ӘОЖ 618.177-089.888.11
ҚОСАЛҚЫ РЕПРОДУКТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӚМЕГІМЕН БЕДЕУЛІКТІ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ
Бекбосынова Г.Р., Мынбаева М.Ж., Абдильманова Б.Ж., Ибрагимов А.К., Пернекулова А.Ж.
ТОО «Экомед Плюс», Астана, Казахстан [email protected]
http://www.enu.kz
Мақаланың ӛзектілігі. Жанұядағы бедеулілік – медицинаның, әлеуметтік- демографияның және экономиканың маңызды және күрделі мәселелерінің бірі. Әлемнің дамыған елдерінде жанұядағы бедеулілік көрсеткіші мынадай: Еуропа – 10%, АҚШ - 15%, Канада - 17%, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 15 - 16%-ды құрады. Бедеулілік әлеуметтік мәселе ретінде өмірге, жұмысқа деген қызығушылықтың жоғалуы, психикалық және эмоционалды күйзелістердің дамуына себепші [1, 12]. Фертильділік қабілетінің төмендеуі көп жағдайда жағымсыз әсерлер жүйесіне [3], яғни салауатты өмір салты, зиян әдеттерге бейім болу, кәсіби және экологиялық әсер, оған қосымша жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекциялар, репродуктивтік жүйенің қабынуы мен патологиясына тікелей қатысты [4]. Жанұядағы бедеулілік мәселесі кеш репродуктивтік кезеңдегі әйелдер популяциясы санының ұлғаюына байланысты өзектілігін жоғалтпай тұр [3]. Қосалқы репродуктивтік технологиялар (ҚРТ) - ұрықтандырудың бөлек немесе барлық сатылары және бастапқы эмбриондардың дамуы организмнен тыс өткізілетін бедеулікті емдеу әдісі [6,7]. ҚРТ әдістері: in vitro ұрықтандыру (ЭКО) және жатыр ішіне эмбрион тасымалы (ЕТ) [5]; сперманы ооцит цитоплазмасына инъекциялау (ИКСИ) [11]; ұрық, ооцит, эмбрион криоконсервациясы; ұрық, ооцит және эмбрион донорлылығы, суррогат ана, имплантация алды диагностика (PGD), жолдасының немесе донор ұрығымен жасанды инсеминирлеу [10,12]. Бастапқыда емделмейтін бедеулілік түрі анықталған отбасылық жұптар үшін ҚРТ әдістерінің медицина тәжірибесіне енгізілуі, олардың ұрпақ өрбіту қызметін қайта атқаруына мүмкіндік берді [9].
Жұмыстың мақсаты: 2011-2012 ж. аралығында орындалған ЭКО және ИКСИ әдістеріне салыстырмалы талдау жасау. Алынған нәтижелер бойынша әйел, еркек және қосарлы бедеуліліктердің пайыздық арақатынасын көрсету.
Зерттеу нысаны мен әдістері. Зерттеуге 2011-2012 ж. аралығында жалпы саны 1018 жұп алынған: 2011 ж. 442 жұп, ал 2012 ж. 576 отбасылық жұп. Зерттеуге қатысушы жұптар әйел, еркек және қосарлы бедеулілікке душар болғандар. Барлық отбасылық жұптар мамандандырылған «Экомед Плюс» емханасында ҚРТ әдістері қолданылып жүргізілген ем қабылдады. Дәрігерлердің көрсеткіштері бойынша емдеудің әртүрлі әдістері пайдаланылды. Кейбір отбасылық жұптар in vitro ұрықтандыру немесе жасанды инсеминирлеудің бірнеше мүмкіндіктерінен өткен. Талдау жасауда соңғы хаттамалардың нәтижелері алынған.
