• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРАЙ ЖАЗАСЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРАЙ ЖАЗАСЫ"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

Ермаханова С.Т., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Заңтану» мамандығының 1 курс магистранты

ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРАЙ ЖАЗАСЫ

В данной статье автор рассматривает наказание за преступления получение взятки.

Также автор обращает внимание обстоятельствам, отягчающие уголовную ответственность и наказание.

Ключевые слова: право, наказание, преступление, получение взятки, уголовное законодательство, правосудие.

In this article the author considers the punishment for crimes bribe. Also, the author draws attention to the circumstances aggravating criminal liability and punishment.

Key words: law, punishment, crime, receiving bribes, criminal law, justice.

Қазіргі кезде қоғамымыздағы ең қауіпті қылмыстардың бірі – пара алу болып табылады. Пара алу қылмысы сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрі болып табылады1. Лауазымды адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) лауазымды адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сондай-ақ жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе – ол Заңға сәйкес пара алу деп танылады2.

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады.

Қылмыстық жаза - мемлекеттiк күштеу шараларының бірi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады.

Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кеңiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып өткендей экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда көрсетiлген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс iстеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттiң атқаратын функцияларының бiрi ретiнде қарастырылады. Әсiресе ауыр, өте ауыр қылмыс iстегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Мемлекеттiк күштеу шаралары сан алуан. Оларға бөлек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкiмшiлiк, тәртiптiк шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шараларының жеке бiр түрi бола отырып, өз ерекшелiктерiмен оқшауланады.

1 Основы борьбы с организованной преступностью. / Под. ред. В.С. Овчинского, В.Е. Эманова, Н.П. Яблокова. М., 1996. – С. 180.

2Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. – Алматы.: Юрист. 2008. – 112 б.

(2)

Бiрiншiден, қылмыстық жаза-мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде қылмыстық заңмен ғана белгiленедi. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшiн мiндеттi тiзбектерi мен оны қолданудың тәртiбi тұжырымдалған. Сот қылмысқа кiнәлi адамға қылмыстық заңда көрсетiлген шараның шеңберiнде оның шегiнен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетiлгеннен гөрi неғұрлым жеңiлiрек жаза тағайындауға құқылы.

Мемлекеттiң күштеу шарасы ретiндегi қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодексте «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде жазаның мақсаты-әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.

Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.

Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңнын тиісті баптарында көрсеттілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады. Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады.

Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілігк дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайының ықпал ескеріледі.

Жаза Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте тағайындалады. Яғни, сот жаза тағайындағанда кінәлінің істеген қылмысы үшін жазаның мөлшерін, түрін сол баптың санкциясы көрсеткен шектен шықпай тағайындауға міндетті.

Сондықтан да әділ жаза тағайындаудың алғы шарты іс-әрекетті дұрыс саралау, яғни істелген іс-әрекеттің белгілерінің нақты қылмыс қүрамы белгілеріне дәлме-дәл сай болуын анықтау өте қажет. Қылмысты дұрыс сараламау әділетсіз жаза тағайындауға әкеліп соғады. Қылмыстық заңның нақты құрамының санкциясында көрсетілген жаза мөлшерінің ең жоғарғы шегінен шығып, жаза тағайындауға заң ешқандай жол бермейді.

Керісінше, сот жаза тағайындағанда қылмыстық заңда көрсетілген шарттарды еске ала отырып, кінәліге белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға құқылы.

Сондай-ақ жаза тағайындағанда Ерекше бөлімнің нақты бабының санкциясының шегін ескермеумен бірге Кодекстегі Жалпы бөлімінің ережелерін де басшылыққа алуға міндетті.

