• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚОРҒАСЫННЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚОРҒАСЫННЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)
(2)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттер мен жас ғалымдардың

«Ғылым және білім - 2014»

атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ

IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых

«Наука и образование - 2014»

PROCEEDINGS

of the IX International Scientific Conference for students and young scholars

«Science and education - 2014»

2014 жыл 11 сәуір

Астана

(3)

УДК 001(063) ББК 72

Ғ 96

Ғ 96

«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».

– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.

(қазақша, орысша, ағылшынша).

ISBN 978-9965-31-610-4

Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.

УДК 001(063) ББК 72

ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университеті, 2014

(4)

3816

ББЗ биоыдырағыштығы жӛнінде В.В.Булатниковтың зерттеулерінде жазылған.Бұл қосылыстардың кӛбі биохимиялық тотығуға нашар ұшырайды. Авторлар этилен тотығы мен пропиленнің деэмульгаторлардың блок – сополимерлері екендігін айтады. Бірінші ретті майлы спирттер мен қанттар негізінде жасалған мұнайлы беттік белсенді заттар оңай және тез ыдырауға ұшырайды.

Беттік белсенді заттар деструкциясын зерттеу жұмыстары кӛп емес. Твиндердің бактериялар үшін қоректік субстрат бола алатындығы және де басқа заттарды оларды жасушаға тасымалдауды жеңілдету үшін қолдануға кӛмектесе алатыны кӛрсетілген. Ps.

aeruginosa, Aspergillus niger и Penicillium notatumмайлы қышқылдардың күрделі эфирлерінің ерітінділерінде ӛсуге қабілетті. Бұл ағзалар эстераза ферментін түзе отыра, эфирлі байланыстарды босатып, майлы қышқылдарды бӛледі.

Әдеби мәліметтерді талдай келе, табиғатта биологиялық тұрғыдан ионогенді емес, окси сияқты "жұмсақтау" беттік белсенді заттарды ыдыратуға қабілетті микроағзалардың кӛп кездесетіндігінкӛруге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Остроумов С.А. Биологические эффекты при воздействии поверхностно-активных веществ на организм – М., МАКС-Пресс, 2001, 334 бет.

2. Алексеев В.Г., Миневич Н.Б. Влияние поверхностно-активных веществ наработу нитратселективного электрода // Заводская лаборатория. Диагностика материалов.2002. Т. 68.

ғ5. С.23— 24.

3.Паршикова Т. В. Поверхностно-активные вещества как фактор регуляции развития водорослей. — Киев: Фитосоциоцентр, 2004. — 276 с

4.Chemistry and Technology of Surfactants / Edited by Richard J. Farn. — Blackwell Publishing Ltd, 2006. — 315 p.

5. Ставская С. С., Удод В. М., Таранова Л. А., Кривец И. А. Микробиологическая очистка воды от поверхностно-активных веществ. — Киев: Наук.думка, 1988. — 184 с.

ӘОЖ 574:549.252:631.67(262.83)

ҚОРҒАСЫННЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ Исаева Молдир

[email protected]

Магистрантка 2-го года обучения Кызылординского государственного университета им.

Коркыт Ата, Кызылорда

Научный руководитель - Б. Абжалелов

Ауыр металдармен ластану – жер бетінде қорғасын, сынап, кадмий, т.б. ауыр металдардың жергілікті, аймақтық және ғаламдық жиналу процесі. Ортаға металдардың ену жолдары әр түрлі (металл бӛлшектерді жоңқалау, коррозия, іштен жанатын қозғалтқыштардың, жылу энергетикасы қондырғыларының, т.б. шығарындылары); олар, негізінен, терең жер қабатынан алынуы және жер бетінде таралуы арқылы жиналады. Бұл орайда антропогендік химиялық реакция нәтижесінде табиғи қосылыстардан металдардың босауының үлесі шамалы.