Хаттама:
1. Жұмыртқа жасушасын түтіктерге жинап алу және оны іздеу;
2. Инкубаторда 3-4 сағат арнайы қоректік ортада культивирлеу;
3. Эякулятты градиент тығыздығы арқылы өңдеп, белсенді бөлігін бөліп алу;
4. ЭКО немесе ИКСИ әдістерімен жұмыртқа жасушасын ұрықтандыру;
5. 12-18 сағат өткен соң ұрықтану белгілерін қарау;
6. 2-5 тәуліктерде эмбриондардың өсу динамикасын байқау;
7. 3-5 тәулікте эмбрион тасымалы.
Зерттеу нәтижелері 2011-2012 жылдар аралығында 1018 отбасылық жұп тексерілді.
Бұл отбасылық жұптарды екі топға бөлік: бірінші топты 2011 жылғы емделушілер құраса, екінші топты 2012 жылғы емделушілер құрады (1-сурет).
1-сурет. - 2011-2012 жылдар аралығында жүргізілген емдеу шаралары
Бедеулікке душар болған екі топтағы отбасылық жұптарды ҚРТ әдістері көмегімен емдеу барысында ерлер мен әйелдер жасына, бедеуліктің ұзақтығына [3] байланысты статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталмады. Ер адамдардың орта жасы 36,9,0±7,1-ны құраса, әйелдердікі 32,7±5,4 жасты құрады. Бедеуліліктің ұзақтығы - 6,6±4,4 жыл (кемі 1 жыл, көбі 20 жыл). 2011 жылы бедеулікті емдеу шараларынан 442 отбасылық жұп өтті: 268 жұп ЭКО әдісімен, 167 жұп ИКСИ әдісімен, ал 7 жанұя қосарлы бедеулік мәселесімен күресуде ЭКО/ИКСИ әдістеріне жүгінді, жалпы әр әдістің пайыздық үлестері сәйкесінше 60,6%, 37,8% және 1,6%-ды құрады. Отбасында ешқандай жүктілік болмаған жағдайда бедеулік біріншілік деп, ал кем дегенде бір жүктілік (нәтижесінен тәуелсіз) болса, бедеулік екіншілік делінеді. 2011 жылы біріншілік бедеулілік 40,7%, ал екіншілік бедеулілік 59,3%-ды құрады. 2011 жылғы жүргізілген ҚРТ көмегімен 442 жұптың 328-іне эмбрион тасымалы жүргізіліп, жалпы саны 89 жүктілік алынды. Алынған жүктіліктердің 53-і ЭКО әдісімен, 35-і ИКСИ, ал қалған 2-і ЭКО/ИКСИ әдісі нәтижесінде алынды. Әр әдістің тиімділігі (әрбір әдіспен алынған жүктіліктің жалпы жүктілік санына шаққандағы көрсеткіші) 2-суретте көрсетілген.
2-сурет. 2011 жылғы ҚРТ әдістерінің тиімділігі
2012 жылы тексеру мен бедеулікті емдеу бағдарламасын 576 отбасылық жұп өтті:
ЭКО әдісі 212 жұпта (36,8%) қолданылса, ИКСИ әдісі 334 жұпта (58%), ал ЭКО/ИКСИ әдісі 30 отбасылық жұпта жүргізіліп, жалпы емделушілердің 5,2%-ын құрады (1-кесте).
1-кесте. 2011-2012 жылдар аралығындағы жүргізілген ҚРТ әдістерінің кӛрсеткіштері 2011 жыл 2012 жыл
Жалпы TVP саны 442 576
59,5
% 38,3
%
2,2 %
ЭКО ИКСИ ЭКО/ИКСИ
Жалпы ET саны 328 493
Жүктіліктің жалпы саны 89 157
Жүктіліктің пайыздық үлесі (%) 27,1 31,9
ЭКО бағдарламасы 268 212
ЭКО бағдарламасы тиімділігінің пайыздық үлесі (%) 20,0 27,4
ИКСИ бағдарламасы 167 334
ИКСИ бағдарламасы тиімділігінің пайыздық үлесі (%) 21 26,4
ЭКО/ИКСИ бағдарламасы 7 30
ЭКО/ИКСИ бағдарламасы тиімділігінің пайыздық үлесі (%) 28,6 36,7 2012 жылы барлығы 576 жұпқа ҚРТ әдістері пайдаланылып, 493-іне эмбрион тасымалы жүргізілді, нәтижесінде 157 жүктілік (эмбрион тасымалына шаққанда 31,9%) алынды. Алынған нәтижелер: ЭКО әдісімен – 58, ИКСИ әдісімен – 88, ЭКО/ИКСИ әдісімен – 11 жүктілік алынды (3-сурет).