Яғни, сот адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін алдымен оның іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма, жоқ па осы мәселені анықтайды. Егер қылмыс құрамы бар болса, ол біткен немесе бітпеген қылмыс па, қылмыскер оны жеке өзі немесе басқалармен бірге істеді ме деген мәселелерді анықтайды. Бұл сүрақтарға жауап алу үшін ең алдымен Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі қылмыстың ұғымы, оның сатылары, қылмысқа қатысу ұғымы, іс-әрекеттің қылмыстылығын жояатын жағдайлар, қылмыстық заңның уақыттағы, кеңістіктегі, қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы сияқты

(3)

мәселелерді анықтау керек. Қылмыстың құрамы бір іс-әрекеттерге жаза тағайындағанда сот ең алдымен адамды қылмысты жауаптылықтан және жазадан босатуға негіздер бар ма, жоқ па деген мәселелерді анықтауға міндетті. Егер сот жасаған қылмысы үшін жаза тағайындау қажет деп тапса, онда ол Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінен жаза туралы бөліміндегі негізгі қағидаларды-жазаның ұғымы мен мақсаты, жазалау түрлері, жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа ала отырып біткен немесе бітпеген қылмыстарға, қайталанған, қатысып жасалған қылмыс үшін, қылмыстардың, үкімдердің жиынтығы үшін жаза тағайындаудың ерекшеліктерін ескереді. Сондай-ақ мерзімдердіқосу кезінде оларды белгілеу, жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу туралы Жалпы бөлімінің ережелері негізгі басшылыққа алады.

Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана сол үшін көзделгендердің арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Бұл жерде балама санкйияларды қолдану туралы сөз болып отыр. Қылмыстық кодекстің 39-бабында жазаның түрлерінің тізбегі онша қатаң еместен, қатаң түріне қарай тізбектеліп берілген. Осыған орай сот жазаның мақсатына жету үшін қажет деп тапса, санкцияда көрсетілген балама жазалардың қатаң түрін тағайындауға құқылы. Қылмыстық кодекстің 48-бабының 3-бөлігінде қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаның қатаң түрін тағайындаудың тәртібі және оның шегі арнайы көрсетілген.

Сот жаза тағайындағанда істелген қылмыстың сипатын және қоғаға қауіптілік дәрежесін, айыптының жеке басының кім екендігін, істің жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларын еске алады. Осы айтылған факторлардың мазмұнын нақтылап толықтыратын, оларға бағынышты түсінік болып табылады.

Осы жоғарыда айтылған екі негіз факторға сипаттама берелік. Бірінші, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау арқылы жаза тағайындау. Заң бойынша әрбір әстелген нақты қылмыстың қоғамға қауіптілігі екі жағынан: сапалық (қоғамға қауіптілік сипаты) және сандық (оның дәрежесі) белгілері арқылы белгіленеді.

Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстың объективтік және субъективтік белгілері арқылы анықталады. Мүның ішінде объктивтік белгілері (қылмыстың объективті зардабы, іс-әрекеттің мәні, қылмыстың істелген уақыты, тәсілі, оның жағдайы) субъктивтік белгілері, кінәнің формасы, қылмыстық ниет немесе мақсат жан-жақты еске алынады.

Қылмыстық кодекстің 52-бабының келесі бір маңызды талабы айыптының жеке басының кім екендігін анықтау болып табылады. Өйткені оны сипаттайтын мән-жайларды дұрыс анықтаудың жазаны даралаудағы маңызы зор.

Сот нақты жағдайларға байланысты әр уақытта да кінәлінің жеке басын сипаттайтын әлеуметтік мәні бар барлық жайттарды анықтау қажет. Оның ішінде кінәлінің қылмыс істегенге дейінгі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, оның еңбекке, оқуға деген көзқарасы, өмір сүру салты, өзін қоршаған ортаға қатынасы, оны сипаттайтын оң немесе теріс мән- жайлардың бәрі де ескерілуге жатады. Бұнын сотталғандарға, ішімдікпен, нашақорлықпен әуестенушілерге, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға, қатыгездікпен немесе сыбайласып қылмыс жасағандарға шектен тыс жеңіл жаза тағайындауға болмайды. Керісінше, мемлекет, қоғам, отбасы алдындағы өз міндеттерін адал орындап жүрген, өндірісте, түрмыста жағымды мінездерімен сипатталатын адамдардың бірінші рет қылмыс жасауы олар үшін жеңілірек жаза тағайындауға негіз бола алады.