Ғылыми-техникалық прогресс қоршаған ортаның кӛптеген мӛлшерде зиянды заттармен ластанып, қалыптасқан табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде.

Республиканың кӛптеген аймақтары газ, сұйық және қатты күйдегі ӛндіріс қалдықтарымен, сульфаттармен және ауыр металдармен ластануда. Қоршаған ортаның зиянды заттармен

(5)

3817

ластану деңгейі жоғары болуына байланысты олардың жануарлар ағзасына түсуіне, тигізетін зияны мен биологиялық рӛлін зерттеуге ерекше кӛңіл бӛлініп отыр. Ӛндіріс ошақтары орналасқан аудандардың атмосферасына кӛп мӛлшерде әр түрлі химиялық қосылыстар, ауыр металдар түсуде. Ауыр металдардың 80% микроэлементтердің қатарына жатады.

Микроэлементтердің ауыз су мен тағам ӛнімдерінде жетіспеуі зат алмасудың бұзылуына, нәтижесінде эндемиялық аурулардың дамуына әкеліп соқтырды. Ал, ауыр металдардың ӛсімдіктер мен жануарларда артық мӛлшерде жинақталуы олардың ағзасында жүретін тіршілік үшін маңызды процестерге қауіп тӛндіреді. Бұл, ауыр металдардың суда, топырақта қалыпты мӛлшерде болу қажеттілігін талап етеді. Себебі, трофикалық тізбек арқылы таралып, биотаға және адам ағзасына түседі де, оларға кері әсер етеді. Ӛндіріс қалдықтарының қоршаған орта нысандарына түсуін, жинақталуы мен миграциясы, заңдылықтарын зерттеу олардың әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан, жоғарыда айтылған күрделі аймақтық проблемалар осы зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтады.

Қазіргі заманда қоғамның екпінді шаруашылық қызметі биосферада химиялық элементтердің миграциясын (жылжуы) күшейтіп отыр. Оған себеп, қоршаған орта ӛнеркәсіп ӛндірісінің, мал шаруашылығының, ірі қалалардың, жанған отынның әр түрлі химиялық заттардан тұратын қалдықтармен ластануда, яғни, біз ӛмір сүріп отырған ортаның жағдайы мәз емес. Тірі табиғаттың компоненттерін ластайтын кӛптеген химиялық элементтердің ішінде ауыр металдар соңғы кезде кӛбірек назар аудартуда. Оларға бір текше сантиметр кӛлемінің тығызығы 5 грамнан артығырақ болатын химиялық элементтер тобы жатады.

Кезінде ғылыми техникалық әдебиетте металдарды жеңіл және ауыр деп топтаған. Сонан бастап ауыр металдар тірі организмдер үшін улы деген ұғым қалмай келеді. Салыстырмалы атомдық массасына 40-тан артық болатын металдардың барлығын осы ауыр металдар тобына жатқызуға болады. Алайда, ауыр металдардың барлығы бірдей улы болмайтынын айта кеткен жӛн. Олардың ішінде биологиялық маңызы үлкен элементтер бар, мысалы, мыс, мырыш, молибден, темір. Кейбіреулері белгілі концентрацияда тірі организмге ӛте қажет болғандықтан олар микроэлементтер деп аталады. Демек, ауыр металдар мен микроэлементтер тең ұғымды білдіреді, бірақ олар әртүрлі концентрацияда ӛздерін түрліше кӛрсетеді. Кейбіреулерін ӛте аз мӛлшерде ӛсімдікке тыңайтқыш немесе мал азығына қоспа ретінде қолданылады. Сондай-ақ кейбір ауыр металдардың тірі организмдерді уландыратын қасиеттері бар, мысалы, сынап, кадмий, қорғасын. Сондықтан осы соңғылары қоршаған ортаны ластайтын ең қауіптілері болып саналады. Осылардың ішінде ӛндірісте және автокӛлікте кӛп қолданылатыны, соған орай айналаға кӛбірек таралатыны қорғасын.