3-сурет. - 2012 жылғы ҚРТ әдістерінің тиімділігі
2012 жылы емделушілер арасында біріншілік бедеулілік 41,1%-ды, ал 58,9%-ы екіншілік бедеулілік үлесіне тиесілі. Әйел анамнезінде репродуктивтік жүйе қабынуының болмауы жақсы нәтиже беретіні [9], яғни емнің жүктілікпен аяқталу мүмкіндігі жоғары екендігі анықталды. Алынған мәліметтерге сүйенсек, ҚРТ әдісімен жүктілік алу екіншілік бедеулілікпен келген отбасыларда біріншілік бедеулілікке қарағанда жиірек орын алған.
Екіншілік бедеулілік үшін жүктілік 26,2% құраса, ал біріншілік бедеулілік үшін 20,7%-ды көрсетті.
Нәтижелерді талқылау. Заманауи қосалқы репродукция әдістері бедеуліктің ауыр түріне (генетикалық факторлармен байланысты) душар болған жұптарға ата-ана болу бақытын сыйлай алады. Бүгінгі таңда мамандар қосалқы репродукцияның in vitro ұрықтандыру (ЭКО), сперманы ооцит цитоплазмасына инъекциялау (ИКСИ, ИМСИ) [11, 13], имплантация алды диагностика (ПГД) әдістерін үлкен шеберлілікпен пайдалануда.
Бұл әдістердің барлығы клинико-генетикалық тексерулер мен медико-генетикалық кеңестермен біріктіріліп, ұрпақ өрбіту және ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық бұзылыстардың берілу мүмкіндігін төмендету мәселелерін шешуге көмек береді [12].
Жүргізілген зерттеу барысында 2011 жылы 27,1%, ал 2012 жылы 31,9% жүктілік алынды.
Басты назар аударатын мәселе 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы ИКСИ бағдарламасы бойынша ем қабылдаушылардың саны екі есеге артқан, яғни 167 отбасылық жұптан 334 жұпқа артқан, ал бұл көрсеткіш ер адамдар белсіздігі артуының бірден-бір көрсеткіші деген болжам жасауға болады. Ер адам белсіздігіне сперматогенездің гормональді реттелуінің бұзылуы негізгі әсер етуші фактор ретінде қарастырылады. Бұл
37 % 56,1 %
7,0 %
ЭКО ИКСИ ЭКО/ИКСИ
мәселеде ерлердің жыныстық гормоны - андрогендер маңызды рөл атқарады. Олар спецификалық андрогенді рецепторлармен әрекеттесіп, ерлердің жыныстық дамуына әсер етіп, сперматогенезді белсендіреді [2].