Соттардың сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты объективті түрде тексеруін оларға тағайындалатын жазаның түрі мен көлемін белгілеу үшін елеулі маңызы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық құқықтың адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, сот жаза тағайындағанда сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбеке қабілеттілігі мен оған деген көзқарасын, білімін, мүгедектігін, асырауындағы адамдардың санын, тағы да басқа мәліметтерді жан-жақты еске алады.

(4)

Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға кауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды аныктауға міндетті. Істелген кылмыстың түрі мен қоғамға қауіптілігнің дәрежесін, істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын жәнс оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескере отырып, жаза тағайындау кезіндс соттар оған жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиісті.

Жаза заңды, негізді және әділ болуы үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарында көрсетілген жауаптылыкты жеңілдстетін де, ауырлататын да мән-жайлар толық есспке алынуы керек.

Жауаптылыкты жеңілдстстін нсмесе ауырлататын мән-жайлар қылмыстық заң арқылы белгіленеді. Қылмыстык заңда жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың, үлгі тізбегі ғана берілген, өйтксні жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін, занда көрсетілген басқа мән-жайларды да соттың еске алуына болады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың заңда көрсетілген тізбегі тұжырымды, сот осы заңда көрсетілген мән-жайлардан басқаларды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануға құқылы емес.

Қылмыс істеген адамды ұстау — қоғамға пайдалы кылмысқа қарсы күрес жүргізудегі кажетті әрекет. Бірақта кылмыс істеген адамды ұстау да қылмыстын, мәні мен үстау жағдайына сай келмейтін жағдайда оған зиян келтіру кылмыс болып табылады. Мысалы, ол қарсылық көрсетпесе де, оған ұрып жарақат салу, істеген кылмысы үшін оны өзінше жазалау тағы басқа әрекеттер. Мұндай жағдайда кінәлінің істеген іс-әрекеті жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатады. Орынды тәуекелдің заңдылық шарттарың бұзу жағдайында қылмыс істеу де жауаптылыкты жеңілдететін мән-жайға жатқызылған. Орынды тәуекелге әр түрлі кәсіптік немесе шаруашылык бағытта жүргізілетін іс-әрекеттер жатады. Мысалы, медицина саласында адамға әр түрлі операциялар жасау, дене мүшелерін тігу, кейбір органдарды алып тастау, немесе оны қайта қондыру адамдардың жанын ауыртумен немесе оларға зиян келтірумен тікелей байланысты. Мұндай шараларды жүзеге асыру заңға, нормативті актілергс, нұскдулар мен ережелерге қатаң негізделген. Осы талаптарды қатаң сақтау дәрігердің қылмыстық жауаптылығын жояды. Медицина ғылымы саласында жаңа жетістіктерге жету үшін әр түрлі ғылыми эксперименттің жүргізілуі шарт. Осы кәсіптің ережесіне, талабына сай жүргізілген ғылыми эксперименттің салдарынан кісі өлімі, мүліктің жойылуы орын алған жағдайда да ол үшін қылмыстық жауаптылыққа ешкім тартылмайды3.

Пара алғаны үшін жауапкершілік лауазымды адам іс-әрекетті жасағанға дейін не жасамағанға дейін алғанына қарамастан, сондай-ақ пара туралы алдын ала айтылғаны- айтылмағанына, пара берушінің мүддесіне небір іс-әрекеттер жасалған-жасалмағанына қарамастан келеді. Құндылықты, қызмет көрсетуді немесе жеңілдік алу шарттары арнайы талқыланбаған жағдайдың өзінде іс-әрекет пара берген және алған болып мойындалады, себебі қылмысқа қатысушылар параның пара берушінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында берілетінін біледі. Құқық қорғау органдарына дайындалып жатқан қылмыс туралы белгілі болса да егер лауазымды адам параны нақты қабылдаса, онда мұндай адамның іс-әрекеті параны алып болған болып бағаланады.

