама болады. Егер бірінші жағдайда мемлекет өзінің өкілі, уәкілетті орган арқылы өзінің құзыретіне сәйкес ойынның кез келген ережесін белгілей алатын болса, екінші жағдайда шарттың талаптарын сақтап, өзіне жүктеген міндеттемелерін ұстануға тиіс болады».
Ұсынып отырған еңбекте жер қойнауын пайдалануды мемлеқеттік- құкықтық реттеудің мәселелері мен проблемалары, инвестициялық қызметті реттеу (4-тарау), Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауды көздей отырып ТМД мен ЕврАзЭС елдерінде жер қойнауын пайдаланудың кұқықтық қамтамасыз етілуі, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар қызметінің құкықтық аспектілері Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған мұнай- газ жобаларының жүзеге асыруы мысалында жан-жақты зерттелді (5-тарау).
Елүбаев Ж.С. жүргізілген зерттеу негізінде заңнамаларды жетілдіру жөнінде кеңестер ұсынып, теориялық қағидаларды тұжырымдайды
Жумабекова А.Б., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Заңтану» мамандығының 1 курс магистранты.