Адамның шаруашылық қызметін қорғасынды айнала ортаға шашыратып, тарататын кӛзі.

Қоршаған ортаның жекелеген экотоптарын алатын болсақ, солардың ішінде ауыр металдардың ең кӛп түсетіні топырақ. Оған себепші болатын ең алдымен атмосфера.

Атмосфераға ауыр металдар кӛбіне жер бетінен кӛтерілетін шаң тозаңның құрамында енеді.

Сондықтан атмосферадан қар мен жаңбыр жер бетіне түскенде олардың құрамында кӛбінесе қорғасын, кадмий, мышьяк т.б. элементтер болатыны содан. Атмосфераны негізгі ластайтындардың қатарында электр стансалар, метал қорытатын зауыттар, мұнай ӛнеркәсібі, құрылыс металдарын шығаратын кәсіпорындар мен автокӛлік. Іштен жанатын қозғағыштар жұмыс істегенде азоттың, қорғасынның тотықтары, кӛмірсутектер т.б. заттар бӛлініп шығып, топырақ бетіне түседі. Бұл жағдайда аталмыш заттар топыраққа түскен соң, қоректену тізбегі арқылы зат айналымға енеді. Улы заттар топыраққа жинала келе оның химиялық құрамының ӛзгеруіне себеп болады, содан тірі ағзалар мен ортаның бірлігі бұзылады [1].

Топырақта жиналатын металдарың ауыры бар, басқалары бар, түрлері кӛп, мысалы, темір (Fe) , қорғасын (Pb), сынап (Hg), мыс (Cu) т.б. осылардың ішінде ең қауіптісі сынап болса, соның жыл сайын топыраққа 4,0-5,0 мың тоннасы түсетіні кӛрінеді, ал ӛндірілетін қорғасынның әр тоннасынан қоршаған ортаға 25,0 келісі түседі.әдетте, ауыр шаруашылығы

(6)

3818

аудандармен салыстырғанда ӛнеркәсіп ӛндірісі дамыған аймақтарда топыраққа 25-27 есе кӛп қорғасын түседі екен. Жыл сайын әр шаршы метр жер бетіне техногендік жолмен 35,0 келі мыс түседі. Осы аталмыш металдардың концентрациясы ортаның нысандарында кӛбейген сайын ӛсімдіктің ӛсуі баяулайды, ӛнімі тӛмендейді.

Бар мәліметтерге қарағанда, Республикада топырақ бетінің ауыр металдармен ластануы кӛбінесе метал ӛндірісі мен химия ӛнеркәсіп салаларына қарасты ірі нысандар шоғырланған қалалардың тӛңірегінде болады. Республиканың табиғат қорғау министрлігінде арнайы зерттеудің нәтижесінде жиналған мәліметтер топырақта қорғасын, мыс, мырыш, кадмий металдары мен басқа ауыр металардың қосылыстары және түсті металдардың кӛбейіп кеткенін кӛрсетіп отыр.

Ауыр металдарды топыраққа бірге ала келетін, сол ортада олардың кӛбірек жиналуына себепке болатын басты кӛзінің бірі минерал, ең алдымен фосфор тыңайтқыштары. Олардың ондағы мӛлшері сол тыңайтқыштарды алатын ішкі заттар мен ӛңдеу технологиясына байланысты болады.

Қоршаған ортаның жекелеген экотоптарын алатын болсақ, солардың ішінде ауыр металдардың ең кӛп түсетіні топырақ. Оған себепші болатын ең алдымен атмосфера.

Атмосфераға ауыр металдар кӛбіне жер бетінен кӛтерілетін шаң тозаңның құрамында енеді.