Заңда пара алудың ауырлататын, аса ауырлататын бірнеше түрлері көрсетілген.

Қылмыстың аса қауіпті екенін сипаттайтын жіктеу белгілері (қорқытып алу жолымен, параның ірі мөлшері, пара алушының жауапты лауазымды жағдайы) пара алуға қатысқандардың кінәсі де есептеледі, егер бұл жағдайлар жымысқылықпен байланысты болса.

Параны алу және беру үшін жауапкершілік сол мезетте дербес қылмыс құрайтын іс- әрекет үшін жауапқа тартуды да жоққа шығармайды (қызмет жағдайын асыра пайдалану, бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысу және т.б.). Мұндай жағдайда жасалған іс-әрекет қылмыстың бәрін қоса жіктеледі.

3 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы.: Жеті жарғы. 2001. – 185 б.

(5)

Пара берушінің полицияға, прокуратураға, сот немесе басқа мемлекеттік органға берген ауызша немесе жазбаша арызы қылмыстық жауапкершіліктен босататынын білген қажет. Мұндайда қандай себепті басшылыққа алса да өтініш еркін болу керек.

Билік органдарына пара бергені туралы белгілі болғаннан кейін берген арыз ерікті болып есептелмейді. Жасалған қылмыс туралы еркін берген арыз кезінде қылмыстық жауапкершіліктен пара берушілер ғана емес, олардың бірге қатысқандары да босатылады.

Пара берушілерді қорқытып алушылық бойынша немесе пара беру туралы ерікті арыз бергені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату бұл адамдардың іс-әрекеттерінде қылмыс құрамының жоқ екенін білдірмейді, сондықтан олар жәбірленушілер болып мойындалмайды және олар пара түрінде тапсырған құндылықтарды қайтарып алуға құқылы емес.

Ал егер қорқытып алу жолымен болған жағдайда және ол туралы пара беруші құқық қорғау органдарына арызданса, пара заты оның иесіне қайтарылады.

Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адам, немесе оған теңелген адам тікелей немесе делдал арқылы ақшалай, құнды қағаз, басқа мүлік, мүлікке құқық түрінде немесе пара берушінің немесе оны көрсетіп-білдіретін адамдардың пайдасына іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін пара алса, егер мұндай іс-әрекет мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамның немесе оған теңелген адамның қызметтік құзыретіне кірсе, немесе лауазымдық жағдайына байланысты ол осындай іс-әрекетке ықпал жасай алса, сондай-ақ жалпы қамқорлық немесе қызмет бабында немқұрайдылық жіберсе, ол жеті жүзден екі мың айлық есеп айырысу көрсеткіштер мөлшерінде немесе жеті айдан бір жылға дейін сотталғанның еңбекақысы немесе басқа кіріс мөлшерінде айыппұл салумен жазаланады, немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырумен,немесе белгілі бір лауазымда істеуге немесе белгілі бір қызметпен айналысуға бес жылға дейін тыйым салумен қатар мүлкін тәркілеу немесе тәркілемеумен бірге сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Лауазымды адам осы іс-әрекетті жасаса, сондай-ақ заңсыз іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін пара алса, үш жылдан жеті жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуға жеті жылға дейін тыйым салумен қатар мүлкін тәркілеу немесе тәркілемеумен бірге сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Пара алудың ауырлататын екінші бір түрі – жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адамның пара алуы болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамдарға лауазымды адамдар, Парламент пен мәслихаттардың депутаттары, судьялар және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.

