• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚОШ БОЛ, РУХАНИ АҒА!

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚОШ БОЛ, РУХАНИ АҒА!"

Copied!
1
0
0

Teks penuh

(1)

Сақ Қайрат Өмірбайұлы.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ф.ғ.к., доцент, ЕҰУ профессоры

ҚОШ БОЛ, РУХАНИ АҒА!

Ақаң туралы өткен шақты сөйлеу қандай қиын…

Рухани аға тумысы мен болмысы жөнінде ақжарылқап сөзімізді жақсы бір күні өзіне жолдаймыз ғой деп жүрген қазақтың бірі едік. Тағдыр оны жазбапты...

Кеше ғана емес пе еді, ақылшы ағаммен алдағы жоспарларымыз туралы кеңесіп, сәрсенбінің сәтіне (қайтыс болған күн) кафедраның кеңейтілген мәжілісін өткізуге келіскенбіз. Сұм ажал арамыздан жұлып алып кететінін сезсемші сонда...

Алаштың Ақселеуімен алғаш жолыққанда-ақ, мейірім, ықыласына айрықша шомылғандықтан ба, онсыз да қалың елі қазағына атқарған қыруар шаруасына тәнті рухани інісі едім, одан сайын тонның ішкі бауындай жақын тартқанына төбем көкке жеткендей қуанышқа бөленген болатынмын.

Алғашқы сұхбаттасуымыз да қызық өрбігені әлі есімде. Сөз қонағы келгенде:

«Қазақта ел қадірлейтін екі Ақаң бар, бірі – Ахмет Байтұрсынов та, екіншісі – Ақселеу Сейдімбек», - деген көңіл төріндегі ықылас, ілтипатымды білдіргенде, Ақаң ризашылық таныта тұрып: «Мені үшіншісіне қоссаң да жарайды, екінші Ақаң – Ахмет Жұбанов қой»,-деп түзету жасап еді.

Міне, осындай әсерлі сәттер көзден ұшқан сағымдай мұнарланып барады. Бірақ көңілден ешқашан өшпек емес.

Бүткіл саналы ғұмырын ұлт мүддесі, ел мұраты жолына арнаған, қаймана қазақ жоғын түгендеумен бар өмірін сарп еткен ұлағатты ұстаз, ғұлама ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, көкірек көзі ояу жастардың рухани ағасы Ақселеу Сланұлының халқым деп соққан ұлы жүрегі алпыс жетіге қараған шағында соғуын тоқтатты, дамыл тапты. Қалың елі қазағының қабырғасын қайыстырып кеткен қаза үстінде көңілге медет тұтатынымыз – Ақаңның артында қалдырған өлмес мол мұрасы.

«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»,- деген Абайдың өлең шумағымен көңіл жұбатамыз, көз жасымызды құрғатамыз. Өзге қолдан келер шара жоқ. Бәрі бір Алланың ісі.

Қош бол, рухани аға!

Алдыңыз пейіш, артыңыз кеніш болсын!

Referensi

Dokumen terkait