Сондықтан атмосферадан қар мен жаңбыр жер бетіне түскенде олардың құрамында кӛбінесе қорғасын, кадмий, мышьяк т.б. элементтер болатыны содан. Атмосфераны негізгі ластайтындардың қатарында электр стансалар, метал қорытатын зауыттар, мұнай ӛнеркәсібі, құрылыс металдарын шығаратын кәсіпорындар мен автокӛлік. Іштен жанатын қозғағыштар жұмыс істегенде азоттың, қорғасынның тотықтары, кӛмірсутектер т.б. заттар бӛлініп шығып, топырақ бетіне түседі. Бұл жағдайда аталмыш заттар топыраққа түскен соң, қоректену тізбегі арқылы зат айналымға енеді. Улы заттар топыраққа жинала келе оның химиялық құрамының ӛзгеруіне себеп болады, содан тірі ағзалар мен ортаның бірлігі бұзылады [1].

Қорғасын. Тау жыныстарының құрамындағы қорғасынның орта мӛлшеріне қарап, зерттеушілер оны сирек кездесетін элементтердің қатарына қосады. Бұл элемент негізінен сульфидты жыныстардың құрамында жиналады. Олар жер бетінің әр түкпірінде кӛптеген аймақтарда тараған. Кенді балқыту арқылы оны оп-оңай бӛліп алады. Қорғасын жер қыртысында галенит (PbS) түрінде де кездеседі. Жер қыртысындағы қорғасын сумен шайылады және магмалық жыныстардан да босап шығады, сӛйтіп, жер бетіндегі ағын сумен бірге біртіндеп мұхитқа түседі. Қорғасынның ионы (Pb2) тұрақты емес, сол себепті ол мұхит суында кӛп болмайды (10-8 %). Ащы суға қарағанда қорғасынның тұщы судағы мӛлшері кӛбірек. Геохимиялық айналымда бұл элемент тұрақсыз болғандықтан оның топырақтағы орта мӛлшері жер қыртысындағы орта деңгейіне сәйкес келеді. Ғылыми әдебиеттерде бар мәлеметке жүгінсек, бұрынғы Одақ кӛлеміндегі топырақтағы қорғасынның орта мӛлшері 1,2.

10-3 % шамасында. Ауыр металдардың ішінде қазіргі кезде биологиялық тұрғыдан жан- жақты кӛбірек зерттеліп жүргені- қорғасын. Әлемде жыл сайын ӛндірістік және тұрмыстық мақсатқа 3,0 млн тонна қорғасын тұтынуға түседі екен. Алайда, топырақтағы және ӛсімдіктегі қорғасын мӛлшерінің арасында тікелей корреляция барлық уақытта байқала бермейді. Бұл жағдайда ең басты рӛл атқаратын топырақтың механикалық құрамы, ондағы органикалық заттың қоры, ортаның рН, топырақтағы қорғасынның химиялық қосылыстары мен ӛсімдіктің түрі. Әдетте механикалық құрамы жеңілдеу және құрамында органикалық зат тапшы немесе реакциясы қышқылдау топырақтарда қорғасын кӛбінесе оңайалмасуға бейім сіңірілгенкүйде болады. Сол себепті органикалық затқа бай, реакциясы бейтарап немесе сілтілеу болатын саздақ топырақтардағы ӛсімдікте қорғасын кӛбірек жиналады.

Список использованных источников

1. Нұрғызарынов А.М. Атыраулық экотоптардың химиялық экологиясы (Сырдың тӛменгі ағысы). Қызылорда. Тұмар. 2003 жыл.

Referensi

Dokumen terkait

Жабынның шекаралық жағдайлары және ұяшықтағы плита саны Тербелістің формасы Динамикалық сипаттамалар Тербеліс үдеуі, Гц Тербеліс периоды, сек Тӛрт бұрышына ғана тірелген тұтас

Ғалым эколог И.Д.Зверовтың пікірінше, экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты мен мәні – қоршаған ортамен, табиғатпен қарым-қатынастың барлық түрлерінде оқушылардың