Мемлекеттiк қызмет атқаруға уәкiлеттi адамдарға: 1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар; 2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелiгiне кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар; 3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты нeмece уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң қаражатынан төленетiн қызметшiлер; 4) мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бec процент болатын ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адамдар теңестiрiледi.

ҚР ҚК 311 бабының бірінші немесе екінші бөлімімен қарастырылған іс-әрекет жауапты мемлекеттік лауазымға ие адаммен жасалса, ол жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР ҚК 311 баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөлімдерімен қарастырылған іс- әрекеттер, егер олар: а) қорқытып алу жолымен; б) адамдар тобы алдын ала сөз байласып

(6)

немесе ұйымдасқан топ; в) iрi мөлшерде; г) әлденеше рет жасалса - мүлкiн тәркiлеп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР Жоғарғы сот Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы “Соттардың пара үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы” №9 қаулысында айтылған:

лауазымды адам пара берушінің заңды мүдделеріне зиян келтіретін іс-әрекет жасау қаупімен немесе мұны қиын жағдайға әдейі қою арқылы пара беруді талап ету параны қорқытып алу болып табылады4.

Пара алудың аса ауырлататын тағы бір түрі – адамдар тобы алдын ала сөз байласқан немесе ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер. Мұндай қылмысты бірлесіп жасау туралы күні бұрын екі және одан көп лауазымды адамдар тобы қатысып пара алса бұл алдын-ала келісіммен жасаған болып есептеледі. Мұндайда қылмыс аяқталған болып лауазымды адамдардың тым болмаса біреуі пара алған сәттен бастап есептеледі, пара беруші бірнеше лауазымды адамдардың қатысқан-қатыспағанын білмесе де. Бір топ адамдар алдын ала келісім бойынша пара алған кезде оның мөлшері алған құндылықтың және қызмет көрсетудің жалпы құнымен анықталады, ал мемлекет пайдасына негізсіз сатып алынғанды өтеп алғанда әр пара алушының алған материалдық пайдасының мөлшерін немесе ақшалай сомасын есептеу керек.

Алдын ала келісімсіз басқа лауазымды адаммен пара алған лауазымды адам, ал соңынан пара берушінің мүддесі үшін соңғыға алғанның жартысын берсе, ол параны алғаны және бергені үшін қоса жауап береді.

Лауазымды адам болып табылмайтын адаммен пара алуға байланысты лауазымды адамның іс-әрекеті біп топ адамдардың алдын ала келісімі бойынша пара алғаны болып есептелмейді.

Пара алудың аса ауырлататын тағы бір түрі – ірі мөлшердегі пара алу болып табылады.

Бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны iрi мөлшердегi пара деп танылады.

Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның бiрiншi рет сыйлық ретiнде мүлiк, мүлiкке немесе өзге мүлiктiк пайдаға құқық алуы бұрын жасалған заңды әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда маңызы аз екендiгiне байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк ретпен қудаланады.

Пара алудың аса ауырлататын тағы бір түрі – әлденеше рет пара алу жатады. Әлденеше рет пара алу, пара беру немесе пара беруге делдал болу бұл қылмысты екі реттен кем емес жасалса есептеледі, егер мұндайда қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына мерзім өткен болмаса.

Бір мезетте бірнеше адамнан пара алу, егер әр пара берушінің мүддесі үшін жеке іс- әрекет жасалса, параны бірнеше рет алған деп жіктелуге тиіс.

Бірнеше кезеңмен пара беру немесе алу пара беруші үшін күтілетін нәтиженің болуын қамтамасыз ететін іс-әрекетті орындау немесе орындамау үшін, сондай-ақ алдын ала өзара келісім бойынша қылмыс жасаған бір топ лауазымды адамдарға пара беру, немесе аталмыш жағдайда делдал болу бірнеше рет жасалған қылмыс ретінде қаралмайды.

Кейде болады: адам пара алушыдан ақша немесе басқа құндылықты пара ретінде лауазымды адамға бермекші болып алады, бірақ оған бермей, өзі иемденіп алады, бұл алаяқтық болып жіктеледі5.