Қорытынды. Осылайша, алынған нәтижелер ҚРТ әдістерінің түрлі себептермен пайда болған бедеулік пен белсіздікті емдеуде жоғары тиімділікке ие екендігін көрсетті [5]. Бұл тиімділік шетелдік емханалардың қол жеткізген тиімділігімен бір сатыда тұра алады. ҚРТ әдістерінің нәтижелі аяқталуы жүргізілген суперовуляция түріне, мамандардың тәжірибесіне тікелей байланысты [8]. Алынған нәтижелер бойынша мынадай қорытынды жасауға болады: белсіздік саны жыл өткен сайын артуы байқалуда, себебі 2011 жылы жалпы бағдарламаның 37,8%-ын ИКСИ бағдарламасын құраса, 2012 жылы бұл көрсеткіш біршама ұлғайып 58%-ды көрсетті. ҚРТ әдістері көмегіне жүгінген жанұяларда екіншілік бедеулік (2011 жыл – 59,3%, 2012 жыл – 58,9%) көрсеткіші біріншілік бедеулілікпен (2011 жыл – 40,7%, 2012 жыл – 41,1%) салыстырғанда жоғарырақ. ҚРТ әдістері бедеуліктің қай түрі болса да, генетикалық диагностика көмегімен дені сау, даму деңгейі бойынша табиғи жолмен дүниеге келген балалардан еш айырмашылығы жоқ сәбилердің дүниеге келуіне көмектеседі [2]. Ал бір циклдағы тиімділігі жағынан табиғи жағдаймен (15-20%) салыстырғанда ҚРТ әдістерінің пайыздық үлесі (2011 жыл – 27,1%, 2012 жыл – 31,9%) жоғары. Әрине бұл жұмыста жасалған зерттеулер саны Қазақстан аумағы үшін соңғы және толыққанды мәліметтер деп айтуға болмайды, себебі бұл жұмыс тек бір емхана көлемінде жасалды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. К. Элдер Экстракорпоральное оплодотворение / Кэй Элдер, Брайан Дэйл ; Пер. с англ.
– М. : МЕДпресссинформ, 2008. – 304 с.
2. Kaan Osmanagaoglu, Herman Tournaye, Michel Camus, Mark Vandervorst, Andreґ Van Steirteghem and Paul Devroey (1999) Cumulative delivery rates after intracytoplasmic sperm injection: 5 year follow-up of 498 patients. Human Reproduction, 14, 2651 – 2655
3. B.Eskenazi, A.J.Wyrobek, E.Sloter, S.A.Kidd, L.Moore, S.Young and D.Moore (2003) The association of age and semen quality in healthy men. Human Reproduction, 18, 447 – 454
4. A.M.E.Lintsen, P.C.M.Pasker-de Jong, E.J.de Boer, C.W.Burger, C.A.M.Jansen, D.D.M.Braat and F.E.van Leeuwen (2005) Effects of subfertility cause, smoking and body weight on the success rate of IVF. Human Reproduction, 20, 1867 – 1875
5. Thorir Hardarson, Lisbet Van Landuyt and Gayle Jones (2012) The blastocyst. Human Reproduction, 27, P. 72 – 91
6. Loredana Papale, Agnese Fiorentino, Markus Montag, and Giovanna Tomasi (2012) The zygote. Human Reproduction, 27, P. 22 – 49
7. Fernando J. Prados, Sophie Debrock , Josephine G. Lemmen and Inge Agerholm (2012) The cleavage stage embryo. Human Reproduction, 27, P. 50 – 71
8. Laura Rienzi, Basak Balaban, Thomas Ebner and Jacqueline Mandelbaum (2012) The oocyte. Human Reproduction, 27, P. 2 –21
9. M.Joffe and Z.Li (1994) Male and female factors in fertility. Am. J. Epidemiol., 140, 921- 929
10. A.Safran, E.Reubinoff, A. Porat-Katz & A.Lewin (1998) Assisted reproduction for the treatment of azoospermia. Human Reproduction, 13, 41-60
11. M.Van deb Berg (1998) In: (K.Elder & T.Elliott, eds) The useof Epididyma and Testicular Sperm in IVF. World Wide Conferences on Reproduction Biology, Ladybrook Publishing, Australia
12. J.Cohen, M.Alikani, J.G.Garrisi & S.Willadsen (1998) Micromanipulation of human gametes and embryos: ooplasmic donation at fertilization. Human Reproduction Update, 4(2), 95-96
13. B.Balaban и со авт. (2011) Клинические исходы интрацитоплазматической инъекции сперматозоидов, морфологически отобранных под большим увеличением: проспективное рандомизированное исследование. Проблемы репродукции, 5, Турция