Құндылықты алып қою үшін мұндай адам пара берушіні пара беруге итермелесе, оның іс-әрекеті алаяқтықпен бірге қосымша пара беруге итермелеу болып жіктеледі, ал пара берушінің іс-әрекеті пара беруге ұмтылу болып бағаланады. Мұндайда нақты лауазымды адамның аты-жөні аталған-аталмағаны ескерілмейді.

4 ҚР Жоғарғы сот Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы “Соттардың пара үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы” №9 қаулысы.

5 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы.: Жеті жарғы. 2003. – 390-392 б.

(7)

Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорыта келе жаза тағайындау – жасаған қылмыста айыпты деп танылған адамға айыптау үкімі шығарарда қылмыстық ықпал жасаудың нақты шарасы соттың тандауы.

Жаза тағайындау әлеуметтік әділеттіліктің қалпына келуіне, сотталған адамның түзелуіне, соттылығының да, басқа адамдардың да жаңа қылмыс жасауын болдырмауға көмегін тигізеді. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жаза дәлелді де әділ болуға тиіс.

Жаза тағайындау белгілі бір принциптерге негізделеді, олар қылмыстық заңның жалпы құқықтық және салалық арнаулы принциптерінің нақты көрінісі болып табылады. Жаза тағайындаудың негізінде жатқан принциптер мыналар: заңдылық, адам гершілік, жазаның әділеттілігі, жазның дәлелдігі және үкімде оның себебінің міндетті түрде көрсетілуі, жазаны жеке даралау, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу. Бұл принциптер Қылмыстық Кодекстің нормаларында өз көрінісін табады.

Заң жаза тағайындау кезінде сотты жаза мақсаттарының бірі болып саналатын – жазаның сотталған адамның түзелуіне әсер ететіндігіне көре білуге, және барлық мән- жайларды ескере отырып, жазаның мүмкіндігінше ауырлығы төмен, жұмсақтау түрін дүрыс тағайындай білуге, оның мөлшерін анықтауға міндеттейді. Сонымен қатар, сот ізгілік қағидатын басшылыққа ала отырып, айыпкерге тағайындалған жазаның оның отбасының және оның асырауындағы тұлғалардың тұрмысы жағдайына мүмкін болар ықпалын да ескеруі керек.

Құқықтык мемлекет құру үшін ең алдымен мемлекетке темірдей қатаң тәртіп орнатылу қажет. Ол үшін әлгінде айтылып кеткен, мемлекеттің қылмысқа, заңсыздыққа қарсы құралының бірі жазалауды дұрыс жолға қойған жөн. Қазіргі кезде мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрі пара алу қылмысы көбеюде. Сол қылмыстылықты болдырмау және оның алдын алу үшін жазаның тәрбиелеу және жазалау мақсаттарын жүзеге асыру керек.

Әдебиеттер тізімі

1. Основы борьбы с организованной преступностью. / Под. ред. В.С. Овчинского, В.Е. Эманова, Н.П. Яблокова. М., 1996. – С. 180.

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. – Алматы.: Юрист. 2008. – 112 б.

3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы.: Жеті жарғы. 2001. – 185 б.

4. ҚР Жоғарғы сот Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы “Соттардың пара үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы” №9 қаулысы.

5. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы.: Жеті жарғы. 2003. – 390-392 б.

Referensi

Dokumen terkait

Білім берудегі Инновация-бұл өзекті проблемалық жағдайды шешуге арналған инновация оқу процесін оңтайландыруды қамтамасыз ету, білім беру сапасын арттыру немесе материалды игерудің

Қазақстан Республикасының ТМД ұйымына мүше елдермен өзара ықпалдасу әрекеттері тек қана ұйымның шарттары ғана емес, сондай-ақ ұйымға мүше елдер арасында құрылған жаңа одақтар мен